Бюджет жүйесі жайында


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

І. Бюджет жүйесі туралы4

ІІ. Мемлекеттік бюджет және бюджет шығындары5

2. 1 Мемлекеттік бюджет құрылымы5

2. 2 Бюджет тапшылығы8

ІІІ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қарызы10

3. 1 Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын қажет етеді10

ҚОРЫТЫНДЫ14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі15

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстанның қолындағы экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия және химия кешендері бар.

Сонымен бір мезгілде біздің алдымызда экономиканың теңдестірмелігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп секторын ілгерілете дамыту жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Рыноктық қатынастарға көшу бюджет байланыстығына қатты әсер етті. Ол жылма - жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу.

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет талшығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығынның айырмашылығын жабу үшін, мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді. Демек мемлекет ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының, бнлгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.

Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызды да болады. Бюджет талшығын бәсеңдету үшін мемлекет тек қана ішкі міндеттермен ғана шектелмей, қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.

І. Бюджет жүйесі туралы

Бюджет қалыптастыру негізі: Бюджет Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының тиісті жылға арнап Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған индикативті жоспарының параметрлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы негізінде қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген жиынтығы сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау процесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының жинақтап алғанда мемлекеттің біріктірілген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс қорлап дербес жұмыс істейді. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлармен арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да талпынып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылықтың нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру, өмірлік ынтамақтастықты дамыту жөнінде ұдайы дәйекті шаралар қолданып жатыр.

Ең бастысы, бізде қоғам мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келесі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді.

2004 жылғы экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәдениет, білім беру мен руханият салаларының дамытудың негізгі бағыттары баяндалып отыр.

ІІ. Мемлекеттік бюджет және бюджет шығындары

2. 1 Мемлекеттік бюджет құрылымы

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік бюджет - республикалық және жегілікті бюджеттердің бірінің-бірі арасындағы өзара өтетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы.

Оның басты мақсаты - қаржы құралдарының көмегімен экономикалық тиімді дамуы және мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай жасау.

Бюджет құрылымы мынандай бөлімдерден тұрады:

«Кірістер» - Үкімет қарыздарынан түсетін түсімдерді және алынған ресми трансферттерді (гранттарды) қоспағанда, бюджетке түсетін барлық түсімдерді қамтиды;

«Алынған ресми трансферттер» - «Кірістер» бөліміне енетін түсімдерді қоспағанда бюджетке енетін барлық түсімдерді қамтиды;

«Шығыстар» - мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды, бұған несие беру және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша бюджеттен төленетін төлемдер кірмейді;

«Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау» - несие беру бойынша бюджеттен төленетін төлемдер мен бұрын бюджеттен берілген несиелерді өтеудің түскен түсімдерді қамтиды және таза несие беруді көрсетеді;

«Бюджет тапшылығы» - «Кірістер» және «Алынған ресми трансферттер» - бөлімдердің жалпы жиыны «Шығыстар» және «Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау» бөлімдердің жалпы жиыны арасындағы айырманы құрайды;

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру» - Үкімет қарыздары бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу жөніндегі қаражатты қамтиды.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің дәл ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол осы елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден тұрады: мемлекеттік және жергілікті. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.

Мемлекеттік бюджет мемлекет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы белгіленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысын мынандай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.

Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы мемлекеттік шығындардың қарқынын ЖҰӨ өсуі қарқынынан едәуір асырып жібереді. Мысалы, АҚШ - та 20-шы ғасырда мемлекеттік шығындар 350 есе артты. Тек 1980-1989 жылдар арсында федералдық бюджет шығындары екі еседен астам өсті (433. 5 млрд. долл. 872млрд. долл. жетті) .

Мемлекеттік шығындардың басты тармағына экономикалық өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуіне байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.

Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша проценттік төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т. б. көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттерден тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т. б. жатады.

Мемлекеттік табыстардың жалпы материялдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары - салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Республикалық бюджеттің комиссиясы 2003 - ші жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жасаған кезде Президент Жолдауында айтылған міндеттерді шешу қажеттігін ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басымдық бағыттарын анықтады. Аграрлық секторды дамыту және ауылды жайғастыру жөніндегі басымдықтар шеңберінде ондай міндеттерге мыналар жатады:

  • ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдаудың несиелік және лизингтік тетіктерін дамыту;
  • ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге ақшалай жәрдем жасау;
  • өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, малды аса қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғау;
  • тұрғын мекендерді сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету;
  • селолық инфрақұрылым құру және қайта құру

Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 жарлығымен Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы бекітілді. Осы құжатқа сәйкес мемлекет село экономикасына 2003-2005 жылдар ішінде 150 млрд. теңге бөлуді жоспарлауда. Осы қаражат есебінен мал мен өсімдіктердің аса қауіпті ауруларына диагностика, миниторинг жасауды және олармен күрес жүргізуді, карантинді өнімге лабораториялық және фитосанитарлық талдауда, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы жерлерді милиративтік бағалауды, мемлекеттік резервтегі астықты сақтауды, элитикалық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды малдарды сақтау мен өсіруді жүзеге асырып, минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға ақшалай көмек көрсету және басқаларды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аграрлық саланың қаржы жағынан тұрақты жұмыс істеп тұрған субъектілеріне де қолдау көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған: мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, ауыл шаруашылық техникасының лизингісіне несие беру, көктемгі егін салу және егін жинау жұмыстарын атқаруға жергілікті бюджеттерге несие беру, селолық несие серіктестерінің жүйесіне несие беру және басқалар.

Бұдан басқа мемлекет жыл сайын 2004-2005 жылдары:

  • 15 млрд. теңгеден ауылдағы білім беруге, денсаулық сақтау мен сумен қамтамасыз етудің ауылдық объектілеріне инвестиция бөлінеді;
  • 15 млрд. теңгеден денсаулық сақтау саласын толық қаржылық қамтамасыз етудің екінші сатысына жеткізуді жүзеге асыру үшін бөлінеді.

2. 2 Бюджет тапшылығы

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы. Оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және т. б себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Соңғы көрсеткіші өнеркәсібі дамыған мемлекеттер мысалынан қарасақ, онда 1970-1985 жылдар арасында былай өскен, % есебімен.

АҚШ 1970ж 1985ж

Жапония 0, 3 4, 1

ФРГ 0, 9 3, 1

Италия 0, 1 2, 7

Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр, оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынының көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т. б. ) Сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға жалпы мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды.

Бюджет талшығы: Турасын айтсақ, бюджет тапшылығы инфляцияның да, жоғары проценттік ставканың да заңды «Әкесі». Үкіметінің несиеге деген сұранысы қосымша ақша басып шығаруға да проценттік ставкаларды жоғарлатуға да мәжбүр етеді. Бюджет талшығы экономикадан жекеменшік секторды ығыстырады, сөйтіп оның құлдырауын одан әрі жалғастырады. Бюджет тапшылығын мойындайтын және қолдайтын үкімет қандай бір дәлелдері болмасын экономикалық өсуге қарсы үкімет.

ІІІ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қарызы

3. 1 Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын қажет етеді

Қазақстан Республикасының резиденттер еместері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қарыз беруші болып табылатын сыртқы мемлекеттік борыштар;

Қазақстан Республикасының резиденттері қарыз беруші болып табылатын ішкі мемлекеттік борыштан тұрады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік борышты басқару мен қамтуды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ДЕГЕНІМІЗ - өткен жылдардағы бюджет талшығының жиынтығы. Жыл өткен сайын оның өтеуге қажет қаржының көлемі ұлғая береді. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік сфераны, ғылымды, мәдениетті, денсаулық сақтауды, білім беруді, тіпті қорғаныс пен ұлтық қауіпсіздікті каржыландыруға емес, қарыздар мен несиелер үшін проценттер төлеуге кетеді. Шетелге қарыздың проценттері елден біржола кете барады. Бұл процесс жалғаса берсе мемлекет проценттер емес, бастапқы қарыздың өзін төлей алмайтын жағдайға душар болады.

Дәл осы кезде қарыз дағдарысы (кризисі) басталады да елдің экономикалық дамуын көп жылдарға шегіндіріп тастайды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ - бюджеттік тапшылықтарды қаржаландыруың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор-несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.

Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарылықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс прцесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдерді есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпыэкономикалық кызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігіне мемлекетке қайта бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығыстарының ішінде 1980 жылы 8, 9 процентпен 1989 жылы 14, 5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындарды одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің(ақша шығаратын) есебінде де ұстады. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы "мемлекеттік борыштың монеттенуі" көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.

Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндеттеме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.

Қарыз түрлері мерзімінің арақатынысының мемлекеттік борышты басқаруда айтарлықтай маңызы бар. Инфляция күшейген және ақша айналысының жалпы тұрақсыздығы жағдайында қысқа мерзімінді қарыздын үлесі артады. Ақшаның

инфляциялық құнсыздануы кезінде инвесторлар ұзақ мерзімді

үкіметтің міндеттемесі бойынша ақша жұмысаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді казначейлік міндеттемелерді қалайды, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріне тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта бөлінуіне әкеледі. Мысалы, Францияда мемлекеттік борышты процентпен төлеу 1982 жылғы 40 млрд. франкке жетті. АҚІІІ-та федералық қарыз бойынша таза проценттік төлемдер 1980 жылы 52, 2 млрд. доллардан 1989 жылы 165, 7 млрд. долларға көбейді. Мемлекеттік қарыз басқа да бөлшектер сияқты жалпы ұлттық өнімге қарағанда әлдеқайда жылдам өседі. Мысалы, АҚШ-та 1983 пен 1990 жылдар арасында Ж¥Ө 1, 6 есе артты. Ал сол аралықта халықтың, мемлкет пен финанстық емес корпорациялардын берешегі 2, 2 есе өсіп 10 триллион долл, яғни жалпы ұлттық өнімінен 2 есе көп болды. 90 жылдардын басында халықтың борышы 3, 7 трлн. долл. финанстық емес корпорациялардың 3, 5 трлн. долл. ал федералдық қарыз 3 трлн. жақындады. Ірі бюджет талшығы және мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда казначейліктер берешекті төлеудің уақытын кейін ығыстырады. Осы мақсатпен мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай шараларды мәні заемдары жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Казначейліктер инвестордың келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздарға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдер міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа ұзақ мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің финанс жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңында жалпы борыштың сомасын көбейтеді.

Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік талшықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы-ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сұраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсенділікті реттеу жатады.

Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы
Салық тексерулерінің қатысушылары болып салық қызметі органдарының өкілетті тұлғалары және салық тексеруінен өтетін салық төлеушілер
Қаржылық реттеудің әдістері
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Маркетинг стратегиясы, жоспарлау және бақылау
Экономикалық дамудағы банкроттың рөлі
Мемлекеттік бюджеттің шығын
Қаржылық жоспарлау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz