1980 ж. Соңындаңы КСРО дамуындағы жаңа реформалар


Кіріспе
Пән туралы қысқаша сипаттама:
ТМД тарихы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуының алғышаралар, олардың пайда болуына жағдайлар жасаған М. С. Горбачев қайта құру, жеделдету және демократиялық даму тенденцияларының тарихы оқытылады. Осы кезеңдегі ТМД мемлекеттерінің даму кезеңдерінің қазіргі жағдайы туралы толық мағлұмат береді.
Бүкілдүниежүзілік дамуда, әлемдік өркениетте ерекше геосаяси орналасуымен ерекшеленетін посткеңестік кезеңнің жағдайы, дүниежүзілік өркениеттегі Еуразиялық Одақтағы орны оқытылады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
ТМД тарихын оқытудағы мақсат дүниежүзілік тарихтағы қазіргі Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан сияқты тәуелсіз мемлекеттердің қазіргі даму қиыншылықтарын оқып меңгеру болып табылады. ТМД тарихын бiрт±тас тарих ретiнде кµрсетiп, қарастыру. Студенттердiң Еуразиялық әлемiнiң тарихына деген шынай кµзқарасын қалыптастыру. ТМД елдерінің әлем тарихындағы орнын анықтап, кµрсету. Соның iшiнде қазақтардың ролi мен тәуелсіз Қазақстанның тарихына ерекше назар аудару. Пәнді оқытуда бағдарлама негізінде студенттерге Еуразияда шешуші роль атақаратын ТМД мемлекеттерінің пайда болып, дамуынан бастап қазіргі жаңа концепцияда даму ерекшелектерін түсіндіру. ТМД тарихының оқу процесінде алатын орны ерекше маңызға ие. Себебі ТМД елдерінің даму концепциясы дүниежүзілік тарихты меңгеруде ерекше орын алады. Тарихи негізде студенттерге теориялық, методологиялық және нақты құжаттық негізде білім беріп, студенттердің ой-өрісін кеңейте түседі.
Пәннің міндеттері:
- ТМД-нің шығу себебі мен тарихи барысын игеру;
- Аталмыш пән бойынша негізгі ғылыми әдебиеттерді меңгеруге көмектесу;
- ТМД елдерінің мәселесін және олардың өзара байланыстарын ашып көрсету;
ТМД тарихын қазіргі замандағы тарихпен өзара тығыздығын ашып көрсету.
Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеру қажет: Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.
Постреквезиттер: Пәнді меңгеру нәтижесіндегі алған білім “Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық”, “Орталық Азия елдерінің интеграциялық мәселелері”, “Еуразия қауымдастығы”, “Орталық Азия және дүниежүзілік қауымдастық”, “Бұрынғы Кеңес Республикаларының посткеңес дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы”.
2. Курстың құрылымы:
Апта
Лекция сағ.
Семинар сағ.
ОБСӨЖ сағ.
Кіріспе
1
1
1
ТМД мемлекетінің ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім.
1980ж. соңында КСРО дамуындағы жаңа реформалар
1. 80-ші жылдардың ортасындағы кеңес социализмі.
2. Горбачевтің билікке келуі.
3. Мемлекеттік биліктің жаңа құрылымдары.
4. Қайта құрудың негізгі этаптары.
1
1
1
1
1
1
Социалистік жүйенің дағдарысы мен құлауы
1. Мемлекеттік биліктің жаңа құрылымдары.
2. Жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
3. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес.
4. 1991 жылғы тамыз төңкерісі.
1
1
1
1
1
ТМД-ның даму ерекшеліктері
1. ТМД-ның құрылуындағы алғашқы қақтығыстар.
2. ТМД-ның экономикалық жақтастықтар ұйымдастыру принциптері.
3. ТМД мемлекетінің ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім.
1
1
1
1
1
1
1
Қазақстан және ТМД
1. Қазақстанның әлемдік саясаты.
2. Қазақстанның ірі державалармен қарым-қатынастары.
1
1
1
1
1
Қазақстан-Ресей қатынастары.
Қазақстанның ірі державалармен геосаясаты
1. Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі геосаясаты.
2. Қазақстанның Орталық және Оңтүстік Азия елдерімен қарым-қатынастары.
3. Қазақстан дүниежүзілік ұйымдарға мүше болуы.
1
1
1
1
1
Халықаралық қауіпсіздік
1. Азия қауіпсіздігі.
2. ТМД және ядролық державалар.
1
1
1
1
1
ТМД мемлекетінің ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім.
ТМД елдерінің интеграциялық қатынастары
1. Каспий мәселесі.
2. ТМД елдерінде ұлттық валютаның енгізілуі.
3. Қазақстан-Ресей қатынастары.
4. Қазақстан-Прибалтика елдері қарым-қатынастары.
1
1
1
1
1
Орталық Азия елдерінің Ұзара қатынастары
1. Қазақстан-Өзбекстан қатынастары.
2. Қазақстан-Қырғызстан қатынастары.
1
1
1
1
1
Еуразиялық Одақ
1. ТМД және Еуропа елдері.
2. Еуразиялық Одақ құрудағы алғышарттар.
1
1
1
1
1
Еуразиялық Одақ
1. ТМД және Еуропа елдері.
2. Еуразиялық Одақ құрудағы алғышарттар.
1
1
1
1
1
Қазақстан-Прибалтика елдері қарым-қатынастары.
Ортаазиялық Одақ
1. Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты.
2. Ортаазиялық Одақтың перспективалары.
1
1
1
1
1
Ортаазиялық Одақ
1. Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты.
2. Ортаазиялық Одақтың перспективалары.
1
1
1
1
1
ТМД-ның экономикалық жақтастықтар ұйымдастыру принциптері.
ТМД елдерінің даму бағыттары
1. ТМД елдерінің демократия жолына бет алуы.
2. ТМД елдері дүниежүзілік ынтымаққа енуі.
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
3. Оқулықтар мен WEB сайттар тізімі
Негізгі:
- Шежірелер мен көркем әдебиеттер.
- RAMBLER. RU., LІB. RU., NAROD. RU., LІST. RU., REFERAT. RU.
- Карта және таблицалар.
- Телевизор және бейнетаспалық плейер, DVD дискілер.
- Назарбаев Ә. Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.
- Первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев: Хроника деятельности (1. 12. 1991 - 31. 05. 1993 гг. ) . Алматы, Казахстан ХХІ век, 1993.
- Назарбаев Н. А. Қазақстан - 2030. // Ұлттық қауіпсіздік. Алматы, Білім, 1998.
- Нысанбаев А. Н. Казахстан на пути к устоичивому развитию. Алматы, Ғылым, 1996.
- Кусманулу А. Ситиков Н. НАТО: Политика в контексте геополитических реалий изменившегося мира. //Саясат А., 1997. №8.
- Токаев К. К. Под стягом независимости. Алматы, 1997.
- Белевский А., Нацинов Е. Маоизм против социализма. М., "Мысль", 1981.
- Видова О. Н. Назарбаев: портрет человека и политика. Алматы, Білім, 1998.
- Токаев К. К. Что кроется за соглашением о границе с Китаем? // Дипломатический курьер. 3 саны, Алматы, 1998.
- Евразийское сообщество. 3 саны шілде-қыркүйек, 1999.
- Бжезинский З. Геополитическое положение после распада СССР. //Казахстан и мировое сообщество. 1 саны. 1994.
- Страны мира. М., 1997.
- Назарбаев Н. А. На пороге ХХІ века. "Өнер", Алматы, 1996.
- Кушкунбаев С., Спанов М. К вопросу о роли транспортных коммуникации в геополитике в постсоветской Центральной Азии. //Евразийское сообщество. М., 1998. №8.
- Артыкбаев М. Институционализация политических систем постсоветских республик. //Геополитика // Саясат. А. 2001.
- Иватова Л. Казахстанско-американские отношения в сфере международной безопасности. // Евразийское сообщество. Алматы, 1999. №2.
- Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана между прошлым и будущим. А. 1999.
- Кушкумбаев С. К. , Сулейменова Р. Б. Безопасность Центральной Азии в контексте региональной интеграций теория, практика поиск. //Саясат. А. 1999. - №7.
- Абдулпаттаев С. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес. // Ақиқат. А. 2001. №7.
- Ыдырысов Е. Қазақстан тәуелсіздігінің сыртқы саяси қырлары. // Ақиқат. А. 2001. №8.
- Суверенный Казахстан на рубеже тысячелетий. Астана, 2001.
Қосымша:
- Ташимбаев М. С. Изменяющаяся Европа и Казахстан возможны точки соприкосновения. //Саясат. А. 1999. №1.
- Мылтыкбаев Г. М. Таможенный союз и опыт Европейского союза. //Саясат. А. 1999. №8.
- Шевченко В. В., Джумагельдиев Т. А. Международное движение инвестиции и Казахстан. //Саясат. А. 1999. №10.
- Танымбайұлы К. Е. Қазақстанның саяси қауіпсіздігі: ықтимал және шынтуайт қатерлер. //Саясат. А. 1999. №3.
- Мансұров Т. Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптесті серпінді. Ақиқат. №7, 2001.
- Назарбаев Ә. Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1991.
- Нұрғалиев Қ. Р. Қазақстан экономикасы. А. 1999.
- Маклина О. Интеграционные тенденции набирают силы. // Азия и Африка сегодня. М., 1996. №9.
- Веселова В., Хазанова А. М. Отношение России со странами Центральной Азии и Закавказья. //Восток. М., 1997, №16.
4. Бақылау түрлері:
Аралық бақылау және емтихан
5. Студенттің білімін бағалау ережесі
Барлық бағалар білімгердің тапсырған тапсырмаларының баллдық нәтижелері мен экзаменде алған бағалар бойынша орташа балл арқылы шығарылыды. Курстың бағасы төмендегі 4 категория негізінде анықталады.
Бағалау саясаты мен ақпараты. Білім төмендегі жүйе бойынша бағаланады
6. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- Студент сабаққа кешікпеуге міндетті
- Тапсырмаларды уақтысында орындауға міндетті
- Ғылыми - зерттеу ж±мыстармен µз бетінше ж±мыс жасауға міндетті
Білімгер сізге пән бойынша өтілетін материалдар қысқаша түрде алдын ала таратылып берілгендіктен, ары қарай өз бетіңізше әдебиеттер арқылы және аптасына 2 рет өтілетін дәрістер кезінде толықтыруға мүмкіндіктеріңіз бар.
Алған біліміңізді тексеру үшін сізден семестр барысында бақылау жұмысы, аралық тест сауалнамалары, коллоквиумдар, білімгердің өзіндік жұмысы және емтихан алынады.
Пән барысы баллдық жүйемен бағаланаатындықтан тақырыптық тест сауалнамалары, карточкаларға жауап беру, карталармен жұмыс, бақылау жұмыстары, эссе, рефераттар жазу түрлері бойынша балл жинақтауға болады.
Сонымен қатар сабақтан себепсіз қалу, кешігу, сабақта тыныштық сақтамау, ұялы телефонды қолдау, басқа да шаралармен айналысу өріс алған жағдайда сіздің баллдық қорыңыз кемітіледі (әр жолы 1 баллдан) .
Пән негізінде білімгер орындайтын өзіндік жұмыстар, аралық бақылау жұмыстары, рефераттар, картамен жұмыс секілді тапсырмалар өз уақытында орындаалмайтын болса балл төмендетіледі. Баллдық жүйе қортындысы емтихан негізінде қорытындылады.
1980 ж. соњындаѓы КСРО дамуындаѓы жања реформалар
- 80-ші жылдардың ортасындағы кеңес социализмі.
- Горбачевтің билікке келуі.
3. Мемлекеттік биліктің жаңа құрылымдары.
4. Қайта құрудың негізгі этаптары.
1. 80-ші жылдардың ортасында социализм саяси-экономикалық жүйе ретінде жойыла бастады. Кеңес Одағы терең әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарысқа ұшырады. Өмірдің деңгейі, халықты қажет заттармен қамтамасыз ету т. б. көрсеткіштері бойынша КСРО тек дамыған капиталистік елдерден қалып қоймай сонымен қатар дамушы елдерден де артта қалды.
Тіптен ресми есеп бойынша КСРО өнеркәсіп өндірісі бойынша АҚШ-тан екі есе, ауыл шаруашылығы бойынша төрт есе төмен болды. АҚШ-тың ауыл шаруашылығындағы жұмысшы жылына 54, 7 т. бидай, 4570 кг. ет, 11, 8 т. сүт өндірген. КСРО-да болса 4, 5 т. бидай, 320 кг. Ет және 2, 8 т. сүт. Дағдарыс тек өмірдің деңгейі мен жалпы өндірісті тежеп қоймай сонымен қатар ЮНЕСКО халықаралық ұйымының көрсеткіші бойынша Кеңес елі интеллект бойынша дүниежүзінде 45 орында, ал жастар - 49 орында болған. 80-ші жылдардың ортасында АҚШ-та шамамен 800 мыңнан астам, ал КСРО-да болса бары жоқ 50 мың компьютер болған. Дүниежүзі электрон-есптеу техникасын пайдаланған болса, кеңес адамы үшін бұл әлі де қиял болып табылған.
Артта қалған социалистік экономика едәуір әскери шығын салмағымен басылған. Оған ішкі ұлттық өнімнің 5/1 бөлігі жаратылған. Егер АҚШ жылына қорғанысқа 300 млрд., білімге 350 млрд. доллар жаратқан болса, КСРО 70 және 10 млрд. рубль жаратқан. КСРО дүниежүзінде ең үлкен армия ұстаған. Оның саны 4, 5 млн. адамды есептеген (АҚШ - 2, 5, Қытай - 3, 5 млн. ) . Кеңес армиясы құрылымы және де қарулану түрлері (танктер, ұшақтар, зымырандар т. б. ) бойынша шабуыл жасауға және агрессиялық саясат жүргізуге арналған. Соғысқа дайын тұрған кеңес танктері Еуропаның орталығында Германия, Венгрия, Чехословакия, Польша елдерінде болған. 1979 жылдан КСРО Ауғаныстан халқына қарсы ашық агрессиясын ұйымдастырған.
Өте көп қаржыны кеңес үкіметі Куба, Никарагуа, Эфиопия, Ангола және Мозамбиктегі диктаторлық коммунистік және протокоммунистік режимдерді қодауға жұмсалған. Соңғы он жылда КСРО финанстық жәрдемді шамамен жүз компартияларға берген. Француз коммунистік партиясы КСРО-дан 24 млн., АҚШ-тың компартиясы - 21 млн., Финляндия - шамамен 17 млн., Португалия - шамамен 10 млн. доллар т. б. алған.
Өте көп адам өмірін алып кеткен өнеркәсіптегі, транспорттағы т. б. бірқатар ірі авариялар кеңес елінде білімнің төмендігін, квалификация деңгейінің артта қалуын, атқарушы комитеттердің арасында тәртіптің болмауын және жауапсыздығын көрсетті. Әсіресе гуманитарлық ғылымындағы дүниежүзілік көпшілік ой кеңес оқырманының қолына жетпеген. Көптеген белгілі авторлардың еңбектері аударылмаған, басылмаған. Кейбір кітаптар Кеңес Одағында мүлдем басылуға тиым салынған. Диссиденттік қозғалыстар қатаң түрде жазаланған. Осындай жағдайда КОКП-да ел ішінде реформа жүргізуге күштер табылды.
2. 11 наурыз 1985 жылы ОК кезекті пленумында бас хатшылыққа 54 жастағы М. С. Горбачев тағайындалды. Ол Ставропольщинада шаруа семьясында туып өскен. Ломоносов атындағы МГУ-нің заң факультетін және Ставрополь ауыл шаруашылық институтын бітірген. Ол өмір бойы өкіметте жұмыс атқарған. ВЛКСМ Ставрополь горкомының хатшысы, Крайком комсомолының хатшысы, КОКП Крайкомының бірінші хатшысы. 1978 жылдан бастап ОК КОКП хатшысы, ал 1980 жылдан Политбюро мүшесі.
М. Горбачевтің жаңа басшылық орындағы алғашқы іс-шарасы ол социализмді модернизациялау әрекеті болды яғни жүйеден бас тарту емес тек оның қате жақтарын жою болып табылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты елдің әлеуметтік-экономикалық даму процесін тездету болды. Ол ел ішінде экономикада жаңа ғылыми-техникалық өндіріске негізделген дүниежүзіне сәйкестендіріп еңбек өндірісінің деңгейін көтермекші болды. Сонымен қатар социализмнен бас тартып, коғамның жағдайын едәуір жақсартпақшы болды.
Сол кезде шаруашылық механизмнінің қайта құру концепциясы жасалған болатын. Оның маңыздылығы кәсіпорындардың құқын және еріктілігін кеңейту, жаңа шаруашылық есеп жүйесін енгізу, еңбек ететін ұжымдардың қызығушылығын арттыру т. б. болды. Шығарылатын тауардың сапасын өсіру мақсатында мемлекеттік тексеру енгізілді. Кәсіпорындардың жетекшілерін сайлау арқылы тағайындаған. Елдің басшылары ел ішінде ішімдікпен күресе бастады. Нәтижесінде сансыз жүзімдердің бау-бақшалары жойыла бастады. Шарап-арақ заттарын алуға мыңдаған адамдардың кезектері өріс алды. Сол заттарға алып-сатарлық көбейді. Шарап-арақтарды қолдан жасау кең тарады, наркоман және токсикоман жастардың саны өсті. Елімізде дағдарыс басталды.
Осындай жағдайда елдің жоғары қызмет атқаратын басшылар да ауыса бастады. 1985 жылы қазанда КСРО Кеңес Министрлерінің төрағасы қызметіне Н. И. Рыжков, 1985 жылы желтоқсанда Мәскеу қалалық комитетінің партия хатшысы қызметіне Б. Н. Ельцин, сыртқы істер министрі қызметіне Э. А. Шеварднадзэ отырды. Ал бұрынғы министр М. А. Громыко жоғары бірақ ықпалы аз КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумның төрағасы қызметіне тағайындалды. Жоғарғы партиялық иерархияға бұдан басқа А. Н. Яковлев, А. И. Лукьянов тартылды. Осылайша басшылардың құрамы өзгере түсті.
Дәл сол кезде елдің ішінде қоғамның өмірінде жалпы демократизациялану кезеңі басталды. Бұрынғысынша саяси қудалау тоқтатылған. Түрмелер мен отанынан алыстатылған жерлерден диссиденттік қозғалыстың қайраткерлері, демократиялық құқықтарды қорғаушылар орала бастады.
Жариялылық саясаты көптеген адамдардың тағдырын жақсартты. Радио, теледидар және баспасөздер өздерінің қызметтерін жандандырды. Тек 1986 жылдың өзіндей-ақ белгілі газеттер мен журналдар 14 млн. астам жаңа оқырмандарын тапты. Жергілікті газеттер мен журналдарға тираждар күннен-күнге өскен. Адамдар ойлануға, саясат туралы сөйлесуге еш уайымдамады. Адамдар бұрын естімеген хабарларға ие болды.
Елдің сыртқы саясатында да айтарлықтай өзгерістер болды. 1985 жылы қарашада М. С. Горбачевтің американ президенті Р. Рейганмен кездесуі екі ел арасында болашақта бейбітшілік пен татуластық орнауна негіз салды. Екі жақта кеңес-американ қатынастарды және халықаралық жағдайды түзетуге келісті. Олардың ядерлік қарудан және ядерлік соғыстан бас тартуы тек екі ел емес сонымен қатар бүкіл адамзат үшін де маңызды болды. Осы кездесу негізінде келешек ядерлік қаруларды қысқартуға келісті.
Сонымен қатар 1986 жылы қарашада М. С. Горбачевтің Үндістанға ресми сапары кезінде екі жақты «Дели декларациясынањ қол қойды.
Осылайша осындай іс-шаралар қайта құру саясатының тек бірінші этапы болып табылды. Оның жалғасын кеңес саяси жүйесіндегі реформа іске асырды.
3. Кейінгі уақытта анықталғаны елде қайта құру саясатын жүргізуде партия басшыларының іс-әрекетіндегі мүмкіндіктері жеткілікті болмады. 1987 жылы ОК пленумында М. С. Горбачев былай деп мәлімдеді: « . . . елдегі өзгерістердің өте баяу түрде жүріп жатқанын барлығымыз байқап отырмыз. Қайта құру саясатындағы жұмыстар тоқырау заманындағы шешілмеген мәселелерге тіреле берді. »
Сондықтан да осы пленумда «кеңес қоғамын әрі қарай демократизациялауњ, «кеңес сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруњ мәселелерін шешу көзделді. Сонымен қатар жариялылық саясатына кепіл болатын құқық актілерін жобаластыру жұмыстары жүргізілуге тиіс болды.
Бұл саяси реформаны 1988 жылы жаздағы ХІХ Бүкілодақтастардың партиялық конференциясында заңдастырылды. Осы кезде қайта құру саясатының қарсыластары да пайда болды. 1988жылы наурыздың өзіндей-ақ КОКП ОК «Советская Россия» газетінде Ленинград қаласының оқытушысы Нина Андрееваның «Не могу поступиться принципами» тақырыбындағы мақаласы тез қарқынмен тарала бастады. Ол бойынша Кеңес елі баяғы Ленин мен Сталиннің басқару жүйесіне оралу тиіс деп көрсетілген. Консерваторлардың іс-әрекеттері конференцияның өзіндей-ақ көрінді. Бірқатар партияның қызметшілері қайта құру саясатын қатты сынады.
1988 жылы 1 желтоқсанда КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі екі заңды қабылдады: «Конституцияға өзгертулер мен қосымшалар енгізуњ және «КСРО-да халық депутаттарын сайлау». Жаңа Конституция бойынша елде Жоғарғы орган 2250 депутаттардан құрылған халық депутаттарының Съезі болды: 750 депутат - территориялық сайлау округтерінен, 32 депутат - әр одақтас республикасынан, 11 - әр автономиялық республикасынан, 5 депутат - әр автономиялық облыстан және 1 депутат - әр автономиялық округтарынан толтырған.
Съезд мәжілістері жылына бір рет өткізілу тиіседі. Съезде үнемі заң, бақылаушы және реттеуші қызметті орындайтын органды КСРО-ның Жоғарғы Кеңесін сайлаған. Жоғарғы Кеңес екі палатадан Одақтастар Кеңесі мен Ұлттар Кеңесінен құрылған. Олар құқық және саны жағынан тепе-тең болған. Съезд жылда Жоғарғы Кеңестің бестен бір бөлігін жаңалатқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz