Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту


КІРІСПЕ
Зертеудің көкейкестілігі. Ақпараттандыру жағдайында білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие, оқыту мен балаларды дамыту үшін жаңа болашақ ашылады. Осы кездегі маңызды міндет баланың іс-әрекетінің негізгі түрін ақпараттық-қатынастық технологиялармен алмастырмай, оларды мектепке дейінгі мекемелерде тәлім-тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіне енгізу болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру үшін компьютерлік ойындар (КО) мультимедиалық интерактивтік оқытатын бағдарламалар болып табылады және баланың танымын, зияттық іс-әрекет тәсілдерін, қоршаған орта картинасының тұтастығын, құндылық бағыттарын және т. б. дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ететін баланың біртұтас ақпараттық білім беру ортасын жасауға бағытталған болады.
Балалар үшін ойын - бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бір ғана тәсілі. Ойын - бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршаған табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлануының өзіндік практикалық формасы болып табылады.
Оқу процесінде компьютерлік ойындарды дәстүрлі әдістермен және педагогикалық жаңашылдықпен үйлестіріп жүйелі пайдалану жағдайында дайындығы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігі артады. Сонда бірнеше технологияның бірмезгілде әрекет етуінің салдарынан білім беру нәтижесінің сапасы жақсарады.
Білім берудің жаңа парадигмасының қызмет етуі үшін, білім беру үрдісі субъектілерінің мобильді инфокоммуникациялық әрекеті ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне сәйкес, ұлттық стратегиялық ақпараттық-білім беру қорлары мен әдіснамалық және мазмұндық негізде қамтамасыз ету ретінде білім беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыты - «Мектепке дейінгі мекемелер үшін компьютерлік оқыту ойындары» цифрлық білім беру қорлары индустриясын дайындау.
Компьютерлік оқыту ойындары ҚР МЖБС Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 1. 001-2009 мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру талаптарын іске асыруға бағытталған, сонымен бірге:
- мектепке дейінгі жастағы баланың дербес дамуын кешенді қостауды іске асыру мен сапалы кеңістік құру;
- тіл дамыту мен ана тілі, қарым-қатынас мәдениеті, сауат ашу негіздерін меңгеруге дайындау;
- мектепке дейінгі балалардың адамның өнегелі мінез-құлқының үлгісіндегі адамгершілік, құндылық бағдарлары, мінез-құлық қағидасы мен ережесі, қазақстандық қоғамда туындаған халықтың салт-дәстүрлерін қалыптастыру;
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметін, қоршаған ортаға, отбасына, әр түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу;
- баланың қоршаған ортаға тұтас бейнесін, өзі туралы, жақын әлеуметтік орта туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру;
- баланың эстетикалық сезімдерін, бейнелеу, көркем-тілдік, музыкалық қызмет және т. б. шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Компьютерлік оқыту ойындары ойлау (классификация, сериация), есту зейінін дамытуға, кеңістік бағдарын қалыптастыруға, сөздікті белсендіру, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға, көлем туралы, геометриялық фигуралар туралы ұғымды бекітуге, 10-ға дейін тіке санау дағдысы, цифр мен санның қатынасына дағдылануды қалыптастыру, спектр түстерінен білімдерін бекіту, көру жадын, кеңістіктік қиялын, қозғалыс жылдамдығын және т. б. жаттықтыруға бағдарланады.
Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі - оны ақпараттандыру үдерісі болып табылады.
Алайда, оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияға (АТ) көпшей білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес.
Ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамып, ғылымның барлық саласына кеңінен ену кезеңінде бастапқы компьютерлік сауаттылықты меңгермеген және компьютерлік техниканы қолдануға қажетті психологиялық дайындығы қалыптастырылмаған жас жеткіншектің болашақта өз білімін көтеріп, алдына қойған мақсат-міндеттерін шешуі мүмкін болмай отыр.
Аталған міндеттерді шешу үшін оқушыларда ЭЕМ-ын (компьютерді) қолдануға қажетті машық-дағдыларды қалыптастыру және информатика, программалау жөнінен керекті біліммен қаруландыру ғана емес, сондай-ақ дер кәзінде әрбір оқышының компьютерлік техниканы өз мақсатында пайдалана алуларын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да мектепте инфортика пәнін оқып үйренудің басты мақсаты - әрбір мектеп жасына дейінгі балаға информатика ғылымы негіздерінен алғашқы түпкілікті білім бере отырып. олардың осы алған білімдерін мектепте оқытылатын басқа пәндерді меңгеруге пайдалана білуге үйрету болып табылады.
Ал практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, яғни олардың мектеп бітіргеннен кейін еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен дағдылармен және іскерлікпен қаруландыру.
Оқытудың ақпараттық технологиясы шеңберінде компьютерлер негізгі үш бағытта пайдаланылуда:
-адамды мезі ететін есептеу жұмыстарын орындауға мүмкінік беретін дербес құрал ретінде.
-проблемалы салаларда зерттеулер мен жобалауға арналған құралдармен толықтырылған, автоматтандылған жұмыс орны ретінде;
-білімдерін бекітуге арналған автоматтандырылған оқыту комплексі немесе жаттырушы ретінде;
Компьютерлік технологияны оқыту үдерісінде қолданудың психологиялық негіздері Б. Г. Болтянский, С. Пейперт, Е. Е. Давыдов, Е. А. Ляудис, И. И. Машбиц. Е. Е. Рубцов, Н. Ф. Талывина, О. К. Тихомиров еңбектерінде талқынады. Ал компьютерді қолданудың жалпы педагогикалық негізі Е. С. Гершунский, А. П. Ершов, Е. М. Монахов, А. А. Кузнецов, Т. А. Сергееваның еңбектерінде қамтылады [] .
Қазақстанда аталған мәселелер Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, Е. К. Накесбеков, Г. Е. Рах, К. Халықова, Ж. С. Сардарова, Г. А. Абдулкаримова, Д. Байғожанова, Д. Н. Исабаева сияқты ғалым-педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, еңбектерінде жан-жақты зерттелген[] .
Үздіксіз білім беру саласын компьютерлендірудің алғашқы баспалдағы бастауыш мектеп кезенінең мүмкін болса мектепке дейінгі кезеңнен басталу қажет, өйткені бұл жастағы балалардың кабылдау, ойлау, шығармашылық қабілеттерінің бастауыш, жоғарғы мектеп оқушыларымен салыстырғанда анағұрлым басым болатыны ғылыми түрде дәлелденген.
Л. В. Занковтын, Д. Е. Элькониннің зерттеулері бойынша. адам қабілеттерінің бүкіл өмір бойы калыптасатынын, бірақ оның дамуына қолайлы кезеңнін болатынын атап өткен болатын. Ғалымдардың пікірінше, аталған кезенге бастауыш мектеп жатады.
Көптеген шетел ғалымдарының, педагог-практиктиктердің пікірінше, балаларды ннформатикаға оқытудың негізгі жолы - компьютерлік ойындар.
Л. Г. Клементстің пікірінше, компьютерлік ойындар балалардың есептерді шығару барысында олардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына, көмектеседі, оқуға, деген кызығушылығын арттырады және ғылымның түрлі салаларының жағымды, жағымсыз мақтарын ашады.
Соңдай-ақ Дж. Джонсонның көзқарасы бойынша, компьютерлік ойындар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының жалпы психологиялық қасиеттерінің дамуының және қалыптасуының зор құралы болып табылады.
Жаппай компьютерлендіру кезеңінде ойын арқылы оқушыларды оқыту, тәрбиелеуді көптеген ғалымдар ең тиімді әдіске жатқызып жүр. Арнайы жүргізілген зерттеулер компьютердің тек бастауыш мектеп оқушыларының ғана емес, сонымен қатар жоғарғы мектеп оқушыларының оқыту үдерісінде дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оның тиімділігін арттыратынын көрсетіп отыр. Бастауыш мектептерде пайдаланылып жүрген компьютерлік ойын - программалардын ішінде дамытушы компьютерлік ойындардын оқу-тәрбиелік, дамытушылық ролі зор екендігі практика жүзінде дәлелденіп жүр.
Оқыту үдерісінде компьютерлік ойындардың ең басты тиімділігі - оқушы ойын арқылы берілген білімді аса қызығушылықпен белсенділікпен, ягни түпкілікті меңгеруінде жатыр.
Білім беру ісін реформалау кезеңінде бастауыш мектеп оқушыларының акыл-ойы мен шығармашылық кабілеттерін дамыту ерекше мәнге ие болуда.
Аталған міндеттерді шешуде дамытушы компьютерлік ойындардың орны ерекше. Балаларды жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын арқылы олардың шығармашылық кабілеттерін қалыптастырудың тиімділігі К. Л. Ушинский, А. О. Макаренко, Н. К. Крупская және т. б. белгілі педагогтардың еңбектерінде-қарастырылады. Сонымен бірге аталған мәселе Д. Б. Блонский, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Е. Эльконин сияқты психологтардың және Е. М. Минскин, Е. П. Никитин, Ш. А. Амоношвивли т. б. педагог-практиктердің еңбектерінде дәлелденген.
Бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ойын, ойлау қабілеттерін дамыту мәселесіне А. З. Зактің, А. А. Люблинскаяның, Б. А. Крутецкийлердің және т. б. көптеген психологтардың еңбектектері арналған. Тиімді, психилогиялық негізделген компьютерлік оқыту түрін ұйымдастыру (В. В. Рубцов және т. б), оқытушы компьютерлік программаларын жолаудың негізгі принциптері мен әдістерін табу (Е. И. Машбиц, Е. Д. Маргулис), компьютерлік ойындарды жүйелеу (А. Г. Шмелев, Е. Г. Кочетков және т. б. ) компьютерлік ойынның логикалық құрылымын құру программалары да біршама зерттелген[] .
Соңғы уақытта компьютерлік ойындардың дамытушы, оқытушы және т. б. тәрбиелік бағыттарын зерттеуге арналған (Э. Петрова, Г. М. Клейман, Б. С. Гершунский) еңбектерімен қатар мектепке дейінгі мекемеде рда информатиканы оқытудың практикалық тәжірибесі баяндалған зерттеулер де баршылық (Г. А. Звенигородский, Ю. А. Первин) . Соның ішінде компьютерлік технологияны мектепке дейінгі мекемелердің оку-тәрбие үдерісінде қолдану мәселелері (С. Н. Новоселова) компьютерлік ойындарды бастауыш: сыныптарда психологиялиялық тұрғыдан тиімді қолдану (Е. И. Бондарчук, Е. Маргулис) ғылымы зерттеулерінде дәлелденген. Психологиялық, педагогикалық, ғылыми-техникалық әдибиеттерді талдау қорытындысы дамытушы компьютерлік ойындардың психологиялық-педагогикалық негізі, оларды мектепке дейінгі мекемеде рда тиімді қолданудың әдістемесі зерттеудің арнайы пәні болмағандығын көрсетті.
Компьютерлік технологияның білім беру жүйесіне ену кезеңінде бастауыш оқушыларының ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту қажеттігі мен информатиканы оқыту үдерісінде дамытушы компьютерлік ойындарды өз деңгейінде пайдаланылу арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анықталды.
Соңдықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу оның педагогикалық әдістімелік мүмкіндігін ашу дамытушы компьютерлік ойындардың таным үдерісіндегі мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту құралы есебіндегі орны мен ролін анықтау біздің зерттеуіміздің көкейтестілігі болып табылады.
Зерттеу мақсаты - дамытушы компьютерлік ойындарды теориялық тұрғыдан негіздеу және оларды мектепке дейінгі мекеменің оқу үдерісінде қолданудың дидактикалық талаптарын анықтау.
Зерттеу нысаны - мектеп жасына дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні - бастауыш мектепте компьютерлік технология оқыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы - мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыруда тиімді болар еді, егер:
-дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық мүкіндіктері анықталса;
-дамытушы компьютерлік ойындардың жүйесі жасалса;
-дамытушы компьютрлік ойындарды қолдануда мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен өмір тәжірибелері ескерілсе.
Зерттеу міндеттері:
- дамытушы компъютерлік ойындардың психологиялық педагогикалық негіздерін зерттеу;
-дамытушы компьютерлік ойындардың жүйесін құру және оларға қойылатын дидактикалық талаптарды анықтау;
- тәжірибелік- эксперимент жұмысын жүргізу.
Ғылыми-зерттеу әдістері - зерттеліп отырған мәселеге катысты шетелдік және бұрынғы Одақтағы зерттеулерді, психологиялык, педагогикалық және ғылыми-техникалық еңбектерді талдау, білім беру жүйесін компьютерлендіруге байланысты құжаттармен, материалдармен танысу практик-мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, оқушылармен, мұғалімдердің, ата-аналармен сауалдамалар, әңгімелер өткізу, тәжірибелік эксперимент жұмысын ұйымдастыру және алынған қорытынду нәтилелерді өңдеу.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы - мектеп алды даярлық тобына арналып құрастырылған дамытушы компьютерлік ойындар пакетінің (қазақ тілінде) жасақталуы:
-"Компьютерлік сауаттылық элементтері" курсын мектеп алды даярлық тобында оқытуға байланысты 1-3 сыныптарға арналған бағдарламаның жасалуы;
-бастауыш мектептің мектеп алды даярлық тобында және ересектер балабақшаның ересектер тобында дамытушы компьютерлік ойындарды қолдану бойынша бәрілетін ұсыныстарды, зерттеу жұмысының нәтижесінде сыннан өткен нәтижелерді мұғалімдер арасында кең қолдануға болатындығы.
Диплом құрылымы : Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш мектептердің оқу үдерісінде компьютерлік техника мен компьютерлік ойындарды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сәйкес орта білім беруді қайта құрудың негізгі шарттарының бірі - оқытуды компьютерлендіру.
Қазіргі кезде білім беруді компьютерлендірудің үш негізгі бағытын көрсетуге болады :
1) жалпы компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету, мұнда компьютер- оқыту обьектісі болып табылады;
2) компьютерді оқытудың тиімділігін арттырудың құралы ретінде қолдану, яғни компьютер мектептегі басқа пәндерді оқыту құралы болып табылады;
3) компьютерді іс-қимыл міндеттерін шешу құралы ретінде қолдану. Осыған сәйкес оқытуды компьютерлендірудің міндеттері қандай және ол қалай жүзеге аспақ деген сұрақ өзінен-өзі туындайды.
Оқытуды компьютерлендірудің негізгі міндеттері:
1. Ғылымның негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және келешектен практикалық іскерлікке дайындау мақсатында барлық жастардың компьютерлік сауаттылығын көтеру.
2. Ақпараттық технологияларды, есептегіш техниканы мектептегі барлық пәндерде және кластан тыс жұмыстарда кеңінен қолдану негізінде білім беру жене тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
3. Халыққа білім беруді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында компьютердік техниканы кеңінен енгізу. Ел ағарту жүйесін қоғамдағы жалпы информациялық жүйеге қосуға мүмкіндік береді.
Жаппай компьютерлендіру кезеңінде- компьютерлік техниканы оқу-тәрбие үдерісінде қолдану арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын практика дәлелдеп отыр.
Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде қолдану "оқытудың педагогикалық технологиясы", "оқытудық ақпараттық технологиясы", "оқытудың компьютерлік технологиясы" деген ұғымдардың туындауына себеп болды. Сондықтанда біз осы ұғымдарға анықтама беріп кетуді жөн көрдік.
В. П. Беспальконың пікірі бойынша, педагогикалық технология бұрыннан кез-келген оқыту жене тәрбие үдерісінде қолданылып келді, ал оны басқару үшін оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологиясын таңдап алу қазіргі педагогика ғылымы мен мектеп практикасының өзекті мәселесі болып отыр. Педагогикалық технология ұғымын ол практикада жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы ретінде түсінеді. Ал педагогикалық жүйе деп жеке адамды қалыптастыруда ұйымдастырылған, қойылған мақсатқа жетуге бағытталған және педагогикалық ықпал етуге қажетті өзара байланысты құралдардың, әдеттер меи үдерістердің белгілі бір жиынтығын айтады. Қазіргі кезде өте жиі қолданылып жүрген "оқытудық ақпараттық технологиясы" терминіне төмендегіше түсінік беріледі: "Есептеуіш техникасы мен байланыс құралдары базасында ұйымдастырылған информациялық қамсыздандыру пайда-ланушыға, жаңа информциялық технология арқылы жеткізіледі және ол информатика курсының негізгі әдеттері мен құралына айналады". Мұндағы ақпараттық технологияның құралы ретінде компьютьрмен қатар теледидар, космостық байланыс, телефон желісі және т. б. қарастырылады. Ал енді оқытудың компьютерлік технологиясына түрлі тұрғыда анықтама беріліп жүр.
Соның ішінде біздіңше, И. Мархельдің берген анықтамасы толықтай ашатын тәрізді :
Оқытудың компьютерлік технологиясы деп ол оқушының өз бетіндік танымдық іс-әрекетін (оқу) дамытуға, оқыту мен оқуы басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналық, тұрғыдан шешуге багытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, программалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының комплексін айтады.
Мектепке дейінгі мектептегі білім мазмұнын жаңарту кезеңінде өзекті мәселе - бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде компьютерлік технологияны кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып дамыту. мектепке дейінгі мекемеде рда компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерінің дамытудың қолайлығын біз ең алдымен, компьютердің орасан зор мүмкіндіктерімен және оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.
Л. Н. Проволиенко, Е. П. Машбиц, Н. Ф. Талызина, Б. Ф. Гершунский компьютердің зор мүмкіндіктерін айта келіп, оның басқа техникалық құралдармен салыстырғанда төмендегі басымдылығымен түсіндіреді:
біріншіден, компьютер оқу материалының берілу түрлерінің мүмкіндігі кеңейтеді; Түрлі-түсті бояуды, графикалық, мультипликацияны, дауысты қолдану шындық жағдайды құруға көмектеседі.
Екіншіден, компьютер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын дамытады (компьютермен жұмыс істеу жаңалығы) .
Үшіншіден, компьютер оқушыларды белсенді түрде оқу үдерісіне итермелейді. Программалап оқытудан ерекшелігі компьютер тек оқушылардың іс-қимылын бағыттап қана қоймайды, сонымен бірге өзі де олардың көмегімен басқарылады.
Төртіншіден, компьютердің көмегімен оқушылар бұрын игеруге қиындық келтірген аумағы үлкен информациялармен жұмыс істей алады.
Бесіншіден, компыотер оқушылардың іс-қимылын бақылауын сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Компьютер өзі оқушылардың қатесін түзейді. педагогтың қатынасыз-ақ өзі бағыт беріп отырады. Бұл мұғалімдерді "қара жұмыстан" (тексеру жұмысынан) босатып, олардың тәрбие мәселесіне, оқушылармен істелетін жеке дара жұмыстарға көп кеңіл бөлулеріне кемектеседі.
Алтыншыдан, компьютер шектен тыс төзімді репетитор. Оқушылардың, жіберген қатесіне ұрыспайды, оны түзетуіне мүмкіндік береді.
Жетіншіден, компьютердің көмегімен әрбір оқушы жеке жұмыс істеуге мүмкіндік алады, бұл оқу материалын тез меңгере алмайтын, мектеп жасына дейінгі балаға жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп кезеңі- 7-10 жас аралығындағы оқушыларды қамтиды және ол мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті ойын болған балалардың оқу үдерісіне ену кезеңі. Психологтардың, педагогтардың әрекеттеулерінше, оқушының мек-тептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бастауыш мектеп кезеңі оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы кезеңге жатады. Себебі осы кезде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасады жэне елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары талдау, жинақтау, жалпылау. салыстыру және т. 6 жете дамиды. Сонымен қатар іс-әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды.
С. Лейтестің айтуынша, бастауыш мектеп кезеңінде оқушыларда ғажайып өзгерістер болып жатады: ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және даму деңгейлері басқа кезеңге жетуге болмайтын жылдамдықпен дамиды. Психологтардың зерттеулерінше, бастауыш сынып оқушылары логикалық ойлауға, "ойша" әрекеттенуге қабілетті жәнө ойлауга тән ғ. едерплерді жеңуге, еэбетімен шешімін та-уып әрекеттенуге қабілетті, сондай-ақ белсенділікке, шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бейім. Педагогтардың бақылауынша, бастауыш сынып оқушыларына өзін көрсете білу қасиеттер тән [21, 10] . Ал оның өзі олардың даралық ерекшеліктерінің көрініп, қабілеттерінің іске асуларына көмектесіп, қуаныш сезімін тудырады. Д. Б. Эльконин, Б. В. Дабыдовтың зерттеулерінше, бастауыш сынып оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің жоғарлығымен және теориялық ойлаудың элементтерін қалыптастыруға болатындығымен сипатталады.
А. В. Скрипченконың пікірінше, мектеп жасына дейінгі балалардың жалпылау, дерексіздендіру, талдау сияқты қабілеттерінің дамуында жоғары деңгейге жетуге болады. Бұл ең алдымен, жоғарты нерв жүйелерінің 1-сигналды жүйешелерінің басымдылығымен сипатталады және қабылдау, практикалық қимыл іс-әрекетімен сайланысты жоғарыда айтылған психологтардың педагогтардың бастауыш мектеп кезеңіне қатысты айтқан пікірлерін, тұжырымдарын қорытындылай отырып, бастауыш мектеп кезеңінің оқушылардың ақыл-ойының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына тиімді екенін дәлелдеп отыр. Біздің-ше, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін біз компыотер және соған сәйкес компьютерлік ойындар арқылы тиімді түрде дамыта аламыз. Бұған біріншіден, бастауыш сынып оқушыларына тән: қызығушылық, өз қабілеттерін көрсете білу, іздену, өз бетімен жұмыс істеу сияқты қабілеттермен түсіндіруге болады; екіншіден, компьютердің (түрлі-түсті бояуымен, графиктік, текстік редакторлардың және мультфикация элементтерінің басымдылығымен) мүмкіндіктерімен түсіндіруе аламыз.
Енді оқушылардың ақыл-ойының дамуы дегеніміз не, оның даму керсеткіші қандай және оны қалайша тиімді түрде дамыта аламыз? деген мәселелер тобына тоқталып өтелік. Жалпы ақыл-ойдың дамуы ұғымына берілген түпкілікті анықтама жоқ.
Алайда психология ғылымында оқушылардың ақыл-ойының дамуы деп олардың ақыл-ой іс-әрекетінде сапалық жағынан ілгері жылжуы мен соған байланысты жаңалықтың пайда болуын айту қалыптасқан. Ал осы көрінетін жаңалықты көптеген авторлар ер түрлі сипаттайды. Мәселен, ақыл-ойдың дамуына бір жағынан, ұғымдар мен олардың жүйелері ықпал етсе, ал екінші жағынан, ойлау операцияларын меңгерудің мәні зор деген пікірлер айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz