«Өтініш, түрлері, лексикасы, жазылу ерекшеліктері»


1. Оқушыларға тақырыпты түрлі тапсырмалар
орындау мен тәжірибелік жолдар арқылы меңгерту.
2. дамытушылық: оқушыларға тақырып бойынша білімді игеруге, өтініштің
жазылу ерекшеліктеріне орай жаңа сөздерді меңгеріп, сөздік қорларының молаюына ықпал ету.
3. тәрбиелік: іс қағаздарын жазуда оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбилеу, тілге деген құрмет сезімдерін ояту.
Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің құрылымы:
- мекеменің толық атауы;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
Өтініш – ресми іс қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасқанда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші бір қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда жазылады.
Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады./барыс және шығыс септіктерінде/. Сосын қағаздың ортасына «Өтініш» деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында күні, айы, жылы көрсетіліп, өтініш иесінің қолы қойылады.
Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі

Мемлекеттік тілде іс жүргізу
пәнінен өткізілген ашық сабақтың
ж о с п а р ы

Тақырыбы:
Өтініш, түрлері, лексикасы, жазылу ерекшеліктері.
3-ВР тобы

Өткізген: оқытушы И.Қ.Тоқсанбаева.

Саратовка, 2009 жыл

Сабақтың тақырыбы: Өтініш, оның түрлері, лексикасы, жазылу
ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: оқушыларға тақырыпты түрлі тапсырмалар
орындау мен тәжірибелік жолдар арқылы меңгерту.
2. дамытушылық: оқушыларға тақырып бойынша білімді игеруге, өтініштің
жазылу ерекшеліктеріне орай жаңа сөздерді
меңгеріп,
сөздік қорларының молаюына ықпал ету.
3. тәрбиелік: іс қағаздарын жазуда оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа
тәрбилеу, тілге деген құрмет сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: аралас-тәжірибелік.
Әдіс-тәсілдер: баяндау, жеке, топтық , ұжымдық жұмыс түрлері.
Көрнекіліктер: өтініш үлгілері, тірек конспектілер, тақырыпқа қажетті
тапсырмалар топтамасы, таратылымдар,
сөздіктер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат.- 2 мин.
2. Үй тапсырмасын тексеру. – 20 мин.
- Іс жүргізу дегеніміз не?
- ҚР-ның Тілдер туралы Заңы.
- Құжат туралы түсінік.
- Адам өміріне байланысты құжаттар атауы.
- Өмірбаян туралы мағлұмат беру.
- Өз өмірбаяндарын айтып беру.
- Үй жұмысын тексеруге арналған тапсырмалармен жұмыс таратылымдар.
- Тестік сұрақтарға жауап беру арқылы өмірбаян тақырыбын қорытындылау.
3. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып, жаңа сабаққа нұсқау
беру.- 2 мин.
- Өтініш туралы екі тілде жазылған тірек конспектілері. Дәптерлеріне
көшіріп жазып алу.- 10 мин.
- Өтініштің түрлері және жазылған үлгілерін таратып беру. ұжымдық жұмыс:
танысу, оқу, мағынасын ұғу, мазмұнын білу, аудару.- 15 мин.
- Өтініш жазуға арналған тапсырмалар топтамасымен жұмыс: әртүрлі жағдаяттар
бойынша өтініш үлгілерін жазу, сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш
мәтіндерін жазу.- 15 мин.
- Сұхбатпен танысу, екеуара сөйлесуді жүзеге асыру.- 10 мин.
- Берілген өтініштің қатесін түзету.- 5 мин.
4. Жаңа сабақты бекіту.- 5 мин.
- Өтініш дегеніміз не?
- Өтініш қандай жағдайларда жазылады?
- Өтініштің құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
- Өтініш бойынша не шығарады?
- Өтініш қандай қағазға жазылады?
5. Қорытынды. – 2 мин.
6. Бағалау.- 2 мин.
7. Үйге тапсырма. Қайталау. Сұхбатпен танысып, сол бойынша әңгімелеу.- 2
мин.

Өтініш

Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті
білдіретін құжат.
Өтініштің құрылымы:
- мекеменің толық атауы;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні;
- құжаттың атауы;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
Өтініш – ресми іс қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасқанда, демалыс
сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен
екінші бір қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда жазылады.
Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені
жазылады.барыс және шығыс септіктерінде. Сосын қағаздың ортасына Өтініш
деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында күні, айы,
жылы көрсетіліп, өтініш иесінің қолы қойылады.
Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша
бұйрық шығарылады. Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.

Өтініш үлгілерімен танысыңыз.

Адал фирмасының
басшысы
О.Жұбанов мырзаға
Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы,
15-үй, 45-пәтерде тұратын
Досанова Сәуледен

Өтініш

Мені 2009 жылдың 15 ақпанынан бастап лаборант қызметіне
қабылдауыңызды сұраймын.

14.02.2009 ж.
(қолы)________________

Өскемен қаласындағы
№ 26 қазақ
орта мектебінің
директоры А.Ыдырысқызына
Қазақ тілі
пәнінің мұғалімі
Алтын
Жақсылыққызынан

Өтініш

Сізден осы жылғы 15 наурыздан бастап отбасы жағдайыма байланысты
кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.

14.03.2009 ж.
(қолы)_______________

Д.Серікбев атындағы Ш Қ Т У-дың
ректоры проф.С.С Қуанбаев мырзаға
қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
Ж..Исаевадан

Өтініш

Мені 2009 жылғы 15 ақпаннан бастап өз еркіммен қазақ тілі пәнінің
оқытушысы қызметінен босатуыңызды сұраймын.

12.02.2009 ж. (қолы)
_____________

Құрмет ААҚ-ның
Б.Сағындықов
мырзаға

менеджер Р.Жандосовадан

Өтініш

Сізден отбасы жағдайыма байланысты 50 000 (елу мың) теңге көлемінде
материалдық көмек көрсетуіңізді өтінемін.

12.03.2009 ж.
(қолы)_____________

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ
Шығыс филологиясы факультетінің
деканы проф.А.Оспанов
мырзаға
оқытушы М.Берікұлынан

Өтініш

Сізден денсаулығыма байланысты 2009 жылғы 9 ақпаннан бастап 15 күнге
кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.

08.02.2009 ж.
(қолы)____________

Тапсырмалар топтамасы. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, өтініш
үлгілерін жаз.

Кімге Ә.Б.Сағатов мырзаға
А.К.Айдарова ханымға
Адал ААҚ-ның басшысы А.Темірбеков мырзаға
Айболит малдәрігерлік дәріханасының
меңгерушісі З.Ерназарова ханымға
Мектеп директоры Ж.Маратовқа

Кімнен Тіркеу бөлімінің басшысы К.Омаровадан
Мал фельдшері К.Сариевадан
Оқытушы Н.Оспановтан
Лаборант С.Ивановадан

2009 жылдың 12 қаңтарынан бастап
2009 жылғы 12 қаңтардан бастап
• 10 күнге
• 1 айға
• 2 аптаға
• 1 жылға

Отбасы жағдайыма байланысты
Денсаулығыма байланысты
Басқа қызметке ауысуыма байланысты

Оқытушы қызметіне қабылдауыңызды
Кезекті демалыс беруіңізді
Кезектен тыс демалыс беруіңізді
Материалдық көмек көрсетуіңізді
Астана қаласына ауыстыруыңызды
Лаборант қызметінен босатуыңызды
Іссапарға жіберуіңізді
Жалақымды көтеруіңізді өтінемін (сұраймын)

Сұхбатпен танысыңыз.

- Сәлеметсіз бе?
- Қайырлы таң!
- Менің аты-жөнім Сапаров Марат Есенұлы. Мен кеше мал фельдшері
қызметіне орналасу үшін өтініш жазғанмын. Менің өтінішім қаралды ма
екен?
- Иә, сіздің өтінішіңіз қаралды. Сіз мал фельдшері қызметіне
қабылдандыңыз. Жұмысқа ертеңнен бастап кірісіңіз.
- Рахмет.

Сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.
1. Өтінемін, өз еркіммен, мені, босатуыңызды, қызметінен, бастап,
лаборант, 2009 жылдың 5 ақпанынан.
2. 12 наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұраймын, рұқсат
етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.
3. Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, мал фельдшері, жетекші
маман, 15 сәуірден, қызметіне, бастап, ретінде.
4. Сұраймын, 2009 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін,
еңбек келісімімнің.

Тапсырма. Өтініштің қатесін түзетіңіз.
Семей қаласындағы
№ 135 қазақ орта

мектебінің директорына
Асылбеков
мырзаға
Физика пәнінің мұғалімі
Қадырова
Самалға
Өтініш

Сізге отбасы жағдайыма ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Арыз немесе өтініш
Алгоритмнің жазылу түрлері мен құрылымдық негіздері
Тілдің актіив және пассив лексикасы жөнінде
Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика
Келісімшарт, жазылу үлгісі
Ведалардың жазылу тарихы
Генетикалық ақпараттың жазылу жолдары
Java тілінде өрнектердің жазылу тәртіптері
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика туралы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь