Қосмекенділер (земноводные)


Қосмекенділер - алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар
Қосмекенділер (земноводные) - алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернесілдері сулы ортада дамиды.
Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік жөне қоңыржай аймақтарында кездеседі (1-сурет) . Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Жалпы сипаттамасы және құрылыс ерекшеліктері. Денесі бас, тұлға және бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлерінің құйрығы болады. Дене тұрқы 2-3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді.
Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болады. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен артқы аяқтарының және жамбас белдеуі мен алдыңғы аяқтарының қаңқасынан құралады. Омыртқа жотасы - мойын, тұлга, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.
![]()
![]()
1-сурет. Қосмекенділердің сан алуандығы: 1 - құртжылан; 2 - құрбақа; 3 - жасыл бақа; 4 - саламандра
Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды.
Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған.
Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лаұтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қ осмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқы безінің өзектері ашылады. Ток ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, кеңейіп келіп, клоакаға айналады.
Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қанайналым жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 жүрекше, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң жүрекшеге, ал кіші шеңбер сол жақ жүрекшеге келіп аяқталады.
Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қашықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған.
Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады.
2-сурет. Қосмекенділердің шығу тегі
... жалғасыҚосмекенділер - дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрленіп дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандыктан, оларды шөмішбалық немесе итшабақ деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8-10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрық көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жұтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады.
Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалар суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады.
3- сурет. Қорғаудағы қосмекенділер
Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Кел бақалар тәжірибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі тұтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті калқандармен қапталған. Стегоцефалдар су жағалауларында тіршілік еткен.
Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер.
Аяқсыз қосмекенділердің 200-дей түрі Африкада, Америкада, Үнді, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі - сақиналы құртжылан. Олардың аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі - іштей ұрықтанады.
Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 500-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні ұзынша әрі құйрығы айқын байқалады.
Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс (3-сурет) . Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz