Ақан Қорамсаұлы ( 1843-1913) туралы ақпарат


Ақан Қорамсаұлы ( 1843-1913)
«Ақан сері» XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданындағы Қоскөл деген жерде туған. Шын аты - Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген.
13 жасында Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар (қазіргі Петропавловск) қаласында Уәли дегеннің медресесінде екі-үш жылдай сабақ алған.
Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты, он жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына аңын, әнші, домбырашы, палуан - неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс (оны «Қараторғай» деп атаған), жүйрік атңа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырғанғы.
«Етегін ақ көйлектің алтындаған». Жастық, бозбалалық кезінде. Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы - достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі, тадғамы күшті, нәзік жанды ақын емірдегі не бір сұлу, әдемініңібәрін әнге қосқан. Ол табигатты да, алгыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыс-тардың қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», т. б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның өңі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал-дағы
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықша Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шың бұрал-дағы.
Қапаста қиын-қыстау бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам-дағы.
Ақан өлеңдерінің лирикалық қаһарманы - әсем бейнелі, жаны сұлу адам. Аңынның оны суреттеу үшін алған баламалары да, теңеулері де ел ұғымындағы ең әдемі, нәзік суреттер, қазақ оқушыларының эстетикалық сезімін қозғайтын метафора, теңеу, эпитет, әдемі шендестірулер.
Оның балау (метафора), теңеу үшін алып отырған ақ түлкі, ақ маралдары өмірде сирек кездесетін, оқайлықпен ңолға түспейтін сүйкімді хайуанаттар. Ендеше ақынның да арман еткен сұлуы - оқайлыңпен қолға түспейтін жан. Соны ойлап Ақан қияға қол созып, қиыннан тоят- іздейді. Және оны кез келгенге бұрыла кететін көрсе қызар емес, сексен қыздың ішіндегі ең таңдаулысы етіп алады.
Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.
Қаумалап қанша дұшпан тұрса-дағы,
Қалқажан айтар сөзден тартынбаған.
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,
Лашын құс не болады талпынбаған.
Бұл өлеңнің кейіпкерінде сыртқы көркемдік те, жайдары мінез, жан сұлулығы да, «айтар сөзден тартынбайтын» батылдық та бар. Осындай мінезіне көркі сай, ақын армандаған сұлу жандарды малға сатып, теңіне қоспауды Ақан қолдамайды. Оның «Сырымбет», «Үш тоты», «Балқадиша», «Ұрқияжан», т. б. ән-өлеңдері әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен, әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.
« Құлагер». Осындай жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған күшаланы Жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нүрма-ғамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін больш, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспаққа алып барады. Бәйгеге 323 ат қосыладьі. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді.
Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елеіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнап бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішіндегі ең көп тарағаны -«Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып алып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғайы, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.
Өлеңде Ақан атының өлімімен байланысты өз басындағы ауыр халді өте шебер бере білген. Атын өте жақсы көретіндігі де, зорлықшыл үстем тап өкілдерінің жауыздық қиянатына қарсы іште қайнаған ыза, кегі де, аяулы жануардың өлімімен байланысты оның күйініші де өлеңдегі әрбір сөз образынан байқалады. Бір жерінде ол:
Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай,
Суырылып топтан озған жүйрігім-ай, -
деп өзегін өртеген жалынын сыртқа шығарып, жасын төксе, екінші жерінде:
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырар сапты аяқтай төменгі ернің, -
деп, атын өлімге қимайтынын білдіреді.
Сонымен бірге өлеңде ақынның аянышты халі, жан күйігіне байланысты оның сол минуттағы психологиясында болған өзгеріс, құбылыстар да анық байқалады:
Алдыңғы ат баран емес, қылаң деді,
Сол жерде тұра алмадым денем шошып.
Суық хабардың шеті құлаққа тигенде, күдік пен үміттің араласқан жерін ақын осылай суреттесе, күдіктің қауіпке айналғандағы қорқынышын:
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін, -
деген жолдармен береді.
Әрине, бұлар әлі қайғы емес, қауіп, қорқыныштың бастамасы ғана. Өлеңде сезілетін оның психологиялық құбылыстары осылай өзгеріп отырады.
Құлагер мерт болды деп алғаш есту Ақанға төбеден жай түскендей қатты әсер етеді. Ақан сол секундтағы күйінішінің ең шарықтау шегіне жеткен жерін:
Құлагер мерт болды деп естігенде,
Жұлдым да сақалымды, ойбайладым, -
деп суреттейді. Мұнан кейінгі психологиялық өзгерістерін де ақын шебер түрде бере алған.
Ауыр оқиғаны естігеннен кейін, адам не істерін білмей, сасады. Ақыл, ойдан гөрі де адамды соқыр сезім билеп кететін кездер болады. Бұл уақытта адамның әрекеті сезімнің билеуімен істеледі. Сондықтан да ақын:
Міндім де Бозшұбарға тұра шаптым, -
дейді.
Ақан атын іздеп табады. Өліп жатқанын көргенде, көзінен жас шығады. Енді оның психологиясында басқаша өзгеріс болғаны байқалады.
Ауыр оқиғаға кездескенде, әуелі күйіп-піссе, онан кейін сезімді ақыл жеңіп, төзімділікке бел байлайды. «Артының қайырын берсін» деп өткенді емес, келешекті тілейді. Сонымен қатар ақын атының портретін де, жүйріктік қасиетін де өте шебер түрде суреттейді.
Салбырар сапты аяңтай төменгі ернің . . .
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім . . .
Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай . . .
Ор болып қалушы еді шапқан жерің . . .
Міне, осындай суреттеулер арқылы Құлагердің шын жүйрікке тән мүсінін де, шапқандағы қимылын да ақын толық көрсете алады. Ол Құлагердің қадірлілігі, оның өлімінің зор қайғы болуы тек сұлулығында, не өзінің аты болғандығында емес, өз еліне (Атығай, Қарауылға) керектігінде деп ұғады. Құлагер өлгенде Ақан: «Ел бетін қалай көремін» депті дейді. Талай жарыста ер намысын, ел намысын қорғап қалып жүрген атының өлімі бүкіл Атығай, Қарауыл еліне де оқай тимегенін, сондықтан да Ақанның жаңағыдай сөзді айтуы мүмкін екенін мына бір шумақ дәлелдегендей болады.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім . . .
Ақынның «Құлагерін» оқығанда, оқушылар Ақанмен бірге күйінгендей, оны аяғандай, аяулы жануарды мерт қылған жауыздарға лағынет айтқандай болады. Екі рулы елдің мақтаны жазықсыз жануарды олтірушілердің зұлымдығына зығырданы қайнайды. Өлеңде сезілетін ақынның азалы үні, қасірет-қайғысы, қатты күйініші баршаға ортақ; ол - қара ниет арам жауға мәңгі өшпес лағынет таңбасы, халық қарғысы. Өлеңді зер салып оқыған сайын зорлықшыларға қарсы ашына түсесің.
Сойтіп, «Құлагер» өлеңінде жалғыз ат қайғысы ғана жырланбайды, ақын соның аянышты өлімін аза тұту арқылы, адамның сай-сүйегін сырқыратарлықтай, жүрегін тебірентерліктей, ыза-кегін оршітерліктей дәрежеде заман шындығын, үстем таптың зұлымдығын әшкерелейді, сол арқылы өткен кездегі теңсіздікті еске түсіреді.
Сөйтіп, өзінің заман адамы туралы ойын ақын нашардың ақысын жеп жүрген би, болыс, ауылнайлардың бұл істе бірігіп кететін мінезін көрсетумен түйіндейді. Бұл - Ақынның ел әкімдерінің халыққа жасайтын қиянатын көре білгенін, оған сын кезімен қарағанын байқатады.
Ақан бұл тұрғыда байларды бөліп айтады. Олардың төменгі тап адамдарын қанауының сырын, мінез-құлықтағы қулық-сұмдығын тапқырлыңпен ашады:
Ендігі бай өуелі нашарды жер,
Нашар нәрсе, ант ұрған сөйлейді кер.
Бір нашар ақша қарыз сұрап барса,
Берейін, қызметке маған жүр дер.
Ауысып бір нәрсесі жүрген болса,
Сұрағанда шығарар маңдайдан тер.
Қолда жогын білген соң тым жабысар:
«Қызмет қыл я болмаса малыңды бер».
Басын сатып ала алмай бір кірген соң,
Осыменен қор болып жүр нешелер ер.
Ақанның «ендігі бай» деп отырғаны - жаңа заманның саудаға құныққан, елмен қарым-қатынасын есепке құрған байы. Оны ақын «қайыры жоқ, көк қарын жаңа бай» деп атайды. Қазаң даласына капиталистік өзгерістердің кіре бастауымен байланысты шаруасын соған ыңиайлай құрған, сауданы кәсіп ете бастаған осы тектес байлар мен олардың жұмсауындағы адамдардың мінез-құлқындағы жаңалыңтарды да ақын тап басып айтады:
Ақша ұстап, сауда қылар ырымдай ғып,
Бай жұмсап жүрседағы құлындай қып.
Базарға барған сайын пайда бер деп,
Тапсырар ұстаушының құнындай қып.
Жаңа байлардың осындай жебір типіне Ақан өткен заманның байларын қарсы қояды. Оларды әділ, қайырымды еді деп суреттейді. Бұл - аңынның өткен заман байлары. ның, олардың қанау әдісінің сырын терең түсіне алмағанын көрсетеді. Сөйтіп, ол елеулі қайшылыңқа ұрынады.
Би, болыс, байлардан түңіле отырып, Ақан жаңалық іздейді, жастарға сенімін артады. Өмірді жендейтін де, ел үшін күресетін де жастар деп ұғады. Осы өлеңінің бір жерінде ақын қазақтың осындай ауыр халге неліктен ұшырағанын айта келіп, жастарды өнерге, ғылымға шақырады.
Жігіттер, өнер үйрен заманыңда,
Денсаулың, өлің келген аманыңда,
Жайылып сахарада жатамыз деп,
Мінекей қалдық дұшпан табанында, -
дейді.
Ақан артта қалудың және бір себебі - еріншектік, жалқаулық екенін айтады да, жастарды содан сақтандырады.
Заман адамының нақты бір типін Ақан «Жүсіп төреге» деген өлеңінде шебер жасайды. Онда ақын Жүсіптің ғайбат айтуға ұсталығын, екі жүзділігін бетіне басады.
Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай,
Дөрежең қара қазақ аяғындай.
Досыңды дұшпан көріп ғайбаттайсың,
Мінезің әзөзілдің таяғындай.
Өлең уыты әжуаға, откір сынға толы. Онда күні өткен төренің бүгін дәрежесі төмендеп, өзі жұрт сыртынан соз айтар ғайбатшыға айналғанын көреміз.
Мұндаи өлеңдерінің негізгі мәселесі етіп ақын көбінесе жақсылық пен жамандықты алады. Жақсы, жаман құбылысты салыстыра отырып, жас ұрпаңты жаманнан жирендіру, жаңсыға үгіттеу мақсатын қояды. Өмірде көргені мен түйгені көп ақынның оз тәжірибесі де қосылып, жастарға өнеге болып ұсынылады.
«Асыл мен жасық» өлеңінде Ақан пайдалы, пайдасыз ұғымдарды қатар алып әңгімелейді.
Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен, -
деген жолдарда ол өнімсіз іспен шұғылданатын берекесіздікті сынайды. Ой-пікір байлығымен қоса өлеңде тапқыр тіркестер де мол. Жігіттің жақсы қасиетке ие болуы қажеттігін ол:
Жігіттің көз тоқтаттың қандайына,
Шешеннің тәңір берген таңдайына.
Батырдың қайрат берген жүрегіне,
Малдының ырыс берген маңдайына, -
деп тұжырымдайды.
«Жақсы мен жаман» өлеңінде Ақан осы ойын тереңдете түседі. Онда айтылар өсиет өмір құбылыстарын суреттей отырып, қорыту арқылы түйінделеді. Ақын жақсы жігітке айтар үлгісін жарқырата көрсетіп, жаманнан бездіріп жіберерліктей таусыла сөйлейді.
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды, -
дейді ол.
Ақан қысылшаң шақта ел бастайтын жақсы адамдарды армандайды. «Жұрт алдында тысырайған» мақтан сүйгіш, қуыс кеуделерді жаман адам қатарына қосады.
... жалғасыЕр пайдасы тиеді сасқан жерде,
Ер жаңылып етегін басқан жерде.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жабысып қалады екен аспан жерге.
Жамандар көре алмаған қылады өсек,
Лайық заманында асқан ерге.
Билер көп жұрт алдында тысырайған,
Жол табар көсем қайда қысқан жерде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz