«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен



1. «Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының негізгі жолдары»
2. «Негізгі нейропротективті заттар. ОЖЖ регенераторлы.репаративті үрдістерді жақсартуға бағытталған препараттар».
3. «Пневмония кезіндегі микробқа қарсы емнің принциптері мен препаратты таңдау. Балаларда әсер етуі мен қолдануының ерекшеліктері»
4. «Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы синдромында қолданылатын заттарды таңдаудың негізгі прициптері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»
Фармакология – дәрілік заттардың ағзамен өзара әсерлесуі және жаңа дәрілік заттарды іздестіру жолдары туралы ғылым.
Фармакология медицина практикасында дәріні рационалды қолдану туралы теориялық білім негізін қалыптастырады. Қалыпты және патологиялық физиология, биохимия курстарынан негізін ала отырып, фармакология медициналық-биологиялық және клиникалық пәндер арасындағы байланыстырушы тармақ.
Теориялық және клиникалық пәндер арасында аралық жағдай онымен жасап шығарылатын көптеген ғылыми бағыттардың дамуына мүмкіндік береді. Фармакология саласындағы жаңа бағыттарға жаңа препараттар алу және оларды медицина практикасына енгізумен байланысты қолданбалы аспектілер, сонымен бірге іргелі мәселелер кіреді.
Фармакология медициналық-биологиялық пәндердің дамуына үлкен әсер көрсетеді. Экспериментаторлар үшін фармакологиялық заттардың негізгі құндылығы олардың көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді басқару мүмкіндігінің кеңдігінде.
Фармакологияның дамуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер етеді. Соңғы жылдар фармакологияның үдемелі дамуымен, жаңа дәрілік препараттардың пайда болуымен белгілі, осыңың нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеуде әмбебап әдіс болды. Осыған байланысты, медициналық білім беру жүйесінде фармакология маңызды орын алады, сондықтан фармакологияны білу кез-келген сала дәрігері үшін қажет.
Негізгі:
1. Харкевич Д.А., Фармакология, мемлекеттік тілдегі аудармасы, Алматы 2004, 604 б.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750 б.
3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724 б.
4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – 415 б.
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.
2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.
3. Клиническая фармакология. /под ред. Зупанца И.А., Налетова С.В., Викторова А.П./ изд. НФаУ «Золотые страницы», 2005 ж. т 1-2. 844 б.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.
5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.
6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.
7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.
8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002 - 782 б.
9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе.
Фармакология – дәрілік заттардың ағзамен өзара әсерлесуі және жаңа дәрілік
заттарды іздестіру жолдары туралы ғылым.
Фармакология медицина практикасында дәріні рационалды қолдану туралы
теориялық білім негізін қалыптастырады. Қалыпты және патологиялық
физиология, биохимия курстарынан негізін ала отырып, фармакология
медициналық-биологиялық және клиникалық пәндер арасындағы байланыстырушы
тармақ.
Теориялық және клиникалық пәндер арасында аралық жағдай онымен жасап
шығарылатын көптеген ғылыми бағыттардың дамуына мүмкіндік береді.
Фармакология саласындағы жаңа бағыттарға жаңа препараттар алу және оларды
медицина практикасына енгізумен байланысты қолданбалы аспектілер, сонымен
бірге іргелі мәселелер кіреді.
Фармакология медициналық-биологиялық пәндердің дамуына үлкен әсер
көрсетеді. Экспериментаторлар үшін фармакологиялық заттардың негізгі
құндылығы олардың көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді
басқару мүмкіндігінің кеңдігінде.
Фармакологияның дамуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер етеді. Соңғы
жылдар фармакологияның үдемелі дамуымен, жаңа дәрілік препараттардың пайда
болуымен белгілі, осыңың нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды
емдеуде әмбебап әдіс болды. Осыған байланысты, медициналық білім беру
жүйесінде фармакология маңызды орын алады, сондықтан фармакологияны білу
кез-келген сала дәрігері үшін қажет.

2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде препараттарды
рационалды таңдау үшін дәрілік заттар фармакокинетикасы мен
фармакодинамикасы туралы білімін қалыптастыру.

Жүйке жүйесі модулі бойынша дәрістік кешен
№1 Дәріс
1. Тақырыбы: Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және
симптоматикалық терапиясының негізгі жолдары
2. Мақсаты: Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және
симптоматикалық терапиясының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы
туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Дәрістің тезистері:
ОЖЖ инфекциялары өмірге қауіп төндіретіндіктен этиотропты,
патогенетикалық және симптоматикалық терапияны қажет етеді. Олар жеке ауыру
түрінде, немесе қандай да бір бактериялық аурудың асқынуы ретінде дамуы
мүмкін.
Менингит –мидың және жұлынның қабыну ауруы. Қабыну үрдісінде
қабықтардағы және жұлын сұйықтығының өзгеру сипатына байланысты серозды
және іріңді менингит болып бөлінеді. Іріңді менингитті жиі келесі топтағы
микробтар шақырады: менингококктар, пневмококктар, гемофилді таяқша,
стрептококктар, көкірің таяқшасы.
Сондықтан менингитті емдеуде міндетті түрде микробқа қарсы заттар, оның
ішінде ликворға өтетін, антибиотикке микробтың сезімталдық дәрежесін ескере
отырып тағайындалатын препараттар қолданылады.
Антибактериалды терапия парентералді жүргізіледі, келесі
антибиотиктерді науқаспен көтере алатын масималды мөлшерлерде тағайындайды.

Хлорамфеникол (левомицетин), жақсы сіңіріледі, барлық тосқауылдардан
жақсы өтеді, жаңа туған нәрестелерге қолдануға болмайды. Келесі жанама
әсерлер көрсетуі мүмкін: аллергиялық реакциялар, қан түзілуінің тежелуі,
тіпті апластикалық анемияға дейін, балаларда сұр коллапс және шоқ.
Көрсетілген ауытқуларда пенициллин тобының препараттары кеңінен қолданады:
бензилпенициллин натрий тұзы 24 000 000 ӘБ нен, ересектерге ампициллин,
оксациллин, карбенициллин, уреидопенициллиндер, оларға тән жанама әсерлер
болып табылады: аллергиялық реакциялар, карбенициллин тромбоциттердің
агрегациясын бұзуы мүмкін
Келесі топтың препараттарын аминогликозидтер құрайды: гентамицин,
тобрамицин, нетилллицин, аллергиялық реакциялар, естудің бұзылуын шақыруы
мүмкін, нефротоксикалық әсері бар. Аминогликозидтер В-лактамды
антибиотиктермен синергист болып әсер етеді.
Сонымен қатар цефалоспориндердің 3-ші және 4-ші ұрпақтары қолданады:
науқастармен жақсы көтерілетін цефтриаксон, цефтазидим, цефотаксим,
цефепим, бірақ аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Грамтеріс
микробтармен В-лактомаза өндіретін пенициллиндерге аллергия болған кезде,
соның ішінде Pseudomanas азтреонам қолдануға болады.
Антибактериалды емнен басқа бактериалды менингите естудің төмендеу
қаупін және неврологиялық бұзылыстарды тудыруды азайту үшін қабынуға
қарсы және аллергияға қарсы әсерлері бар кортикостероидты ем қолданылады.
Бактериалді менингиттің жиі асқынуына басішілік қысымның жоғарылауы
жататындықтан науқасқа диуретиктер – маннит, фуросемид енгізіледі.
Тырысудың алдын алу және емдеу үшін диазепам тағайындалады, су-
электролиттік балансты тұрақты ұстап тұру қажет.
Симптоматикалық терапия да үлкен роль атқарады.
4. Power Point бағдарламасы бойынша дайындалған көрнекі құралдар
қолданылады.

5. Әдебиет:
Негізгі:

Харкевич Д.А., Фармакология, мемлекеттік тілдегі аудармасы, Алматы 2004,
604 б.

Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр.
–М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750 б.

Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр.
–М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724 б.

Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – 415 б.

Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.:
Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.
2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания.
М. Практика. 2006. - 1648 б.
3. Клиническая фармакология. под ред. Зупанца И.А., Налетова С.В.,
Викторова А.П. изд. НФаУ Золотые страницы, 2005 ж. т 1-2. 844 б.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом ГЭОТАР-МЕД.
2004.-591 б.
5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под ред. В.Г.Кукеса,
А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.
6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002.
т. 1-2. – 926 б.
7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина,
2002, т.1-2. – 669 б.
8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко
Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии -Издательство
Мегаполис Харьков 2002 - 782 б.
9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод
д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

Дәріс №2
1. Тақырыбы: Негізгі нейропротективті заттар. ОЖЖ регенераторлы-
репаративті үрдістерді жақсартуға бағытталған препараттар.

2. Мақсаты: регенераторлы-репаративті үрдістерді жақсартуға бағытталған
терапияда нейропротекция үшін, ишемиялық және геморрагиялық инсультті
емдеуде қолданылатын заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі және
сипаттамасымен студенттерді таныстыру

3. Дәрістің тезистері
Шұғыл жағдайларға сәйкес базисті терапия синдромды және нейропротективті
болады.
Синдромды интенсивті терапияда жүргізілетін шаралар бір кезеңде және
мүмкіндігінше жылдам жасалуы қажет. Мидың қан айналымының бұзылыстарында
алдын алу шаралары аса тиімді: АҚ төмендету және сәйкес ұстап тұру, қандағы
липидтердің деңгейін қалыптастыру; дене салмағын төмендету; тромб түзуілу
қаупі бар науқастарға дезагреганттарды, қажет болған жағдайда
антикоагулянттарды қолдану. Сонымен қоса қосымша ауруларына емдеу жүргізу.
Инсульт — мидың қан айналымының жедел бұзылысы.
Мидың қан айналымының жедел бұзылысының дифференциялық терапиясының
негізгі бағыты — ишемия ошағын және ишемиялық жартылай көлеңкеленген ошақты
шектеу, қанның реологиялық және ұю қасиеттерін қалыптастыру,
церебропротективті терапия – нейрондарды ишемияның зақымдаушы әсерінен
қорғау және нерв тіндерінде репаративті үрдістерді ынталандыру.
Реперфузиялық терапия инсульттің патогенетикалық сипатымен анықталады.
Ми қан тамырларының тромболитикалық және эмболиялық зақымдалуларында емдеу
тромболизиске бағытталған. Бұл жағдайда плазминогеннің рекомбинантты тіндік
активаторы (rt-PA), анкорд, гепаринді қолдану тиімді болар еді. Транзиторлы
ишемия алған науқастарға антикоагулянттарды қолданады, қайталануды
болдырмас үшін антиагреганттар – аспирин тағайындалады,
Антикоагулянттар мен тромболитикалық терапия гемморагиялық инсульт алған
науқастарда қарсы көрсетілген, оларды қолдану артериялық гипертензиясы бар
науқастарда шектелген, одан басқа олар тек алғашқы тәулікте ғана тиімді.
Ишемиялық инсульт алған науқастарда антиагрегантты әсері бар,
микроциркуляцияны жақсартатын заттар қолданылады. Мидың ісіну белгілері
болған жағдайда терапия басішілік қысымды төмендетуге бағытталады (осмостық
диуретиктер).
Нейропротективті терапияны шартты түрде біріншілік және екіншілік
нейропротекция деп бөледі, біріншілік нейропротекция глутамат-кальцийлік
каскадты тез бұзуға бағытталған, екіншілік нейропротекция нейрондардың
өлуін тоқтатуға — АФК артық өндірілуін, оксидативті стрессті, цитокиндердің
дисбалансын болдырмауға, иммундық ауытқулардың, трофикалық
дисфункциялардың, апоптоздың болуына кедергі жасауға бағытталған.
Біріншілік церебропротекцияда ең жиі қолданылатын заттарға - потенциалға
тәуелді L-типті кальций каналының антагонисттері — дигидропиридиннің
туындылары: нимодипин (аса жақсы зерттелген) – субарахноидалды қан
құйылғанда қантамырларының спазмын болдырмайды, фибринолизді күшейтеді, бос
радикалдардың тотығуын тежейді және ишемиялық инсульттен кейінгі өлім
жиілігін төмендетуі мүмкін.
Екіншілік нейропротекцияда жасушалардың баяу өлу механизмдерін тежейтін
заттар: антиоксиданттар, нейропептидтер, қабынуға қарсы цитокиндердің
блокаторлары, нейротропты факторлар, ноотропы: глицин, пирацетам,
фенотропил, пикамилон қолданылады.
Ноотропты заттарды транзиторлы ишемиялық атакасы бар науқастарға,
геморрагиялық және ишемиялық инсульт алған науқастарға да қолдануға болады.
Ең жиі қолданылатын - пирацетам, ақыл ой қабілетін ынталандырады (ойлау,
оқу, есте сақтау), антигипоксиялық әсер көрсетеді, ми тінінің гипоксияға
тұрақтылығын жоғарылатады, және тырысуға қарсы аздаған әсер көрсетеді.
Әсері баяу дамиды.
Нейропротекцияның маңызды бағытына нейропептидті және антиоксидантты
терапия жатады. Нейропротективті әсер көрсететін антиоксиданттарды шартты
түрде бірнеше топқа бөлуге болады: 1. АФК және бос радикалдардың Қақпаны;
2. Антиоксидантты ферменттер және табиғи антиоксиданттар; 3.
Нейродеструкция кезінде АФК түзілуінің ингибиторлары. Препараттар:
Карнозин, тирилазид, оксипиридиннің туындылары: эмоксипин және оның
янтарлықышқыл тұзы мексидол, селеннің туындылары — натрий селениті,
деметеон, неоселен, эбселен. Ноопент гидроксилді радикалдардың қақпаны
болып табылады.
Соңғы жылдары нейропептидтердің арасынан белсенділігі жоғары
нейропротекторларды іздестіру қарқынды жүруде. Нейропептидтерді зерттеудің
жаңа бағытына апоптозды реттеудегі ролін анықтау, сонымен қатар ерте
дамитын гендердің экспрессиясына – препараттары: цереброкурин, кортексин,
семакс әсерін анықтау болды.

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық үлгісі (студент
кафедрадан алады)
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А., Фармакология, Мемлекеттік тілдегі аудармасы, Алматы,
2004, 604 б.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008,
750 б.
3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 б.

Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.:
Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.
2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания.
М. Практика. 2006. - 1648 б.
3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров Венгеровский А.И. – 3-
е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ
Физико-математическая литература, 2006. – 704 б.
4. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под ред. В.Г.Кукеса. –
ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.
5. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом ГЭОТАР-МЕД.
2004.-591 б.
6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002.
т. 1-2. – 926 б.
7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина,
2002, т.1-2. – 669 б.
8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко
Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии -Издательство
Мегаполис Харьков 2002.- 782 б.
9. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. –
М.: Медицина, 2000. – 740 б.
10. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2
томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 ж.
11. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод
д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.
12. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и
фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 б.

Модуль Тыныс алу жүйесі
Тыныс жүйесі модулі бойынша дәрістер кешені
№1 Дәріс
1. Тақырыбы: Пневмония кезіндегі микробқа қарсы емнің принциптері мен
препаратты таңдау. Балаларда әсер етуі мен қолдануының ерекшеліктері

2.Мақсаты: Пневмонияны емдеуде қолданылатын препараттардың
фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімді
қалыптастыру.
3. Дәріс тезистері:
Тыныс алу жүйесінің патологиялары кең тараған аурулардың біріне
жатады. Соның ішінде пневмония патологиясы жоғары пайызға ие. Бұл бүгінгі
таңдағы халықтың өмір салтының ерекшелігіне, сыртқы ортаның ластануына және
зиянды әдет - темекі шегудің кең таралуына байланысты. Соңғы жылдары атипті
жүретін пневмонияның саны жоғарылауда. Терең зерттеулер пневмонияның жаңа
қоздырғыштары бар екенін тапты. Бүгінгі таңда, жаңа антибактериалды заттар
алынуда, сонымен қатар дәрілік терапияның асқынулары жиілеуде. Осы
үрдістердің барлығы мәселенің өзектілігін айқындайды. Ауруханадан тыс
пневмонияның негізгі қоздырғыштарына жатады: пневмококктар, микоплазмалар,
гемофилді таяқшалар. Екіншілік иммунотапшылық жағдайындағы және ауыр
соматикалық патологияларда гемофилді таяқша және микоплазмамен қатар
пневмония қоздырғышы стафилококктар, грам теріс флоралар және микробты
ассоциациялар болуы мүмкін.
Аспирациялық пневмонияның қоздырғышы ауыз жұтқыншақ анаэробтары,
стафилококктар және микробтық ассоциациялар болып табылады. Пневмонияны
емдеудің негізгі бағыттарына инфекциялық агенттің қоздырғыштарына әсер ету
жатады. Дегенмен, микробиологиялық сараптаманың нәтижесі 3-5 күннен кейін
дайын болады. Сондықтан, эмпириялық антибактериальды емнің негізінде
біріншіден препараттарды таңдау жатады.
Бронхтық-өкпелік аппараттың инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің
маңызы зор. 60 жасқа дейінгі науқастарда пневмонияны емдеуде негізгі
препараттарға амоксициллин немесе макролидтер II ұрпағы жатады, ал
альтернативті препарат ретінде доксициклин қолданылуы мүмкін. Қосалқы
патологиялармен жүретін жағдайларда таңдамалы препаратқа амоксициллин
жатады. Көбіне бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары 500 000 – 1000
000 ӘБ, ет ішіне, тәулігіне 4-6 рет қолданылады. Бұл көбіне пневмококкты
(крупозды) пневмонияда тиімді. Соңғы жылдары пневмонияны емдеу үшін әсер
ету спектрі кең, негізінен респираторлық инфекцияларда тиімді
респираторлық фторхинолондар (левофлоксацин) кең қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы
(студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы,
2004 ж. 604 б.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и
испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.
3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и
испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.
4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-
206, 415б.

№ 2 Дәріс
1. Тақырыбы: Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы синдромында қолданылатын
заттарды таңдаудың негізгі прициптері. Балалар практикасында қолдану
ерекшеліктері

2. Мақсаты: Бронхиалды обструкция синдромында препаратты тиімді таңдауды
қамтамассыз ету үшін тыныс алу жүйесі қызметіне әер ететін заттардың
әсерлерінің жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру

3. Дәріс тезистері:
Бронхолитикалық заттар медициналық практикада кең қолданылады.
Балаларда дамитын бронхообструктивті синдромның түрлері келесі
кестеде көрсетілген

Бронхообструктивті синдромның түрлері

1. β-адренергиялық рецепторларды ынталандыратындар:
а) тікелей әсер ететін – адреналин (α –β адреномиметик), изопреналин (β-
адреномиметик), тербуталин, салбутамол, фенотерол, сальметерол (негізі β2
адреномиметиктер ) және т.б.
б) тікелей емес әсер ететін (эфедрин - симпатомиметик және құрамында
эфедрині бар препараттар: теофедрин, солутан және т.б.).
2. М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты, платифиллин, метацин, ипратропиум
бромид.
3. Метилксантиндер – бронхтың тегіс салалы еттеріне әсер ететін препараттар
(миолитиктер): теофиллин, эуфиллин, аминофиллин, диафиллин, дипрофиллин
және т.б.
Бронхолитикалық заттардың негізгі топтары: β-2 – адренорецепторларды
ынталндыратын заттар, М-холиноблокаторлар, миотропты әсерлі спазмолитикалық
заттар.
Метилксантиндерге бронходилаторлық қасиет тән және бронхиалды
демікпеде кең қолданылады. Олар кешенді әсер етеді: аденозиндік
рецепторларды тежейді және пуринергиялық тежегіш жүйеге әсер етеді; бүйрек
үсті безінде эндогендік катехоламиндердің синтезін жоғарылатады;
диафрагмальды еттің жиырылғыштық қаситетін жақсартады.
Бронх демікпесін емдеуде глюкокортикоидтардың маңызы зор, себебі олар
бұл патологияның барлық патогенездік сатыларына әсер етеді. Бронхиалды
демікпенің ауыр түрінде глюкокортикоидтар таңдамалы препарат болып
табылады. Дегенмен, топ препараттарының әсер механизмі жан-жақты
түсіндіріледі. Негізгісіне келесілер жатады: қабыну медиаторларының
түзілуін және бөлінуін тежеу, соның ішінде, соның ішінде Pg; цАМФ- тің
тиімділігін жоғарылата отырып, катехоламиндердің әсерін күшейту; цАМФ- тің
тиімділігін немесе санын төмендете отырып, М-холинергиялық ынталануды
тежейді; бронхтың тегіс салалы еттеріне тікелей әсер ету. Бүгінгі таңда
преднизолон және триамцинолонды кең қолданады, себебі айқын және тұрақты
емдік әсер көрсетеді, кортизонға қарағанда науқастар жақсы көтереді. Олар
ағзада суды және натрийді аз ұстайды, дегенмен преднизолонға –
ульцерогендік әсер, ал триамцинлонға – арықтау, еттік әлсіздік, атрофия
(“триамцинолондық миастения”). Тиімділігі жоғары препаратқа
метилпреднизолон (урбазон) жатады, науқастар жақсы көтереді, әсері бойынша
преднизолонға жақын, бірақ артықшылығы – ульцерогендік әсері жоқ, сондықтан
асқазан-ішек жолдары патологияларында қолданылады. Дексаметазонды ұзақ
уақыт қолдануға болмайды, негізіне қысқа курстық ем үшін тағайындайды.
Астматикалық статуста бетаметазонның (целестонның) тиімілігі жоғары
екендігі анықталды.
Сонымен қатар, қабынуға қарсы әсері бар және бронхолитикалық
белсенділігі бар – аллергиялық заттар (кетотифен, недокромил натрий),
лейкотриендік жүйеге әсер ететін заттар (зафирлукаст, монтелукаст,
зилеутон) қолданылады.

5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы,
2004 ж. 604 б.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и
испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.
3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и
испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.
4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-
206, 415б.

Тыныс жүйесі модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік
нұсқаулар
№1 Сабақ
Тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын
антибактериальды препараттар. Балаларда дозалаудың ерекшеліктері
1. Мақсаты: тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар жас балалар
тәжірибесінде қолданылатын антибактериальды заттардың фармакокинетикасы
мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы білімді қалыптастыру,
тыныс алу мүшелерінің инфекциялық ауруларында тиімді фармакотерапияны
қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

Дәріс№2
1. Тақырыбы: Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуде дәрілік
заттарды қолданудың негізгі принциптері
2. Мақсаты: Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуде қолданылатын
препараттарды дұрыс таңдауды қамтамасыз ету үшін ас-қорыту жүйесінің
қызметіне әсер ететін заттардың жалпы заңдылықтары туралы білімдерін
қалыптастыру.
3. Дәрістің тезистері
АІЖ қызметін реттеуде өт басым роль атқарады. Өт қышқылдары – ішектің
перисталтикасын ынталануына, панкреатин сөлінің өндірілуіне, майдың және
майда еритін витаминдердің эмульгирленуі мен сіңірілуіне қажет. Одан басқа,
олар бауырда өттің сұйық және тығыз фракцияларын ынталандырады.
Өттің жетіспеушілігі болуы мүмкін:
1) бауыр жасушаларында оның түзілуінің төмендеуімен;
2) өт жолдары мен қөт қапшығынан он екі елі ішекке түсуінің қиындауынан.
Осыған байланысты өт айдайтын заттар екі топқа бөлінеді:
1. Өттің секрециясы мен өндірілуін жоғарылататын заттар (холеретиктер,
холесекретиктер).
2. Өттің бөлінуін, жылжуын жеңілдететін заттар (холекинетиктер):
• Спазмалитикалық әсер көрсететін, гипертониялық түрдегі өт жолдарының
дискенизиясында қолданылатын препараттар;
• Өт қапшығының жиырылуын және Одди сфинктерінің ашылуын тудыратын,
гипомоторлы дискинезияда қолданылатын препараттар.
Бірінші дәрілік заттар тобна (холесекретиктерге) ең алдымен жануарлардан
алынған холеретиктер жатады, дегидрохоль қышқылы (ХОЛАГОЛ). Негізінен
өттің сұйық фракциясының өндірілуін жоғарылатады, бауырға қанның ағып
келуін күшейтеді, диурезді көбейтеді. АЛЛОХОЛ (Allocholum) – құрғақ өттен,
сарымсақ сығындысынан, крапивадан, белсендірілген көмірден жіне т.б.
қосымша құрамдас заттардан тұрады. Қарапайым холесекретиктерге тән
әсерлермен қатар, аллохол ішекте шіру мен ашу үрдістерін, метеоризмді
төмендетеді. ХОЛЕНЗИМ (Cholensimum) - құрғақ өттен басқа ұйқы безінің
кептірілген порциясынан және ірі қара малдың аш ішегінің кептірілген
порцияларынан тұрады. Холеретиктік әсерінен басқа холензим ішекте трипсин
мен амилазаның болуы арқасында ас қорытуды жақсартады. .

Синтетикалық холеретиктер

ОКСАФЕНАМИД өттің өндірілуі мен бөлінуінен басқа өт шығару жолдарына
спазмалитикалық әсер етеді. Сонымен, бұл аралас әсер ететін препаратқа
жатады: 1) холесекретикалық; 2) холекинетикалық.
Сонымен қатар, препарат холестериннің мөлшерін төмендетеді, бұл
әсіресе гиперхолестеринемия кезінде анық байқалады.

Өсімдік тектес холеретиктер

1. Құрғақ өлмесгүлдің сығындысы.
2. Жүгері шашағының сұйық сығындысы.
3. Холосас
4. Өтайдайтын жинақтар.

ӨТТІҢ БӨЛІНУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ЗАТТАР (ХОЛЕКИНЕТИКТЕР)

Холекинетиктерге - өттің ағуын жеңілдететін заттарға екі топтың
препараттары жатады:
• гипертониялық түрдегі өт жолдарының дискенизиясында қолданылатын
препараттар - шеткі М-холиноблокаторлық әсері бар препараттар.
М-холиноблокаторлар, немесе атропин тобының спазмолитиктері.
Папаверин тобының миотропты спазмолитиктері.
• гипермоторлы түрдегі өт жолдарының дискенизиясында қолданылатын
препараттар - СОРБИТ, КСИЛИТ, МАННИТ, МАГНИЙ СУЛЬФАТЫ. Бұл заттар он
екі елі ішекте осмотикалық қысымды жоғарылатады және шырышты қабатты
тітіркендіреді.

ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛАР

"Гепатоқорғайтын заттар" (ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛАР) – гепатоцитті қорғайтын,
оның қызметін қалыптастыратын және сақтайтын заттар.
Препараттардың біріне - СИЛИБИНИН (Silibininum) –Silybum marianum
(теңбіл расторопша) өсімдігінен алынған флавоноидты зат жатады.
Гепатоциттердің мембранасын тұрақтандырады, нәтижесінде зақымдаушы заттарға
тұрақтылығы жоғарылайды, гепатоқорғайтын әсер көрсетеді, бауырда зат алмасу
үрдісін жақсартады, ас қорытуға қатысады.
Легалон (карсил, силибинин) жедел гепатитте, бауырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Интерактивті тақтаны орнату
Саралап деңгейлік оқыту технологиясы
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Алгоритмдеу, қасиеттері, негізгі құрылымдары. Паскаль бағдарламалау ортасы
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің ұлттық үлгісі
ӨРІСТІК ТРАНЗИСТОРЛАР
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Пәндер