Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І Психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін теориялық негіздеу ... ... ... ... ... .
І.1 Отбасы . кешенді әлеуметтік құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.2 Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы және неке туралы зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.3 Этнопедагогика мен этнопсихологиядағы отбасы мәселесі ... ... ... ... ...
1 бөлім бойынша тұжырым ... ... ...
ІІ. Нарық жағдайындағы жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындаудың теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.1 Жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтенудің рөлі ... ... ... ... ... .
ІІ.2 Нарық жағдайындағы отбасылық шиеленістердің туындауының психологиялық мәселелері ... ... ... ..
ІІ.3 Студент.жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтардың орны ... ... ... ... ... ... ..
ІІ бөлім бойынша тұжырымы ... ... ... ...
ІІІ. Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауды эксперименттік зерттеу ... ...
ІІІ.1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама
ІІІ.2 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне талдау ... ..
ІІІ.3 Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындау бойынша қорытындылар мен ұсыныстар ... ... ... .
ІІІ бөлім бойынша тұжырым ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, тұлғаның отбасылық өмірге психологиялық дайындығы мен этностық құндылықтардың оған әсері және отбасылық психотерапияның рөлі анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Тұлға отбасы арқылы қоғамның сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Отбасы қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту барысында, отбасы шағын мемлекет ретінде адамзаттың рухани қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады. Отбасы кешенді әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі. Осыған орай, отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан көптеген ақпарат легін алады да, сол ақпаратты игеру арқылы отбасында адам өмірінің негізгі процестері қалыптасады.
Жұмыста студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтар қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді және психологиялық тренингтер, яғни отбасылық психотерапия кешені арқылы отбасылық дағдарыстардың алдын алуға болатындығы айқындалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда жастарды өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.-Алматы: Өнер, 1996.- Б. 272.
2. Торыбаева М.З Жасөспірім оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мектеп, отбасын және қоғамдық қауымның бірлескен жұмысы Автореф.канд.дис. -Алматы, 2004.- С. 24.
3. Социальная психология детства: развитие отношений ребенка в детской субкультуре.- М., 2000.-С. 137.
4. Ковалев С.В. Психология современной семьи. - М., 1988. –С.208.
5. Варга А.Я. Системная семейной психотерапия// Журнал практической психологии и психоанализа. 2002.№ 2.-С.7-13.
6. Немов Р.С. Психология.: Кн. №1. -М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1997. - С.608.
7. Васильева Н.Л. Процесс индивидуализации как условие нормального развития семьи // Семейные психотерапевты и семейные психологи: Кто мы?- СПб., 2001.-С. 145.
8. Қазақстан-2030 бағдарламасы
9. Семья сегодня / Под ред. Т.М. Афанасьевой. - М.: Знание, 1977. –С.95.
10. Олифирович Н.И., Зинкевич-Куземкина Т.А., Т.Ф.Велента., Психология семейных кризисов. - СПб.:Речь, 2006.- С. 360.
11. Карцев Л.М. Изменение образа Я в ситуациях жизненных перемен: Автореф. дисс… канд. психол. наук. – М., 1989.- С.27.
12. Винникотт Д.В. Разговор с родителями.- М.,1995.- С.123.
13. Мудрик А.В. Социализация человека: уч.пособие для студ. высш. учеб.заведений.- М.: Издательство центр Академия, 2004.- С. 304.
14. Запорожец А.В. Избранные психологические труды. М: Директ- Медиа, 2008.- С. 1287
15. Жарықбаев Қ.Б. Этнопсихологическая наука Казахстана в ХХ веке.- Алматы, 2006. –С. 256.
16. Намазбаева Ж.Ы. Психология и культура // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия Психология. - Алматы, 2005.- № 2 (7). - С.3-9.
17. Жақыпов С.М.. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. –Алматы, 2002.- С.117.
18. Мұқанов М.М Жас және педагогикалық психология- А.: Білім, 2002.-Б.321.
19. Свердлов Г.М. Советское семейное право. Учебник. –М.: Госюриздат, 1958.- С.299
20. Брак, семья, закон. Отв.ред. Рясенцев В.А. -М.: Наука.1984. С. 145.
21. Сатир В. Как строить себя и свою семью. -М., 1992.-С123.
22. Тийт Э.А. Факторы риска, вызывающие расторжение брака// Социально-демографические исследования семьи. -Рига, 1980.-С. 211.
23. Карабанова А.О. Социальная ситуация развития ребенка: структуре, динамика, принципы коррекции: Дис.... д-ра психол. наук. - М., 2002.-С.201.
24. Антонов А.Н. Микросоциология семьи. - М., 1998.-С.103.
25. Харчев А.Г.Брак и семья в СССР.- М., 1979.-С.132.
26. Шибутани Т. Социальная психология. -Ростов –на Дону, 1998.- С. 538.
27. Қабақова М.П. Бірлескен өмірлік іс-әрекет процесіндегі ерлі-зайыптылардың қатынас тұрақтылығының психологиялық факторлары:... Автореф.дис канд. психол наук.-А,2004.- Б.17
28. Абульханова-Славская К.А Стратегия жизни.–М.: Мысль,1991.-С.299.
29. Домбровский А., Велента Т. Кризис семьи // Семейная психология и семейная терапия. 2005.№3. – С.45.
30. Спиваковская А.С. Как быть родителями.- М.,1985- С.132.
31. Шмелев А.Г. Острые углы семейного круга: Психология обыденной жизни. - М. Знание, 1986, 1986. –С.93.
32. Маслоу А. Психология бытья / пер. с англ. -М., Прогресс, 1997.-С.167.
33. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности: пер. с нем. Э. Телятниковой. – М.: Аст, 2004. – С. 635.
34. Р. Мэй Любовь и воля. -М., 1997. -С. 123.
35. Кэмпбелл Р. Как на самом деле любить детей. -М., 1992.- С.176.
36. Андреева Т.В. Семейная психология: -СПб.: Речь, 2004.- С.244
37. Столин В.В. Системная семейная психотерапия //Вопросы психологии. –1982. -№4 –С. 105-115.
38. Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исслед.и проблемы. -Вестник МУ Сер14 №2.- С.122.
39. Мясищев В.Н. Психология отношений. - М.: Институт практической психологии, Личность в экстремальных условиях. - М.: Политиздат, 1989. –С. 303.
40. Ярошевский М.Г. История психологии. -М., 1996.- С.139.
41. Аристотель. Сочинение: в 4-х т. Т.4. –М.: Мысль, 1981.- С. 613.
42. Семенов Ю.И. Льюис Генри Морган: легенда и действительность// Советская этнография.- 1968.- № 6. С. 3-24.
43. Ганичева А.Н. Взаимосвязь семейного и общественного воспитания. - М., 2002.-С.130.
44. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинения. -М.,1981.-С.234.
45. Джуринский А.Н. История педагогики: Уч. пособие для студентов пед вузов.- М.: Гуманит. изд. центр. ВЛАДОС, 1999.- С.432
46. Ушинский К.Д. Педагогические сочинение в шести томах. Том 3. Изд-во: Педагогика. - М., 1989.-С.234.
47. Педагогика Учебное пособие/ Под.ред. В.А. Сластенина.- М.,2004.-С.189.
48. Макаренко А.С.Педагогическая поэма. Изд-во: Правда. –М., 1976-С.124.
49. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. А.: Драйк- пресс. 2008.-С. 968.
50. Зацепин В. И. Цимбалюк В. Д. Мы и наша семья.- М.: Молодая гвардия. 1983.-С.127.
51. Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исследования и проблемы // Вестник Моск.ун. Сер. 14 Психология. 1987.№ 2.-С. 60-72.
52. Матвеев Г. К. Советское семейное право: Учебник. М., юридическая лит-ра.1985.- С. 208
53. Семенов Ю. И. Брак и семья: Воникновение и развитие. «Научный Атеизм» 2000. М., 1993-С.45.
54. Земска М. Семья и личность.- М.1986.-С.123.
55. Хрипкова А. Г., Колесов Д.В. В семье сын и дочь: Кн.для учителя.- 2-е изд., испр.- М.: Просвещение,1985.- С. 240.
56. Зидер Р. Социальная история семьи. М., 1997.-С.213.
57. Қалиев С. Этнопедагогика. А., 1995.-Б.123.
58. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.-А., 1994.-Б.196.
59. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы, 1998.-Б.145.
60. Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана.- Алматы, 2006.- Б. 199.
61. Оспанова Д.Б.Қазіргі Қазақстандағы гендерлік психологиялық зерттеулердің дамуы. Жоғары білім берудің қазіргі мәселелері: жетстіктері мен болашағы. А., 2010- Б. 105-108
62. Жүнісова-Елшібаева Қ.Ғ. Қазақ отбасы мәселелерінің психологиялық аспектілері. -А.; 2010.- Б.131.
63. Гордон Т. Повышение родительской эффективности // Популярная педагогика. Екатеренбург,1997.-С.45.
64. Карабанова О.А. Психология семейных отношений и основы семейного консультирования. М., Гардарики. 2007.- С.309.
65. Шапиро А.З. Семейная психология // Социальная энциклопедия. – М., 2000.-С. 134.
66. Минухин С.Техники семейной терапии.М., 1994.-С.123.
67. Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Уч. Пособие для вузов.М.: Академический проект, Екатеренбург: Деловая книга,2005.-С. 786.
68. Ковалев С.В. Психология семейных отношений. М., 1991.-С.156.
69. Эйдемиллер Э.Г. Методы семейной диагностики и психотерапии: Методическое пособие/ М.: «Фолиум», 1996.- С. 48
70. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. М.,1990.-С.198.
71. Фромм Э.Искусство любви. Исследование природы любви. М., 1990.-С.106.
72. Гребенников И.В.Основы семейной жизни: учебное пособие для ст-тов пед. Инст-ов. М.: Просвещение, 1991.- С. 158.
73. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңы. 17.12.1998ж.
74. Флоренская Т.А.Диалоги о воспитании и здоровье: духовно ориентированная психотерапия. М., 1995.-С.134.
75. Торохтий В.С. Психология социальной работы с семьей. М., 1996.-С.135.
76. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. А.: «Аруна Ltd» ЖШС. 2005.-С.456.
77. Майерс Д. Социальная психология. СПб. 1999.-С.124.
78. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. – М.: Аспект Пресс, 2003. – С. 368.
79. Васильцова В.Н. Народная педагогика. –М.: Школа-Пресс,1996.- С. 123.
80. Дүйсенбеков Д.Д. К вопросу об этнопсихологическом анализе проблемы индивидуальности//Системное исследование индивидуальности. – Пермь, 1991. - С. 56-67.
81. Олейник Ю.Н. Исследование уревней совместимости в молодой семье// Психологический журнал. Т.7.№ 2. 1986.-С.12-18.
82. Джандилдин Н. Природа Национальной психологии. - Алматы: Казахстан, - 1971.- С. 304.
83. Бөлеев Қ.Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы. Тараз, 2001.-Б. 343.
84. Жұмадуллаева А. Жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың негізі-ата-ана өнегесі. Ұлт тағылымы.-Б.12-15.
85. Панферов В.Н. Актульные проблемы преподавания психологии в пединституте и в школе.М., изд-во «Прометей», 1990.-С.127.
86. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. А., 1995.-Б. 124.
87. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі.-Б.98.
88. Қоянбаев Р.М.Тәрбие теориясы.- А.,1991.- Б. 102.
89. Ибраимова Л. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі. Оқу әдістемелік құрал.-А.-Б.65.
90. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. СПб Питер., 2001.
91. Маклаков Г.А. Общая психология. ПИТЕР. Санкт-Петербург., 2001. С.592.
92. Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии Автореф.дис. канд. психол. наук. Алматы, 2003.-С.135.
93. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. - Алматы: Қазақстан, 1996.- Б. 160.
94. Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек. /Нүсіпбаев Т./ -А., Мектеп. 1989.-Б. 150.
95. Кон И.С. В поисках себя // Личность и ее самосознание. – М.: Политиздат, 1984. – С. 335.
96. Кузьмин Е.С., Семенов В.Е. Методы соцальной психологии. Монография. Л., Изд-во Ленинградского ун-та, 1977. –С. 129
97. Свинецкий А.Л. Социальная психология: Учебник. М.: ООО «ТК Велби».2003. –С. 336.
98. Роджерс К. Несколько важных открытий // Вестн. Моск. ун- та. Сер. 14, Психология. – М., 1990. - №2. – С. 58-65.
99. Маслоу А. Мотивация и личность. Перевод Татлыбаевой А.М. СПб,: Евразия 1970. –С. 105.
100. Социология семьи: уч.пособие для ст. вузов /Е.И. Зритнева.-М. Гуманитар. изд. Центр ВЛАДОС, 2006.-С. 150.
101. Р.С. Немов. Психология.: Кн. №2. М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1997.-С.608.
102. Крайг Г. Психология развития/ СПб.: Питер,2002-С. 992.
103. Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: В 2-х т. М.: Педагогика,1983.-С.123.
104. Джеймс У. Психология. М.: Дайджест, 1991.-С.154.
105. Хьелл, Зиглер Д. Теории личности. СПб.: Питер. 1997.-С 456.
106. Калмыкова Е.С. Психологические проблемы первых лет супружеской жизни / С.И. Калинин// Вопросы психологии.1983.- №3.-С.83-89.
107. Левкович В.П., Зуськова О.Э. Социально- психологический подход к изучению супружеских конфликтов // Психологический журнал.Т.6 1985.-С. 12.
108. Обозов Н.Н., Обозова А.Н Три подхода к исследованию психологической совместимости// Вопросы психологии.1984.№2-С.6-12.
109. Франкл В. Доктор и душа. Перевод. Бореев А. СПб.: Ювента, 1997.-С. 242.
110. Фрейд А. Психология «Я» и защитные механизмы. М., 1993.-С. 134.
111. Голод С.М. Моногамная семья: кризис или эволюция//Социально-психологический журнал.1995.№6-С.4-9.
112. Сысенко В.А. Молодежь вступает в брак. М., 1986.-С134.
113. Сысенко В.А. Супружеские конфликты. М., 1989.- С.123.
114. Елизаров В.И. Структурно–функциональные особенности субъективной репрезантации жизненных событий: Автореф. дис… канд. психол. наук.- М.,2000.-С.27.
115. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс -әрекеттің этнопсихологиясы. – Алматы: Қазақ университті, 2006. - Б. 102.
116. Аяғанова А.Ж. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері: психол. ғылымд. канд. дис.: 19.00.01. – Алматы, 2009.- Б. 138.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы

Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге
психологиялық дайындау

6М010300- Педагогика және психология

Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі
психология ғылымдарының
кандидаты А.Ж. Аяғанова

Қызылорда, 2012 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
І Психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін теориялық
негіздеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
... ... ... ... ... ... ... ...
І.1 Отбасы - кешенді әлеуметтік 11
құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.2 Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы және неке туралы
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
І.3 Этнопедагогика мен этнопсихологиядағы отбасы 29
мәселесі ... ... ... ... ...
1 бөлім бойынша 33
тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
ІІ. Нарық жағдайындағы жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар
арқылы дайындаудың теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... 34
ІІ.1 Жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтенудің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
... ... ... ... ... ... ..
ІІ.2 Нарық жағдайындағы отбасылық шиеленістердің туындауының
психологиялық 42
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
ІІ.3 Студент-жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық
құндылықтардың 58
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
ІІ бөлім бойынша тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ІІІ. Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық
өмірге психологиялық дайындауды эксперименттік зерттеу ... ... 62
ІІІ.1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және
эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама 62
ІІІ.2 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне талдау ... ..66
ІІІ.3 Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындау
бойынша қорытындылар мен 79
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ бөлім бойынша 82
тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...83
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 85
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы
зерттеулерге сүйене отырып, тұлғаның отбасылық өмірге психологиялық
дайындығы мен этностық құндылықтардың оған әсері және отбасылық
психотерапияның рөлі анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұлға өмірінің ең
алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде негізделді. Тұлға отбасы арқылы қоғамның
сан қырлы жақтарын игеретіндіктен этностық құндылықтар отбасылық дәстүр
қалыптастыратындығы айқындалды. Себебі, отбасы қоғамның ажырамас бөлігі
бола отырып, шағын мемлекетті құрайды. Отбасы қоғамдағы әлеуметтік мәнді
тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі бір сатысынан өтеді. Осы
сатыдан өту барысында, отбасы шағын мемлекет ретінде адамзаттың рухани
қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға,
еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей
отырып, оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады.
Отбасы кешенді әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана
емес, сонымен қатар білім алуда, мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды
табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі. Осыған орай, отбасы қоғам мен
мемлекет тарапынан көптеген ақпарат легін алады да, сол ақпаратты игеру
арқылы отбасында адам өмірінің негізгі процестері қалыптасады.
Жұмыста студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындауда
этностық құндылықтар қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді және
психологиялық тренингтер, яғни отбасылық психотерапия кешені арқылы
отбасылық дағдарыстардың алдын алуға болатындығы айқындалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда жастарды өмірге
бейімдеуге жаңа сипатта қарау басты міндеттердің бірі болып табылады.
Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар, ғылым мен техниканың
жетістігі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай,
өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін жастардың психологиялық тепе-
теңдігін сақтау үшін отбасылық қарым-қатынастың, қоғамдық күштің, оның
ішінде этностық құндылықтардың рөлі ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында атты ғылыми-теориялық
еңбегінде жастардың, яғни жаңа қоғамды құрушылардың болмыс-бітіміне, рухани
дүниесіне ерекше ден қойып, оларды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аудара
отырып, бұл мәселеге ғылыми дәйекті жауап табуды мақсат етіп көрсеткен [1].

Қазiргi кезде жастардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетiн
дамытудағы отбасының ешбiр талас тудырмайтын рөлi жөнiндегi зерттеулер
ғылыми түрде дәлелденген. Осы орайда, әлеуметтік кешенді құбылыс ретінде
отбасының аса күрделi процесстерін талдау, оның қазiргi әлеуметтiк-мәдени
жағдайдағы рөлiн айқындау және жастарды отбасылық өмірге психологиялық
дайындау маңызды мәселлердің бірі болып табылады. Әсіресе, нарық
жағдайындағы жастардың отбасылық өмірге деген дұрыс көзқарастардың
туындауын зерттеу өзектілігін туындатып отыр. Бұл айтылған мәселелерге орай
түйіткілді мәселелер бүгінгі күні қоғамның өзекті мәселелерінің қатарынан
орын алып отырғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Қоғамға тән жалпыланған
дүниетанымдармен қатар, бүгінгі таңда жоғалып келген немесе бұрын күштеу
мен қандай да бір саяси идеялар нәтижесiнде айрылған аса маңызды
қасиеттердiң орнын толықтыруда және адамзаттың рухани мәдениетiнiң негiзiн
қалауда отбасының орны ерекше бола отырып, тек сонда ғана жүзеге
асырылатыны даусыз.
Психологиялық тұрғыда ұлттық құндылықтар арқылы студент-жастардың
отбасылық өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыра, сонымен қатар,
демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де
факторларды мұқият ескере отырып, отбасы тәрбиесiн дамытудың жаңа бағытын
анықтау заман талабы болып отыр. Осы орайда, басты мәселелердің бірі -
жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде отбасылық өмірге
жауапкершілікпен қадам жасауды негіздеу болып отыр.
Жоғарыда айтылған өзекті мәселені шешу жолдарын iздестiру этностық
құндылықтарды рухани негіздеп, оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн
зерттеуде, сондай-ақ нарық жағдайындағы отбасылық құндылықтарды анықтаумен
жүзеге асыруда жатыр.
Бүгінгі күні дүние жүзіндегі кез-келген халық сияқты, біздің елімізде
де мәдени мұралардың құрамдас бөлiгi болып табылатын отбасы мәселесінде
терең педагогикалық-психологиялық идеялар мен тәрбиелiк тәжiрибелердiң
жиынтығы қордаланған. Отбасы тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынас мәселесі
дүние жүзіндегі кез-келген ұлттың тұтас даму тарихы мен оның салт-
дәстүрiндегi, әдет-ғұрпындағы, фольклорындағы, ән-музыкасы мен қол
өнерiндегi сондай-ақ көркем шығармалары мен тарихи этнопсихологиялық
материалдарында аса бай негiздерiн құрайды. Осы орайда, бұл бай тәжiрибенi
игеру мен ғылыми жүйеге келтіру; келешек отбасы тәрбиесiнде оны
пайдаланудың ғылыми теориялық негiздерiн жасау; отбасы тәрбиесіндегі
этнопсихология негiздерiн педагогтардың теориялық және практикалық
қызметіне айналдыру; этностық құндылықтардың алғышарттарын жастарды
отбасылық өмiрге дайындау процесiнде пайдалану аса маңызды.
Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде тұлғаны ең басты
әлеуметтендіру ортасы болып табылады [2]. Тұлға осы айтылған әлеуметтік
ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар,
құндылықтарын игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас
орнату дағдыларын меңгереді. Тұлға отбасында әртүрлі сипаттағы өмірлік
төтенше жағдайлар мен ахуалдарда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-
құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеуші
ғалымдар, атап өтер болсақ, А.Г. Харчев [3], А.Н. Антонов [4],
З.И. Файнбург [5], Д. Горборинко [6] өзінің еңбектерінде оның маңызды
функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен түсіндірулері, олардың
үлгі-өнегесі, үйдегі хал-ахуалы деген тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар,
аталмыш ғалымдар отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеттері
мен мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалай алу критерийлері қалыптаса отырып,
жасаған қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не жағдайда жазаланатындығын,
сондай-ақ, рухани қазына әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген
тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы екендігі
көрсетіліп, сонымен қатар, отбасының міндеттері нақты көрсетілген [7].
Бүгінгі күні отбасы тәрбиесіне байланысты Қазақстан-2030
бағдарламасында болашақ ұрпақты алыс болашақта қандай сапада көруіміз
керектігі нақты айтылған [8]. Сонымен бірге, өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті отбасы туралы Заңда, жоғары және орта білім
тұжырымдамасында әрбір отбасына жүктелген.
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде отбасының құрылымы
өзгеріп, оның мүшелерінің саны азайып, әсіресе онда бала саны да кеми
түскені анық. Әсіресе, қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық,
мәдени және саяси жаңғырулар мен әртүрлі қоғамдық сипаттағы және әлемдік
деңгейдегі ақпарат алмасулар отбасы мүшелерінің арасындағы тұлғааралық
қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Бүгінгі
нарық жағдайында ата-аналардың көпшілігінің жұмыс бастылығы бала уақытының
көбін енжар тәрбиешілермен өткізуге алып келіп отыр. Бүгінде қалалық
отбасына тән бала тәрбиесі келесі ерекшеліктермен шартталып отыр: отбасында
балалардың көбісі күннен санап көбейіп отырған ажырасулардың нәтижесінде
әкесіз немесе анасыз өсуде; теледидар, жеке бөлме, т.с.с. өркениеттің
жетістіктері, әсіресе талаптардың материалдық құндылықтармен өлшемденуі
балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін
қиындата, күрделендіре, тіпті шиеленістіре отырғаны белгілі.
Бүгінгі күні отбасы жайлы мәселелер көптеген ғылым салаларының зерттеу
нысаны ретінде қарастырылып келеді. Бұл ғылыми зерттеулерде отбасы ұғымының
мазмұны ашылып, оның құрылымы, функциясы, ондағы мүшелердің өзара
қарым–қатынасы және оған қатысты мәселелерді шешуде көптеген тұжырымдамалар
ұсынылды. Бұл ғылыми тұжырымдамалар қазіргі кезде ғылым саласында өз орнын
тауып, практикаға енгізілуде [9;10;11;12].
Жоғарыда атап көрсеткендей, тұлға дамуында отбасы мәселесіндегі қарым-
қатынас ерекше рөл атқарады. Осы отбасылық қарым-қатынастың нәтижесінде
тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптаса отырып, тұлғалық
үйлесімді дамуда жетекші факторлардың бірі болады. Кеңес психол-ғалымдары
А.В. Мудрик [13], А.В. Запорожец [14], Қазақстандық ғалымдар Қ. Б.
Жарықбаев [15], Ж.Ы.Намазбаева [16], С.М. Жақыпов [17],
М. Мұқановтардың [18] еңбектерінде көрсетілгендей отбасындағы
тұлғааралық қарым-қатынас арқылы өзара пікір алмасу, ішкі сезім әлемінде
бірлесіп ләззат алу, қуанышта, қайғыда ортақтасу арқылы адамдар арасында
сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе
немесе бірнеше рухани әлем және ой-пікір, мінез-құлық, сана-сезім, қылық-
әрекеттер арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса шиеленіс,
пікірталас, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәмілеге келу процесі жүзеге
асады.
Кеңес және шетелдік психология ғылымында отбасы ұғымына анықтама беру,
оның атқаратын функцияларын нақтылау және отбасындағы қарым-қатынас
мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Десек те, отбасы
функциясының ортақ топтамасы немесе жіктемесі толық түрде жүйелі
жасалмағандығы көптеген зерттеулерде көрсетіліп жүр. Кеңес ғалымдары Г.М.
Свердлов [19] пен В.А. Рясенцевтің [20] (1958) еңбектерінде отбасының
маңызды функцияларында ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара
көмек көрсету түрлері көрсетілген. Тұлға дамуында ата-ананың отбасылық
ықпалы туралы В. Сатир [21] және Э.А. Тийт [22]өзінің еңбектерінде
қарастырды. Сонымен қатар, аталмыш ғалымдардың еңбектерінде некедегі
сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Ғалым А.О. Карабанова отбасын әлеуметтік ортадағы адамзат
тәжірибесінің негізгі бірлігі ретінде сипаттады [23]. Ал, зерттеуші
А.Н. Антоновтың [24] пікірінше, отбасы негізінен ата-ана мен
бала қарым-қатынасын орнататын болса, онда неке ер азамат пен әйел адамның
арасындағы қарым-қатынасты растап отыратын бірін-бірі мойындау мен қабылдау
болып табылады. Аталмыш ғалым отбасылық кеңістік аймағы болып саналатын
материалды құндылықтардың бірі үй және пәтер мәселесіне ерекше көңіл
аударады. Сондай-ақ, әр отбасының меншігі мен экономикалық негізі болып
саналатын ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.
Отбасылық қатынастар бойынша зерттеулер жүргізіп, осы ұғымға анықтама
ұсынушылардың бірі А.Г. Харчевтің пікірінше отбасы - бұл жұбайлар
арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі,
оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қарым-қатынаспен
байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершілікпен, жауапкершілікпен,
қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен
сипатталады [25, 35б.]. Оның көзқарасы бойынша отбасы тұлғаның тәндік
өмірі мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы және үйлестіруші
буын болып табылады. Дегенмен, бұл ғалым отбасы ұғымына жалпылама түрде
анықтама берді.
Қазіргі кезде жаһандану мен нарық жағдайында отбасы мәселелерінің
арасында ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынаста түсінбеушілік пен
келіспеушілік жиі орын алып отырғаны белгілі. Осының салдарынан біріне
–бірі түсіністікпен және кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, оларға
психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындап отырғанына куә болып
отырмыз. Осы орайда, қазіргі таңда отбасында орын алған қиындықтарды шешуге
көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажеттігі туындап отыр. Әсіресе
осы келеңсіздіктердің алдын алу үшін жастардың отбасылық өмірге дайындығы
мәселесін зерттеу уақыт талабынан туындағаны сөзсіз. Бүгінгі жастарды
отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселесі жоғарыдағы
айтылған проблеманың шешу жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Қазақ
халқының қанына сіңген дәстүрлi отбасылық-тұрмыстық мәдениетiн зерттеуге
арналған еңбектерді талдау барысында ұлттық мәдениеттің ерекшелiктері
сақталғанын байқауға болады. Дегенмен бұл жағдай уақыт талабына сәйкес
бiршама өзгерiстерге ұшырағанын, нақтырақ айтқанда, еуроазиялық мәдениеттiң
ықпалы күшейе түскенiн, қазақ халқының отбасы тарихы, отбасылық функция
және тәрбиенiң идеялары мен дәстүрлерi, олардың толық көлемде даму
динамикасының барынша зерттелiп болмағанын көрсетедi. Қазiрге дейiн
этностық құндылықтарды отбасылық тәрбиеде дәріптеудің психологиялық
негіздері, нарық жағдайындағы жастардың отбасылық өмірде дайындығын ашып
көрсетуге бағытталған зерттеу еңбектері жоқтың қасы.
Жоғарыда, айтылғандардан нарық жағдайында студенттерді отбасылық өмірге
этностық құндылықтар арқылы дайындауды анықтайтын этнопедагогикалық және
этнопсихологиялық зерттеулердің, теориялық негіздеме мен практикалық
тұжырымдардың жоқтығының арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу бізге зерттеу
проблемасын айқындап, тақырыпты “Нарық жағдайында этностық құндылықтар
арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау” деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты- студенттерді этностық құндылықтар арқылы
отбасылық өмірге психологиялық дайындау. Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі
міндеттер қойылады:
- психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін ғылыми -
теориялық негіздеу;
- этнопсихологиядағы отбасы мәселелерін теориялық талдау;
- отбасылық қарым-қатынастың және әлеуметтік ортаның тұлға психикасына
әсерін анықтау;
- студенттердің отбасылық өмірге дайындығын анықтайтын әдістемелік
кешен жасау;
- этностық құндылықтар негізіндегі отбасылық психотерапия арқылы
студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау;
- студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау бойынша
жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Этнопсихология ғылымының құрамдас бөлігі
арқылы студенттерді нарық жағдайында отбасылық өмірге психологиялық
дайындау мазмұнын байытып, тәрбиелік мәнін көтереді, сол арқылы болашақ
отбасы иелерін қазіргі өмір талабына сай дайындаудың деңгейі жоғарылайды.

Зерттеу пәні –этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық
өмірге психологиялық дайындау.
Зерттеу обьектісі – студенттердің отбасылық өмірге дайындығы.
Зерттеудің жаңалығы.
- студенттердің этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге
психологиялық дайындығы теориялық талдау негізінде зерттелінді;
- студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтайтын
әдістемелік кешен беріліп, эксперименттік зерттеу негізінде тиімділігі
дәлелденді;
- этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындауда
отбасы психотерапиясының элементтері пайдаланылды;
Зерттеудің жалпы болжамы: егер, этностық құндылықтар негізінде отбасы
тәрбиесі теориялық тұрғыда негізделіп, оның нарық жағдайындағы рөлі
анықталса, қазақ этнопсихологиясындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі мен
ұлттық ерекшелігі ескеріліп, теориялық және ғылыми негізделген
әдістемелермен қамтамасыз етіле отырып, отбасылық психотерапия жүргізілсе,
онда студенттердің отбасылық өмірге дайындығы ұлттық сипатта жүргізілген
болып саналады, өйткені олардың қоғам және отбасы алдындағы
жауапкершілігі одан да жоғары арта түседі.
Жеке болжамдар:
- жоғары оқу орнында отбасылық психотерапия бағытындағы жұмыстар
этностық құндылықтар арқылы жүргізілсе, онда студенттердің отбасылық
өмірге психологиялық дайындығына оң әсерін тигізеді.
- этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге
психологиялық дайындаса, онда дағдарыстардың алдын алуға болады;
- отбасы психотерапиясы студенттердің жеке өмір жоспарын құруына жағымды
ықпал етеді.
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:
- студенттердің отбасылық өмірге психологиялық дайындығын отбасылық
психотерапия қамтамасыз ете алады;
- этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындау
жеке өмірлік дағдарыстардың алдын алады және түзетеді;
- этностық құндылықтар отбасылық дәстүр қалыптастырады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң
зерттеуiмiзге философиялық, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық
әдебиеттер негiз етiп алынды.
Отбасындағы қарым-қатынастың дамуына бағытталған теориялар мен
тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон,
И.В.Гребенников, В.С. Торохтий және т.б.), адам психикасының онтогенезде
дамуы мен тұлғааралық қарым-қатынас туралы Л.С. Выготскийдің, А.Н.
Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Ананьевтің, Д.Б. Элькониннің т.б.
ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеулер, Қазақстандық ғалымдар С.М.
Жақыповтың, Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Бердібаеваның және А.Ж. Аяғанованың
этнопсихологиялық зерттеулері құрайды.
Зерттеу көздері: ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының Неке және
отбасы заңы, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасы,
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, оқу-әдістемелік құралдар,
зерттеу мәселесі бойынша қазақ этнопсихологтардың, этнопедагогтарының,
этномәдениеттанушылардың, философтардың, демографтардың ғылыми еңбектерi.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Қойылған мақсаттарға байланысты
зерттеу әдістерінің жүйесіне студенттердің отбасылық өмірге дайындығын
анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттер және әдістемелік
құралдарды және құжаттарды теориялық талдау; психодиагностикалық
әдістемелер: Отбасын құруға дайынсыз ба? К.Ғ. Жүнісова-Елшібаеваның
сауалнамасының авторлық модификацияланған түрі, Отбасылық қобалжуды
анықтау сауалнамасы, отбасылық психотерапия элементтері Отбасы мен үшін,
әлеуметтік-психологиялық тренингтер.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы.
Зерттеуде отбасына жастарды этностық құндылықтар арқылы дайындау жолдары
мен отбасылық психотерапия тәсілдері берілген. Алынған мәліметтер мен
қорытындылар: нарық жағдайындағы отбасы мәселелері, отбасылық
дағдарыстардың алдын алу жолдары, жастардың отбасына деген көзқарасы
анықталған. Отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық
құндылықтарды пайдалану тәсілдері беріліп, жүйелі теориялық тұжырымдар
жасалған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Жастардың отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтауда
пайдаланылатын әдістемелер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп
қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға
әкеледі. Сонымен қатар, модификацияланған сауалнамалар құрастырылды.
Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер
психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға
әкеледі. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды
студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық және
кеңес беруде қолдануға болады.
Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Жастарды нарық
жағдайында этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық
дайындау жөніндегі тұжырымдар теориялық-эксперименттік тұрғыдан
негізделуімен, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін
қолданумен, нәтижелерді сандық және сапалық талдауға мүмкіндік беретін
эксперименттік-эмпиралық жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларда, сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің хабаршысы баспа беттерінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2010 ж) отбасы мәселесіне байланысты әдебиеттерге
теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының обьектісі, пәні, жалпы және
жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негіздері
мен әдістері анықталды.
Екінші кезеңде (2011 ж) нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы
студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау эксперименттік тұрғыда
зерттеліп, нәтижелері талданды.
Зерттеу базасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Педагогика және психология мамандығының 3;4 курс
студенттері
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген
материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 86 бет, қолданылған деректер
тізімі- 116 әдебиеттерден тұрады.

І Психология ғылымындағы отбасы мәселелерінің зерттелуін теориялық
негіздеу

І.1 Отбасы - кешенді әлеуметтік құбылыс

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары
біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына
қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта
көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді отбасы
дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері –
бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі,
адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір
экономикалық қызметті іске асыру [26, 24б.]. Яғни, адамзат отбасын құра
отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар
қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда
келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының
құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ.
Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық.
Әдебиеттерде көрсеткендей, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”,
яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы
[27]. Бір оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық және
психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел
адамның сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде
отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.
Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген:
қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге
құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-
қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі функцияларының қатарына мыналар
кіреді: өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар
жыныстық қарым-қатынас қажеттілігін және эмоциялық сезімдерін және басқа
ішкі және сыртқы (әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу [28;29].
Көптеген зерттеулерде отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық
шақтан қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік қасиет ата-
ананың балаға қатынасына және олардың өз басына деген қатынасына тәуелді
болып келеді. Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің маңызды
кезеңі. Тұлғаның балалық шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның санасы
мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі
болмысы қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, он
үште- отау иесі деген. Ерте кезде қазақ отбасыларында қыз баланы 3-5
жастан анасы қасына алып, үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды аңшылық,
мал бағу сияқты түздің тірлігіне араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір
тіршілігіміз мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен ананың қарым-
қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі
болып табылады. Ал, қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі отбасылық
жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен қаншама шаңырақ шайқалып
жатқаны белгілі.
Әрдайым отбасы мүшелері тұлғаның ең алғашқы қоғамдық ортасы мен өмір
тәжірибесін жинақтау мектебінің ұстазы болып табылады. Бұл жағдайда отбасы
қарым-қатынасында жағымды сезімдер оның мүшелерін көркемдейтін болады.
Отбасы әлеуметтік институттың алғашқы сатысы болғандықтан тұлға өмірін
әрдайым қолдап отыруы қажет. Себебі, осы әлеуметтік ортада әр баланың ата-
анаға деген сүйіспеншілігі шексіз, шартсыз, кіршіксіз болып табылады. Егер
бала өмірінің алғашқы жылдарында ата-анасының сүйіспеншілігі оның өмірі мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өсе келе ата-ана махаббаты адамның ішкі,
эмоциялық және психологиялық әлемінің қауіпсіздігі мен қолдау қызметін
атқарады.
Ата-ананың махаббаты – адамның жан және тән саулығының, рухани
байлығының және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар көзі болып
табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың
көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру болып
табылады. Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана
сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын
әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың табиғи
да ең керекті міндеттерінің бірі.
Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті ерекшелеу бала тұлғасында кейбір
жағдайларға байланысты қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі таңда өсе
келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек кездестіріп жүрміз.
Бұл жағдайда баланың ең жақын адамдарымен эмоциялық байланыстары үзіліп,
психологиялық, ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі таңдағы
зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік кезеңдегі маскүнемдік
пен нашақорлықтың астарында көбіне ұрпағын сүймейтін ата-аналар жатқанын
дәлелдеген. Нарық жағдайында, материалды құндылықтар басым болып тұрған
уақытта отбасылық тәрбиеге негізгі психологиялық талап – махаббат болып
табылады. Яғни, баланы сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай,
сонымен бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен қақтығыстар, жанжалдар
туындатып отырса да, тіпті ол өзара қарым-қатынаста болмасын, мейірімін,
олардың оған деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек
осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс қалыптасып, сүйспеншілік
негізінде ғана адамгершілік құлықтық іс-әрекет жасалады, ал сүйіспеншілікке
тек сүйіспеншілік ғана үйретуі сөзсіз.
Қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық қарым-қатынас
сипатында, оған деген көзқарас жаңа сипатта көрініс беріп жүр. Ғылыми-
экономикалық даму жағдайында ата-ана өз сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз
баласының қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда, ата-
ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл
жағдайда баланың жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында сүйікті екенін
сезіну, ата-анасы үшін қымбат екенін ұғыну болып табылады.
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы
отбасының маңызды рөлі оның бала дамуындағы әсерін және қайталанбастығымен,
даралығымен және жақындығымен анықталады. Шын мәнісінде ата-анадан жақсы
баланы ешкім біле алмайды [30;31]. Жоғарыда атап өткендей біз жастарды
отбасылық өмірге психологиялық дайындауда балалық кезеңдегі отбасыішілік
қарым-қатынасқа тікелей байланысты жағдайларды сипаттап отырмыз.
Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами сапалары
қалыптасады. Бұл адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу
мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық, инабаттылық, ізгілік және т.б.
қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасышілік қарым-
қатынасқа байланысты өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік,
қоршаған ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман
қылықтар да дамитыны сөзсіз. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын
қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр жағдайда отбасылық салт-дәстүрді
ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына боларлық тәрбиеші болып,
шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.
Жалпы алғанда, әлемде мекендейтін тіршіліктің ішіндегі ең әдемі де
қорғансыз тіршілік иесі-бұл адамзат болып табылады. Адам баласы тұлғалық
дамып, әрі жетіліп өзіндік өмірге тән мен жан үйлесімдігіне жету үшін және
әлеуметтік күрделі қатынастарға дайындалуы үшін шамамен екі он жылдықтай
керек. Осы онжылдықтар адамға білім алып, тәжірибе жинап, мамандық алып,
еңбек әрекетіне қатысып, қоғамда өз орнын табу үшін маңызды болып келеді.
Сондықтан әрбір кезеңдегі тұлғалық дамуды ғылыми тұрғыда зерттеу маңызды
мәселелердің бірі. Біздің зерттеуіміздің басты мәселесі болып табылатын
студенттерді отбасылық өмірге дайындау өзінің құндылығымен алға шығады.
Белгілі ғалым, гуманистік психологияның негізін салушы А. Маслоу
тұлғаның сәтті дамуы үшін оның қажеттіліктері өтелуі тиіс деген тұжырым
жасайды [32]. Бұл қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі оның қалыпты
дамуына, құрдастарынан қалмай жетілуіне немесе оның қате жолға түсуіне әсер
етеді. Сонымен қатар, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамда өз
орнын табуына мүмкіндік береді. Айтылып отырған мәселе тікелей оның ата-
анасының қатынасына тәуелді болып келеді.
Бүгінгі күні отбасылық өмір сүру жағдайлары түрлі сипатта көрініс беріп
отырған жайы бар. Отбасында ерлі-зайыптылардың бірге тұруы, олардың ара
қатынасын айналасындағылардың жақсы деп бағалауы некеде де бақыттылығын
білдіре бермейді. Отбасы өмірінің астарында қитырқылардың әртүрі болады:
сырттай тату болып есептелетін отбасыларда ерлі-зайыптылардың бір-бірін жек
көріп, рухани салқындық байқалуы мүмкін.
Өз балаларының жан дүниесін ата-аналардың жақсы түсінуі, оларға
отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта туындату үшін, бала тәрбиесіне
қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыру қажеттілігін өздері
түсінуі тиіс. Белгілі психолог Э. Фромм тұжырымдамасында көрсеткендей,
ананың және әкенің махаббаты табиғаты, генезисі және көріну формасы бойынша
бір-бірінен ерекшеленеді және баланың тұлғалық дамуында әртүрлі әсер етеді
[33]. Ананың махаббаты- шексіз, нәзік және шарттанбайды. Әкенің махаббаты-
баладан көп нәрсені талап етеді және ол шарттанған болып келеді. Ол
махаббатқа бала лайықты болуы тиіс. Әке махаббатының туа берілетін
алғышарты болмайды, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады деп
тұжырымдайды кейбір зерттеулер бар [34;35]. Бала әкенің махаббатына лайық
болуы үшін белгілі бір әлеуметтік жүйенің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Егер бала анадан эмоциялық қолдауды және жақындықты сезінуді қалайтын
болса, әкеден бірлескен іс-әрекетте серіктесті және беделді болудың қайнар
көзін табады. Баланың ата-анаға деген қатынасы ерлі-зайыптылардың бірі-
бірімен қарым-қатынасынан туындайды.
Қазіргі таңда көп белең алып отырған ажырасуға аз қалған ерлі
–зайыптылар түрлі ойлардан бірге тұра береді. Біреудің қызмет беделіне
нұқсан келмес үшін, екіншілерін–белгісіз тұманды болашақ үрейлендіреді,
үшіншілерін–бала алдындағы борышын өтеуде отбасы маңызды деп есептейді.
Алайда мұндай позиция көп таралған адасуларға алып келеді.
Әке мен ана отбасында баланың бойында белгілі бір қасиеттердің дамуына
негіз болады. Бала өзін әкесі сияқты көріп, өзін сол сияқты сезінеді,
өзінше оның күшін, сенімділігін, ересектігін алғандай болады. Ол балаға
жанына рухани тепе-теңдік пен сабырлық қалыптастыруға көмектеседі.
Кейбір жағдайларда ерлі-зайыптылар өзінің жұбайын бала арқылы
мойындамайды. Жұбайын бала арқылы мойындамау - отбасы қарым-қатынасының
бұзылғандығының күрделі белгісі, әйелінің не күйеуінің эмоциялық
тартымдығының жоғалғандығының көрінісі.
Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі “өзгертуге ” тырысу күші отбасылық қарым-
қатынаста балаға бағытталады. Мұндай отбасыларда бала әрдайым қысымшылықта
болады, ол әрине баланың тұлғалық дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Бұған
қарамастан бала өзін-өзі бағалауын онша жоғалтпайды, өйткені ол ата-
анасының бірінің қамқорлығына ие екенін сезінеді.
Нарық жағдайында отбасында ата-ананың екеуі де ортақтық сезімін
сезбесе, болашаққа бірлескен жоспар құрмаса, оның алға басуынан
өмірлерінің даму жетістіктерін көрмесе, тұлғааралық қысымшылық туады.
Мұндай отбасылық жағдай әрине баланың тұлғалық дамуына соққы болары сөзсіз.
Дегенмен, ата-ананың қандай шешімі болғанда да бала дамуына кері әсерін
тигізбеуі шарт болып табылады.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүретін болғандықтан оның жалпы сипатымен
қатар, өзі өмір сүретін әлеуметтік қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше
белгілері де болатыны анық.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы,
мәдениеттанушы және т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жаза отырып, осы
мәселенің негізін қалаған. Айталық, әлеуметтанушылардың пікірінше, отбасы
бұл қоғамның ажырамас бөлігі, оны тар мағынада қолдану мүмкін емес десе, ал
психологтар отбасы бұл әлеуметтік институт, қоғамның бастауыш ұйымы,
бірігіп шаруашылық жүргізетін және өмір сүретін кіші топ деп қарастырады
[26; 27].
Әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының бала тәрбиесінде рөлі
төмендегідей:
• бала тәрбиесінде отбасы басқа әлеуметтік институттарда жүргізілетін
тәрбиелік ықпалдарға қарағанда басым болып келеді;
• жаһандану жағдайындағы өркениетті, зайырлы, құқықты мемлекеттің
азаматын тәрбиелеуде отбасы қоғамның негізгі буыны болып табылады;
• отбасы өскелең ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты әлеуметтік институт;
• отбасының ең басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Ол
өскелең ұрпақтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына,
ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты
бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал етуші;
• отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан
мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
• отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған ҚР
мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
• отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы.
Кез-келген отбасы оның мүшелері үшін аса маңызды қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында құрылады. Қандай да болсын бұл қажеттіліктер
отбасылық қатынастардың дамуымен ортақ, топтық және қоғамдық
қажеттіліктермен толықтырылады. Отбасы мен тұлға және отбасы мен қоғам
арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі мен олардың мүшелерінің белгілі бір
қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген тіршілік ету сфераларымен
байланыс жүйесінің көрініс табуы отбасының функциясы деп аталады
[28,б.166]. Жоғарда айтылған мәселелер төңірегінде отбасының негізгі
функциясы анықталады.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола
отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды.
Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін
тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның
отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және
тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы
функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп
қарастыруға болады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы
қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен
тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар, отбасы функциялары терең
тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік–экономикалық жағдайларымен
тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өткен сайын отбасы функцияларының сипаты
мен оның иерархиясы өзгереді [4,б.104].
Маңызды қажеттіліктер мен тіршілік әрекетінің басты сферасымен
байланысты қазіргі отбасының негізгі функцияларын Т.В. Андреева [36] атап
көрсетті.

1-сурет. Отбасының негізгі функциялары

Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын
ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын
шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:
1.Ерлі–зайыптылар функциясы;
2. Ата–аналар функциясы.
Ерлі–зайыптылар функциясына рухани қарым–қатынас, күнделікті
шаруашылық, басқарушылық (ерлі–зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір
сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы
әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз
отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы
атынан шығады), эмоциялық, жыныстық–эротикалық және басқа да функциялар
жатады.
Ата–аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын
еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету,
оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын
құрайды [37,б.154].
Рухани қарым–қатынас функциясы отбасындағы бос уақытты бірге
өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді
қанағаттандыруда көрініс табады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері:
отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат
құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі
отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта
мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады
[38].
Некедегі ерлі–зайыптылардың арасындағы үйлесімді тұлғалық
келісушіліктерден отбасылық бақыт құралады, яғни бұл процесс барысында ой
алмасу мен жағымды эмоциялар алмасуы жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынастағы
жағымды кері байланыстардың жүзеге асуына қажетті жағдай қалыптасқан
әдет–ғұрып ережелері мен қағидалар жүйесі болып табылады. Бұл функцияның
ең басты мақсаты – отбасында неғұрлым тығыз өзара түсінушілікті қамтамасыз
ету. Сондықтан рухани қатынастарды жетілдіру қарым–қатынас мәдениетінің
жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ерлі-зайыптылардың қарым–қатынасы – тұлғаның
өз-өзін жүзеге асыру сфераларының біріне жатады.
Отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы рухани қарым–қатынас
мәдениетінің негізі өзінің серіктесіне тең қарым–қатынаста қарау болып
табылады. Мұндай қарым–қатынас барысында ерлі–зайыптылар өздерінің рухани
әлемін, айналасындағылармен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де
ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік
қойса, онда өзара түсінушілік ғана бұзылып ғана қоймай, сонымен қатар
қарым–қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін [39]. Осы орайда,
ерлі-зайыптылардың бірін–бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса
маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға
және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.
Отбасының эмоциялық функциясы оның мүшелерімен эмоциялық қолдау,
психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі
қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Отбасындағы оңтайлы
эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын
жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға,
толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық
күш–қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады.
Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы–отбасы мүшелерімен,
әсіресе әртүрлі жағдайларға (жасерекшелігі, сырқаттануы және т.б)
байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекетін өз
бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік
ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Отбасында әрбір
мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің
қанағатандырылуына ерлі-зайыптылардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы
шарт.
Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек
ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық, көршілік),
сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі
сипаттағы қарым–қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.
Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік
қауыммен экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және
басқа да қатынастар орната, сонымен қатар, әлеуметтік әлеммен өзара
байланысқа түсе отырып, қоғамның алғашқы бөлігі ретінде өзін танытады.
Қазіргі таңда аса маңызды және өзектілерінің қатарына күнделікті
тұрмыстық–шаруашылық (экономикалық) функциясы да жатады. Бұл функция
материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуге (азық–түлік, тұрғын үй, киім,
алғашқы қажеттілік заттары) бағытталған және отбасылық топтың барлық
мүшелерінің денсаулықтары мен физикалық күш-қуатының сақталуын қамтамасыз
етуі тиіс. Отбасының экономикалық функциясы мынадай негізгі компоненттерден
тұрады: қоғамдық өндіріске қатысу, үй шаруашылығын жүргізу, отбасылық
қаржыны қалыптастыру, тұтынушылық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады.
Осы орайда, біздің ғылыми жұмысымыз нарық жағдайында жастарды отбасылық
өмірге психологиялық дайындау болып таңдалуының өзі осы функцияға
негізделіп отыр.

І.2 Шетел және Кеңес ғалымдарының отбасы және неке туралы зерттеулері

Адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті
мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар
отбасылық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән
берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз.
Оның пікірінше, адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай
отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет
деген тұжырым жасайды [40]. Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, отбасы -
адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші
кішігірім бөлігі деп санаған [41].
Отбасы мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты
қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі
Кант отбасындағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал,
Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен
некенің тарихи формаларын көрсеткен [41, 57б.].
((( ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасы мәселесіне деген тарихи
көзқарастар мен зерттеулер толықтырыла түсті. Мәселен, Л. Морганның 1877
жылы шыққан Ежелгі қоғам атты кітабында отбасының тарихы, оның некелі
қарым-қатынасы, экономикалық, әлеуметтік дамуы және қызметі қарастырылған
[42, 49б.]. Әлеуметтік және отбасылық тәрбиенің өзара байланысын
дәлелдейтін зерттеулер де бар (А.Н. Ганичева [43, 48 б.]). Бұл еңбектерде
отбасын тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын
және даму жолдары көрсетілді.
Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо [44], швейцарлық И.Г. Песталоцци [45],
орыс педагогтары К.Д. Ушинский [46], Н.К. Крупская [47], А.С. Макаренко
[48] т.б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы
тәрбиесін қарастырған.
Философиялық тұрғыда отбасы ұғымын қарастырсақ, қоғамның ажырамас
құрамдас бөлігі, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп есептесе,
әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде
құрылған кішігірім топ ретінде көрсетілген. Отбасының мүшелері бір-бірімен
тұрмыстық және құлықтық жауапкершілікте бола отырып, өзара жәрдем көрсету
қарым-қатынас сипатына ие, сонымен қатар, әлеуметтік құрылым ретінде
қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгеріп, жекелей
дербестікке ие болады деп көрсетеді [26].
Педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы ұғымына сипаттама берсек,
ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да оның
мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде отбасына - неке мен қандас туысқа
негізделген шағын топ деп анықтама берілген [49]. Отбасының ерекшелігі
мынада: тұрмыстық жағдайдың ортақтығы, өзара көмек пен қолдау және өзара
рухани жауапкершілік арқылы байланысқан.
Кез-келген отбасының өмір жағдайы материалдық және рухани
құрылымдармен, тіпті құндылықтармен сипатталады. Оның табиғи-биологиялық
және шаруашылық тұтыну қатынастары материалдық жағын білдірсе, ал,
руханилықты құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасы мәселелері бұрынғы Кеңес ғалымдары В. И. Зацепин,
В. Д. Цимбалюк [50], Ю.Е. Алешина [51], Г. К. Матвеев [52], Ю.
И. Семенов [53], М.Земска [54], А. Г. Хрипкова [55], Р. Зидер [56], ал
Қазақстанда С. Қалиев [57], Қ.Б. Жарықбаев [58], Ж.Б.
Қоянбаев [59], С. Қоңырбаева [60], Д.Б. Оспанова [61], Қ.Ғ. Жүнісова-
Елшібаева [62] секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың отбасы туралы тұжырымдаларын қорытатын
болсақ, ол қарсы жынысты адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек
пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да
бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық және бірлестік формасы
деген анықтама жасауға болады. Аталмыш авторлардың пікірінше бұл анықтама
барлық отбасының кез-келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын
білдіреді.
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың салт-дәстүріне негізделген отбасылық
өмір тарихы бар болатыны сөзсіз. Осы сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән
ерекшеліктермен сипатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне орай бұрын-соңды
жазылып, өз кезегінде баспа бетінде жарық көрмеген үлкенді-кішілі
еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті мен
фольклорындағы деректер де көптептің қасы.
Отбасы бір жағынан адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын,
сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйықталған
бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін әлеуметтік ортаға ашық етсе, онда ол
бірден ыдырап, дағдарысқа ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы
адамдардың бірлескен өмірінде қоршаған ортаға, қоғамға ашық және айқын
бірлестігі болып табылады. Мұндай отбасының ішкі жағдайлары қоғам
мәселелерімен қатар қарастырылса, онда оның шешімін ыдыратпайды. Бұл жағдай
керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз
ететін мүмкіндік туғызады.
Кез-келген отбасы қанша жерден тұйықталған, жабық және кейбір өмір
сұру жағдайлары жеке, тіпті жасырын сипатта болғанымен ол қоғамсыз өмір
сүре алмайды. Себебі, оның кез-келген мүшесі жан-жақты әлеуметтік топтарға,
яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар және қоғамдық ұйымдарға, сонымен
қатар сауда және денсаулық орындарына қатысты қарастырыла отырып, ондағы
адамдармен өзара тығыз және кері байланыста болады.
Әлеуметтік маңызды институттардың бірі ретінде отбасы қоғамдық қарым-
қатынасқа түседі және оның барлық өмір ағымына ықпалын тигізе алады.
Отбасында адамдар тек қажеттіліктерін қанағаттандырып ғана қоймай,
бірқатар әлеуметтік функциялар орындайды. Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік
құрылымы мен оның бір бөлшегі болып табылады.
Отбасының әрбір мүшесі бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық
пен сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің жеке өміріне және
тағдырына елеулі түрде ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ
отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасының құрылымы мынадай: әйелі
мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас,
сіңілілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене
мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасының негізгі функциялары
Жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау
Ата - аналар функциясы
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Этностық өзіндік сананың дамуы
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Пәндер