Компьютердің келіп шығу тарихи және түрлері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Компьютердің келіп шығу тарихи және түрлері
Ғасырымыздың ең маңызды жаңалықтарының бірі болып табылатын компьютер күнделікті өміріміздің әрбір саласына ене бастады. Компьютерлер алғашқы кездері тек белгілі бір мақсаттарда ғана қолданылды. Уақыт өте келе көлемі кішірейіп, құны да арзандады. Соның нәтижесінде түрлі салаларда кеңнен колданыла бастады.
Компьютер тарихына көз жүгіртер болсақ, ол туралы идеяның соңғы уақыттарда, яғни бертін келе пайда болғандығын көреміз. 1830 жылдары Чарльз Баббидждің қарапайым арифметикалық айырма амалын орындайтын машина, кейіннен аналитикалық машина жасауының нәтижесінде есептеу амалдарын электромеханикалық құралдар арқылы шешуге болады деген идея туындады. Чарльз Баббидж құрастырған бұл машиналар ойдағыдай нәтиже бермесе де, ол компьютер идеясының негізін алғаш қалаған адам ретінде есептеледі.
1850 жылы Джордж бұл өз атымен аталатын, тек қана 1 және 0 сандарын қолданатын " Бул алгебрасы " атты сандық жүйе ойлап табады. Кейіннен осы жүйе компьютердің дамуында маңызды рөл атқарды.
1890 жылы Герман Голлерит перфокарталар арқылы мәліметтер ендіріп, сол мәліметтердің амалдарын жасай алатын электро-механикалық машина жасады. Бұл есептеу машинасы АҚШ-тың 1890 жылғы халық санағында кеңінен әрі табысты түрде қолданылды.
Алғашқы компьютер аналогін 1931 жылы Ванневар Буш жасап шығарды. Бұдан басқа, алғашқы есептегіш компьютерді Джордж Стибиз 1939 жылы Нью-Иорк қаласындағы Bell лабораториясында жасап шығарды. Стибиз ѳз компьютерлерше екілік жүйені қолдана отырып, кешенді сандар арқылы арифметикалық амалдарының орындалуын қамтамасыз етті.
Компьютерлердің жан-жақты әрі ауқымды түрде дамығандығын
ІІ-Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдерден кѳруге болады. Хавард Айткен IBM фирмасымен біріге отырып, 1944 жылы MARK-I машинасын жасап шығарды. Бұл компьютер ѳзінің аз мүмкіншілігіне қарамастан сол кезеңдердегі заман талаптарын толығымен қанағаттандырған еді. MARK-I машинасына мәліметтер перфокарталар арқылы ендіріліп, нәтижелері де сол перфокарталар арқылы алынатын болған.
Біртоп ғалымдар 1945 жылы ENIAC атты компьютер ойлап шығарды. ENIAC әскери мақсатта колданылды. Бұл машиналарда радио шамдар пайдаланылып, ол MARK-1-ге карағанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін еді. ENIAC арқылы электронды компыотерлерге көшу басталды және механикалык есептегіш машиналардың орнын электронды машиналар алды. Коммерциялық мақсаттарда колданылатын және жаппай өндірілген алғашқы компьютерлердің бірі UNIVAC-I еді. Бұл компьютерлердін өндіру-шығару бөлектері магниттік лента және принтер еді. Сол жылдары нарыққа ІВМ 701 компьютері шықты. Бұл компьютерлерде вакумдық шамдар пайдаланылды және қарапайым түрде бағдарламаланатын мүмкіншілігі бар елі. IBM фирмасы 195N жылдан бастап компьютерлерде вакумдық шамдардың орнына лиоттар мен транзистрлер қолданыла бастады. Кейіннен осы компыотерлерге ұқсас бірақ көлемі шағын әрі жеңілірек және төмен дәрежеде қызатын компьютерлер жасалып шығарылды. Бұған қоса мәліметтер базасы ретінде дисктер қолданыла бастады.
1964 жылдан бастап транзистрлердің орнына микросхемалардың пайдаланылуы компьютер саласының дамуына серпіліс әкелді: анағұрлым жылдам, сенімді және өзіндік құны төмен, әрі арзан компыотерлер жасалып шығарыла бастады. 1970 жылдан кейін микросхемалардың ауқымды көлемде қолданыла бастауының нәтижесінде компьютерлердің дамуы жаңа сатыға көтерілді. Сол жылдан бастап көп орынды жадысы бар жәнее жылдам жұмыс істейтін компьютерлер сондай-ақ қуатты бағдарлама тілдері және оперативтік жүйелер пайда болды. Соңғы кездері компыотерлерде магниттік жадылар қолданылуда және күн өткен сайын компьютерлердің өзіндік құны төмендеуде.
Соңғы жылдары пайда болған ең маңызды жаңалықтардьщ бірі - алып компьютерлердің көлемінің кішіреюі және дербес компьютерлердің түрлі салаларда кең көлемде қолданыла бастауы. Жеке үйлерден бастап алып фабрикаларға дейін әр түрлі ортада дербес компьютерлер қолданылуда. Күні кешеге дейін тек қана алып есептегіш машиналардың көмегімен есептелетін кейбір есеп жұмыстары бұл күндері дербес компьютерлер арқылы да жүзеге асырылуда. Бұл жүйелер үшін жылдам жұмыс істейтін процессорлардың жасалуы және оперативтік жадынын көбеюі-тиімді оперативтік жүйенің дамуы мен оңай қолданылуына және жоғарғы деңгейдегі бағдарлама тілдерінің, электрондык кестелер мен мәтін өңдеушілерінің, күшті мәліметтер базасын басқару жүйелерінің жұмыс істеуіне жағдай жасады.
Компьютер түрлері
Қазіргі кезге дейін түрлі салаларда қолданылатын кѳптеген компьютер модельдері жасалды. Компьютерлер үлкендігіне, көлеміне және қуаттылығына қарай бірнеше сыныптарға бөлінеді. Компыотерлерді сыныптаудың ең оңай жолы-көлеміне карай сыныптау. Бұл көзкарас тұрғысынан қазіргі кезге дейінгі шығарылған компьютерлерді төрт сыныпқа бөле аламыз:
а. Супер компьютерлер
э. Қарапайым компьютерлер
б. Мини компьютерлер
в. Дербес компьютерлер
Қазір кездегі компьютер жүйелерінің арасындағы айырмашылық мұншалықты нақты емес. Белгіленген айырмашылықтардың жойылғандығы байқалады. Әсіресе дербес компьютерлер мен мини компьютерлердің мүмкіншіліктері артқанын және өзінен бір сынып жоғары тұрған компьютерлердің мүмкіндіктеріне жақындағанын көруге болады.
Супер компьютерлер
Көлемі өте үлкен компьютерлер супер компьютерлер деп аталады. Үлгі ретінде, Cray маркалы компьютерлерді көрсетуге болады. Бұл компьютерлер кѳп мөлшерде өндірілмейді. Тек арнайы сұраныстар негізінде ғана жасалады. Супер компьютерлер ірі-ірі қоғамдық және жеке құрылымдармен қатар ғылыми зерттеу институттарында да пайдаланылады. Супер компьютердің көп қолданылатын салаларына астрономия, ғарыштық зерттеулер, математика және генетика сияқты шешімі ауыр есептеу амалдарын жүзеге асыратын салалар жатады.
Қарапайым компьютерлер
1970 жылдарға дейін кеңінен қолданылған қ арапайым компьютер сыныбы - супер компьютерлерге қарағанда әлдеқайда кішірек және бір мезгілде бірнеше пайдаланушы қолдана алатын жүйе. Бұл компьютерлер көбінесе ірі және орта сауда құрылымдарында кеңінен қолданыста болған.
Мини компьютерлер
Мини компьютерлер пайдаланушысы ең көп компьютер жүйесі ретінде өндірілді. Олар негізгі компьютерлерге қарағанда бірнеше есе кіші болғанына қарамастан, супер мини компьютер түрлері негізгі компьютерлермен бірдей қуатқа ие. Мини компьютерлер орта және шағын құрылымдарда молынан қолданылады.
Дербес компьютерлер
Соңғы 25 жыл ішінде пайда болған дербес компьютерлер , атынан көрініп тұрғандай, тек бір пайдаланушыға арналған компьютер жүйесі болып табылады. Дербес компьютерлер алғаш шығарылған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін оның мүмкіншіліктері арқылы айтарлықтай мол табыстарға қол жеткізілуде. Микропроцессорлардағы адам сенгісіз жетістіктер олардың тек қана жұмыс орындарында емес, сондай-ақ күнделікті тұрмыста қолданылуына мүмкіндік берді. Дербес компьютерлер графикалық және дыбыстық мүмкіншіліктерге ие болғаннан кейін тек жұмыс бабында ғана емес, сонымен қатар ойын-сауықтар мен білім берудің де айрылмас бір бөлігіне айналды.
Компьютер құрылымы
Компьютер - ең қарапайым түрде арифметикалық төрт амалды орындайтын, логикалық салыстырулардан нәтиже шығара алатын, кең көлемде мәліметтерді жинақтай алатын және қажет болған кезде мәліметтерді өңдеп, нәтижені пайдаланушының қалауы бойынша шығарып бере алатын және барлық амалдарды әрі жылдам, әрі дұрыс жүзеге асыратын электронды машина.
Жұмыс істеу қуаты және мәліметпен қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне қарай компьютерлерді сандық және әмбебап компьютерлер деп екі негізгі топқа бөлеміз. Сандық компъютерлер - тікелей сандармен жұмыс істейтін компьютерлер, ал әмбебап компьютерлер болса, сандармен емес, түрлі өлшемдердегі құралдардың физикалық бөліктерімен жұмыс істейді. Яғни, мұндай компьютерлер өлшеу және бақылау секілді амалдарды жүзеге асыруда пайдаланылады. Аталмыш екі компьютерлердің де кейбір ерекшеліктерін қамтитын компьютерлер кездеседі.
Негізінде компьютер жүйесі ендіру-шығару бөліктері, орталық процессор, оперативтік жады және қатты дисктен тұрады.
Компьютерде мәлімет алмасу ендіру-шығару бөліктері арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер көбінесе магнитафон, дискет, пернелер тақтасы және оптикалық оқығыштар көмегімен ендіріледі. Мәліметтерді шығару кезінде диск, экран, магнитафон, дискет және принтер пайдаланылады. Негізінен компьютер жүйесі үш бөліктен тұрады.
а. Ендіру-шығару құрылғысы;
ә. Орталық процессор құрылғысы (CPU) ;
б. Оперативтік жады.
Орталық процессор құрылғысы компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Компьютердің атқаратын арифметикалық және логикалық амалдарды орындау қызметі осы бөлікте жүзеге асырылады. Орталық процессор екі бөліктен тұрады:
а. Арифметикалык-логикалық кұрылғы;
ә. Басқару құрылғы.
Арифметикалық - логикалық құрылғы қосу, азайту, көбейту, бөлу, тасымалдау және жадыда сақтау сияқты амалдарды орындайды. Сондай-ақ, арифметикалық және логикалық салыстыруларды жүзеге асырады. Басқару құрылғысы болса, арифметикалық құрылғы мен жады және басқа да құрылғылар арасында байланыс орнатады. Сонымен қатар компьютерге жүктелген бағдарламаның талап етілген тапсырмаларды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Оперативтік жады - жүктелген бағдарламалардың уақытша сақталатын орны. Жадының көлемі компьютердің түріне қарай өзгеріп отырады және ол байт арқылы өлшенеді.
Компьютердің оперативтік жадысы мәліметтерді уақытша сақтайды және жұмыс аяқталысымен жадыдағы барлық мәліметтер өшіп отырады. Сол себептен әрдайым сақталуы керек мәліметтер мен бағдарламалар электр тогының үзілуі немесе компьютердің өшуіне негізделмеген сыртқы сақтау құрылғыларында сақталып отыруы қажет. Ең негізгі сыртқы сақтау құрылғыларына қатты диск, дискет және магнитафон жатады.
Компьютер бағдарламалары
Жоғарыда аталған компьютер құрылғыларынан басқа "бағдарлама" деп аталатын және компьютердің әр түрлі қызметтерін атқаратын келесі бір құрамдас бөлігі бар. Компьютер бағдарламалары екі топтан тұрады.
а. Жүйелік бағдарламалар;
ә. Қолданбалы бағдарламалар.
Жүйелік бағдарламалар - оперативтік жүйеге негізделген компьютердің іске қосылуы мен пайдаланылуында қолданылатын бағдарламалар. Олар көбінесе компьютермен бірге пайдаланушыға ұсынылады. Бұл типтегі бағдарламалар компьютер жүйесін және құрылғыларын басқару үшін қолданылады.
Жүйелік бағдарламалар компьютердің жұмыс істеуіне қатысты бағдарламалар болса, пайдаланушылардың жазған бағдарламалары қолданбалы бағдарлама деп аталады. Қолданбалы бағдарламалар жүйелік бағдарламалардың мүмкіншіліктерін пайдалана алады.
Компьютерлердің қолданылуы үшін мақсатқа сай бағдарламалануы қажет. Бағдарламалар компьютердің оперативтік жадысына жүктелу арқылы орындалады. Бағдарлама дегеніміз - компьютерде орындалуы қажет амалдарды арнайы командалар арқылы компьютерге білдіретін жазба код. Бұл командалар белгілі бір ережеге сәйкес жасалады. Егер ережеге сай келмесе бағдарлама жұмыс істемейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz