Сахна тіліндегі сөйлеу мәдениеті



Әрбір ұлт, ұлыс өз тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін қалай құрметтесе, өзінің ана тіліне де солай қарауы керек. М. Әуезовтің “кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды” деген пікірінің маңызы өте зор. Олай дейтініміз өткенімізге, тарихқа үңілсек, қаһарлы хандар да, айбынды батырлардың өзі де аузынан от шашқан орақ тілді шешендердің уәжді сөзіне тоқтап отырған. Адамдарды ажалдан, өлімнен, ауыл мен ауылды жауласудан құтқарған, татуластырған сөздің құдіреті, қасиеті екені бәрімізге мәлім. Осыдан дуалы, киелі сөздің қасиеті мен құдіреті бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған жоқ және жоймайды да деп ашық та айқын айта аламыз.
Осындай сөздің қасиеті мен құдіретін терең түсінідіріп, ұғындырып, жүректен жүрекке жеткізіп оқытатын пәннің бірі және де бірегейі – сахна тілі болып табылады. Сахна тілі әдемі, таза, анық, шешен, мәдениетті сөйлеуге үйретеді, дұрыс деммен дыбыстауға, әуезді, жұмсақ, тартымды дауыспен сөйлеуге, сөздің аяғын жеп қоймауға, жақтың ашылуына көмектесетін пән. Бұның бәрі тек артисттерге ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге, дикторларға, журналистерге, әншілерге, лекторларға, адвокаттарға, соттарға, бүгінгі заман талабына сай жаңа мамандарға, яғни менеджер, интервьюер және т.б. маман иелеріне өте қажет. Бұл жаттығулардың бәрін күнделікті жасаған адамдар дауыстарының ауырмауына, азды-көпті тіл кемістігіне төтеп беруге, төзімділікке жаттықтырылады. Жалпы сөзді яғни, дауысты тәрбиелеу мәдениеті Италиядан басталады делінген, сол себепті те болар, ең даусы әдемі, құлаққа жағымды халық итальяндықтар болып саналады. Керемет дауысты атақты әншілер де сол Италиядан шыққан. Мүмкін бұның бәрі олардың табиғат ерекшеліктеріне де байланысты шығар, дегенмен адамның бойындағы талант ол Алладан болады, бірақ сол таланттың қыр-сырын ашу – адамның өз қолында екенін де бүгінде сол Италия мектебі дәлелдеп отыр. Ал, енді осының бәрін үйрететін сахна тілінің шығу тарихына тоқталар болсақ, онда алдымен шешендік өнерінің тарихына аздаған шолу жазағанымыз дұрыс болар. Өйткені, сахна тілі осы шешендік өнерімен тығыз байланысты. Сол шешендік өнеріне, шешен, шебер, мәдениетті, таза, анық, ашық сөйлеуге үйрететін пәннің бірден-бірі сахна тілі болып табылады.
Ал, шешендік өнерінің бастауы сонау көне Грек және көне Рим елдерінен бастау алады. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор – латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі грек шешендік өнерінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Демосфеннің тілі негізінен о баста тұтықпа болған екен. Ол өзінің алдына шешен болуды мақсат тұтып, осы өзінің бойындағы табиғи кемшілік-тұтықпадан арылуға өз бетінше әрекет етеді. Демосфен өзінің табандылығы мен қайраттылығының арқасында тілінің мүкістігінен арылған. Ол сөйлеу мүкістігінен арылу үшін аузына ұсақ тастарды толтыра салып, күнде екі сағат теңіз жағасында жүріп әр түрлі жаттығулар жасаған. Бұл оның тұтықпалығын кетіріп, Демосфен дұрыс, анық, таза, шешен әрі мәдениетті сөйлеуге қол жеткізген екен. Бұл әдіс кім-кімге болса да, ғибрат аларлық өнеге. Демосфеннің Афинаның өзін-өзі билеуі үшін Македонияға қарсы жүргізген күресі кезінде айтқан саяси сөздерінің мәні аса ерекше. Демосфен Македонияға қарсы құрылған партия басшысы болған, оның Македония патшасы Филиппке қарсы айтылған сөздері тарихта бүгінге дейін сақталып қалды. Риторика Демосфеннің атын шығарды, сөйтіп ол шешендік өнердің ұстазы деп мойындалды. Демосфен сөз құрау өнері мен сөйлеу техникасын жоғары дәрежеге жеткізген
1 К.С. Станиславский. Работа актера над собой. М.,; «Искусство», 1951. –257 с.
2 М. Байсеркеұлы. Сахна және актер. – А.: «Ана тілі», 1993 ж. – 248 б.
3 Д. Тұранқұлова. Көркемсөз оқу шеберлігі. – А.: «Білім», 2001 ж.
4 Қалимұқашева Б.Д. Студенттерге шешендік өнерді үйрету әдістемесі. –А., 2000 ж.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
САХНА ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ

Хожамбердиев О.К. - (PhD) докторанты
(Алматы қ-сы, Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы)

Әрбір ұлт, ұлыс өз тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін қалай құрметтесе, өзінің ана тіліне де солай қарауы керек. М. Әуезовтің "кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды" деген пікірінің маңызы өте зор. Олай дейтініміз өткенімізге, тарихқа үңілсек, қаһарлы хандар да, айбынды батырлардың өзі де аузынан от шашқан орақ тілді шешендердің уәжді сөзіне тоқтап отырған. Адамдарды ажалдан, өлімнен, ауыл мен ауылды жауласудан құтқарған, татуластырған сөздің құдіреті, қасиеті екені бәрімізге мәлім. Осыдан дуалы, киелі сөздің қасиеті мен құдіреті бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған жоқ және жоймайды да деп ашық та айқын айта аламыз.
Осындай сөздің қасиеті мен құдіретін терең түсінідіріп, ұғындырып, жүректен жүрекке жеткізіп оқытатын пәннің бірі және де бірегейі - сахна тілі болып табылады. Сахна тілі әдемі, таза, анық, шешен, мәдениетті сөйлеуге үйретеді, дұрыс деммен дыбыстауға, әуезді, жұмсақ, тартымды дауыспен сөйлеуге, сөздің аяғын жеп қоймауға, жақтың ашылуына көмектесетін пән. Бұның бәрі тек артисттерге ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге, дикторларға, журналистерге, әншілерге, лекторларға, адвокаттарға, соттарға, бүгінгі заман талабына сай жаңа мамандарға, яғни менеджер, интервьюер және т.б. маман иелеріне өте қажет. Бұл жаттығулардың бәрін күнделікті жасаған адамдар дауыстарының ауырмауына, азды-көпті тіл кемістігіне төтеп беруге, төзімділікке жаттықтырылады. Жалпы сөзді яғни, дауысты тәрбиелеу мәдениеті Италиядан басталады делінген, сол себепті те болар, ең даусы әдемі, құлаққа жағымды халық итальяндықтар болып саналады. Керемет дауысты атақты әншілер де сол Италиядан шыққан. Мүмкін бұның бәрі олардың табиғат ерекшеліктеріне де байланысты шығар, дегенмен адамның бойындағы талант ол Алладан болады, бірақ сол таланттың қыр-сырын ашу - адамның өз қолында екенін де бүгінде сол Италия мектебі дәлелдеп отыр. Ал, енді осының бәрін үйрететін сахна тілінің шығу тарихына тоқталар болсақ, онда алдымен шешендік өнерінің тарихына аздаған шолу жазағанымыз дұрыс болар. Өйткені, сахна тілі осы шешендік өнерімен тығыз байланысты. Сол шешендік өнеріне, шешен, шебер, мәдениетті, таза, анық, ашық сөйлеуге үйрететін пәннің бірден-бірі сахна тілі болып табылады.
Ал, шешендік өнерінің бастауы сонау көне Грек және көне Рим елдерінен бастау алады. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі грек шешендік өнерінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Демосфеннің тілі негізінен о баста тұтықпа болған екен. Ол өзінің алдына шешен болуды мақсат тұтып, осы өзінің бойындағы табиғи кемшілік-тұтықпадан арылуға өз бетінше әрекет етеді. Демосфен өзінің табандылығы мен қайраттылығының арқасында тілінің мүкістігінен арылған. Ол сөйлеу мүкістігінен арылу үшін аузына ұсақ тастарды толтыра салып, күнде екі сағат теңіз жағасында жүріп әр түрлі жаттығулар жасаған. Бұл оның тұтықпалығын кетіріп, Демосфен дұрыс, анық, таза, шешен әрі мәдениетті сөйлеуге қол жеткізген екен. Бұл әдіс кім-кімге болса да, ғибрат аларлық өнеге. Демосфеннің Афинаның өзін-өзі билеуі үшін Македонияға қарсы жүргізген күресі кезінде айтқан саяси сөздерінің мәні аса ерекше. Демосфен Македонияға қарсы құрылған партия басшысы болған, оның Македония патшасы Филиппке қарсы айтылған сөздері тарихта бүгінге дейін сақталып қалды. Риторика Демосфеннің атын шығарды, сөйтіп ол шешендік өнердің ұстазы деп мойындалды. Демосфен сөз құрау өнері мен сөйлеу техникасын жоғары дәрежеге жеткізген
Ал, Римнің атақты шешені Цицерон былай деген екен: Шешеннің қуаты тыңдаушының көңілін бүтіндей аударып, бағындыра білуінде. Қызыл тілді шешен деп, кім форумда және азаматтық сот процестерінде тыңдаушыны иландыра алса, сүйсіндіре алса, өзіне бағындыра алса, соны айтамыз. Сонымен қатар, Цицерон трактаттарында сөз құрау, сөз стилі, сөзді әзілмен, сынмен жеткізу, басқа да әдеби ерекшеліктерді пайдалану, сөзді дыбыстық әдістермен құлпырту т.с.с. шешендер үшін құндылығы аса зор нұсқаулар келтірілген. Бұл нұсқаулардың бәрі барлық маман иелеріне күнделікті сөз сөйлеуде өте қажет. Өйткені, егер де мұғалім студенттерге лекция оқығанда бір сарынмен оқитын болса, онда ол студенттерді әбден жалықтырып, ақыры сабақтың бұзылуына әкеліп соқтырады. Сөзді ырғақпен, екпінмен, таза, анық, құлаққа жағымды болатындай сөйлеу қажет.
Ал, орыстың бұқаралық сөз сөйлеу теориясының дамуына ерекше үлес қосқан ғалым - М.М. Сперанский өзінің Тамаша ділмарлық ережесі (Правила высшего красноречие) атты шығармасында бұқаралық сөздің құрылымы, дәйектемесі, композициясы, әсерлілігі туралы мәселелерді қарастырған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сахна тілі интонациясының дискурстық сипаты
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма
Тіл мәдениеті мен тілдік норма
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Дискурс
Тілдік норма
Тілдік норманың қалыптануы
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
Актер шеберлігі мен мақсаты
Қазақ тіліндегі калька сөздердің қолдануы
Пәндер