Спиритизм


Спиритизм
Магнетизмді, спиритизмді жәдігөйлік, мұның сырын ашып Інім масқара қылайын деп Еуропа білімділері ізіне түссе де, көздері жеткен соң, бір қуаттың барлығын еріксіз мойындады. Кейбіреуі өзі істеп көріп анықтайды. Бірақ түп себебін тапқан әзір ешкім жоқ. Сол ізерлеген білімділердің сөзін айтайын. Ожен Ноппер айтады: мен басында спиритизмге күліп едім, енді оным . ынтымақтық екенін білдім дейді. «Равель» газетінің ғылым туралы жазушысы Виктор Моние айтқан: бұл спиритизм физиктердің, (дене) жаралыс жолын қуғандардың қуалаған ойларының үстіне балта көрмеген орман ағашындай өсіп жоғарылауда деген. Сол газеттің бас жазушысы Август Багери айтқан: алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында анықтығына он төрт мың адам нанып қол қойған спиритизмге өзім тәжірибе қылып, қынап, еріксіз нандым деген. Оның «Миед Дели Стуар» деген кітабы бар. Сонда белгілі сперт Дожерден деген әйелдің істері туралы сөйлейді. 1896 жылы Нансы дәрігерлік факультетінің профессоры Брангейер магнетизм жолымен ұйықтатып емдеуге бола ма екен деп, бір адамды ұйықтатып сынағанын айтады. С . . . ұйықтап оянғанда (оған) артындағы столдағы күміс қасықты қалтаңа тық, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда күміс қасықты алып, жоқ, бұл ұрлық болады, бұл жарамайды деп қайта қойды дейді. Ұғындыруым нашар болғанын біліп, бір күні тағы артындағы күміс қасықты ұрламасқа лажық жоқ, қалтаңа тың, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда артындағы столға қарап, асықты алды да, не болса да лажым жоқ деп, қасықты қалтасына тықты. Мені көрмедім деді.
1843 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетінің 14 июньде шыққан номерінде Гарте Догасиен қол қойған «Ұйқыда кезу» деген мақалада айтады: Валери Обал көшесінде 243-нөмірлі үйде доктор Коканның ауру қарайтын бөлмесінде гипнотизм жолымен қатты ұйықтатқанды көрдік дейді. Лапонтин деген гипнотезер 22 жасында бір әйелдің шіріген тісін докторға алдыру үшін ұйықтатып, денең түк нәрсені сезе ме деп сұрағанда, сезбейді деп жауап берген соң, әйелдердің қалпақ шәлі бекітетін инелерін әлгі әйелдің бетіне, білегіне, тіліне сұқса да, түк сезбейді. Доктор әдейі ауыртпақ болып, тісінің етін қандауырмен тіліп, тісін суырғанда қапы бұрқыраса да, әйел түк білмей, оянған соң да түк ауырмағанын айтты. Сонда жиырма шақты кісі көріп тұрдық дейді.
Мұнан отыз жылдай бұрын Үндіқытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау үшін, жан шақырып сөйлесіп отырғанда, бұрын өлген жолдастарының жаны келіп: «мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны төлеп алмай өліп едім. Сол маған қиын болып жүр. Сіздер мархабат қылып, капитанға сол ақшаны төлеңіздер» деген. Капитаннан сұраса, ұмытып қалыппын деген. Аналар жалынып, сол жылғы книгасын қараса, дәл болып шыққан.
Марсельде осындай бір сынау жасап отырғанда, бір жан кеп, көршілеріңізді, қант саудагерін шақырыңыз, соған айтатын бір сөзім бар десе, саудагер мұндайға нанбай, жәдігөйлік дейтіндігінен келмейді. Жан: «Келсін. Қызыл теңізге жіберген кемесі жайында айтамын», - деген соң, саудагерді жалынып-жалпайып алып келгенде: «Қане, жәдігөй, маған не айтасың?» - дейді. Жан айтыпты: «Мені қаралағанда не табасың, сорлы, сен сәрсенбі күні Қызыл теңізге бір кеме жібердің, сонша қант, сонша қызметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше, кеме он екі сағаттан соң толқынға ұшырап, жағаға тоқтап, оны - мұнысын түзетіп және жүрді. Ион жиегіне шейін жақсы барса да, Метабан тұмсығында қатты толқын болып, компасы (қыбыламасы) сынып, жолдан адасты. Таңға жақын бір нәрсеге қатты соқтығып, бір адам тірі қалмай суға кетті. Мен - солардың бірінің жанымын. Саған хабар бергелі келдім. Өкімет есітіп, тексеріп жатыр. Бұрнағы күні пристаньға хабар келеді. Сонда менің жәдігөй еместігімді білерсің», - дейді. Айтқандай хабар келіп, бәрі дәл шықты.
Спиритизм жайын тексеруші Озен Носи жазады: 1759 жылы Англияның әскері Американың тұрғын халқымен соғысқанда коменданты Цицерь Уильяме, Джонсон Сосет Мэрдағы Американ адамдарына елші жіберіп, Нигера қаласына келсін, сол жерде бітім шартын жасайық дейді. Алдындағы соғыста американдықтарға қолға түскен Александр Калмри деген офицері, елші барғанда, Американың қолында екен. Сол айтады: «Елші келген соң, американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір үлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатты. Сонда шатыр солқылдап, біресе олай, біресе былай қисайып, ішінен әлдене түрлі қорқынышты дауыстар шыққан соң, халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталады. Сонда жан шақырушы: «Барғанымызды ұнатады, комендант бізге беріп қайырады, ішінде сондай - сондай сауыттар, бәлендер бар дейді. Аяғында соның бәрі дәл шықты», - дейді.
Париждегі спиритизм мектебінен оқып шыққан түріктің Хасан Марзух деген спириті спиритизм, магнетизм туралы Стамбулда бастырған кітабында айтады: «Біз Парижде бірталай спирит жан шығарғанымызда көбінесе Жасаза деген жанды шақырушы едік.
Онымыздың себебі - оның айтқаны дұрыс шыға беруші еді. Бір шақырғанымда түрік сұлтаны Ғабдулхамиттің зұлымдығын халқына уақытқа дейін тартады деп сұрағанымда: «Патшалығының отыз үшінші жылының тоғызыншы айында тақтан түседі», - деді. Өлімі қашан дегенімізде, Австрия-Венгриядағы Франс Иосифтың ілімінен кейін болар, алты айдан кейін бе, қалай деді».
Ғабдулхамиттің түсуі айтқанындай шықты. Ғабдулхамит Сламекте өлді деген хабар өтірік болады. Енді өлім туралы айтқаны қалай болар екен? Соны ескеру керек дейді Хасан. Ол кітабын Ғабдулхамит түскен соң, 1909 жылы бастырған.
Сниритизмнің Америка, Еуропада алғаш анықталуы. 1847 жылы Германияның Нос фамилиялы бір үйлі жаны Америкаға келіп, Гизонль қышлағында тұрды. Бұл Гизонль Нью-Иорк қаласында, Аркадие ішіндегі Ден-Котлада болады. Фамилиясы америкаша Фокус болды. Бұл бір үйлі жан: бір әке, бір шеше, екі қыз. Қыздың үлкені Маргарет 15-те. Кішісі Кейт 12-де. Бір қатардан соң тұрған үйлерінің төбесі, едені, қабырғасынан неше түрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған үйдегі көрпе - жастық сияқты нәрселері ауысып - шашылып қалатын болады. Басында көпке шейін қорықca да, Кейт үйрене келе: «Aқсақ шайтан, менің істегенімді істеші», - деп, қолын о да шығаратын болды. Сөйте - сөйте жан екенін біліп, Кейт спирит болды. Онан кейін Аери дариясының жағасындағы Ошестр қаласына көшіп келіп, неше түрлі спиритизм ісін көрсете бастаған соң, халық неше рет комиссия шығарып тексерсе де, шығарған комиссияның бәрі алдаусыз, айласыз бір қуаттың барлығын растады. Қара халық оған да болмай, бұл жәдігөй, мұны тірідей кескілейміз деп, Кейтті и өлтірмекші болғанда, өздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: «Мені өлтіріп, денемнің үстінен өтпей, Кейтті өлтіре алмайсыңдар», - деп, Кейтті авар алып қалған. Онан соң Американың Однос Мефс, Руберт Кeep һәм Аондондағы профессор Крокс сияқты данышпандар тексеріп, алдау, айласын бір қуат барлығын анықтадық деп жариялады. Жоғарыда аталған «Ревель» газетінің бас жазушысы Август Багеридің Америкада таяқ жеп, аяғында шындығына он төрт мың кісі қол қойған спиритизм дегені - осы Кейттің ісі. Англияның атақты білімдісі Цормент Крокс айтады: «Ешбір ғылым білмейтін бір сперт жан шақырып келтіргенде, ғылымды философтардың сөздерімен сөйлесіп дұрыс шығады деген соң соны өзім сынап айтқан сөзімнің бәріне де ғылым жолымен жауап берді. Әншейінде ғылым түгіл, жай сөзге жауап бере алмайтын надан», - дейді.
Францияда атақты спирит Жанна д'Арк деген қыз жaнның даусын естіп, соны қағазға жазып отыратын болған. Колбен Штобе деген спирит ақ қағазды столға не сандыққа салып қойca, жан соған жазып кетеді дейді. Громоотвод (жай тартатынды) шығарған Бенжамин Фpaнклиннiң жаны спириттерге келіп, спиритизм жайын үйретеді дейді. Кейбір жандар артымнан дұға қылып, күнәмді кеш деп сұрайтын кісім жоқ, сондықтан жоғарылай алмай жүрмін дейді. Кейбіреуі мойнымда қарыз кетіп, сол бөгет болып жүр деп айтады дейді. Тіпті бір таңырқарлық іс: спириттерге орысша Марс, мұсылманша Марных деген планетадағылардың жаны келіп хабар алысады дейді. Олардың бір түрлі тілі бар. Соның бір-екі ауыз сөзі мынау: «Кеуи қашан бример ем һа еб», ол - тағы қашан келеді деген сөзі.
Атақты бәйіт ақын - жазушылардың бірқатары спиритизм туралы ойларын өлеңдеріне қосқан. Бұл сөзіме Тиопель Коньенің «Спирит» деген кітабы мен Мышланың «Хаққақабат» деген кітабы куә. Францияның атақты ақыны Виктор Гюгоның спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау. Сөз сөйлеп қозғалатын столды бірталай жандар ермек қылып, көңіл жұбатады. Ашық ұғысайық мұндайды жeңiл есептеу орынсыз. Ісі ғылыми ең зор ғалымдар енді бірі Германия тілінде «Спенс» газетасы, оны да өңкей білімділер шығарған фахризм деген болады. Ол - Үндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен, фахризм атанған. Олар оқымай, ешкімнен үйренбей-ақ өзін-өзі жөндеп тазартпай-ақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір үйде отырған бірқатар кісіге менің рұқсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады. Бұл бақсылардың жолы болса керек. Жас күнімізде бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізгенін, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шыққанын көріп едік. Әншейінде оның бірін істей алмайтындығы анық. Жоғарыда аты жазылған түрік сперт Хасан Марзух кітабында айтады. Бір адам көз тигізуші деген соң, соған анау қақпадан алғаш кім кірсе, соған көз тигізші дедік. Біраздан coң қашырға мінген бір топ молда кіріп еді. Әлгі адам тұра келіп қадала қарады. Екі жүз адымдай жерде келе жатқан сопының қашыры тайып жығылып, анадай барып құлады дейді. Қасына барсаң, еш жері ауырған да жоқ қашырын мінді де жөнелді. Көшедегілер қашыр таймаушы еді деп аң-таң. Біз көз тигізгенге аң-таң болдық дейді. Кейде тірі адамның жаны дене сезімінсіз-ақ ғайыпты біледі, адам істей алмайтын іс істейді. Орысша лунатизм, европаша сомнамбулизм дегенді ғылым оқығандар біледі. Ол біздің қазақша айтқанда, кейбір адам ұйқысырап жүріп кетіп, әлде не түрлі істерді істеп, шыға келіп жатып қалады да, оянғанда онысын білмейді. Оны біздің тілде ұйқыда кезу дейді. Мұндайлардың кейбіреулері биік үйдің шатырына шығып, таймастан дәл шеткі қырымен айнала жүріп келіп, сатыдан түсіп, төсегіне жатқан. Ол жүргенде дымды мүлде сезбейді, ұйқыдан оянған соң онысынан өзі түк білмейді. Мұндайлар көп болады. Ондайды өзіміз өз көзімізбен де көрдік. Кейбір адамдардың пәлен жерім тартты, онда солай болушы еді дегені де дәл шығады. Кейде көрген түс бұлжымай дәл келеді. Ол да, тінті, көп. Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап, киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнада көрініп, «көрдің бе, шеше, мен өлдім» деген. Ол баланың, шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай аманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса да, қатын шыдай алмай Парижге келсе, дәл айнадан көрген күні жиені өлген екен. Сіңлісі апам қайғырар деп хат салмайды.
Америкада бір адам өзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол буаз болып қалған coң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да білінетін болған соң, қызды өлтіріп көмген. Біраздан соң бір диірменшіге түнде әлгі қыздың үрейі аруағы келіп: «Мені ломмен өлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасақ, өзіңді жазым қыламын», - деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, миынан дене суреті түгенделген. Жас баланың сәулесі көрініп тұрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, үш күнге шейін тыныштатпайды. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, сперттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойғанда, соған қыздың жаралы пішіні иығынан көрінген, баланың сәулесі түскен, сол сурет күні бүгін ғылым жиналысы үйінде тұр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан Кетти Кипакак деген Америка әйелі де спириттерге келгенде фотография сурет тартатын аппаратпен алған сурет бар дейді.
Бір ғылымды қатын түнде қорасындағы иттер үрген соң, тысқа шықса, еш нәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын өшіргелі жатқанда, күнде жеміс сатып жүрген бір кедей қатын көрінеді де, мен бұрынғымнан да сорлы болдым дейді де, жоғалады. Қайдан келгенін білмей, есікке қараса, ілулі түр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның үйі өртенеді. Бұған көрінген кезде жемісті қатын үйінде ұйқыда екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz