Бекзат Сейілханұлы Саттарханов


Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) - қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін) . І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Отбасы
1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.
Балалық шағы
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.
Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
Спорт
- 1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды.
- 1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды.
- 1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарады. Сонымен қатар Олимпиадаға даярлау облыстық орталығына қабылданады.
- 1998 жыл Бекзат үшін табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
- Қостанай қаласында өткен жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданады.
- Түркістан қаласында Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып қоймай, жарыстың ең үздік боксшысына берілетін сыйлыққа ие болады.
- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанады.
- Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігінде жүлдегер қатарына ілігеді.
- 1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие болады.
- Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.
Сидней Олимпиадасы 2000
Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген.
- Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпай, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таниды.
- Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын тізе бүктіреді. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын.
- Олимпиададағы үшінші кездесуінің өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді.
- Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырады.
- Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады.
Жұдырықтасу техникасы
Бекзат рингте тек жұдырықпен ғана емес, ақылмен де жұмыс істейтін боксшылардың қатарынан. Әсіресе аяқпен қимылдауда ерекше белсенділік танытқан. Сидней рингіндегі қарсыласы Джеффри Матебула: «Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы есімді алды. Осы жігіт финалға ілігеді» деп дөп басып айтыпты. Жаттығу кезінде аяғына 3-4 келілік қорғасын байлап алып жүгіреді екен. Аяғына ауыр тас байлап алғандығына қарамастан, құрамадағы әріптестерінің үнемі алдын орап кететін. Бокс мамандары мен жанкүйерлер Бекзаттың бокстасу техникасы қазақтың даңқты боксшысы, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа ұқсайтынын ерекше атап өтті. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатына ұшырап, қайтыс болды.
Мемлекеттік марапаттамалар
Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.
Бекзатты еске алу шаралары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz