Кәсіпкерлік қызмет –экономикалық категория



Кіріспе ...
I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік
қызметтің ғылыми негіздері
1.1. Кәсіпкерлік қызмет .экономикалық категория ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызмет, оның ерекшеліктері.
1.3. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік тәжірибе
1.4. Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілігі: жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшу жолдарындағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың ұйымдастыру.экономикалық, құқықтық мәселелері (қабылданған заңдар, заңдылықтар, нормативтік құжаттар) ... ... ... ... ...

II Тарау. Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытуда атқарылып жатқан негізгі іс.шаралар

2.1. Кәсіпкерліктің бүгінгі хал.ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Халықаралық стандарттарға негізделген кәсіпкерлік нысандарының жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды .

Қолданған әдебиеттер
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі мен іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді,іскер болар екен ? һздерініңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвиникпе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы-қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық және басқа да болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.
ХҮІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы. ХҮІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
1. Қазақстан Республикасының Заңы “Жеке кәсіпкерлік туралы”
2. Қазақстан Республикасының Заңы “Акционерлік қоғамдар туралы”
3. Қазақстан Республикасының Заңы “Коммерциялық ұйымдар туралы”
4. Қазақстан Республикасының Заңы “Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы”
5. Қазақстан Республикасының Заңы “Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы”
6. Қазақстан Республикасының Заңы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”
7. Қазақстан Республикасының Заңы “Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары туралы”
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы 18 ақпан 2005 жыл.
9. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Оқу құралы Алматы. Бастау.2002ж
10. Жолдасбекова “Кәсіпорын экономикасы” Оқу құралы Алматы. 2002ж

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік
қызметтің ғылыми негіздері

1. Кәсіпкерлік қызмет –экономикалық
категория ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызмет, оның ерекшеліктері.
3. Кәсіпкерлік қызметтің факторлары, түрлері және шетелдік тәжірибе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілігі: жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшу жолдарындағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың
ұйымдастыру-экономикалық, құқықтық мәселелері (қабылданған заңдар,
заңдылықтар, нормативтік құжаттар) ... ... ... ... ...

II Тарау. Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытуда
атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар

2.1. Кәсіпкерліктің бүгінгі хал-
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Халықаралық стандарттарға негізделген кәсіпкерлік нысандарының
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... ... ... ..

Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

I Тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік қызметтің ғылыми
негіздері

1. Кәсіпкерлік қызмет –экономикалық категория

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі мен іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы
типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша
адамдардың қандай типтері белсенді,іскер болар екен ? һздерініңіз
ойлаңызшы: холерик пе, сангвиникпе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан
есебінен алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шамадан
тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы
мүмкін. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа
жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы
әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік
(қайғы-қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың
белсенділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери,
тарихи, айуандық және басқа да болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да
мүліктерді пайдалалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге
асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.
Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке
қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер
табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар
өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты. өндірісте, айырбаста
шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін
(іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік
еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл
тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХҮІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы. ХҮІІ ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның
көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам
тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан
кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субьектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды
тұлғалар, біріккен серіктестіктер (партнерлер): арендалық ұжым, ашық және
жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі
бірлестіктер (корпорациялар).
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
• дербестік және тәуелсіздік;
• экономикалық ынталылық;
• шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
• жаңашылдық.
Кәсіпкерлік субьектісі:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары
(қызметтері заң талабына сай болса).
2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар.
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
1. Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі
негізінде.
2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері
өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.
Бұл келісімде:
• мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
• әр түрлі қызметті іске асыру;
• материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас
шарттары мен тәртіптері;
• келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне
араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және
заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).
Кәсіпкердің құқықтары:
• келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;
• интеллектуалды меншік обьектілерінің, азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
• өндірістік бағдарламалар жасау;
• өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
• Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға
белгілеуді реттеу;
• сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
• кәсіпорынды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға
қою;
• кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды
жұмыстан босату.
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз
міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада
түсінуіміз қажет.
Мәселен, бұлар:
• ғимарат және құрал-жабдықтар;
• үй-жай, мүлік;
• өндіріс және тұтыну тауарлары;
• ақпарат;
• интеллектуалды нәтиже пікір, жаңалық ашу, патент;
• ақша, валюта, құнды қағаздар;
• басқа да тауарлар, атқарылған жұмыстар мен қызмет көрсетулер
болуы мүмкін.
Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын
мәнінде экономиканың барлық мәселелерін қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз не ? бұл – тауар өндіруде
қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық
ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары; әр түрлі
жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіруге қолданылатын машиналар; әр түрлі көлік, байланыс құралдары;
материалдық байлықты өндіруге қатынасатыналуан түрлі еңбектер; жер және
қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық.
1. Жер. Жер деген түсінікке баолық табиғи ресурстар жатады -
өндірісте қолданылатын барлық табиғаттың жай ғана байлығы.
Оған мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылымдар, орман
алқаптары, минералды және пайдалы кен байлықтары, су ресурстары
және басқа да.
2. Капитал немесе инвестициялық ресурстар – барлық өндірілген
өндірісі құралдары, яғни аспаптар, машиналар, жабдықтар, фабрика-
зауыттар, қойма, көлік құралдарының барлық түрлері және тауар
өткізу торабы. Құрал-жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін
инвестициялау дейді. Тауарлар екіге бөлінеді. Инвестициялық
тауарлар (капитал), олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз
етеді; 2 тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей
қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді.
Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды.
Ақша – бұл қаржы капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған
капитал.
3. Еңбек – бұл кең мағынада термин. Экономистер оны адамдардың
тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттілігін
бейнелейді.
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны
түсіну үшін кәсіпкердің 4 фунциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды : жер, капитал және еңбекті өнім
өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни
өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген істі пайда беретініне
сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына
алады және кәсіпорынның (фирманың) іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар
өндіріуді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың
жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін
істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында не
болатынын білген жөн (капитализм кеңес өкіметі емес, ешкім жай
ғана көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін,
іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске
кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күші – мол пайда табу.
Ресурстарға төлем. Жоғарыда көрсетілген ресурстар, яғни өндірісі
факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға процент салады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбекақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян болуы да мүмкін.

1.2. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызмет

Ауыл дегеніміз сайып келгенде халықтың тұрмыс салты,
мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымызбен рухани тіршілігіміздің
қайнары. Осынау саяси-моралдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден
ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді.

Кез-келген революциялық сілкіністер кезінде ауырсындыратын
өзгерістер ауыртпалығының ауылға түсетін мәлім әрі мұны тарихта дәлеледеп
отыр. Мұны Қазақстанда бастан кешті.
Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен
шығармауымыз керек. Бәрінен бұрын тұрақтылықтыпен байсалды эволюциялық
дамуға нақ – осы жұрттық ықыласты екені де аян. Тәуелсіздік пен қуатты
мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп, терең сезінетін де осы жұрт. өйткені
оның қаны мен жанында бабаларымыздың арманы мен үміті қаттаулы қалпында
жатыр.
Біздің мынадай бір ерекшелікті барынша байыпты тексеруіміз керек.
Қазақстанда ауыл жұрты 43 процентті құрайды. Ауыл жұртының көптігінен
аудандардың көпшілігінде жұмыссыздық дендеді, ал мұның өзі ауылдағы еңбек
нарықтарын әлсіретеді. Сөйтіп оны елдегі ең төмен деңгейге дейін
арзандатады.
Соның салдарынан ауыл жұрты аудан орталықтары мен қалаларға жаппай
көше бастады. Айталық 2000-2001 жылдары келешегі күмәнді, сол себепті
адамдар тастап кеткен 186 елдімекен тарады, биыл тағы да сондай 93 мекен
таратылатын сыңайлы.
Нақты ұсыныстарға тоқталатын болсақ:
Біріншіден, біздің бәріміз алдымен ауылға қолдау көрсету дегеніміз
кез-келгенді оңды-солды мемлекеттік қаржыландыруға келіп тіреліп тұрмағанын
нықтап ұғынып алуымыз керек. Біз бәз баяғыдай масылдық және мемлекеттік
бәйек болушылық тәжірибесін қайта түлете алмаймыз. Алдағы уақытта да
адамның өзі үшін және өзінің отбасы үшін ырзығын теруіне қажетті жағдай
туғызу бағытын нысаналаы жүргізу керек, жұмыс істей білетін, өзінің
еңбексүйгіштігін көрсеткен адамдарға қолдау көрсету керек. Мемлекеттің
халықтың және оның болашағының алдындағы жауапкершілігіде, міне, осында
жатыр.
Екіншіден, Үкіметке ауылдық аумақтардың тұрғындарын келешегі
болатындай етіп қоныстандыру үлгісін жасауды тапсырe қажет. Тұралауға
ұшыраған бірсыпыра шағын қалалардың тағдырын да жалтақтамай шешу қажет.
Барлық адамдардың экологиялық таза ортада өмір сүруі, жасқсы
әлеуметтік қызмет көруге ұмтылатыны белгілі. Бұл ниетті қолдау керек.
Шұрайлы жері, іргесінде өнім өткізу нарықтары, қолайлы көлік желілері бар
өңірлерді ауылдың қалыпты тіршілік етуге жағдайы толық екені айдан анық.
Үшіншіден, барынша қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың президенттің үш жылдық бағдарламасын әзірлеу міндетін
жасау. Сонда бұл бағдарламаны қандай көздерден және қандай шарттармен
қаншалықты шамада қаржыландыруға болатыны анықталады.
Ауылды өркендетудің басты факторы агроөнеркәсіп кешенін тұрлаулы әрі
серпінді дамыту және оның экономикасын осы заманғы нарық қағидалары
негізінде шапшаң ілгерілету болып қала береді.
Иесіз жер жетім. Экологиялық апатқа алдымен ұшырайтында сол иесіз
жер. Қазақстан жағдайында жерді нарық айналысына қосу дегеніміз –
пайдаланылмай жатқан орасан зор ресурстарды экономикаға қосу деген сөз.
Парламенттің дәл осы құрамының жерге жеке меншік туралы заңды қабылдау
арқылы өзінің осынау тарихи парызын орындайтыны байқалады.
Сайып келгенде, су қатынастарын да тәртіп орнататын кез жетті. Мұнда
да ұйымдық-құқықтық былық жетіп жатыр. Гидромелиорациялық құрылғыларды
жаңалаудың әбден толғағы жеткен түйіндерінде дәйекті түрде шешу керек.
Егіншілік пен мал шаруашылығында экспортқа және ішкі ірі мемлекеттік
сатып алуларға бағдарланған орта және ірі тауарлы өндірістер ұйымдастыруға
кірістіру керек, бұған экономикалық шараларды кіріктіру қажет.
Төртіншіден, әлеуметтік салаға ерекше назар аудару қажет. Мұнда
ауылға қатысты жаңа саясат маңызды орын алуға тиіс. Бұл келешегі кемел
өңірлерді өркендету саясаты, әлбетте мұның қаржымен жете қамтылуын
қажетсінетіні белгілі.
Ең алдымен, біздің шаруаға кедергі келтірмеуіміз керек, оған өз
шаруашылығын көтеруге еркіндік беріп, несие алуына консалтинг жөнінде
өнімін сатуына жәрдемдесуіміз керек.
Осы үш жылдық бюджетті ауыл үшін басымдықты сипатта болуға
тиіс.Әлеуметтік салаға жұмсалатын қаражатта алдымен ауыл тұруға, бәрінен
бұрын ауылға арналған жолдар мен сутартқыштар тұруға, ауыл мұқтажын өтейтін
ауруханалар мен мектептер тұруға тиіс.
Ауылда білім беруді және денсаулық сақтауды қаржыландыру әрі ауыз
суға арналған, әрі облысаралық және ауданаралық ауылдық автомобиль жолдарын
салу мен жаңалауға арналған қаражат көлемін 10 млрд.теңгеге ұлғайтуды
тапсырамын.
Білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертуді
стратегиялық міндет санаймын. Еліміз үшін мұғалім мәртебесін арттыру, ең
алдымен ауылды жерде арттыру өзекті мәселе. Бірінші кезекте мұғалім
еңбегіне ақы төлеу мәселесін шешу қажет.
Бесіншіден, көші-қон стратегиясы, әсіресе ауыл мен әлеуметтік салаға
ерекше мән беру, ауыл тұрғындарын қоныстандырудың ұтымды үлгісін жасау үшін
мұның өзі ауылдық аудандар мен округтер ауқымында белгілі бір әкімшілік-
аумақтық қайта құруларға әкеліп соқпай қоймайтынын ескеріп, салиқалылық пен
салмақтылық көрсетулері қажет.
Алдағы уақытта меншікті, атап айтқанда, ауылдан көшкендер мен ұсақ
кәсіпкерлердің жері мен жылжымайтын мүлкін жария ету жөнінде тұтас шаралар
кешенін қолдану қажет.
Біз экономикалық дамудың аралық өңірінде тұрмыз. Экономист
сарапшылардың есебі бойынша шағын және орта бизнесті қоса алғанда,
экономикалық өсімнің 25-тен 30 процентке дейінгі активтері мен ресурстары
астыртын айналыста жүр. Ендеше оларды нарық айналымына қосу бүкіл еліміздің
экономикасы үшін орасан зор тиімділік береді.
Міне, осыған сүйеніп, шағын және орта бизнесті жан-жақты нығайта
отырып, кезең-кезеңімен:
• салық ауыртпалығын азайту;
• меншік пен активтерді жария ету;
• несие ресурстарына жол ашуды жеңілдету;
• әкімшілік рәсімдер мен рұқсат беруді оңайлату;
• бюрократиялық бейбастық пен бақылау-тексеру органдарынан
қорғау;
• шағын және орта бизнесті қолдайтын аймақтық орталықтар құру,
маркетингтік зерттеулер жүргізуге, біліктілікті арттыруға,
орталықтандырылған бухгалтерия құруға көмектесу сияқты өзекті
міндеттерді шешу қажет.
Кезектегі Премьер-министрдің орынбасары Ахметжан Есімовтың 2003-2005
жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық бағдарлама және оны іске асыру
жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында берілген тапсырмаларында орай атқарушы органдардың
міндеттері тақырыбындағы баяндамасы алдағы үш жылда атқаруға тиісті ауқымды
жұмыс көлемін, мемлекеттен берілетін нақты көмекті және күтілетін
нәтижелерді қамтыды. Сонымен ауыл жылының мақсаты айқындалды, міндеті
белгіленді.
Осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық салалары
бойынша елеулі көрсеткіштерге қол жеткізіледі. Екі жыл қатарынан миллиард
пұттан астам астық алынып, жүгері өндірісі 40 (-ке, майлы дақылдар 22 (-ке,
қант қызылшасы 53 (-ке артты.
Үстіміздегі жыл 10 миллиард теңгеден астам таза пайдамен
қорытындыланбақ – деді Ахметжан Есімов.
Осы уақыттардың ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында да табыстар болып,
импорттық өнімдер ығыстырыла түсті. Мәселен, шұжық импорты 4ет
консервісінің импорты 20(-ке, ал сары май төмендеді. Ауыл шаруашылығы
техникаларының сатып алуға жұмсалған қаржы көлемі де 2000 жылмен
салыстырғанда 2.5 есеге өсіп, 13 миллиард теңгені құрады.үстіміздегі жыл
ауыл шаруашылығы саласында 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл
осыдан екі жыл бұрыңғыдан 4 есе көп.
Сондай-ақ биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі ауыл шаруашылығына
қатысты заңдарды жетілдіруде жемісті жұмыстар жүргізілді. Мал дәрәгерлігі
туралы, Өсімдік қорғау туралы заңдар қабылданды.

1.3 Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, факторлары және шетелдік тәжірибе

Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері
болады:
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржылық;
• кеңес беру.
2. Меншік түрлері бойынша:
• жеке меншік;
• мемлекеттік;
• муниципиалды;
• сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша:
• жеке адамның кәсіпкерлік ісі;
• ұжымның құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерліктің формасы бойынша екіге бөлінеді:
• ұжымдық-құқықтық;
• ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер
1. Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан
да көп серіктестіктер болады. Олар өз капиталдарын қосады
және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Олар:
а) шексіз жауапкершілікті серіктестіктер;
ә) командитті (сенімге негізделген) серіктестіктер,
жауапкершліліктері шектелген болып бөлінеді.
Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражататарымен бірігеді. Шектелген
жауапкершлілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді.
Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал
қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

2. Акционерлік қоғамдар:
• ашық акционерлік қоғам;
• жабық акционерлік қоғам түрінде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
Концерн – көп салалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың
бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындарыдың ерікті бірлестігі.
Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешуі.
Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция).
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу,
өндіріс мөлшері жөнініде келісім.
Қаржы- өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының
бірлестігі.

Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер
құрылуда.
1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара
кәсіпорын құру жөнініде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес
мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға
қарай бөлінеді. әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан соң
салық төлейді.
2. Командитті серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік
атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның
тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Жауапкершілікті шектелген қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен
жауап береді.
3. Қосымша жауапкешлігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне өздерінің
заттарымен жауап береді.
4. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
5. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
6. Унитарлы кәсіпорын – меншіктік құқығы жоқ коммерциялық мекеме.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек
мемлекеттік немесе муниципиалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық
қазына кәсіпорыны болып есептеледі.
Төмендегі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен
айналысуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн.

Кәсіпкерлік істің элементтері 1-сурет

Бизнес Бизнес-жоспарды Ресурстың керектігінКәсіпорынды
мүмкіндігін жасақтау (2) 1-ші анықтау (3) басқару (4)
анықтау және бөлімге кіріспе
бағалау (1)
1.Бизнес Бизнесті сипаттау,1. Керекті 1. Басқару
мүмкіндігінің жоспардың мазмұны.ресурстарды анықтау стилін
ұзақтығы ІІбөлім жасақтау
2. Бизнес 1.Кәсіпорынды 2.Қолда бар 2. Басқару
мүмкіндігін іскесипаттау ресурстарды анықтау жүйесін енгізу
асыру нарығы (қорытынды)
3. Бәсекелес 2. Саланы талдау 3. Ресурстың 3. Ұйым
тікті талдау керектігін теңестірудастыру
процесін
зерттеу
4. Бизнес 3.Өндіріс жоспары 4. Керекті 4. Жүйелі
мүмкіндігінің Маркетинг жоспары ресурстармен түрде талдау
нарыққа, жабдықтаушыларды жүргізу (күшті
кәсіпорынға анықтау және осал
бағалылығы жерлері,
болашақ
қауіптер)
5. Бизнес 5.Қаржы жоспары 5. Жабдықтаушыларға 5. Табыс
мүмкіндігіндегі 6.Ұйымдастыру жақындау факторларын
тәуекел мен жоспары қатынастарын анықтау
пайда 7. Оперативті жасақтау
жоспар
6. Мүмкіндік 8. Тиімділік есебі
терді
кәсіпкерлік
біліммен,
дағдымен,
тілекпен
ұштастыру

Кәсіпкерлік қызмет:
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржылық;
• кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
• өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
• ақпараттарды өңдеу және жинау;
• рухани құндылықтарды игеру;
• тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
• өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
• коммерциялық сауда мекемелері;
• тауар-қор биржалары;
• банктер мен халықтар.
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек
және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған
деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму тенденциясы, тауарларды сатуда
ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар,
өткізу көлемін болжау. өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім
пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті
қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім
өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізку мен банкротқа
ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруы тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды.
Бұл процес делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге
асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі.
Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай
қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу
керек.
2. Мұнан кейін маркетингтік қызметпен айналысу: болашақ
тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге шикізат,
материалдар, энергия және басқа да жабдықтаушылармен ара
қатынасты орнату.
3. Келесі кезең - өндіріс факторлары. А) негізгі өндірістік
қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал-
жабдықтарды сатып алу немесе жалға алу. ә) өндірістік
айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және
қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары,
жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын
құрастыру бөлшектері, жартылай фабрикаттар, келешекке
қажетті шығындарды жабу көздері. Аспаптар мен инвентарлар
айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және пайдалану
мерзімімен бөлінеді.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз – бірінші кезеңдегі
тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол
шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру
арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі,
мамандығы, тәжірибелігі, жеке қасиеттері т.б. ескерілуі
керек.
6. Қажетті ақпарат – ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді
ойластырып, алдын-ала есептеу.
7. Қаражат қаржыларының керек мөлшерін анықтау. Жалпы ақшаның
қажеттік көлемін мынадай формуламен шығаруға болады:

Аж (А1+ А2 +А3+А4+ ... + Ап

Аж – жалпы қажетті қаражаттар;
А1 – жалақы қоры; А2 – айналым қоры; А3 – құрал-жабдықтар;
А4 – ақпаратқа, т.б. интеллектуалды қызметке төлем;
А4 – басқа мекемелердің атқарған жұмысына төлем.

8. Бастапқы капитал :
а) жиналған қор;
ә) несиеге ақша алу;

9. Өндірістік істің қорытындысы. Сатудан түскен түсімнен
өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық
шығындардың айырмасы жалпы пайда болады.
Жалпы пайда ( жалпы түсім алу өндіріс және коммерциялық шығындар, яғни:

Жпайда ( Жтүсім – толық шығын

Жалпы пайда бұл салық төлегенге дейінгі пайда.

10. Барлық салықтарды, айыппұлдар мен баждарды төлегеннен кейін
қалған пайда – таза пайда деп аталады.
11. Кәсіпкерліктің қаржы жағдайын бағалау үшін рентабелділік
деңгейін шығарады.

Рентабелділік деңгей ( таза пайда шығындар + төлемдер х 100%

Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік –
тәуекелділік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми
зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым
сиымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық
өндірістерде қолданылады, онда тәуекелділік, тиімділікке кепілдік болмауы
мүмкін.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-
айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді
қайта сататын орын.
Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы – мұнда өнім
өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Мұндағы басты мәселелер:
• нені сатып алу керек;
• нені сату керек;
• қайда сату керек деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-
ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес жоспар) жасайды.
Міне, осылардың қорытындысында:
• сатып алу-сату мәмілесін жүргізу;
• тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп
айырысулар;
• шығын мен ақырғы нәтижелер;
• жұмысшылардың саны;
• көлік жұмысының ауқымы;
• жарнама;
• коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы айқындалады.

Бизнес жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:
• тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;
• ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және
оларға төлем жасау;
• тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау,
өнімдерді өткізетін сауда орындары;
• тауарларды өткізу нысандары;
• несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
• мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да
міндетті төлемдерді өтеу.
Тауар биржалары мынадай қызмет атқарады:
• сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
• тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді;
• баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа да бағаға ықпал
ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап, оны жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі мынадай шарттар жасаудан
тұрады:
• нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату;
• болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау.

Сауда фирмасындағы маркетинг жұмысы туралы модель-бағдарлама 2-сурет

Қорытынды:
Маркетинг ақпаратаын жинау және Маркетингалық басқару шешімдерін
мәліметтер банкасын жасақтау қабылдау
Ішкі және сыртқы факторларды зерттеуӨзіңнің реалды мүмкіндігіңді бағалай
Тауарлардың өтімділігін және оның білу, елестету
даму тенденцияларын зерттеу Тауар (қандай тауар) өндіру жөнінде
Ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін шешім қабылдау
мәліметтер жинау және оны талдау Өткізу және баға саясатын жасақтау
Тауардың сапасы бойынша қойылған
талапқа сай тауарлар түрін анықтау Тұтынушылардың қажетін
Тауар жабдықтаушылармен іскер және қанағаттандыру
тұрақты байланыс жасау
Тауармен жабдықтаудың транзиттік
Сауда-технологиялық процестерді және қойма түрлерін ұйымдастыру
ұйымдастыру Тауардың тұрақты өндірілуін
Жарнама қамту қамтамасыз ету
Сатылатын тауарларға назар аударту
Фирманың имиджін жасау Дүкендерге жеке сыртқы бейне беру

Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны,
валютаны, құнды қағазды (акция, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Пайда және оның эволюциясы
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
Нарықтық экономикадағы меншік
Меншік қатынастары және оның түрлері
Меншіктің құқықтық
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Пәндер