Информатика пәніне кіріспе


1. Информатика пәні. Информатика пәнінің мазмұны.
2. Информация. Информацияның өлшем бірліктері. Информацияны компьютерге енгізу.
3. Электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ).
ЭЕМ.нің негізгі сипаттамалары, құрылымдары. Сыртқы құрылымдар.
4. Электрондық есептеу техникасының даму кезеңдері.
5. IBM PC дербес компьютерлер туралы жалпы мағлұматтар.
Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:
• есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
• есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;
• аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;
• аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары;
Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
• есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
• есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
• программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);
• мәліметтерді түрлендіру;
• ақпаратты қорғау;
• автоматтандыру;
• стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету).
Ақпарат ұғымы
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың құрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процесстер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды. Сонымен ақпарат – бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

Пән: Информатика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 33 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Информатика пәніне кіріспе

Лекцияның мақсаты: Студенттерге "Информатика" пәні, ақпарат ұғымы,
мәліметтердің негізгі құрылымы ұғымдарымен таныстыру. Есептеу техникасы
және дербес компьютердің құрылғыларымен таныстыру.
Лекцияның жоспары:
1. Информатика пәні. Информатика пәнінің мазмұны.
2. Информация. Информацияның өлшем бірліктері. Информацияны компьютерге
енгізу.
3. Электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ).
ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары, құрылымдары. Сыртқы құрылымдар.
4. Электрондық есептеу техникасының даму кезеңдері.
5. IBM PC дербес компьютерлер туралы жалпы мағлұматтар.

Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді
қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге
келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:
• есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
• есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;
• аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;
• аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу
құралдары;
Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара қарым-
қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі есептеу техникасының аппараттық және
программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі
бағыттарды жатқызуға болады:
• есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде
өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
• есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық
жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
• программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);
• мәліметтерді түрлендіру;
• ақпаратты қорғау;
• автоматтандыру;
• стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық
және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі
арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету).

Ақпарат ұғымы

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені
бұған дейін ақпараттың құрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында
зерттелінді. Мысалы, физика ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін
зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал
тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер
түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер
мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы
процесстер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар
тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен
энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу
түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды. Сонымен ақпарат –
бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың
қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де
тікелей тәуелді.

Мәліметтердің негізгі құрылымы

Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер
әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған
мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің
өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар CD-ROM-да
қолданылады. Магниттік қасиеттердің өзгерісін қолданатын тасуыштар ретінде
магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.

Мәліметтерге қолданылатын амалдар

Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден
екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан
тұрады:
• мәліметтерді жинау;
• мәліметтерді қалыптастыру;
• мәліметтерді сүзгілеу;
• мәліметтерді сұрыптау;
• мәліметтерді топтастыру;
• мәліметтерді архивтеу;
• мәліметтерді қорғау;
• мәліметтерді тасымалдау;
• мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес.
Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін құрастыру мүмкін емес және
оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді,
сондықтан оны автоматтандыру қажет деген қорытындыға келеміз.

Мәліметтердің негізгі құрылымы

Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да берілген құрылымға
сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға
түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік
және иерархиялық.
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі
мен нөмірі бір мәнді анықталған реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға
мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту
кестесінеске түсірсек те жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер
ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен
бағандарының нөмірімен анықталады.

Иерархиялық құрылымды мәліметтер

Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген
мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұр тәріздес құрылымдар біз
күнделікті өмірден таныс. Негізінен ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.
Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның
төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады.

Файлдық құрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект
қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар
жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен
тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат
өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын
мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың
типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән
болуы қажет. Толық атауы арасына нүкте қойылған екі бөліктен тұрады:
атауы және кеңейтуі. Файлдың аты кез келген ақырлы ұзындықты әріптердің,
символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кеңейту деп
аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады.
Мысалы:
Мәтін. doc – Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте. хls – Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет. bmp – графиктік файл;
Мәліметтер. mbd – Access мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл
жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде
тасуыштың (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталогтарға
(қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар
орналастыруға болады.
С: \Қаптама \Мәтін. doc – С дискісінің Қаптама деген каталогының
Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word-та дайындалған Мәтін.doc
мәтіндік файлы.
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Компьютерлерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың
жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым-қатынаста болатын
құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу
жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен
ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес
компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт –
РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес
компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
• бұқаралық дербес компьютер (Consumer РС);
• іс дербес компьютері (Office РС);
• ықшам компьютер (Mobil РС);
• жұмыс бекеті (Workstation РС);
• ойын ДК (Entertainment РС).
Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам
(notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде комьютерлердің көптеген
түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі
бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай
жағдайда комьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан
алуан комьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы,
программалардың бір комьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр
типтес комьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару
мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша
компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар:
IBM РС және Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар
мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар.
Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін
күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі
үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі
үйлесімділіктер де бар.
Бұл оқулық IBM РС платформасына жататын дербес компьютерлерді,
олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын оқып үйренуге
арналған.

Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу
жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке
қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық
конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке-жеке
қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық
конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер
мен есептеу кешендері блокті-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты
бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырып дайын түйіндер мен блоктардан
жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы
болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты
ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттық интерфейс
деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады.
Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп
аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін
айтады. Кез келген компьютерлік программаның негізгі атқаратын қызметі –
аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама
үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік,
қызметтік және қолданбалы.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара
байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық
жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын
программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың
екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай
программалық құралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп
аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы
программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста
болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және
жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік
программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың
көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты
жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік
процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер
базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана
жүйелері, Web-редакторлер, броузерлер және т.б. жатады.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай
өзгерті отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің
конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғандаоның құрамына енетін
жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі
өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация
ретінде қарастырылады:
• жүйелік блок;
• дисплей немесе монитор;
• пернетақта;
• тышқан.
Жүйелік блок
Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың
ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері
орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RAM), тұрақты
есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және
ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал
сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Монитор
Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы.
Компьютерден кез келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.
Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі
тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені
жаңартудың максимальдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу
бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14",
15", 17", 19", 20", 21". Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын
мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-
21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан
тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран
қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым
анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп
тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25-0,27 мм.

Пернетақта
Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол
алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен
пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына
жатады.
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса
пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.
Алфавиттік-цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты
енгізуге арналған.
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде
орналасқан он екі перне кіреді (F1-F2). Бұндағы әрбір перне қандай да бір
функционалдық қызмет атқарады.
Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында
орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі
сипатталған:
• Enter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;
• Alt және Ctrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;
• Tab пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін
қолданылады;
• Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады;
• Pint Screen – ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу
буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған;
• Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу
үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына
қолданылады;
• Home – меңзерді жолдың басына алып келеді;
• End - меңзерді жолдың аяғына апарады;
• Delete – мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне,
сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де
қолданылады;
• Page Up және Page Down – бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;
• Caps Lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;
• Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.

Тышқан
Тышқан – графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш
батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы
экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен
байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады
және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады.
Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі –
графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің
қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады.
Онда келесі құрылғылар орналасады:
• процессор;
• шина;
• жедел жад;
• тұрақты жад;
• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).

Процессор
Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және
компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын
электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше
процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі
процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар
программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін
жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар
топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86
топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Intel-8086
процессоры болып табылады. IBM РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы
процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel-80286, Intel-80386,
Intel-80486, Intel Pentium 60,66,75,90,100,133; Intel Pentium ММХ, Intel
Pentium Pro, Intel Pentium II, Intel Celeron, Intel Pentium III
процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін
процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix
фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне)
мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының
көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі
процессорлар 75,90,100,120,133,150,166,200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс
істейді.

Шина
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен
жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан.
Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер, адрестік және командалық
шина.

Компьютердің жады
Компьютердің жады – оның құрамына міндетті түрде енетін
элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне,
ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.
Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит
деп 0 мен1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең
кіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға
болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған
байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша
өрнектеген ыңғайлы:
• 1 Гбайт ( 1024 Мбайт
• 1 Мбайт ( 1024 Кбайт
• 1 Кбайт ( 1024 байт.
Жедел жад (ОЗУ( немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез
келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді
өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады.
Тұрақты жад (ПЗУ( - стандартты программаларды, өзгермейтін
мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (BIOS, таңбагенераторларының кестесін
және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған. Компьютер жұмысы
кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу
арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі.

Қатқыл диск
Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ
уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск
емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі
параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі
кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі
ұлғайтылуда.

Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат
алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет.
Иілгіш магниттік дискілер (дискета) арнаулы дискжетек деп аталатын
тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.
Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады.
Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады.

Жинақы-дискіге арналған дискжетек
1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютердің құрамына кіретін
диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның
орнына өлшемдері тура осындай болатын CD-ROM тасуыштарын енгізді. CD-
ROM(Comact Disc Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге
негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650
Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы
мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан CD-
ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады.
Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп
атайды.

Бейнекарта
Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі
бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың
барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.
Қазіргі кезде кң тараған бейнеадаптар SVGA. Ол 16,7 миллион
түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі
бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне
сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын
монитордың экран шешуі 640*480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280*1024
шешу пайдаланылады. Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640*480 шешулі
мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау
үшін шешуі 1024*768 болатын мониторлар қажет болады.

Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып,
көмекші қызмет атқарады.
Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:
• мәліметтерді енгізу құрылғылары;
• мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;
• мәліметтерді сақтау құрылғылары;
• мәліметтермен алмасу құрылғылары.

Енгізу құрылғылары
Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып
табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол
және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен
басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа
орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық
бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер
(дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің
көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл
жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы
программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі
мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп
аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің көмегімен
экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлердің
жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және
термографиктік деп бөледі.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді
сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZIP-тасуыштар және HiFD-
тасуыштары жатады.
Стримерлер – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған
құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі
жүздеген мегабайтқа жетеді.
ZIP-тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға
негізделген Iomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық
иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт
болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZIP-тасуыштардың негізгі кемшілігі
олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.
Sony компаниясы жасап шығарған HiFD құрылғысы кәдімгі стандарттық
иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт
болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс
істеуге бейімделген.

Мәліметтермен алмасу құрылғысы
Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер
арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын
құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және
сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай
қабылдау – жіберу құрылғыларына радиомодемдер, кабельдік модемдер және
т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер
модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша),
телефон желісіне бағытталады.

MS DOS операциялық жүйе

Лекцияның мақсаты: MS DOS операциялық жүйесімен таныстыру.
Дискі, файл, каталогтармен жұмыс
істеуге үйрету.

Лекцияның жоспары:
1. Операциялық жүйе. MS DOS операциялық жүйенің құрамы. DOS-тың
жүктелінуі.
2. MS DOS жүйесінің командалық режимі.
3. Дискідегі файлдар және каталогтар.
4. Каталогтармен және файлдармен жұмыс.
5. Экранмен, принтермен және дискілермен жұмыс.

1. DOS деген сөз дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді. MS –
операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атының қысқартылуы.
Операциялық жүйенің құрамы: MS DOS енгізу-шығару базалық жүйесі BIOS
және басқы іске қосу блогы Boot Record, енгізу-шығару базалық жүйесінің
кеңейтілген модулі - io. sys, командалық процессор command. com,
операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін утиметалар: fdisk. com,
format. com болып табылады.
MS DOS операциялық жүйесін іске қосу процесінде келесі әрекеттер
жүреді: компьютердің тұрақты жадысынан BIOS оқылады, компьютер тестілеуден
өтеді, конфигурация тексеріледі, басқы іске қосу бағдарламасы істейді және
MS DOS ізделінеді. Дискіден жедел (оперативтік) жадыға келесі модульдер
оқылады: io. sys, msdos. sys, consid. sys (аспаптар туралы мәлімет
жазылатын конфигурация файлы), command. com, autoexec. bat (қолдануға
ыңғайланған автоматты іске қосу бағдарламасы) және DOS-тың шақыру белгісі:
С: пайда болады.
DOS-тың шақыру белгісі компьютердің жұмысқа дайын екендігін
білдіреді, яғни керек команда енгізіп немесе орындалатын бағдарламаны
шақыра беруге болады.
2. MS DOS жүйесінің командалық режимі.
MS DOS жүйесінің командалары келесі құрамнан тұрады: аты,
параметрлері, кілттері.
Параметрлер – командада қолданылатын құрылымдарды сипаттайды.
Кілттер – команда опциялары мен режимдерін көрсетеді.
Файлмен орындалатын амалдар:
Файлдарды құру, өшіру, орнына келтіру, көшіру, ауыстыру, атын
өзгерту, іске қосу, түзету және т.б.

MS DOS операциялық жүйесін іске қосу

Тұрақты жадыдан
оқу
BIOS
Компьютерді тестілеу
Конфигурация тексеру
Басқы іске қосу программасын шақыру
MS DOS-ты іздеу
Дискіден жедел
жадыға оқу
Io. sys
msdos. sys
config. sys (конфигурация файлы)
command. com (командалық процессор)
autoexec. bat (қолданушы файлы)
С:\ - DOS-тың шақыруы.

3. Компьютерде өңделетін информация магниттік дискілерге жазылады.
Магниттік дискідегі, не басқа информация сақтауға арналған компьютерлік
жабдықтағы информация сақталатын атауы бар орынды файл деп атайды. Сонымен
барлық бағдарламаларды файл деп санауға болады.
Файл атауы файл атынан және файл кеңейтілуінен тұрады. Файл аты 8
таңбадан, кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек.
Стандартты файл кеңейтілулерінің қалыптасқан атаулары бар. –txt, bak,
sys, exe, com, т.с.с. Файлдың аты және кеңейтілуі арасына нүкте белгісі
қойылады. Мысалы, sys. com, io. sys. Файл аты файлдағы информацияның
мазмұнына қарап қойылады, файл кеңейтілуі файлдағы информацияның түрін
білдіреді.
Файл кеңейтілуіне байланысты қандай программа екенін білуге болады:
.com .exe – орындалатын программалар; Ваt – командалық файлдар; .раѕ –
расколь тіліндегі программа; с – си программасы; .аѕm – ассемблер
программасы; .bak – көшірме файл; .txt – мәтіндік файл; .sys – жүйелік
файл; .doc – құжаттық файл; .pic, .pcx, .bmp – бейнелік файлдар.
Операциялық жүйелерде файлдардың аты, мөлшері, құрылған уақыты мен
мерзімі беріледі:

Файл


Аты
Мөлшері
Құрылған уақыты және мерзімі

↓ ↓

негізгі Атының
аты кеңей-тілуі

Операциялық жүйелерде бірнеше дискілермен жұмыс істеуге болады.
Дискілер атауы латын әріптерімен (А:, В:, С:, Д:, т.б) белгіленеді.
Файлды дискіде іздеуді жеңілдету үшін арнайы тіркелген ыңғайлы. Ол
үшін каталог ұғымы қолданылады.
Каталог дегеніміз - файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты
мен мерзімі, файл атрибуттары (сипаттамалары) т.б. файл туралы мәліметтер
жазылатын дискідегі арнайы орын.
Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол каталогта орналасқан деп
айтады. Әр каталогта көп файл жазыла береді.
Каталогтар әдетте латын әріптерімен және цифрлармен белгіленеді.
Тақырыптас файлдар тобын жазуға арнап, әр каталогтан ішкі каталогтар құруға
болады. Сонымен дискіде тармақталған каталогтар пайда болады. Каталог
синонимі директория деп аталады. Ең сыртқы каталогты түбір каталог деп
атайды. Дискі мен файл орналасқан каталогтар тізімі файл жолы деп аталады.
Файл жолы файл атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.

Каталогтар тармағы
Түбір каталог
↓ файлдар

ішкі каталог
ішкі каталог
ішкі каталог
ішкі каталог

↓ файлдар ↓ файлдар
ішкі каталог

ішкі каталог

ішкі каталог

файлдар ↓ ↓
ішкі каталог

ішкі каталог

Мысалы, С дискіден Work каталогінің TEXT ішкі каталогінде орналасқан
файлының толық аты: С: Work \ TEXT \ hat. txt.
Әдетте дискі және каталог аттары латын алфавитінің бас әріптерімен,
файл атаулары кіші әріптермен белгіленеді.

Файл жолдары. Файлдың толық аты.
С:

Games

DOS

Wndows

Work

↓ ↓
↓ ↓

Wolf

Prhist

System

Picture

TEXT

a1. pic
↓ a2. pic hat. txt
BMP

Жұмыс істеп жатқан дискі атауы, каталог аты, файл аты “ағымдық„ деп
аталады.
Орындалып жатқан программа, істеп тұрған программа режимдері
“екпінді„ деп аталады.
Файлмен орындалатын командалар:

REN(RENEME) – файлдың атын өзгерту
COPY – көшірмелеу
TYPE – файлдағы информацияны оқу
DEL – файлды өшіру
COPY CON – файл құру
EDIT – редакциялау
EXIT – жұмысты аяқтау

Каталогпен орындалатын командалар:

СD – ағымдық каталогты өзгерту
RD – каталогты өшіру
MD – каталог құру
DIR – каталогтың мазмұнын көру

IО – экранға информацияны реттеп шығарады;
IB – экранға каталог аттары шығады;
IP – информацияны үзіліс жасап экрандап шығарады;
IS - әр каталог мазмұнын қорытындысымен шығарады;
IW – информацияны қысқа түрде бағаналап шығарады;
I?- команда кілттері жөніндегі мәліметті шығарады;

Norton Commander операциялық қабыршағы.
Мақсаты: Студенттерді Norton Commander операциялық қабыршағының
мүмкіңдіктерімен таныстыру.

Баяндаманың жоспары:

Norton Commander (NC) жалпы мағлумат.

2. Norton Commander мумкіндіктері. Norton Commander (NC)- шығу.
3. Norton Commander (NC)- панелдер және функционалдық пернелер.
4. Norton Commander : фаилдермен жұмыс.
5. NC: каталогтар, дискілер, архивтер.

Norton Commander - қолданушының операциялық жүйемен жұмысын
жеңілдетүге арналған бағдарлама, онда командаларды пернетақтада термей- ақ,
тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен
жұмысты жеңілдетүге арналған бағдарламаларды "операциялық қабыршақ" деп
атайды.
Norton Commander қолданушығакелесі мүмкіндіктер береді:
- экранда әрдайым каталогмазмұнын көрсетеді,
- диск, каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы ақпарат алуға,
- бір каталогтан екіншісіне көшуге,
- каталогтар құруға, атын өзгертүге, көшіруге және өшіруге,
- каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге,
ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге,
- кез- келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге,
- командалық жолдарды түзетіп, ДОS- тың кез келген командасын орындауға
болады.
NC- ді іске қосу үшін NC.EXE файлының толық жолынан тұратын келесі
команданы теру керек:

C: \ NC \ NC

бұндағы С:- NC.EXE файлы жазылған диск аты, ал NC- каталог аты.
Командадағы бірінші NC- каталог атын, екінші NC- бағдарлама атын nc.exe
көрсетеді.
Norton Commander жұмысын аяқтау үшін: F10 пернесін басу қажет.
Экранға сұхбаттық терезе шығады Онда "Шынымен Norton Commander –де жұмыс
біттіме" деген сұрақ бар, егер "Yes"(yes-иә) немесе "Enter" (енгізу)
пернелерін бассаныз экраннан терезелер мен мәзі жоғалады.
Norton Commander тақталарының мазмұны.
Norton Commander жедел жадыға оқылған кезде экранда екі терезе пайда
болады, оларды тақта деп атайды.
Тақталар тақырыбында ағымдық каталог пен диск аты немесе мәзір жолы
көрсетіледі.
Тақталардың төмен жағында командалық жолда DOS шақыруының белгісі
бар, онда командалар енгізуге болады. Келесі функционалдық пернелер
қызметі көрсетілген.
Norton Commander мәзірі (меню).
Мәзір жолы 5 бөліктен тұрады:
Left (сол жақ), Files (файлдар), Commands (командалар), Options (опциялар),
Right (оң жақ).
Мәзір (меню) шақыру үшін F9 функционалдық пернесін басу керек,
экранға тақтаның бірінші жолында мәзір жолы пайда болады.
Norton Commander-дің әрбір тақтасында келесі мәліметтерді көруге
болады:
- Дискідегі каталогтар аттары;
- Дискідегі каталогтар тармақтары;
- Жедел жады, ағымдық дискі, каталогтар және файлдар жөнінде мәлімет;
- Файлдар мазмұны.
Тақталарды басқару.
Сілтеуіш тұрған тақтаны ағымдық тақта деп атайды. Тақталарды басқару
үшін пернелер комбинациясы қолданылады (латын әріптері). Қайта басу арқылы
жасалған әрекетті қалпына келтіруге болады, мысалы, ″ Сtrl ″ және ″О″
пернелерін тақталар экраннан өшеді, сол пернелерді қайта басса қайтадан
шығады, т.с.с.
Сtrl + О – тақталарды экраннан өшіреді, қайта басса шығады;
Сtrl + Р – экраннан ағымдық емес тақтаны өшіреді, қайта басса шығады;
Сtrl + U – тақталар орнын ауыстырыды;
Сtrl + F1 – сол жақ тақтаны өшіреді, қайта басс пайда болады;
Сtrl + F2 – оң жақ тақтаны өшіреді, қайта басс пайда болады;
Сtrl + В – соңы жолдағы жатық мәзірді көрінетін немесе көрінбейтін етеді;
Сtrl + L – ағымдық тақта жөнінде қорытынды мәліметтерді шығарады немесе
жоғалтады;
Сtrl + Q – ағымдық файл мазмұнын көрші тақтада көрсетеді немесе жоғалтады;
Tab – бір тақтадан екіншісіне өту.
Функционалдық пернелер қызметі.
F1 – көмек; (экранға анықтама шығарады).
F2 - шақыру; (экранға қолданушы мәзірін шақырады).
F3 - оқу; (экранға файл мазмұнын шығарады).
F4 - түзету; (экранға редакторда файл мазмұнын түзетуге шығарады).
F5 – көшіру; (файл немесе каталогты көшіреді).
F6 – ат өзгерту; (файл және каталогтың атын өзгертеді немесе басқа жерге
орын ауыстырады).
F7 - каталог; (жаңа каталог құруға қолданады).
F8 - өшіру; (файл немесе каталогты дискіден өшіреді).
F9 – мәзір шығару; (NC мәзір жолын экранға шығарады).
F10 - шығу; (NC жұмысын аяқтайды).
Alt + F1 - диск; (сол жақ тақтада диск атаулары шығады).
Alt + F2 - диск; (оң жақ тақтада диск атаулары шығады).
Alt + F3 - оқу; (файл мазмұнын қарау).
Alt + F4 - түзету; (файл мазмұнына түзету енгізу).
Alt + F5 - сығу; (файлдарды архивтеу).
Alt + F6 - алу; (архивтелген файлдан керек файлды алу).
Alt + F7 - іздеу; (дискіден файлды іздеу).
Alt + F8 - журнап; (соңғы командалар тізімі).
Alt + F9 - жол; (тақтадағы жол санын өзгерту).
Alt + F10 - тармақ; (каталог тармақтарын шығару).
Тақтада информацияны түрлі ретпен шығаруға болады. Мысалы, аты
бойынша реттелсе алфавит ретімен шығарылады, мөлшері бойынша – ең көп орын
алатын файлдан бастап шығады, т.с.с.
N (Name) – аттары бойынша реттеу;
E (Extension) – кеңейтілуі бойынша реттеу;
T (Time) – уақыты бойынша реттеу;
S (Size) – мөлшері бойынша реттеу;
U (Unsorted) – реттелмеген каталог мазмұны.
Мысалы, мөлшері бойынша реттелген информацияны сол жақ тақтада шығару үшін
келесі пернелерді басу керек:
F9 L S
Мәтіндік файлдар құру.
Ол үшін Alt + F1 пернелерін басып, керек дискі атына сілтеуішті
(курсорды) әкеліп, Enter пернесін басу керек. Одан кейін Shift + F4
пернелерін бассаңыз, экранда Edit редакторының терезесі пайда болады.
Құрылатын файлдың атын жазып, Enter пернесін басасыз. Экранға жаңа терезе
шығады, онда New Fill (жаңа файл) деген сөз жазылған, мақұлдау үшін Enter
пернесін басып, керек мәтінді тере беруге болады. Файл мәтінінің мазмұнын
көру үшін F3 пернесі қолданылады.
Келесі пернелерді пайдаланып курсорды мәтін бойынша қозғалтуға
болады.
↑ ⁄ ↓ бір жолға жоғары төмен;
Pg Dn Pg Vp – келесі алыңғы терезеге;
Home – жол басына;
End – қатар соңына;
Сtrl + Home – мәтін басына;
Сtrl + End – мәтін соңына.
Мәтіннен керек жерді табу үшін F7 пернесін басу керек, сол кезде
терезепайда болады, ізделетін мәтін үлгісін теріп, Enter пернесін бассаңыз,
іздеу басталады. Табылған мәтін экранның бірінші жолында көрсетіліп
боялады, егер мәтін табылмаса, хабар жазылған терезе шығады. Іздеуді
тоқтату үшін F10 немесе Esc пернесін басыңыз.
Каталогтар.
Каталог құру үшін F7 функционалдық пернесін қолданамыз.
Сtrl + Pg Up – ағымдық каталогтан тармақтағы алдыңғы каталогқа көшу.
Сtrl + \ - түбір каталогқа көшу.
Сtrl + R – каталогты қайта оқу.
Ағымдық каталогта орналасқан кез-келген каталогқа өту үшін, курсорды
керек каталог атына қойып, Enter пернесін басу керек. Егер құрылғыдағы
дискета ауысса, дискета каталогын қайта оқу үшін Сtrl + R пернелерін басу
керек.
Дискі.
Керек дискі мазмұнын кез-келген тақтада көруге болады:
Alt + F1 – сол жақ тақтада дискілер атауларының тізімін шығарады;
Alt + F2 – оң жақ тақтада дискілер атауларының тізімін шығарады;
Керек дискінің атына курсор қойып, Enter пернесін басқан соң
таңдалған диск ағымдық болып, тақтаға мазмұны шығады.
Немесе командалар жолында (Dos шақыруы жолында ″″ белгісі бар) басқа
дискіге көшу үшін диск атауын және қос нүкте теріп, Enter пернесін басыңыз.
Мысалы: С:

Windows-пен жұмыс

Лекцияның мақсаты: Windows операциялық жүйесімен және оның
мүмкіншіліктерімен, негізгі объектілерімен таныстыру.

Лекцияның жоспары:
1. Windows жүйесі. Windows-ты жүктеу және жұмысты аяқтау.
2. Windows терезелерімен жұмыс.
3. Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелі.
4. Мәзірмен және анықтама жүйесімен жұмыс.
5. Windows-тың программалар диспетчерінің қолданылуы.
6. Windows-тың стандартты бағдарламалары.

MS-DOS операциялық жүйесі бір адамның жұмыс істеуіне арналған және
бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді, ол компьютердің тек 640 кБ. жедел
жадын ғана (RAM) пайдалана алады.
80-ші жылдардың ортасында MS(PS)-DOS-тың мұндай кемшілігінен арылу
үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты
операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бірі Windows
жүйесі.
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
-компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
-файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
-қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;
-бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін;
-әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтер алмасуды;
-масштабталатын қаріптерді қолдануды;
-мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
-бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз етеді.
Windows 98 операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел
жадқа жүктеле бастайды. Windows жүктелгеннен кейін экранға "жұмыс столы"
шығуы тиіс.
Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын
мынадай әрекеттерді орындау қажет:
-жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды жабу (аяқтау);
-Windows–тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау керек, яғни Пуск батырмасын
басып, экранға шыққан бас мәзір тізімінен жұмысты аяқтау (Завершение
работы) деген соңғы бөлімін таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын шерту
керек. Компьютер өшіру (Выключить компьютер) деген терезе шығады. Иә (Да)
батырмасын шертесіз, сонда біраздан соң компьютерді өшіруге болады деген
жазу шығады.
II. Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері жұмыс үстелі
мен терезе ұғымы болып табылады.
Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows
сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.
Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі
бағдарламалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және
басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен,
жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір
мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген бағдарламаның
өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Сол себепті бір мезгілде бірнеше
құжатпен жұмыс істеуге болады, керек құжатқа өту үшін терезесін шертсеңіз
болғаны, терезе тақырыбы көк түске боялып, басқа терезелердің бетіне
шығады. Терезе (Окно) мәзірінің командалары арқылы экранда терезелер
орналасуын реттеуге болады.
Windows операциялық жүйесінде терезе түсінігі өте маңызды қызмет
атқаратын болғандықтан кеңірек тоқтала кетейік:
Терезе элементтері:
а) тақырып жолы
ә) жиек
б) айналым жолақтары
в) терезе батырмалары
г) жүйелік мәзір батырмалары
ғ) мәзір жолы
д) саймандар тақтасы
е) жағдай жолы
ж) жұмыс алаңы
з) екі жақты сілтемелі бағыттауыш батырмалары мазмұн бойынша экрандап
қозғалады.
а) Тақырып жолында жүйелік батырма (сол жақ шетте, суретте - 2),
терезе аты (суретте - а), терезе батырмалары (оң жақ шетте, суретте - в)
орналасады. Терезе аты ретінде қолданбалы программаның, құжаттың, буманың,
каталог немесе файлдың аты көрсетіледі.
Сіз жұмыс істеп жатқан терезенің тақырыбы көк түске боялады, ол
"екпінді" немесе "ағымдық" деп аталады, екпінді емес терезелер тақырыбы сұр
түске боялады, терезені басқа жерге жылжыту үшін, курсорды тақырып жолына
қойып, "сүйретеді".
ә) Жиек. Терезе жиектері (жақтаулары) терезе шекарасын құрайды, ол
қозғалмалы. Курсорды терезе жиегінің сызығына немесе бұрышына қойса, курсор
екі жақты сілтемеге айналады, сол кезде тышқан пернесін басып тұрып, өз
керегіңізше "тартып", терезе мөлшерін өзгертуге болады. Терезе бұрыштары
терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерту үшін қолданылады.
б) Айналым жолақтары. Егер мазмұн терезеге симаса, терезе жиегінде
екі түрлі айналым жолақтары пайда болады: тік және жатық.
1. Көру бағыттауышы терезеге симаған информацияны көруге арналады.
2. Жүгіргіш, информацияны жоғары және төмен жылжытады.
3. Көрудің тік сызғышы терезеге симаса информацияны тік бағыт бойынша
қозғалтады.
4. Көрудің жатық сызғышы терезеге симаса информацияны жатық бағыт бойынша
қозғалтады.
5. Екі жақты сілтемелі бағыттауыш батырмалары, мазмұн бойынша экрандап
қозғалтады.
Жүгіргіш терезе мазмұны бойымен тез қозғалу үшін керек. Екі жақты
сілтемелі бағыттауыш батырмаларын экрандап қозғалу, көру бағыттауыш
батырмаларын жай қозғалу, жолақтың бос жерін шерту парақтап қозғалу үшін
қолданылады. Бір қалыпты қозғалу үшін жүгіргішті "сүйрету" керек.
в) Терезе батырмалары тақырып жолының оң жағында орналасады.
Батырмалар 4 түрлі болады, шерту арқылы келесі амалдар орындалады:
Х – жабу – терезе жабылады.
- ашу – терезе экранға толық ашылады.
- Жинақтау – ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәніне кіріспе. ЭЕМ жұмысының математикалық негіздері.
Стратегиялық менеджмент пәніне кіріспе
Экология пәніне кіріспе
Ерітінділер теориясы пәніне кіріспе
Құқық негіздері пәніне кіріспе
Информатика пәніне арналған тесттер
Демография пәніне кіріспе
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Информатика
«КІРІСПЕ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЙТЫН БӨЛІМДЕРІ.ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ»
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь