Жеке тепе-теңдік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бұған дейінгі тақырыптарда экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері нарықтардың бір-бірінен тәуелсіздігі тұрғысынан қарастырылды. Бұл жағдайда олардың қабылдайтын шешімдері автономды әрекет етуші нарықтардың нәтижелері болып табылады, ал олардың тепе-теңдік жағдайлары тек оған әсер ететін факторлардың әсерінен жүзеге асырылады. Бұл жағдайдағы тепе-теңдік мәселелері бір ғана тауардың немесе саланың, яғни жеке тепе-теңдік тұрғысынан қарастырылады.

Жеке тепе-теңдік - бұл жеке алынған нарықтың тепе-теңдігі, ол осы нарыққа қатысушы субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, және бұл жерде сол субъектілердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге деген ынталары болмайды.

Жеке нарықтық тепе-теңдік нарықтық экономиканың әрекет ету сипаты туралы шектеулі ғана түсінік береді, яғни өзінің табиғаты бойынша толық емес болып табылады. Біріншіден, ол нарықтардың арасындағы өзара байланыстарды және олардан туындайтын салдарларды сипаттамайды. Екіншіден, бұл жерде кез-келген нарыққа тән кері байланыс есепке алынбайды. Үшіншіден, жеке тепе-теңдік нарық субъектілерінің бір уақытта қабылдайтын шешімдерінің көптүрлілігін есепке алмайды.

Бірақ, микроэкономикада жалпы тепе-теңдік деген ұғым бар, яғни барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы, бұл барлық нарықтарда (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығында) тепе-теңдіктің бір уақытта орындалуы деп түсіндіріледі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделінің көмегімен нарықтық жүйедегі барлық нарықтардың өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі зерттеледі. Нарықтар вертикалды түрде байланысуы мүмкін, яғни бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса, сондай-ақ нарықтар горизонталды түрде байланысуы мүмкін, егер бір саланың өнімі басқа саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері байланыс әсері деп атайды. Кері байланыс әсері дегеніміз бұл жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың (сұраныс пен ұсыныстың) өзгеруі басқа бір нарықтағы тепе-теңдікті бұзуы, ал ол нарық өз кезегінде жаңа тепе-теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтың тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етеді. Осыған байланысты, бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі екінші бір нарықтағы баға мен өндіріс көлеміне әсер етуі және ол жағдайдың керісінше орын алуы мүмкін. Сондықтанда жеке тепе-теңдік негізінде алынған талдау нәтижелері өзгерістер туралы жеткілікті түрде сипаттама бере алмайды. Яғни, экономикалық іс-әрекеттердің заңдылықтарын зерттеудің аса жоғарғы дәрежесі ретінде жалпы нарықтық тепе-теңдіктің шартын анықтау, яғни нарықтардың барлық жиынтықтарын тепе-теңдік жағдайға келтіру механизмін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Микроэкономикада барлық тауарлық нарықтар бір жағынан, ресурстар нарығымен байланысты, ал екінші жағынан, ресурстардың көмегімен өндірілген игіліктерге деген сұраныспен байланысты. Шындығында, еңбек нарығы мен төлем қабілеттілігі бар сұраныс тауарлар мен қызметтер нарығын байланыстырады: егер бір тауарға сұраныс өссе, онда басқа бір тауарға деген сұраныс қысқаруы мүмкін. Бұл ресурстар нарығына да байланысты, әсіресе, бұл құбылыс әртүрлі мамандықтар бойынша сипатталатын еңбек нарығына тән. Жалпы тепе-теңдік моделінің көмегімен жекелеген нарықтардың бір-біріне қалай әсер ететіндігі туралы қарастыруға болады.

Жеке төрт нарықты алып қарастырайық: технологиялық жағынан бір-біріне байланыссыз екі салалық нарық, мысалы, тұрғын үй нарығы мен автомобильдер нарығы, сондай-ақ, еңбек нарығының екі түрі - құрылысшылар нарығы мен автомобиль құрастырушылар нарығы. Барлық нарықтар тепе-теңдік жағдайда деп ұйғарамыз.

Айталық, экономикада құрылыс қарқыны басталды: тұрғын үйге сұраныс күрт өсті, бұл құрылысты арттырады және құрылысшыларға деген сұранысты да арттырады. Тұрғын үй нарығындағы сұраныстың артуы мен бағаның өсуі автомобиль нарығындағы сұранысты төмендетеді. Бұның салдарынан, автомобиль құрастырушылардың еңбегіне деген сұранысты төмендетеді, яғни олар енді біртіндеп жалақысы өскен құрылысшылар нарығына ағыла бастайды. Сонымен, қарастырып отырған нарықтарда келесідей параметрлер орын алады. Тұрғын үй құрылысы нарығында сұраныс өсті және бағалар да өсті. Осыған байланысты еңбек нарығының сегментіне, яғни құрылысшыларға сұраныс та, жалақы да өсті. Ал автомобиль нарығында сұраныс төмендейді және жалақының да төмендеуі байқалады.

Бағаның өсуінен құрылыс фирмаларының ұсынысы кеңейеді. Жұмыс уақытының артуынан және басқа салалардан жұмысшылардың келуі есебінен құрылысшылардың еңбегіне де ұсыныс өседі. Ал автомобиль нарығында баға төмендегендіктен өндірушілер өндіріс көлемін қысқартады. Міне бұл нарықтарда осындай жаңа тепе-теңдіктің параметрлері орнайды. Бұл жағдай құрылыс қызметі нарығындағы өскен ұсыныс өзінің сұранысын толық қанағаттандырғанша, және баға тепе-теңдіктен төмендегенше дейін жалғаса береді. Керісінше, енді автомобиль нарығындағы төмендеген ұсыныс пен төмен бағалар келесі жаңа кезеңде сұранысты арттырады және сәйкесінше, автокөліктің бағасын өсіреді. Сондай-ақ, автомобиль құрастырушы мамандарға деген сұраныс та арта бастайды. Нәтижесінде қарастырылып отырған нарықтар қайтадан бастапқы тепе-теңдік жағдайға қайтып келеді. Сұраныс, баға және ұсыныс жалпы тепе-теңдіктің жаңа параметрлері орнағанша дейін кері бағытта өзгере береді.

Сонымен біз трансакциондық шығындар орын алмаған кездегі жетілген бәсеке жағдайындағы жалпы тепе-теңдік орнауын қарастырдық. Бірақ, нақты өмірде нарықтың тұрақтылығын ұстап тұру қиын немесе мүмкін емес. Жалпы тепе-теңдіктің қарастыратын басты мәселесі мынада, яғни бәсекелі экономикалық жүйе барлық ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете ала ма, сонымен қатар әрбір субъект өзінің экономикалық мақсаттарына жете ала ма деген мәселелерді қарастырады. Бұл идеяны, яғни жалпы тепе-теңдік теориясын алғаш рет швейцар экономисі Леон Вальрас (1834 - 1910) ашқан. Ол өзінің белгілі «аукционист моделі» арқылы жалпы тепе-теңдікті белгілі бір қағидаларға сүйене отырып сипаттайды. Оның моделі тепе-теңдікке жету механизмін трансакциондық шығындардың қатысынсыз сипаттайды, бұл модельде уақыт факторы ескерілмейді, яғни нарықтық келісімдер бірден немесе қас-қағым сәтте тек дайын тауарларға жасалады. «Аукционист» Адам Смиттің «көрінбейтін қол» моделі сияқты толық нарықтық ақпаратқа ие бола отырып, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыратын бағалар жиынтығын іздейді. «Аукционист» - бұл нарықты тиімділікке жетелейтін автоматты өзін-өзі реттеу механизмі.

Л. Вальрастың «аукционист» моделі де, А. Смиттің «көрінбейтін қол» әрекеті де (бұл 1776 жылы пайда болған идея) нарықты жалпы тепе-теңдікке бағыттайтын күш ретінде сипатталады. Бұл итермелеуші күш - пайдаға ұмтылу, әрбір жеке кәсіпкерді өз пайдасын максималдауға мәжбүрлейтін бәсекелік күрес деген сөз. Бәсекелі өндіріс нәтижесінде кәсіпкерлер барлық қоғамның мүдделері үшін әрекет етеді. Бірақ, бұл ресурстарды тиімді қолдану кезінде ғана болуы мүмкін. Ресурстарды тиімді қолдану деп біз сол ресурстарды тиімді пайдалану жолында ең жақсы нәтижеге жету дегенді түсінеміз, немесе, басқаша сөзбен айтқанда, ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмау және ешқандай пайданы жоғалтпау деген сөз.

Тиімді өндірістің шарты болып ресурстарды тиімді бөлу табылады. Сәйкесінше, бәсеке ресурстарды тиімді бөлудің табиғи стимулы және ұйымдастырушысы болып табылады.

Адам Смиттің идеяларын әріқарай өңдеген итальяндық экономист Вильфредо Парето (1848 - 1923) болды. Ол ресурстарды тиімді бөлудің критерийін анықтады: нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінеді деп санады. Мұндай тиімді бөлуді Парето - тиімді бөлу деп атайды. Сонымен, нарық тиімділігінің критерийі Парето - тиімділік болып табылады.

Парето бойынша ресурстарды бөлудің тиімділігі қоғамдық пайдалылықты максималдауға тырысатынын айтқан маңызды, бұл аса маңызды критерий болып табылады.

Бірақ қоғамның әл-ауқаттылығы қалай максималды деңгейге жетеді? Бұл әл-ауқаттылық экономикасының неоклассикалық теориясының басты сұрақтарының бірі. Әл-ауқаттылық экономикасы теориясының пәні экономикалық оптимум моделін жасау және экономикалық жүйенің тиімділігі мен ресурстарды тиімді бөлудің әділеттілігі арасындағы арақатынастың мәселелерін шешу болып табылады. Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдаудың мүмкіндіктерін зерттеуде «Эджуорт қорабы» деген модель (сурет 12. 1) қарастырылады. Бұл модель екі субъектінің пайдалылықтарын сипаттайтын диаграмма болып табылады және ол экономикалық иігіліктердің тиімді бөліну шартын анықтауға көмектеседі, яғни экономикалық игіліктерді өзара айырбастау кезінде субъектілердің пайдалылығы максималды деңгейге жетеді деп тұжырымдалады.

Салтанаттың наны

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0с

6

5 5 1

4 2

Болаттың 3 3 Салтанаттың

шоколады 3 шоколады

2 4 UB3 4

2

1 1 UB1 5

UA3 UA1 6

0Б 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Болаттың наны

Сурет 12. 1. «Эджуорт қорабы»: айырбас тиімділігі

Екі қоғамдық топты сипаттайтын Болат пен Салтанат деген екі тұтынушының арасындағы екі тауармен айырбас жүргізу моделін мысал ретінде қарастырайық. Суретте бір - біріне қарап тұрған координаттардың екі жүйесі көрсетілген, олардың осьтері тіктөртбұрышты құрайды. Тіктөртбұрыштың оң жақ жоғарғы бұрышы - Ос координат жүйесінің басы, бұл жүйеде Салтанаттың талғамсыздық қисықтарының картасы орналасқан. Тіктөртбұрыштың сол жақ төменгі бұрышы - Об координата жүйесінің басы, бұл жүйеде Болаттың талғамсыздық қисықтарының картасы орналасқан. Горизонталды осьте А тауары (нан) және вертикалды осьте Б тауары (шоколад) көрсетілген, сәйкесінше, А тауарының саны 10 дана және Б тауарының саны 6 дана болсын. Айталық, бастапқыда игіліктер 1 нүктесі арқылы бөлінеді, яғни Болатта 7 дана нан және 1 дана шоколад бар (сондықтан ол наннан гөрі шоколадты жоғары бағалайды) . Дәл сол нүктеде, Салтанаттың қолында 3 дана нан және 5 дана шоколад бар (оның қолында шоколад көп, сондықтан ол Болатқа қарағанда нанды жоғары бағалайды) . Бұл нүктеде тұтынушылардың алмастырудың шекті нормалары (MRS) сәйкес келмейді. MRSС = 3, MRSБ = ½, бұл өзара пайдалы келісімдер жасауға мүмкіндік береді. UС1 және UБ1 талғамсыздық қисықтары 1 нүктесінде қиылысады. Бұл нүкте өзара пайдалы келісімдер ауданы (суреттің боялған бөлігі) болып табылады. Бірақ, әрбір өзара пайдалы келісімдер кезінде игіліктер тиімді түрде бөліне бермейді. Мысалы, 2 нүктесінде де келісім өзара пайдалы болып табылады (Болат қосымша бір шоколадқа ие болады, ал Салтанат өзіне қажет қосымша нанға ие болады) . Бірақ, талғамсыздық қисықтары бұл нүктеде де қиылысады, алмастырудың шекті нормалары (MRS) тең емес. Игіліктерді тиімді бөлудің шарты айырбасқа қатысушылардың MRS теңдігі болып табылады, нәтижесінде контрагенттердің әл-ауқатын олардың біреуінің жағдайын төмендетпей жақсартуға болмайды, яғни игіліктерді Парето - тиімді бөлу шарты орындалу қажет. Ол тиімді бөлу шартын суреттегі 3, 4 және 5 нүктелері сипаттайды, бұл нүктелерде талғамсыздық қисықтары бір-бірімен жанасады және олардың көлбеулері бірдей. Сәйкесінше, MRSС = MRSБ. Бұл ереже көптеген тауарлармен алмасушы көптеген тұтынушыларға тән: айырбасқа қатысушы тұтынушылардың тауарлардың кез-келген жұптарының MRS - тері бірдей, яғни тең болғанда ғана ресурстар немесе игіліктер тиімді бөлінеді. Сонымен, айырбасқа қатысушы барлық субъектілердің біруақытта тепе-теңдік жағдайға келуі тиімді келісім - шарт жасаумен сипатталады:

MRSС шок., нан = (Р шок. / Р нан) = MRSБ шок., нан. (1)

Бұл формула бәсекелі нарықтарда тепе-теңдікке жету шартын сипаттайды. Бәсекелі тепе-теңдікті экономисттер Вальрас тепе-теңдігі деп атайды. Бәсекелі тепе-теңдіктің негізінде бәсекелі механизм жағдайында барлық нарықтардағы сұраныс пен ұсынысты теңестіретін бағалар жиынтығын орнату жатады.

Жоғарыдағы суретке оралсақ, Ос - дан Об нүктесіне дейін өтетін қисық Салтанат пен Болаттың алмастырудың шекті нормалары бір-біріне тең талғамсыздық қисықтарының барлық жанасу нүктелерін қосады. Барлық тиімді келісімдер жасауды сипаттайтын қисықты, яғни игіліктерді тиімді бөлудің барлық жағдайларын көрсететін қисықты келісімдер жасау қисығы деп атайды. Дәл сол келісімдер жасау қисығы екі субъектінің арасындағы игіліктердің Парето - тиімді бөлуінің графикалық сипаттамасы ретінде қарастырылады.

Сурет 12. 2 - де координат басынан дөңес орналасқан келісімдер жасау қисығы көрсетілген. Ол «Эджуорт қорабындағы» (сурет 12. 1) талғамсыздық қисықтарының барлық жанасу нүктелері арқылы өтетін (3, 4, 5 нүктелері) өзімізге белгілі қисықты көрсетеді.

Салтанаттың пайдалылығы

………. 4

. . . 3

. 5

0 U2 U1 Болаттың пайдалылығы

Сурет 12. 2 Қол жетімді (мүмкін) пайдалылық қисығы

Бұл қисықтың кез-келген нүктесі қоғамда игіліктерді бөлудің максималды пайдалылығын арттыратын Парето бойынша тиімділікті сипаттайды. Басқаша айтқанда, бұл қоғам үшін қол жетімді пайдалылық қисығы. Айталық, барлық қоғам Салтанат пен Болат деген екі тұтынушыдан құралады. 3 нүктесінен 4 нүктесіне жылжыған кезде қоғамның бір тобы үшін, яғни Болат үшін игіліктердің пайдалылығы төмендейді. Керісінше, қоғамның басқа бір тобы үшін, яғни Салтанат үшін пайдалылық артады. Бірақ қол жетімді пайдалылық қисығының қандай нүктесінде қоғамның әл-ауқаттылығы максималды деңгейге жетеді? Парето бойынша тиімділік қоғам үшін әл-ауқаттылықты тиімді бөлу туралы сұраққа жауап бере алмайды.

Енді сурет 12. 3 - ке назар аударайық.

Қол жетімді пайдалылық қисығы (сурет 12. 3) қоғамның екі мүшесі (Салтанат пен Болаттың) арасында игіліктердің Парето бойынша тиімді бөлінуі кезінде жүзеге асырылатын пайдалылықтардың барлық нұсқаларын көрсетеді. Координат басынан ойыс орналасқан біз үшін жаңа қисықтар - бұл қоғамдық талғамсыздық қисықтары, немесе әл-ауқаттылықтың теңдігін сипаттайтын қисықтар болып табылады. Қоғамдық талғамсыздық қисықтары , жеке талғамсыздық қисықтары қоғамның әл-ауқаттылық деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі әлеуметтік топтардың пайдалылықтарының барлық комбинациясын көрсетеді, сондықтанда бұл қисықтар қоғамның бірдей қолайлы пайдалылықтарын көрсетеді.

UC

U3

Max

U2

U1

Қол жетімді пайдалылық қисығы

0 UБ

Сурет 12. 3 Қоғамның әл-ауқаттылығын арттыру

Қоғамның әл-ауқаттылығының әртүрлі деңгейлерін сипаттайтын қоғамдық талғамсыздық қисықтарының картасы бар. Координат басынан неғұрлым алыс орналасқан қоғамдық талғамсыздық қисығы әл-ауқаттылықтың соғұрлым жоғарғы деңгейін көрсетеді. Бірақ қоғам қол жеткізе алатын әл-ауқаттылықтың ең жоғарғы деңгейін қол жетімді пайдалылық қисығының қоғамдық талғамсыздық қисығымен жанасу нүктесі ғана сипаттайды. Сонымен, қоғамның әл-ауқаттылығын максималдайтын тиімді бөлініс қоғамдық талғамсыздық қисығы мен қол жетімді пайдалылық қисығының жанасу нүктесінде орын алады.

Қарастырылған бұл мысал таңдау мәселелерін талдау кезіндегі қолданылатын бізге белгілі талғамсыздық қисықтарының универсалды сипатын көрсетеді.

Әл - ауқаттылық экономикасы деп біз қоғамның әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін ресурстардың автоматты түрде тиімді бөлінуіне мүмкіндік беретін механизмге жүгінетін шаруашылық жүйесін түсінеміз. Әл - ауқаттылық экономикасының теориялық негіздерін алғаш рет ағылшындық экономист Александар Пигу (1877 - 1959) енгізген.

Қоғамдық әл-ауқаттылықты максималдау мәселесімен байланысты әл-ауқаттылық экономикасының екі теоремасы бар.

Әл-ауқаттылық экономикасының бірінші теоремасы бәсекелі тепе-теңдік жағдайында ресурстардың бөлінуі Парето бойынша тиімді бөлінеді деген қағидаға негізделеді. Яғни, егер келісім жасаушы барлық субъектілер өз пайдалылықтарын максималдай алса, онда нәтижесінде қоғамның әл-ауқаттылығын арттыратын қоғамдық тұрғыдан ресурстардың тиімді бөлінуі орындалады. Бұл теорема Парето бойынша тиімділікке жету құралын ұсынады: бұл - бәсекелік нарық механизмі. Оның көмегімен ақпарат жинау жинау және ортақ шешімдер қабылдау бойынша арнайы құрылымдар құрмай-ақ мыңдаған субъектілер арасындағы игіліктерді Парето бойынша тиімді бөлу механизмі қамтамасыз етіледі. Ол үшін игіліктерді тиімді бөлуші әрбір субъект кез-келген тауардың бәсекелі нарықтық бағасы туралы ақпаратқа толық ие болуы қажет.

Әл-ауқаттылық экономикасының екінші теоремасы игіліктердің әрбір тиімді бөлінуі тұтынушылардың тиімді таңдау нүктелерін қамтамасыз ететін игіліктер бағаларының жиынтығы кезіндегі соңғы бәсекелі тепе-теңдікті көрсетуі керек деген қағидаға көңіл аударады. Осыған байланысты екі маңызды қорытынды жасауға болады. Біріншісі, игіліктерді тиімді бөлуді қамтамасыз ету және бөлу нәтижелерінің өзі мәні жағынан - әртүрлі мәселелер дегенге негізделеді. Бұл нарық бағалар табиғатының екіжақтылығында көрінеді, ол баға біруақытта игіліктердің сиректілігін бейнелейтін аллокативтік функцияны, және осы игіліктердің сатып алыну көлемін анықтайтын дистрибутивтік (бөлу қызметін) қызметін орындайды. Екіншісі, нарықтық механизм игіліктерді тиімді бөлуді қамтамасыз ете алады, бірақ ол механизм мұндай тиімді бөлудің әділеттілігін есептемейді дегенге негізделеді. Бұл игіліктердің аса әділетті бөлінуі мақсатымен қоғамның әл-ауқаттылығын бөлу үрдісіне араласу үшін негіздеме болып табылады.

Қоғамның әл-ауқаттылығының тиімділігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әділеттілік туралы мәселе кезінде маңызды анықтаушы нәрсе ресурстардың бөлінуінің тиімділігін қамтамасыз ету және максималды пайдалылыққа жету болып табылмайды. Айталық, келісімдер жасау қисығы (сурет 12. 2) мүмкін пайдалылықтардың шекарасы болып табылады. Қисықтың бойында жатқан кез-келген нүкте тиімді бөлуді көрсетеді. Бірақ қандай нүкте әділетті бөлуді қамтамасыз етеді? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз тұтынушылардың пайдалылықтарын өзара салыстыру қажеттілігін еске саламыз. Бірақ, пайдалылықты сандық жағынан өлшеу мүмкін емес (бұл мәселе бізге үшінші тақырыптан белгілі), сондықтанда, әл-ауқаттылықты тек бағалауға ғана болады және бұл бағалаулар субъективтік көзқарастарға байланысты болады.

Сонымен, әл-ауқаттылықтың тиімділігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әділеттілік мәселесін шешуде әділеттілік критерийлері туралы ұсыныстар маңызды болып табылады. Тиімді бөлудегі әділеттілікті анықтаудың әртүрлі критерийлерін қолданудың өзі әділеттілік туралы әртүрлі шешімдерді береді және бөлудің нәтижелері де әртүрлі болады.

Әділеттіліктің эгалитарлық сипаттамасы (эгалитаризм) қоғамның барлық мүшелеріне игіліктердің бірдей теңестіріліп бөлінуіне негізделеді, бұл жағдайда әрбір азаматқа игіліктер теңбе-тең бөлінеді. Бөлудің мұндай бағыты қоғамның кез-келген мүліктік теңсіздігін жояды.

Келесі сипаттама Джон Роулстың атымен байланысты, әділеттіліктің роулсиандық сипаттамасы (роулсианство) қоғамның ең аз қамтылған мүшелерінің әл-ауқаттылығын жоғарылату кезіндегі игіліктердің бөлінуін әділетті деп санайды. Бұл бағыт қоғамның кедей топтарының әл-ауқаттылығын көтеруді қарастырады.

Әділеттіліктің утилитарлық сипаттамасы (утилитаризм) қоғамның әл-ауқаттылығына тән байланыстарды көрсете отырып, қоғамның барлық мүшелерінің жиынтық әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін кез-келген бөлуді әділетті деп санайды.

Әділеттіліктің нарықтың сипаттамасы әділеттілікті нарық орнатады және кез-келген тепе-теңдік бөлу әділетті болып табылады дегенге негізделеді. Әрине, мұндай жағдайда игіліктерді бөлуде теңсіздіктер тереңдеп кетуі мүмкін.

Бұған дейін біз тұтынушылардың арасындағы игіліктерді бөлудің тиімділігін қарастырдық. Бірақ бұл тиімділік экономиканың жалпы тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып табылады. Ол үшін өндірушілер де игіліктерді тиімді бөлумен айналысулары қажет.

Өндіріс факторларының тиімді қолданылу шарттарын қарастыру үшін тағы да «Эджуорт қорабын» пайдалануға болады (сурет 12. 4) .

Шоколад өндірісіне қажет еңбек

Нан өндірісіне D Шоколад

қажет өндірісіне

капитал қажет

С капитал

В А

Нан өндірісіне қажет еңбек

Сурет 12. 4 «Эджуорт қорабы»: өндіріс тиімділігі

Координаттардың бір-біріне қараған осьтерінде нан мен шоколадты өндірудің факторлары орналасқан. Диаграмманың әрбір нүктесі осы екі тауарды өндіруге қажетті еңбек пен капитал шығындарын көрсетеді.

Изокванталар жиынтығы еңбек пен капитал шығындарының әртүрлі комбинациялары кезіндегі нан мен шоколадты өндірудің көлемдерін көрсетеді. Бір тауардың шығарылуын екінші бір тауарды өндіруді қысқартусыз көбейтуге болмаған жағдайда ғана өндіріс факторлары тиімді бөлінеді. Мысалы, А нүктесінде өнім өндіру тиімсіз, өйткені, боялған аудандағы өнім өндіру нұсқалары ең жақсы нәтижелерді береді. В, С және D нүктелері - шығындарды, яғни өндірісті тиімді бөлудің жолдары. Бұл нүктелерде нан мен шоколад өндірудің изокванталарының көлбеулері бірдей, және, сәйкесінше, еңбекті капиталмен технологиялық алмастырудың шекті нормалары бірдей болып табылады (4 - ші тақырыпты қараңыз) . Тепе-тең нүктелерде өндірушілер өз шығындарын минималды деңгейге жеткізеді, еңбек пен капиталдың шекті өнімділіктерінің қатынастарымен олардың бағаларының қатынастары теңеседі:

MPl / MPk = Pl / Pk (2)

Яғни, өндіріс факторлары мына теңдік жағдайында тиімді қолданылады:

MRTSkl = Pl / Pk (3)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік туралы
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік
Экономикалық тепе - теңдіктің қалыптасуы
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Тауар нарығындағы макроэкономиалық тепе-теңдік. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналасындағы тербеліс автономды шығындар мультипликаторы
Нарықта ұсыныс
Нарықтық тепе-теңдік және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz