Әжелер өмірі өнеге



1. Әжелер өмірі өнеге
2. Қазиза апа, мешіт намазханы
Егер осыдан жиырма жыл бұрын «Қазақстанда Ислам діні қайта өркендейді, үлкен- кіші мешіттерге барып мінәжат жасап, Құдайға құлшылық жасайды,»- десе мен сенбес едім. Өйткені, сол кезеңдегі саясат тұрғысынан алып қарағанда бұл барып тұрған құр қиялдай көрінетін. Екінші жағынан, кеңес өкіметі дінді тұншықтырып ұстағаны соншалық, бас көтерген адам жазықсыз жалаға ұшырап, түрлі қудалауға ұшырауына тура келетін. Молдалардың өзі жаназаны шығарғанда да көп жағдайда құпиялау көрінетіні сондықтан еді.
Жасы жеткен қариялар кей кезде кейігенде: «Құдайдан қорықпайтын бұл заман не болып кетті? Әйтеуір түбінің жақсылығын берсін,»- деп бастарын шайқап, торыққандарын көзімізбен көрдік. Олар сонда да ауыздарынан «біссімілләсін» тастамай тәуба десіп, бар мен жоқты қанағат тұтты. Жатса да, тұрса имандылықты санамызға сіңіруге тырысты. Міне, сондықтан менің замандастарым діліне, дініне қастерлі құрметпен қарады. Қаншама өздерін «дінсізбін» деп сол дәуір мойындатқысы келгенімен, жан- дүниесінде беймәлім қарсылық имандылықтан аттап кетуге жол бермей, ата- бабаларымыздың салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын көмескіленуіне көнбеді.
Мешітке адамдардың көптеп келе бастауы бертініректе ғой. Өскеменде мешіттің қалай ашылғаны бәрі көз алдымызда. Облыстық телеарнадан мешіттің ашылғаны, оған жаңадан имам тағайындалғанын естіп, хабарланған мекенжайға жұма күні барғанымызда бізді Зылиқа әже қарсы алып, төрде отырған жас жігітті имам деп сырттай таныстырды. Мешіт деген аты болмаса, бар болғаны ескі үйдің екі бөлмесі ғана екен. Оған да шүкіршілік қылып, Құран оқытып, садақамызды беріп қайтып жүрдік. Уақыт өте келе намаз үйрене бастадық.
Күндердің күнінде «Мешіт қаланың Сафонова көшесіне көшіпті» дегенді естіп, адасып жүріп оны да таптық. Бұл да шағын үй екен. Пеште от лаулап жанғанымен, бөлме іші өте салқын еді. Ораза кезі әрі күн жұма болғандықтан отызға жуық жамағат жиналдық. Имам баламыз азан шақырып, «Аллаһу акбар» дегеннен бастап, намазға тұрған кейбір адамдардың көз жастары жауынның тамшыларындай жайнамазға төгіліп түсті. Құран сөздерінің құдіреттілігін, ал оқу мақамының жүректі қалай елжіретіп, тербететінін тұңғыш рет сонда байқадым.
Мешітке келген сайын имамымыз: «Имандылықтың кілті- тазалықта, тақуалықтың кілті- лә илләһә иллаллаһ, «Мұхаммадур расуллаһ» деп зікір айтуда және намазды дұрыс оқуда»- деген уағыздары мешітке бір рет кіріп шыққан адамды да имандылыққа бет бұруға демеу салғандай болатын. Ораза айт намазында жамағат саны жетпістей адам санын құрады. Сол тұста мешіт бұрынғы «Факел» кинотеатрына көшіп кетті де, Айт намазына сонда жиналдық. Намаздан кейін Халифа Алтайдың қазақ тілінде шыққан «Бейнелі намаз» кітабын тегін таратты. Өте риза болып, қуанып қалдық. Мешітке қанша барып жүрсек те имамымыздың аты- жөні Ибраһим қажы Қарнақбайұлы екенін сонда білдік. Бәлкім, бұл біздің білімді дін адамын тұңғыш рет көргендіктен тегін сұрамай келгендігіміз және жас та болса да оны өте құрмет тұтып сыйлағандығымыз болар деп ойлаймын.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ӘЖЕЛЕР ӨМІРІ ӨНЕГЕ
Қазиза апа,
мешіт намазханы.

Егер осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанда Ислам діні қайта өркендейді,
үлкен- кіші мешіттерге барып мінәжат жасап, Құдайға құлшылық жасайды,-
десе мен сенбес едім. Өйткені, сол кезеңдегі саясат тұрғысынан алып
қарағанда бұл барып тұрған құр қиялдай көрінетін. Екінші жағынан, кеңес
өкіметі дінді тұншықтырып ұстағаны соншалық, бас көтерген адам жазықсыз
жалаға ұшырап, түрлі қудалауға ұшырауына тура келетін. Молдалардың өзі
жаназаны шығарғанда да көп жағдайда құпиялау көрінетіні сондықтан еді.
Жасы жеткен қариялар кей кезде кейігенде: Құдайдан қорықпайтын бұл
заман не болып кетті? Әйтеуір түбінің жақсылығын берсін,- деп бастарын
шайқап, торыққандарын көзімізбен көрдік. Олар сонда да ауыздарынан
біссімілләсін тастамай тәуба десіп, бар мен жоқты қанағат тұтты. Жатса
да, тұрса имандылықты санамызға сіңіруге тырысты. Міне, сондықтан менің
замандастарым діліне, дініне қастерлі құрметпен қарады. Қаншама өздерін
дінсізбін деп сол дәуір мойындатқысы келгенімен, жан- дүниесінде беймәлім
қарсылық имандылықтан аттап кетуге жол бермей, ата- бабаларымыздың салт-
дәстүрін, жөн- жоралғысын көмескіленуіне көнбеді.
Мешітке адамдардың көптеп келе бастауы бертініректе ғой. Өскеменде
мешіттің қалай ашылғаны бәрі көз алдымызда. Облыстық телеарнадан мешіттің
ашылғаны, оған жаңадан имам тағайындалғанын естіп, хабарланған мекенжайға
жұма күні барғанымызда бізді Зылиқа әже қарсы алып, төрде отырған жас
жігітті имам деп сырттай таныстырды. Мешіт деген аты болмаса, бар болғаны
ескі үйдің екі бөлмесі ғана екен. Оған да шүкіршілік қылып, Құран оқытып,
садақамызды беріп қайтып жүрдік. Уақыт өте келе намаз үйрене бастадық.
Күндердің күнінде Мешіт қаланың Сафонова көшесіне көшіпті дегенді
естіп, адасып жүріп оны да таптық. Бұл да шағын үй екен. Пеште от лаулап
жанғанымен, бөлме іші өте салқын еді. Ораза кезі әрі күн жұма болғандықтан
отызға жуық жамағат жиналдық. Имам баламыз азан шақырып, Аллаһу акбар
дегеннен бастап, намазға тұрған кейбір адамдардың көз жастары жауынның
тамшыларындай жайнамазға төгіліп түсті. Құран сөздерінің құдіреттілігін, ал
оқу мақамының жүректі қалай елжіретіп, тербететінін тұңғыш рет сонда
байқадым.
Мешітке келген сайын имамымыз: Имандылықтың кілті- тазалықта,
тақуалықтың кілті- лә илләһә иллаллаһ, Мұхаммадур расуллаһ деп зікір
айтуда және намазды дұрыс оқуда- деген уағыздары мешітке бір рет кіріп
шыққан адамды да имандылыққа бет бұруға демеу салғандай болатын. Ораза айт
намазында жамағат саны жетпістей адам санын құрады. Сол тұста мешіт бұрынғы
Факел кинотеатрына көшіп кетті де, Айт намазына сонда жиналдық. Намаздан
кейін Халифа Алтайдың қазақ тілінде шыққан Бейнелі намаз кітабын тегін
таратты. Өте риза болып, қуанып қалдық. Мешітке қанша барып жүрсек те
имамымыздың аты- жөні Ибраһим қажы Қарнақбайұлы екенін сонда білдік.
Бәлкім, бұл біздің білімді дін адамын тұңғыш рет көргендіктен тегін сұрамай
келгендігіміз және жас та болса да оны өте құрмет тұтып сыйлағандығымыз
болар деп ойлаймын.
Десек те, кинотеатрды мешітке бергеніне іштей ренжулі едік. Біріншіден,
алқам- салқамы шыққан кинотеатрдың мешітке берілуі жергілікті биліктің
мұсылман қауымының талап- тілегін орындап, үлкен ғимаратқа көшірдік деген
найза бойламас құлық- сұмдығы болса, екіншіден, қаншама жөндеуден өткізіп,
сылап- сыйпасаң да жалаңаш адамға шапан кидіргендей мешіт талғамына
ешқандай сай келмейтіндігі, үшіншіден, оны жөндеп құлшылық ғибатханасына
айналдыруға кететін қаржыға жаңа мешіт салу әлдеқайда арзанға түсетіні анық
болатын. Шынымды айтсам, сол кездегі қазақы намысымызды әлдекімдер көпе-
көрнеу қорлағандай, аяғымен
1

таптағандай жыларман күйде жүрдім.
Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әжелер өнегесі
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру
Мектеп пен отбасы ынтымақтығын орнықтырудағы мұғалім ролі
Балабақша- тәрбиенің алтын бесігі
Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этно-мәдени қызметі
Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Театр - киім ілгіштен басталады
Пәндер