Мектепке дейінгі баланың зияткерлік дамуында «Ата-ана – бала- педагог» байланысының атқаратын ролі



1. Мектепке дейінгі баланың зияткерлік дамуында «Ата.ана . бала. педагог» байланысының атқаратын ролі.
2. Педагогтардың кәсіби деңгейін арттырудың қазіргі интерактивті әдістері
8. Әдістемелік жұмыс түрлері
Мектепке дейінгі мекемелерде қазіргі заманға сай, баланың жан-жақты дамып, құзыреттілігін дамытуға көп көңіл бөледі. Осыған орай, жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген педагогикалық-психологиялық зерттеулер нәтижесінде, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жанғырту векторы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты да қолданысқа енді. Жалпы баланың дамуы мен өсіп жетілуіне дұрыс қарау керек. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда, ата-анамен тығыз қарым-қатынас жасаған дұрыс. Ата-ананы балабақша өміріне араластыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешуді талап етеді. Бала ата-ананың балабақша ісіне араласқанын көріп, олардың қамқорлығын сезініп, өздерінің маңыздылығын сезіне түседі. Ата-анаға бала өміріндегі ең алғаш ұстаз – ол ата-ана екенін түсіндіру. Педагогикалық үрдісті «Ата-ана – бала – педагог» байланысы арқылы құру.
Кері байланыс – тәрбиелеу ж/е оқыту үдерісін ұйымдастырудың ең негізгі компоненті, отбасы мен тығыз байланыс, ата-аналармен баланың дамуы мен табыстары, жағымды-жағымсыз қылықтары, туралы ақпарат алмасу, яғни ата-аналармен қатынас көпірі
Кері байланыс түрлері (ата-аналармен) :
 Бала өмірі мен әрекеті, достары, топтағы өткен күндері туралы талқылау
 Шығарманы бірге оқып, талқылау
 Ертегінің соңын басқаша аяқтау, сюжет желісін өзгерту, кейіпкерді ойдан ойлап шығару
 Кішігірім ертегі, әңгіме ойлап шығару
 Оқыған тақырыпқа, әр түрлі ақпараттарға материал жинауға қатысу
 Бірлескен жоба, эксперимент жасау т.б.
 Іс-шараларға қатысу
 Саяхатқа, мерекелерге т.б. шараларға қатысу
Педагогтің міндеті – ата-анамен байланыс жасау:
 Ақпарат алмасу арқылы жақындасу;
 Оқыту үдерісіне белсенді қатысуға шақыру;
 Ата-анамен тығыз байланыс жасауға көз жеткізу;
 Бала тәрбиесінің сапасына көңіл бөлу
Отбасымен шынайы ынтымақтастық - әр баланың зияткерлік, құзыреттілік, тұлғалық дамуына, жеке басының ерекшелігіне мән бере тәрбиелеуге жол ашады. Яғни, педагог бұл байланыста баланың мүддесін басты орынға қояды. Тәрбиеші баланың дамуындағы жетістіктерін, тапқан табыстарын, жағымды-жағымсыз қылықтыры туралы ата-анамен ақпарат алмасып отыруы қажет. «Бірлесе істесең, бір жеңнен тон шығарасың»- дегендей, мұндай іс-әрекет нәтижелі болады. Педагогтің міндеті – балаға жекелей ықпал ету, ата-анамен қарым-қатынаста болып, бала өміріндегі бірінші қадамдарынан туған-туыстарының шетте қалып қоймауын қадағалау. Ал, ата-аналар болса, педагог сөзіне көңіл бөліп, бала тәрбиесіне ат салысуы қажет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі баланың зияткерлік дамуында
Ата-ана - бала- педагог байланысының атқаратын ролі.
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі,
сұлулуық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер де адамға осы төрт тәрбие
тегіс берілсе, оның тәрбиесі, түгел болғаны
М.Жұмабаев
Мектепке дейінгі мекемелерде қазіргі заманға сай, баланың жан-жақты дамып, құзыреттілігін дамытуға көп көңіл бөледі. Осыған орай, жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген педагогикалық-психологиялық зерттеулер нәтижесінде, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жанғырту векторы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты да қолданысқа енді. Жалпы баланың дамуы мен өсіп жетілуіне дұрыс қарау керек. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда, ата-анамен тығыз қарым-қатынас жасаған дұрыс. Ата-ананы балабақша өміріне араластыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешуді талап етеді. Бала ата-ананың балабақша ісіне араласқанын көріп, олардың қамқорлығын сезініп, өздерінің маңыздылығын сезіне түседі. Ата-анаға бала өміріндегі ең алғаш ұстаз - ол ата-ана екенін түсіндіру. Педагогикалық үрдісті Ата-ана - бала - педагог байланысы арқылы құру.
Кері байланыс - тәрбиелеу же оқыту үдерісін ұйымдастырудың ең негізгі компоненті, отбасы мен тығыз байланыс, ата-аналармен баланың дамуы мен табыстары, жағымды-жағымсыз қылықтары, туралы ақпарат алмасу, яғни ата-аналармен қатынас көпірі
Кері байланыс түрлері (ата-аналармен) :
:: Бала өмірі мен әрекеті, достары, топтағы өткен күндері туралы талқылау
:: Шығарманы бірге оқып, талқылау
:: Ертегінің соңын басқаша аяқтау, сюжет желісін өзгерту, кейіпкерді ойдан ойлап шығару
:: Кішігірім ертегі, әңгіме ойлап шығару
:: Оқыған тақырыпқа, әр түрлі ақпараттарға материал жинауға қатысу
:: Бірлескен жоба, эксперимент жасау т.б.
:: Іс-шараларға қатысу
:: Саяхатқа, мерекелерге т.б. шараларға қатысу
Педагогтің міндеті - ата-анамен байланыс жасау:
:: Ақпарат алмасу арқылы жақындасу;
:: Оқыту үдерісіне белсенді қатысуға шақыру;
:: Ата-анамен тығыз байланыс жасауға көз жеткізу;
:: Бала тәрбиесінің сапасына көңіл бөлу
Отбасымен шынайы ынтымақтастық - әр баланың зияткерлік, құзыреттілік, тұлғалық дамуына, жеке басының ерекшелігіне мән бере тәрбиелеуге жол ашады. Яғни, педагог бұл байланыста баланың мүддесін басты орынға қояды. Тәрбиеші баланың дамуындағы жетістіктерін, тапқан табыстарын, жағымды-жағымсыз қылықтыры туралы ата-анамен ақпарат алмасып отыруы қажет. Бірлесе істесең, бір жеңнен тон шығарасың- дегендей, мұндай іс-әрекет нәтижелі болады. Педагогтің міндеті - балаға жекелей ықпал ету, ата-анамен қарым-қатынаста болып, бала өміріндегі бірінші қадамдарынан туған-туыстарының шетте қалып қоймауын қадағалау. Ал, ата-аналар болса, педагог сөзіне көңіл бөліп, бала тәрбиесіне ат салысуы қажет.
Ата-анамен жұмыстың жақсы өтуі үшін, әр тәрбиеленушінің жанұясының жеке қасиеттерін зерттеп алуымыз қажет. Ол үшін қажет болса үйге бару жанұя мүшелерімен танысу, әр ата-анамен әңгіме жүргізу немесе сұрақ-жауап арқылы мәлімет алу. Оны әр түрлі сауалнамалар арқылы алуға болады. Тағы да жанұялық төлқұжат жасауға болады, баланың суреттері арқылы сол баланың жанұядағы орнын таба білу, топтағы тәрбиеленуші баланың ата-аналарды білу үшін, олар мен қарым-қатынасты жақсарту үшін, жанұя классификациясын жасап алу қажет.
Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. М.Жұмабаев Тәрбиедегі мақсат деген мәтінінде Балаға тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы- өз тәжірбиесі дейді.
Тәжірбиемен бөлісу.
Тәрбиелеу және оқыту үдерісінде жақсарту мақсатымен ата-ана-бала- тәрбиеші байланысы құрылды. Бұл бағыттың жүзеге асуына ең алғаш түрткі болған бұл өз білімін жетілдіруде Театралды іс-әрекетті қолдану арқылы бала тілін дамыту тақырыбын алу еді. Бұл тақырыпты алғаннан кейін ата-аналарға бұл бағыттың маңыздылығын, оның мектепке дейінгі жан-жақты дамып жетілуіне тигізер әсері туралы кеңес беру арқылы түсіндірілді. Бұл іс-шараны ата-аналар қуана қолға алып, ертегі кейіпкерлеріне қатысты костюм тігіп көмек көрсетті. Балалар Ертегі марафонына қатысып, театр өнерінің қыр-сырын үйретіп өз зияткерліктерін дамытты. Мерекелер де ертегімен байланыстыра құрылды.
Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатымен мереке қарсаңында Әке, шеше және мен деген рубрикада әр-түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды. Мұнда ата-аналар балалармен бұл шараға бірлесіп қатысты. Мысалы, Туған қаламынның әсем жері, Менің туыстық ағашым атты жобасы. Менің демалыс күнім атты отбасылық газеттер шығару, Жоба жасау сайысы. Мұнда әр-түрлі бағытта бірлесіп жоба жасау болатын. Жоба бағыты, әуестік, шығармашылық, зерттеулік, топтаса, жекеше жұмыстар болды.
2009 жылы облыстық Балбұлақ (3-орын), 2008 жылы Рауан (лауреат атағы) сайысында жүлделі орындарға жетуімізге ата-ананың зор көмегі барын айта кеткенім дұрыс болар. Осы жылдың күзінде бұл балалар мектеп табалдырығын аттады. Бүгінде №10, №22, №39 мектептердің оқушылары атанды. Оларға балабақша табалдырығынан алған білімдері осы өмірдің бір кірпішіне айналуына септігін тигізеріне толық сенімдіміз, алдарында қол ұшын берер ұстаздар тұруына сәт-сапар тілейміз!
Қорыта айтқанда, тәрбиелеу-оқыту үдерісінде бала - ата-ана - педагогтың тығыз байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады, зияткерлігі, құзыреттілігі дамиды, зейіні, байқағыштығы шоғырланып, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды , жеке тұлға болып дамиды, ой-өрісі кеңейеді, жан-жақты дамиды.

№11 Сәбилер балабақшасы МҚКК тәрбиешісі Макина Данагүл Сакенқызы

Ашық сабақ конспектісі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Айналамен таныстыру
Тақырыбы : Қайдан келдің бауырсақ
(кіріктірілген сабақ: айналамен таныстыру, тіл дамыту, ҚМТҚ, мүсіндеу)
Мақсаты: Нанды қадірлеп, еңбекті бағалауға тәрбиелеу
Міндеті:
1. Бидайдың құрлысы, өсуі туралы білуге үйрету.Үлкендердің еңбегін бағалау, аулшаруашылық машиналарының ролі. Жасаған әрекетті талдауға үйрету, ойын жеткізе білуге үйрету
2. Тілін, байланыстырып сөйлеуін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Нанды қастерлеуге, диқандар еңбегін бағалауға тәрбиелеу
Көрнекілік: Тірек-сызба, суреттер, нан түрлері, тұздықамыр, ұн, алжапқыш, қуыршақ, ыдыс, қасықтар
Сөздік жұмыс: Сөйлемді жалғастыр до, мақал-мәтел айту, Ө.Тұрманжановтың Қайдан келдің бауырсақ өлеңі
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, Миға шабуыл, талдау, сұрақ-жауап, психожаттығу, ертеңгілік шеңбер, эксперименттеу
Ұйымдастыру тәсілдері: топпен, шағын топшамен, жеке
Сабақтың тақырыбы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Жылулық шеңбері Амандасу рәсімі
- Сәлеметсің бе, әлем!
- Сәлеметсің бе, жарық!
- Сәлеметсіз бе, мейірімді адам!
- Сәлеметсің бе, досым!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
ІІ Кіріспе бөлім: Сөйлемді жалғастыр до (Шеңбер бойымен тұрады)
Карточкада суреттер болады, тәрбиеші бастайды, бала сөйлемді жалғастырады
1

2

3

4

5

6

1. Мен далада ... .
2. Мен досыма ... .
3. Досыммен ...
4. Жазда мен ...
5. Әкем ...
6. Анам маған ...
Тапсырманы орындадық, ал осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру
Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дәрістер
Педагогикалық шеберлік туралы
Сөйлеу қабілеті бұзылған баласы бар отбасының ерекшеліктері
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Пәндер