Ландшафтының дамуы


ЛАНДШАФТЫНЫҢ ДАМУЫ
Қандай территориялық табиғат кешені болсын зоналық және азоналық факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс. Өйткені адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының, даму тарихын баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен, ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгі заңдылықтары туралы біршама жияақталған материал бар.
Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л. С. Берг зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді.
Ландшафтының қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, ыаусымдық, жылдық, ғасырлық, дәуірлік ырғақты табиғат құбылыстары мен апатты оқиғаларға байланысты болады. Олар ландшафт динамикасын дамытуда жеке-дара да, бірімен-бірі қосарланып та әрекет етеді.
Ырғақты табиғат құбылыстарына байланысты болатын қалпына келетін өзі өрістер ландшафтының, құрамдас бөлік аралық динамикалық тұрақтылығын сақтайды. Оны сипатына қарай С. В. Калесник (1970) кезеңді және циклді деп екіге бөлген.
Кезеңді ландшафт өзгерістері жыл сайын белгілі бір тұрақты уақыт өлшемінде қайталана береді. Оның күн мен түннің ауысуына байланысты болатын тәуліктік және жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын маусымдық ырғақтылығы байқалады. Тәуліктік ырғақ жердің өз өсінен айнала қозғалысына байланысты. Тәуліктік ырғақты жылу балансының, ауа температурасының, абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтың, фотосинтез процесінің, тірі ағзалардың, белсенділігінін, бриз желі сипатының, т. б. күндізгі және түнгі айырмаларынан айқын көруге болады. Жер өсінің еңкіштігіне байланысты күн сәулесі жер бетіне түрліше бұрышпен келіп түсетін болғандықтан, тәуліктік ырғақ әр турлі радиациялық белдеулерде түрліше байқалады. Оның, жалпы сипаты экватордан полюстерге жылжыған сайын көмескілеке береді, тіпті поляр белдеуін де байқала да қоймайды.
Кезеңді ландшафт өзгерісінің екінші түрі маусымдық өлшеммен өлшенеді маусымдьіқ ырғақ жердің күнді айнала қозғалысына байланысты. Оны фенологиялық бақылаудың көмегімен танып білуге болады. Маусымдық ырғақ климат элементтерінің, гидрологиялық құбылыстардың, топырақ жамылғысының пайда болуының, геоморфологиялық процестердің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әрекетінің өзі өрістерінен айқын байқалады. Ландшафтты дамытушы табиғи процестердің маусымдық динамикасы негізінен жылу мен ылғал режимінің жыл бойы бірдей болып келмейтінінен туындайды. Басқаша айтқанда, жылу мен ылғал режимінің өзгеруіне байланысты минералды және органикалық заттар балансы, органикалық заттардың түсімділігі, қорлануы, шіруі, биологиялық айналымы, топырақ құрамындағы тұздың, бір қабаттан екіншісіне өтуі, жыныс қабаттарынық химиялық, механикалық және органикалық үгілуі, биоценоздар фено-фазаларының дамуы т. б. маусымдар ауысқан сайын өзгереді. Маусымдық ырғақ әрбір нақтылы ландшафттың құрамдас бөлік аралық құрамы мен морфологиялық түзілісінің құрылым ерекшеліктеріне қарай әрбір географиялық белдеуде және олардың зоналық бөліктерінде турліше байқалады да, әр түрлі факторларға байланысты болып келеді.
Арктика мен экваторлық ормандарда маусымдық ырғақ онша байқалмайды, субарктикада айқындала түседі де, кун сәулесі режиміне (поляр күні мен түнінің, ауысуына) байланысты болады.
Жер шарының, қалған географиялық белдеулеріндегі жылдың төрт мезгілі мен фазалары (белгілі мерзім араларында өзгеруі) түгелдей байқалады да, суық жерлерде (көпжылдық тонды аудандарда) жылу балансы, шөл мен шөлейтте ылғал балансы негізгі фактор рөлін атқарады.
Маусымдық ырғақ жер бетінің абсолют биіктігі артқан сайын да түрленеді. Іле Алатауының төменгі бөлігінде (1000-1800 м биіктікке дейін) жыл мезгілінің қыс, көктем алды мезгіл, ерте көктем, көктем, ерте жаз, жаз, ерте күз, күз соңы, қыс деген маусым, ал жоғары бөлігінде (2500-3200 м биіктікте) қыс, көктем алды мезгіл, күз соңы, қыс деген маусымдық ырғақ байқалады. Ал биік таулы бөлігінде (3200 м бңіктіктен жоғары) маусымдық ырғақ байқалмайды. Маусымдық ырғақ Қазақстан жері ландшафтыларында айқын байқалады. Соған орай халқымыздың ата кәсібі қалыптасқан. Ертеден мал шаруашылығымен айналысатыи ата-бабамыз жыл маусымы ауысқан сайын көктеу, жайлау, күздеу және қыстау қоныстарына ұдайы көшіп-қонып отырған. Маусымдық табиғат құбылыстары "сәуір", "бесқонақ", "үркер", "шілде", "есекқырған" деген т. б. атаулармен халық санасына берік сіқген. "Сәуір", "бесқонақ", "уркер" деп жауын-шашын көп түсетін көктемді айтады. Жазғы аптап ыстық пен қысқы қара суық "шілде", күзгі жауын-шашын мен қара суығы аралас аласапыран "есек қырған" деп аталады.
Территөриялық табиғат кешендерінің жуық шамамен өлшенетін ырғағын цикл дейді. Оның он бір жылдмқ қайтымы көптеген табиғат құбылысының мысалында айқын байқалады, соның бірі жұт. Жұт көбіне антициклондар мен арктикалық құрғақ ауа массасынық ұзақ уақыт әсер етуінен болады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, бұл құбылыс күн активтілігінің минимумы кезеңіне сәйкес келуі мүмкін. Ондай жылдары жауын-шашын мөлшері мүлде азайып, аңызақ жел дамылсыз соғады, яғни климаттың континенттігі күрт артады, осының салдарынан өсімдік құрап қалады. Кейде атмосфералық циркуляция кезінде ауа массасының, бағыты мен полюсі қалыпты жағдайынан ауытқиды да, оның салдарынан жылы аймақтар қатты суынып кетеді.
Жылы аудандарда қарлы жаңбырдан кейінгі ауа температурасының тез суға суынан пайда болатын көк тайғақ жайылымдағы малға өте қауіпті. Жергілікті атмосфералық циркуляцияға байланысты болатын көк тайғақты жүт шағын аудандарды ғана қамтиды. Революцияға дейін Қазақстан жерінде Акқоян, Мешін, Жылан, т. б. сияқты қырғын жұттар болды. Әсіресе, 1880, 1892 жылдары болған жұт халықты қатты күйзелтіп кетті. 1880 жылы Торғай өқірі 42%, Сырдария - 56% малынан айырылса, 1892 жылы Қазалы уезінің 90% жылқысы, 80% қойы, 60% түйесі қырылған.
Көпжылдық ырғақты көбірек зерттеген ғалымдардан Э. А. Брикнерді (Bruckner, 1890) атауга болады. Ол жер шарының барлық жерінде де климаттың циклді ауытқуының байқалатындығын өткен ғасырда-ақ тұжырымдап айтқан.
Климаттың толық бір циклі 30-35 жылды қамтиды. Осы кезеңде ылғалды және қоңыржай жылдар жылы және құрғақ жылдармен ауысады. Ландшафтының дамуындағы брикнер циклін соңғы жылдардағы географиялық зертгеулер жан-жақты дәлелдеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz