Қазақстан және орыс зиялылары
Мазмұны
Кіріспе
І.тарау Орыс интелегенциясы және Қазақстан
1.1 Орыс ғалымдарының Қазақстанда атқарған қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.тарау Ғылыми қоғамдардың пайда болуы және олардың қызметі
2.1 Орыс географиялық қоғамы. Ш.Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесі ... .
2.2 Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Көркемдік мәдениет және баспасөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі
Жетпіс жыл бойы Қазақстан тарихы басқа түркі халықтарыңың тарихынан бөлек зерттеліп, орыстардың идеологиясы арқасында ұзақ жылдар бойы бұрмаланып дамыды. Империяның ұлттық идеологиясы патша өкіметінің отарлық идеологиясы негізінде қалыптасып, қазақ халқының сана –сезімін, ой -өрісін, дінін өзгертуге біртіндеп кіріптар етіп, орыстандыруға бағыттады. Өзінің территориялық көлемділігі және экономикалық даму ерекшелігімен Қазақстан аймағы Ресей империясының құрамындағы маңызды аймақтардың бірі. ХІХғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында орыс ғалымдары қазақ даласын зерттеу арқылы орыстандыру, орыс мәдениетін енгізу үшін әрекет жасады. Көптеген орыс ғалымдары, атап айтсақ П.П.Семенов –Тян –Шанский, Н.А.Северцев, И.В.Мушкетев, В.В.Радлов сынды ғалымдар Ресей империясының отарлаған шет аймақтарда байлықтарды игеру, олардың ресурстарын зерттеу мен зерделеу үшін Қазақстанға келеді. Сол кезде орыс географиялық қоғамының Қазақстанда бөлімшелерінің ашылуы да отарлық саясаттың белгелерінің бірі болып табылады. Бұл ғылыми қоғамдар мен зерттеу орталықтарының Ресей империясының Қазақстан аумағын толығымен отарлау үшін қызметі үлкен болды.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Орыс ғалымдары, орыс географиялық қоғамдарының қоғамдық саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қарап, кеңестік тарихнамада жіберілген қателіктерді ескере отырып, бұрынғы белгісіз немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу –курстық жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:
1. Орыс ғалымдарының Қазақстанға енуінің басты мақсатын айқындау, оған ғылыми тұрғыдан баға беру
2. Патша өкіметінің отаршылдық саясатпен орыс географиялық қоғамының бөлімшелерінің ашуы отаршылдық саясаттың негізгі буыны екенін дәлелдеу
3. Орыстандыру тәсілдерін ойластырған және оны іс жүзінде қазақ даласына енгізген ғалым –миссионерлердің қызметіне талдау жасау және өлкеде жүргізілген миссионерлік саясатқа обьективті баға беру
4. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметін айқындау
5. Ш.Уәлихановтың қоғамдық –саяси қызметіне, орыс географиялық қоғамында атқарған қызметіне талдау жасау
6. Сол кездегі мерзімдік баспасөз қызметіне баға беру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы (көне заманна бүгінге дейін) ІІІ Том Алматы 2002ж
2 Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно- политический взгляды
Мухамеджана Сералина. Алматы., 1989,48-49-бет.
3. Галиев В.З. Ссыльные революционеры в Казахстане. А.,1978,73-б
4. Ә.Әбдікәрімұлы Қазақстан тарихы ерте дәуірден бүгінгі күнге дейін Алматы 2000ж
5. У.Мусин Қазақстан тарихы (көне дәуірден 2005жылдың басына дейін) Алматы 2005ж
6. Семенов –Тянь –Шанский П.П. Путешества в Тянь –Шань в 1856-1857годах Москва 1947г
1. Ш.Ш.Уәлиханов Таңдамалы Алматы 1985ж
2. Қ.Бегалиев «Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің қазақ мәдениет тарихында алатын орны» // Қазақ өркениеті №4 2006ж 5 бет
3. К. Жакешқызы «Шоқан –ғалым, зерттеуші, философ»// Ұлағат №5 2006ж 28-30 бет
4. М.Елеусізова «Шоқанның экономикалық көзқарастары»// Ақиқат №6 1995ж 62 бет
5. С.Елшінбеков « Шоқан табиғат зерттеушісі» // Атамекен 2001ж 22 маусым
6. Н.Канафияұлы « Ұлы дала және Шоқан» // Саясат №11 1997ж
7. Егамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы «Ресей империясының Оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты (ХІХ ғасырдың 2 жартысынан –ХХ ғасырдың басы)» Алматы 2007ж
8. Джордж Демко «Орыстардың Қазақстанды отарлауы» Алматы 1997ж
9. Серік Нәжімбаев «Патшалық Ресейдің отарлау саясты» Алматы 1994ж
16.Әуезов М. Туысымыз, досымыз біздің. Алматы, 1969. 12 том, 523-бет
17.Кайшибаева Р.К. Казахско-украинские литературные связы.Алма-Ата
1997ж
18. Бікебаева Н. Ш.Уалиханов – ғалым ағартушы. // Қазақ тарихы 2001 №5 73 – бет
19. Қойгелдиев М. Шоқан – ұлы ғалым екені даусыз.// Ел мадениеті 2006 12- сәуір 8- бет
20. Бейсенова Ә. Жиһанкез .(Ш.Уалиханов туралы) // Егемен Қазақстан 2005, 8 қыркүйек
21.Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. 1989. 510-бет
22.Донцова З.Н. Л.С.Берг и Туркестанский отдел Русского Географического общества / Памяти академика .
23.Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского
народа в СССР. А., 1966, 207-214-бет.
24. Қазақ совет энциклопедиясы 6 ,7, 11, томдар. Алматы, 1972ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан және орыс зиялылары
Мазмұны
Кіріспе
І-тарау Орыс интелегенциясы және Қазақстан
1.1 Орыс ғалымдарының Қазақстанда атқарған қызметі
... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ-тарау Ғылыми қоғамдардың пайда болуы және олардың қызметі
2.1 Орыс географиялық қоғамы. Ш.Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесі ... .
2.2 Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының
қызметі ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Көркемдік мәдениет және
баспасөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі
Жетпіс жыл бойы Қазақстан тарихы басқа түркі халықтарыңың тарихынан
бөлек зерттеліп, орыстардың идеологиясы арқасында ұзақ жылдар бойы
бұрмаланып дамыды. Империяның ұлттық идеологиясы патша өкіметінің отарлық
идеологиясы негізінде қалыптасып, қазақ халқының сана –сезімін, ой -өрісін,
дінін өзгертуге біртіндеп кіріптар етіп, орыстандыруға бағыттады. Өзінің
территориялық көлемділігі және экономикалық даму ерекшелігімен Қазақстан
аймағы Ресей империясының құрамындағы маңызды аймақтардың бірі. ХІХғасырдың
екінші жартысы ХХ ғасырдың басында орыс ғалымдары қазақ даласын зерттеу
арқылы орыстандыру, орыс мәдениетін енгізу үшін әрекет жасады. Көптеген
орыс ғалымдары, атап айтсақ П.П.Семенов –Тян –Шанский, Н.А.Северцев,
И.В.Мушкетев, В.В.Радлов сынды ғалымдар Ресей империясының отарлаған шет
аймақтарда байлықтарды игеру, олардың ресурстарын зерттеу мен зерделеу үшін
Қазақстанға келеді. Сол кезде орыс географиялық қоғамының Қазақстанда
бөлімшелерінің ашылуы да отарлық саясаттың белгелерінің бірі болып
табылады. Бұл ғылыми қоғамдар мен зерттеу орталықтарының Ресей империясының
Қазақстан аумағын толығымен отарлау үшін қызметі үлкен болды.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Орыс ғалымдары, орыс географиялық қоғамдарының қоғамдық саяси қызметін
жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қарап, кеңестік тарихнамада жіберілген
қателіктерді ескере отырып, бұрынғы белгісіз немесе әдейі бұрмаланған
тұстарын тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу –курстық
жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер
қойылады:
1. Орыс ғалымдарының Қазақстанға енуінің басты мақсатын айқындау,
оған ғылыми тұрғыдан баға беру
2. Патша өкіметінің отаршылдық саясатпен орыс географиялық
қоғамының бөлімшелерінің ашуы отаршылдық саясаттың негізгі
буыны екенін дәлелдеу
3. Орыстандыру тәсілдерін ойластырған және оны іс жүзінде қазақ
даласына енгізген ғалым –миссионерлердің қызметіне талдау жасау
және өлкеде жүргізілген миссионерлік саясатқа обьективті баға
беру
4. Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметін айқындау
5. Ш.Уәлихановтың қоғамдық –саяси қызметіне, орыс географиялық
қоғамында атқарған қызметіне талдау жасау
6. Сол кездегі мерзімдік баспасөз қызметіне баға беру.
I-тарау Орыс интелегенциясы және Қазақстан
1.1. Орыс ғалымдарының Қазақстанда атқарған қызметі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы Ресейдің құрамына енген ұлт
аудандары, оның ішінде Қазақстан жедел игерілген уақыт болды. Өлкеге оның
географиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын
зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар келіп жатты. Аса көрнекті орыс
ғалымдары П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А..Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов
және басқалардың есімдері Қазақстанмен байланысты. Олар өздерінің
шалғайдағы өлкелерді зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес
қосты.
Ірі географ-ғалым, статист,қоғам қайраткері Петр Петрович Семенов-Тян-
Шанский 1827 жылы 26 ақпанда қазіргі Липецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово
селосында дворяндар әулетінде дүниеге келіп, 1914 жылы Петербургте көз
жұмады. Ол 1873 жылы Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі
атанып,1873-1914 жылдары орыс география қоғамының вицепредседателі қызметін
атқарады. Семенов–Тян-Шанский 1848 жылы Петербург университетінің
жаратылыстану факультетін бітірді. 1849 жылы Шығыс Европада экспедициялық
зерттеу жұмысын жүргізді. 1853-1855 жылдары Германия, Швейцария, Италия
және Францияның географиясын, геологиясын және экономикасын зерттеді. 1856-
1857 жылдары Тянь-Шаньды зерттеп, алғашқы рет оның схемасын жасап, мұндағы
биік зоналықты толық дәлелдеді. Осындағы ірі мұздықтарды ашты. 1851 жылы
Семенов-Тян-Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан
Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтейді.
Семеновтың кеңесімен Шоқан әйгілі Қашқар саяхатын жүзеге асырады. Семенов
сол жолы Верныйдан Іле Алатауы арқылы Ыстық көлге дейін зерттеп қайтты.
Оның басшылығымен Ш.Уәлихановтың, Н.М.Пржевальскийдің, Г.Н.Потаниннің,
И.Д.Черскийдің, В.А. Обручевтің экспедициялары ұйымдастырылды. Семенов
Ресейде статистиканың дамуына үлкен үлес қосты. 30 жылдан артық уақыт
Ресейдің статистикалық бағдарламасына жетекшілік етті. 1864-1874 жылдары
Орталық статистикалық комитеттің директоры,1874-1897 жылдарыСтатистикалық
советтің председателі қызметін атқарды. Семенов Алтай бойына, Жетісу мен
Орта Азияға екі рет саяхат жасады. Оның басшылығымен және редакциялауымен
Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы деген көп томды қорытынды
зерттеу басылып шықты. Бұл еңбектің Қырғыз өлкесі және Түркістан өлкесі
деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияны суреттеуге арналған. Мұнда
Қазақстанның географиясы, табиғи байлықтары туралы, қазақ халқының тарихы
мен тұрмысы туралы мағлұматтар бар. Орта және Орталық Азияда, Кавказда,
Аляскіде, Шпицбергендегі түрлі географиялық обьектілерге Семенов-Тян-
Шанскийдің есімі берілген.
Ресейдің өткен ғасырдағы талантты географының бірі Николай Алексеевич
Северцов Қазақстанды зерттеуге үлкен үлес қосты. Северцов 1827 жылы 24
қазанда Воронежде дүниеге келіп,1885жылы 26 қаңтарда көз жұмды. Ол 1846
жылы Москва университетін бітіреді. Орта Азияға бірнеше дүркін жасаған
саяхаттарын 1857 жылы қорытындылады. Бұл аймақтың географиясы мен
геологиясы, фаунасы туралы жинаған құнды мағлұматтарын жариялады. Тянь-Шань
тауының орталық бөлігін зерттеп, Памирдің орографиясы, флорасы туралы бай
деректер жинады. Северцевтің есімі Петр І жотасындағы шыңға және Памир,
Іле Алатауындағы мұздықтарға берілді. Северцев Қазақ өлкесі мен Орта Азияға
жеті рет экспедиция ұйымдастырып, Арал –Каспий ойпаты, Мұғалжар жоталарын,
Үстірт қыратын, Заилийск Алатауы мен оның төңіректерін зерттеді, фауна мен
флораның және географиялық материалдың үлкен коллекциясын жинады.
Орыстың белгілі географы және саяхатшы И.В.Мушкетов (1850-1902)
Қазақстанды зерттеу үшін көп жұмыс істеді. Оның қызметінің нәтижесі
Түркістан деп аталған күрделі еңбек болды, мұнда 1874-1880 жылдардағы
экспедициялардың материалдары негізінде Қазақстанның оңтүстік аудандарының
геологиялық және орографиялық суреттемесі берілген. Ол сондай-ақ Орта
Азияның географиялық картасын құрастырып, бұл карта қосылған өлкенің
минералдық қорларын айқындауда өзінше бір көрсеткіш болды.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін
зерттеу жөнінде көп жұмыс жүргізді. Мұнда шығыс зерттеушісі В.В.Радловтың
(1837-1918) еңбегі зор. Ол Алтай өлкесінің және Қазақстанның солтүстік
облыстары халықтарының тілін, тарихы мен ауыз әдебиетін, әдет- ғұрпын
зерттеді. Ол көп жылғы саяхаттары кезінде бүкіл Жетісуды зерттеді, Іле
алқабының тарихи-географиялық сипаттамасын берді, қазақтардың халықтық
ауыз әдебиеті үлгілерінің мол коллекциясын жинады және оларды Түркі
тайпалары халықтық әдебиетінің үлгілері сериясында жариялады, оның бір
бөлігі қазақ ауыз әдебиетіне арналған еді. В.В.Радлов Орта және Шығыс
Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін ұйымдастырушылардың бірі болды.
ХІХғасырдың екінші жартысында қазақтардың тарихы мен этнографиясының
проблемалары пәрменді түрде зерттелді. Бұл зерттеулер Бас штабтың көптеген
офицерлері, Ресей әкімшілігінің көрнекті чиновниктері, әр текті
интеллигенция, саяси себеппен жер ауып келгендер шұғылданды. И.Гейердің,
А.К.Гейнстің, Л.Мейердің еңбектері анықтама материалдар ретіндегі маңызын
күні бүгінге дейін жойған жоқ. Бас штаб офицерлерінің география мен
статистика үшін жинаған материалдарында Қазақстанның географиясы,
экономикасы және тарихы туралы мәліметтер жинақталған. М.Красовскийдің
Сібір қырғыздарының облысы деген бөлімі ерекше ден қоярлық, онда қазақ
халқының қайдан шыққаны туралы проблеманы баяндауға әрекет жасалған.
В.В. Вельяминов-Зерновтың Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр
ханның (11738-1765) қаза болған уақытынан бергі Ресейдің Орта Азиямен
қатынастары туралы тарихи мәліметтер деген еңбегінде XVІІІ ғасырдың
ортасындағы Кіші жүзге және ішінара Орта жүзге сипаттама берілген.
А.И.Добросмысловтың Торғай облысы. Тарихи очерк деген кітабы да мәселерге
арналды. Н.Н.Аристовтың Үлкен ортаның қырғыз-қазақтары мен қара
қырғыздардың этникалық құрамын анықтау тәжірибесі, Түркі тайпаларының
этникалық құрамы туралы заметкалар дейтін, А.Харузиннің Бөкей ордасының
қырғыздары деген еңбектерінде, А.Е.Алекторовтың ХІХғасырдың 80-90
жылдарында Оренбургский листок және Известия Оренбургского отдела ИРГО
гезеттерінің беттерінде жарияланған мақалаларында қазақ халқының
этногенезінің мәселелері жөнінде маңызды мағлұматтар бар. Өлкенің тарихын
зерттеуге Л.Ф.Костенконың, А.И.Макшевтің және басқалардың қосқан еңбегі аз
емес.
П.Е.Маковецкий Қырғыздардың юридикалық әдет-ғұрыптарын зерттеу
жөніндегі материалдарда және А.И.Добросмыслов өз еңбегінде Қазақстанның
саяси құрылысын ашып жазған. Орыс ғалымдары өздерінің зерттеулерімен
отандық шығыстану ілімін, оның ішінде Қазақстан туралы тарихи әдебиетті
байыта түсті. Орыс ғалымдарының атқарған қызметі өлкеде ғылымның дамуына
негіз салды және қазақ интеллигенциясының маңдай алды өкілдерінің ғылымға
тартылуына себептесті.
Қазақстанда 1847 -1875 жылдары украинның ұлы ақыны Шевченко айдауда
болды. Революционер-демократ қазақ халқының езгідегі ауыр жағдайы мен
тұрмысын көріп, өз шығармаларында оған жанашырлық білдірді. Өлең шығаруына
және сурет салуына мүлде тыйым салынғандығына қарамастан ол өлең жазуы мен
сурет салуын жалғастыра берді. Оның Қазақ семьясы, Атқа мінген қазақ,
Бақсылар дейтін және басқа суреттерінде қарапайым қазақтардың бейнелері
мен тұрмысы реалистік тұрғыдан іш тартқан ниетпен бейнеленген. Т.Г.Шевченко
балшықтан көптеген бейнелер жасады. Басты тақырыбы қазақтардың тұрмысы
болды. Тарас Шевченко болса қазақ халқының ауыр тағдырын, бейнетті өмірін,
ұлттық тірлігін тек қамқор оймен ойлап танып қана қойған жоқ. Сахараның өзі
мен тағдырының жайын бар күйкі көріністермен Шевченко өзінің ер өнері
бойынша ұлы ақын боп жырлап та, тамаша суреткер боп суреттеп те үлгерді(1)
–деп жазды Мұхтар Әуезов.
Ол халықтың ақынжандылығын, рухани байлығын сүйсіне отырып, шынайы
көрсетті. Ақынның бірқатар шығармаларында патша үкіметінің ұлт саясатына
оның мүлде теріс көзқараста болғаны көрінеді. Егіздер деген повесінде
Т.Г.Шевченко қырдағы өртті суреттейді, осы арқылы әлі күш алмаған,
сондықтан да қырдағы өрттей сөніп қалатын халық ашуының өршуін бейнелейді.
Ол өзінің Менің ойларым деген программалық өлеңінде қазақ кедейлеріне
сөз арнап, онда өз тағдырын оның тағдырымен байланыстырып, қазақ халқы мен
украин халқының өмірін салыстыра жырлайды.(2)
II-тарау Ғылыми қоғамдардың пайда болуы және олардың қызметі
2.1 Орыс географиялық қоғамы.Ш.Уалихановтың ғылымға қосқан үлесі.
1861 жылғ реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік –экономикалық
дамуы тез қарқынмен алға басты және сондықтан күн тәртібіне отарлық шет
аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын зерделеу мен зерттеу
мәселелері қойылды. Мұнда Орыс географиялық қоғамына едәуір мән берілді.
60 –жылдардың өзінде–ақ оның Орынбор бөлімін ашу туралы мәселе қойылды.
Орынбор генерал –губернаторы бөлім ашудың практикалық пайдасын көздей
отырып, 1867 жылдың басында ішкі істер министріне былай жазды мысалы, көп
жерлерден белгілері табылса да, тас көмір кен орындарының болуы белгісіз,
дала өңіріндегі егіншіліктің, демек, отырықшылықтың жағдайлары мен
көлемінің мүмкіндіктері белгісіз. Оның бер жағында мәселелер және өте
елеулі мәселелер туындап отыр, оларды шешу кезінде өлкені егжей –тегжейлі
ғылыми зерттеудің кемшіліктері сөзсіз дерлік қателерге ұрындырады.
Елдің шығыс аудандарын, бірінші кезекте Сібір мен Қазақстанды игеруден
кейін Батыс Сібір бөлімі ашылды. Омбыда Батыс Сібір деп аталатын бөлім ашу
туралы өтінішті орталық қоғамға Дала өлкесінің генерал – губернаторы
Н.Г.Казнаков жазды. Ол 1877 жылғы 30 шілдеде сол кезге дейін–ақ Омбыда
болған Императорлық орыс географиялық қоғамының кейбір толық мүшелеріне
өзінің арнайы Батыс Сібір бөлімін құру туралы өтініш жазғанын хабарлайды.
Бұл өтініш аса жоғары мархабатқа ілігіп, бөлімге жыл сайын 2 мың сом алып
отыруға рұқсат етілді. Кейіннен бөлім туралы ереже бекітіліп, ол өзінің
ғылыми жұмысын бастады.
ХІХғасырдың аяғында Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі
ашылды. 1895 жылдың аяғында Түркістан генерал –губернаторы А.Б.Вревский
Императорлық орыс географиялық қоғамының алдына оның Түркістан бөлімін ашу
туралы өтініш жазады. Сөйтіп 1896 жылғы 20 мамырда аса мәртебелі жарлық
берілді.
ХІХғасырдың аяғында қоғамның көптеген көрнекті өкілдеріне жергілікті
жерлердегі бөлімдердің де кең –байтақ Қазақстан кеңістігін зерттеу жөнінде
алға қойылған міндеттерді орындай алмай отырғаны белгілі болып, күн
тәртібіне бөлімдер құрамында бөлімшелер ашу туралы мәселе қойылды. Батыс
Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің ашылуы осылайша дайындалды. Өлкені зерттеу
ісіне қосқан үлесі, сондай–ақ, өзінің ғылыми–практикалық жұмысы бойынша ол
Қазақстанның шығысындағы аса ірі ғылыми мекемеге айналды. Бұған,
біріншіден, айдауда жүрген зиялылардың көптеп шоғырлануы ықпал етті,
екіншіден, Семейдің өлкедегі ірі экономикалық және мәдени орталыққа айналуы
себеп болды.
Бұл жөнінде Семей облысының губернаторы А.Карпов Императорлық орыс
географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі төрағасының атына жолдаған
хатында 1898 жылдың өзінде –ақ жазған болатын.
1902 жылдың көктемінде Семей бөлімшесі ашылды : Губернатордың ұсынысы
бойынша, статистика комитетінің хатшысы Н.Я.Коншин бөлімшенің құрылуы
туралы жазбасын оқып берді.Бұл жазбасында ол білім үшін жүргізген
жұмысына қоса, Сібір бөлімі жергілікті өмірдің әр түрлі мәселелері мен
қажеттеріне де сергек қарап, олардың шындық пен ізгілік мүдделерінде
шешілуіне облыстың әскери губернаторының өкімімен 1902 жылғы 31 наурызда
ашылды.(3)
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында Жетісу облысы елеулі рөл атқара
бастады, бұл бірінші кезекте, облысқа қоныс аударушылардың көптеп ағылып
келуіне, сондай –ақ оның әлеуеттік мүмкіндіктеріне байланысты болды.
Осындай жағдайларда кең –байтақ облыстың экономикасын,тұрмысын,
геологиясын, географиясын және т.б жүйелі түрде ғылыми –қолданбалы тұрғыдан
зерттеу Орыс географиялық қоғамы қызметінің саласында алғашқы орындардың
біріне шығып, соған байланысты Жетісу бөлімін ашуға әрекеттер жасады.
Семей бөлімшесінің жандана түсуі, бірінші кезекте, сол кезеңдегі
Қазақстанның шаруашылық және саяси өмірінде Дала өлкесінің де, облыстың да
рөлі артуымен байланысты. Семей облысында белсенділігі арта түскен
демократиялық элементтер де аз рөл атқарған жоқ. ХХғасырдың басында,
әсіресе, 1905 -1907 жылдардағы революциядан кейін Жетісу болысында Орыс
географиялық қоғамының нақ сондай белсенділік көрсетуі байқалады.
Ғылыми іздестіру жұмыстарын жүргізген көптеген ғалымдар Географиялық
қоғамның жұмысынан қол үзбеді. Негізінен алғанда, бұлар географтар және
басқа да жаратылыстану ғылыми пәндерінің өкілдері болатын. Олар география
ғылымының одан әрі дамытылуына және сол кездегі жаратылыстанудың жалпы
алғанында, оны мамандандыру мен ой елегінен тереңдете өткізуге жәрдемдесті.
Зерттеулердің жүйелілігі, сондай –ақ зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері
бағдарламалар мен нұсқаулармен белгіленді. Бағдарламалар мен нұсқауларды
жасауға елдің таңдаулы ғылыми күштері тартылды және олардың Орыс
географиялық қоғамының мүшелері болуы міндетті емес еді. Революцияға дейін
өмір сүрген бүкіл кезең ішінде қоғам таралымы жөнінде де, ғылыми
ізденістердің алуан түрлі болуы жөнінен де көп мөлшерде бағдарламалар мен
нұсқаулар таратты. Көптеген бағдарламалар мен нұсқаулар 1500, ал кейде 6000
данаға дейін жететін таралыммен таратылды. Олар ауыл зиялыларына түсінікті
тілде жазылды. Ал сонымен бірге олар өз кезіндегі ғылыми жетістіктер
деңгейінде жасалып, елдің әр түрлі мекендеріне жіберілді. Орыс географиялық
қоғамының тікелей өнімі деп саналған бағдарламалар мен нұсқауларға қоса,
басқа қоғамдардың Географиялық қоғамның қайраткерлері қатысқан
бағдарламалар мен нұсқаулар кеңінен таралды. Мысалы, 1917 жылға дейін
біренше рет басылып шыққан Саяхатшыларға арналған анықтамалық кітапша
сондай болды. ХХ ғасырдың басында бұл басылымдар географияның көптеген
мәселелері бойынша таңдаулы деп есептелді. Тәжірибелі саяхатшы және
зерттеуші Л.С.Берг 1907 жылы: ...СПб. жаратылыстанушылар қоғамы
шығарған...табиғи –тарихи коллекциялар жинақтарының ең таңдаулы нұсқаларын
басшылыққа алыңыздар,-деп ескерткен.(4)
Қоғам қызметінің аса маңызды бөлігі экспедициялық жұмыс болды.
Географиялық қоғам көп мөлшерде ұйымдастырып, өткізген экспедициялар
орыстың география ғылымын дүние жүзіне әйгілі етті.
Тұтас алғанда, Қазақстанның табиғатын зерттеу жөніндегі экспедициялар
орталық қоғамның тарапынан да, жергілікті бөлімдер тарапынан да өте көп
ұйымдастырылды. Қарастырылып отырған тақырыпта Орыс географиялық қоғамының
экспедициялық қызметін жалпы түсіну үшін зор ғылыми маңызы болған
жекешелеген экспедицияларға ғана тоқталып кету керек. Қоғамның ірі
экспедицияның бірі –И.В.Игнатьев пен А.Н.Крастовтың Тянь –Шаньдағы
Хантәңірі ауданына экспедициясы. 1884 жылы П.П.Семенов –Тян –Шанский
Г.А.Калпаковскийге нақ Хантәңіріні және оған жапсарлас жатқан аудандарды
зерттеу қажет екендігі туралы өтініш жасады.(5) Г.А.Калпаковскийге
И.В.Мушкетовтің 1885 жылғы 22 мамырдағы хатында да нақ сондай өтініш
айтылды, бұл хатта ол ...Хантәңәрінің тамаша таулары тобын зерттеуді
өзіңіздің назарыңыздан қағыс қалдырмауды аса құлдық ете отырып өтінемін
деді.(6)
С.Н.Никитин басшылық еткен екінші экспедиция 1892 жылы Оралдан арғы
далаға барды. Экспедиция тек қана іздестірушілік сипатта болды. Оның
негізгі мақсаты темір жол құрылысы бойынша физикалық –географиялық,
геологиялық, топографиялық, экономикалық және арнаулы зерттеулер жүргізу
еді. (7)
Экспедиция 1892 жылдың бүкіл жазы кезінде жұмыс істеп, күздігүні
Петербургке қайтып оралды. Экспедиция жұмысының нәтижесінде көп мөлшерде
географиялық, соның ішінде палеотологиялық материал жиналды, ал кең –байтақ
аумақтың геологиялық құрылысын түсіну үшін өте көп нәрсе берді.
Экспедицияның аймақтағы пайдалы қазбалар жөніндегі нәтижелері маңызды.
Экспедицияның кешенділігі әрбір топтың дербес жұмыс істеуіне себепші болды.
Л.С.Берг, П.Г.Игнатьев, В.С.Елпатьевский құрамындағы экспедиция 1898 жылы
Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеу жөнінде үлкен жұмыс
жүргізді.(8)
1899 -1902 жылдарда Л.С.Бергтің басшылығымен атақты Арал экспедициясы
жүргізілді. Арал экспедициясын Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі
ұйымдастырды. 1897 жылдың аяғында –ақ бөлімнің отырысында Арал теңізінің
рөлі және оны зерттеу қажеттігі: Өлке үшін экономикалық маңыздылығы
жағынан Арал теңізі Орта Азия ойпатының көлдері арасында бірінші орын
алады, -деп анықталған болатын.(9)
ХХ ғасырдың басында көптеген қазақ зиялылары Орыс географиялық қоғамы
жергілікті бөлімшелерінің жұмысына белсене араласты. Мәселен, Абай
ортасынан шыққан көрнекті қазақ жазушысы Ш.Құдайбердиев Семей бөлімшесіне
материалдық қолдау жасап, оның отырыстарына қатысты.(10) Сол бөлімшеде
Ж.Ақбаевтың, Ә.Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә.Бөкейханов Орыс
географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі
болды және Басқарушы комитеттің мүшесі болып сайланды. М.Қарабаев,
С.Н.Нұрмұхамедов 1897 жылғы Бүкілресейлік санақты жүргізуге қатысты.(11)
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой пікірінің тарихында қазақтың
тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ –ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
(1835 -1865) құрметті орын алады. Оның қоғамбық саяси, ғылыми және әдеби
қызметі орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуда игілікті роль
атқарып, Қазақ даласында прогресті идеялардың тарауына себепші болды.
Ш.Уәлиханов өзінің бүкіл өмірін феодалдық езгіге, артта қалушылыққа,
керітартпалыққа қарсы, діншілдік шатастыру мен надандыққа қарсы күреске
арнаған. Оның тарих,география және этнография саласындағы ғылыми
зерттеулері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысын зерттеуге аса
бағалы үлес болып қосылып, замандастарының орасан зор ынтасын туғызды.
Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектері қазіргі уақытта да өзінің құндылығынан
айырылған жоқ.
Шоқан Уәлиханов ( оның толық есімі –Мұхаммед –Ханафия, ал Шоқан
шешесінің еркелетіп атаған аты) 1835 жылдың қарашасында Құсмұрын қамалында
туған. Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік қазақ мектебінде арабша хат танып,
қарындашпен сурет салуды үйренді. Әдетте бұл мектепте орта ғасыр
әдебиетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz