Ms excel программасы


MS Excel программасы - жоспарлы-экономикалық, есептік-статистикалық ғылыми-техникалық және басқа міндеттердің біраз ауқымын шешуге арналған өте жақсы және қолданылуы қарапайым электронды кестелерді өңдеу пакеті, бұларда сандық, мәтіндік немесе графикалық ақпарат біраз жүйелі, қайталанатын құрылыммен кестелік түрде ұсынылған.

Электронды кесте кәдімгі кесте сияқты қиылысында ұяшықтар орналасқан жолдар мен бағаналардан тұрады. Алайда кәдімгіге қарағанда, электронды кесте сандық, мәтіндік және графикалық ақпаратты көрнекі түрде ұсыну үшін ғана арналмаған. Электронды кестенің кәдімгіден негізгі айырмашылығы -әр түрлі есептік формулаларды ұяшықтарда орналастыру мүмкіндігінде, сонымен қатар кестелік түрде ұсынылған мәліметтерді өңдеуді молынан автоматтандыруда болып отыр.

MS EXCEL программасын іске қосу және оның жұмысын аяқтау . MS EXCEL программасын стандартты іске қосу негізгі мәзірдің Программалар - Microsoft Excel бұйрығы көмегімен орындалады.

MS EXCEL программалары жұмысын аяқтар алдында оның көмегімен жасалған құжаттарды сақтау керек. Программалардың жұмысы стандартты тәсілдермен, соның ішінде, Аlt+Ғ4 немесе программаның операциялық мәзіріндегі Файл -Шығу бұйрығымен атқарылады.

Ехсеlде файлдармен жұмыс істеу. Ехсеіде жұмыс кітабы үшін стандартты кеңейтілген бір файл . xls. беріледі. Файлдармен жұмыс істейтін бұйрықтар негізгі мәзірдің Файл тармағында жиналғаы.

Жаңа файл жасау үшін Файл - Құру бұйрығын орындау қажет, сонан соң Excel «1-кітап» деген стандартты аты бар жұмыс кітабын ашады. Ехсеідегі жұмыс сеансындағы келесі кітап «2-кітап» деген атпен ашылады.

Файлды ашу, сақтау және жабу. Файлдарды оқу үшін Файл - Ашу бұйрығы қолданылады. Пайда болған диалогтық терезеде пайдаланушыға папкіні таңдау қажет, мұнда осы файл орналасады және файл аты көрсетіледі.

Шығу бұйрығы алдында Файл мәзірі бұйрығы тізімінде пайдаланушы соңғы уақытта жұмыс істеген файл аттарының тізімі келтіріледі. Осындай файлдардың біреуін ашу үшін оның атын таңдау керек.

Іске қосу кнопкасын шертіңіз. Тышқан-тетік нұсқағышын Құжаттар жолына әкеліп, оң жақтағы қосымша мәзірдің пайда болуын күтіңіз. Жұмыс кітабының атын басыңыз.

Файлды дискке жазу Файл - Сақтау (ескі атпен сақтау) немесе Файл - Қалай сақтау керек (жаңа атпен сақтау) бұйрығын таңдаумен іске асады.

Файлды жабу үшін Файл - Жабу бұйрығы қызмет атқарады. Егер сіз жұмыс кітабына өзгерістер енгізсеңіз, бұл өзгерістерді сақтамасаңыз, экранда осы езгерістерді сақтауды ұсынатын диалог терезесі пайда болады.

MS Excel жұмыс кітабы жұмыс парақтары деп аталатын бір немесе бірнеше парақтан тұрады. Жаңа жұмыс кітабы әдетте 16 беттен тұрады, бірақ оның саны 255-ке дейін ұлғаюы мүмкін. Жұмыс парағы - кестелер мен оларға қосымша мәтіндік түсіндірулер орналасатын қағаз парағының электронды ұқсасы. Бір жұмыс парағында мәліметтері бар бір кестені де, бірнеше кестені де орналастыруға болады. Кестелерден басқа Excel жұмыс парағында әр түрлі графиктер мен диаграммалар болуы мүмкін. Әрбір парақтың төменгі бөлігінде жұмыс парағының аты бар арнайы таңбаша (ярлычок) орналастырылған. Егер бұл осылай болмаса, Сервис - Параметрлер бұйрығын орындап және диалогтық терезенің Түр бетінде Парақ таңбашалары жалаушасын енгізген жөн. Үнсіз келісім бойынша 1-парақ, 2-парақ деген аттар жазылады, бірақ оларды контексті мәзірдің көмегімен одан да мағыналысына Атын өзгерту бұйрығын таңдап, өзгеріуге болады. Содан соң таңбашаның аты ерекшеленеді және оны файлдар немесе қаптамаларға (папкілер) қайтадан ат қойған сияқты ауыстыруға болады. Жұмыс кітабының парақтары арасында ауысып, кешу парақтың тиісті таңбашасы тұсында шертумен не болмаса. Ctrl+PageUp (келесі параққа көшу) пернелерін үйлестіру арқылы Ctrl+PageDown (алдыңғы параққа көшу) атқарылады.

Жолдар натуралды сандармен (1-ден 65 536-ға дейін), тізбектеліп, немірленеді, ал бағандар латын алфавитіндегі әріптермен және қосарлы амалдармен (А, В, С және т. б. Z, AA, AB, AC және т. б. AZ, BA - BZ, . . . , ІА - IV-ке дейін) белгіленеді. Жолдардың нөмірлері мен тақырыптары жол тақырыптарының сол жағындағы бағандарда тұрады, ал бағандардың белгілеулері немесе тақырыптары баған тақырыбы жазылатын жолдың жоғарғы жағында орналасқан. Жолдар мен бағандардың қиылысуы ұяшық жасайды, ал жолдар мен бағандардың қиылысқан жеріндегі белгілеулер координаттар немесе ұяшықтарды туындатады. Мысалы, А1 1233 нөмірлі жолдың және НХ бағанының қиылысында орналасқан жұмыс үстелінің жоғарыдағы сол бұрышында орналасқан ұяшықтың адресін - HX1233, 1 нөмірлі жолдың және А баганының қиылысындағы жұмыс үстелінің жоғарыдағы сол бұрышында орналасқан ұяшықтың адресі болып табылады. Адрестеудің мұндай тәсілі ағымдағы жұмыс парағы ұяшықтары үшін қолданылады. Егер басқа жұмыс парағында тұрған ұяшыққа негізделу талап етілсе, онда координаттары алдында парақтың таңбашалары атын және леп белгісін көрсету керек: мысалы, 16! А1 Парақ - А Бағаны қиылысында орналасқан ұяшық адресі мен 16 Парақ аты бар жұмыс парағында 1-нөмірлі жолдар.

Ұяшықта мыналар бар:

■ құрамы;

■ ескерту;

■ пішім.

Ұяшықта оның құрамы деп ұғынылатын 255 символ бар. Бұлар мыналар болуы мүмкін:

■ мәтін;

■ сан, мөлшер;

■ ақшалай мән;

■ процентгік мэн;

■ ай-күні, жылы;

■ уақыт;

■ формула;

■ графикалық объект.

Меңзер тұрған ұяшық ерекшеленген, ағымдағы немесе белсенді болады. Ерекшеленген ұяшықтың сыртқы белгісі - тұтас қалың сызықпен қабылдау. Сонымен қатар толтыру маркері деп аталатын шағын қара шаршы қайымдаудың сол жақтағы төменгі бұрышына орналасқан. Толтыру маркеріндегі тышқан-тетік көрсеткішін позициялау кезінде ол крест пішінді + форма болады. Көрсеткіштің тежелуі бұл жағдайда бастапқы ұяшықта бар немесе басқа мәліметтерімен бірге тежелгіш тиген ұяшықтарды автоматты түрде толтыруға әкеледі.

Парақ атын өзгерту. Жұмыс парақтарына үнсіз келісім бойынша 1-парақ, 2-парақ және т. б. аттар қойылады. Парақтарға ақпараттық аттар бірнеше тәсілдермен беріледі:

- Пішім /Парақ /Қайта өзгерту бұйрығымен шақыру жолымен;

- парақ таңбашасында тышқанның оң кнопкасын шерту мен контекстік мәзірде пайда болған Қайта өзгерту бұйрығын таңдау арқылы;

- парақ таңбашасында тышқанды қатарынан екі рет жылдам шерту.

Осы іс-әрекеттердің кез келгенін орындағаннан кейін парақтық атау таңбашасында қара түспен ерекшеленеді, жаңа атты пернелерден енгізу ғана қалады.

Жұмыс парағын қорғау. Пішім /Парақ/Жасыру бұйрығымен Excel бұл парақты көрсетпейді.

Сервис /Қорғау /Парақты қорғау немесе Сервис /Қорғау /Кітапты қорғау бұйрықтарымен парақтағы немесе жұмыс кітабындағы барлық өзгерістерге тыйым салуға болады, қажет болған жағдайда оны парольмен қорғауға да болады.

Егер Пішім /Ұяшықтар диалогтық терезесінде Қорғау беті таңдалса, бір ұяшықты өзгертуге тыйым салуға (Бұғатталған немесе Қорғалған ұяшық), сондай-ақ формуланы жасыруға болады. Мұндайда олар формула жолында көрсетілмейтін болады.

MS Excel-дегі мәліметтерді енгізу және редакциялау .

Мәліметтерді енгізу гехнологиясы. Мәліметтерді нақты ұяшыққа енгізу үшін оны тышқанды шертіп, бөлуге болады, редакциялаудың таныс негізгі стандартын (меңзердің пернелері, Backspace, Del) қолдана отырып, ақпарат тере аласыз. Формула жолына кіргізілетін мәліметтер ағымдағы ұяшықта жасалады.

Формула жолының сол жағындағы мәліметтерді енгізгенде, енгізу процесін басқаруға арналған кнопкалар: қызыл крестер, жасыл қанат белгісімен және f x таңбашасымен пайда болады.

Егер кресі бар кнопканы басса, енгізу тоқталады және енгізудің ағымдағы сеансында ұяшыққа түскендер - жойылады.

Егер f x , таңбашасы бар кнопканы басып қалсаңыз, экранға Функция шебері диалогтық терезесі шығады. Сіз функция жүктей аласыз.

Мәліметтер енгізуді аяқтаған соң, мынадай тәсілдердің қай-қайсысымен де оларды ұяшықта белгілеуіңіз керек:

1) Enter пернесін шертіп;

2) қанат белгісі бар кнопканы басып;

3) тышқан-тетікті басқаұяшықта шертіп калып.

Мәліметтерді енгізу үшін тандалған ұяшықта тышқанмен екі рет түртіп басуға болады, мәтіндік меңзер тікелей ұяшықта пайда болады. Бұл жағдайда символдарды енгізіп, Backspace пернелерімен жоюға болады. Мәліметтерді белгілеу үшін не жоғарыда баяндалган үш тәсілдің бірін қолдану керек, не, болмаса, меңзерді басқару пернелерінің кез келгенімен басқа ұяшыққа меңзерлік шеңберді жылжытуға болады.

Енгізілген мәліметтерді өзгерту үшін сол тәсілдерді қолдану керек: формула жолында шертіп немесе қатарынан екі рет басу, не болмаса Ғ2 функциональды пернені басуға болады.

Ұяшықтарға әр түрлі типтегі мәліметтерді енгізуге болады: мәтін, сандар, ай-күн, жылы (уақыт) формулалар, (бұларға сандар, арифметикалық белгілер, логикалық белгілер, логикалық немесе басқа ұяшықтардағы мәліметтерден жасалатын басқа іс-әрекеттер, ұяшықтардың адресі немесе олардың аты, кдоамдас функция аттары) функциялар. Мәтін ретінде әр түрлі әріптер мен цифрларды енгізуге болады. Мәтін өзінен-өзі сол жаққа, ал сандар оңға қарай теңгеріледі. Бөлшектік белігі бар сандарды енгізгенде, бөлшектік және тұтас бөліктерге бөлуші ретінде нүкте немесе үтір (пайдаланушының қалауы бойынша) қолданылады. Бөлшектік бөлікке бөлгішті өзгерту үшін, мынадай бұйрықтарды орындаңыз:

- Міндеттер панелінде орналасқан Іске қосу кнопкасында тышқан-тетікті түрте басыңыз, бұл Windows жүйесінің негізгі мәзірін орындауға мүмкіндік береді;

- Баптау ~> Басқару панелі бұйрығын белсендірек етіп, диалогтық терезеде ашылған Басқару панелінде Тіл және стандарттар пиктограммасын таңдаңыз, сонан соң Enter пернесін басыңыз;

- Қасиет: Tіл мен стандарттар диалогтық терезесінде Сандар қосымшасын ерекшелеңіз.

- Тұтас және бөлшектік бөлікке бөлуші өрісінде пернеден нүкте немесе үтірді енгізіңіз.

- ОК кнопкасын басыңыз.

Ехсеlде мәліметтерді енгізу процесін тездетіп, оңайландыруға мүмкіндік беретін бірнеше тәсілдер бар:

- бар мәліметтерді қайталап енгізу (көшіру) ; - автотолтыру;

- прогрессия енгізу.

Бар Мәліметтерді қайталау (көшіру) үшін:

1) ұяшықты ерекшелеу:

2) тышқанның нұсқағышын автотолтыру маркеріне әкеліп, ерекшелеу шегін барлық ұяшықтар бойымен созу керек.

Егер Түзету / Толтыру мәзірін қолданып немесе көшіру бағытын көрсетсе, осындай нәтижеге жетуге болады.

MS Excel программасы пайдаланушыларға кесте ұяшықтарын толтыруды автоматтандыру кезінде құрамды жасау немесе редакциялауда өте қолайлы мүмкіндіктер ұсынады. Автотолтыру дегеніміз - атауларды, сандарды, ай-күн, жылдарды және т. б. жүйелі тізбектілікпен бір немесе бірнеше ұяшықтарды көшіріп, ерекшеленген ұяшықтардың тобына немесе автоматты түрде толтыру.

Автотолтыру ерекшеленген ұяшықтарды тандап алынған (не болмаса қосымша жасалған) тізбектілікпен толтырады. Ұяшықтардың ерекшеленген аумағын толтыру үшін мыналар керек:

1) мәліметтерді бастапқы шыққан ұяшықтарына енгізу;

2) осы ұяшықтарды ерекшелеу

3) толтыру маркері сүйрегіші көмегімен ерекшелеу аумағын талап етілетін мелшерге дейін кеңейту.

Мысал. Ұяшық диапазонын ай аттарымен (қаңтар, ақпан және т. б. ) толтыру қажет. Бұл үшін мыналар керек:

1. Бірінші ұяшыққа - қаңтар сөзін енгізіңіз.

2. Автотолтыру маркерін қажетті бағытқа (жоғары, төмен, солға, оңға) апару.

Автотолтыру үшін өзіндік тізбектілікті жасауға мыналар керек:

1. Сервис/Параметрлер мәзірі бұйрығын орындап, Тізімдер , қосымшасы таңдалсын.

2. Тізімдер басқару элементінде Жаңа тізім тармағын белсенді ету керек.

3. Т ізімдер элементінде жаңа тізім жасауға тиісті жолдардың тізбектілігі енгізілсін. Мұндайда тізімнің әрбір элементі жаңа жолдан енгізіледі.

4. Жаңа тізім жасау процесін Үстеу (Добавить) кнопкасын басумен аяқтау.

Автотолтыру көмегімен тізбектіліктің кез келген (міндетті түрде бірінші емес) элементін теріп, барлық қалғандары кірістірілсін (және рет саны қалағанынша) .

Прогрессия бұйрығын қолдану. Excel автотолтыру тізімінен басқа арифметикалық және геометриялық прогрессиялармен, сондай-ақ ай-күні, жыл тізбектілігімен де жұмыс істейді. А2 ұяшығына 1 санын кіргізіп, А2:А11 аумағын бөліп көрсетіңіз. Сонан соң Түзету / Толтыру / Прогрессия бұйрығын шақырыңыз. Нәтижесінде Прогрессия диалогтық терезесі пайда болады, қажетті опцияны, ауыстырып қосқышты бейнелеп, ОК кнопкасын басу керек (16-сурет) .

Біздің жағдайымызда, 2-ден 10-га дейінгі мәндермен ерекшеленген диапазонды толтыру үшін мынадай параметрлерді қою талап етіледі :

- Орналасу аумағында ауыстырып қосқышты бағандар бойынша белсендірек ету;

- Tun аумағында Арифметкальщ ауыстырып қосқышты таңдау;

- Адым өрісінде 1 мәнді енгізу;

- Шекті мән өрісінде 10 санын енгізген жөн.

Бұл өрісті қолданар алдында ұяшықтардың қандай ауқымын ерекшелеуге қарамастан, осы мән өрісінде керсетілген сандық қатарды шектеуге мүмкіндік береді. Прогрессия әдісімен ерекшеленген ауқымды толтыру нәтижесінде АЗ:А11 ұяшықтарында 2-ден 10-ға дейінгі сандар пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Граф тиімділік есептерін шешу әдістерінің алгоритмдері мен программалары
MS Excel, MS Access
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
MS Office пакеті туралы түсінік
Мәліметтерді сұрыптау
ИНФОРМАЦИЯ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
MS Word мәтіндік редактор, MS Excel кестелік процессор
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
Информатика пәні бойынша лекциялар жинағы
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz