Топырақтың органикалық бөлігі, су сіңіргіштік қасиеті


Тақырып № 3 Топырақтың органикалық бөлігі, су сіңіргіштік қасиеті.
Ауа, жылу режимдері туралы түсінік.
Литосфераның жоғарғы қабатында топырақ құрылу процесі жүреді. Топырақ қабатының астында қалған жыныс төсеніш жынысқа айналады. Жер бетінде үгіле бастаған тау жыныстары аналық топырақ құраушы жыныстарға жатады. Топырақтың маңызды органикалық бөлігі 2 түрлі күрделі комплекстерден тұрады:
1. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан қалған қарашірікке айналмаған органикалық заттар.
2. Шіріген органикалық заттар
1-ші топқа өліп қалған ыдырамаған немесе жартылый ыдыраған өсімдіктердің, жануарлардың қалдықтары, микроағзалармен қоректенетін құрттар, насекомдар кіреді.
2-ші топқа әртүрлі түзілген органикалық заттар яғни гемицеллюлоза, қышқылдар, крахмал, белоктар, амин қышқылдары, майлар жатады. Топырақтағы өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары 2 бағытта өзгеріске ұшырайды:
1-ден: Олар микроағзалардың әсерінен ыдырап, шіріп жай минералдық қосылыстарға ажырайды.
2-ден: Олардың қалдығы микробтардың әсерінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, олардан тұрақты органикалық заттар қарашірік пайда болады. Топырақ ерітіндісінде қарашіріктің синтезделуі, ыдырау құбылыстары жүреді және органо-минералдық қосылыстар пайда болады. Барлық қажетті заттарды өсімдіктер ерітіндісінен сіңіреді. Қалғандары топырақта қалып, адсорбциялық тепе-теңдік құрайды. Қарашіріктің құрамы қасиеттері жағынан гумин қышқылдарына, фульфоқышқылына және гуминге бөледі. Әр түрлі топырақтарға кіретін гумин қышқылының құрамына 52-62 ٪ көміртегі, 31-39 ٪ оттегі, 3-5 ٪ азот болады. Ал фульфоқышқылының құрамында көміртегі 45-48 ٪ , азот 1, 5-3 ٪ , оттегі 43-15 ٪ болады. Топырақ қарашірігіне кіретін гуминдер сілтілік ерітінділерде ерімейді. Микробиологиялық ыдырауға төзімді. +++
Топырақ калоидтары жоғары дисперстік фаза мен дисперстік ортадан тұратын күрделі жүйе. Табиғатта калоидтардың 2 түрлі шығу жолы бар:
1. Тау жыныстары.
2. Органикалық заттар.
Осыған байланысты топырақтың калоидты бөлігінің құрамына органикалық және минералдық заттар кіреді.
1-іншісі: Топырақтың шіріндісінде болады.
2-іншісі: Балшық құрамында болады.
Калоидтарының сіңіру қабілеті әр топырақта әртүрлі дәрежеде болады. Ол көбінесе топырақтағы өте жоғарғы бөлшектерге байланысты. Топыпақта калоидты бөлшектер көбейген сайын оның сіңіру қабілеті де арта түседі. Калоидтар 1 түрден 2-ші күйге көшеді. Олардың ерітіндіден тұнбаға көшуін коагуляция деп атайды. Ал тұнбадан ерітіндіге көшуі пептизация деп аталады.
Топырақ калоидтары құрамы бойынша 3 топқа бөлінеді:
1. Органикалық
2. Минералды
3. Органикалық-минералдық
Топырақта минералдық калоидтар балшық құрамында басым болып келеді. Органикалық калоидтар топырақ шіріндісінің құрамында мол, органикалық-минералдық калоидтардың кешенді қоспаларда кездеседі.
Топырақтың еріген зат иондары мен молекулалардың немесе ерімеген қатты заттарды, суды газдарды ұстап тұоу қабілетін топырақтың сіңіру қасиеті деп атаймыз. Ол негізінен минералды және органикалық заттардың қорына, шығу тегіне байланысты өзгеріп тұрады.
Топырақтың мұндай қасиеттері бұрыннан белгілі болатын. Оларды 1850-1854 жж. Д. Уэя даниялық ғалым зерттеу жұмыстарында айтып кеткен. Бұл қасиет каллоидты химияның дамуына үлкен үлес қосты. Орыс ғалымы К. К. Гидройц үлкен зерттеулер жасап, топырақтың сіңіру қасиеттерін 5 түрге бөлді:
- Биологиялық сіңіру -топырақтағы қоректік заттардың жууылып кетпей сақталып тұруында үлкен маңызы бар. Бұл сіңіру өсімдіктердің тамыры мен микроағзалардың тіршілігіне тікелей байланысты. Себебі, олар топырақтан қоректік заттарды алып, оны мүшелеріне құрауға жұмсайды. Сбоның нәтижесінде ерімейтін күрделі қосылыстар түзіледі.
- Механикалық сіңіру -қабілеті деп топырақтың басқа түйіршіктерінің, аралықтарының, қуыстарының диаметрі үлкен заттарды сүзіп алып қалуын айтады. Механикалық сіңіру қабілеті күшті болады.
- Химиялық сіңіру -топырақтың суда ерігіш тұздарының аниондары және катиондары топырақ ерітіндісіндегі аниондар және катиондармен әрекеттесу нәтижесінде түзілген нашар еритін немесе ерімейтін қосылыстарды сіңіріп, топырақтың қатты күйіне ауысады. Мысалы, суда ерігіш аммоний фосфаты топырақ ерітіндісіндегі кальций гидрокарбонатымен осылып нашар еритін кальций фосфатын түзеді және топырақты қатты күйіне ауыстырады.
- Физикалық сіңіру -қабілеті деп оның түйіршіктерінің сыртқы молекулалық күші әсерімен газды және ерітінді заттарды сіңіріп, өз бойында ұстап тұру қабілетін айтамыз. Бұған түрлі боялы немесе иісті заттардың топырақ қабатынан өткенде сүзіліп шығуы мысал бола алады. Ол көбіне топырақ қабатының көлеміне байланысты.
Топырақтың су, ауа, жылу режимдері туралы түсінік.
Топырақ ылғалы.
Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы - оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де, өсімдіктерге сіңімділігі әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жаоры топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді
Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада болуынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.
Жарғақты немесе гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан бұл суды тек 100 градустан астам температураға қыздыру арқылы ғана түгел буға айалдыруға болады.
Қылтүтік суы. Топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетімен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астына жер асты ыза суының қорына қосылады.
Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйіндегі өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғатта олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктидада түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездеседі, кей аймақтарда жылдың қыс айларында, ал кейбір аймақтарда жылдың қыс айларында да болмайды. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.
Жер асты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбетін қабат үстіне жиналады. Жер асты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдікке еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарда, өзен бойлары мен салаларында және суармалы егістік алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып, топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғындағы топырақтар кездеседі.
Топырақ суын абсолюттік ыза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл құрамында суға еріген әртүрлі заттары бар топырақ ерітінділері. Өсімдіктер ьарлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы - оның құнарлылығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г. Н. Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам жанымен салыстырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz