Темперамент адамның мінез құлұқы


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Темперамент туралы жалпы ұғым.
2 Темпераменттердің психологик сипаттамасы
3. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттері мен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады ), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356 ) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь ), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық, заттың бір-бірінен аз – көптінгіне байланысты деп түсіеген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық ( латынша «сангиус» - қан ), ал шырын басым болса ( грекше «флегма» - шырын ), флегматик темперамент деп; ол организмде қара өт басым болса меланхолик ( грекше (мелай – нахоле» - қара өт ), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше «холе» - өт ) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйық заттардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де болады деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылулық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатындығын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжәрибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс піеірге берілген үлкен соққы еді.
1. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж

2. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы 2003ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Ж О С П А Р

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Темперамент туралы жалпы ұғым.
2 Темпераменттердің психологик сипаттамасы
3. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Темперамент туралы жалпы ұғым
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен
туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол
адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, жалпы белсенділігінен
жақсы байқалады.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен,
әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттері мен
шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы
қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез
қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай
істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен,
біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше,
сылбыр, жігерсіз болады ), адамның көңіл күйінің
ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз
т.б.) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екінші
біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте
ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның
белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356 )
еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.
Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен
жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға
байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан,
салқындататын – шырын (слизь ), құрғататын – бауырдағы сары өт
және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ ). Осы төрт
түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше красис
деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум
деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы
темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт
түрлі сұйық, заттың бір-бірінен аз – көптінгіне байланысты
деп түсіеген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық
болса, ол сангвиникалық ( латынша сангиус - қан ), ал
шырын басым болса ( грекше флегма - шырын ), флегматик
темперамент деп; ол организмде қара өт басым болса
меланхолик ( грекше (мелай – нахоле - қара өт ), организмде
сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт )
темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйық заттардың бірінен
екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын
түсіндіруге де болады деді, ол мидың рөлін түсіне
білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы
қадамы еді.
Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке
жеткізді. Гален организмде жылулық неғұрлым басым болса,
адамның темпераменті күшті болатындығын, денесі салқын
болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді
түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның
тәнін зерттеу, тәжәрибеге көңіл аудара бастау сол
кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе
дейтін теріс піеірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі
химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге
тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше
физиологик ерекшеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы
жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция
бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады.
Неміс философы И. Кант ( 1724-1804 ) өзінің Антропология
деген еңбегінде темрпераметтің төрт түрі туралы толық
психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен
мінез ұғымдарының бір -біріне балама ретінде
қарастырады.
Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ
кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы
Гейне темперамент-тердің түрліше болуы жүйке жүйесінің
тону сына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л.
Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың
жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті
орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан
сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп
тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми
тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П.
Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми
сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу
процестерінің үш негізгі белгісінің ( күші, тепе-
теңдігі, қозғалғыштығы ) жиынтығынан құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс
істеу қабілеттігі, яғни сыртқы ортаның түрлі
тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Жүйке
жүйесінің тепе -теңдігі деп қозу мен тежелудің бір -
біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің
қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса
алу қабілеттігін айтады.
Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке
жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен,
күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс ісиеу
қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен
сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп
отыратын ) ерекшке қозғалыстағы тип. Күшті типтердің
екіншісі – ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен
тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез
алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен
тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу
қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу
процестері баяу көрініп отырады. Күшті
тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс
тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда
кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі
әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип мөрт сынып
кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі
типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы
түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі
күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам;
холерикті – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы
тежелуінен басым; флегмотиктерді жүйке жүйесі күшті,
қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы
баяу адамдар десе, мелонхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз
типті адамдар деп сипаттайды.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа
да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты.
Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті,
тежелуі әлсіз және қозу мен тежелуі бірдей
күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын ),
сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең
келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың
жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған
тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің
физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын
көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді:
Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы
сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық әрекетіне
белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы
сипаттамасы.
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың
(1896-1965) лабараториясында жүйке жүйесінің типтері
одан әрі зерттеле түсті. Егер, И. П. Павлов өзінің
тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен
оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады.
Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт
түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін
, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекшк маңыз
алатын, бірден- бір ғылыми теория екендігі тағы да
дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д.
Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке
жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға
бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге
икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі
енді қозғалыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген
типтер деп бөлінетін болады. Әлсіз типтің де
сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы
ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі
анықталды.


Темпераменттер-діЖүйке жүйесі- Жүйке процестерінің (қозу,
ң түрлері нің типтері тежелу) қасиеттері
(Гиппократ (Павлов терми-
терминологиясы нологиясы
бойынша) бойынша)

күші тепе –теңдігі қозғал-
ғыштығы

Холерик Ұстамсыз типі Күшті Тең емес

(Қозуы Қозғал-ғыш
Сангвиник Ширақ тип Күшті теже-ліуінен
басым)
Тепе – тең

Флегматик Баяу тип Күшті Тепе – тең Баяу
қоз-ғалады

Меланхолик Әлсіз тип Әлсіз

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі
бойынша әр түрлі темперамент өкілдері бойынша
сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі
екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы,
қимыл - өозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп –
пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі
бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп
сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик
темпераментенің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез
әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп
атайды.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуы
бойынша қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті
тірі бірақ кез – келген істі бастап кейін тастап
жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді,
басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым
арасында өзін көңілді ұстайды, былыайша айтқанда,
ақкөңіл, қызу істің адамы. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Темперамент пен мінез психологиясы
Темперамент және мінез
Темперамент пен мінез-құлық
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу туралы
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу жайлы
Ерік, темперамент, мінез және қабілеттің түсініктері
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Темперамент типн және адамның мінездік ерекшелігі
Темперамент
Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь