Қоректік орта


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қоректік орта дегеніміз - күрделі және жай құрамдардың әртүрлі қосылыстары болып келетін орталар. Оны лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа микроорганизмдерді көбейтіп, өсіру үшін қолданылады.

Қоректік ортаны жануардан немесе өсімдіктен туындаған өнімдерден дайындайды. Қоректік ортада өсу факторының болуы үлкен маңызға ие. Оларды дайындау үшін экономикалық рентабельді тағамдық емес шикізат қолданылады: жарамсыз қалған қан алмастырушылар, жануар қанының гидролизаты, , биотехнология өнімдері - жем ашытқылары, жемдік лизин, жүзім ұнтағы, ақуыз лизин. Синтетикалық орталардың құрамына химиялық таза заттар - аминқышқылдары, минералды тұздар, көмірсулар, витаминдер және өсіру факторлары кіреді. Консистенциясы бойынша қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болып келеді.

Құрамы бойынша - табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық. Тағайындалушы бойынша негізгі, элективті және дифференциалды-диагностикалы болып бөлінеді.

Қоректік орта мына талаптарға сай болуы тиіс: бұл жерде барлық қоректік заттар жеткілікті болуы керек, тұздар, өсу факторлары, микроорганизмнің өсуіне қажетті заттары жеңіл сіңімді түрде болуы тиіс, оптимальды ылғалдылығы, тұтқырлығы рН-ы оптимальды, стерильді болуы тиіс, мүмкіндігінше мөлдір және изотоникалы болуы тиіс. Бөгде заттар болмауы тиіс. Әрбір қоректік ортаны құрамына қарай әртүрлі әдіспен стерилизациялайды.

Универсальді (негізгі) - орталар, патогенді және патогенді емес бактериялардың барлық түрлері өсетін орта. Осы орталарға жататын: етпептонды сорпа (ЕПС), ет-пептонды агар (ЕПА) .

Негізгі күрделі орталар - қанды, қан сарысулы және асциттік. Осы қоректік орталарды дайындау үшін 5-10%-ті дефибринделген қан не болмаса қан сарысуы, 25% -ті асциттік сұйықтықтарды қосады. Сұйық қоректік ортаны дайындау үшін осы мөлшердегі қан сарысуын не болмаса асциттік сұйықтарды қосамыз.

Мюллер- Хинтон агары - негізгі тығыз қоректік орта дискі әдісімен бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қолданады.

Элективті (селективті) қоректік орталар әртүрлі бөгде микрофлорасынан микроорганизмнің белгілі бір түрін таңдамалы түрде бөліп алып жинақтау үшін тағайындалады. Элективті қоректік орталарға 1 пептон суы, рН-8, 0 тең орта, сілтілі агар (тығыз орта), қоректік агар рН-7, 8 Леффлер ортасы, УТА (уызды тұзды агар), Китта-Тароцци ортасы, Мюллер, селенит, Раппопорт т. б.

Дифференциальды-диагностикалы орталар қайсы-бір микроорганизм түрлерін олардың ферментативті және дақылдық қасиеттері бойынша шектеуге қолданады. Оның құрамына мына компаненттер кіреді: негізгі қоректік орта - бактерияның өсуін қамтамасыз етеді, белгілі бір көмірқышқылы, түрлі-түсті индикатор. Дифференциальды-диагностикалы орталарға Гисс, Рессел, Эндо, Плоскирев, висмут-сульфат агары ортасы жатады.

Қоректік орталарды келесі әдіспен стерильдейді:

1) Жоғарғы қысымдағы бу арқылы (автоклавта) стерильдеу.

2) Кох аппараты және автоклав арқылы ағынды бумен стерильдеу.

3) Механикалық стерильдеу (фильтрлеу) .

Орталардың СТЕРИЛДІГІН бақылау үшін 37 с-да 5 тәулікке термастатқа қоямыз. Сұйық қоректік орталар мөлдір болуы тиіс, ал тығыз қоректік орталардың беткейінде өсу белгілерінің болмауы тиіс.

Бактерияларды өсіру үшін келесі дақылдау тәсілдерін қолданады:

1. Стационарлы тәсіл: қоректік орталар қалыпты сақталады. Олармен ешқандай қосымша манипуляция жүргізбейміз. Осылай сұйық қоректік орталарда дақылдау тәсілінде биомассасының шығып кетуі шамалы.

2. Тереңге аэрациялық дақылдау әдісі: осы тәсіл арқылы дақылдаған кезде арнайы құрылым реактерді қолданады. Бұл жерде қалыпты температура, оптималды рН, керектік қоректік заттың мөлшері түсуі бірқалыпты болады. Олар әрдайым стерилді ауамен желденіп тұрады, орта әрдайым араласып тұру үшін араластырылғыш орналастырылған. Осы ерекшеліктерге байланысты биомассаның максималды шығуын қамтамасыз етеді.

Анаэростат микроорганизмдерді анэробты жағдайда өсіруге тағайындалған. Хемостат - бұл аппаратта әрдайым ерекше резервуардан жаңа қоректік орта қосылып тұрады. Турбистаттыңжұмысының принципі аппаратағы бактериалды популяцияның тығыздығын сақтап тұруға негізделген. Осы аппараттарда ортаның өзгермей сақталуының арқасында үзіліссіз дақыл керекті фазада болып тұрады. Ол маңызды биологиялық қосылыстарының яғни биомассаның максималды шығуын қамтамасыз етеді.

Анаэростат

Анаэробты микрофлораны алу мақсатында себулер қатаң анаэробты жағдайда жасалады. Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп оларды алғашқы себуді 80 С - тықты су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын қояды.

Қатаң анаэроб жағдайы

Бірінші себулерде байыту араларында (Китта-Тароцци, тиаглюкол) жасайды, сонан соң петри шынысындағы тығыз орталарға бөлектенген колониялар алу үшін қайта себеді. Қантты қан агарына қантты қоректік тығыз агарының биік бағанасына Виньяль - Веиона, тәсілі бойынша егеміз. Бұл тәсіл анаэроб ағындыларды ауадан механикалық жолмен сақтауға негізделген. Егілген агарды стерилді (трубкаға) қуыс ортаға сорып алып бітеп тастайды. Осылай қатаң анаэробтарға қолайлы жағдай жасаймыз. Анаэробты бактерияларды дақылдау үшін физикалық және химиялық, биологиялық әдістерді қолданады.

Физикалық әдістер:

1) Редукциялаушы және жеңіл тотығатын заттар бар ортаға егу.

2) Микробты тығыз қоректік ортаның терең қойнауына егу.

3) Түтікшелерден ауаны механикалық жолмен шығару. Түтікшелердегі ауаны қандайда бір интерферентті химиялық газбен (пирагален, натрий гидросульфат) алмастыру.

Биологиялық әдістер анаэробтарды қатаң аэробтармен бірге өсіруге негізделген. Химиялық әдіс ауаны (Na S2O4) сіңірілуге негізделген.

Комбиниреленген әдіс физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдерді қосып қолданғанға негізделген.

Колониялар. Тығыз қоректік ортада бактериялар колония түзеді. Олардың сыртқы көрінісі қайсыбір бактериялар үшін дифференциялды белгі ретінде қарастырады. Колониялар өлшемі, пішіні, өлшемі, консистенциясы, шеттік контуры, құрылымы және беткейлік сипаты бойынша ажыратады.

Колониялардың шеттік құрылымы

Колониялар мөлшері бойынша ірі (4, 5мм), орташа (2, 4мм) және ұзақ (1, 2мм) . Пішіні бойынша домалақ, разетка тәрізді, жапырақ тәріздес болады. Түсі бөлінген пигменттерге байланысты ақ, сары, қызыл т. б. болады.

Колониялардың пішіні

Консистенция бойынша құрғақ, ылғал маңызды немесе кілегейлі колония болады. Колониялардың беттері тегіс, әжімді, сызылған, жалпақ, дөңес басылған. Колониялардың ішкі құрылымы аморфты, дәнекті жәптә тәрздес болуы мүмкін. Сұйық қоректік орталарда кейбір бактерия дақылдары мыналармен белгіленеді, диффузды лайлану, кейбіреулер түбіне немесе қабырғаға өсумен бетінде қабықша пайда болу, кейбіреулері пробинканың түбінде тұнба түзеді.

Бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу: систематикасында, классификациясында, индентификасиясында диагностикада кеңінен қолданады. Дифференциалды -диагностикалық орталарда бактериялардың сахоролиттік және протолиттік ферменттерін анықтау тахсонмиялық маңызға ие. Сахоролиттік қасиетін анықтау үшін Гисс ортасына егеміз (қысқа және ұзын өшұбарң қатар) . Егерде бактериялар көмірсуларды қышқылға дейін ферменттесе ортаның тұсы өзгереді, көмірсулар қышқылға дейін ыдырап, газ түсетін болса, түсі өзгеруімен қатар попловобта көпіршіктер пайда болады.

Протеолитикалық ферментті анықтау үшін бактерия дақылын 10-20 % ті желатин, пептонды суы бар бағанаға ине шаншу арқылы егеміз. Желатиндегі егін тіні бірнеше күн бойы 20-22 С та инкубациялаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоректік орталарды залалсыздандыру
Қоректік орталарға сипаттама. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
Қоректік орта топтары
Қоректік орталар
Қоректік орталарға сипаттама
Қатты фазада культивирлеу
Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру
In vitro жағдайында стевиядан оқшауланып алынған жапырақ экспланттарының каллусогенез және морфогенез ерекшеліктері
Микроорганизмдердің қоректенуі
Қоректік ортаның құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz