60-70-жылдары әдебиетіміздің туын ұстаған ақсақалдар



1. Өткен ғасырдың 60.70.жылдары әдебиетіміздің туын ұстаған ақсақалдар
2. Ғали Орманов
Ғали ағамен я істес, я сырлас болған емеспін.
Есімінің өзінен ат үркетіндей ағаларымызға ұшыраса кетсек – қолымызды ала жүгіріп сәлем береміз баяғы. Ол кісілер: “Әб-бәрекелде-е-е! Өркенің өссін, ғұмырлы бол!” – деп батасын береді. Көбіне уақыттары тапшы болған соң ба, жүре сәлемдеседі. Хал-жағдай сұрасудан әріге бармайды.
Әкем жарықтық айтып отырушы еді: кісінің қандай екені – сәлем беруі мен сәлемді алуынан байқалады деп. Рас болар.
Ғали ағаның сәлемдесуі мүлде ерекше сезі¬летін. Нақа бір жылдар бойы ұшыраспай кеткен көңіл жықпасын жолықтырғандай, қай ортада, нендей мезгілде болсын жүрекке жылы тиетін әрі жұмсақ, әрі ынтық сезіммен сәлемдесуші еді. Танымайтын адаммен де жылы сөйлесетін. Жүзі қандай жылы болса – сөзі де, сауалы да май ішкендей жан әлеміңе тосын бір толқын енетін. Шуақты кісі болатын. Бұрындары, жас кезімізде қысқа әрі нұсқа лирикаларын оқып өскесін бе, мінезі де жібек матадай жанға жылы тиетін.
Сол жылдары КазГу-де бір топ ақындармен кездесу кеші өтті.
Орта бойлы, төртбақ, дөңгелек жүзді, қараторы кісі жылдам басып мінбеге шыға келгенде – мына біздер – көгенкөз студенттер – алдында ғана тау суындай арқыраған Тайыр Жароковты, арындаған өзіміз құралпы Төлеген Айбергенов, Төлеужан Исмайылов секілді қарадай екі иығын жұлып жеген, іштерінде “жын-шайтаны өріп жүрген” ақындарды күнде көріп жүргесін бе... әуелгіде... жұмсақ үнді... қоңыр қозыдай қарапайым... бес-алты ауыз табиғат лирикасын бәсең үнмен жылдам жүргізіп оқып шығатын... Ғалекеңді, Ғали ағамызды көргенде – көңіліміз толмағандай хал кешкеніміз рас.
Мына тұстан Тоқаш Бердияров шықты: “У боп кіріп ішіме, жас боп шықтың көзімнен”, деп арақ туралы ода-өлеңін дестелесе; келесі тұстан қызара бөртіп Төлеужан көтерілді: “Қазақтың қара өлеңінің омыртқасын сындырам”, дейді қарадай Мая¬ковскийге еліктеп. Екі метр бойымен көк тіре¬гендей Жүсіп Қыдыров ақын: “Шуақтап отыр¬мын, шуақтап жатырмын, шуақтап жүрмін”, деп ұйқассыз-ақ өлеңін шұбалтады. Ғали ағамыздың өлеңі ешқандай тасыр-тұсырсыз, таңғы самалдай, жіліктің майындай тәтті сөздермен құлпырып елестейді. Студенттерге таудан тас домалатқандай тасыр-тұсыр, ірі сөз, үлкен айқай қажет... жоға¬рыдағы жын-перісі ішіне сыймаған ақындар аңқылдап өлең оқыса-ақ – жастар жағы дүрліге қол соғады. Ал Ғали ағаның “жапыраққа қонған таңғы шықтай” бипаз мәйін, майда өлеңіне келгенде – тым-тырыс!..
Ой, заман-ай десеңші!

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өткен ғасырдың 60-70-жылдары әдебиетіміздің туын ұстаған ақсақалдар көше
бойлап, кең адымдап жүруші еді. Иә, кең адымдап, ірі сөйлеп өткен сол
корифейлер қалай ғана жер қойнына сыйып жатыр десеңші!
“Аққан жұлдыз”, “Жұмбақ жан”, “Теміртау”, “Ақ Жайық”, “Қан мен тер”,
“Елтінжал” көз алдымызда туды. О заманда жоғарыда аталған шығарма авторлары
өзіміздей ғана жер басып жүрген жұмыр басты пендедей көрінуші еді, бұл
заманда көбі сағынышпен ғана еске алатын бір-бір көркем сөз классигіне
айналды. Солардың бірі әрі бірегейі – Ғали Орманов болатын.

Ғали ағамен я істес, я сырлас болған емеспін.
Есімінің өзінен ат үркетіндей ағаларымызға ұшыраса кетсек – қолымызды ала
жүгіріп сәлем береміз баяғы. Ол кісілер: “Әб-бәрекелде-е-е! Өркенің өссін,
ғұмырлы бол!” – деп батасын береді. Көбіне уақыттары тапшы болған соң ба,
жүре сәлемдеседі. Хал-жағдай сұрасудан әріге бармайды.
Әкем жарықтық айтып отырушы еді: кісінің қандай екені – сәлем беруі мен
сәлемді алуынан байқалады деп. Рас болар.
Ғали ағаның сәлемдесуі мүлде ерекше сезі¬летін. Нақа бір жылдар бойы
ұшыраспай кеткен көңіл жықпасын жолықтырғандай, қай ортада, нендей мезгілде
болсын жүрекке жылы тиетін әрі жұмсақ, әрі ынтық сезіммен сәлемдесуші еді.
Танымайтын адаммен де жылы сөйлесетін. Жүзі қандай жылы болса – сөзі де,
сауалы да май ішкендей жан әлеміңе тосын бір толқын енетін. Шуақты кісі
болатын. Бұрындары, жас кезімізде қысқа әрі нұсқа лирикаларын оқып өскесін
бе, мінезі де жібек матадай жанға жылы тиетін.
Сол жылдары КазГу-де бір топ ақындармен кездесу кеші өтті.
Орта бойлы, төртбақ, дөңгелек жүзді, қараторы кісі жылдам басып мінбеге
шыға келгенде – мына біздер – көгенкөз студенттер – алдында ғана тау
суындай арқыраған Тайыр Жароковты, арындаған өзіміз құралпы Төлеген
Айбергенов, Төлеужан Исмайылов секілді қарадай екі иығын жұлып жеген,
іштерінде “жын-шайтаны өріп жүрген” ақындарды күнде көріп жүргесін бе...
әуелгіде... жұмсақ үнді... қоңыр қозыдай қарапайым... бес-алты ауыз табиғат
лирикасын бәсең үнмен жылдам жүргізіп оқып шығатын... Ғалекеңді, Ғали
ағамызды көргенде – көңіліміз толмағандай хал кешкеніміз рас.
Мына тұстан Тоқаш Бердияров шықты: “У боп кіріп ішіме, жас боп шықтың
көзімнен”, деп арақ туралы ода-өлеңін дестелесе; келесі тұстан қызара
бөртіп Төлеужан көтерілді: “Қазақтың қара өлеңінің омыртқасын сындырам”,
дейді қарадай Мая¬ковскийге еліктеп. Екі метр бойымен көк тіре¬гендей Жүсіп
Қыдыров ақын: “Шуақтап отыр¬мын, шуақтап жатырмын, шуақтап жүрмін”, деп
ұйқассыз-ақ өлеңін шұбалтады. Ғали ағамыздың өлеңі ешқандай тасыр-тұсырсыз,
таңғы самалдай, жіліктің майындай тәтті сөздермен құлпырып елестейді.
Студенттерге таудан тас домалатқандай тасыр-тұсыр, ірі сөз, үлкен айқай
қажет... жоға¬рыдағы жын-перісі ішіне сыймаған ақындар аңқылдап өлең оқыса-
ақ – жастар жағы дүрліге қол соғады. Ал Ғали ағаның “жапыраққа қонған таңғы
шықтай” бипаз мәйін, майда өлеңіне келгенде – тым-тырыс!..
Ой, заман-ай десеңші!
Әлгі жастық буы, аздап жұтып алған ішімдік буы ішіне сыймаған арқалы
ақындар мінбеге бірінен соң бірі көтеріліп, ел-селі шығып өздері де
дүрілдеді, жастар жағы қол шапалақтаумен ерледі. Салыстыра сипаттасақ, со
жолы Ғали ағаның бәсі төмен¬дегендей сезілді. Адамдар солай ма, әлде заман
солай ма, Сталиннің зиялы қауымды зар илеткен зұлмат жылдарынан кейін
Хрущевтің жастар жағының басынан жүген-тізгінін сыпырып алып: ал, ендеше!..
Аузыңа келгенін сайрай бер!.. деп, жылымық кезеңге ат басын бұрғанын қайдан
білейік. Жастар да елірме, өлең де “өр кеуде өлермен”, ызығуыт түсініксіз
бір кезең басталған, әйтеуір!
Сол кездесуден кейін Ғали ағаның табанды мінезіне тұрдым. Неге дейсіз ғой.
Әлгідей екі иығын жұлып жеген, шөлмектен абайсызда шығып кеткен “жын-пері
мінезді” ақындардың қасында... салыстырып қарағанда... бетегеден биік,
жусаннан аласа, қошақандай қоңыр мінезді Ғали ағаның әлгілерден кейін биік
мінбеге көтеріліп еш қаймықпай, бұқпай, көңіліндегі шын сөзін ірікпей,
таңғы самалдай жеңіл әуенді лирикасын оқуы – өз көзіме – жүрекжұтқандық,
қарадай қайсарлық болып көрінді.
Ғали аға өзіне бұйырған тіршілік сапарын сол қайсарлығымен жаяу жүріп
өткендей сезіледі. Ол кісінің өлмейтін, өміршең, өнегелі лирикасынан
бірнеше ғылыми зерттеулер жарық көрді, әлі күнге көңіл күйі өлеңдерін
қызыға оқып келеміз. Жоғарыда “жаяу жүріп өткендей сезіледі” дедім. Ол
кісінің жекеменшік ақ “Волгасы” болатын, кітабы жылма-жыл шығатын. Есімі
мектеп оқулығына еніп үлгерген еді. Әйтсе де мың сан оқырманына... мына
үлкеннің алдын кесіп өтпей өскен бізге... Ғали ағамыз қарапайым, қоңторғай,
қоңыр қозыдай мінезімен тіршілік кешкендей көрінеді де тұрады.
Тасыр-тұсырдан ада-күде болатын.
Айқай-шуды, кеудемсоқ, өркөкірек, өктемсіген мінезді жаны жаратпайтын еді.
Ғали ағамен екі мәрте кездескен мезетім есімде қалыпты.
Бірі: ол кісімен бірге шопандар тойына, Асының жайлауына барған сапарымыз.
“Жетісу” газетінде әдеби қызметкер болып істеймін. Жоғарыдағы басшылар
шақырып алып: “Бір топ өнер қайраткерлері шопандар тойына барады, ілесіп,
төбе көрсетіп, мақала жазып қайтасың”, – деп тапсырма берді. Мақұл. Өнер
адамдарының жуан ортасында Ғали ағамыз бар екен. Өңгесі кино, сахна
қайраткерлері. Ақын ағамды жағалаймын баяғы. Алдында ғана газетімізге ол
кісінің топтама өлеңдерін суретімен басып, риза еткенбіз. Қай жерге
кідірсек те – алдымызда ақын ағамыз жүреді.
Біз мінген көлік совхоз мамандарының үстінен түспей, қиқалақтап тозығы
жеткен жеңіл “Уаз”-игі еді. Суы қайнап, әр жерге бір тоқтап, селкілдеп
жүр¬генде – өзге өнер қайраткерлерінің жеңіл мәшинесі қайқайып қырға өрлеп,
өзімізді шаң қаптырып кетті. Ғали аға: “Бұл немелер кісінің басына, сосын
жасына қарамайды ғой... Қағып-соғып өте шығады”, – деп ренжіп қалды. Одан-
бұдан тартып сөз сабақ¬та¬ған боламын, ақын ағамыз аяғының басына шұқ¬шиып
келе жатып еш еңсесі көтерілмейді. Күн түске тырмыса шопан ауылына
түтеленіп әзер жеттік.
Сөйтсек, бізді басып озған “өнерпаздар” қонаққа деп тігілген ең еңселі,
сегіз қанатты ақбоз үйді бұ¬ры¬нырақ барып иеленіп алыпты. Бізге шеттегі
қо¬ңырқай шағын шошала тиді. Шопанның баспанасы екен, иесі бұрқырап ішіп
алыпты, келіншегі қолды-аяққа тұрмай ас-ауқаттың қамында жүр. Алдымызға
шелекпен әкелген бесті қымыз бықырып ашып кетіпті. Ғали аға бір кесесін
қылғынып әзер ішті.
– Құдай-ай, бізге бал қымыз да бұйырмады-ау, ғой, – деп Ғали аға қап-қара
болып түтігіп сөйледі.
– Ана үлкен үйдегі қайраткерлерге кетті бал қымыз, – деп үй иесі
бұрқырайды. – Сәл шыдаңыздар, бағлан былқып пісіп жатыр, ең тәуір арақ
біздің үйде, салқын сыра да табылып қалады.
Қымызды қойып салқын сыраға көшеміз. Үлкен үйден ән салған дауыс әңкілдеп
жетеді. Ақын ағамыздың әуезді әдемі әңгімесін әлгі ән бөліп-бөліп кетеді.
– Құдай-ай, бізге дұрыстап әңгіме-дүкен құру да бұйырмады, – деп ақын
ағамыз қарадай түңіледі.
Былқып піскен бағланның еті тартылды. Алдына буы бұрқырап бас келген соң,
ақын ағамыздың жүзі жылып, тілі шешілді, арғы-бергіден қазып әңгіме
термеледі. Есімде қалғаны – Ілияс Жансүгіров туралы бір үзік сырлы естелігі
еді.
“Бала кезінде, елде, Қаратал ма, Көксу ма, он¬шасы есінде қалмапты, қабағы
қалың, қоңқақ мұ¬рын, баяғының батырлары секілді Ілиясты көріпті...
сәлемдесіпті... сөзін тыңдапты. Кейінше, “ақын бо¬ла¬мын” деп, Алматыға
келгенде – со замандағы облыстық оқу ісінің меңгерушісі Біләл Сүлеев есімді
кісі¬нің жер үйінде... қазіргі Достық пен Төлеби даң¬ғы¬лының қиылысқан
тұсына... құрылған ағаш пәте¬ріне бас сұғады: Ілияс ақын әрі оқу оқып, әрі
қыз¬мет істейді екен. Біләл Сүлеевтің зайыбы Фатима ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЖАНҚОЖА БАТЫР ЖЫРЫ ЖАЙЫНДА
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
Қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық қызметi, бұл институттың қалыптасу кезеңдерi және құқықтық қатынастардағы орны, сондай-ақ, билердiң билiк шешiмдерiне ғылыми тұрғыда талдау жасау, оның құқықтық табиғатын айқындау және мән-мазмұнын ашып көрсету
Әбдіғапар Жанбосынұлы және 1916 жылдардағы Торғай қазақтарының көтерілісіне жаңа көзқарастар
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Кадет партиясының мүшесі
Махамбет - суырып салма, қырғи тілді арынды ақын
Көркем шығармадағы психологизм
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Пәндер