Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары

Жарияланды 25-02-2014, 20:47 Категориясы: Ұстаздарға

Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата - ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Дарынды оқушыларды анықтауда назар аударатын басты ерекшеліктері:
1. Дарынды бала шапшаң және өзгеше ойлайды.
2. Көп көлемде білім меңгереді, алған білімін қолдана біледі.
3. Таным, түсінігі жоғары
4. Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, қиял - күшінің басымдығы.
5. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы.
6. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы.

Жұмыстың бағыттары:
- Диагностика - оқушыны тұлға ретінде байқау.
- Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен күрделі тапсырмалар бойынша жұмыс істеу;
- Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс

Жарияланды 30-03-2013, 23:21 Категориясы: Ұстаздарға

«Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз - ақ дамуға қабілетті ету»
(Эдгард Хабард) .

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 72 бет) .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.

В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», - деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В. В. Давидо «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай, деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой - өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.

дарынды балалармен жұмыс істеу жөнінде

Қарап шығу: 2656 Түсiнiктер: 0

Дарындылық» деген ауқымды сөзінің мағынасын түсіну- оқушылардың бойындағы ерекше қабілетті көріп, оны әрі қарай дамытуға көмектесу, олармен жұмыс істеудегі ең басты және маңызды қадамдарының бірі болып табылады. Зерттеушілер «жалпы дарындылық» бар ма деген болжаммен пікірталастар жүргізудің нәтижесінде мынадай шешімге келді: біреулері - дарындылық жеке бір тұлғаға тән және адам шынында да дарынды болса, ол көптеген қызмет орындарында сәттілікке жете алады деген пікірге сүйенеді. Ал екіншілері - дарындылықтың көптеген түрлері бар және соған байланысты «дарындылық» ұғымы әрдайым нақты, яғни музыкалық дарындылық, математикалық және т. с. с. Ақыры, мамандардың зерттеулері бойынша «дарындылық жеке бір тұлғаға тән» деген тұжырым айғақталады. Табиғатта арнайы дарындылық өте сирек кездеседі. Бұл сұрақты адамның жас ерекшеліктеріне қарай қарастыру керек. Қазіргі кезде дарындылықты төрт топқа жіктеуге болады:


- арнайы интеллект тесті бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен балалар;


- жоғарғы деңгейдегі шығармашылық қасиеттері бар балалар;


- қандай да бір салада жетістікке жеткен балалар (жас музыканттар, математиктер, суретшілер және т. б. ) бұл топтағы балаларды жиі жағдайда өнерлі деп атайды;


- мектепте өте жақсы оқитын балалар(академиялық дарындылық) ;


Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарын екеніне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.


Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатымызда дарынды балаларды тәрбиелеуде оқу-тәрбие жұмысына үлкен мән беріледі. Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтау мақсаты мұғалімдеріміздің алдында қойылады.


Мектебіміз дарынды балаларға арналғандықтан, әр оқушыға көңіл бөліну қажеттігі туады. Себебі, әр бала өз алдына жеке тұлға, әр баланың бойында ерекше бір қабілет бар. Қабілетті ашып, оны әрі қарай дамыту мұғалімдердің парызы болып табылады.


Ол үшін мектебіміз бар мүмкіндікті жасап отырады. 2012-2013 оқу жылынан бастап алтыншы сынып оқушылары қазіргі заманның талабына сай биология пәні үш тілде оқытылып жатыр. Болашақта физика, химия пәндері де үш тілде оқытылатын болады. Дарынды оқушылар арасында әр түрлі тақырыпта интеллектуалды сайыстар, пән бойынша білімдерін тереңдету мақсатында пәндік олимпиадалар, ғылыми-жоба жарыстары өткізіліп тұрады. Баланы жан-жақты дамыту мақсатында спорттық секциялар, үйірме жұмыстары жұмыс істейді (шахмат, тоғызқұмалақ т. б) .


Мектебімізге жас жеткіншектерді қабылдаған уақытта оқушылардың зияткерлік қабілетін байқау мақсатында тестілеуден өткізіледі. Сонымен қатар, барлық пәндерден үлгерімдері жақсы оқушылар өздерінің жан-жақты дарындылық қасиеттерін байқату қажет.


Құралай ЖҰМАҒҰЛОВА,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Кишикова Кулбуби Шариповна,

бастауыш сынып мұғалімі,

Сарыбастау орта мектебі,

Жамбыл ауданы,

Алматы облысы.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді қазақ мәтелі. Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ол сәт сайын өзгеріп өрлеп дамыған саналы тірлік. Қазіргі жас ұрпақ болашақтағы еліміздің тіректері, еліміздің болашақ өкілдері болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген шәкірттерге қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда. Қоғам қашанда шығармашыл тұлғаларға мұқтаж болғанымен, дарындылық пен қабілеттілік психологиясын зерттеу кең өріс алған кезең ХХ-ғасырдың орта шенінде басталды. Бұл мәселеге деген үлкен ықылас балалар дарындылығы мен таланты жөніндегі Дүниежүзілік кеңестің құрылуына байланысты туды. Оның бірінші конференциясы 1975-жылы Лондонда өтті. Кеңес дарындылықтың психологиялық құрылымын зерттейтін жобалар жасайды, дарынды балаларға білім беретін мамандар дайындайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды» балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту-туралы 1996-жылғы жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998-жылғы 24-наурызындағы ?256-қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен елімізде «Дарын» ғылыми тәжірибелік орталығы құрылды. Дарынды балалармен жастарды айқындау және оқыту, дамыту тұжырымдамасының негізінде мынадай идеялар басшылыққа алынды.

-дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғауды ізгілендіру және демократияландыру.

-дарынды балаларды айқындау және олармен жұмыс жүргізуде биологиялық, әлеуметтік факторларды есепке алу.

-республикада дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқаруды орталықтандыру мен өз бетінше басқарудың үйлесімді байланысы.

-дарынды балалармен және жастармен жұмыс жүйесін басқарудың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының бірлігі.

-дарынды балалармен жастарды іріктеу үшін диагностикалық әдістер кешенін пайдалану.

-жеке тұлғаның дарындылығымен қалыптасу деңгейіне балаларды оқыту мен дамытудың арнайы таңдалған бағдарламасының сәйкестігі.

Дарындылық пен қабілеттілікті дамыту интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой-тұжырымын жасау мен дамыту үшін реподуктивті және эвристикалық әдістер дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген.

Сократ оқыту барысында шәкірттердің іс-әркетін арнайы басқарып отырудың қажеттілігімен қоса, оның дарындылықты тану мақсатында арнайы оқыту әдісін-эвристикалық әңгімелесуді алғашқылардың бірі болып қолданады. Сократ шәкірттерге білімді жәй ғана беріп қоймай, белсенділіктің көрсеткіші ретінде сұрақ қоюға ұсынады. Эвристикалық сұрақты алдын ала дайындай отырып, сұрақ қою арқылы ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой-тұжырымын жасай білуге үйретті.

Испендық дәрігер Хуан Уартенің пікірінше, адам табиғатына байланысты, дегенмен оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған жас жеткіншектердің қабілеттерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігін сондай-ақ, мұндай жұмысты ақылы және білімі жоғары адамдар өткізу керек деп есептеді.

Оқушылардың жеке қабілеттерін, дарындылықтарын, ақыл-ойын дамыту мәселесі туралы құнды пікірлер Ф. Бэкон, М. Монтень, Ж. Ж. Руссо, И. Кант еңбектерінде айтылды.

ХҮІ-ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы дарындылықты тану қабілеттерін дамытудың маңыздылығын көрсетті. Тәрбиеші баланы бастан-ақ оның бойындағы қабілеттерді еркін көрсете білуін, түрлі заттардың дәмі мен олардың ерекшеліктерін ажыратуда өз бетінше әрекет етуін, кейде оған жол көрсетіп, керісінше өзіне іздетіп отыруын қалаймын. Монтень оқытушының басшылық рөлінің маңыздылығын да айтты. Ол - Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп өз бетінше талдау жасау қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлығы дами түсетіні сөзсіз-деп жазған болатын.

ХІІ-ғасырда ұлы педагог Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде «Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды-білім беруін негізгі жетістікке жету құралы ретінде ұүрастырасын», -деп жазды.

Джон Лок «Адамның ақыл-ой тәжірибесі» атты филоссофиялық еңбегінде төмендегідей пікір айтады:Адамда туа біткен ой-пікірлер болмайды. Олар тәжірибе негізінде пайда болады, адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы «Таза тақтай» секілді, сезімде жоқ нәрсе ақыл-ойдан да болуы мүмкін емес.

К. Д. Ушинский «Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» дегенін ескерсек ақыл-ойда қандай бағытта, қандай формада дамуы керектігі туралы қарастыра келіп, өз еңбектерінде оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеуде ең негізгі дидактикалық шарт -мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болмауы мен жүйелі жинақталуында екендігін айтып өтті.

Әл Фараби «Бақытқа жету трактаты» деген еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын көңіл бөледі.

Қазақ ағартушылары дарындылықтың туа білетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

Ш. Уәлихановтың шығармаларының жеке тұлға тәрбиесіндегі білімі мен тәрбиенің шешуші ролі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай:

«Қырғыз-қайсақтар табиғатының ақыл-ой жүйріктігімен таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді». Ш. Уәлихановтың шығармаларының жеке тұлға тәрбиеге үлкен мән бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.

Ұлы ойшыл Абай «Адамның ойы мен санасы еңбек іс әркеті кезінде қалыптасады» деп тұжырымдайды. «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады». Абай жетінш қара сөзінде баланың ақыл-ой қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі -ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тән құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Енді біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса соған қызығып, сырнай керней болса дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, тұра жүгіріп ол немене?, бұл не?, ол неге үйтеді?, бұл неге бүйтеді? деп көз көрген, құлақ естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екені дегені».

ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына ат салысқан көрнекті қайраткерлер Ж. аймауытов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескерту керектігі баса айтылған.

Енді осы айтылғандарды қорыта келе, дарындылық дегеніміз-адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Дарындылық-сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі, оның арқасында іс-әркет жақсарады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға төмендегідей әртүрлі оқыту әдістерін кешнді түрде қолдану негіз болады:

-балаларды бақылау әдістерінің түрлері;

-арнайы психологиялық тренингтер;

-балалардың мінез-құлқын бағалау арқылы тексеру;

-арнайы бағдарламалар бойынша сынамалы сабақтар жүргізу;

-шығармашылық қызметінің өнімділігін бағалау.

Дарынды балаларды анықтаудың бірінші дұрыс жүргізілген диагностика болса, екіншісі бала қабілетін дамыта алатындай арнайы оқу бағдарламасы. Әр мұғалім, тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады.

10 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Дарынды балалармен жұмыс
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Дарынды балаларды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz