Кедейлік - әлемдік қауіпсіздіктің қатері



Адамзат қоғамында бұрыннан келе жатқан ірі дағдарыстарының арасындағы ең маңыздысы кедейлік болып саналады. Кедейліктің тарихы шамамен адамзат тарихымен бірдей. Түрлі дәуірлерде көптеген адамдар табыстың аздығы және ең қажетті мүмкіндіктерден мақрұм болу салдарынан өмірін үзген. Өкінішке орай бүгінде 21-ғасырда кедейлік жойылмаумен қатар, азайған да жоқ. Осы ащы ақиқаттан алатын алғашқы нәтижеміз, ол адамдар соңғы онжылдықтарда зор жетістіктерге қол жеткізгенмен, адамзаттың ең үлкен түйткілдерінің бірі, яғни кедейлікті азайтуда айтарлықтай оң іс атқара алмады. Сонымен қатар осы жаңалықтармен жетістіктер соғыстарды азайтып, қауіпсіздікті жая алмады, тіпті есірткі мен адам контрабандасы түйткілін де шеше алмады. Бұл әлсіздіктің себебі, адамзат жетістіктері көбінесе әлемнің мықтылары мен дандайсушылары қызметінде болуынан. Өйткені олар кедей және мақрұм халықтардың қайғы мен қасіреттерін азайтуды емес, бәлке өз байлығы мен күшін арттыруды ғана ойлайды.
Жалпы алғанда кедейлік - күшті кедейлік және күшті емес кедейлік деп екіге бөлінеді. Күшті кедейлікте, адамдар - тағам, тұрғын үй мен гигиена тәрізді өмірге қажетті ең қарапайым заттарға зәру болады. БҰҰ тұрғысынан мұндай кедейліктің өлшемі - әлемдік банктің есептеуі бойынша күніне бір доллардан аз табыс табу болып табылады. Осылайша дүниежүзі халқының шамамен 20 пайызы осындай табыспен өмір сүріп жатыр. Күшті емес кедейлікте, жағдайдың қиындығы өте ауыр болмағанмен, кісілер қажетті білім алу, гигиена, сау тағам және өзге де қажетті мүмкіндіктерден мақрұм болады. Әлем тұрғындарының жартысына жуығы осындай халде өмір сүруде. Әлем деңгейіндегі кедейлік жайындағы осындай мәліметтер өте қайғылы. Алайда салыстырмалы статистика қозғалғанда, кедейлік одан сайын өкінішті көрінеді. Мұндай статистикада зор кедейлік проблемасы мүмкіндіктердің аздығынан емес, бәлке әлем деңгейінде және мемлекеттердің ішінде байлықтың әділетсіз үйлестірілуінде екені анықталады.
Ресми деректер бойынша 1990 жылдан бері дамып келе жатқан елдердегі адам басына табысы 3 пайызға артқан. Алайда дәл осы кезеңде 54 мемлекеттің орташа табысы азайып отыр. Әлемдік банк экономистерінің бірі Бранко Миланович жан-жақты жүргізген зерттеуінде дүниедегі ең бай адамның табысының бір пайызы әлемдегі ең кедей кісілердің 57 пайызымен бірдей екенін айқындаған. Осындай кемсітушілік пен айырмашылық әлемнің түрлі аймақтарында байқалады. Мысал үшін, Латын Америкасының кейбір жерлерінде, қоғамдағы ең бай адамдардың 5 пайызының табысы сол қоғамдағы ең кедей кісілердің 5 пайызының табысынан 300 есе артық. Америкадағы саяси-экономика ұстазы Торстин Виблан осы кемсітушілік жағдайды сараптауында: "Адамдар екіге бөлінеді: дүниежүзі халықтарының шамамен басым бөлігін қамтитын кедей халықтар және барлық жерде маңызды болып саналатын байлар азшылығы. Осы ақшасы мен күші бар аз ғана топ дүниежүзінің экономикалық құрылысына, әсіресе үлкен сауда компанияларына жан-жақты әсер етеді. Бұл компаниялар әлемдік нарықтарды басқара отырып, байлар мен бірнеше мемлекеттің мүдделерін ғана қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттер - сегіздік тобының отырысына қатысушылар",- дейді.
Дүниежүзілік экономиканың ауыр жағдайының айтарлықтай бөлігі дүниеде кең тараған капиталистік жүйеден шығып отыр. Осы экономикалық жүйеде бір қарағанда барлығына бірдей мұрсаттар қойылған.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кедейлік - әлемдік қауіпсіздіктің қатері
04-08-2009
Адамзат қоғамында бұрыннан келе жатқан ірі дағдарыстарының арасындағы ең
маңыздысы кедейлік болып саналады. Кедейліктің тарихы шамамен адамзат
тарихымен бірдей. Түрлі дәуірлерде көптеген адамдар табыстың аздығы және ең
қажетті мүмкіндіктерден мақрұм болу салдарынан өмірін үзген. Өкінішке орай
бүгінде 21-ғасырда кедейлік жойылмаумен қатар, азайған да жоқ. Осы ащы
ақиқаттан алатын алғашқы нәтижеміз, ол адамдар соңғы онжылдықтарда зор
жетістіктерге қол жеткізгенмен, адамзаттың ең үлкен түйткілдерінің бірі,
яғни кедейлікті азайтуда айтарлықтай оң іс атқара алмады. Сонымен қатар осы
жаңалықтармен жетістіктер соғыстарды азайтып, қауіпсіздікті жая алмады,
тіпті есірткі мен адам контрабандасы түйткілін де шеше алмады. Бұл
әлсіздіктің себебі, адамзат жетістіктері көбінесе әлемнің мықтылары мен
дандайсушылары қызметінде болуынан. Өйткені олар кедей және мақрұм
халықтардың қайғы мен қасіреттерін азайтуды емес, бәлке өз байлығы мен күшін
арттыруды ғана ойлайды.
Жалпы алғанда кедейлік - күшті кедейлік және күшті емес кедейлік деп екіге
бөлінеді. Күшті кедейлікте, адамдар - тағам, тұрғын үй мен гигиена тәрізді
өмірге қажетті ең қарапайым заттарға зәру болады. БҰҰ тұрғысынан мұндай
кедейліктің өлшемі - әлемдік банктің есептеуі бойынша күніне бір доллардан
аз табыс табу болып табылады. Осылайша дүниежүзі халқының шамамен 20 пайызы
осындай табыспен өмір сүріп жатыр. Күшті емес кедейлікте, жағдайдың қиындығы
өте ауыр болмағанмен, кісілер қажетті білім алу, гигиена, сау тағам және
өзге де қажетті мүмкіндіктерден мақрұм болады. Әлем тұрғындарының жартысына
жуығы осындай халде өмір сүруде. Әлем деңгейіндегі кедейлік жайындағы
осындай мәліметтер өте қайғылы. Алайда салыстырмалы статистика қозғалғанда,
кедейлік одан сайын өкінішті көрінеді. Мұндай статистикада зор кедейлік
проблемасы мүмкіндіктердің аздығынан емес, бәлке әлем деңгейінде және
мемлекеттердің ішінде байлықтың әділетсіз үйлестірілуінде екені анықталады.
Ресми деректер бойынша 1990 жылдан бері дамып келе жатқан елдердегі адам
басына табысы 3 пайызға артқан. Алайда дәл осы кезеңде 54 мемлекеттің орташа
табысы азайып отыр. Әлемдік банк экономистерінің бірі Бранко Миланович
жан-жақты жүргізген зерттеуінде дүниедегі ең бай адамның табысының бір
пайызы әлемдегі ең кедей кісілердің 57 пайызымен бірдей екенін айқындаған.
Осындай кемсітушілік пен айырмашылық әлемнің түрлі аймақтарында байқалады.
Мысал үшін, Латын Америкасының кейбір жерлерінде, қоғамдағы ең бай
адамдардың 5 пайызының табысы сол қоғамдағы ең кедей кісілердің 5 пайызының
табысынан 300 есе артық. Америкадағы саяси-экономика ұстазы Торстин Виблан
осы кемсітушілік жағдайды сараптауында: "Адамдар екіге бөлінеді: дүниежүзі
халықтарының шамамен басым бөлігін қамтитын кедей халықтар және барлық жерде
маңызды болып саналатын байлар азшылығы. Осы ақшасы мен күші бар аз ғана топ
дүниежүзінің экономикалық құрылысына, әсіресе үлкен сауда компанияларына
жан-жақты әсер етеді. Бұл компаниялар әлемдік нарықтарды басқара отырып,
байлар мен бірнеше мемлекеттің мүдделерін ғана қамтамасыз етеді. Бұл
мемлекеттер - сегіздік тобының отырысына қатысушылар",- дейді.
Дүниежүзілік экономиканың ауыр жағдайының айтарлықтай бөлігі дүниеде кең
тараған капиталистік жүйеден шығып отыр. Осы экономикалық жүйеде бір
қарағанда барлығына бірдей мұрсаттар қойылған. Дегенмен іс-жүзінде бұл
мұрсаттарды өздерінің байлығы мен саяси-экономикалық күшін ұлғайту үшін
қаржы иелері көбірек пайдаланады. Көне және жаңа отаршылдық Батыстың осы
пайдақор пікірінен шығады. Отарлау кезеңдерінде әлемнің ондаған мемлекетінің
байлықтары отарлаушы елдердің қоржындарына кетті. Бұл арада "Әлемдік банк"
пен "Халықаралық валюта қоры" тәрізді халықаралық қаржы органдарының
кедейлікті таратудағы рөліне көз жұмуға болмайды. Бұл органдар дамып келе
жатқан мемлекеттерге төлемі мен шарттары ауыр болып табылатын қарыздар
берумен, оларға қатты қысым жасауда. Әлгі мемлекеттер өздерінің қарыздарын
белгілі мерзімде қайтара алмағандықтан, бұл қарыздардың өсімі күн өткен
сайын "Әлемдік банк" пен "Халықаралық валюта қоры" пайдасына арта береді,
осының салдарынан қарыз алған елдердің кедейлері де көбейе түседі.
Америкалық университет ұстазы және сыншы Ноам Чомский осы орайда былай
дейді: "Халықаралық экономикалық жүйе зор өсімді қарыздар беріп, кедей
мемлекеттерден орасан зор пайда көріп отырғанына қарамастан, өз шараларының
жауапкершіліктерін қабылдаудан бас тартады. Әрине бұл үдерісті "Халықаралық
валюта қоры" да қолдап отыр. Атқарушы директоры айтқандай, бай
мемлекеттердің экономикалық әрекеттерінің маклерлеріне айналған қор."
Чомский мысал ретінде, ел үкіметінің оны қайтара алмайтын, оның және
маңайындағылардың қалтасына құйылған Индонезияның бұрынғы диктаторы генерал
Сухартоға миллиардтаған доллар қарыз беруді келтіреді.
Әлемде кедейліктің таралуына себепші болып отырған халықаралық экономика
жүйесіндегі кемсітушіліктермен қоса, мемлекеттердің ішінде де бұл
проблеманың одан сайын таралуына әкеп соғатын теңсіздіктер орын алып жатады.
Көптеген мемлекеттердегі демократиялық емес және тиімсіз үкіметтер табыстың
өсуіне және оның тең үйлестірілуіне кедергі жасайды. Мәліметтер тіпті жақсы
экономикалық жетістіктері бар Қытай мен Үндістан тәрізді елдердің өзінде
табыстың басым бөлігі байлардың қолында шоғырланғанын және кедейлер санының
айтарлықтай өзгермегенін көрсетеді. Әрине Батыс мемлекеттерінде де кедейлік
түйткілі бар, өйткені бұл елдерді әділетсіз қаржылық жүйе мен байланыстар
билеп отыр. Мысалға, Америкада 400 ірі қаржы иесінің жалпы байлығы 57 млн
америкалық отбасының байлығымен тең, былайша айтқанда Америка халқының
жартысы. Америкалық жазушы және зерттеуші Холи Склар: "Американың байлығы
азайып бара жатпағаны, бәлке күннен-күнге ұлғайып келе жатқаны сөзсіз,
айырмашылығы тек бұл байлықтың жұмысшылар қалтасынан олардың басшыларына, ал
одан Американың ірі капиталистері қалтасына құйылып жатқандығында, яғни
кедейлерден байларға кетіп жатқанында,"- деп жазады.
Осындай үдерістің нәтижесінде Америкада, әсіресе балалар мен жасөспірімдер
арасында кедейлік пен аштық жайылып отыр. Американың статистика
департаментінің мәліметі бойынша, Нью-Йорк қаласындағы балалар мен
жасөспірімдердің төрттен бірі кедейлік межесінен төмен деңгейде өмір сүреді.
Осылайша кедейлік дүниенің барлық аймақтарында тамыр жайған және өзінің
қатерлі және қиратушы әсерлерін тигізіп отырған құбылыс болып табылады.
Кедейлік адамдардың жанын алып, немесе олардың ғұмырын қысқартады. Көптеген
кісілер кедейлік салдарынан өлімге ұласатын ауруларға шалдығады. Бұл
аурулардың алдын алуға болады, дегенмен кедейлердің оның шығынын төлеуге
шамасы жоқ. Көптеген әйелдер жүкті болған кезеңде немесе босану кезінде жан
тәслім етеді. Сәбилер кедейліктің кесірінен бес жасқа жетпес бұрын көз
жұмады. Бұл арада - кедейлік пен тапшылық, қауіпсіздік тәрізді маңызды
мәселеге қандай әсерін тигізеді?-деген сұрақ туады.
Қазіргі әлемде көптеген құбылыстар, соның ішінде кедейлік пен қауіпсіздік
бір-біріне әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси сараптама, жан-жақты талдау
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
Қазақстанның әскери - саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету
Экономикалық қауіпсіздік жайлы ақпарат
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
Есірткі бизнесі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қатері ретінде
Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік
Қауіпсіздік пен есірткі бизнесі
Пәндер