Ұлттандыру әрекетінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ҰЛТТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Ұлттандырудың түсінігі, құқықтық табиғаты және тарихи
прецеденттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Ұлттандыруды жүзеге асыру нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.3 Ұлттандырудың халықаралық.құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ...26

2 ҰЛТТАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Ұлттандыру туралы заңның аумақтан тыс әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ...44

3 ҰЛТТАНДЫРУДЫҢ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Мүлік орналасқан жер заңы мен ұлттандыру туралы актінің
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
3.2 Заңды тұлға ұлтының заңы және ұлттандыру туралы актінің
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
3.3 Ұлттандыру және жария тәртіп туралы ескертпе ... ... ... ... ... ... ... ... .61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы тиімді экономика мемлекеттік реттеу мен еркін нарықтың балансында әрекет етеді, ал ұлттандыру мен жекешелендіру бұл балансқа жету мақсатында қолданылатын нарықтық механизмнің құралдары болып табылады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты басым түрде жеке секторды құруға бағыт алды, бұл мақсатта оның дамуын ынталандыратын жағымды жағдайлар да жасалынды. Өкімет жеке меншікті нарықтық экономиканың қозғаушы күші ретінде таныды және қазір де таниды. Сол себепті, экономикалық реформаның алғашқы қадамдарынан бастап, мемлекеттің өзінің меншігіне деген қатынасы бірбеткей болды және мемлекет меншігін жекешелендіру нысанында ғана көрініс тапты.
Мұндай саясаттың нәтижелерінің бірі – мемлекеттің экономикаға араласуының жағымсыздығы және ұлттандырудың қазіргі заман талаптарына қайшы келуі туралы жалған сенімнің кеңінен өріс алуы. Көптеген авторлардың ұлттандыруды өзекті және заң шығарушы алдында тұрған көкейтесті мәселе емес деп санауы және оған тиісті көңіл бөлмеуі де осыдан. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге жүгінсек, ұлттандырудың қоғам мүшелерінің басым бөлігінің қажеттіліктерін қамтамасыз етудің, мемлекет тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың, дағдарыс жағдайында тиімді экономикалық саясат жүргізудің және мемлекеттік көмекке жүгінген мекемелерді «құтқарудың» нәтижелі құралы болып табылуы ешбір күмән қалдырмайды. Жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру шарасы қырық ғасыр бұрын Египетте бастау алып, сол кезеңнен бері Еуропа, Солтүстік Америка, Азия, Латын Америкасы, Африканың бірқатар елдерінде жүзеге асырылды. XXI ғасырдың өзінде-ақ қоғамдық-қажетті шара ретінде ұлттандыруды Венесуэла, Боливия, Чад, Ресей Федерациясы, АҚШ, Батыс Еуропа елдері және өзге де елдер жүргізген. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан Республикасы да бірнеше рет ұлттандыру шарасын іске асырған. Сол себепті, қазіргі таңда ұлттандыру – бұл ескірген және зерттеуді қажет етпейтін тақырып емес, бүкілқоғамдық деңгейде маңызы және қажеттілігі бар мәселе. Ұлттандырудың сирек қолданылуы оның ауқымды, төтенше және ерекше қажетті (яғни өзге әдістерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда жүргізілетін) шара болуымен түсіндіріледі. Бұл оның тиісті түрде заңи регламенттелу қажеттілігін білдіреді. Алайда ұлттандыруды реттейтін ҚР заңнамасы, өкінішке орай, біз үшін жауаптардан гөрі, сұрақтар тудырады.
1. Щедрина М. Международно-правовые вопросы национализации и защиты частной собственности. Канд. Дисс. – Санкт-Петербург, 2000. – 224б.
2. Национализация и государственный сектор в развивающихся странах. – М., 1986. – 260б.
3. Абыкеева А.Г. Основные положения марксистко-ленинского учения о национализации земли. – Воронеж, 1967. – 120б.
4. Йодковский А.Н. Национализация в Европейских странах народной демократии. Сравнительный обзор законодательства. – М.: Изд. АН СССР, 1956. – 119б.
5. Медеубаев Е. Из уроков истории национализации промышленности в
Казахстане в 1918-1921 гг. //Вестник Семипалатинского государственного
педагогического института. – 2006. – №3. – 57-64-б.
6. В.А. Белов. Национализация в российском гражданском праве: история и
современность //Законодательство, 1999. – №2. – 12-21-б.;
Законодательство. – 1999. -№3. – 18-23-б.
7. Вилков Г.Е. Национализация и международное право. – М.: Изд. Института международных отношений, 1962. – 135-б.
8. Корнеев С.М. Право государственной социалистической собственности в СССР. – М.: Изд. МТУ, 1964. – 268б.
9. Қазақстан Республикасы. 1998 жылдың 24 наурызында қабылданған Заң,
№213-1 – Нормативтік-құқықтық актілер туралы// Казахстанская правда,
28 наурыз 1998 жыл.
10. Абдрахманова Э.С. Право собственности в международном частном праве. Канд. дисс. – Алматы, 2004. – 172б.
11. 28.03.1997ж. Инвестор құқықтарын қорғау туралы Конвенция
http://lawsector.ru/data/dok68/txb68279.htm
12. Покрытан А. К. Производственные отношения и экономические законы социализма. – М. 1971. – 198б.
13. Кругликова Т.В. Национализация и политическая борьба во Франции
(опыт правительства левых сил). – М.: Наука, 1988. – 136б.
14. Саханова А.Н., Медеуова Д.Т. Национализация собственности в
Республике Казахстан: проблемы и перспективы //Ученые записки
Академии экономики и права. – 2009. – №1. – 95-103-бет.
15. Қазақстан Республикасы. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР
Конституциясы. – Алматы, 2007. – 46б.
16. Дорофеева Ю.А. Национализация: вопросы международного частного
права. Канд. Дисс. – Самара, 2000. – 208б.
17. ҚР Конституциялық Кеңесінің «ҚР Конституциясының 26-бабының 3-
тармағын және 39-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы»
28.05.2007ж. № 5 Қаулысы// ҚР Конституциялық Кеңесінің ресми веб-
сайты: http://www.constcouncil.kz/kaz/resheniya/?cid=11&rid=351
18. ҚР Конституциялық Кеңесінің «ҚР Конституциясының 26-бабының 3-
тармағын ресми түсіндіру туралы» 01.07.2005ж. № 4 Қаулысы// ҚР
Конституциялық Кеңесінің ресми веб-сайты:
http://www.constcouncil.kz/kaz/resheniya/?cid=11&rid=147
19. Қазақстан Республикасы. 2003 жылдың 20 маусымында қабылданған Жер Кодексі, №442-2 // Казахстанская правда, 26 маусым 2003 жыл.
20. Қазақстан Республикасы. 1997 жылдың 16 сәуірінде қабылданған Заң, №94-
1 – Тұрғын үй қатынастары туралы// Казахстанская правда, 19 сәуір 1997
жыл.
21. Қазақстан Республикасы. Азаматтық Кодекс. 1994 жылдың 27
желтоқсанында қабылданған №269-XIII Жалпы бөлім, 1999 жылдың 1
шілдесінде қабылданған №409-I Ерекше бөлім// Алматы, 2006. – 309б.
22. Қазақстан Республикасы. 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған Заң,
№373-2 – Инвестициялар туралы// Юридическая газета, 29 қаңтар 2003
жыл.
23. Богуславский М.М. Международное частное право. – М.: Юристъ, 1998. –
404б.
24. Schaffer, Agusti, Earle. International Business Law and Its Environment. –
South-Western, 2009. – 718б.
25. 29.09.1992ж. Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы ҚР
Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім.
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=02567&all=all
26. Қазақстан Республикасы. 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған Заң, Шетелдік инвестициялар туралы (2003 жылдың 22 қаңтарында күші жойылған).
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=00024&ogl=all
27. 11.10.1985ж. Инвестицияларға кепілдік беру бойынша Көпжақты агенттік
құру туралы Сеул Конвенциясы.
http://www.businesspravo.ru/Docum/DocumShow_DocumID_33966.html
28. 8.10.2004ж. ҚР Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы Келісім. http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=03274&ogl=all
29. 17.06.2002ж. ҚР Үкіметі мен Греция Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы Келісім.
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=02053&ogl=all
30. 25.10.2004ж. ҚР Үкіметі мен Швеция Корольдігі Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы Келісім.
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=03276&ogl=all
31. 8.12.2003ж. ҚР Үкіметі мен Пәкістан Исламдық Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы
Келісім.
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=03278&ogl=all
32. Қазақстан Республикасы. 2003 жылдың 15 мамырында қабылданған Заң, №415-2 – Акционерлік қоғам туралы// Юридическая газета, 28 мамыр 2003 жыл.
33. 21.07.1996ж. «Ресей Федерациясында мемлекеттік меншікті
жекешелендіру және муниципалдық меншікті жекешелендіру негіздері
туралы» Федералдық Заңы.
http://base.garant.ru/11901342.htm
34. Бараташвили Д.И. Новые государства Азии и Африки и международное
право. – М., 1968. – 218б.
35. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. – М., 1997. – 367б.
36. Лунц Л.А. Международное частное право. Особенная часть. – М., 1975. –
504б.
37. Чешир, Норт. Международное частное право. – М., 1982. – 496б.
38. 26.06.1945ж. БҰҰ Жарғысы// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/ru/documents/charter/index.shtml
39. БҰҰ Бас Ассамблеясының «Интервенцияға және мемлекеттердің ішкі
істеріне қол сұғуға жол бермеу туралы Декларация» атты 9.12.1981ж.
36/103 Резолюциясы// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/ga/36/docs/res36_3.htm
40. 1.08.1975ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша
Кеңестің Қорытынды актісі// ЕҚЫҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.osce.org/documents/mcs/1975/08/4046_kk.pdf
41. БҰҰ Бас Ассамблеясының 21.12.1952ж. «Табиғи байлықтар мен
ресурстарды еркін пайдалану құқығы туралы» 626 (VII) Резолюциясы//
БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/ga/7/docs/res7.htm
42. БҰҰ Бас Ассамблеясының 14.12.1960ж. 1514 (XV) резолюциясымен
қабылданған Колониялық елдер мен ұлттарға тәуелсіздік беру туралы
Декларация// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/ga/15/docs/res15_2.htm
43. БҰҰ Бас Ассамблеясының 16.12.1966ж. 2200 А (XXI) резолюциясымен
қабылданған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
Халықаралық Пакт// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/documen/convents/pactecon.htm
44. БҰҰ Бас Ассамблеясының 16.12.1966ж. 2200 А (XXI) резолюциясымен
қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық
Пакт// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/documen/convents/pactpol.htm
45. БҰҰ Бас Ассамблеясының 12.12.1974ж. 3281 (XXIX)
резолюциясымен қабылданған Мемлекеттердің экономикалық құқықтары
мен міндеттерінің Хартиясы// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/documents/instruments/docs_ru.asp?year=1970
46. Гроций Г. О праве войны и мира. – М., 1994. – 868б.
47. 29.11.2006ж. ҚР Үкіметі мен Иордания Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы Келісім.
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=04099&ogl=all
48. Словарь иностранных слов/ Под ред. Лехина И.В., Локшиной С.М. и др. –
М.: Советская энциклопедия, 1964. – 608б.
49. 27.11.2002ж. ҚР Үкіметі мен Нидерланды Корольдігінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы
Келісім.
http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=03612&ogl=all
50. Фердросс А. Международное право. – М.: Иностранная литература, 1959.
– 652б.
51. БҰҰ Бас Ассамблеясының 14.12.1962ж. «Табиғи ресурстарға ажырағысыз
егемендік туралы» 1803 (XVII) Резолюциясы// БҰҰ-ның ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/ga/17/docs/res17_2.htm
52. БҰҰ Бас Ассамблеясының 17.12.1973ж. «Табиғат ресурстарына
ажырағысыз егемендік туралы» 3171 (XXVIII) Резолюциясы//БҰҰ-ның
ресми веб-сайты:
http://www.un.org/russian/ga/28/docs/res28_3.htm
53. 24.12.1993ж. Инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастық
туралы Келісім.
http://lawrussia.ru/texts/legal_836/doc83a799x504.htm
54. 8.03.1997ж. Инвестор құқықтарын қорғау туралы Конвенция.
http://www.businesspravo.ru/Docum/DocumShow_DocumID_51008.html
55. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право:
Учебник. – М.: Изд-во Юридическая литература, 1984. – 336б.
56. Оппенгейм Л., Лаутерпахт Г. Международное право. – М., 1948. Т.1. –
407б.
57. Бобров Р.Л. Шаг, продиктованный историей. – М., 1982. – 176б.
58. Ушаков Н.А. Юрисдикционные иммунитеты государств и их
собственности. – М., 1993. – 240б.
59. Международное частное право. Учебник. Под ред. Дмитриевой Г.К. – М.,
2009. – 687б.
60. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право. – М.:
Юриздат НКЮ СССР, 1940. – 208б.
61. Л. Раапе. Международное частное право. – М.: Издательство иностранной
литературы, 1960. – 608б.
62. Ермолаев В.Г., Сиваков О.В. Международное частное право. Курс
лекций. – М.: Былина, 1998. – 176б.
63. Звеков В.П. Международное частное право. Курс лекций. – М.: НОРМА-
ИНФРА, 1999. – 686б.
64. Вольф М. Международное частное право. – М.: Изд-во иност.литературы,
1948. – 735б.
65. Кнапп В. Собственность в странах народной демократии. – М., 1954. –
445б.
66. Ануфриева Л.П. Международное частное право. Т.1. – М.: Изд-во БЕК,
2002. – 288б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ҰЛТТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Ұлттандырудың түсінігі, құқықтық табиғаты және тарихи
прецеденттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...10
1.2 Ұлттандыруды жүзеге асыру нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.3 Ұлттандырудың халықаралық-құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ...26

2 ҰЛТТАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Ұлттандыру туралы заңның аумақтан тыс әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ...44

3 ҰЛТТАНДЫРУДЫҢ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Мүлік орналасқан жер заңы мен ұлттандыру туралы актінің
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
3.2 Заңды тұлға ұлтының заңы және ұлттандыру туралы актінің
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
3.3 Ұлттандыру және жария тәртіп туралы ескертпе ... ... ... ... ... ... ... ... .61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы тиімді экономика мемлекеттік
реттеу мен еркін нарықтың балансында әрекет етеді, ал ұлттандыру[1] мен
жекешелендіру бұл балансқа жету мақсатында қолданылатын нарықтық
механизмнің құралдары болып табылады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен Қазақстан Республикасының
экономикалық саясаты басым түрде жеке секторды құруға бағыт алды, бұл
мақсатта оның дамуын ынталандыратын жағымды жағдайлар да жасалынды. Өкімет
жеке меншікті нарықтық экономиканың қозғаушы күші ретінде таныды және қазір
де таниды. Сол себепті, экономикалық реформаның алғашқы қадамдарынан
бастап, мемлекеттің өзінің меншігіне деген қатынасы бірбеткей болды және
мемлекет меншігін жекешелендіру нысанында ғана көрініс тапты.
Мұндай саясаттың нәтижелерінің бірі – мемлекеттің экономикаға
араласуының жағымсыздығы және ұлттандырудың қазіргі заман талаптарына қайшы
келуі туралы жалған сенімнің кеңінен өріс алуы. Көптеген авторлардың
ұлттандыруды өзекті және заң шығарушы алдында тұрған көкейтесті мәселе емес
деп санауы және оған тиісті көңіл бөлмеуі де осыдан. Дегенмен, әлемдік
тәжірибеге жүгінсек, ұлттандырудың қоғам мүшелерінің басым бөлігінің
қажеттіліктерін қамтамасыз етудің, мемлекет тұрғындарының әл-ауқатын
жақсартудың, дағдарыс жағдайында тиімді экономикалық саясат жүргізудің және
мемлекеттік көмекке жүгінген мекемелерді құтқарудың нәтижелі құралы болып
табылуы ешбір күмән қалдырмайды. Жеке меншікті мемлекеттік меншікке
айналдыру шарасы қырық ғасыр бұрын Египетте бастау алып, сол кезеңнен бері
Еуропа, Солтүстік Америка, Азия, Латын Америкасы, Африканың бірқатар
елдерінде жүзеге асырылды. XXI ғасырдың өзінде-ақ қоғамдық-қажетті шара
ретінде ұлттандыруды Венесуэла, Боливия, Чад, Ресей Федерациясы, АҚШ, Батыс
Еуропа елдері және өзге де елдер жүргізген. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
бері Қазақстан Республикасы да бірнеше рет ұлттандыру шарасын іске асырған.
Сол себепті, қазіргі таңда ұлттандыру – бұл ескірген және зерттеуді қажет
етпейтін тақырып емес, бүкілқоғамдық деңгейде маңызы және қажеттілігі бар
мәселе. Ұлттандырудың сирек қолданылуы оның ауқымды, төтенше және ерекше
қажетті (яғни өзге әдістерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда жүргізілетін)
шара болуымен түсіндіріледі. Бұл оның тиісті түрде заңи регламенттелу
қажеттілігін білдіреді. Алайда ұлттандыруды реттейтін ҚР заңнамасы,
өкінішке орай, біз үшін жауаптардан гөрі, сұрақтар тудырады.
Ұлттандыру ұғымы ҚР жасасқан халықаралық шарттардың басым бөлігінде
қолданылғанмен, оның нақты анықтамасын ҚР құқығы бермейді. Ұлттандыруға
түсінік берген бірден-бір ұлттық нормативті-құқықтық акт ретінде ҚР
Азаматтық Кодексі оны азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі
мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру деп анықтайды. Мұндай тұжырымның
толықсыздығы және бұлдырлығы соншалық, ол мүліктен күштеп айырудың өзге де
негіздеріне қатысты қолданыла алады. Оған қоса, ұлттандырудың негіздемесіне
қатысты ұлттық заңнамада ішкі қақтығыс байқалады: ҚР Конституциясы соттың
шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайтындығын бекітсе, ҚР Азаматтық
Кодексі заң негізінде мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру мүмкіндігін
көздейді. Мұндай әркелкілік өз кезегінде заңды түсіндірудің анықсыздығын
тудырады.
ҚР Конституциясы мүліктен күштеп айырудың міндетті шарттары ретінде –
оның заңмен көзделген ерекше жағдайларда жүргізілуін, мемлекет мұқтажы үшін
жүргізілуін және мүлікке толық өтемақының төленуін белгілейді. Дегенмен,
ұлттандыру жүргізілетін ерекше жағдайлар заңи тұрғыдан әлі бекітілмеген, ал
ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі тек
оның толық мөлшерде болуы туралы нормамен ғана шектелген. Әрине, мүліктік
құқықтарынан айырылған (шектелген) тұлғалар алдын-ала және анық түрде
олардың құқықтарын мәжбүрлі түрде тоқтатудың (шектеудің) тәртібі мен
шарттарын білуі тиіс. Оған қоса, заңи олқылықтарды жою, ұлттық және
шетелдік инвесторлар үшін жағымды инвестициялық климат жасау және, жалпы,
қоғамның әлеуметтік саясы мен анықтылықты тудыру мақсатында қазақстандық
заң шығарушы ұлттандыру туралы арнайы заң қабылдауы қажет.
Ұлттандырудың ұлттық материалық нормаларының жетіксіздігімен қатар,
оның коллизиялық мәселелері де әркелкі. Ұлттандыру жүргізуші мемлекеттің
аумағында күштеп айырылатын мүліктің тағдыры анық шешіледі. Алайда, мүлік
ұлттандыру сәтінде шетелдік мемлекет аумағында орналасқан жағдайда, оны
ұлттандыру актісі қазіргі таңға дейін тиісті түрде реттелмеген мәселелер
кешенін тудырады. Мәселен, ұлттандырылған заңды тұлғаның шетелдік
мемлекетте орналасқан мүлкіне (соның ішінде, филиалы не өкілдігіне) қатысты
құқық коллизиясы қай құқықтық тәртіптің пайдасына шешілетіні анық емес.
Сырт көзбен қарағанда, ұлттандыру мәселесі толығымен ұлттық құқықтың
пәні болып табылатын тәрізді, дегенмен ол (дәлірек айтсақ, шетелдік мүлікті
ұлттандыру) бүкіл XX ғасыр бойы халықаралық құқық деңгейінде де белсенді
түрде қарастырылған. Бұны көптеген ғылыми еңбектер, сот тәжірибесі,
халықаралық үкіметаралық және үкіметаралық емес ұйымдардың жұмысы растайды.
Ұлттандыру халықаралық құқықтағы ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып
қалуымен қатар, ол идеологиялық қақтығыстар мен халықаралық қатынастардағы
өзгерістер елеулі түрде ықпал ететін сала болып табылады. Шынымен де,
ұлттандыруға жүргізілген зерттеулерде әрқашан да осы зерттеу жүргізілген
кезеңдегі тенденциялар көрініс тапқан. Сол себепті, қазіргі таңда
халықаралық құқықтың динамикасын есепке алатын жаңа зерттеулер қажет.
Ұлттандырудың халықаралық құқықта туындайтын негізгі мәселелері – бұл
ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеу және ұлттандыру туралы заңның аумақтан
тыс әрекеті. Халықаралық құқықтың дамуының қазіргі деңгейінде тағы бір
мәселе туындап отыр – бұл ішкі мемлекеттік актілердің осы саладағы
халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкес келуі. Ұлттандыру актісін жүзеге
асыру кезінде мемлекетаралық қатынастардың күрделенуін болдырмау үшін
қайтадан ұлттандыру мәселесінің халықаралық-құқықтық тұрғыдан реттелуіне де
жүгінгеніміз жөн.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазақстандық құқықтық ғылымда
халықаралық жеке құқық тұрғысындағы ұлттандыру мәселесі 2004 жылы қорғалған
Э.С. Абдрахманованың Право собственности в международном частном праве
атты кандидаттық диссертациясының құрамында зерттелді, дегенмен, ұлттық
құқықтық доктринада бұл мәселеге жүйелі түрде зерттеу жүргізген арнайы
еңбек жоқ екендігін атап өткен жөн.
Кеңестік заңи әдебиетте ұлттандыру, оның халықаралық сипаттағы құқықтық
салдары туралы мәселеге арналған негізгі еңбек атақты кеңестік ғалым Г.Е.
Вилковпен 1962 жылы жазылған, алайда бұл зерттеуде қозғалған кейбір
мәселелер қазіргі халықаралық құқық тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді.
Бұл мәселенің жекелеген қырлары Абыкеева А.Г., Бобров Р.Л., Бараташвили
Д.И., Йодковский А.Н., Корнеев С.М., Крылов С.Б., Лукашук И.И., Лунц Л.А.,
Перетерский И.С., Покрытан А. К., Ушаков Н.А. және өзге де ғалымдардың
ғылыми зерттеу объектісі болды. Ұлттандыру мәселесінің жекелеген қырларына
арналған кеңестік әдебиеттер тізімі өте ауқымды болып көрінгенмен, бұл
еңбектерде қарастырылған мәселелер келесі екі мәселеге келіп тірелді:
біріншіден, бұл Кеңестік Одақпен жүргізілген ұлттандырудың халықаралық
құқыққа сай келуін дәлелдеу; екіншіден, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын
ұлттандыруға егеменді құқығы қағидасын қорғау. Бұл еңбектерде социалистік,
капиталистік және дамушы елдердегі ұлттандыру ажыратылды, оған қоса,
халықаралық құқықта ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеу қағидасының жоқ
екендігі туралы пікір білдірілді.
Ұлттандыру мәселесін қозғаған ресейлік жаңа құқықтық зерттеулер
арасында Ануфриева Л.П., Богуславский М.М., Дмитриева Г.К., Ермолаев В.Г.,
Звеков В.П., Сиваков О.В., және өзге де ғалымдардың еңбектерін ерекшелеуге
болады. Аталған еңбектерде ұлттандырудың коллизиялық мәселелеріне екпін
жасалады.
Мемлекеттің өз тұлғаларының да, шетелдік тұлғалардың да мүлкіне қатысты
ұлттандыру жүргізу құқығы шетелдік авторлардың – Эмер де Ваттель, М. Вольф,
Г. Лаутерпахт, Л. Оппенгейм, Л. Раапе, А. Фердросс, Дж. Чешир және П. Норт,
т.б. заңгер-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. Бұл ғалымдар я
мемлекеттің егемендігі мен иммунитеті мәселесін ұлттандыру мәселесін
қозғамай-ақ қарастырды, я ұлттандыруды және бұл актіден туындайтын салдарды
мемлекет егемендігінің әрекетімен ұштастыра қарастырды. Айта кететін жайт,
егер кеңестік (ресейлік) доктринада ұлттандыруға қатысты мәселелердің
бірыңғай концепциясы қалыптасса, бұл шетелдік авторлар өз пікірлерінің бір-
біріне мүлде сәйкес келмеуімен ерекшеленеді. Мұндай әртүрлілік, әсіресе,
ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеу мәселесінде көрініс табады.
Қазіргі қоғамның дамуынан байқайтынымыздай, қоғамның экономикалық,
саяси жүйелерімен қатар, құқықтық жүйелері де өзгерістерге ұшырай алады.
Тұлғалардың және капиталдың әлемдік интерграциясы ҚР-да да, шетелдік
елдерде де экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін өзгертудің
қажеттілігін тудырады.
Бұл дипломдық жұмыс қазақстандық құқықта халықаралық жеке құқық
саласында ұлттандыру мәселесін реттеуді зерттеуге арналған монографиялық
деңгейдегі алғашқы жұмыс болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты – бұл ұлттандыру әрекетінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін
зерттеу, ұлттық және шетелдік тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғаудың
құқықтық механизмдеріне ізденіс жасау және халықаралық құқықта
мемлекеттердің ұлттандыру жүргізуінің шарттарын реттейтін қағидалар мен
нормаларды анықтау.
Бұл мақсат автордың алдына келесідей міндеттерді қойды:
• Ұлттандыру ұғымын кеңінен түсіндіру;
• Қазақстандық құқықтың ұлттандыру, оны жүргізу негіздемесі, тәртібі
және шарттары туралы нормаларын бірыңғайландыру жолдарын
іздестіру;
• Ұлттандыру жүргізу нысандарын айқындау;
• Мемлекеттің өзінің ұлттандыру құқығын жүзеге асыруы бойынша
халықаралық құқықта қалыптасқан қағидалар мен нормаларды анықтау;
• Ұлттандыру жүргізудің міндетті шарты ретінде өтемақы төлеу
мәселесінің қазақстандық және халықаралық құқықпен реттелуін,
тез, толық және тиімді өтемақы концепциясының әрекетін зерттеу;
• Ұлттандырудың кеңістікте және тұлғалар шеңбері бойынша қолданылу
әрекеті мәселесін талқылау;
• Ұлттандырудың коллизиялық мәселелерін зерттеу;
• Ұлттандыруға қатысты дауларды қарау кезінде шетелдік соттың жария
тәртіп туралы ескертпені қолдануының шектерін анықтау.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Дипломдық жұмыстың объектісі – бұл
мемлекеттің ұлттық және шетелдік тұлғалардың жеке меншігін мемлекет
меншігіне айналдыру актісіне қатысты қалыптасатын құқықтық қатынастар.
Дипломдық жұмыстың пәні – бұл ұлттандырудың халықаралық жеке құқық
саласындағы мәселелері.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Дипломдық жұмыстың әдістемелік
негізі ретінде басым түрде материалистік диалектиканың жалпы әдісі
қолданылды. Оған қоса, жұмысты даярлау барысында тарихи және логикалық
әдістерге ерекше көңіл бөлінді, өйткені бұл әдістер ұлттандыруды ұлттық-
құқықтық және халықаралық-құқықтық реттеудің пайда болу және дамуының
динамикасын көрсетеді. Аталған әдістердің қолданылуы, сәйкесінше, анализ,
синтез, сипаттау әдістерінің де қолданылуын білдіреді. Сонымен қатар,
ұқсастық (аналогия) және салыстыру әдістері де пайдаланылды.
Қорғауға шығарылатын ережелер.
1. Ұлттандыру – бұл мемлекеттің мәжбүрлік күшімен қамтамасыз етілген,
мемлекеттің юрисдикциясы шегінде мүліктік кешендер мен мүліктік
құқықтардың жеке меншіктен, соның арасында шетелдік жеке және заңды
тұлғалардың жеке меншігінен, мемлекеттік меншікке ауысуын жүзеге
асыруға бағытталған, жалпыұлттық мүдделер үшін және бұрынғы меншік
иелеріне осы актімен және халықаралық құқықпен белгіленген шарттарда
әділ өтемақы төлеумен ілесе жүргізілетін құқыққа сай ішкі мемлекеттік
акт. Мүліктік құқықтарды тоқтату (шектеу) туралы нормаларды нақтылау,
жалпылау және жүйелеу мақсатында қазақстандық заң шығарушы
ұлттандырудың негіздемесі, тәртібі және шарттарын анықтайтын арнайы
акті – мүлікті мемлекет меншігіне айналдыру (ұлттандыру) туралы заң
қабылдауы тиіс. Осындай заң негізінде жекелеген мүліктерді не мүліктік
құқықтарды ұлттандыру туралы арнайы заңдар қабылдана алады.
2. Ұлттандыру кезінде төленетін өтемақыны есептеу әдістемесін даярлау
жолымен оның есептеу тәртібі мен мөлшерін анықтау ұсынылады.
Халықаралық құқықта тез, толық және тиімді өтемақы төлеу нормасы жоқ,
дегенмен, әділ өтемақы төлеу қағидасы қалыптасты. ҚР құқығында
бекітілген ұлттандырылған мүлікке толық өтемақы төлеу қағидасын әділ
өтемақы төлеу қағидасына алмастыру ұсынылады.
3. Жеке тұлғаның меншік иесі құқықтарын иелену және өз мүлкін басқару
қабілеті lex rei sitae бойынша реттеледі, сол себепті оның шетелдік
мемлекетте орналасқан меншігіне қатысты мүліктік құқықтар көлемі
ұлттандырушы мемлекетпен шектеліне алмайды. Ал заңды тұлғаның құқық
қабілеттігі lex societatis тәртібіне бағынады, демек оның шетелде
орналасқан мүлкін басқару бойынша құқықтары осы заңды тұлға тиесілі
мемлекеттің ұлттандыру шарасына ұшырай алады. Мемлекеттің
конституциялық нормасы жеке меншік құқығын адамның негізгі
құқықтарының бірі ретінде таныса және осы құқықты сақтауға және
қорғауға кепілдік берсе, бұл мемлекеттің соты шетелдік мемлекеттің
ұлттандыру шарасына қатысты дау бойынша жария тәртіп туралы ескертпені
қолдана алады.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыстың теориялық нәтижелері
және тәжірибелік ұсыныстары ұлттандырудың мүліктік құқықтарды шектеу нысаны
ретіндегі мәні туралы тұжырымдарда, адамның құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға бағытталған нормаларды бірыңғайландыру, өзгерту және толықтыру
арқылы заңнаманы жетілдіру жолдарын іздеуде, инвестициялардың саяси
тәуекелдерін азайту жолдарын зерттейтін қолданбалы зерттеулерде қолданыла
алады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, сегіз параграфты
біріктіретін үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі – 73 бет.

1 ҰЛТТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. Ұлттандырудың түсінігі, құқықтық табиғаты және тарихи
прецеденттері

Барлық дерлік мемлекеттердің ішкі құқығы, соның ішінде ҚР заңнамасы,
жеке не заңды тұлғалардың заттық құқықтарын тоқтатудың (шектеудің)
негіздемелерінің бірі ретінде ұлттандыру (экспроприация) институтын
бекітеді. Оның өзге негіздемелерден ерекшелігі – айрықша маңыздылығына
қарамастан, оның ұлттық құқықта анық регламенттелмеуі және жеке меншікті,
әсіресе шетелдік жеке меншікті ұлттандырудың мемлекетаралық қатынастардың
өзекті мәселесіне айналуы.
Қазіргі кезде мемлекеттің жеке сектор қызметіне және жеке меншіктің
реттелуіне ешбір шектеусіз араласуына міндетті болатын екі негізгі себептің
бар екендігі құқықтық әдебиетте біраз рет айтылған. Біріншіден, бұл
қоғамдық қауіпсіздік және ұлт денсаулығының қамын ойлау, ал екіншіден, бұл
кейбір салалардың экономикалық дамуының қажеттілігі. Бұл негізгі себептер
ортақ мақсатпен бірігеді: ол – жалпы игіліктің қамын ойлау. Мәселен, А.
Коутли жазған: Мемлекетке кейбір тұлғалардың меншігін ұлтқа беруге рұқсат
ететін себептер бар. Ұлттандыруды жүзеге асырып жатқан мемлекет
қарастыратын ұлттандыру себептері жария, саяси, экономикалық және
әлеуметтік тәртіпке жатады деп айтуымызға болады. ... Саяси тұрғыдан,
белгілі бір мекемелерді не салаларды ұлттандыру бұл мекемелер не салалар
мемлекеттің егемендігіне және оның беделінің күшіне қауіп төндірген
жағдайда қажетті. Экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан, ұлттандырылған
мекемелердің бұрынғыдан жоғары тиімділігі болуға және халықтың
дәулеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық экономикамен сәйкесуге
қабілеті болады. Кез келген аталған себеп мемлекеттің қажет болған жағдайда
ұлттандыруға жүгіну құқығын, тіпті міндетін ақтауға жарайды. Көп жағдайда
бұл себептер бірігеді [1, 63-б.]. Индиялық премьер-министр Индира Ганди
ұлттандыру туралы: Ұлттандыру өздігінен мақсат емес, тек белгілі бір кең
ауқымды әлеуметтік және экономикалық мақсаттарға жетудің құралы ғана -
деген [2, 10-б.].
Мемлекеттің қоғамдық қажетті өндіріске қатысты мәселелерге және жеке
меншік мәселелеріне араласуы ерте кезден бастап орын алған. Тарихқа сенсек,
қызметтің белгілі бір түрлеріне мемлекеттік бақылауды (мемлекеттік
монополияны) орнату әрекеттерінің алғашқысы болып, қырық ғасыр бұрын
Египеттегі балауыз өндірісін квази-ұлттандыру танылады. Бұл өндірістің
қоғамдық маңызы балауыздың мумияларды консервациялау үшін қолданылуында
болды. 1789 жылдың қараша айында Францияның Құрылтай жиналысы, қаржы
дағдарысын жою және шіркеу билігін әлсірету үшін, шіркеу жерлерін тәркілеп,
оларды ұлттық мүлік деп жариялауды қаулы етеді. Ұлттандырудың халықаралық
қырларына арналған еңбектерде Еуропадағы шетелдік меншікті ұлттандырудың
алғашқы жағдайларының бірі жиі мысалға келтіріледі: 1838 жылғы 9 шілдеде
қабылдаған заңмен Сицилия королі барлық кен орындары ағылшын меншік
иелеріне тиесілі болған күкіртті өндіруге және сатуға мемлекеттік монополия
орнатады.
1917 жылы Қазан төңкерісі нәтижесінде РСФСР-да большевиктер билігі
орнатылған соң, бүкіл ел аумағында жеке меншікті тұтасымен жою мақсатында,
тарихта алғаш рет жаппай ұлттандыру жүргізілді. КСРО-дағы жерді ұлттандыру
үрдісін сипаттай отырып, А.Г Абыкеева келесідей жазған: Пролетариат
диктатурасы кезінде жерді ұлттандыру Коммунистік партиямен капитализмнен
социализмге өтпелі кезеңде елдің экономикасын социалистік қайта құруға
бағытталған барлық іс-шаралардың ең маңызды бөлігі ретінде қарастырылды. Ол
өндіріс құралдары – фабрикаларды, зауыттарды, көлікті, т.б. –ұлттандырумен
тығыз байланысты болды [3, 31-б.].
Францияда XIX ғасыр соңында кейбір өндірістерді ұлттандыру туралы
мәселе белсенді түрде талқыланған, алайда өндірістің әскери салаларын
мемлекеттендіруге бағытталған қадамдар тек I Дүниежүзілік соғыс кезеңінде
ғана жасалған. Одан кейін, 1937 жылы темір жолдарды ұлттандыру, II
Дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның коммунистік партиясының қысымымен
кейбір ірі мекемелерді мемлекеттік меншікке айналдыру орын алды. Мәселен,
1946 жылы Францияда газ және электроэнергия өндіретін мекемелер
ұлттандырылды, бұл компаниялардың акционерлері болып француздармен қатар,
бельгиялық, ағылшын, швейцарлық жеке және заңды тұлғалар табылған.
Ұлттандыру актісі Англия, Швейцария және Бельгия үкіметтерімен танылды,
олар өз кезегінде Франциямен ұлттандырылған активтерге өтемақы төлеу
тәртібі туралы келісімдерге қол жеткізді. Ұлыбританияда 13.04.1932ж. Заңмен
жолаушы көлігін алғаш рет ұлттандыру жүзеге асырылған. II Дүниежүзілік
соғыс барысында лейбористер партиясының бастамасымен Англияны ұлттандыру
толқыны басты, нәтижесінде көмір шахталары, көліктің барлық түрлері, болат
құятын өндіріс, электроэнергия өндірісі, медициналық мекемелер
ұлттандырылған. Ағылшын заңдары ағылшын және шетелдік меншік иелері
арасында ешқандай айырмашылық орнатпаған және ұлттандырылған мүліктің
меншік иелерінің баламалы өтемақы алу мүмкіндігін көздеген. 1938 жылы
Мексикада АҚШ тұлғаларына тиесілі кейбір мұнай компанияларын мемлекет
меншігіне айналдыру туралы заң қабылданды. АҚШ үкіметі мексикалық үкіметтің
құқыққа сай әрекеттерін ресми түрде растап, ол егеменді мемлекеттің
мемлекет мұқтажына меншікті ұлттандыру құқығын сәйкес өтемақы төленген
жағдайда таниды деген шарт қойған.
Шығыс Еуропа елдерінде ұлттандыру бірден II Дүниежүзілік соғыстан кейін
жүргізілген. Бір елдерде жеке меншікті алу тәркілеу актілерімен басталса
(Албания, Болгария), өзгелерінде мемлекет басқаруындағы мүлік ұғымы
қолданылған (секвестр – Чехословакияда, көмір шахталарының және ауыр
өндіріс мекемелерінің мемлекет басқаруына ауысуы – Венгрияда) [4, 111-б.].
Азия және Африкада II Дүниежүзілік соғыстан кейін ұлт-азаттық күрестің
өсуіне байланысты экономиканы империалистік эксплуатациядан босату үшін
қозғалыс басталған, нәтижесінде ұлттық пайдалы қазбаларды барлау және
өндіруді мемлекет қолына шоғырландыру мақсатында бірқатар елдерде
ұлттандыру жүргізілген (мәселен, 50-жылдары Индонезияда шетелдік мұнай
өндіруші компаниялардың, банктер мен плантациялардың ұлттандырылуы, 1956
жылы Египетте Суэц каналы Компаниясының ұлттандырылуы, 1971 жылы Ливияда
мұнай өндіруші компаниялардың ұлттандырылуы, т.б.). Одан кейін жылжысақ, 70-
жылдары Иранда шетелдік жеке меншік түгелімен дерлік ұлттандырылады, 1971
жылы Чили үкіметі ірі мыс кен орындарын және өзге табиғи ресурстар
өндірісін олардың шетелдік монополист-иелерінен сатып алады. 80-жылдары
Францияда барлық дерлік банкілер, ал АҚШ-та жолаушылық темір жолдар
ұлттандырылған.
XXI ғасырда ұлттандыру әлі де өзінің өзектігін жоғалтқан жоқ. Мәселен,
Венесуэлада президент Уго Чавестің бастамасымен экономиканың мемлекетпен
бақылануын күшейту саясаты жүргізілуде – атап айтқанда, 2007 жылы мұнай,
байланыс және энергетика секторлары, 2008 жылы болат және цемент өндіруші
мекемелер, 2009 жылы төрт қаржылық мекеме ұлттандырылған, және бұл саясат
әрі қарай жалғасуда. Тағы бір латынамерикалық мемлекет Боливия 2008 жылы
шетелдік мұнай-газ мекемелерін ұлттандыру үрдісін аяқтады, нәтижесінде
боливиялық үкімет Chaco және Transredes компанияларының акцияларының 51%-н
және CLHD компаниясының 100%-ын иеленді.
Ұлттандырудың тарихи прецеденттеріне келтірілген қысқаша шолу бұл
құбылыстың әр түрлі мемлекеттер тәжірибесінде кең қолданылатынын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының тәжірибесіне келсек, тарихтан білетініміздей,
1917 жылы отарлық Қазақстанда большевиктер партиясының саяси билігі орнаған
соң, аймақтағы барлық өндірістің ұлттандырылуы орын алды: бірінші қадам
ретінде, өндірістерге және дайын өнімнің бөлінісіне жұмысшылар бақылауы
енгізілді, ал 1918 жылдың басынан Қазақстанда 300-ден астам ірі өндірістік
мекемелер ұлттандыруға ұшырады [5, 58-б.]. Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының ұлттандыру тәжірибесі, өкінішке орай, өте аз. Атап
айтқанда, 1997 жылы мемлекет экономикасының уран секторы ұлттандырылып,
ұлттық АҚ "НАК "Казатомпром" мекемесіне консолидацияланды. 2001 жылы Алматы
қаласының әкімдігі АПК энергетикалық компаниясын сатып алды; бұның өзі
мәжбүрлі қадам ретінде жүргізілді, өйткені бұл компанияның энергетикалық
жүйедегі қызметі шығынды болған. Одан кейін, ҚР Үкіметі 2009 жылдың 2
акпанында ең ірі ұлттық банктердің төрттігіне кіретін БТА Банк-тің және
Альянс Банк-тің акцияларының бақылау пакеттерін (сәйкесінше 78,14% және
76%) олардың қаржылық тұрақтылығын көтеру және капиталдандыру мақсатында
сатып алу туралы шешім қабылдады.
Ел экономикасының стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар салаларына
мемлекеттің қатысуына қол жеткізу және бәсекелес ортаны қалыптастыру
мақсатында ұлттық компаниялар құрылады. Олар тұтас салалардың мемлекеттің
стратегиялық мүдделерін есепке ала отырып қызмет етуіне әрекеттеседі.
Пайдалы қазбалар өндіру саласында мемлекеттің үлесін ұлғайту, ҚазМұнайГаз
Ұлттық Компаниясының шетелдік компаниялар үлестерін сатып алу жолымен
жүргізіледі, соңғы кезде үкіметтің мұндай әрекеттерін бұқаралы ақпарат
құралдары барқыт не жылжығышты ұлттандыру деп атайды. Мәселен,
14.01.2008ж. Қазақстан үкіметі мен Agip KCO консорциумының қатысушылары
арасында өзара түсіністік туралы жаңа меморандум негізінде ҚазМұнайГаз ҰК-
ның аталған консорциумдағы үлесі өзге ірі акционерлер есебінен 8,33%-дан
16,81%-ға ұлғайды. Сол сияқты, 2008 жылдың маусым айында ҚР Үкіметі
Қазақмыс атты ірі металлургиялық компанияның акцияларының 15%-ын мемлекет
меншігіне сатып алды. 26.02.2010ж. Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры
Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-нің 50% акциясын сатып алу бойынша мәмілені
аяқтайды. Осылайша, мемлекет экономиканың стратегиялық секторларында өзінің
қатысуын бұл салалардағы шетелдік инвесторлардың белсендігінің өсуіне жол
бермеу үшін қолданады.
Ұлттандырудың ҚР заңнамасында регламенттелуі мәселесіне тоқталайық. ҚР
Конституциясы меншікке заңмен берілген кепілдікті бекітеді [15, 26-бап, 1-
т.]. Демек, меншік құқығы мемлекетпен қорғалуға жатады. Дегенмен,
ұлттандыру шарасы тұлғалардың мүліктік құқықтарын мемлекеттік меншікке
өткізуге төтенше қоғамдық қажеттіліктен немесе қоғамдық жалпыұлттық
мүдделерден туындайды. Негізінен, ҚР Конституциясы ұлттандыру деген ұғымды
қамтымайды, алайда мемлекеттің мүліктен күштеп айыру құқығына сілтейді;
оның 26-бабының 3-тармағы бойынша, Соттың шешімінсіз ешкімді де өз
мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет
мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде
жүргізілуі мүмкін. ҚР Азаматтық Кодексінің 249-бабының 1-тармағына сәйкес,
меншік құқығының тоқтатылу негіздерінің бірі болып мүлікке меншік құқығын
айыру табылады. Мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілетін
жағдайлар аталған баптың 2-тармағында көзделген, бірақ заң шығарушы
ұлттандыруды бұл тізімге енгізбей, оны осы баптың 4-тармағында қарастырады.
Онда былай делінген: Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі
мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданған ретте (ұлт меншігіне алу) осы Кодекстің 266-бабында
белгіленген тәртіп бойынша оларға шығындары өтеледі. Бұл анықтамадан
келесідей қорытынды жасауға болады: ұлттандыру дегеніміз – бұл азаматтар
мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлікті мемлекеттік меншікке
айналдыру. Ұлттандыруды жүзеге асыру құралы болып сәйкес заңның қабылдануы
табылады, ол мемлекеттің мүлік құнын және өзге шығындарды өтеу механизмін
анықтауы тиіс. Егер Азаматтық Кодекспен берілген ұлттандыру мен
реквизициялау анықтамаларын салыстырсақ, ұлттандыру ұғымының толық еместігі
бірден көзге түседі, өйткені ұлттандыру ұғымы толығымен дерлік реквициялау
ұғымын қамтиды.[2]
Осылайша, ҚР құқығында ұлттандырудың нақты анықтамасы жоқ. Оған қоса,
Конституцияда меншік иесінің қандай жағдайларда сот шешімі арқылы мүлкінен
айырылатыны (мысалы, қылмыс жасағаны үшін санкция ретінде) және қандай
жағдайларда мүлкі заң күшімен, коғамдық қажеттілік себебімен алып
қойылатыны (ұлттандыру, реквизициялау, т.б.) ажыратылуы қажет. Құқықтық
терминдерді нақты заңи бекітудің үлкен тәжірибелік маңызы бар: меншікті
жоғалту тәуекелдеріне қатысты қалыптасатын құқықтық қатынастардың, әсіресе
шетелдіктер қатысатындардың, осы меншікке байланысты елеулі рөлі болады.
Сонымен, ұлттандырудың мәнін ашатын анықтамаға заңи тұрғыдан әзірге қол
жеткізбесек, бұл институтқа қатысты ғалым-заңгерлердің пікірлеріне
жүгінейік. Жалпы, цивилистер де, халықаралық құқық мамандары да бұл ұғымның
ғылымда толық жетілмегенін растайды.
Француз цивилисті Жюлио де ла Морандьер ұлттандыруға жеке меншік
мекемелердің мемлекеттік мекемеге не мемлекет бақылауына бағынышты мекемеге
айналуы деген түсінік береді [1, 79-б.]. Келтірілген анықтамада
ұлттандырудың объектісіне – мекемелерге сілтеме жасалған, алайда автор
ұлттандыру объектісі бола алатын өзге де заттарды, мүліктік кешендерді,
сонымен қатар мүліктік құқықтарды есепке алмайды.
В.А. Белов ұлттандыруды келесідей анықтайды: Ұлттандыру – бұл төтенше
жағдайларда (төңкеріс, соғыс, дағдарыс, т.б.) экономикалық жүйенің сәйкес
секторын қамтамасыз ету мақсатында, белгілі бір мүліктік кешендерге меншік
құқығын және (немесе) ұйымның істері мен капиталдарында қатысу құқығын
мәжбүрлі түрде тоқтататын және осы мүлікке (істер мен капиталдарда қатысу
құқығына) мемлекеттің меншік құқығын тудыратын мемлекеттік-биліктік акт
[6, 12-б.]. Бұл анықтама айтарлықтай толық деңгейде ұлттандыру ұғымын
ашады. Алайда, ұлттандырудың тек төтенше жағдайда жүргізілуі күмән
тудырады, өйткені бұл жағдайда ұлттандыру реквизиция ұғымымен араласып
кетеді.
Г.Е. Вилков ұлттандыруға жалпылай түрде, яғни жеке меншіктің
мемлекеттік меншікке ауысуы деп анықтама береді [7, 7-б.]. Оның ойынша, әр
түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылыстағы мемлекеттерде жүргізілетін
ұлттандырудың әр түрлі мәні болады, сондықтан социалистік елдердегі,
империалистік мемлекеттердің колониялық қысым көрсетушілігінен босаған
елдердегі және өзге де әлсіз дамыған елдердегі ұлттандыруды капиталистік
елдермен жүзеге асырылатын ұлттандырудан ажырату қажет. Мұндай пікір
қазіргі әлемдік тәртіп жағдайында толығымен ескірген деуге болады.
Осылайша, ұлттандыруға заң шығарушымен нақты анықтама берілмеуі және
құқықтық доктринада бұл құбылысқа қатысты бірыңғай пікірдің болмауы
ұлттандырудың, мемлекеттердің даму деңгейінен және әлеуметтік-экономикалық
құрылысынан тыс, қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін, бір мәнді
әмбебап ұғымын қалыптастыруды қажет етеді. Ресей Федерациясының заң
шығарушы органы – Мемлекеттік Думаның қарауына депутат А.Г. Пузановскиймен
19.01.99ж. енгізілген Ұлттандыру туралы Федералдық заң жобасына сәйкес,
Мемлекеттің тарихи қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық жүйесінде меншік
нысандары, азаматтық және жария құқыққа сәйкес бір нысаннан екіншісіне
айнала отырып, табиғи түрде өзара әрекеттеседі. Меншік нысандарының бұл
табиғи экономикалық айналымында ұлттандыру және жекешелендіру идеологиялық
жүйелердің қарсы тұратын санаттары емес, керісінше, оларсыз әлеуметтік
нарықтық экономикасы бар құқықтық азаматтық қоғамдағы меншік нысанының
қалыпты, табиғи айналымы мүмкін болмайтын өзара тығыз байланысты құқықтық
құралдар болып табылады [1, 80-б.].
Ұлттандыруға анықтама беру үшін, ұлттандыру ұғымын оның негізгі
белгілерін анықтау арқылы қарастырған жөн.
1) Ең алдымен, ұлттандыру – бұл ішкі мемлекеттік акт. Халықаралық
құқыққа сәйкес, мүліктің жеке меншіктен мемлекетке ауысуына
қатысты кез келген құқыққа сай әрекеттер мемлекеттің ішкі
құзыретіне жатады. Бұл актілерді танымайтын кез келген әрекеттер
егеменді мемлекеттің ішкі істеріне қол сұғу болып саналады.
Мәселен, 1918 жылы Петроградтағы дипломатиялық корпус өкілдері
Кеңес үкіметіне қарсылық нотасын жібереді; бұл құжатта шетелдік
дипломаттар Жұмысшы және Крестьяндық Үкіметтің мемлекеттік
қарыздардың күшін жою, мүлікті ұлттандыру, тәркілеу, т.б. туралы
барлық декреттерін, олардың шетелдік тұлғаларға қатысты болуы
себебімен, жоқ деп санайтыны мәлімделеді. Аталған нота мемлекеттің
ішкі істеріне өрескел түрде қол сұғу болып бағаланады.
БҰҰ Жарғысының 2-бабының 7-тармағы бойынша, ұлттандыру құқығын жүзеге
асыру мемлекеттің ішкі құзыретіне жатады. Қазіргі кезде де ұлттандыруға
құқық дауланбайды. Құқықтық әдебиеттерде Иранның Англо-Ирандық мұнай
компаниясын (АИНК) ұлттандыру жағдайы жиі келтіріледі. Англия үкіметінің
1951 жылғы 26 мамырда БҰҰ Халықаралық Сотына жіберген шағымында Соттан
ұлттандыру туралы ирандық заңды қабылдау халықаралық құқыққа қайшы келеді
деген мәлімдемені талап етеді. Халықаралық Сот, өз кезегінде, өзінің
аталған мәселені шешуге құзыреті жоқ деп таниды. Англияның ирандық үкімет
әрекетіне шағымы берілген Қауіпсіздік Кеңесі де АИНК-ны ұлттандыру туралы
мәселені қараудан бас тартады.
2) Меншік құқығының мемлекетке ауысуы ұлттандыру ұғымының негізгі
элементін құрайды. Ұлттандырудың заңи нәтижесі болып мемлекеттің
ұлттандырылған мүлікке меншік құқығының пайда болуы табылады.
Ұлттандыру кезінде мемлекеттің меншік құқығы бұрынғы иелердің
құқықтарынан тәуелсіз туындайды, құқықтық мирасқорлық тәртібімен
пайда болмайды. Бұрынғы меншік иелерінің құқықтары ... жойылады,
ликвидацияланады [8, 39-б.].
3) Ұлттандыру заң негізінде жүзеге асырылады. Ұлттандырудың заң
негізінде жүзеге асырылатыны туралы ескертпе көптеген шетелдік
мемлекеттердің ішкі заңнамасында бекітілген. Мысалы, Италиялық
Республиканың Конституциясы бойынша, жеке меншік заңмен көзделген
жағдайларда және өтемақы төлеу шартымен қоғам мүддесі үшін
экспроприациялана алады (42-бап); Франция Конституциясына сәйкес,
меншік қол сұғылмайтын және киелі құқық болып табылуы себебімен,
одан тек заңмен белгіленген қоғамдық мүдде үшін және әділ және
алдын ала өтемақы төлеу арқылы ғана айыруға болады (17-бап).
Шынымен де, ұлттандыру оны жүргізген барлық мемлекеттерде
ұлттандыру туралы заң қабылдау негізінде жүзеге асырылған (мыс.,
10.05.1948ж. Өндірістік мекемелерді ұлттандыру туралы Венгрия
Республикасының Заңы, 11.06.1948ж. Өндірістік, банк, сақтандыру,
тау-кен және көлік мекемелерін ұлттандыру туралы Румыния
Республикасының Заңы, 31.12.1958ж. Голланд мекемелерін ұлттандыру
туралы Индонезия Республикасының Заңы, т.б.).
ҚР заңнамасына келсек, ең алдымен, ҚР Конституциясының 6-бабының 2-
тармағына тоқталғанымыз жөн, онда: ... меншік иелерінің өз құқықтарын
жүзеге асыру көлемі мен шектері ... заңмен белгіленеді - делінген. Демек,
заң негізінде меншік құқығы шектеліне алады.
ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағы бойынша, Соттың шешімінсіз
ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше
жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең
бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Сонымен бірге, ҚР Конституциясы
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қоғамдық-қажетті
мақсаттарда және тек заңмен шектелу мүмкіндігін бекітеді.[3] Ұлттандыруды
мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру деп те, адамның құқықтары мен
бостандықтарын шектеу деп те саралауға болады. Осылайша, конституциялық
нормалардан мүліктен күштеп айыру мәселесіне соттық не заңшығарушылық
процедураларының қолданылуына қатысты анықсыздық, нәтижесінде – оларды
талқылау және қолдану қиындықтары туындайды.
Көңіл аударарлық жайт, ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағы ҚР
Конституциялық Кеңесінің бір емес, бірнеше қаулысының пәні болып
табылады.[4] Мәселен, ҚР Конституциялық Кеңесінің 20.12.2000ж. Қаулысы
келесідей бекітеді: Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға
болмайды деген норма меншік құқығының қорғалуына кепілдікті көздейтін
конституциялық ереже болып табылады. Алайда аталған норма абсолютті болып
табылмайды және мүліктен күштеп айыру кезінде міндетті түрде алдын-ала сот
шешімінің қабылдануын көздемейді. Мүліктен күштеп айыру ҚР Конституциясының
26-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде аталған келесідей міндетті
шарттарды сақтаған жағдайда ғана мүмкін: заңмен көзделген ерекше
жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін және тең бағамен өтелген кезде.[5]
Осылайша, ҚР Конституциясы сот процедуралары шегінен тыс меншіктен айыру
мүмкіндігіне жол береді, алайда осы конституциялық шарттар міндетті түрде
сақталған жағдайда ғана. Оған қоса, аталған қаулыда Конституциядық Кеңес:
...ҚР Конституциясының 76-бабының 2-тармағын[6] бұл конституциялық норма
меншік құқығын даусыз тәртіппен тоқтатуға жол бермейді деген жолмен түсіну
керек - деп бекітеді.
Бұл мәселеге екінші қырдан қарасақ, ҚР Конституциясының 61-бабының 3-
тармағы бойынша, ҚР Парламенті ... меншік және өзге де мүліктік құқықтар
режиміне қатысты ... негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар
шығаруға құқылы. Демек, меншіктен айырудың нақты механизмін құқықтық
регламенттеу мүмкіндігі заңшығарушылық реттеу саласына жатады, ал бұл
ұлттандырудың заң негізінде жүргізілуінің заңдылығын растайды.
ҚР АК-нің 249-бабының 4-тармағы ұлттандырудың арнайы заң негізінде
жүргізілуін бекітеді, ал 8.01.2003ж. Инвестициялар туралы ҚР Заңының 8-
бабы бойынша, ұлттандыруға ҚР заң актілерімен көзделген ерекше жағдайларда
жол беріледі. 24.03.1998ж. Нормативтік-құқықтық актілер туралы ҚР Заңы
заң актісі ұғымына келесідей анықтама береді: Заң актісі –
конституциялық заң, конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы,
кодекс, заң, заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы, ҚР Парламентінің
қаулысы, Сенат және Мәжіліс қаулылары [9, 1-бап]. Э.С. Абдрахманова да өз
диссертациясында бұл мәселеге тоқтала отырып, ұлттандыру актісінің ҚР
аумағында тиісті органмен қабылданған кез келген заң актісімен жүзеге
асырыла алатыны туралы қорытындыға келеді [10, 80-81-б.]. Шынымен де, ҚР
Конституциясында мүліктік құқықтардың заңмен шектелуі заң ұғымын кеңінен
талқылауға мүмкіндік береді. Алайда, ҚР АК бойынша ұлттандыру мүлікті
мемлекеттік меншікке айналдыру туралы ҚР Заңы негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық заңнаманың мұндай бірыңғайсыздығы ұлттандырудың, сонымен, заң
актісі не заң негізінде жүргізілетіні туралы мәселе тудырады.
ҚР қатысушы болып табылатын Инвестицияларға кепілдік беру бойынша
Көпжақты агенттікті құру туралы Конвенцияның 11-бабында экспроприация
ұғымы ...қабылдаушы үкіметтің кез келген заңшығарушылық әрекеті не
әкімшілік әрекеті не әрекетсіздігі... деп анықталады. Бұл құжаттың
шетелдік капитал салымдарын қорғауға бағытталуы мүліктен күштеп айыру
негіздемесінің осыншама кең тізімін қабылдауға алғышарт болды деп
тұжырымдауға болады. 1997 жылы Мәскеуде қабылданған және ҚР қатысатын
Инвестор құқықтарын қорғау туралы Конвенция ұлттандырудың негіздемесі
ретінде ұлттандыруды жүргізуші мемлекеттің Негізгі Заңын (Конституциясын)
таниды [11, 9-бап]. Алайда ҚР Конституциясында тек мүліктен күштеп айыру
ұғымы қолданылады, ал ұлттандыру ұғымы тікелей бекітілмейді.
Ұлттандыру актісі заңды болу үшін, қабылдау сәтінде ол әрекет етуші
заңнаманың нақты нормаларына сәйкес болуы қажет. Расында, жоғарыда
айтылғаннан көріп отырғанымыздай, ҚР ішкі заңнамасы және халықаралық
шарттары ұлттандырудың негіздемесі ретінде әр түрлі түсініктерді бекітеді,
ҚР Конституциясының өзі бұл мәселеге бірмәнді жауап бермейді. ҚР құқығында
ұлттандырудың бірыңғай негіздемесінің орнатылмауын ҚР заңнамасының елеулі
кемістігі деп санауға болады. Сол себепті, қазіргі жағдайларда ҚР үшін,
мекемелерді, салаларды және өзге мүліктерді ұлттандыру үрдісін жүргізудің
нақты ережелерін, соның ішінде ұлттандырудың негіздемесін, тәртібін және
шарттарын бекітетін ұлттандыру туралы заңды қабылдау орынды болып көрінеді.
4) Ұлттандыру – бұл мәжбүрлік акт. Біріншіден, ұлттандыруды жүзеге
асыру әрқашан да мемлекеттің мәжбүрлік күшімен қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, ұлттандыру мәжбүрлік сипатта болады: ол мүлік иесінің
мүліктің мемлекет меншігіне ауысуына келісім беруіне не бермеуіне
қарамастан жүзеге асырылады, өйткені ол мемлекеттің біржақты
актісі болып табылады.
5) Ұлттандырудың объектісі ретінде өз азаматтарының, шетел
азаматтарының не азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке меншігі болуы
мүмкін. Ұлттандыру, ең алдымен, аумақтық юрисдикцияға негізделеді,
олай болса, мемлекет аумағында орналасқан кез келген мүлік, оның
ұлттық не шетелдік тұлғаларға тиесілі болуына қарамастан,
ұлттандыру шарасына ұшырай алады. Құқықтық әдебиетте бұл тезиске
күмән келтіру талаптары болды. Мәселен, ие болған құқықтар
теориясы бойынша, ұлттандыру туралы заң белгілі бір тұлғалардың
бұрынғы заңдардан туындайтын құқықтарының күшін жоя алмайды; сол
себепті, жаңа заңды қабылдаушы ұлттандырушы мемлекет жеке не заңды
тұлғалардың бұрынғы заңдар негізінде ие болған құқықтары мен
артықшылықтарынан айыра алмайды. Бұл доктринаның негізіне батыс
елдердің ішкі құқық (әсіресе, англо-саксондық мектеп)
концепциялары алынған, оларға сәйкес, жаңа заң шетелдіктерге
бұрынғы заң негізінде берілген құқықтарын бұза не өзгерте алмайды.

Қандай қарсы пікірлер айтылмағанмен, мемлекеттің өз аумағында
орналасқан кез келген тұлғалардың жеке меншігін ұлттандыру құқығы
мемлекеттің өз аумағындағы толық юрисдикциясынан және егемендігінен
туындайды.
6) Ұлттандыру ұлттандырылған меншікті мемлекет мүддесінде, яғни
халық мүддесінде қолдану мақсатында жүргізіледі. Өндірістің
негізгі құралдарын ұлттандыру және ұсақ кәсіпкерлерді
кооперацияға біріктіру өздігімен түсіндірілмейді. Оларға жаңа
қоғамның экономикалық қатынастарының пайда болуы мен
қалыптасуына ілесе жүретін саяси-құқықтық актілер жүйесінде
оларды қажетті буын ретінде анықтаған экономикалық үрдістер
алғышарт болған [12, 44-45-б.]. 1981 жылы Францияның премьер-
министрі П. Моруа Ұлттық жиналыс депутаттарының алдында сөз
сөйлеген кезде: Ұлттандыру саясаты өз мәні және маңызы бойынша
қоғамдық сипаты бар өндіріс құралдарын ұлтқа беру міндетіне
жауап береді. Ұлттандырудың түпкілікті мақсаты - өндірістік
дамуды және жаңа өндірістік саясат жүргізудің негіздерін
қамтамасыз ету - деп айтқан. Т.В.Кругликова әділ байқағандай,
ұлттандыру мәселесінің саяси үніне қарамастан, ұлттандыру не
үшін керек деген сұраққа жауап экономика саласында жатыр [13,
71-б.]. Шынымен де, мемлекеттің мұндай әрекеттері басым түрде
мемлекеттің экономикасын дамыту, демек, халықтың әл-ауқатын және
дәулеттілігін жақсартуға бағытталады. А.Н. Саханова мен Д.Т.
Медеуованың пікірінше, қандай да бір объектілерді мемлекеттік
меншікке айналдыруда келесідей мақсаттар койылады:
• Қоғам үшін стратегиялық маңызы не қажеттілігі бар мекемелерді
сақтау;
• Елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономика
құрылымының қайта құрылуын жүзеге асыру;
• Банктер және несие-қаржылық саладағы өзге мекемелер иеленетін қаржы
ресурстарын қолдануға, егер бұны өзге жолмен қамтамасыз ету мүмкін
болмаса, бақылау орнату [14, 97-б.].
Ұлттандыру жүргізу мақсаттары оның негізгі шарттарының бірі
ретінде ҚР Конституциясында және Инвестициялар туралы ҚР Заңында
мемлекет мұқтажы үшін деген нысанда бекітілген.[7] Оған қоса, ҚР
Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен
бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында
қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеу мүмкіндігін бекітеді [15, 39-
бап, 1-т.].
Ю.А. Дорофеева заң шығарушымен орнатылған осы белгілерді қоғамдық
қажеттілік деген ортақ ұғымға жинақтауды ұсынады, өйткені бұл ұғым
мемлекет мұқтажына қарағанда толығырақ болып табылады. Оның ойынша,
мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық болып танылады, ол билікті
тікелей және мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырады; ал
мемлекеттің міндеті – бұл адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау. Осылайша, тек ұлттың мүдделері мен қажеттіліктері жеке не заңды
тұлғаның мүліктік құқықтарын шектеуге алғышарт бола алады [16, 40-б.].
Мәселен, қоғамдық қажеттіліктен ішкі су тасымалымен айналысатын мекемені
ұлттандыру қажеттілігі туындауы мүмкін. Егер көліктік ұйыммен жүзеге
асырылатын тасымалдар жол ақысын көтерусіз оған жұмсалған шығындарды
ақтамаса және меншік иесі үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз болса, ал жол
ақының көтерілуі жеке тұлғалар үшін көліктік қызметті қолдануға қиынға
соқтырса, бұл мекеменің ұлттандырылуы жариялана алады. Мұндай шара ҚР-дың
азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз
ету қажеттілігінен туындайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 28.05.2007ж. ҚР Конституциясының 26-
бабының 3-тармағын және 39-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қаулысында: ... мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру тек бұл
мүліктің мемлекеттік меншікке өтуіне қажеттілік болған жағдайда ғана не
мемлекеттің қызметтерінен туындайтын және қоғамдық-маңызды мақсаттарға
бағытталған мемлекеттік мүдделерді қанағаттандыру мақсатында ғана орын ала
алады [17].
7) Ұлттандырудың заңмен көзделген ерекше жағдайларда жүргізілуі.
Бұл – ҚР Конституциясымен бекітілген мүліктен күштеп айыру
шарттарының бірі. Жалпы, Конституция мемлекет мұқтажы үшін
мүліктен айырудың ерекше жағдайларының тізімін қамтымайды және
бұл жағдайлардың заңмен белгіленетінін көздейді [15, 26-бап, 3-
т.]. ҚР Конституциялық Кеңесінің 01.07.2005ж. Қаулысында
мазмұндалған құқықтық ұстанымы бойынша, мемлекет мұқтажы
ұғымын ерекше жағдайлар ұғымымен бірге түсініп, қолдану керек
[18]. Демек, мемлекет мұқтаждарын қанағаттандыру қажеттілігі
заңда мүліктен күштеп айырудың ерекше жағдайларының тізімін
бекіту алғышарты болып табылады. Конституциялық Кеңестің
28.05.2007ж. Қаулыда бекітуінше, мұндай ерекше жағдайларды
анықтау белгілері келесідей конституциялық нормалардан
туындайды: ҚР-ның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары (1-бап, 1-т.); ҚР-да мемлекеттік
меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, меншік
міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс (6-бап, 1-т., 2-т.); ҚР азаматтары заңды түрде
алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады,
меншікке заңмен кепілдік беріледі (26-бап, 1-т., 2-т.) [17].
ҚР құқығында мүліктен күштеп айырудың ерекше жағдайлары тиісті
заңдармен қарастырылған. Мысалы, 20.06.2003ж. ҚР Жер Кодексі мемлекет
мұқтажы үшін жер учаскелерінен күштеп айырудың ерекше жағдайларын бекітеді
[19, 84-бап, 2-т.], 16.04.1997ж. Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР Заңы
тұрғын үйге меншік құқығын мәжбүрлі түрде тоқтатудың жағдайларын бекітеді
[20, 29-бап, 1-т.]. ҚР АК ұлттандыруды мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз
алып қою жағдайларына жатқызбай, оны жеке-дара қарастырады. Шынымен де,
реквизициялау, тәркілеу, күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналарды
сатып алу, т.б. шараларды қолданудың жағдайлары олардың мәнінен не заңи
реттелуінен белгілі болса, ұлттандыру жүргізудің мән-жайлары өздігінен
бұлдыр және, оған қоса, ҚР заңнамасында мүлдем қарастырылмаған. Ұлттандыру
шарасының өте ауқымды және төтенше болуы оны қолданудың ерекше жағдайларын
анықтауды және жүйелеуді қиынға соқтырады деуге болады. Дегенмен,
ұлттандыру жүргізудің заңмен белгіленген жағдайларының болмауы меншік
иелерінің мүдделерінің бұзылуына, ұлттандыру шарасының теріс пайдалануына
әкеп соқтыруы мүмкін. Сол себепті, ұлттандыру туралы заңнамада оны
жүргізудің ерекше жағдайлары белгіленген жөн.
Мемлекеттің мүлікті, ешқандай әлеуметтік-экономикалық қажетті
мақсаттыз, белгілі бір этникалық топтарды кемсіту мақсатында ұлттандыруына
жол берілмейді.
8) Ұлттандыру – бұл ақылы акт. Ұлттандыру актісі мемлекетте белгілі бір
экономикалық өзгерістерді көздейтіндіктен, бұл акт бұрынғы меншік иесінің
меншігін азайтуға бағытталмайды. Керісінше, ішкі және халықаралық құқыққа
сәйкес, бұрынғы меншік иесінің меншігінің азаюы орын алмауы тиіс. Бұған
тек ұлттандырылған мүлікке өтемақы төлеу жолымен қол жеткізуге болады.
Келесі тарауда өтемақы төлеу мәселесі толығымен қарастырылады. Әзірше біз
тек қазіргі ҚР заңнамасының аталған ережені қатаң ұстанатынымен
шектелейік. Ең алдымен, ҚР Конституциясының өзінде ...мүліктен күштеп
айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін делінген [15,
26-бап, 3-т.]. ҚР Азаматтық Кодексі де 266-бапта ұлттандырылған мүлік үшін
толық көлемде өтемақы төлеу міндеттемесін бекітеді [21]. Оған қоса
Инвестициялар туралы ҚР Заңында да инвестордың мүлкін ұлттандыру және
реквизициялау кезінде өтемақы төлеу кепілдігі орнатылған, дәлірек
айтқанда, ұлттандыру кезінде инвесторға ҚР-ның ұлттандыру туралы заң
актілерін шығару нәтижесінде келтірілген шығындар оған ҚР-мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуында 1936 жылы
Трансұлттық корпорация
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Әлеуметтану обектісі
1890-1914 жж. АҚШ социалистік қозғалыс
Басқару кадрларын мотивациялау
Пәндер