Грамматикамен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Грамматика туралы жалпы түсінік 3

  1. Ауызекі сөйлеу және оқудың граматикалық жағы 5
  2. Грамматикамен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері 7

ІІ. Белсенді граматикалық минимуммен жұмыс істеудің әдістері 8

1. Грамматикалық минимумды іріктеу әдістері 10

2. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру 12

  1. Грамматикалық материалдарды түсіндіру жолдары 14

ІІІ. Шетел тілін оқытуда грамматикалық материалды бекіту 18

1. Тақырып бойынша жаттығуларды таңдау, құрастыру. 20

2. Грамматикалық материадар мен жаттығуларды таңдап, құрастыру. 22

Қорытынды 24

Қолданылған әдебиеттер 25


Кіріспе

Белсенді грамматикалық минимуммен жұмыс істеудің әдістемесі. Біз алдымен граматикалық минимумды айтпастан бұрын, әдіс дегеніміз немесе оқыту әдісі мен оқыту құралдарына келейік.

Әдіс дегеніміз- гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа шындыққа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Ал, оқыту әдісі дегеніміз - танымдылықты оқыту іс- әрекетіне байланысты және сөздік байланысы, олардың қозғалысын қарастыруға болады.

Оқыту әдісі дидактикалық негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Себебі оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны және әдіс-тәсілдері ұйымдастырудың формаларының біртұтастығы болып табылады. Оқыту құралдарына: оқу кітаптары, көрнекі құралдар, техникалық құралдар жатады.

а) оқу кітаптары - оқулықтар, сөздіктер, есептер жинағы.

ә) көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, суреттер, карталар.

б) техникалық құралдар - үн таспа, телеарна, бейнетаспа, т. б.

І. Грамматика туралы жалпы түсінік

Ал, грамматикалық минмуммен жұмыс істеу дегеніміз - біз шет тілін үйрететін болғандықтан, шет тілінің грамматикасын үйренбей біз сөйлей жаза алмаймыз. Өйткені ауызша тілде де, жазбаша тілде де грамматиканы білмей біз бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Мысалы, сөз лексикалық мағына мен қатар сол лексикалық мағына жалпылануы арқылы грамматикалық мағына да береді. Сөз лексикалық мағына арқылы басқа сөзден дараланып отырса, грамматикалық мағынасы арқылы басқа сөздермен жақындап, топ құруға бейімделеді. Мысалы, ағаш.

1) Лексикалық мағынасы: «ағаш» - өсімдік

2) Грамматикалық мағынасы «парта» - құрал, зат есім, жалпы есім

Тілдің грамматикалық құрылымы деген ұғымға формалары мен жүйесі сөздің бірімен бірі қатынасы тіркесі, сөйлем құрауы жатады. Грамматиканың екі саласы бар: морфология, синтаксис.

Морфология - морфема ретіндегі сөз, оның формалары, сөз тұлғалары арқылы білдіретін ілім. Соның арқасында грамматикалық мағына грамматикалық форма және грамматикалық категория ұғымдары туады. Сөздің түрленуі қызметі айқындалып сөз таптарына топтасады. Грамматиканы оқытудың мазмұны шетел тілін оқытудың мақсаттары мен мінедеттеріне байланысты. Оқыту белгілі мақсатқа бағынышыты болғандықтан әрбір белгіл уақыт мөлшерімен шектелгендіктен, грамматикалық материалды шектеп іріктеп алу қажет. Шетел тілінде сөзді меңгеруге қажетті грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін біршама жаттығуларды орындау қажет.


I. 1 Ауызекі сөйлеу және оқудың грамматикалық жағы

Тілдегі оқушылар меңгеруге тиісті грамматика, лексика фонетика деңгейлерінің асамаңыздысы грамматика. Өйткені белгілі бір тілдің аз да болса сөздің құрылымын игермей, шетел тілін іс жүзінде меқгеру мүмнін емес.

Осы уақытқа дейін кейбір мұғалімдердің төмендегідей пікірін естуге болады. «Менің оқушыларым грамматиканы біледі, біраң қате солейді, қате оқиды »

Бұл пікір грамматиканының негізін, және шет тілі үйретудегі ролін түсінбеушілігінен келіп шыққан. Грамматиканы сөйлуден айыруға болмайды, грамматикасыз сойлеудің әртүрлі формаларын білу мүмкін емес. Грамматика сөздік және дыбыстық құрамы сойлеудің негізін құрайды.

Грамматика ұйымдастырушы роль атқарады. Дыбыстардан тұратын сөзге мән беруде біркелкі форма береді мысалы: «Саған кітапты мен бердім», бұл грамматиканың морфологиялық бөлігі бұл сөз формалары сөзтезбеке, сөйлеме, тақырыбына біріктіріліп осы тиісі лайық синтаксистік схемаларда беріледі: «Мен саған кітапты бердім» бірінші сөйлемді айтқан адам өзіне грамматикалық міндетіме алады (Н. Н. Зимняя) . Мый қабаттарында стереотиптер әрекет етеді олар сөздердің бірігіп осы мәнісінің ережелерін береді. Стереотиптер жүйесі әр бір адамның ана тілінде грамматиканың жекелеген және білмеген ережелерін береді. Шет тілін үйренуде осы индуктивтік жүйесі пайдаланып грамматикалық формаларды пайдалану керек.

Шет тілінің үйренуде ана тілінің де шет тілінің де грамматикалық құрылыстарын білу керек, олардың айырмашылықтарын тексеру керек.

  1. Ана тілі адамдар қарым-қатынастағы ең бірінші қурал, ана тілі бала күннен бастап тіршілік ортаға бейімдеп біле бастайды шет тілі екінші құрал, оны мектепте, ана тілі әбден қалыптапсқаннан кейін біле бастайды. Шет тілі бала үшін тіршілік құралы емес, сондықтан оны үйренудің неге керегі барын анықтап алу керек
  2. Ана тілін бала нақты тілдік мол ортада үйренеді, оны тез және қиналмай біліп, оның заңдылықтарын қалыптастырады. Ал шет тілін мектепте бөтен тілдік ортада үйренеді. Мұнда тіл заңдылықтарын білуде негізгі база жоқ. Соңдықтан шет тілінің грамматикасын үйренуде сол тілдің теориясына сүйену керек, және теорияны сөйлеу практикасымен қоса алып барып оның формаларын санаға сіңіру керек. Бұл принциптің грамматиканы білуде рөлі көп. Бұл грамматиканың жалпылаушы мәнісінен көрінеді. Бұл жерде грамматика көп сөздердің біркелкі формаларын бірден береді. (мысалы түрлі жалғаулар) сөздерді дұрыс пайдаланып тілді үйренуге көп септігін тигізеді.

Мысалы «S» жолғауы ағылшын тілінің барлық 3-ші жақ Present Indefinite. етістіктерінде бар. Әрбір тілдің грамматикалық заңдылықтары бар оларды айыру, жаттап алу, қиын емес. Себебі адамның жадта сақтау қалеті. Жекелеген атамадан гөрі жалпылама түсініктерді сақтауға бейімдірек.

Академик Л. В. Щерба лексикадан грамматиканың басымдылығын көрсетеді. Ол суоровтың «пуля-дура», «штык - молодец» бұдан «лексика - ақымақ, грамматика-молодец ». Граматиканы үйренудегі барлық әдістерінің негіз-саналылық принципте әрбір әдістің рамкасында теория мен практиканың қатынастары қарастырылған. Тек теорияны практикалық теорияны дәелдейтін оның фактілерсіз грамматиканы үйрену мүмкін емес, керсінше тек практика оның граматикалық заңдылықтырына сүйенбесе. Шет тілін білу мүмкін емес. Белсенді грамматикалық минимуммен жұмыс істеу барысын, әуелі бастауыш грамматикалық активін, репродуктивтік, кейін рецептивтік істерді, бұл екі шаманың біріншісі мектепте оқытуда басты роль атқарады.

II. Белсенді грамматикалық минимуммен жұмыс істеудің әдістері

Грамматикалық фактілердің формасымен, мәснісімен, қолданылуымен танысу үшін байланысты текст беріледі, ауызша және жазбаша. Әуелгі бірінші вариант ауызша, ал балалар жазып, оқып үйренгеннен кейін екінші вариант қолданылады, берілетін текст біріншіден берілген темаға лайық фонемаларға бай болуы керек, екінші ден текст келешек сөйлеуне бағытталған болуы керек.

Грамматикалық көріністі анықтау «Perfect» глаголы дедуктив я болмасиндуктив әдісте жургізіледі, яғни балаларға текст оқылып болған бойда ережесі берілді, балалар лайық формаларды сол бойда іздейді бұл дедукция, болмаса тексті т анықтап барып қате анықталады, бұл индукция бұл екі әдіс бірлікте қолданылады. Грамматикалық көріністерді балалар тез таба алмайды бұл жағдайда дедукцияны қолдану орынсыз формаларды табуға болады. Себебі бұрынғы формаларды пайдалану арқылы көрсетпе құралдардан ұқсас формаларды пайдаланып табады. Демек грамматикалық көріністер формаларын индуктив әдіспен табуға болады оның үшін балалардың көңілін түрілше көрсетпелерге аудару керек.

Мысалыға ағылшын тіліндегі Perfect формадағы глаголды алайық. Алдымен мұғалім бұл уақытша форманы түсіндіреді қолданылуын, мәнісін көріністерін айтады. Perfect - өткен шақтағы беретін уақытша форма, көбінесе сөйлеуде көп қолданылады. Бул жерде дедукцияны қолданамыз. Сөйтіп балалар текстің анализіне көшеді. Формаға келсек оқушыларға көмекші сурақтар беріледі. Себебі оқушы тексті оқып бірден формасына емес, көбірек мазмұнына көңіл бөледі. Көмекші сұрақтар оқушының форма жағына көңілін аударады, оларды ізденуге жұмылдырады, Perfect - тің жасалуын табады.

Көмекші сурқтардың мысалы:

1. Бұл уақытша форма қандай екі бөліктен тұрады, олардың аттарын.

2. Көмекші етістк «had» қайсы шақта тур.

3. Қайсы негізгі формада негізгі етістік қолданылады:

4. Perfect етістіктегі оның боліктері қандай ретте орналасқан.

Көмекші сұрақтарға қарап оқушылар Perfect-тің жасалу схемасын шығарады. Бұл мысалдан біз оқушыларды грамматикалық ережелерге сүйеніп өздері іздініп формаларды тапқанын көреміз.
II. 1. Грамматикалық минимумды іріктеу әдістері

Грамматиканы оқытудың шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Оқыту белгілі мақсатқа бағынышты болғандықтан әрі белгілі уақыт мөлшерімен шектелгендіктен, грамматикалық материалды шектеп және іріктеп алу қажет. Шетел тілінде сөзді меңгеруге қажетті грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін біршама жаттығуларды орындау қажет. Грамматикалық материалды іріктеу үшін мына мәселелерді анықтап алу керек а) іріктеудің объектісін, ә) іріктеудің мақсатын, яғни грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің қай түрінде қолдануды, б) іріктеудің көзін, яғни қайдан іріктеуді; в) іріктеу барысында қандай критерийлерге сүйенуді.

Іріктеудің объектісі - грамматикалық құбылыс. Грамматикалық құбылыс дегеніміз белгілі грамматикалық мағынасы бар форма. Демек, іріктеу кезінде грамматикалық формада, грамматикалық мағына да есепке алынады, минимумге енгізіледі. Іріктеудің мақсаты - ағылшын тілін қатынас құралы ретінде іс жүзінде меңгеруге қажетті және жеткілікті грамматикалық құбылыстарды таңдап алу тиіс. Яғни ауызша сөзге және оқуға арналған минимумдар бөлек іріктеледі. Ауызша сөзге арналған минмумды оқыған адамдардың ауызекі сөзінен, көркем әдебиет кейіпкерлерінің сөзінен іріктеу ұсынылады. Сөздің бұл түрлері әдеби сөйлеу иілінің стилін айқын көрсетеді. Оқуға арналған минимумды жазба текстерден іріктеген жөн. Бұл текстерде кітаби жазба стиль анық көрінеді.

Ауызша сөзді меңгеруге қажетті және жеткілікті грамматикалық минимумды іріктеуде И. В. Рахманов мынадай критерийлерге сүйенуді ұсынады: а) грамматикалық құбылыстың ауызекі тіл стилінде жиі қолданылуы; ә) берілген форманың аналогия бойынша сондай формалар жасау үшін үлгі боларлық қабілеті; б) синонимдерді минимумға кіргізбеу. Бұл үш принцип кейінгі методикалық еңбектерде де қолданылады. Бұларға қосымша Н. В. Соколова мынадай критерийлерге сүйенуді ұсынады. в) Грамматикалық құбылыстың нормативтігі г) оқушылардың меңгерген лексикалық қорын есепке алу. Сонымен активтік сөзді меңгеруге қажетті грамматикалық минимумды іріктеп алу үшін жоғарыда аталған бес критерийге сүйену керек. Бірінші критерий бойынша ауызекі сөзде көп тараған, жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстар минимумға енгізіледі. Мысалы, етістіктің осы шағы, сын есімнің шырайлары, мдаль етістіктер, т. б. құбылыстар.

Грамматикалық минмумды іріктеудің екінші критерийі - нормативтік. Тіл - нормативті сипаты бар құбылыс. Үлгілік дегеніміз минимумға енген грамматикалық формалар мен конструкциялар тілдік нормаға сәйкес болуы тиіс. Синонимдерді қоспау критерийі қиындықтарды бөлектеу мен үнемдеу принципінен туады. Бір топ синонимдес грамматикалық конструкциялардың ішінен ең көп қолданылатын конструкциялар іріктеліп алынады. Оқушылардың лексикалық қорын есепке алу грамматикалық минимумды іріктеуде үлкен рөл атқарады. Бұл критерий бойынша грамматикалық құрылыс көптеген сөздерді қамтыса ғана минимумға енгізіледі.

Оқуға үйретуге арналған (пассивтік) грамматикалық минимумның өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ауызша сөзге үйретуге арналған (активтік) минимумған қарағанда әлдеқайда үлкен әрі активтік минимум пассивтік минимумның құраыман кіруге тиіс. Пассивті минимумда оқитын әдебиеттің саласына байланысты әртүрлі функционалдық стильдің ерекшеліктері қамтылады.

Оқуға арналған минимумды іріктеуде методистер мынадай критерийлерге сүйенуді ұсынады: а) грамматикалық құбылыстың кітаби жазба стильде көп тарағандығы; ә) оның көп мағыналығы, б) оқып-тыңдап отырған текстің мазмұнын түсінуге қажеттігі; в) мағынасын контесктен немесе аналогия бойынша түсінуге болатын грамматикалық құбылыстарды минимумға қоспау.
ІІ. 2. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру

Грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда грамматикалық материалды методикалық тұрғыдан ұйымдастырудың маңызы зор, өйткені сөз әрекетінің әр алуан түрлерінің грамматикалық жағын меңгеру үшін істелетін жұмыстың нәтижесі, яғни орта мектепте шетел тілдерін оқытудың қорытынды нәтижесі грамматикалық материалды ұйымдастыруға байланысты.

Қазіргі кезде методистер грамматикалық материалды функционалдық жолмен ұйымдастырудың тиімділігін мойындайды. И. В. Рахманов грамматикалық материалды ұйымдастыруда оның қандай мақсатқа қолданылатынын ескеруді талап етеді: егер грамматикалық құбылыс тек рецептивтік мақсатқа қолданылуға тиіс болса, яғни оқып (тыңдап) отырған тексті түсіну үшін қажет болса, онда әуелі оның формасын анықтап, сосын оның қандай мағына беретінін түсіндіру керек. Ал грамматикалық құбылыс репрордуктивті мақсатта, яғни өз ойын білдіру үшін қоданылатын болса, онда әуелі айтылуға тиісті мазмұнды анықтап, сосын сол мазмұн шетел тілінде қвандай формалар арқылы айтылатынын түсіндіру керек.

Грамматикалық материалды методикалық тұрғыдан ұйымдастырудың келесі тәсілі - жекелеген құбылыстарды біріктіріліп, ереже түрінде қорытындылау. Соңғы жылдарда дәстүрлі граматикалық ережелер әділ сынға алынып жүр, өйткені олар көлемді, көп сөзді болып келеді де, көптеген ұсақ-түйек фактілерді тізіп береді. Сөйтіп, оқушылар грамматикалық материалды меңгерудің орнынан тілдің жеке фактілерін жаттауға мәжбүр болады. Қазіргі кезде ондай ережелердің орнына нұсқау түріндегі ережелерді қолдану ұсынылып жүр. Нұсқау-ережелер оқушыларға грамматикалық материалды қалай қолдануды үйретеді. Жеткілікті мөлшерде практикалық материалды меңгерген кезде жалпылауыш ержелерді қолданып, жүйеге келтруге болады. Грамматикалық құбылысты түсіндіру қысқа, айқын, дәл болып, негізгі уақыттың жаттығуларға бөлінгені жөн. Ереже ана тілінде берілуі тиіс.

Қазіргі кезде шет тілін оқыту теориясы мен практикасында қолданылып жүрген грамматикалық материалды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі - материалды үлгі құрылымдар немесе өз үлгілері түрінде ұйымдастыру. Сөз үлгілерінің методикалық тұрғыдан айрықша құндылығы мынада: олардың тілдің әр түрлі аспектілерін - грамматиканы, лексиканы, фонетиканы - сөзде қолдануға әзір сөйлемдер түрінде біріктіреді, сөйтңп оқушыларға ережеге сүйене отырып сөйлемдер құрастиырудың орнына үлгінің жаңа варианттары болып табылатын сөйлемдер құруға мүмкіндік береді.

Сонымен грамматикалық материалды методикалық тұрғыдан ұйымдастырудың функционалдық, концентрлерге бөлу, нұсқау-ережелер мен жалпылауыш ережелерді қолдану, сөз үлгілерін қолдану тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты, грамматикалық материалды түсіндіруде, оны бекітуде олар комплексті түрде қолданылады.
ІІ. 3. Грамматикалық материалды түсіндіру жолдары

Грамматикалық материалды түсіндіруде мынаны ескеру керек:

а) түсіндірілуге тиісті грамматикалық құбылыстын, ерекшелігі, оның сипаты; ә) бұл құбылыстын, сөз әрекетінің қандай түрінде қолданылатыны; б) оқушылардың жас ерекшелігі. Осы жағдайларды ескере отырып, оқушы-ларға грамматикалық құбылыстарды түсіндірудің қазіргі кездегі методикада мынадай үш жолы қолданылады: 1) лексикалық жол, 2) индуктивтік жол және 3) дедуктивтік жол.

а) Грамматикалық материалды түсіндірудің лексикалық жолы. Бағдарлама бойынша төменгі және ортаңғы сатыда оқытылатын грамматикалық құбылыстар репродуктивтік және рецептивтік сөз түрлерінде қолданылады, сондықтан оқушылар оларды бір жағынан танып, түсіне алуға тиіс, екінші жағынан өз сөзінде қолдана білуге тиіс. Бұл қүбылыстардың бір қатары, әсіресе төменгі кластарда, лексикалық жолмен түсіндіріледі. Олай ету себебі: 1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты - төменгі класс оқушылары нақты ойлайды, оларға жалпылауыш ережелерден гөрі жеке, нақтылы заттар түсініктірек; 2) төменгі класс оқушыларының лексикалық сөз қоры тым аз. Ал грамматикалық ереже көптеген сөздерді қамтымаса, жалпылауыш ереже беруге ерте. Осыған байланысты төменгі кластарда, әсіресе V класта көптеген грамматикалық қүбылыстар лексикалық жолмен түсіндірілүге тиіс.

Грамматикалық құбылысты лексикалық жолмен түсіндіру дегеніміз мынау: мұғалім ереженің орнына үлгі еейлем береді. Сосын сол форманың жасалуы, оның қолданылуы туралы ешнәрсе айтпастан, үлгі сөйлемнің мағыасын түсіндіреді. Оқушылар сөйлемнің мағынасын тұтас бір единица ретінде, яғни жаңа бір сөздің мағынасы сияқты түсінеді. Бұл үлгі сөйлем ереже орнына жүреді. Үлгі сөйлемнің мағынасын ашуда мұғалім жаңа сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын тәсілдерді пайдаланады; көрнекілік, контекст, ана тіліне аудару т. б. Сондықтан бұл жолды лексикалық жол деп атайды (басқаша атаулары: грамматиканы құрылымдар, модель, сөз үлгісі арқылы түсіндіру) .

Ереже орнына жүретін сөйлем беріліп, оның мағынасы түсіндірілгеннекейін сол грамматикалық құбылысты алғашқы бекіту сатысы басталады. Ол үшін оқушылар берілген үлгі сөйлемді хормен және жеке-жеке қайталайды. Бұл құбылысты одан әрі бекіту үшін ауызша . Синтаксистік құрылым өзгермейді, бірақ сөйлемнің бір сөзі басқа сөзбен алмастырылады. Ол сөзді алмастыпуды жеңілдету үшін мұғалім оқушыларға өздері атауын білетін заттардың суретін көрсетіп отырады да, оқушылар сол сөзді сөйлемдегі басқа сөздің орнына қолданады. Сөйтіп оқушылар үлгі сөйлемге карап, жаңа сөйлемдер құрады. Бұл жаңа сөйлемдер - үлгі сөйдемнің варианттары. Осы жолмен мұғалім оқушылардың жаңа грамматикалық құбылысты қолдануын автоматтандырады.

Оқушылар бір модельдің көптеген варианттарын меңгергеннен кейін грамматикалық құбылысты қорытып, оларға ереже ұсынылады. Әдетте бұл жоғарғы кластарда болады. Грамматикалық құбылысты іс жүзінде меңгергрқушыларға грамматикалық ереже шығару онша қиынға түспейді. Оқушылар өздері үйренген модельдерін ұмытып қалмау үшін оларды әлсін-әлсін қайталап отыру керек.

Грамматикалық материалды лексикалық жолмен түсінрірудің практикалық маңызы зор. Бұл әдісті қолданғанда, шетел тілі сабағында ана тілінің қолданылуы қысқарып, шетел тілі ахуалы пайда болады. Бірақ есте сақтайтын бір жайт - әуелде лексикалық жолмен түсіндірілген грамматикалық материал кейін ереже болып қорытылуы керек.

Сонда оқушылар берік білім алады.

Грамматикалық материалды түсіндірудің индуктивтік жолы. V кластың соңында және одан жоғарғы кластарда грамматикалық материал ереже түрінде түсінді ріледі. Окушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты және ортаңғы сатыда өтетін грамматикалық материалдыи сипатына сай VI-VIII кластарда грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндірген жөн. Шетел тілініи грамматикалық күбылысына сәйкес келетін құбылыс анатілінде бар болса, оны түсіндіру үшін индуктивтік тәсілр пайдаланған тиімді.

Грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндіру дегеніміз - мұғалімнің жетекшілігімен көптеген нақты мысалдарды бақылау нәтижесінде грамматикалық ережені оқушылардың қорытуы. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, бақылауы, ережені қорытуы олардың белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады, талдау жасауға дағдыландырып, салыстыруға үйретеді. Демек, индуктивтік жолдың үлкен тәрбиелік мәні бар.

Мысалдарды бақылап отырып, ережені оқушылар оздері қорытып айтқаннан кейін мұғалім сол ережені толық, дәл етіп тағы бір рет айтып береді де, жаттығулар жасауға кіріседі. Индуктивтік тәсілдің үлкен тәрбиелік мәні болғанмен, оның бір кемшілігі бар-ол көп уақыт алады. Соның салдарынан сабақта жаттығулар жасауға аз уақыт қалады. Ал грамматикалық құбылыстың қолданылуын автоматтандыру ушін кеп жаттығулар жасау керек. Бұл кемшілікті жоюға дедуктивтік тәсіл көмектеседі.

б) Грамматикалық материалды тусіндірудің дедуктивтік жолы. Дедуктивтік жол дегеніміз - ережені мүғалім мүмкіндігінше қысқа, дәл түсіндіреді де, грамматикалық құбылысты бекітуге жаттығулар жасайды. Бұл эдісті кебінесе жоғары кластарда қодданады. Дегенмен, ортаңғы кластарда да осы тәсілді қолдануға болады.

Индуктивтік және дедуктивтік тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұларды кейде бір-бірінен ажыратып қарау қиын. Сондықтан оларды кейде индуктивтік-дедуктивтік тәсіл немесе дедуктивтік-индуктивтік тәсіл деп атайды.

Грамматикалық материалды түсіндіргенде мұғалім мынаны есінен шығармауы керек:

1) Грамматиканы түсіндіргенде тек оқушыларға таныс
лсксиканы қолдануға болады. Мұны бір ғана қиындық принципі деп атайды.

2) Грамматикалық материалды текст оқудан бұрын өту керек. Бұл принциптің аты - материалды алдын ала ауызша өту принципі.

3) Грамматикалық материал орта мектепте ана тілінде түсіндіріледі. Шетел тілінің грамматикалық терминдері ана тілінде оған сәйкес құбылыс болмағанда ғана қолдапылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Лексиканы оқытудың принциптері
Лексикалық ұғымдарды меңгертіп, оқушының білім дағдысын қалыптастыруда жаттығу
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлері
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz