XVIII ғасырдағы Францияның Ұлы буржуазиялық төңкерісі



Кіріспе
Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы.
Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация
1791 жылғы Конституциясы
Төңкерістің екінші кезеңі.
Француз буржуазиялық төңкерісінің үшінші кезеңі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
XVIII ғасырдағы Францияның Ұлы буржуазиялық төңкерісі. 1789 жылғы Адам және азамат құқығының декларациясы.
Франция XVII ғасырдың екінші жартысында шексіз монархия бола отырып, Батыс Еуропаның ең қуатты мемлекетіне айналды. Франция аграрлық мемлекет болса да, онда капиталистік тәртіп XVI ғасырда пай¬да болып, XVII ғасырдың алдында нығайды.
Жаңа өндірістік қатынастардың қорғаушысы үшінші сословие деп аталатыы. Дін басылары мен дворяндар халықтың 1 процентін құрайтын. 26 миллион адамның ішінде тек қана 270.000 дворян болатын. Олар Франция жерлерінің бестен үшіндей еді және салық төлеуден босатылған болатын. Мемлекеттік аппараттың жоғарғы қызмет орындары осы екі топтың қолына жинақталды.
XVIII ғасырда король мен дворяндар өкіметінің беделі бірте-бірте кеми берді. Дворяндар азғындай түсті, олар әскери қызметте де, мемлекеттік қызметте де жанын қинағысы келген жоқ. Король сарайының маңында тұруға тырысты, сөйтіп барған сайын пайдасыз сословиеге айналды. Олардың пайдасыз, бұзық тұрмыс қалпы халық мойнына түсті. Дворян¬дар шапан және сарай дворяндары болып екі топқа бөлінетін: шапан дворяндары жеңілдікгерді корольдің өзінен алатын және олардың жағдайлары сарай дворяндарымен салыстырылғанда төмендеу еді. Дворяндардың осы екі тобы тоцкеріс кезінде реакциялық күшті кұрды. Үшінші топ буржуазия, шаруа, уақ саудагерлер, қолөнершілер, жұмысшылар болды. Бұлар салық төлейтін үшінші сословие. Шаруалар ерікті болғанымен, феодалдық міндеттілікті төлейтін еді. Сол кезде Францияда шаруалар феодалдарға чинш натуралдық борьштық шіркеуіне алған өнімнің оннан біріи төлейтін. Капиталистік қарымқатынастардың дамуына байланысты олардың төлейтін ақшалық ренталары өсіп, күшейе түсті. Бұл жағдай шаруаларды қайыршылықка алып келді. Олар кедейге және қаңғымаға айналды. ХЛ1П ғасырда шаруалардың көтерілістері көп болды.
Үшінші сословиенің саяси авангарды буржуазия болатын. XVIII ғасырда Францияда өнеркәсіп пен сауда жедел дамыды. Париж қаласында көптеген сәнді киімдер, түрлі жиһаз, сәнді арбалар, зергерлік бұйымдар шығарылды.
Елдің солтүстік-шығыс жағында мата, шілтер, жүн маталар өндіру ұлғая түсті, Лион жібек тоқу өңдірісінің маңызды орталығына айналған қаласы. Франциядан астықты, шарапты, өнеркәсіп бұйымдарын шетке шығарудың ұлғаюы француз буржуазиясын байытты. Бірақ шетке шығаруды негізінен корольдан айырықша құқық сатып алған компаниялар ғана жүргізе алатын. Буржуазияның қалың бұқарасы бұл артықшылықты жоюды және барлық капиталистср үшін сауда кәсібіне толық бостандық беруді талап етті.
Буржуазияірі, орта және уақ топтарға бөлінетін. XVIII ғасырдың алдында буржуазия күшейіп, бүкіп мемлекеттің экономикасын өз қолында ұстады. Олардың қолында сауда, өнеркәсіп орындары жиналған еді және олардың прогрессивтік идеологияны қолдағаны да мәлім.
Сол кезде Францияны басқарған патша Он алтыншы Людовик. Оның патшалық кезеңі реакцияға айналды. Ол төлемдерді төлейтін шараларды көбейтті. Одан басқа төңкеріске әкеліп соққан басқа да себептер бар. Франция қатарынан бірнеше жыл апатқа ұшырады: 1785 жыл құрғақшылық жылы болды, 1787 жылы жібек құрттардың қырылып қалуына байланысты жібек шығаратын өнеркәсіп кеміді, 25000 жұмыскер жұмыссыз қалды. 1788 жылы егіндерді қалың бұршақ жауып құртты, 17881789 жылдың қысы қатты болып, жүзім плантациялары мен бау-бақшаларды құртты.
1787 жылы Франция мен Англияның арасындағы баж салығы жойылды да, Францияға Англиядан келген жүн және мақта шығаратын кәсіпорын кеміп, 400 мыңдай адам жұмыссыз қалды. Мемлекеггің қарызы 4, 5 млрд. ливрға жетті. Өнеркәсіп дағдарысына қаржы дағдарысы қосылды.
1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999ж.
2. Булгакова Д. А. Истаев А. Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2004 ж.
3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 1993
4. Федоров К.Г., Лисневский Э.В. История государства и права зарубежных стран. Ч 1- Ростов на Дону 1994
1. БСЭ, том 28, г.Москва , 1978 г.
2. ЭС, том 2, г.Москва, 1964 г.
3. История государства и права зарубежных стран, г.Москва, 1980 г., под редакцией П.Н. Галонзы.
4. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран, г.Москва, 1984 г.
5. Корсунский А.Р., «Образование раннефеодального государства в Западной Европе», г.Москва, 1963 г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы. 3
Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация 5
1791 жылғы Конституциясы 6
Төңкерістің екінші кезеңі. 7
Француз буржуазиялық төңкерісінің үшінші кезеңі. 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

XVIII ғасырдағы Францияның Ұлы буржуазиялық төңкерісі. 1789 жылғы Адам
және азамат құқығының декларациясы.
Франция XVII ғасырдың екінші жартысында шексіз монархия бола отырып,
Батыс Еуропаның ең қуатты мемлекетіне айналды. Франция аграрлық мемлекет
болса да, онда капиталистік тәртіп XVI ғасырда пайда болып, XVII ғасырдың
алдында нығайды.
Жаңа өндірістік қатынастардың қорғаушысы үшінші сословие деп аталатыы.
Дін басылары мен дворяндар халықтың 1 процентін құрайтын. 26 миллион
адамның ішінде тек қана 270.000 дворян болатын. Олар Франция жерлерінің
бестен үшіндей еді және салық төлеуден босатылған болатын. Мемлекеттік
аппараттың жоғарғы қызмет орындары осы екі топтың қолына жинақталды.
XVIII ғасырда король мен дворяндар өкіметінің беделі бірте-бірте кеми
берді. Дворяндар азғындай түсті, олар әскери қызметте де, мемлекеттік
қызметте де жанын қинағысы келген жоқ. Король сарайының маңында тұруға
тырысты, сөйтіп барған сайын пайдасыз сословиеге айналды. Олардың пайдасыз,
бұзық тұрмыс қалпы халық мойнына түсті. Дворяндар шапан және сарай
дворяндары болып екі топқа бөлінетін: шапан дворяндары жеңілдікгерді
корольдің өзінен алатын және олардың жағдайлары сарай дворяндарымен
салыстырылғанда төмендеу еді. Дворяндардың осы екі тобы тоцкеріс кезінде
реакциялық күшті кұрды. Үшінші топ буржуазия, шаруа, уақ саудагерлер,
қолөнершілер, жұмысшылар болды. Бұлар салық төлейтін үшінші сословие.
Шаруалар ерікті болғанымен, феодалдық міндеттілікті төлейтін еді. Сол кезде
Францияда шаруалар феодалдарға чинш натуралдық борьштық шіркеуіне алған
өнімнің оннан біріи төлейтін. Капиталистік қарымқатынастардың дамуына
байланысты олардың төлейтін ақшалық ренталары өсіп, күшейе түсті. Бұл
жағдай шаруаларды қайыршылықка алып келді. Олар кедейге және қаңғымаға
айналды. ХЛ1П ғасырда шаруалардың көтерілістері көп болды.
Үшінші сословиенің саяси авангарды буржуазия болатын. XVIII ғасырда
Францияда өнеркәсіп пен сауда жедел дамыды. Париж қаласында көптеген сәнді
киімдер, түрлі жиһаз, сәнді арбалар, зергерлік бұйымдар шығарылды.
Елдің солтүстік-шығыс жағында мата, шілтер, жүн маталар өндіру ұлғая
түсті, Лион жібек тоқу өңдірісінің маңызды орталығына айналған қаласы.
Франциядан астықты, шарапты, өнеркәсіп бұйымдарын шетке шығарудың ұлғаюы
француз буржуазиясын байытты. Бірақ шетке шығаруды негізінен корольдан
айырықша құқық сатып алған компаниялар ғана жүргізе алатын. Буржуазияның
қалың бұқарасы бұл артықшылықты жоюды және барлық капиталистср үшін сауда
кәсібіне толық бостандық беруді талап етті.
Буржуазияірі, орта және уақ топтарға бөлінетін. XVIII ғасырдың алдында
буржуазия күшейіп, бүкіп мемлекеттің экономикасын өз қолында ұстады.
Олардың қолында сауда, өнеркәсіп орындары жиналған еді және олардың
прогрессивтік идеологияны қолдағаны да мәлім.
Сол кезде Францияны басқарған патша Он алтыншы Людовик. Оның патшалық
кезеңі реакцияға айналды. Ол төлемдерді төлейтін шараларды көбейтті. Одан
басқа төңкеріске әкеліп соққан басқа да себептер бар. Франция қатарынан
бірнеше жыл апатқа ұшырады: 1785 жыл құрғақшылық жылы болды, 1787 жылы
жібек құрттардың қырылып қалуына байланысты жібек шығаратын өнеркәсіп
кеміді, 25000 жұмыскер жұмыссыз қалды. 1788 жылы егіндерді қалың бұршақ
жауып құртты, 17881789 жылдың қысы қатты болып, жүзім плантациялары мен бау-
бақшаларды құртты.
1787 жылы Франция мен Англияның арасындағы баж салығы жойылды да,
Францияға Англиядан келген жүн және мақта шығаратын кәсіпорын кеміп, 400
мыңдай адам жұмыссыз қалды. Мемлекеггің қарызы 4, 5 млрд. ливрға жетті.
Өнеркәсіп дағдарысына қаржы дағдарысы қосылды.

Төңкерістік жағдайдың қалыптасуы.

Өндіргіш күштер мен олардың дамуына кедергі болып отырған ескі
феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар буржуазиялық
революцияның негізгі себебі болды. Нығайып алған буржуазия абсолюттік
монархияға да, феодалдық тәртіптерге де көнгісі келген жоқ. Халық та
дворяндарға қарсы тұруға әзір еді. Корольдің қазынасы біржолата босап
қалды. Халықтың мүшкіл халы күшейіп, шегіне жетті. Өйткені егіннің шықпауы
қымбатшылық пен азық-түлік тапшылығын тудырды. Кіші шеберлер мен жұмысшылар
арасында жұмыссыздық басталды, кейбір жерлерде көтеріліс шықты. Халық
корольден нан, азық-түліктің арзаңдауын сұраса, буржуазия белсенді саяси
реформалардың өткізілуін, адамдардың сословияларға бөлінуін жоюды, еркін
сауда істеуді, мемлекет басқаруға мүмкіншілік туғызуды талап етті.
Франция патшасы Он алтыншы Людовик өте жігерсіз, өтірікші және
екіжүзді адам еді. Ол бұл жағдайды түсінген жоқ. Ол мемлекетті басқару
жұмыстарымен бас ауыртнай, бүкіл басшылықты өзінің Мария Антуанетта деген
әйеліне бере салған болатын. Әйелі Мария Антуанетта жеңіл мінезді,
Австрияның ақсүйегі. Оның ойлағаны той, байлық, мереке болды. Ол қазынаның
ақшасын тойларға жұмсап, мемлекетті кедейлікке әкеліп соқтырды.
1787 жылы король мемлекетке төлейтін салықтың тәртібін өзгерту үшін
нотабльдердің жиналысын өткізді. Оған қатысқан дворяндар ғана (принцтер,
герцогтер, графгар, пэрлар). Король феодалдарға салық төлететін жаңа тәртіп
енгізбек болды. Бірақ ақсүйектер өздерінің наразылығын көрсетіп, корольдың
айтқанына келіскен жоқ. Король жиналысты таратты.
Бірақ 1788 жылдың тамыз айыида король қазынасы біржолата босап қалды
да, қаржы жағдайы тұйыққа тірелді. Сондықтан 1614 жылдан бері 175 жыл
жиналмаған Бас штаттарды шақыру ұйғарылды. Ол жаңа қарыз бен салыққа
келісім алуға үміттенді. Басқаша айтқанда, король және оның шексіз
монархиясы халықты бұрынғыша басқара алмады,
XVIII ғасырда Франция корольдерінің билігі шексіз болатын: ол өзі заң
шығарды, салық бекітті, соғыс бастады және тоқтатты, бейбітшілік, әкімшілік
және сот мәселелерін шешті.
Патшаның билігін шектейтін мемлекеттік органдардың бірі парламенттер.
Олардың арасында ең күштісі және белсендісі Францияның жоғарғы соты Париж
парламенті. Оның юрисдикциясы Францияның үштен біріне жүретін. Парламенттің
негізгі функциялары сот қызметі, бірақ онымен қатар олар саяси істерді де
орындайтын. Мысалы, жасы толмаса да парламент корольдің регентін
тағайындайды, бұл парламенттің маңызды саяси істерінің біреуі. Одан басқа
оның демонстрация құқығы болатын, парламент корольдің бұйрықтарын
тексеруден өткізетін. Францияның соңғы үш королінің де парламент қызметіне
белсенді кіріскені белгілі. Людовик XIV өзі туралы "Мемлекет деген мен"
деген сөздерді парламентпен қайшыласқан жағдайда ғана айтқаны белгілі.
Францияның әкімшілік жүйесі өте күрделі және шиеленісксн болатын. Ол
көптеген провинцияларға, округтер мен губернаторларға бөлінген еді. Негізгі
жергілікті басқарудың басында тұрған адам интендант, ол полицейлік, сот
және қаржы мәселелерін қарастыратын. Мемлекеттің бүкіл қызмет орындары
сатылып алынатын, кейбір орындар мұрагерлікпен берілетін. Қызметкерлер
өздерінің қызмет орындарын сатып алатын, ал мұрагерлік бойынша өтсе де
"полетта" деген салық төленетін.
Корольдің өзі өкіметті басқарды. Ол мынадай жоғары қызметкерлерден
құралатын: канцлер, 4 статсхатшы, әділет министрі, бас қаржы тексеруші,
Ішкі басқару, ауыл шаруашылық, сауда және жолдарды басқаратын қызметкерлер.
4 статсхатшы: сарай, саяси, теңіз және шетел ведомстволарын басқаратын.
Король соғыс және бейбітшілік мәселелерін қарайтын, жоғарғы, қаржы
және депеша Кеңестерін басқаратын. Бұл мемлекеттік органдардың мүшелерін
корольдің өзі тағайындаушы еді.
Үшінші сословие феодалдық жүйеге қарсы шықты. Олар шексіз монархияға
да, феодалдық тәртінтерге де көнгісі келген жоқ. Ауыл шаруаларының ұйымдасу
жағынан істелген қызметтері әлсіз болды, жұмысшьшардың таптары қалыптасып
келе жатқан кезі, осы жағдайда төңкерісті басқаратын күш буржуазиялық
таптар еді. Олар феодалдық тәртіпке қарсы шықты.
Буржуазияның сана сезімінің қалыптасуына Вольтер, Монтескье, Мелье,
Гольбах және Гельвецийлердің ілімдері әсерін тигізді. Монтескье "Заңдар
рухы жайында" деген еңбегінде: "бір адам немесе бір мемлекетгік орган өз
қолына заң шығару, атқару, сот билігін қосып ұстаған кезде бостандық жоқ,
неге десек, олар тирандық заңдар шығарып және соларды орындауға қауіпсіздік
туғызады", деді. Төңкерістің басталуы шаруалар көтерілістеріне байланысты
болды. Шаруалардың талаптарына қала кедейлері қосылып, революцияға қатысқан
адамдардың қатарларын көбейтті. 1789 жылы Францияда төңкерістік жағдай
пайда болды.
Король мен үстем тап сословиесі Францияны бұрынғыша басқара алмады,
халықтың мұқтаждығы мен күйзеліске ұшырауы әдеттегіден күшейе түсті,
бұқараның саяси белсенділігі едәуір артты. Төменгілер ескіше тұрғысы
келмеді, ал жоғарыдағылар ескіше басқара алмады.
Он алтыншы Людовик Париждің халық бұқарасынан қорқып, Бас штаттарды
Версальда шақыруды бұйырды. Ол 1789 жылы 5 мамырда салтанатты түрде ашылды.
Аса үлкен залдың бір жағына тақ алдына алтындаған қамзол және түйетауықтың
қауырсынымен безендірілген қалпақ киген дворяндардың 300 депутаты жиналды.
Екінші жағына көкшіл және ақ киім киген дінбасыларының 300 өкілі орналасты.
Қарапайым ақ жағалы қара киім киінген үшінші сословиенің 600 депутаты арт
жақта тұрды.
Үшінші сословиенің халықтың көпшілігін құрайтыны және елдің бүкіл
байлығы көбіне солардың қолында жиналғаны мәлім. Оның депутаттары өз
күштерін сезінді және ақсүйек дворяндар мен шіркеу иелерін жек
көретіндіктерін жасырған жоқ.
Он алтыншы Людовик жаңа салықты бекітуді бұйырды, Дауыс сословие
бойынша берілетін, бір сословие бір дауысқа ие болатын. Демек дворяндар мен
дінбасыларына еріксіз көндіру мүмкіндігі берілді. Алайда үшінші сословиенің
депутаттары бұған бағынған жоқ. Үшінші сословие дауыс берудің жаңа тәртібін
ұсынды, яғни, әрбір азамат өзі үшін дауыс беретін болсын. Депутаттарға
сайлау кезінде қалалар мен ауылдарда көп талаптар айтылған болатын, олар
көбінесе феодалдық тәртіпке наразылық білдірді. Сонымен, үшінші сословие
өздерінің көптігін пайдаланып, жаңа регламентке қарсы күресіп, тақтың
қарсылығын басты.
Бас штаттардың регламенті күн тәртібінде бір ай қаралды, аяғында дауыс
жаңа "бір депутат бір дауыс"деген тәртіппен берілетін болды.
17 маусым күні Бас штаттар өздерін "Ұлттық жиналыс" деп жариялады,
корольдің оның қаулысын қабылдамай тастауына да, тоқтатуына да құқығы
болған жоқ. Басқаша айтқанда, Ұлттық жиналыс елдегі жоғарғы өкімет болып
табылатынын және корольдің жеке билігіне тыйым салатынын жариялады.
Король мәжіліс залын жабуға бұйырды. Бірақ үшінші сословиенің
депутаттары жақын жердегі доп ойнайтын жерге жиналып, Конституция
жазылмайынша тарамау жөнінде салтанатты түрде ант берді.
Дворяндардың алдыңғы қатарлы бөлігі үшінші сословиеге қосылды. Ұлттық
жиналыс өзін құрылтай жиналысы деп жариялады. Яғни, олардың мәлімдегені
Конституцияны жазып, оны қабылдауға немесе жаңа мемлекеттік құрылыс
орнатуға құқықтарының бар екендігі жөнінде дауыс сословие бойынша емес,
жалпылама берілетін болды.
Корольдің Құрылтай жиналысын таратуы мемлекеттік борыштарды төлеуді
тоқтатуға әзірленіп жатқаны халыққа мәлім болды. Халық бұқарасы
буржуазияның қолдауымен шексіз монархиямен күреске шықты.
Париж халқы Құрылтай жиналысын жақтап, Бастилия деген қамал түрмесін,
шексіз монархияның басты тірегін қоршай бастағаны 14 шілде еді. Бастилияны
алу төңкерістің бастамасы болды. Бұл күні халық бұқарасы көтеріліске шығып,
абсолютизммен күресте шешуші жеңіске жетті. Олар шексіз монархияны жойған
төңкерістік күш ретінде бас көтерді. Кейін Бастилияны жермен-жексен етті,
ал 14 шілде француз халқының жыл сайын атап өтетін ұлттық мейрамына
айналды. Король әскерге сене алмайтынын түсініп, түрлі шаралар қолданды. Ол
Құрылтай жиналысына өзі келіп, әскерге Версальдан және астанадан кетуге
бұйрық етемін деп уәде берді.
Францияның астанасы Париж қаласы төңкеріс орталығына айналды.
Кедейлер, уақ қол өнершілер, сатушылар қаланы басқаратын орган құрды. Ол
Париж Коммунасы деп аталған. Қаланы Париж гвардиясы қорғады. Бастилияның
құлауы Францияның бүкіл халқының көңілін көтерді, ол шексіз монархияның
құлауын қуанышпен қарсы алды. Үшінші сословие бір қатарға тұрып феодалдық
жүйеге қарсы шықты. Шаруалар поместьелерді өртеді, қарыз қағаздарын жойды,
тұтқынға түскен адамдарды асып өлтіріп, өздерінің наразылығын көрсетті.
Құрылтай жиналысы феодализм тәртіптерін жоюға кірісті.
45 тамыз күндерінде феодалдық жеңілдіктердің көбі, мысалы, олардың
қатарында жан басы салығы, тұзға салынатын салықтар, атты және жаяу
барщина, сойылған малдан төленетін салық, феодалдың сарайын баққанына
төлейтін салық, жол салығы және басқа алымдар жойылды. Бірақ жерге төлейтін
алымдар сақталып, барщина мен чинш (жерге төлейтін алым) да сол түрінде
қалды. Сонымен, аграрлық мәселелер формальды ғана шешілген еді. Радикал
түрінде тек шіркеу мәселесі қаралды. Шіркеу жерлері тәркілеуге ұшырады да,
шаруалардың шіркеуге төлейтін салығының оннан бірі жойылды.
Ұлттық жиналыс халыққа қарсы қатаң заң жариялады. Шаруалардың
көтерілістері өте қатты басылып, осы заң бойынша қарумен ұсталған адам өлім
жазасына тартылды. Шіркеу мемлекетке бағынатын болды. Ең қызық жері бұл
шіркеу реформасын бастаган Талейран деген епискөп. Ол мықты дипломат және
саяси күрделі адам еді. Шіркеу жерлерін мемлекет жеке адамдарға сатты.
Шіркеу юрисдикциясы шектеліп, енді ол адамдардың туған, өлгенін тіркемейтін
болды. Бұл қызмет мемлекеттік салаға көшті. Діни қызметкерлер сайланатын
және міндетті түрде мемлекетке ант беретін болды. 1789 жылдың 2 қарашасында
Құрылтай жиналысы шіркеу дүниесі мемлекетке берілуге тиіс деген декрет
жариялаған. Шіркеу жерлерін сатқан жағдайда оларды қаланың бай буржуазиясы
өте жоғары бағалармен сатып алды.
Шаруалар сеньорлардың сарайларын өртеп, феодалдық міндеткерлікпен
борыш, салықтар тіркелетін кітаптарды жойды. Дворяндар үшін "ұлы қорқыныш"
заманы туған еді. Олардың көпшілігі шет елдерге көшті.

Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация

Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация қабылданған 1789
жылдың 26 тамызы тарихи күн. Француз төңкерісінің келесі кезеңі осы белгілі
құжат қабылданғаннан басталады. Жаңа төңкерістік қоғамның принциптерін
жариялаған бұл декларация негізгі бағдарламалық құжат. Төңкерістің негізгі
қайнар көзі француздардың ағартушы өкілдерінен басталады. (Монтескье,
Вольтер, Руссо).
Адамның және азаматтың құқығы туралы декларациясында Заң шығару
жиналысы тәңір алдында және оның қамқорлығымен адамның және азаматтың
төмендегідей құқықтарын мойындайды және жариялайды.
Адамдар ерікті және құқық жағынан тең болып туады. Қоғамдық
айырмашылық тек қана көпшіліктің пайдасына негізделе алады.
Қандай жағдайда болсын саяси одақтың мақсаты адамның табиғи және
ажырамайтын құқықтарын сақтау болып табылады. Бұл құқықтың мәні: бостандық,
меншік, қауіпсіздік және езгіге қарсылық көрсету.
Бүкіл жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі әрқашанда халық, тікелей
ұлттан шықпаған өкімет билігін ешбір мекеме, ешбір адам жүргізе алмайды.
Бостандық дегеніміз басқа адамға зиян келтірмейтін әрекеттің бәрін
жасауға құқылы болу.
Заң дегеніміз ортақ еріктің көрінісі. Заң баршаға бірдей болу тиіс.
Ешкім де өзінің сенімі үшін, тіпті діии сенімі үшін де аландауға тиіс
емес.
Меншік ажырамас және қасиетті құқық болғандықтан, ешкімді одан айыруға
болмайды, заң жүзінде дәлелденген және әділетті, әрі алдын ала ақы төлеуді
ескертетін қоғамдық қажеттілік тұсында ғана одан айыруға болады.
Декларацияда ұлт жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі деп жарияланды.
Бұл тұжырым абсолютизмнің жойылуын, алайда конституциялық монархияның
сақталу мүмкіндігін көрсетті.
Декларацияда адамдар ерікті және құқық жағынан тең болып туады және
солай болып қала береді деп айтылған. Мұның үлкен прогрессивтік мәні болды.
Адамдардың құқық жағынан тең болуы феодалдық артықшылық пен өктемдіктің
жойылуыи көрсетті. Декларация барлық азаматтардың өзі немесе өкілі арқылы
заң қабылдауға, салық белгілеуге қатысу құқығын белгіледі, сөз, баспасөз,
жүріп-тұру бостандығын жариялады. Қалай болса солай қамауға алуға тыйым
салынды.
Декларация буржуазиялық құрылыстың негіздерін жариялады. Онда меншік
дегеніміз мызғымас және қасиетті құқық деп жазылды. Сөйтіп, ол кедейлердің
байларға, жұмысшылар мен шаруалардың капиталистерге тәуелділігін заңмен
бекітті.
Декларацияның үш негізгі формуласы: бостандық, әлеуметтік, теңдік,
ағайындық бүкіл Батыс Еуропаның мемлекеттерін сілкіндіріп жіберді.

1791 жылғы Конституциясы

Құрылтай жиналысында қабылданған бұл Конституция күшіне қыркүйек
айында енді. Монархия сақталып, министрлер королъдің алдында жауапты болып
қала берді. Конституцияның негізін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Революцияның негізгі себептері
Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
Франция буржуазиялық революция қарсаңында
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
Пәндер