Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы



Жоспар:

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

I. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат

1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері .. . . . . . . .4

1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері,
мақсаты, функциялары және құқықтары. . . . .. . . . . . . . . . . . . . .5

II. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi . . . . . . . . . . . . . 8

2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары . . . . . . . . . .15

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17
Кіріспе


Мен өзімнің курстық жұмысымда жоспарда берілген негізгі бөлімдердің тақырыптарын ашуға тырысамын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, оның негізгі мақсаты неде, қандай міндеттері, функциялары және құқықтары бар екенің жазамын.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банк, мемлекеттің орталық банкі есебінде, Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық жұйесіне ену процесіне қатысып отыр. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып табылады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Банк ісі курсы бойынша
Тақырыбы:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы

Орындаған:
Қабылдаған:

Жоспар:

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _3

I. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат

1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері ._ _ _ _ _ _ _
_4

1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері,
мақсаты, функциялары және құқықтары. _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _5

II. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ 8

2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 13

2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары _ _ _ _ _ _ _ _ _
_15

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _17

Кіріспе

Мен өзімнің курстық жұмысымда жоспарда берілген негізгі бөлімдердің
тақырыптарын ашуға тырысамын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы, оның негізгі мақсаты неде, қандай міндеттері, функциялары және
құқықтары бар екенің жазамын.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің
жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар
Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің
төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-
кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын
басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз
қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен
үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп
отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит
саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға
жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған
құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару
органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банк, мемлекеттің орталық банкі есебінде, Қазақстан
Республикасының әлемдік шаруашылық жұйесіне ену процесіне қатысып отыр.
Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып
табылады.

I. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жалпы ережелері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Қазақстанның
Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында белгiленген шекте Қазақстан Республикасының
Президентiне есеп бередi және өз қызметiнде  Конституцияны, "Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актiлерiн,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы
жасасқан халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Өзiнiң дербес балансы бар, өзiнiң
филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрлесiп тiкелей бағыну
схемасындағы бiртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнама
актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздерi
болатын елдiң заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Үкiметiмен үйлестiредi және онымен тұрақты консультациялар өткiзiп отырады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi
Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi
функцияларын орындауы мен ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы
келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды, сол сияқты Қазақстанның
Ұлттық Банкi де мұндай жауапкершiлiк алған кезде болмаса, Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының
заңнамамен бекiтiлген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне
араласуға құқылы емес.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары
негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық банктердiң, банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың
клиенттерiнiң, басқа да заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi
нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi оның
"Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка
Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
жарияланып отырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi, сондай-ақ өзiнiң
эмблемасы болады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және
ұйымдарының өз мөрi бар.

1.2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты,
мiндеттерi, функциялары, өкiлеттiктерi және құқықтары

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгі мақсаты Қазақстан Республикасында
бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      3) валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қазақстанның Ұлттық Банкi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес
мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын
жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асыру;
      3) банктердiң банк функциясын жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi
және агентi функцияларын және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға,
олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
      5) төлем жүйелерiнiң жұмысын ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық
бақылауды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн басқару;
      8) қаржы ұйымдарының қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру,
сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер
бойынша олардың қызметiн реттеу.
Соныман қатар, Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының
аумағында банкноттар мен монеталардың эмитентi функциясын іске асырады.
Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде
банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ
банкноттар мен монеталардың қажеттi санын айқындайды және олардың
дайындалуын қамтамасыз етедi. Айналысқа банкноттар мен монеталар шығаруды
жеке және заңды тұлғаларға оларды сату арқылы Қазақстанның Ұлттық Банкi
жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық
монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ жеке және
заңды тұлғаларға оларды сату бағасын белгілейдi.
 Бұған қоса, бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге
жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау
және жою тәртiбiн белгiлейдi. Банкноттар мен монеталарды тасымалдауды,
сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады және оларды
резервтiк мемлекеттік қорларын құрады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi банктердiң банк функциясын жүзеге асыру
мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасында қайта қаржыландыру жүйесiн
ұйымдастырады;
      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның
Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелеріне бiр жылдан аспайтын
мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа
активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
      3) екiншi деңгейдегі банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып
табылады, соған байланысты оларға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
белгілеген тәртiппен және мерзiмге қамтамасыз етiлген, сол сияқты
қамтамасыз етiлмеген кредиттердi ұлттық және шетел валютасымен беруге
құқылы;
      4) ақшаның қате аударылу фактiсi анықталған жағдайда оны клиенттiң
банк шотынан алуға құқығы бар, клиенттiң ақшаны банк шотынан акцептемей
алуға берген келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын
дебеттеуге құқылы;
      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тәртiппен және
шарттармен банктерге және басқа ұйымдарға берiлген кредиттер бойынша
олардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешектерiнiң қайта
құрылымдауға құқылы.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк,
қаржы жөнiндегi кеңесшiсi, агентi функцияларын жүзеге асыру және Үкiмет пен
басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет
көрсетеді.
        Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiн
тiкелей қаржыландыруына болмайды. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен
операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық
уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы нарыққа
орналастырылған кезде оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, оның
мемлекеттiк борышына қызмет көрсетуге қатысады.     
  Қазақстанның Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн
ұйымдастырy жөнiндегi функциясын да жүзеге асырады. Ол елдің төлем
жүйелерiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ олардың жұмыс
iстеуiн қадағалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, төлемдердi және ақша
аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн, төлемдердi және ақша аударымдарын
жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем
нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарны, қолма-қол ақшаны
пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын
белгілейді. Ұлттық банк өз құзыретi шегiнде халықаралық төлемдер жүйесiн
ұйымдастыруға қатысуға құқылы.
Қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау, бақылау және қадағалауды
жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн реттеудi Қазақстан Республикасының
заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі,
қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу функциялары Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасауға бағытталады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай
жасайтын және қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын
ұйымдарды құруға және оның қызметiне қатысады.

II. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi

Қазақстанның Ұлттық Банкi тiкелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған
біртұтас құрылымды бiлдiредi.
      Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң органдары болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа
бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар
кiредi.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз
филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және
тексерудi жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды тұлғасы,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң екi өкiлi, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы
Yкiметiнен және Қазақстанның Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi,
Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы
тағайындайды және босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құзыретiне:
      1) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;
      2) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын,
дайындау таралымын, қоспасын, шығарылатын мерзiмi мен күнiн айқындау;
      3) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу
туралы шешiм қабылдау;
      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және
сатып алу тәртiбiн айқындау;
      5) ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлеу;
      6) банктерде операциялар жүргiзуге сенiмхат берудiң тәртiбiн
белгiлеу;
      7) алтынвалюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн айқындау;
      8) монетарлыққа жатқызылатын қызметтi айқындау;
      9) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау,
қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне ұсыну
     10) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық
есептiлігін қарау және бекiту кіреді.
           Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға әрi шешiм қабылдауға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай,
бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам
жүргiзедi. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және
мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген
уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi.
      Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi
(жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм
қабылданған күн болып саналады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не
Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және
маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырыстарын
өткiзудi талап етуге құқылы.
      Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын
(Басқарма мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды.
      Басқарма шешiмi арасында Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның
орнындағы адам болуға тиiстi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде
үштен екiсi қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен
қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстанның Ұлттық Банкi
Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкi
Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Басқарма шешiмiн өзiнiң
қарсылықтарымен бiрге қайталап талқылау және дауысқа салу үшiн бiр апта
мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма жалпы санының үштен
екiсiне тең дауыспен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
      Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Қазақстанның
Ұлттық Банкi орталық аппаратының орналасқан жерiне сәйкес келмейтiнiн
ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда
болу немесе өзге де дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда талқыланатын
мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы олармен телефон не басқа да
байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келiсе алады.
Қабылданған шешiм бойынша олардың кейiннен өз көзқарастарын растауы
Басқарма қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
      Басқарма өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы
қабылдайды.
      Басқарма мүшелерiнiң Басқарма отырысы талқыланатын мәселе бойынша
Басқарма отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрiлген және осы отырыс
басталғанға дейiн шешiмiн таппаған, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi
Төрағасының, не оның орнын басатын адамның шешiмi жөнiнде түбегейлi
келiспеушiлiктерi болған жағдайда, Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi.
Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi
Басқармасының кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге де
қызметкерiне жүктеуі мүмкiн.
      Басқарма отырысына енгiзiлетiн мәселелер бойынша материалдар қаулыны
шығаруға (ресiмдеуге) тiкелей жауап беретiн, оларды алдын ала қарау үшiн
Басқарма мүшелерiне Басқарма отырысы басталғанға дейiн он күннен
кешiктiрмей жiберетiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiмшесiне берiледi.
Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қарауға неғұрлым қысқа мерзiм
белгiлеуге құқылы.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының жұмыс тәртiбi оның
регламентiмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің құрылымы
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету - мемлекеттік бюджет шығыстары нысандарының бірітөлеу
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Меншікті капитал сатылары
Пәндер