Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржылық жағдайды талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздері ... ... ... ... 12

II. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы..17
2.1 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамның 2004.2005 жылғы қаржылық талдауы ... ... ... ..19
2.2 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды, жабдықтау, өндіріс және өткізу, бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – шаруашылық субъектінің қаржылық талдау негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
1. қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсатын зерттеу;
2. қаржылық жағдайды талдау әдістерін қарастыру;
3. қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздерін анықтау;
4. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамның қаржылық талдауын көрсету;
5. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы болып келеді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
1. Абрютина М.С. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия», Москва, 1999 г.
2. Артеменко В. Г., Беллендир М. В. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
3. Байсеитов А.Р. «Бухгалтерский учет и Аудит», Алматы 1999г №11 «Финансовый менеджмент, анализ и управленческий учет»
4. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
2. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001.
3. Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ финансовой отчетности» Алматы «Қаржы-Қаражат», 1998г.
4. Ковалев А.И. «Анализ финансового состояния предприятия», 1999г.
5. Крейнина М. Н. Анализ финансового сотояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ. – м.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
6. Любушин Л.М. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия», Москва, 1997 г.
7. Маркарьян Э. А., Герасименко Г. П. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
8. www. stat. ru & www. kkb.kz

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржылық жағдайды талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық
негіздері ... ... ... ... 12

II. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы..17
2.1 Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның 2004-2005 жылғы
қаржылық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..19
2.2 Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық жағдайын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..23

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорынның
қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын
және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз
міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін
көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды, жабдықтау,
өндіріс және өткізу, бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде
және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың
қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу
жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын
мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты
пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында
қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне
бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін
тежеп отырады және нарықтық қатыкастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем
үйлеспейді. Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі
баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың
мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл
ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер
етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды
ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің
жоқтығы болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – шаруашылық субъектінің қаржылық
талдау негіздерін қарастырып оны тәжірибемен үйлестіру. Осы мақсатқа жету
үшін келесідей міндеттер қойылады:
1. қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсатын зерттеу;
2. қаржылық жағдайды талдау әдістерін қарастыру;
3. қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздерін анықтау;
4. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық талдауын
көрсету;
5. Казкоммерцбанк акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі Казкоммерцбанк акционерлік қоғамы
болып келеді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық
Жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор
А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату,
пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және
міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады .
М. Н. Крейнина қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық
жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және
пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы" .
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы -
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Степанов осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар.
Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге
қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы
табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде
және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде
анықталатыны анық.. Қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақта
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз каражаттарының
байланысы деп жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіз дігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды
кеңейтүге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді
:
пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын
талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және
қорлар есебі;
баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
кәсіпорын табыстылығын бағалау;
кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды. Жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммер-цияльщ, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық
қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы
оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сүрыпталымды үстап тұруына,
өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге
және төлеуге байланысты болады. Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және
өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың
қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі
жасаиды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Kepi
байланыста бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың
келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткішіің көлемі кәсіпорының өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылғак мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

Қаржылық жағдайды талдау әдістері.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу
деңгеиш анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы дау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржыльіқ
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұд еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайың және оның
жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайыный тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі -
онда жоспарлық көрсеткіштер мей нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорын-оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді ғана бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатын
жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде карқынды өзгеріп отыратын
нарықтық конъюктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын
кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын
жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметге нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау,
кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие
болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі
бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі
контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген
кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау
әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау
мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де
қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішнен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
көлденең талдау;
тікелей талдау;
трендтік талдау;
салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір ициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуій бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып
табылады және де олар талдау нәтижесінде алдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен
байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да,
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау
болашаққа бейімделуі тиіс.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде
жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда
тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне
назар ударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы
туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық
жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады,
себебі ол болып жатқаң жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы
мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар
жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік
белсенділік.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрееткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалык және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы
аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың
абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы
пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап,
ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен
қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негіздері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады :
бухгалтерлік баланс;
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын үстап
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді
құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептеп негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдеп қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардын қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың
жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті
пайдалы ақпараттарды сипаттайды Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды
қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер
субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ
оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді.
Бұл нәтижесінде, субъектшің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы
төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін
анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын,
қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін
сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен
жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының
айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны
қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды,
дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар,
аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген
ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың
көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі
тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептерің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай алама, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі
сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға
мүмкіндік береді.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
езінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттар туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарынын мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, кеп жағдайда қаржылық жағдайды. Талдауды баланстық талдау деп
атайды. Бухгалтерлік баланс-қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын. ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың етімділік дәрежесіне байланысты
мына принцип бойынша: етімділік дәрежесі аз активтерден әтімділігі
көп активтерге дейін, демек асында баланстың етімділігі жағынан
темен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін етімділігінің өсу
деңгейіне байланысты жоғары етімді активтер жазылады. Осы
принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым
қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша
қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Әрі қарай олар баланстың непзп элементтері келесідей сипаттайды:
Активтер - бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе
Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді
білдіреді.Капитал - пассивтердің арнайы түрі. Капитал алғашқы капитал мен
қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі
болып табылады.
Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамнын) белгілі бір әрекетті басқа
бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру,
жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белплі бір іс-әрекеттен бас
тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетш орындауын талап
етуге құқығы бар.
Меншікті капитал — бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
ұзақ мерзімді активтер;
ағымдағы активтер;
меншікті капитал;
ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипатайды. активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер.
Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы шаруашылық қызметі
нәтижелері туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Қаржылық жағдайды экспресс - талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Қаржылық талдау
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты
Пәндер