Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Сәлемдесу – тұрмыстық қатынастағы сөз басы


1. Ұлттық дәстүрге байланысты қолданылатын сәлем сөздер, олардың түрлері.
2. Шығармашылық жұмыстар
3. Пікірталас мәдениеті
4. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
5. Шешендік өнер және сөз мәдениеті
6. Іскерлік қарым.қатынас, ондағы тілдік ерекшеліктер мен сөз орамдары.
7. Қызмет орны туралы ақпарат
Өмірдегі әртүрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы тілдік қатынасты екі түрге бөлуге болады:
1. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер
2. Іскерлік қарым-қатынасқа байланысты қолданылатын сөздер.
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тіл, тұрмыстық сөздер – адамдар күнделікті өмірде, ауызекі сөйлеу тілінде қолданатын сөздер. Мұнда негізінен ауызекі сөйлеу тілінің әдебі, мәдениеті сақталады.
Сәлемдесу әдебі. Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, сонымен қатарсәлемдесу әдебін білуі және өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.
1. Сәлемдесудің әдеп тұрғысынан алғандағы ең басты шарты – жылы лебіз.
2. Қабағын түнертіп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып, естілер-естілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу – ізеттілік емес, керісінше кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады.
3. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық.
Әр халықтың амандасу рәсім-салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жапон, қытай халықтарында қос қолын қусырып, бас иіп тағзым ету, үнді халықтарында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, славян халықтарында бір-біріне қол беру т.б. амандасудың түрлері бар. Ал, Орта және Кіші Азия мен Африкадағы мұсылман халықтар ертеде оң қолын жұрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған.
Қазақ салтында төрде ақсақал, сыйлы адамдар отырса, сырттан сәлем беріп келген адам дауыстап сәлем беріп, қолын кеудесіне қойып, басын иген.
Жас адамның жасы үлкен таныс адамға немесе бір нәрсе жайлы тілдесу үшін өзінен үлкен адамға, не құрбы-құрдасына кездескенде бірінші сәлем беру – міндетті.
Сәлемдесу түрін аттан, машинадан түсіп сәлем беру, қол алысып, төс қағыстырып сәлемдесу, әйел және қыз балалардың не ер адам мен әйел адамның амандасу әдебі деген түрлерге бөлуге болады.
Үлкен-*кіші, қатарлас құрбы-құрдастар, әйел адамдар қазіргі күнде көбіне «Сәлеметсіз бе», «Аман-есенсіз бе», «Есен-саусыз ба», «Аман-саумысыз» деп сәлемдеседі. Ал, ер адамдар үлкен адамға, танысына, араласып жүрген адамына немесе құрмет тұтып, жақын көрген адамына сәлемдескенде ұлттық дәстүрді сақтап «ассалаумағалейкүм» деп, ал сәлем алушы «уағалейкүмассалам» деп өз қолын ұсынады.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 26 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Қарым-қатынас түрлері.1. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні
мен өзіндік ерекшеліктері. 2. Сәлемдесу – тұрмыстық қатынастағы сөз басы.
Өмірдегі әртүрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай
адамдар арасындағы тілдік қатынасты екі түрге бөлуге болады:
1. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер
2. Іскерлік қарым-қатынасқа байланысты қолданылатын сөздер.
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тіл, тұрмыстық сөздер – адамдар
күнделікті өмірде, ауызекі сөйлеу тілінде қолданатын сөздер. Мұнда
негізінен ауызекі сөйлеу тілінің әдебі, мәдениеті сақталады.
Сәлемдесу әдебі. Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, сонымен
қатарсәлемдесу әдебін білуі және өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын
қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.
1. Сәлемдесудің әдеп тұрғысынан алғандағы ең басты шарты – жылы лебіз.
2. Қабағын түнертіп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып, естілер-
естілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу – ізеттілік емес,
керісінше кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады.
3. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған
кейіп таныту – инабатсыздық.
Тапсырма: 1-тапсырма. Қазіргі жастардың арасындағы сәлемдесуді
бейнелейтін шағын оқиғалы шығарма жазыңдар.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Түсініп оқу қабілеттілігі, мазмұнын толық дәл
беру.

Ұлттық дәстүрге байланысты қолданылатын сәлем сөздер, олардың түрлері.
Әр халықтың амандасу рәсім-салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы,
жапон, қытай халықтарында қос қолын қусырып, бас иіп тағзым ету, үнді
халықтарында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, славян
халықтарында бір-біріне қол беру т.б. амандасудың түрлері бар. Ал, Орта
және Кіші Азия мен Африкадағы мұсылман халықтар ертеде оң қолын жұрегінің
басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған.
Қазақ салтында төрде ақсақал, сыйлы адамдар отырса, сырттан сәлем беріп
келген адам дауыстап сәлем беріп, қолын кеудесіне қойып, басын иген.
Жас адамның жасы үлкен таныс адамға немесе бір нәрсе жайлы тілдесу үшін
өзінен үлкен адамға, не құрбы-құрдасына кездескенде бірінші сәлем беру –
міндетті.
Сәлемдесу түрін аттан, машинадан түсіп сәлем беру, қол алысып, төс
қағыстырып сәлемдесу, әйел және қыз балалардың не ер адам мен әйел адамның
амандасу әдебі деген түрлерге бөлуге болады.
Үлкен-*кіші, қатарлас құрбы-құрдастар, әйел адамдар қазіргі күнде
көбіне Сәлеметсіз бе, Аман-есенсіз бе, Есен-саусыз ба, Аман-
саумысыз деп сәлемдеседі. Ал, ер адамдар үлкен адамға, танысына, араласып
жүрген адамына немесе құрмет тұтып, жақын көрген адамына сәлемдескенде
ұлттық дәстүрді сақтап ассалаумағалейкүм деп, ал сәлем алушы
уағалейкүмассалам деп өз қолын ұсынады.

5-сабақ. Тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынас, ондағы тілдік ерекшеліктер мен
сөз орамдары.

Жоспары:
1. Іскерлік әңгіме, іскерлік келіссөздер.
2. Сұраныс және бұқаралық ақпарат құралдарындағы
ұсыныстар.
3. Іскерлік хат және оның түрлері.
Біздің заманымыз – іскер, белсенді, өздігінен жол таба білугебейім
адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба білетін іскерлік – адамды
көздеген мақсатына жеткізеді. Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан-
жақты көрсете алуының бір негізі – оның білімділігімен қатар ортамен
іскерлік қарым-қатынас жасау сырын, ондағы өзін ұстай білу, сөйлеу этикасын
меңгеруіне де байланысты. Дәл тауып айтылған сөз әрқашан да адамды өз
мақсатына жеткізіп отырады. Сөз адамның ойын, көзқарасын білдіреді, оның
қоғамдағы өзіндік орнын табуына ықпал етеді.Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге
қарап сөз алма, – деп ұлы Абай айтқандай, адам сөз арқылы өзін танытады.
Іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі – ондағы тілдік
ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру.
- Іскерлік қарым-қатынас – мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында
қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы
адамдардың бір-бірімен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт
жасауы, қажетті құжаттар алмасуы.
- Іскерлік қарым-қатынас әдебі сөйлеушінің ісіне жауапкершілікпен
қарауынан, өзін-өзі ұстауынан, сыпайылығынан, өжеттігінен, батылдығынан,
тартымды, жағымды сөйлеу мәнерінен көрінеді.
- Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау, сәлемдесу, өзін, жұмыс
орнын таныстыру, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерінің белгілі бір
қалыптасқан нормалары болады (Ұлттық дәстүрді сақтау көбінесе
халықаралық және шетелдік әріптестермен байланыста байқалады).
- Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, білікті қолдану,
тапқырлықпен нақты жүйелі сөйлеу де іскерлік әдебін танытады.
- Іскерлік қарым-қатынаста тіл табысуға кері әсерін тигізетін нәрселер:
пікір алысқалы отырған ісін, тақырыбын жетік білмеу, сөз мағынасын
түсінбеу, логикалық ой-өрісінің жетіспеуінен сөзді дамытып әкете алмау,
мәнсіз көп сөзділік, өз айтқанынан қайтпау, дәлелсіз қайшы пікірге келу,
жігерсіздік, ұялшақтық.
Іскерлік әңгіме. Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ
ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет сөйлескенде өз пікірін өтімді
айта білу, пікірін қорғай алу, сөзін дәлеледі жеткізу дағдыларын
меңгергенде оң болады. Сондықтан субъект көздеген мақсатына жету үшін
іскерлік әңгіме тақырыбын, оның негізгі жүйесін алдын-ала жоспарлауы
тиіс. Кесдейсоқ, тосын сұрақтарға жауап беруге психологиялық дайындық
жасау да көп көмек береді. Адам іскерлік әңгімеде өзінің жұмысқа
қабілетті екенін, бұл мәселені жан-жақты білетінін таныту үшін артық
сөз, артық мақтанға бой алдырмауы керек.
Дайындықтың бірінші қадамы кімге баратыныңды зерттеуден
басталады. Қызметке қабылдайтын жауапты адамның жалпы болмысы қандай,
онымен қалай тіл табысуға болады деген мәселені анықтап алған ұтымды.
Екінші мәселе – сөзді бастау, ойды негіздеу,басты тұжырым қандай
болу керек дегенді жоспарлау. Ол үшін мынадай жайттарға баса назар
аударылады.
1. Фактінің, деректің мол болуы.
2. Себептер мен тұжырымдардың сәйкес келуі.
3. Басты мәселенің шешілуінің тиістілігіне деген сенім.
4. Мәселенің екі жаққа да пайдалылылғының тиімділігі.
5. Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.

Тапсырма: 1-тапсырма. Тілдік жағдаят: Саған үлкен бір мекемеге барып
газет-журналға жазылу туралы келісім жасау жүктеледі. Ұжым мүшелерімен
сөйлесіп, үгіттеуің керек. Қай басылымға қалай жарнама жасап, үгіттер едің?
Сөзіңді дайында.
2-тапсырма. Тілдік жағдаят: Ұжымда жер бөліс мәселесі шешілуде. Сен шұрайлы
жерден өз үлесіңді алғың келеді. Ұжым басшысына барып, өзің қалаған жерді
сұрауың қажет. Рөлдік ойын түрінде осы жағдайға әңгімелесіңдер.
3-тапсырма. Тілдік жағдаят:Ең жақын туысыңның мүшелтойына арналған кешті
өткізу үшін мәдени орынды сұрауың қажет. Ал ондай орынның иесі – өте
тәкаппар адам. Қалай тіл табысуға болады? Сөзіңді дәлелдеп, сұрағаныңды ал.

6-сабақ. Тақырыбы: Шешендік өнер және сөз мәдениеті.

Жоспары:
1. Шешендік пен сөз мәдениетінің байланысы, бірлігі.
2. Шешендік сөздің түрлері.
3. Шешендік сөздің сипаты, оның сапалары.

Сөз мәдениеті, біріншіден, сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы),
екішіден, сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан
нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты
ғана көздемейді, сонымен қарат толып жатқан амал-тәсілдердің ішіне мағына,
стильдік жағынан аса дәл, бедерлі, ұтымды түрін талғау дегенге саяды. Бұл
жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген үзілді-кесілді баға берілмейді. Сөз
дәлірек, айқыныоақ, әлдеқайда лайықты, орындырақ деп бағаланады.
Шешендік сөздердің түрлері

№ Шешендік сөздің Шешендік сөздердің Стильдері Негізгі тілдік
тектері түрлері құралдар
1. Әлеуметтік-саяси Баяндамалар (съезд,Публицистикалық,Афоризмдер ,
шешендік сөздер конференция, ресми, ғылыми терминдер,
мәжіліс, фактілер,
парламенттегі, сілтемелер,
митингідегі сөз, қаратпа,
әскери патриоттық қыстырма
үгіт-насихаттық сөздер
саяси шолу,
дипломатиялық сөз)
2 Академиялық Мектептегі, жоғары Ғылыми, ресми, Фактілер,
шешендік оқу орындарындағы публицистикалық терминдер,
лекция, ғылыми сілтемелер,
баяндама, ғылыми салыстырулар
шолу, ғылыми
хабарлама,
ғылыми-көпшілік
лекция
3 Әлеуметтік-тұрмысМерейтойдағы Көркем әдеби, Мақал-мәтелдер
тық шешендік салтанатты публицистикалық,, афоризмдер,
дастарханда, қабір ресми, сөйлеу тұрақты
басындағы тіркестер,
сөйленетін сөздер оқшау сөздер,
метафоралар,
ажарлау
тәсілі,
риторикалық
сұрау
4 Сот ісінде Прокурордың айыптауПублицистикалық,Іскерлік
қолданылатын сөзі, Адвокаттың сөйлеу, ресми қатынасқа тән
сөздер қорғау сөзі, сөз
айыпкердің қорғану орамдары,мақал
сөзі -мәтелдер,
риторикалық
сұраулар
5 Діни қызметтегі Уағыздар, иман Сөйлеу, Дінге қатысты
шешендік сөздер сөздер публицистикалық терминдер,
имандылыққа
үндейтін сөз
оамдары

Шешендік сөздің сапалары. Сөйлеу – адамның тіл амалдарын пайдалану
арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу адамның психикалық қабілетіне,
қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар – сөз
тудыру, сөз тіркестері, сөйлем құрау ережелері – ұзақ ғасырлар бойында
адамдардың пікір алмасу тәжірибесі үстінде қалыптасқан, көпшілікке ортақ,
объективті категориялар. Сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне тән ерекшеліктері
болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын дәл, әсерлі етіп немесе
мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы мен жетілуі сөйлеу кезіндегі
осы жеке адамға ғана тән шығармашылыққа сүйенеді.
Шешендік сөз осындай шығармашылықтың биікке көтерілген кезінде көрінеді.
Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз
– тыңдаушыға әсерлі болып, сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін,
экспрессивтік мәін күшейтіп беретін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген
формаларына шендестіру (антитеза), градация (дамыту), қайталау,
параллелизм, риторикалық сұрау, риторикалық қаратпа сөздер, дауыс ырғағы
т.б. жатады.
Шешендік сөзге тән лексика-грамматикалық ерекшеліктер де болады. Мысалы,
қаратпа, қыстырма сөздерді көбірек келтіру, ия, жоқ, ал, керек,
деймін сияқты жеке сөздер мен шылауларды да бүгінгі шешендер жиі
қолданады, бұлар да шешендік сөздерде айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын
құралдардың бірі болып табылады

Тапсырма: Шығармашылық жұмыстар.
1-тапсырма. Қалаған көркем шығармадан (прозалық, поэзиялық,
драмматургиялық) өзіңе ұнаған үзіндіні жатқа оқыңдар. Мүмкіндігінше,
үзіндінің шешендік сөзге жақындығын ескеріңдер. Үзіндінің тілдік сипатына
назар аударыңдар. Үзіндіні оқығанда дауыс мәнеріне көңіл бөліңдер. Сөйлеу
жылдамдығын, дауыс күшін мазмұнға сай өзгертуге мән беріңдер.
2-тапсырма. Теледидардан, радиодан шешендердің жиында, мәжілістерде
сөйлеген сөздерін тыңдаңдар. Оларға талдау жасаңдар. Олардың сөздерінің
әсерлілігін арттырып не төмендетіп тұрған мәселелерге назар аударыңдар.

7-сабақ. Тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Жоспары:
1. Жұрт алдында сөйлеушіге қойылатын талаптар.
2. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдары.
Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын екі себеп бар: бірі – өз сезімін
білдіру қажеттігі, екіншісі – өз ойын басқа біреумен бөлісуге деген тілек.
Кез келген адамның көпшілік алдына щығып сөйлеуге батылы жете бермейді.
Себебі жұрт алдына шығып сөйлеудің өзіндік біршама қиындықтары бар:
1. Сөйлеуші мен тыңдаушының арасында көзбе-көз байланыс болғандықтан,
шешенге тапқырлық, сөзіне елді ұйыта білуі қажет болады. Сөйлеу
ауызша болғандықтан, мұнда еркіндік басым тұрады.
2. Көпшілік алдындағы сөзді жоспарлау қарым-қатынастың әртүрлі
жағдайына (мекемеде, көшеде, сахнада) тыңдарманмен қатынастың
сипатына (ресми, бейресми), тыңдармандардың әлеуметтік орнына
(интеллигенция, жұмысшы, студент, оқушы) немесе олардың жасы,
білімі, жынысы т.б. байланысты түрліше болады.
3. Көпшілік алдындағы сөздің басқалармен байланыс орнату
(коммуникативтік), тыңдаушының назарын аудару (апеллятивтік),
сыпайылық таныту (комативтік), тыңдаушының көңілін аулау
(эмотивті) т.б. тәрізді функциялары бар.
4. Көпшілік алдында сөйлеу – көздеген мақсатыңа қарай сапарға шығу
деген сөз. Олай болса, ең әуелі сөздің бағыты айқын жоспарлануы
тиіс.
5. Аудиториядағы жағдай көбіне ресми болады. Әрі шешен өз
тыңдарманымен таныс бола бермейді. Сондықтан ол өзінің әр сөзіне
сақ болуға тырысады. Оның үстіне дауысын барлық тыңдарманға
естілуі үшін көтеріп айтуға мәжбүр болады.
Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдары.
1. Психологиялық дайындық. Сөйлер алдындағы психологиялық дайындық
сөйлеушінің тыңдарман жөнінде алдын-ала ххабардар болуына
байланысты жүргізіледі. Тыңдаушылардың жасы, жынысы, ұлты, білім
деңгейі, кәсібі секілді ерекшеліктерімен қоса олардың жалпы саны
мен кездесудің өтетін орны (аудитория ма, акт залы ма, шағын
кабинет пе), кейде тіпті онда трибуна ма, стол ма, сахна ма деген
мәселелерді де анықтау артық болмайды.
2. Нақты сөзге дайындық. Нақты сөзге дайындық, ең бірінші, сөйленетін
сөздің тақырыбын анықтаудан басталады. Тақырып өмірмен байланысты,
өзектілігі айқын, қызықты, нвақты, тыңдарман сұранымына сай,
олардың түсінігіне лайықты болуы керек. Тақырыптың аты өз мазмұнына
сәйкестеніп тұруы керек, екінші жағынан, ол елді елең еткізетіндей
жаңаша, тартымды болғаны жөн.
3. Күнделікті дайындық. Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің
біліміңе ештеңе қоспаған әр күнді немесе сағатты бақытсыз сана дейді ұлы
Ұстаз Я. Коменский. Шешеннің дарыны да күнделікті үздіксіз іздену үстінде
жүргенде ғана алмастай жарқырап ашыла түседі. Ғылыми-көпшілік
әдебиеттерден, баспасөз , ақпарат құралдарынан, көркем әдебиеттерден өзіне
қажетті сөздерді , фактілерді, үзінділерді жазып алуды әдетке айналдырған
адам қандай да қысылтаяң жағдайда жол тауып отыруға мол мүмкіндік алады.
Тапсырма: Шығармашылық жұмыстар.
1-тапсырма. Қандай сұрақтарға толық жауап бере алатындай дәрежеге
жеткенде көпшілік алдында сөйлеуге толық дайынмын деп есептер едің?
Сұрақтарды ретімен жазыңдар.
2-тапсырма. ЛШекция немесе көпшілік алдында сөйленетін сөздер қандай
себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін немесе тыңдаушыларды
еліктіріп, ойына қозғау салады деп ойлайсыңдар. Екі бағанға олардың
себептерін бөліп жазыңдар.

8-сабақ. Тақырыбы: Пікірталас мәдениеті
Жоспары:
1. Пікірталасының қажеттігі.
2. Пікірталасындағы ойын, көзқарасын сыпайы айқын жеткізе білу
шеберлігі.
3. Термин сөздерді орынды қолданудың қажеттігі.
4. Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері.
Бүгінгі уақыт талабы әр адамның өз көзқарасын, пікірін қорғай білуін, өз
ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді.Демократиялық қоғамның басты
белгілерінің бірі – сөз еркіндігінің өріс алуы.Бірақ бұл кім не айтқысы
келсе, соны айта берсін деген ұғымды білдірмейді.Керсінше,өзінің айтары
бар, жеке өй-пікірлері ұтымды, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан адамдарға,
топтарға өзін танытуға мүмкендік беру дегенді меңзейді.
Пікірталас – белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені, болмаса ғылыми
жұмысты талқылау барысындағы айтыс-тартыс, дау. Пікірталасына көзқарастар
күресі, жарыс, бәсекелестік тән. Бұл күресті кім білімді, сыпайы , ұстамды
болса, сол жеңеді. Ол үшін пікір таласына қатысатын адамға төмендегідей
мәселелерді нақты білу шарт.
1. Өзі қатысатын пікірталастың мәнін түсіну.
2. Пікірталастың түрін, оның өзіндік ерекшеліктерін нақты білу
(пікіралмасу ма, пікірсайыс па, т.б.)
3. Қажетті полемикалық тәсілдерді меңгеру.
4. Пікірталас тақырыбын анық білу.
5. Пікірталас мәдениеті талаптарын білу т.б.
Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар:
- айтыстың мақсаты (шындықты іздеудің көзі, құралы; қарсыластың көзін
жеткізу;)
- айтыстың әлуметтік мәні (жалпы адамзаттық мүдде; ұлттық мүдде ; топтық
мүдде; отбасылық мүдде; жеке бас мүддесі;)
- қатысушылардың саны: монологтық (бір адам), диологтық (екі адам),
полилогтық (бірнеш я көп адам)
- айтыстың өткізілу сипаты (ауызша, баспа сөздегі т.б.)
Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, негізінен, пікірталас мәдениеті
талаптарымен үндес келеді. Себебі көрсетілген талапқа сай біліктер айтыс
шартын дұрыс сақтаудың негізгі кепілі болып саналады. Енді солардың
бірнешеуін атап өтелік:
1.Сұрақтың дұрыс қойылуы
2.Логикалық заңдардың басшылыққа алынуы.
3. Ойды баяндау тәсілдерінің ұтымды қолданылуы
4. Ой тығырығына тіреу амалдарын жоспарлап жүргізу т.б.
5. Логикалық қателіктерден бойды аулақ салу.
Қарсыласқа тойтарыс берудің ұтымды тәсілдері ретінде оның ойын жоққа
шығару, оның тұжырымдарын сынау, өз сөзімен өзін ұру, сұрақпен төпелеу т.б.
аталады. Психологиялық қыспаққа алуда әзіл, сықақа, ащы мысқылдың атқаратын
қызметі өзгеше.
Жүргізілу тәртібі, өзіндік ережелері, қатысушылардың саны да әртүрлі
болатындықтан, әр деңгейдегі мәселелер төңірегінде өткізілетін
пікірталастарының да іштей бірнеше түрге бөлінуі заңды.
1. Пікіралмасу (discussion – латын тілінен аударғанда – зерттеу,
талқылау, қарау деген мағынаны білдіреді) – көпшілік қатынасатын
сөзталас түрі. Мақсат – әртүрлі көзқарастарды анықтау,
пікірталасында отырып дұрыс шешімін табу. Пікіралмасуда арнайы
баяндамашы белгіленбейді, қатысушылар тек тыңдарман болып
қалмайды, пікірталастыруға құқылы болады.
Пікіралысуға жалпы көпшілік қатысатын митингілер, арнайы комиссияның
мәжілістері, іскерлік сессиялар т.б. жатады.
2. Ойталқы (disput – лат. Сөзі – сөйлесу, ойласу, жарыссөз
мағынасында) – белгілі бір нәрсені арнайы жиылған топ алдында
талқылау түрі. Мақсаты – таласты мәселе төңірегінде әртүрлі
көзқарастарды талқылай отырып, сол мәселені шешу мүмкіндіктерін
қарастыру. Онда ортақ бір шешімге келу міндетті емес.
Ойталқыда ғылыми не қоғамдық тақырып төңірегінде пікірталастыру жүреді.
Бір мәселе жөнінде ой, идея алмасатын адамдар тобының арасындағы таласты
мәселе проблемалық сипатқа ие болды. Сондықтан онда қорғануға да, қарсы
пікір айтуға да ерік беріледі. Сөйлеушілердің оң немесе теріс пікір беруіне
шек қойылмайды. Онда жеке адам баяндама жасайды.
Ойталқының түрлеріне ғылыми диссертациялар қорғайтын кеңес мәжілістері,
белгілі бір шығарманы талқылау жиындары, дөңгелек үстөлдер.
3. Пікірсайыс – пікірталасының ең бір қызықты да күрделі түрі. Полемика
– грек тілінде соғысқұмар, дұшпандық деген мағынаны білдіреді. Пікірсайыс –
пікірлер, идеялар күресі, сөзбен сайысу өнері. Оған қатысушылар ымыраға
келмейді: не жеңеді, не жеңіледі. Сондықтан пікірсайысқа қатысушыда бір
ғана мақсат бар. Ол – қарсыласты ойсырата жеңу, өз пікірін дәлелдеп шығу.
Пікірсайыс, негізінен, жаңа көзқарастарды енгізу, жалпыадамзаттық
құндылықтарды қорғау, адам құқығын сақтау т.б. мәселелер төңірегінде
ұйымдастырылып, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ұйытқы болады.
Жеңудің мықты құралы – терең білім, биік ой, шешен тіл болып қала
бермек.
1. Пікірталасында ең жиі қолданылатын тәсілдердің түрлері.
1. Қарсыласқа қақпан құру тәсілі. Бұл тәсіл мейлінше мәдениетті, әдеп
нормаларына сай болғанда ғана тиімді. Ол үшін қарсыластың осал тұстарын
тани алу, майда, жұмсақ әзілмен өз дегенін мойындату шеберлігі қажет.
Қақпан құруда қарсыластың жеке басының кемшілігін бадырайтып айту,
жасын, білімін, қызметін көлденең тарту,сөзді қасақана бұра тарту,
қателігін бетке басу, балағаттау секілді әдепсіз әрекеттерден аулақ болуы
шарт.
2. Сынау – пікірталастың бәріне ортақ тәсіл . Сын шын болсын, шын сын
болсын деген қағиданы ұстана отырып айтылатын
сынның күші,эмоция әсері
өзгеше. Сын мықты болу үшін дәлелдемелердің молдығы әрі бұлтарпастай
нақтылығы үлкен рөл атқарады.
3. Қарсыластын ойын жоққа шығаруды – шабуылдан көрі қорғаныс тәсілі деп
атауға тура келеді. Сәтті ойластырылған жоққо шығару айтыс қызған кезде
айтылса, ол зулап ұшып келе жатқан оқты басқа жаққа бұрғанмен бірдей.
4. Сұрақпен төпелеу – шабуылда да, қорғаныста да қатар қолданылатын
негізгі тәсіл. Сұрақтың бірнеше түрі бар: жабық сұрақ (күмәнді сейілту
үшін), ашық сұрақ (нақты білу үшін) , дұрыс және қате сұрақтар, жай және
күрделі сұрақтар, бұрмалау сұрақтары, жаулық ниеттегі сұрақтар, тілеулес
сипаттағы сұрақтар, көкейкесті сұрақтар т.б..

Тапсырма: Шығармашылық жұмыстар.
1-тапсырма. Диалогтық түрде өтетін пікірталасқа шығуға кімді шақырар
едің? Неге? Ойыңды дәлелде.
2-тапсырма. Біздің қоғамдағы адам факторы, Жастар ұйымын құру:
көзқарастар, пікірлер, Сот ісі қандай дәрежеде, Жаңа замандағы қазақ
баспасөзі, Инфляция – нарықтық экономикаға тән құбылыс тақырыптар бірін
таңдап алып, топтық пікірталасын ұйымдастырыңдар. Соңынан пікірталасы
туралы өз пікірлеріңді жазбаша білдіріңдер.
3-тапсырма. Қазіргі қоғамдағы ең таласты тақырыптардың бірі –
мемлекеттік тілдің тағдыры. Бұл мәселе, әсіресе, 1990-жылдардың басында
ерекше сөз болды. Сол кездегі баспасөз материалдарынан тіл мәртебесіне
қатысты жазылған пікірлерді жинаңдар. Оларға талдау жасаңдар. Тілге араша
түскен тұлғалар жөнінде өз пікірлеріңді жазыңдар.

9-сабақ. Тақырыбы: Қызмет орны туралы ақпарат

Жоспары:
1. Менің жұмысым
2. Жұмысқа тұру
3. Қызмет, ұжым, қызметкер сипаты
4. Қызмет түрлері

1. Мәтінді оқыңыз. Сөйлемдерді кестедегі
сөздермен толықтырыңыз.
Менің жұмысым

Менің атым – Анар. Мен әл-
Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың экономика факультетін бітірдім.
Сонан соң ҚМЭБИ-ге түстім, оны үздік дипломмен аяқтадым.
Тиянақты, ... ... ... ... ... ... ... ... .бі лім алдым. Өзіме
ұнайтын, ... ... ... ... ... ... ... .жоғары ,
жұмысты ... ... ... ... ... ... ... ... ..істеуіме тура келді.
Ағылшын тілін ... ... ... ... ... ... ... ... білемін, түрік
тілінде ... ... ... ... ... ... .. сөйлеймін.
Бірақ ... ... ... ... ... ... ... .. .. жоқ. Ал қазір фирмалар
... ... ... ... ... ... ... тәжірбиелі мамандар іздейді.
Өкінішке орай, еңбек ... ... ... ... ... ... ... .. ие болу үшін
жалақысы төмендеу жұмысқа орналасуға тура келді. Қазір
Казкоммерцбанктің ... ... ... ... .. ... ...беру бөлімінде жұмыс
істеп жүрмін. Несие алушылармен сөйлесу,
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... .жаңа ... ... ... ... ... ... .
... ..маған ұнайды.

жан-жақты, жалақысы, ұзық іздеуге, еркін. Еңбек тәжірибем, бос қызмет орнына,
өкінішке орай, өтіліне, несие, беру ұжымға

2. Мәтінді қайта оқып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Анар
бірінші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...оқуға түсті.
2. Сонан
соң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .бі лім алды.
3. Оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... жұмысты
табу еді.
4. Бірақ оның ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..жоқ.
5. Қазір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..жұмыс
істемейді.
6. Анарға әріптестерінің ... ... ... ... ... ... ... ... ..ұ найды.

3. Мәтіннен мына мағынада жұмсалған сөздерді табыңыздар.
әр түрлі
білім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
қажетті
білім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
тілді жақсы
білу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
оқу орнын
бітіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
бір жұмыста істейтін
адамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
жұмысқа
тұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Тыңдалым. 4. Сұхбатты тыңдаңыз. Мұрат туралы ақпаратты толтырыңыз.
Оның
аты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
Ол
менеджер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .ж
ұмыс істейді.
Оның
әйелінің ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..Жібек.
Ол балабақшада
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
Мұраттың ұлты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . .
Қызының
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... Әнел.
Еңбек
өтілі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
Жалақысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
Ұжымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

5. Сұрақтарды қалпына келтіріңіз. Өзара сұхбаттасыңыздар.
Сіз қандай (жоғары орнын бітіру)?
Қайда (жұмыс істеу)?
Осы жұмысқа қашан (орналасу)?
Қандай бөлімде (жұмыс істеу)?
Сіздің жұмысыңыз (ұнау)?
Жалақы (жоғары)?
Сіз қандай тілде (жетік сөйлеу)?
Грамматика
Істеуге Мәжбүр болған әрекетті біз етістік + уға туру келді
моделімен береміз.
Келер шақ Өткен шақ Осы шақ
1. Маған (саған, сізге, оған) жаз+уға тура келеді тура келді
тура келіп тұр

2. Менің жазу+ ым+ а
Сенің жазу+ыңа
тура келді
Сіздің жазу+ыңызға
Оның жазу+ына

Болымсыз түрі: жазбауына тура келді
Сұраулы сөйлем: жазуына тура келді ме?

6. Жоғарыдағы модель түрін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Өзара
сұрақ қойып сұхбаттасыңыз.

өткен аптада осы аптада Үнемі
дүкен аралау бару ерте тұру
несие алу Ойлану жұмыс істеу
Іздеу шешім қабылдау үйрену
Іздеу

Үлгі: Менің өткен аптада дүкен аралауыма тура келді.

7. Бір мамандықты жұмбақтап айтыңыз.
Үлгі: Бұл мамандықтың жалақысы аз. Ол адамдармен жұмыс
істейді. Оның жұмысқа үйде дайындалуына тура келеді.

8. Айнұр туралы мақаланы оқыңыз. Кестеде берілген етістіктермен
толықтырыңыз.

дүниеге келді бару сақтандыру
Үйренді көңіл бөлуге жинады
тұрмыс құрған үйренуге түсті

Айнұр Алматы обылысында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Ол ауыл мектебінде
... ... ... ... ... ... ... ... . . Сонан соң қазақ-түрік лицейіне
түсті. Ағылшын және түрік тілдерін
... ... ... ... ... ... ... ... .. . Тілді үйрету үнемі көңіл
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. тура кеді. Сонан соң
Халықаралық бизнес академиясына оқуға ... ... ... ... ... .
Бақытына қарай, Кореяда, Францияда, Италияда тәжірибе
... ... ... ... ... ... .
Ол ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . Күйеуі Ұлттық
банктің бөлім бастығы болып жұмыс істейді.

Сөйлесім. 9. Өз мамандығыңыз туралы әңгіме құрыңыз. Сызбаны
пайдаланыңыз.
Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...жылы ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...бітірдім.
Сонан соң
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
Бірақ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
Сондықтан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .тура келеді.
Сонымен
қатар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . .
Бақытыма
қарай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
Өкінішке орай
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Қазір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ұжымымыз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Еңбек өтілім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .

Тыңдалым 10. Сөздерді тыңдап, бірігші дауысты дыбысына қарай кетеге
орналастырыңыз.

Ұ Ү О Ө І Ы
үздік өте Қызмет

11. Сөздерді тыңдап, қайталаңыз.
12. Мына атауларды оқыңыз. Оларды толық түрде атаңыз.
Үbhhjлгі: КТК – коммерцилық телекомпания.
ЖШС, ҚазҰМУ, ТМД, обылыс атаулары: ШҚО, ОҚО, БҚО.

Сөйлесу әдебі
Танысу
1) Өзіңізді таныстырыңыз ...
Рұқсат етсеңіз
Менің аты-жөнім ... Өте жақсы. Танысқаныма өте
қуаныштымын.
Танысып қойыңыз. Бұл менің әріптесім. Кездескенімізге
қуаныштымын.
2) Сіз қайда жұмыс істейсіз? – Мен фирмада жұмыс
істеймін. Қайдан боласыз?
- Алматыдан.
- Кім болып жұмыс істейсіз?
- Инженер болып жұмыс істеймін.
- Бір көрген біліс, екі көрген таныс. Танысқанма
қуаныштымыын.

Тыңдалым. 13. Сұхбатты тыңдаңыз.
Сәуле – фирма хатшысы. Ол өз әріптестері Татьяна мен Әлішерді Әли
мырзамен таныстырып жатыр.
Сәуле Әли мырза Татьяна Әлішер
С Ә Т А
Фирма хатшысы
Қазақ
Қазақстан

14. Сұхбатта С,Ә,Т,Ә танысудың қандай түрлерін пайдаланды.
Толықтырыңыздар.
С. – Татьяна, ... ... ... ... ... ... ... ... . Бұл біздің
әріптесіміз Әли мырза.
Т. ... ... ... ... . Менің атым Татьяна. Әли мырза, сіз қайдан
боласыз?
Ә. Мен Египетте тұрамын Сіз осында жұмыс істейсіз
бе? ... ... ... ...
ұлтыңыз кім?
Т. Ие, тарату бөлімінің бастығымын. Ұлтым – орыс. Бұл біздің
әріптесіміз.
- Алишер. Менеджер болып жұмыс істейді.
Ә. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . Алишер, сіздің
ұлтыңыз кім?
А. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . Ұлтым – ұйғыр.

15. Сұхбатты қалпына келтіріңіз.

- Қайдан жұмысқа орналастың?
- Халық банкіне.
- Онда кім болып жұмыс істейсіз?
- Бөлім бастығы.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ?
Иә, бізде ... ... ... ... ... ... ...бөлімінд е менеджер қызметінің
орны бос.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . - 500$

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...?
Сәлеметсіз бе, өзіңізді таныстырыңыз?
Атым –Жайна

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...?
- Бөлім бастығы жұмыста жоқ.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...?
Бүгін болмайды.

16. Өзіңіздің серіктесіңіз туралы әңгімелеңіз.
Оның аты –Аслан. Ұлты – қазақ. Ол –экономист.

Еске түсіріңіз.

Ауыспалы осы шақ Өткен шақ
Жиі қайталанатын не үнемі орын Болған, өткен әрекетті білдіру
алатын әрекетті білдіру үшін біз үшін біз өткен шақты қолданамыз.
ауыспалы осы шақты қолданамыз. Мен Алматыда тұрдым.
Мен Алматыда тұрамын. Сен фирмада жұмыс істедің
Сен фирмада жұмыс істейсің. Сіз ағылшын тілін үйрендіңіз
Сіз ағылшын тілін үйренесіз. Ол үнемі кітап оқыды.
Ол үнемі кітап оқиды.

2. Қызмет түрлері
Сөздік. 2. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Сөздер кестеде берілген.

оқу ән айту Бизнеспен айналысу
билеу Жүзу Түсіру
Шығару Ас пісіру Спортпен айналысу
сату өндіру Үй салу

Үлгі: Ол ән айтып тұр.
1. Ол үй салып жатыр.
2. Олар университетте ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Ол суда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Ол сұхбат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Ол әсем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Ол дәмді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Ол бизнеспен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8. Ол спортзалда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9. Ол сүт өнімдерін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10. Ол мұнай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Сіз қазір немен айналысасыз? Сіздің қазақ тілі
мұғаліміңіз не істейді?
4. Өз жұмысыңыз немесе оқуыңыз туралы айтыңыз. Өткен айда
не істедіңіз?

Грамматика
Нақ осы шақтың жасалу жолдары
Етістік +ып-іп -п жүр
+а -е -й жатыр, отыр
болымсыз түрі: етістік + ма -ба па + й жүр, жатыр, отыр, тұр
Бұл формаларды
а) қазір болып жатқан әрекетті;
ә) созылмалы, жалғасып жатқан әрекетті білдіру үшін қолданамыз.
Мен үй салып жатырмын.
Мен екі ай бойы үй салып жатырмын.

Сөздік 5. Ә тобындағы етістіктерді А тобындағы сөздермен
нақ осы шақта тіркестіріңіз.

А Ә
фирманы Құруашужабу
жоба Енгізу жаңарту
бизнес ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық бұйымдар
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
Халықтың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларының БАҚ - тағы көрінісі
Халықтың тұрмыстық деңгейінің статистикасы
Қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі жеке тұлға
Қазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанр
Тұрмыстық ақаба суларды тазарту
Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ)
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселелері
Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь