Цин династиясының кол астындағы қытай


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Цин династиясының кол астындағы Қытай

Жаңа кезеңнің басындағы Қытай.

Цин империясының құрылуы.

Мемлекетік құрылымы идеологиясы.

Қытайдың жабылуы.

XIXғ. капиталистік мемлекеттердің Қытайды ашылуы

Әдебиеттер

Губер А. А., Ким Г. Ф., Хейфец А. Н. Новая история стран Азии
и Африки. М., 1982

Сидихменов В. Я. Китай: страницы прошлого. М., 1978

Ефимов Г. Е. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М., 1951

История Китая с древнейших времен до наших дней. М., 1974

Хрестоматия по новой истории (1640-1815) . Том 1, М., І963

Қытай- Азияның шығыс бөлігінде ориаласк, ан. Территориясы- 9 мли. 957мың шаршы км. Халкы- 1 млрд. 221 млн. 462 мың (1995 ж. )

1. ХҮП ғасырдың басында Қытай 1368 жылы билік басына келген Мин династиясының басқаруында болған дамыған феодалдық мемлекет еді. Сол кездің өзінде кейбір қалаларда мануфактуралар жұмыс істейтін. Жеке мануфактуралардың пайда болуы Қытайда жаңа өндірістік қатынастары мен элементтерінің пайда болғанын көрсетеді. Негізінен алғанда Қытайда капиталистік қатынастардың элементерінің пайда болу кезеңі туралы мәселе оншалықты жақсы зерттелмеген. Кейбір мәліметтерге қарағанда ХҮІ ғасырда феодалдық Қытайда сауда және қолөнер ісінде жаңа процестер қалыптасты. Ірі көпестік компаниялар пайда болып, олар мата, фарфор, қағаз сату ісімен айналысты. Кейбір жағдайда делдал-көпестер қала және ауыл қолөнершілерін шикізатпен қамтамасыз етіп, оларды өздеріне тәуелді етті.

Феодалдардың үстемдігі Қытай экономикасының дамуына кедергі жасады. Помещиктер шаруаларды феодалдық жағынан қанауды күшейтуге тырысты, бұл әрине шаруалар соғысына әкеліп соқтырды. Қытайдың көрші жапоңдармен, моңғолдармен, маньчжурлармен соғысуына байланысты елде салықты көбейтуі және шаруалардан жерді тартын алу, орталық және жергілікті аппараттың коррупциясы, кала және ауыл халқының қайыршылықа ұшырауы Мин империясының дағдарысын күшейте түсті. Бұл дағдарыс ХҮІ ғасырдың екінші жартысында қатты байқалды, ал шаруалар соғысы кезінде (1628-1646 ж, ж. ) және ХҮІІ ғасырдың 30-40 жылдары маньчжур басқыншыларының шапқыншылығы кезінде одан әрі тереңдеді.

Феодалдық қанау, ашаршылық, қайыршылық Қытай шаруаларын қанаушыларға қарсы күрес жүргізуіне итермеледі. ХҮІІ ғасырдың 30-40 жылдары шаруалар соғысы Шэньси, Хэнань, Хубэй, Сычуань провинцияларын қамтды. Күрес барысында көтерілісшілердің, 2 лагері қалыптасты: 1. Хубэй және Шэньси провинцияларында. Мұнда шаруаларды Ли Цзы чэн басқарды.

2. Сычуань провинциясында. Бұл жерде көтерілісшілердің көсемі Чжан Сянь чжун еді. Қытай маньчжур тайпаларымен күрес жүргізіп жатқан кезде шаруалар көтерілістері кең етек жая бастады. Кезінде маньчжур тайпалары Кытайға вассал болып табылатын. Олар қазіргі Қытайдың солтүстік-шығысында мекен етті, бұл тайпа Қытайдың аудандарын басып алуды көздеді. Қытай императоры маньчжур майданынан бірнеше әскерді босатып, оларды шаруалар көтерілісін басып тастауға жіберді. 1638 жылға таман Қытай императорының әскері көтерілісшілер армиясын басын тастады. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. 1639-1640 жылдары көтеріліс жаңа күшпен бұрқ ете қалды. Көтерілісті Ли Цзы чэн басқарды. Мин әскері жеңіліске ұшырай бастады. 1644 жылы шаруалар әскері Пекинге басып кірді. Көтерілісшілер Ли Цзы чэнды император етіп жариялады. Осы кезден бастап Мин династиясы өмір сүруін тоқтатты. Мин династиясының ең соңғы императоры өзін-өзі өлтірді. Шаруалар көтерілісі Солтүстік Қытайды толығымен қамтыды. Көтеріліс барысында бұл территорияда ескі салықтар, шаруалардың қарыздары жойылды, жер шаруалардың қолына өтті.

2. Қытайдың өзінде шаруалар көтерілісі жүріп жатқан кезде, үкімет әскері сол кезде маньчжур тайпаларымен күресіп жатты. Маньчжурларға қарсы күрестің басшысы У Сань гуй еді. Шаруалар көтерілісінің көсемі Ли Цзы чэн У Сань гуйге маньчжурларға қарсы күресте өзінің көмегін көрсетуді ұсынды. Бірақ У Сань гуй және кептеген феодалдар өздерінің басты жауы көтеріліске шыққан шаруалар деп есептеді. Олар керісінше қайта маньчжур билеушілерімен келісім жасауға көнді. Сатқын У Сань гуй және біріккен маньчжурлар Пекинге бағыталды. Кетерілісшілер шайқассыз-ақ қаланы босатты. 1644 жылы маусым айында маньчжурлар толығымен Пекинді басып алды. Осы кезден бастап Қытай астанасында маньчжурлық Цин династиясы кұрылды. Кетерілісшілер әскері қала түбінде күресті жалғастыра берді, бірақ күш тең емес еді. Сонымен шаруалар көтерілісі жеңіліспен аяқталды. Солтүстік Қытай маньчжурлардың қол астында болды. Көтерілістер Қытайдың басқа аудандарында жалғасты, бірақ олар ақырында басып-жаншылды. Сөйтіп Қытайда Цин династиясының билігі толығымен орнатылды. Маньчжурлар қытайлықтарға тәуелділік белгісі ретінде барлық қытай ер азаматтарының басының айналасындағы шашын қырып тастап, ал төбесіндегі шашын өріп жүруін талап етті.

3. Цин империясының саяси қондырмасы феодалдық өндірістік қатынастырды сақтауға және қорғауға бағытталды. Мемлекет басында билігі шексіз монарх-богдыхан тұрды. Боғдыханның қарамағында жоғарғы өкімет Әскери кеңестің қолында болды, ол маньчжур аксүйектерінен тұрды. Министрлер кабинетінің қызметін "любу" атқарды (алты палата) : ол шенеуніктік, салық, салтанатты істер, әскери, қылмыстық, қоғамдық жұмыстар істерімен айналысты. Ең жоғарғы сословиеге маньчжурлар жатты, олардың артықшылықтары мұрагерлік бойынша берілді: императордың туыстары және ұрпақтары- "сары белбеулілер" деп аталды. Өйткені олар императордың белбеуі түстес сары белдік тағатын. "Қызыл белбеулілер" және "темір дулығалылар" - бірінші маньчжур императорының жақындарының ұрпақтары болған. Жоғарғы сословиеге сондай-ақ "шэныни"- ғалымдар жатты, олардың атағы мұрагерлік бойынша берілмейтін. Шэныни болу үшін емтихан тапсырып, сөйтіп ғылыми атаққа ие болатын. Шэнынилердің ішінен қала басқарушылары, соттар т. б. шенеуніктер шықты. Европалықтар оларды "мандариндер" деп атады (портутал "мандар"- басқару) .

Сословиелік-иерархиялық сатының ең төменгі қатарында жер өңдеушілер, қол өнершілер, саудагерлер тұрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай мәдениеті,ғылымы
Ежелгі Қытайдың мәдениеті
Тайпин шаруалар соғысы
Қытайдағы туризмнің дамуы
Дүние жүзі тарихы
Цин империясының құрылуы
Қытай династиясы
Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Феодалдық қытай мемлекеті
Қытай тарихын мерзімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz