ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ



1. Поэзия әлемі
2. Ақын өлеңдерінен халық басынан кешірген тарихы
3. Лирикалық өлеңдер
Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жаб¬дығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын “Пе¬ріштелер мен құстар” жыр кітабы ай¬ғақтай түседі.
Кезі келгенде жырауларша кесек толғайтын, сөйте тұрып қат-қабат жан әлеміндегі қалтарыс-бұлтарыстарды нәзік сезімталдықпен тұспалдай жырлайтын Есенғали – бүгінгі поэзияның дамуына өзіндік үлкен үлесін қосқан дара стильді, ерекше болмысты ақын.
Кітаптың “Бозаңға біткен боз жусан” аталатын бірінші бөлімі, яғни, жалпы жинақ “Еркек” деген өлеңмен ашылған. Бұл өлең — ақынның адамдық жолда ұстанған өмірлік қағидасындай. Ой мен сезімді бір-бірімен қабыстыра отырып жыр толғағанда айтарын еш іркіліссіз өрнекті сөзбен еркін төкпелете айтатын ақынның мінезі осы өлеңде толығымен танылған:

Батырша күліп түрегеп,
Отырдым жылап ақынша.
Жонымды тостым “міне” деп,
Жолбарыс-тағдыр атылса.
...Қасқайып өстім шыңымда
Қара да беріш қайың боп.
Ендігі қалған ғұмырда
Езілетұғын жайым жоқ.

Өлеңге ең әуелі керегі – мінез. Міне, сол мінез. Қайсарлық пен нәзіктік қатар сіңген жан болмысы осындай тегеурінді де салмақты сөздермен жыр болып өріледі.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Өлеңнің қара бауыр қасқалдағы

Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты.

Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат
жабдығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған
Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді
оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның
тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын “Періштелер мен құстар” жыр
кітабы айғақтай түседі.
Кезі келгенде жырауларша кесек толғайтын, сөйте тұрып қат-қабат жан
әлеміндегі қалтарыс-бұлтарыстарды нәзік сезімталдықпен тұспалдай жырлайтын
Есенғали – бүгінгі поэзияның дамуына өзіндік үлкен үлесін қосқан дара
стильді, ерекше болмысты ақын.
Кітаптың “Бозаңға біткен боз жусан” аталатын бірінші бөлімі, яғни,
жалпы жинақ “Еркек” деген өлеңмен ашылған. Бұл өлең — ақынның адамдық жолда
ұстанған өмірлік қағидасындай. Ой мен сезімді бір-бірімен қабыстыра отырып
жыр толғағанда айтарын еш іркіліссіз өрнекті сөзбен еркін төкпелете айтатын
ақынның мінезі осы өлеңде толығымен танылған:

Батырша күліп түрегеп,
Отырдым жылап ақынша.
Жонымды тостым “міне” деп,
Жолбарыс-тағдыр атылса.
...Қасқайып өстім шыңымда
Қара да беріш қайың боп.
Ендігі қалған ғұмырда
Езілетұғын жайым жоқ.

Өлеңге ең әуелі керегі – мінез. Міне, сол мінез. Қайсарлық пен
нәзіктік қатар сіңген жан болмысы осындай тегеурінді де салмақты сөздермен
жыр болып өріледі.
Ақын өлеңдерінен халық басынан кешірген тарих мол орын алған.
Алмағайып заман суретін өлеңіне өзек ете отырып, адам тағдырына, оның жан-
дүниесіндегі қасіретке үңілу – ақынның ұстанымы. Небары екі шумақтан ғана
тұратын “1932 жыл. Қазақстан” өлеңіне қасіреті мен зары төгілген кезең
шындығы тұтасымен сыйып кеткен:

“Ел қырылған деседі мына дөңде,
Не деймін мен осынау тұл әлемге?
Кәрі аспан...
Кәдімгі дөң...
Қараша айы...
Түк те жоқ көз тоқтайтын бұдан өңге.
Өлең шөп барқын қара мақпал сынды,
Мақпалды сусыма құм жапқан сынды, —
Құм басып өлген қыздың қолаң шашы
Бұрқырап сыртқа шығып жатқан сынды,
Өлең шөп, өлең шөп — Қазақстан...

ХХ ғасыр басындағы алмағайып заманда халық басынан кешкен ауыр қайғы,
сұмдық зобалаңды бұдан артық қалай бейнелеуге болады! Поэзия баяндаудан,
әңгімелеуден іргесін аулақ салып, көрікті де астарлы сөзбен бейнелеуге бой
ұрғанда ғана түйсікке әсер етіп, жүректі қозғайтыны хақ. Ақынның ақындық
тегеуріні мен дарын қуаты екшеп шығарған өлең жолдары заман шындығын айна-
қатесіз көз алдымызға әкелген. Қазаққа қоныс болған маң даланың көрмеген
құқайы жоқ. Енді бірде ақын сол оқиғаларды болған қалпында жырына арқау
етеді. Сөйте отырып замананың салған лаңын жайып салады. “Қазақ ауылы”
сюжетті өлеңінде тарихи кезеңнің нағыз шындығы бейнеленген. Өлеңнің
“Сәскеде” атты бөлімінде қазақ ауылына шапқан ақ әскердің іс-әрекеті
соншалық әпербақан оспадарлығымен көрінеді.

Селеудің кімді күтіп сарғайды өңі,
Ителгі үркіп ұшты самғай бері,
Ит үрді,
Қой маңырап,
Түйе боздап,
Кепкен шал қырға қарап “Алла-ай” деді.

Атының басын ауылға бұрған атаманның әскері салған лаң ауылды осылай
азан-қазан етіп шулатады. Кепкен шалдың кескен теректей құлауы, сауға
сұраған би ағаның бишік жеуі, бәйбішенің таяққа жығылуы, “қамысты
сүйрігінен айырғандай” тағы бір үннің шығып жатуы – ақынның тілінде
шынайылықпен өлең болып өрілген сурет. Басына қазан киіп, жау кеткен соң
бой көрсеткен қорқақтың тірлігі де оқиғаны шынайыландыра түскен.

Бармысың, тірімісің, жарығым-ай,
Не жаздық, неден жаздық тағы Құдай.
— Болғанда ағы мұндай бұл итіңнің,
Қызылы қандай болмақ, Тәңірім-ай!

Қазақ ауылы текке сескенбеген екен. Ақтардың салған ойранынан соң
ауылға ат басын қызылдар бұрған. “Кешке” деп аталатын өлеңнің екінші
бөлімінде сол қызыл әскердің қылығы көрсетіледі:

Селеудің кімді күтіп сарғайды өңі,
Ителгі үркіп ұшты самғай бері,
Ит үрді шабаланып.
Бұл не тағы?
Кепкен шал қырға қарап “Алла-ай” деді.

Тұтастай бір шумақты қайталай отырып, ақын ақтар салған ойранның тағы
қайталанатынын аңғартады. Тек үшінші жолдағы сәл өзгеріс ендігі келген
әскердің аңысын аңдап, сыпайы болып, шын содырлықтарын ішке бүге келген
алдамшы қалпын көрсетеді:

Жүрісі “жау емеспіз” дегенді айтып,
Көрінді қырық қаралы атты кісі.

Қонақжай қазақ ауылы бейбіт қалыппен келгендерді ақ дастарханын жайып
қарсы алады. Бірақ, ақ ниетпен жайылған дастархан, қонақжайлық ізетті қызыл
командир басқаша қабылдап, құм ішінде отырған қазақ ауылына күдікпен
қарайды. Ақыры, өзін қонақ етіп отырған ауылды ойрандауға бұйрық береді.
Қызылдардың сұмдығы ақтардың әрекетінен де асып түседі. Ақын бұл оқиғаларды
тілге тиек ете отырып, замананың бет пердесін сыпырып, шынайы бет-бейнесін
танытады. Өзіміз сезген, сезінген, бірақ, айта алмай пұшайман болған
саясаттың сұмдық астары осы бір оқиға арқылы ашылады.
Дамудың күре тамыры – дәстүр жалғастығы екені белгілі. Ұлттық
поэзиямыздағы алтын арқау үзілмей көне дәуірден бүгінге дейін жеткені,
ертеңгі күнге де жол тартары ақиқат. Есенғали лирикасында сонау көне түркі
поэзиясынан тамыр тартып, кешегі жыраулар поэзиясынан сусынын қандырып,
жаңа жазба поэзиядағы нәзік сыршылдық тұмасына бас қойған, асқақтық пен
тереңдікті, өрлік пен нәзіктікті шебер үйлестірген ерекше бітім, кең тыныс,
өзгеше өрнек бар. Әрбір тіркес пен әрбір жолдың балталасаң бөлінбес
тұтастығы, шашауы шықпас жинақылығы, терең астары, бай мазмұны, салмақты
мәні — ақын поэзиясының табиғаты. “Біздің ауыл” топтамасында өзі тіршілік
кешіп отырған бүгінгі ауылдың тыныс-тіршілігінің суретін әр қырынан
көрсетеді. Бұйығы ауылда тіршілік етіп жатқан қарапайым адамдардың ой-
арманы, мақсат-мүддесі, іс-әрекеті назарға алына отырып, кішкентай оқиғамен
үлкен адамзаттық мәселені айта алғанына аталмыш топтамадағы “Генетика”,
“Әңгіме”, “Қанағат шофер куәлігінен айрылып қалды”, “Көкем-ай”, “Той. Рейім
шал. Өлең” туындылары дәлел. Туған жерге деген риясыз махаббат пен сағыныш,
ата-баба салтына деген шексіз құрмет, адам атты жаратылыстың қат-қабат жан
әлеміне тереңдей бойлау өлеңді нәрлендіріп, құнарлы да бай поэтикалық
тілмен төрт аяғын тең басқан жорғадай төгіліп кеткен. Бір кезеңде заман
зауалы қыспаққа алып, басына екі талай күн туғанда қазақ ата мекенінен
амалсыз ажырап, зар шекті. Жан-жаққа босып кеткен ел күні туғанда ата
мекенге, ақынша айтсақ, “Жеке боп, ауыл болып, халық болып Хат болып,
хабар болып, табыт болып” оралды. Өйткені ата мекен – ештемеге
айырбасталмас киелі мекен.

Менің ата мекенім – менің жаным,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ақын жыраулары
Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы
Дүние деген сары алтын
Төлеген сөз жоқ талант
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Төлеген Айбергенов туындыларындағы лиризм
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы
Ұлықбек Есдәулетұлының ақындық мұрасы
Пәндер