Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАР . . . 10

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2. 1 Мәдени қарым - қатынастардың халықаралық қатынастардағы алатын орны . . . 19

2. 2 Мәдениет саласындағы қарым - қатынастың дамуы мен нығаюы . . . 25

III. ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның аясында атқарылған шаралар . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.

Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдістерінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпалдар жасауда. Сондықтан да мәдени саладағы ынтымақтастық халықаралық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылары сөзсіз. Және де халықаралық мәдени байланыстар, мәдени алмасулар әлем халықтарының мәдениетін және әртүрлі деңгейдегі өркениеттерін байланыстырушы көпір іспеттес. Әлем халықтарының араласу деңгейінің өсуіне байланысты бүгінгі күні мәдени саладағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы арта түсті. Бұл дегеніміз мәдениет туралы, тұрмыс қалпы, әрбір елдің азаматтарының рухани әлемі жөніндегі түсініктің кеңеюіне әкелсе, мұның өзі халықтар арасындағы өзара түсінушілікке әкеледі. Бірін-бірі тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғүрпы жағынан жақсы танып білген халықтар арасында бір-біріне деген ешқандай күмәннің болуы мүмкін емес. Ал бұл халықтар, мемлекеттер арасында сөзсіз достық, ынтымақтастық қарым-қатынастардың орнауына әкеледі. Елдер немесе мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстардың сипатынан, жағдайынан, деңгейінен сол мемлекетаралық карым-қатынастардың қандай жағдайда, ахуалда екенін көруімізге болады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері он алты жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқықты қарым - қатынас орнатумен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиленістерді бәсеңдету, қазіргі Орталық Азия елдері арасындағы, әсіресе Ауғанстан мәселесіне байланысты қалыптасқан жағдаятын оңдастыру, шетелдермен экономикалық және мәдени байланыстарды көбейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.

Қытай Халық Республикасы шет елдер ішінде Қазақстан Республикасымен көршілес мемлекет. 1991 жылдары желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойында, дипломатиялық қарым - қатынас орнату ниетін білдірген мемлекет.

Егемен Қазақстанның сыртқы стратегиялық бағыты, Қытаймен қандай қатынас орнату жөніндегі көзқарас Қытай үшін өте маңызды. Қытай мен Қазақстан қатынасы екі жақ үшін ғана маңызды болып қоймай, осы аймақтағы тіпті бүкіл әлем қауымдастығына да тигізетін әсері өте зор болып отыр.

Қытай - Қазақстан екі ел халқының ұзақ тарихи достық қатынасы бар. Қытай-Қазақстан мемлекетінің өзара экономикалық, мәдени, информациялық ынтымақтастығын орнатудың екі жаққа да қомақты пайдасы бар.

Екі ел арасындағы казірдің өзінде бірлескен саяси құжаттарға өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым - қатынастардың тұрақты дамуы үшін екі жақты қарым - қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсініктің бірқатарына қол жеткіздік.

Он алты жылдан астам уақыт ішінде осындай сипат алған қазақ - қытай мәдени байланыстарының нәтижелері мен бағыттары, келешегі мен оған кедергі боларлық проблемалар әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда байыпты зерттеуден, сараптаудан өткен жоқ. Отандық тарих ғылымының бүгінгі өзекті міндеттерінің қатарына шетелдермен мәдени байланыстардың барысын зерттеу кезек күттірмейтін мәселелер қатарынан саналады. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы бұл проблеманың құрамдас бір бөлігі болып табылатыны даусыз. Сондықтан бұл мәселелерді талдау, зерттеу жұмысының өзектілігін арттырады.

Зерттеудің тарихнамасы.

Қазақстан мен Қытай қатынастары саласы бойынша жазылған еңбектерде көрші елдердің екі жақты қатынастарда орын алған көптеген тарихи, саяси, мәдени байланыстар жан-жақты және обьективті түрде сипатталған. Сондықтан осы еңбектердегі пайдаланылған деректеріне және тұжырымдарына сүйену қазіргі кезеңдегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерін сипаттауға үлкен көмек көрсетті. ҚХР-ның сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған еңбектер бүгінгі қытайлық, қазақстандық және ТМД елдеріндегі зерттеушілер мен дипломатиялық мамандар тарапынан жазылған еңбектер болып табыблады. Кеңестік тарихнамада Қытайдың жүргізген сыртқы саясаты, оның халықаралық жағдайы, халықаралық қатынастарда ұсынатын негізгі ұстанымдары көптеген зерттеушілердің назарын аудартты. Кеңес дәуірінде Қытайдың Қазақстан мен қарым - қатынасы ұзақ жылдар бойы Орталық Азия мемелекеттерінің құрамында қарастырылып келді. Қытайдың көрші мемлекеттермен орнатқан байланыстары, Цинь империясының саяси доктринасы, Қытай мен Ресейдің Орталық Азия аймағына қатысты саясаттардың кейбір мәселелері Б. Н. Гуревичтің, В. С: Кузнецовтың, В. А. Моисеевтың еңбектерінде қарастырылған.

Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу тарихы, оны сақтап қалу барысында жүргізілген әрекеттері және Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясаты туралы мол мағлұмат пен тың талдауларды ғалым тарихшыларымыз Е. Б. Бекмахановтың, М. К. Абусеитовтың, Т. Сұлтановтың ғылыми зерттеулерінен аламыз.

Қытай - Қазақстан қатынастар мәселесін тереңнен зерттеу Қазақстан Республикасында ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қытайдың елімізге ұсынатын сыртқы саяси принциптері, стратегиялық басылымдылықтары және олардың Қытай - Қазақстан қарым - қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да маңызды мағлұматтарды жекеленген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінен кездестіруге болады. Олардың арасында Қ. С. Сұлтановтың, Н. Мұхаметханұлының, К. Ш. Хафизованың, М. Т. Лаумулиннің, М. А. Омарова, Ж. Қ. Қаражанова және т. б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының тарихи жолының бір-біріне ұқсастығы және оның тамырының тереңдігі, кейбір тарихи кезеңдердегі халықтарының өз бостандығы үшін күрес үндестігі, сауда - саттық, тағы басқа әртүрлі бағыттардағы қарым - қатынастары туралы құнды мәліметтер саясаттану ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, дипломат ҚР-ның ҚХР - дағы елші қызметін атқарған Қ. С. Сұлтановтың Еңбектерінде жинақталған. Автор өзінің құнды еңбектерінде және зерттеу мақалаларында Қытай мен Қазақстан Республикасының экономикалық даму жолдарын, сонымен қатар Қытайдың «сыртқа қарай есікті ашық ұстау» саясаты мен реформалар жүргізу нәтижесіндегі қол жеткізген жетістіктерін сипаттай отырып, екі көрші мемлекеттің экономикалық реформалардың ерекшеліктеріне, олардың ортақ тұстарына салыстырмалы түрде талдау жасалған.

Абылай ханның ұлттық мемлекеттік территорияны қалпына келтіру әрекеті, ҚХР-ның сыртқы саясат ұстанымдарының эволюциясының мәні мен «Батыс бөлікті игеру» стратегиясының негізгі тұстары, сонымен қатар Қытайда қазақ қауымының қалыптасуының тарихи динамикасы, олардың әлеуметтік шаруашылығы мен рухани мәдениеті белгілі қазақстандық тарихшы - ғалым Н. Мұхаметханұлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы» монографиясында және бірқатар ғылыми мақалаларында қарастырылып, тақырыпты ашуға өзіндік үлесін қосты.

Орталық Азиядағы Қытайдың дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының қазақ хандықтарымен қарым - қатынасын, оның сыртқы саясатындағы әдет-ғұрыптарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан қазақстандық қытайтанушы ғалым К. Ш. Хафизованың еңбектерінің аса маңызды екендігі бізге мәлім. К. Ш. Хафизованың, қытайлық және ресейлік мұрағат деректеріне сүйенген, еңбектері мен көптеген мақалалары саяси, әскеи, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық жолындағы Қытай - Қазақстан қарым - қатынастарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанан кейінгі жылдары біздің зерттеп отырған тақырыбымызға тікелей болмаса да жанама қатысы бар диссертациялар қорғалған. Қазақстан - Қытай қарым - қатынастар мәселесін ең алғашқылардың бірі болып қазақстандық ғалымдар Н. Мұхаметқанұлы және Қ. Сұлтанов өздерінің диссертациялық зерттеулерінде қарастырған. ТМД елдері және Қазақстан Республикасы бойынша таяуда қорғалған диссертациялық жұмыстардың арасында ресейлік Е. В. Савковичтің «Китай во внешней политике РК», белорусиялық В. Р. Боровойдың «Политика КНР в Центальной Азии» және қазақстандық М. А. Омарованың «Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясаты». А. А. Ақатаевтың «Казахстанско-китайские отношения в 90-е гг. XX. - начало XXI в. » және т. б. ғалымдардың зерттеулерін атауға болады.

Жүргізілген зерттеулердің басым көпшілігі негізінен орыс тілінде жарық көрген, ал мемлекеттік тілде орындалған жұмыстар өте сирек кездеседі. Сонымен қатар зерттеу тақырыбының шеңберінде жарияланған еңбектердің басым көпшілігі 1992- 2005 ж. аралығында Қытай мен Қазақстан қарым - қатынастарының белгілі бір жеке мәселелерін зерттеумен ғана шектелген. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы мен ҚХР - сы арасындағы мәдени қарым -қатынастары /1991-2007жж. /» деген тақырыпқа арнайы тарихи тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындайды.

Зерттеудің дерек көздері.

Зерттеу тақырыбына қатысты деректер қытай, қазақ, орыс тілдерінде жарияланған құжаттық деректерден тұрады.

деректердің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олардың арасында Қытай мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым - қатынастарға қатысты құжаттар мен материалдар жиынтығы, мемлекетаралық үкмет басшыларының қол қойған ресми келсімдері, меморандумдар, декларациялар мен баспасөз мәліметтерін қамтиды. Мұндай құжаттар екі ел арасындағы жан-жақты талдау жасауға деректілік құндылығы жоғары материалдар болып табылады. Олардың қатарында «ҚХР мен ҚР арасындағы Достық өзара қатынас негіздері туралы Бірлескен Декларацияны» «2003-2008 жж. аралығындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы туралы Бағдарламаны», «ҚХР мен ҚР арасындағы XXI ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларацияны» сияқты ресми құжаттарды ерекше атауға болады.

Деректің екінші тобы мемлекет басшыларының, сыртқы істер және қорғаныс министірлерінің, елшілерінің, лауазымды тұлғалардың жасаған баяндамалары, ресми сапар барысында сөйлеген сөздері, тілшілерге берген сұхбаттары құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың және ҚР Сыртқы істер министірі Қ. К. Тоқаевтың еңбектері пайдаланылды. Республикамыздың жоғары басшылығының бұл еңбегіндегі жасалған аса құнды тұжырымдар дәл бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының қарым - қатынасының анықталу барысын тереңнен зерттелуге зор мүмкіндік береді.

Деректердің үшінші тобына мұрағат материалдары жатады. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым - қатынас бірнеше ғасырларға созылған тарихи құжаттар мен материалдардан құрылған. Бұл құжаттарға Қазақ КСР Ғылым Академиясы жанындағы Ш. Ш. Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институты және Ұйғыртану институты бірлесіп құрастырған 2 бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдаржинағы жатады. Құжаттар жинағы XYIII - XIX ғасырлардағы қытай-қазақ қарым-қатынастарын қамтиды. Бұл құжаттар жинағы қазіргі кездегі Орталық мұрағат материалдарының негізінде құралғандықтан, біз бұл құжаттар жиынтығын деректердің осы тобына жатқызуды жөн көрдік.

Деректік негіздің төртінші тобына қазақ, орыс, және қытай тіліндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі ақпарат материалдарын жатқызамыз. Олар қазақстандық «Егемен Қазақстан», «Дипломатия жаршысы», «Қоғам және дәуір», «Казахстан - Спектор», «Саясат», «Толстый», « Центральная Азия» «Известия» сияқты газет журналдарды, сонымен қатар қытайлық «Көрші», « Xinjian rabao» т. б журналдарында жинақталған

Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында деректердің бесінші тобын құрайтын әлемдік электронды интнрнет жүйесіндегі қытайлық «xinhua», «Zaobao», «China. org. cn», «CRI Online» ресми сайттар бойынша жан-жақты қарастырылып, талдауға мүмкіндік туғызды.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым - қатынастарын, оның ішінде ежелгі тарихи бауырластығы аясында бүгінгі білім, ғылым, мәдениет пен өнер, рухани саладағы ынтымақтастығын зерттеп, оның барысы мен келешегін, проблемаларын айқындау.

- Қазақ - қытай тарихи - мәдени байланыстарын жаңа тарихи көзқарас тұрғыдан пайымдау;

- Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жарияланғаннан бері кезеңнен қазіргі уақытқа дейін қазақ - қытай қарым - қатынастарының орнауы мен даму барысын зерттеу;

- Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстардың әр салада, яғни мәдениет, өнер, білім, ғылым, ақпарат алмасу салаларындағы қазіргі ахуалын зерттеп, оның нәтижелерін саралау;

- Екі ел арасындағы туысқандық мәдени қатынастардың әлі де болса шешімі табылуы тиіс проблемаларды айқындау;

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі.

Зерттеу жұмысының методологиясы тарихтану ғылымынан халықаралық қатынастар және саясаттану сияқты ғылымдардың қазіргі заманғы теориялық методологиясы принциптеріне негізделген. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында тарихи деректік материалдар мен құжаттарды ғылыми тұрғыдан жинақтау, сараптау, салыстырмалы тарихи талдау және қорыту әдістерін қолдандық. Зерттеу жұмысында бұл әдістердің, әсіресе салыстырмалы - тарихи әдістің қолданылуы тарихи құбылыстардың деңгейін және даму бет алысын айқындауға, зерттеу нысанының ең негізгі аспектілерін қарастыруға, оларды бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік береді. Нақтылап айтқанда, зерттеу жұмысы Қытайда, Қазақстанда және басқа елднрде жарық көрген, тақырыпқа қатысты деректерге негізделіп жүргізілген. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында белгілі тарихшылардың, саяси шолушылардың және қытайтанушылардың ғылыми еңбектері мен публистикалық мақалаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы мен ҚХР-сы арасындағы мәдени-қарым қатынастарына ғылыми түрде талдау жасауға тырыстық.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері .

Зертеу жұмысында қарастырылған мәселелердің мерзімдік шегі Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Қытай Халық Республикасымен шынайы мәдени байланыстарының орнаған кезеңі 1991 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі.

Мәселенің отандық тарихнамада алғаш рет қарастырылуы. Магистірлік диссертация бойынша олар мына мәселелерді зерттеу:

  • 1991-2007 жылдар арасындағы қазақ - қытай мәдени қатынастары әр сала бойынша қарастырып, алғаш рет зерделенеді;
  • Соңғы он алты жылдан астам уақыт ішінде қазақ - қытай мәдени байланыстары оның басты арналары бойынша екі жақты дерек көздері негізінде сараптау;

Зерттеудің практикалық маңызы.

Магистірлік диссертацияда қарастырылатын мәселелер Қазақстан мен Қытай арасындағы жан - жақты қатынастарды өрістетуге, олардың барысы мен нәтижелерін пайымдап зерттеу қажет. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерін оқу орындарында арнайы келешекте дәріс, СОӨЖ, СӨЖ сабақ бергенде, халықаралық қатынастарға байланысты зерттеу еңбектерінде мәдениет пен ғылым, білім мекемелерінде пайдалануға болады.

Зерттеудің құрылымы.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың көлемі - 45 бет.

Екі мемлекет арасындағы қарым-катынастар өздерінің бастауын сонау XYIII ғасырдан бүгінгі күнге дейін жалғастырылып отыр. Екі халықтың тарихы оның ішінде мәдениеті өзара тығыз байланыста дамуда.

Екі ел де өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін бұл байланыстар ауызбіршілік пен нағыз достыққа негізделген дәстүрлі байланыстарға айналды, өйткені екі елдің мәдени қазыналарынын мақсаттары мен мүдделері бір.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің қазақстан халқына жолдаған жолдауында мемлекеттің сыртқы саясатының басымды бағыттарын анықтай отырып, Қытай Халық Республикасы мен қатынасты алғашқы орынға қойғаны белгілі /1/.

Қазақстанның гоосаяси жағдайы, оның екі ірі әлемдік державаға Ресей мен Қазақстан арасындағы орналасуы, Қытай Халық Республикасымен шекараның ұзақтығы, тарихи мәдени-этникалық ортақ мүдделер, қауіпсіздікті сақтауға деген өзара ықылыас міне осылар, мұның бәрі Қытай Халық Республикасы мен достық қатынастарды жедел дамытудың обьективті алғышарттарына айналды /2/.

Сол себепті де, мәдени қарым-қатынастар мәселесін зерттеу, бүгінгі тақда тек ғылыми жағынан ғана емес, сондай-ақ өркениетті дамуға үмтылған жас тәуелсіз мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін саяси-экономикалық, мәдени тұрғыдан да өте маңызды.

Жаһандану жағдайында адамзатты қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, мәдени - ақпараттық орталар өзгеріске түседі. Бір жағынан мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділіктің артуына, олардың ұлттық мүдделерінің тәжірибе жүзінде барлық өлшемдерінің жүзеге асуына, ал екінші жағынан өзінің көпқырлы сипатына, әлемдік қауымдастықтағы теңсіздіктің дамуына бастайды. Ұлттық мәдениет мәселелері, мәні мен құндылығының өзара тығыз байланысы жаһанданудың сипаты мен мазмұнындағы мәселелерге байланысты.

Халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан мемлекеті де өзгермелі дүниеде өз орнын таба білуі үшін, шет мемлекеттердің саяси-экономикалық және мәдени даму тарихының келеңсіз жақтарын қайталамау мақсатында, өзінің өткен тарихымен қатар, басқа, шетелдік мемлекеттер арасындағы өзара қарым-катынастар тарихын жете талдап, сараптау барысында дамуы ғана нәтижелі болатындығы ешқандай талас туғызбас.

Бұл мәселелер біздің екі мемлекеттің болашақтан күткеніне, ортақ тарихымызды бағалауымызға, қазіргі кездегі және болашақтағы қарым-қатынастарымыздың жағдайына байланысты.

Халықаралық деңгейде жасалып жатқан іс-шаралар Қазақстан мен Қытай халқының арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың кең көлемде дами түсуіне түрткі болғандай. Өмірдің мәнін түсініп, еркіндіктің, қауіпсіздіктің, бейбіт ынтымақтастыктың және екі ел арасындағы, екі елдің азаматтары арасындағы достық байланысты күшейту үшін Қазақстан мен Қытай ел басшылары мемлекетаралық қатынастағы бір-біріне деген сенімділікке жағдай жасауда барлық шараларды қолдауға тырысты. Сондықтан да жаңа қатынасты орнату барысында екі ел арасындағы мәдениет, білім беру, ақпарат алмасу және ғылым мен техниканы зерттеу салаларының маңыздылығы аса зор болды. Сол себепті де екі ел арасындағы гуманитарлык ынтымақтастықтың даму үрдісіне арналған осы зерттеу жұмысы негізінен аталмыш салаға сараптама жасап, талдауды қарастырады.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы бір-бірінің сан-қырлы мәдениетімен танысуы, осы саладағы екіжақты қатынастардың нығая түсуі, еуразиялык қауымдастық келешегінің беки түсуіне жағдай жасайтындығы күмән тудырмайды. Осыған орай, екі ел арасындағы мәдени өмірдегі оқиғалар өзіндік елеулі мәнге ие.

Екі елдің арасындағы өзара қарым-қатынастар тақырыбына қазақстандық ғалымдар мен дипломаттар бірқатар еңбектер арнаған. Соған қарамастан мәдени ынтымақтастық мәселесі осы уақытқа дейін арнайы зерттеу пәні ретінде қарастырылмады. Сондықтан Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мәдени байланыстарының даму барысы мен болашақтағы даму бағыттарын анықтау.

I. ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Қазақстан - Ресей мен Қытайдай әлемдік державалар арасында шаңырақ көтерген ел. Тәуелсіздікті сақтау үшін Қазақстан осы екі елмен ерекше саясат жүргізуі керек. Тарих Абылай ханнан кейін араға үш жүз жыл салып қазаққа қайтадан тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін берді.

Қазақстан мен Қытай қатынастарын зерттеудегі қалыптасқан тарихнаманы шартты түрде кеңестік және посткеңестік деп екіге бөлуге болады. Қырғи-қабақ соғысы кезінде қалыптасқан тарихнамаға шолу жасай келе, белгілі геосаясатшы М. Лаумулин былай деп атап көрсетті: «Шығыс Түркістандағы Қытай саясаты» туралы алғашқы ірі ғылыми еңбекті жазған Р. Проис пен Г. Лиас. Олардың еңбектерінде Шығыс Түркістандағы ұлт - азаттық қозғалысты талқандаушы және қазақ ауылдарының Үндістан мен Пәкістанға көшу баяндалған. Сол сияқты Дж. Дрейлер және С. Э. Уимбуш еңбектерінде Шыңжаңдағы мұсылмандардың ассимиляциясы және бейімделуі үрдістері сарапталған. Бұл авторлар Қытай үкметінің мәдени саясатына және өз ұлттарға репрессиясы, Шыңжаң, кеңнс - қытай қатынастарына да назар аударды /3/.

Автордың пікірінше XX ғасырдың 70 - 80 ж. ж. жарық көрген еңбектерінде негізінен КСРО - Қытай қатынастарындағы Шыңжаң факторы басым болған.

И. Сваберг және И. Бенсон еңбектерінде 1930-1950 жылдардағы Шығыс Түркістандағы, 1944-1949 жылдардағы Іле аймағындағы Осман батыр бастаған қазақтардың көтерілісі және оның жасақтарының Оңтүстік Азия мен Туркияға шегінуі баяндалған. Жалпы Батыс зерттеушілердің бұл негізгі концепциясы, Қытай коммунистерінің Шыңжаңдағы жүргізген модернизациясы, үрдістері КСРО-ның Орта Азиядағы саясатына қарағанда тиімсіз болғпн жоқ.

Шыңжаңда дәстүрлі исламды насихаттау, хандық Қытайдың ассимиляция үрдісіне қарсы күрес тамырын терең жайып, дәстүрлі қоғам өз сипатын сақтап қалды. Ал КСРО саясатының нәтижесінде Орта Азиядағы орыстандыру (кеңестендіру) үрдісінің қаншалықты болғаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Елдердің сыртқы саясаты
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Азия баспасөзінде көбінесе
Қазақстан – Ресей қатынастары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz