ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері


Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар, патшалық Ресейдің отаршылдық езгісі мен ортаазиялық хандықтардың басқыншылық әрекеттеріне қарсы ұлт-азаттық күрестер тарихы, кезеңдері және проблемалары қарастырылды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің жағдайындағы ұлттық сананың жаңғыруы тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, отандық тарихтың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыда қайта бағалауды қажет етуде. Тарихи үдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қатаң әдістемелік қағидаларға ұрынбай еркін бағалайтын мұндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын айқындауға қызмет жасайды. Тарих ғылымының алдындағы күрделі мәселелерді қамтитын кешенді зерттеулердің қатарына ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар, олардың кезеңдері, проблемалары да жатады.
Қазіргі кезде Қазақстанда тарих ғылымы өте маңызды кезеңдердің бірін бастан кешіруде. Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ, оның көне дәстүрлері бар. Бүгінгі күнді түсініп, түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек [1, 4 б. ] . Мойындаған жөн, біздің тарихи шындыққа беретін бағамыз ұдайы дәл емес. Кеңес кезеңіндегі тарих ғылымының ең сорақы қателерінің бірі ұлттық мүддеге, құндылықтарға салғырт, саяси үстемдік тұрғысынан қарау болды. Өз тарихын ұмытқан немесе оны білмейтін «халықтың болашағы жоқ және ол мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана отандық тарих ғылымы қоғамдық сананы ұлттық мүдде тұрғысынан қалыптастыруда. Ең маңызды мәселелер қатарында тарихтың зерттелмеген немесе зерттеуге тиым салынған беттері саналды. Өзінің өткен тарихын білу, оған дұрыс баға беру, тоталитарлық жүйенің жіберген қателіктерін түзеу ұлттық сананың оянуын тездететіні сөзсіз. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылды «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылды «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялауы тарихымыздың, оның ішінде қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күрес тарихының жан-жақты зерттеліп, ғылыми тұрғыда кеңінен жазылуына, жаңа зерттеулер мен жаңалықтарға, жаңа көзқарастарға әкелетіні сөзсіз. Әрине, тарих саласындағы жаңа зерттеулер мен ғылыми ізденістер қоғамдық өмірде үлкен рөл атқарады. Елбасының сөзімен айтқанда, «тарих тек ғылым үшін зерттелмейді, ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі» [2, 1 б. ] .
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсап, қол жеткізгені - бейбітшілік, біртұтастық, егемендік, тәуелсіздік, халқының амандығы, елінің тыныштығы секілді құндылықтар және осыған жету мақсатында көп күш жұмсап, бар еңбегін аямады. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңында қазақ елінің бас бостандығы, жері мен елі үшін Қазақстанның әр аймағында екі жүзден астам ұлт-азаттық күрес өткен екен. Соның ішінде ХІХ ғасырдағы Оңтүстік қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы да бар.
«Найзаға үкі таққан қазақ елі» еш уақытта біреуге шабуыл жасап көрген емес, қай заманда да ол қаруды жерінің шетін жаудан қорғау мақсатымен, немесе, «асқақтаған хандардың», азуы батқан патшалардың ордасын таптау үшін алған. Демек, қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының түбегейлі екі себебі бар. Олар: туған жерді шетелдік шапқыншылардан қорғау және егемендік пен еркіндік үшін күрес. Біріншісі қазақ жеріне тынымсыз көз алартқан Орта Азиялық Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтарына қарсы жүргізілсе, екіншісі патшалы Ресейге қарсы бағытталды [3, 215 б. ] .
Ұлт-азаттық қозғалыстың осы кезге дейінгі тарихы алдымен Ресей империясының отаршылдық мүдделері, кейіннен Кеңес үкіметінің тап тартысы қағидалары тұрғысынан зерттеліп келді. Осы жөнінде академик Манаш Қозыбаев: «Зерттеушілердің дендеп бойлай алмай жүрген ділгірлігінің бірі - ұлт-азаттық қозғалысы. Біз осы уақытқа дейін әрбір ұлт-азаттық қозғалысын империя мүддесі билігінен талдап, жеке-жеке аймақтық шеңбердегі төбелес, жанжал дәрежесінде қарап келдік. Шын мәнінде, 1731 жылдан бастап, қазақ халқы үзілмеген, бір сәт толастамаған қозғалысын басынан аяғына дейін жүйелеп, оларға тән ортақ заңдылықтарды, әрқайсысына тән ерекшеліктерді анықтау абзал», - деп жазды [4, 8 б. ] .
Қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық езгісіне, көршілес хандықтардың озбырлықтарына, әскери экспансиясына қарсы ХІХ ғасырдағы Оңтүстік қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы тарихы ұлттық тарихымызда ерекше орын алары сөзсіз.
ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтүстік өңірінде болып өткен 1821 жылы Тентек төре бастаған Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билігіне қарсы көтерілісі, 1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған күрес және 1856-1857 жылдардағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілістері Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ұлт-азаттық күрестермен алдына қойған мақсаты, міндеті, қозғаушы күштері жағынан өзара сабақтастығы мен бірлігінің болғаны белгілі.
Жалпы, ХІХ ғасырдағы қазақтардың саяси жағдайы екі жақты сипат алды: бірінші жағынан Қоқан хандығының феодалдарына және екінші жағынан өздерінің жергілікті билеушілеріне тәуелді болды. Осыған байланысты, қазақтардың қоқандықтарға қарсы көтерілісі, Сырдария бойындағы, оңтүстіктегі қоқандықтардың бекіністері, ХІХ ғасырдағы қазақ феодалдарының саяси сахнадағы рөлі, қазақ жеріндегі өзбек және қырғыз халықтарының егіншілікпен айналысуы, қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайлары және қазақтардың ұлт-азаттық күресі туралы мәселелер ізденістерді қажет етеді.
ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтүстік аймағындағы қазақтардың саяси басқару жүйесінің өзгеруімен, олардың ортазиялық хандықтардың жаулаушылық саясатына қарсы күрестерімен және ХІХ ғасырдың екінші жартысында Патшалы Ресейдің қоластына көшуімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының қазақ аудандарын жаулап алу, басқыншылық, тонаушылық әрекеттері және оған Ресейдің көзқарасы мен Қазақ халқына ықпалы туралы ізденістер жүргізілуде. Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін аша түсетін мәселелер қатарына: төл тарихымыздағы толық зерттеле қоймаған ХІХ ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар, қазақтардың көрші елдермен қарым-қатынастары мен жаулаушылық әрекеттерін, сонымен қатар Орта Азиялық хандықтардың жүргізген варварлық, тонаушылық әрекеттеріне қарсы қазақ халқының наразылықтардың ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталу, ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан баға беру, зерттеулер жүргізіп, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, оның сипаты, қазақ зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің қызметі жайлы бірқатар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осыған қарамастан көптеген мәселелер, әсіресе Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар, оның алғышарттары, барысы мен нәтижесі, мәні мен мазмұнын әлі де болса ғылыми жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны - ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар, кезеңдерін, проблемаларын қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның оңтүстігіндегі ұлт-азаттық қозғалыстары мен көтерілістері мәселелері тарихшы-ғалымдардың зерттеу нысандарына айналып, назар аударылды. Зерттеушілер азаттық күрестің әртүрлі тұстарын түрлі бағыттар ауқымында зерттеп, әралуан тұжырымдар түйіндеді. Соның нәтижесінде отандық тарихнамада бірқатар еңбектер жинақталды. Осыған орай оларды шартты түрде төңкеріске дейінгі, кеңестік және тәуелсіздік кезеңдерінде жарияланған тарихнамалық деректер деп бөлуге болады.
Төңкеріске дейінгі кезеңдегі еңбектер «дворяндық-буржуазиялық» деп айдарланатын тарихнамаға топтастырылған. Еңбектердің деректік қорының молдығына, келтірілген мәліметтердің кеңдігіне қарамастан олардың авторлары ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстарға «бүлік», «қарақшылық бас көтеру», «бұзақылық наразылық» деген сипат беріп, тұжырым жасауға ұмтылды. Төңкеріске дейінгі кезеңде қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарынан хабар беретін материалдар империяның «Военный сборник» атты басылымында жарияланып тұрды. Сонымен қатар, А. Серебренниковтың жинақтауымен басылған «Сборник материалов для истории завоевания Туркестанского края», «Туркестанский сборник» деген құжаттарында қазақтардың «бүліктері» туралы айтылды [5] . Сонымен қатар, Н. Середа [6], Н. Савичев [7], В. Потто [8], Н. Аничков [9] және т. б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Олар да көтерілісті бұзақылық бүлік деп сипаттап, жетекшілерінің жеке бастарына субъективті баға берді.
Кеңестік кезеңде бұл тақырып арнайы зерттеу нысанына айналды. ХХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары тарихын зерттеуге арналған монографиялар немесе басқа да сипаттағы еңбектердің жарық көргенін айта кету қажет. Әсіресе бұл бағытта елеулі көзге түсер еңбектің авторы ретінде бұрынғы патша офицері А. Ф. Рязановты [10] атап өту керек. Ол 1926 жылы жарық көрген монографиясында Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың типологиялық проблемаларын көтеріп, кеңестік идеология шеңберінде пікір танытты. А. Ф. Рязановтың еңбегінде негізінен Кіші жүздегі 1848 жылы болған хиуалықтар мен орыс әскерлерінің арасындағы ірі ұрыс жан-жақты жазылған. Сонымен қатар, хиуалықтардың жорығына Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісшілердің қатысуы туралы жазған.
Азаттық күресі С. Д. Асфендияров еңбектерінде де көрініс тапты [11] . Оның еңбегінде тарих ғылымында тұңғыш рет Қазақстандағы қозғалыстардың сипатын отарлау саясатына қарсы болған оқиғалар деп көрсетті.
Кеңестік тарихнамаға өзінің қомақты үлесін қосқан ғалымдардың қатарына Е. Б. Бекмахановты жатқызуға болады [12] . Автор ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын терең зерттеп, бодандықтағы елдің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты сипаттады.
Сондай-ақ, П. Г. Галузоның [13], Т. Ж. Шойынбаевтың [14], С. З. Зимановтың [15], А. Н. Нүсіпбековтың [16], осы тақырыпқа арналған ізденістері құнды болып саналады.
Сол сияқты ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына байланысты қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында теориялық және методологиялық тұрғыда іргелі еңбектер жазып жүрген тарихшы-ғалымдардың еңбектері күн санап артып келеді. Бұл бағытта көрнекті тарихшыларымыз М. Қозыбаевтың [17], М. Қойгелдиевтің [18], Т. Омарбековтың [19], В. Галлиевтің [20], С. Б. Құрманалиннің [21] зерттеулерінің орны айрықша. С. Б. Құрманалин «1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» атты еңбегінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске жаңаша көзқараспен баға берілген. Сондай-ақ Е. Ж. Уәлихановтың [22], Х. М. Әбжановтың [23], А. Оспановтың [24] еңбектері атап өтуге тұрарлық.
Соңғы жылдары ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан тарихын зерттеу заңды қызығушылық туғызды. Соның ішінде қазақтарға башқұрт, хиуа, қазақ-орыс, қырғыз, қытай, жоңғар, Еділ қалмақтары сияқты халықтардың жасаған озбырлық саясты, басқыншылық соғыстары А. Б. Абдуалы [25], Ж. Қ. Қасымбаев [26], Күзембайұлы А. [27], Ж. Артықбаев [28], С. М. Мәшімбаев [29], М. Мырзахметов [30], М. Ж. Абдиров [31], Е. Ө. Пірімбетова [32], А. Ш. Махаева [33], Мажитов С. Ф. [34] зерттеулерінде көрсетілген. Олар XIX ғасырлардағы қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріне ықпал еткен Ресей, Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының сыртқы саясатын, қазақ қоғамындағы шиеленіс мәселелерін жан-жақты талдаған. Соның ішінде тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Абдуалы «Политическая история Южного Казахстана в первой половине ХІХ века» атты кітабында ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы көтерілістер тарихы, ұлы жүз қазақтарының қоқан басқыншылығына қарсы күресін жан-жақты зерттеп, маңызды мағлұматтар келтірген. Оның тұжырымдары мен тарихнамалық зерттеу әдістері қазақстандық тарих ғылымы үшін аса маңызды.
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс шетел тарихшыларының да назарына ілікті. Бұл жөнінде тарихшы ғалым К. Л. Есмағамбетов [35] ХІХ ғасырдың өн бойында батыс елдерінде жинақталған қазақтар туралы тарихи-этнографиялық сипаттағы сан алуан материалдарды жинақтай отырып, сол кезеңдегі Еуропаның біраз ғалымдарының, әсіресе Э. Росстың, Д. Бульджердің, А. Краустың өз еңбектерінде патшалы Ресейдің қазақ даласындағы дөрекі отаршылдық саясатына, қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ұлт-азаттық қозғалысына назар аударғанын аңғартады.
Мысалы, К. Есмағамбетов ағылшын тарихшысы Д. Ч. Бульджердің еңбектерін зерттей келе, Ресей империясының ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы отарлық езгісі мен қазақ халқының ұлт-азаттық күрестері туралы Еуропа жұртшылығы сол ХІХ ғасырдың өзінде-ақ хабардар болғандығын баса көрсеткен. Д. Бульджер еңбегінің ХІХ ғасырда ресейлік тарихшылардың (Мейер, Добромыслов, Бларамберг) еңбектерімен тұспа-тұс жарық көргендеріне қарамасатан, оның көзқарасының орыс тарихшыларының тұжырымдарына қарсы болып табылады. Д. Бульджер қазақтар көтерілісінің түпкі себебін өте дұрыс түсінеді және көтерілістің мақсаты «тәуелсіз мемлекет болу» деп жоғары баға береді [35, 79 б. ] .
Аталған зерттеулердің отандық тарих ғылымында жаңа тарихи танымды, методологияны қалыптастыруға қосқан үлестері елеулі. Авторлар тарихи оқиғалар мен үдерістерді баяндауда тарихилық, объективтілік принциптерін басшылыққа алып, ұлттық мүддеге мән берген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - XIX ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың маңыздылығын көрсету;
- ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың себептерін, кезеңдерін және проблемаларын анықтау;
- Оңтүстік Қазақстандағы қазақтарға қоқан, Хиуа, қырғыз, патшалық Ресей тарапынан жасалған шапқыншылық пен отарлау саясатының ерекшеліктерін зерттеу;
- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік-территориялық басқару жүйесін және саяси кері салдарын ашу;
- Қазіргі кезеңдегі ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарға қалыптасқан жаңа көзқарастар мен маңыздылығын анықтау;
- қазіргі кезеңде оңтүстік қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы тарихы мен оның теориясы басымдықтарын, тәуелсіздік жолындағы күресінің негізгі тарихи факторларын, отаршылдықтың ерекшеліктері мен Орта Азия хандықтарының сыртқы саясатының жалпы мазмұны, этникалық және діни құбылыстардың ықпалы мен әсері арқылы көрсету;
- оңтүстік қазақтарының қарсыластық күресін тарихи және әлеуметтік феномен ретінде қарастыра отырып, ХІХ ғасырдағы оңтүстік өңірдегі ұлт-азаттық күресті зерттеудегі өзекті теориялық-методологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі ХІХ ғасырдағы Қазақстанның оңтүстік аумағындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды қамтиды.
Зерттеу жұмысының аумақтық шегі ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстар, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан аумағын қамтиды.
Зерттеудің теориялық негізі. Қазіргі отандық тарих ғылымында зерттеулер жүргізуде өркениеттілік ұстанымынына ерекше мән берілуде. Алайда, өркениеттілік ұстанымының барлық қырлары қазақ тарихын зерттеуге тиімді ме деген сауал туындайды. Өркениеттілік бағыты ұғымының ауқымында біз өзіміздің ғылыми ұстанымымызды айқындауымыз қажет.
ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтүстік аумағындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына себеп болған Орта Азия хандықтарының соғыс экспансиясының, басқыншылық әрекеттерін зерттеу тақырыптың мағынасын аша түседі. Ортаазиялық хандықтарының соғыс экспансиясының баста себебі - ондағы феодалдрадың пайдаға, мол олжаға ие болу ниеті, осы ниетте жаңа жаулап алу жорықтарын ұйымдастыру, көршілес елдердің жерлерін басып алу, Орталық Азияны Ресей және Қытаймен байланыстыратын керуен жолдарына бақылау жасау еді. Соңғысының ХІХ ғасырда Шыңжанмен сауда-саттық өрістеген тұста стратегиялық маңызы зор болатын. Жаулап алып, билеп төстеуді көздеген қоқандықтар қазақ халқына ауыр алым-салықтар салып, тонап, езіп отырды. Алайда мұндай әрекеттері әрқашан тиімді бола бермеді. Қазақтар Қоқан үстемдігіне қарсы азаттық күреске шығып, ерен қарсылық білдірді. Қоқан хандығының Қазақстандағы экспансиясының сипатын Орталық Азия мен Ресей империясындағы жағдай, Бұхар, Хиуа феодалдарының қазақ даласына қызығушылығы өзгертіп отырды. Мәселен, Ферғанадағы ішкі ахуал, Ресейдің Жетісуға ықпалының таралуы Қоқан билеушілерінің жоспарын өзгертті. Ұлы жүз қазақтары саяси ахуалды өз мүдделерінде пайдалануда Ресей империясының бодандығына өту туралы шешім қабылдады. Алайда қазақтардың барлығы бірдей патша өкіметінің саясатын қолдамады, мұндай топтар қоқандықтармен бірлесіп империяға қарсы күресті.
Осындай тұжырымдар жасауға жоғарыда тоқталған теориялар мен ғылыми таным бағыттары, сондай-ақ республикада тарихи сана қалыптастыру туралы тұжырымдама ықпал етті. Бұл отандық тарих ғылымында көршілес елдермен қарым-қатынас тарихын зерттеуде қалыптасып келе жатқан ұстанымдарға сәйкес келеді әрі толықтырады деген сенімдеміз.
Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік, салыстырмалық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді. Тақырыпты жан-жақты ашу барысында ұлттық ой-сананың оянуы және соның негізінде қалыптасқан жаңа ғылыми тұжырымдама мен отандық тарих және қоғамдану ғылымдарында кейінгі жылдары ғылыми айналысқа түскен іргелі еңбектерге арқа сүйенілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. XIX ғасырдағы қазақ тарихы көршілес елдер билеушілерінің басқыншылық саясаты мен оған қарсы халқымыздың ұлт-азаттық күрестерімен ерекшеленеді. Бұл мәселелер бүгінге дейін үстірт қарастырылып, кешенді түрде зерттелмеген. Сондықтан да мұрағат құжаттарының, деректік негіздегі зерттеулердің, мерзімді басылым материалдарының т. б. негізінде XIX ғасырдағы Қазақстанның оңтүстік аумағындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының кешенді түрде зерттелуі жұмыстың басты жаңалығы болып табылады. Сонымен қатар диссертациялық жұмыста төмендегідей жаңалықтарға қол жеткізілді:
- ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың маңыздылығы көрсетілді;
- ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері, кезеңдері және проблемалары анықталды;
- Оңтүстік Қазақстандағы қазақтарға Қоқан, Хиуа, Бұхар, Патшалық Ресей тарапынан жасалған шапқыншылық пен отарлау саясатының ерекшеліктері зерттелді;
- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік-территориялық басқару жүйесін және саяси кері салдарын ашылды;
- ғылыми айналымға зерттеудің объектісі ретінде тың деректер мен жаңа әдебиеттер енгізіліп, олардағы қазіргі ғылыми ізденістердің негізін құрастыратын теориялық және методологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді;
- Қазіргі кезеңдегі ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарға қалыптасқан жаңа көзқарастар мен маңыздылығы анықталды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыста түйінделген тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша оқылатын дәрістерде, элективті курстар мен семинарларда пайдалануға болады.
Сонымен қатар диссертациялық жұмыстың тұжырымдары Қазақстанның оңтүстігіндегі ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы бойынша дайындалатын зерттеулерде, ұжымдық, қорытындылаушы еңбектерде, студенттердің өзіндік жұмыстарын жазуда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мәселелері ғылыми мақала ретінде Қазақстан тарихының көкейтесті мәселелеріне арналған жоғарғы оқу орындары арасындағы өткен республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтар болсақ, «Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби біліктілігінің дамуы: халықаралық тәжірибе, міндеттер және перспективалар» атты халықаралық форумда, «Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтық Отан тарихының дамцы: теориясы мен методологиясы», «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграциясы: проблемалары мен болашағы» атты республикалық ғылыми практикалық конференцияларында және ТарМПИ Хабаршысында тақырып бойынша еңбектері жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы саяси жағдайдың шиеленісуі
ХІХ ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. ХІХ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер -Хиуа, Бұхара жəне ең үлкен дəрежеде - Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866 жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады. Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан хандары басып алған жерлерінде тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған [36, 278 б. ] .
Қоқан хандығына бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын салық екі түрге бөлінді: малдан - зекет, егістіктен - харадж. Қазақтарға олардан басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге, тағы басқа міндеткерліктерге мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл кезінде əрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал сол əскери қызметі үшін ешқандай ақы алмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz