Қазақстанның банктік жүйесіне дүниежүзлік қаржылық дағдарыстың әсерін теориялық қарастыру және мемлекеттің банк жүйесін әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

2010 жылы 30 қаңтардағы Республикасының Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс» - деп көрсетілгендей мемлекеттің жүргізген саясатының арқасында қазіргі бантердің жағдайы жақсарды [1] . Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын, экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп, экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен даму болашағы, оны жетілдіру жолдары мен перспективалары. Әлемдік дағдарыстың орын алуына байланысты банк қызметін тұрақты дамыту. Мемлекеттік бақылау бірінші кезекте Қазақстан бүкіл банк жүйесінің, барлық жүйе құраушы банктердің тұрақтылығы мен оларға деген сенімнің сақталуын қамтамасыз етуі. Өйткені ол қажет болған жағдайда мемлекеттің әлемдік қаржы дағдарысының «өтінде» қалған қаржы институттарын өз басқаруына алуға дайын екендігін көрсетеді. Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сиқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.

Банктік қызметті нормативтік реттеу барысында қолданылатын құқықтық құралдарды басқару. Банктік қызметті басқару органдарының мәртебесін және өкілеттігін анықтау банктік қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық механизмін анықтау.

Мәселелердің қаралу деңгейі: Банк және банктік жүйенің ғылыми−тәжірибелік талдау мәселелері отандық және шетелдік тәжірибе, ғалымдар мен мамандардың теориялық, тәжірибелік және әдістемелік еңбектерін жалпы негізде зерттеуді талап етеді. Банк ұғымы, банк қызметінің және дамудың теориялық мәселелері экономикалық даму құралы ретінде К. Марк пен Ф. Энгельс, А. Смит, және т. б. ғалымдар негізгі еңбектерінде қарастырылды. Бұл бағыттағы мәселелерді зерттеумен ресейлік ғалым-экономистер еңбектерінде де кездестіруге болады. Олар: Трахтенберг И. А, Аникин А. В, Шенаев В. Н. және т. б.

Қазақстан Республикасында Банк ұғымын зерттеу мен дағдарыс кезіндегі банк жүйесінің даму бағыттырын, сондай ақ, банк қызметінің дамудағы ғылыми зерттеулерге көптеген отандық ғалым экономистер өз үлестерін қосты. Солардың ішінде: М. С. Тулегенова, С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс, Н. Г. Керимбекова, Г. И Супугалиева, Б. Ж. Сапаров, Мухамадиева М. Д және т. б.

Дипомдық жұмыс мақсаты: Қазақстанның банктік жүйесіне дүниежүзлік қаржылық дағдарыстың әсерін теориялық қарастыру және мемлекеттің банк жүйесін әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеті: Негізгі ғылыми және тәжірибелік міндеттер:

1. Банк қызметінің теориялық негіздерін, соның ішінде банк қызметін қарыз капитал айналымы ретінде қарастыру;

2. Банк жүйесінің дамуын әлемдік тәжірибемен салыстыру бағыттары;

3. Осы орын алған әлемдік қаржы дағдарысының себебі мен Қазақстан Республикасының банк секторына әсері;

4. Жаһандану жағдайында банк қызметінің дамуы мен банк жүйесіне жаһанданудың әсері қарастырылады;

5. Қаржылық дағдарыс кезіндегі банк жүйесінің мәселелері қарастырылады;

6. Қазіргі кездегі екінші денгейлі банктердің қаржылық жағдайына талдау жасау;

7. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне және дағдарысқа қарсы мемлекеттің жүргізген саясаты;

Дипломдық жұмыс объектісі: Дүниежүзлік қаржылық дағдарыстың Қазақстан Республикасы Банк жүйесіне әсері болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу пәні: Әлемдік қаржылық дағдарыстың себебі және оның Қазақстан Республикасының Банк жүйесіне әсерін қарастырады. Сонымен қатар, елдегі дағдарысқа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуы.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі: Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдар-экономистер мен мамандардың банктік қызмет аясындағы еңбектер алынды. Салыстыру және жинақтау, ғылыми талдау және синтез, мәліметтерді экономика-статистикалық өңдеу әдістерінің негізінде, зерттеу жүйелі-құрылымдық талдау принципіне сәйкес құрылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы: 1995 жылдың, 30. наурыздағы Қазақстан Республикасының «Ұлттық банкі» туралы заң, 1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет » туралы заң актісі. 2007-2011 жылдарға арналған Қаржы секторының даму концепциясы. 2010 жылы 30 қаңтардағы Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “ Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауы, және де 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері, сонымен қатар, халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың мәліметтері, отандық және шетелдік ғалымдардың оқу құралдары мен диссертациялары қолданылды.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы: Зерттеудің теориялық нәтижелері қаржы саласының бір тетігі ретінде қаржыгерлер мен экономистерді дайындау, оны оқу процесінде пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ, аталған ескертулер банк саласында жұмыс жасаушыларға теориялық негіздеме ретінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, экономикалық пәндерді, яғни, банк ісі, экономикалық теория және т. б. пәндерді оқытуда пайдалануы мүмкін.

Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыс өзектілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, теориялық негiздерi, ақпараттық базасы мен тәжірибелік−теориялық маңыздылығы баяндалады. «Банк қызметінің теориялық негіздері» атты тараудың бірінші бөлімінде Банк қызметінің қарыз капиталы айналым формасы ретінде қарастырылуы. Қарыз капталының банк жүйесіндегі қызметі және оның ақша капиталына айналуы сынды мәселелер қарастырылады. Екінші бөлімде банк жүйесінің дамуындағы әлемдік тәжірибе қарастырылады. Ал бірінші тараудың үшінші бөлімінде әлемдік қаржы дағдарысының себебі және оның Қазақстан Республиканың банк жүйесіне әсері қарастырылады.

«Жаһандану жағдайындағы банк жүйесі» атты екінші тарау бірнеше бөлімді қамтып, Жаһанданудың банк жүйесіне әсерін қарастырдым. Екінші бөлімінде Қаржылық дағдарыс кезіндегі банк жүйесінің мәселелері. Үшінші бөлімде елдегі екінші денгейлі коммерциялық банктердің қазіргі қаржылық жағдайын талдадым. Ал үшінші тарауда дағдарысқа қарсы мемлекеттің жүргіген саясаты қарастырылады.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.

Қосымшаларда аталған дипломдық жұмыстағы тақырыпты толық ашуға мүмкіндік беретін, негізгі көрсеткіштер мен даму динамикасы қарастырылады.

1 БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банк қызметі қарыз капитал айналымының формасы ретінде қозғалысы ретінде

Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қол астындағы кәсіпорындары болады.

Қарыз капиталы - пайыз түрінде ақы түрінде ақы төлеп қайтару шартымен берілетін ақша капиталы [2, 327б] . Осыған байланысты біз мына-кестені қарастырайық: Қарыз капиталының қозғалысы 1-кестеде көрсетілген.

КЕСТЕ 1

Қарыз капиталының қозғалысы *

ХХ ғасыр, 70-шы жылдарға дейін.
ХХ ғасыр, 70-шы жылдардан кейін.
: 1
ХХ ғасыр, 70-шы жылдарға дейін.: Өндірістік капитал
ХХ ғасыр, 70-шы жылдардан кейін.: Жалған капитал
: 2
ХХ ғасыр, 70-шы жылдарға дейін.: Банк капиталы
ХХ ғасыр, 70-шы жылдардан кейін.: Қаржы капиталы
: 3
ХХ ғасыр, 70-шы жылдарға дейін.: Сауда капиталы
ХХ ғасыр, 70-шы жылдардан кейін.: Сауда капиталы
: 4
ХХ ғасыр, 70-шы жылдарға дейін.: Қаржы капиталы
ХХ ғасыр, 70-шы жылдардан кейін.: Банк капиталы
: 5
ХХ ғасыр, 70-шы жылдарға дейін.: Жалған капитал
ХХ ғасыр, 70-шы жылдардан кейін.: Өндірістік капитал

* Дерек көзі: К. Маркс. Капитал ІІІ том. «Қазақстан баспасы», - Алматы, 1973.

Бұл кестеден біз қарыз капиталының қозғалысын көріп отырмыз. Яғни ең алғашқыда өндірістік каитал аясында дамыған шаруашылық бірте - бірте дами бастады. Бірінші топтама 70 жылдардың ХХ ғасыр шеніне дейін дамыған шаруашылық болып табылады. Ал екінші топтама 70 жылдардан кейін дамыған. XIX-ғасырдың соңы, XX-ғасырдың басында Батыс Еуропа елдерінде, экономиканың өндірістік (нақты) секторының басымдығы кезінде, капитал өндірісті ұйымдастыру нысаны болып нығайа бастады. Яғни өндірістік капиталдың ең бір жақсы дамыған кезі болды. Капитал айналымының нәтижесінде жинақталған артық ақшаны өндірушілер тауардың ерекше түрі: тауар-капитал ретінде қолдана бастады. Яғни оны несиеге беріп, пайда көрді. Бірте-бірте ақшалай капитал иелері мен олардың қарызгерлері арасындағы делдалдар функциясы банктарда шоғырлана бастады. Банктық операцияларды жүргізудегі экономикалық мүдде - капитализациясы банктік капиталды жинақтауға мүмкіндік беретін пайыздық табыс болды. Осылайша банктік капитал пайда болды. Осылайша, тарихи жағынан банктік капитал бастапқыда өндірістік капиталдың бөлшектенген бөлігі ретінде пайда болып, рынокта екінші позияға ие болды. Өндірістік және сауда ұйымдары үшін банктар серіктестермен есеп айырысу бойынша және уақытша бос қаражаттарды мобилизациялау бойынша қызметін көрсететін қаржылық делдалдар болды. Экономика дамыған сайын банк өнімдерінің саны арта түсті. Өндірістің артуы мен шоғырлануына, өндірістік монополиялардың пайда болуына байланысты ақша капиталының жинақталуы, оның айналымға түсу жылдамдығының артуының қажеттілігі өсе түсті. Өндірістік монополиялардың банктерге берген ақша капиталы көлемінің артуы екі жақтың да тәуекелділігін арттыра түседі. Осындай жағдайда қаржылай байланған құрылымдардың жеке дара, өз бетінше бөлек жұмыс істеуі рационалды болмай қалады. Өндірістік капитал, Маркс бойынша, бұл - нақты сектордың барлық салаларына, көлік пен байланысқа салынған капитал. Банктік капитал - ссудалық капиталдың барлық айналыс сферасын қамтиды, яғни сақтандыру, инвестициялық, зейнетақылық, депозиттік, қор рыногы [3, 21б] .

Өнеркәсіп капиталының айналымы дегеніміз оның өндіріс уақыты мен айналыс уақытының бірлігі, сондықтан ол ұдайы өндіріс процесін тұтас күйінде қамтиды. Бұдан мұның керсінше, көпестік капитал іс жүзінде тауар капиталының ерекшеленген күйдегі қозғалысы ғана болғандықтан, оның айналымы тауар құбылысының бірінен, Т-А сатысын, капиталдың бастапқы нүктесіне қайта бағытталған ерекше қозғалысын білдіреді, көпестік тұрғыдан қарағанда, А-Т-А көпестік капиталдың айналымы болып көрінеді. Көпес әуелі тауар сатып алып, өзінің ақшасын тауарға айналдырады, сөйтіп мұның өзі ұдайы қайталанып отырады. Айналыс саласынада өнеркәсіп капиталының құбылысы әрдайым Т-А-Т түрінде көрінеді [2, 327б] . Бұл жерде өндірістік капиталдың негізгі ерекшелігі: тұтыну және ивестициялық тауарлардың болуы. Бұл капитал А. Смиттің айтуы бойынша қосылған өнім болып табылады, яғни ол халық байлығының негізін құрайды. Бірақ өндіріс сферасы өніммен бірінші кезекті шикізатқа шектеулі болып келеді. Өндірістік капиталдың банк капиталынан бір ерекшелігін айта кететін болсақ, екеуіде пайданы көздейді, екеуіде пайда әкеледі, бірақ бұл жерде қалай, қандай пайда әкелетінінде мәселе болып отыр. Өндіріске салынған ақша, ол өндірілген тауар болып табылады, оны біз сатып, ақша аламыз сосын ол ақшаға қайтадан шикізат көзін алып, сатуға тауар өндіреміз. Ал банк капиталына салынған қаражат көзі, мысалы депозитке немесе несиеге алынған қаражат көзі болсын делік, ол ақша бізге белгілі бір пайыз үстемесімен қайтарылады [4, 17-19б] . Енді біз банк капиталының неден құралатынын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Банк капиталы: 1) нақты ақшадан, алтынан немесе банкноттан; 2) бағалы қағаздардан құралады. Ал осы бағалы қағаздарды тағы екіге бөліумізне болады: сауда қағаздары, яғни оқтын-оқтын мерзімі өтіп отыратын және банктің бар қызметі соны есепке алу болып табылатын ағымдағы вексельдер, және жария бағалы қағаздар, мысалы, мемлекеттік облигацияар, әрқилы акциялар, қысқасы, пайыз беретін, бірақ вексельдерден елеулі айырмашылығы бар қағаздар. Ипотеканы да осыған қосуға болады. Осы заттық құрамды бөліктерден құралатын капитал тағы да келіп екіге: банкирдің өзі салған капиталына және банкирдің банк капиталын құрайтын депозиттерге, немесе қарыз капиталына бөлінеді. Депозиттер мен банкноттарды әзірше шет қалдыра тұрамыз. Қандай болғанда да мына жағдай айқын: банк капиталының нағыз құрамды бөліктері - ақша, вексель, пайыз қағаздары - осы түрлі элементтер банктің өз капиталына ма, әлде депозиттер ме, яғни басқа адамдардың капиталы ма, - одан ешбір өзгермейді. Банк өз ісін тек өз капиталымен немесе оған депозитке берілген капитал арқылы ғана жүргізе ме, бұған қарамастан, капиталдың бөлікке бөлінуі өзгеріссіз қала береді. Банкілердің қарауынадғы қарыз капиталы оған әр түрлі жолдармен келеді. Біріншіден, олар өнеркәсіп капиталистерінің кассирлері болғандықтан, олардың қолында әрбір өндірушінің немесе көпестің резерв қоры ретінде сақтайтын немесе оған төлем бойынша түсіп жататын ақша капиталы жинақталады. Сонымен бұл қорлар қарызға берілетін ақша капиталына айналады. Екіншіден, банкілердің қарыз капиталы ақша капталистерінің салымдарынан құралады, бұл капиталистер банкілердің бұл ақшасын қарызға беруіне мүмкіндік береді. Банк жүйесінің даумымен қатар, атап айтқанда банкілер салымдар бойынша пайыз төлей бастағанда-ақ оларда ақша қоры жинақталған болады және барлық уақытша қарызға алынбаған ақшаларды да банкілерге шоғырланады. Өздігінен ақша капиталы ретінде қызмет атқара алмайтын ұсақ салымдар үлкен сала болып бірігеді, сөйтіп ақша күшін құрайды. Ұсақ салалардың бұлай жиналуы банк жүйесінің ерекше жемісі, мұны оның нағыз ақша капиталистері мен қарыз алушылардың арасындағы делдалдық рөлін айырып қарау керек. Ақырында, бірте-бірте тұтынуға арналған табыстарды банкілерде сақталады. Несие беру ісі вексельдерді есепке алу, оларды мерзімі өткенге дейін ақшаға айналдыру арқылы және түрліше жүргізіледі, мұндай қарыз беру формалары қарыз беру арқылы жүргізіледі. Ал банк беретін несие әртүрлі формаларда берілуі мүмкін, Мысалы; басқа банкілерге вексельдермен берілуі, тікелей несие алуы, ақырында банкнот шығаруға құқығы бар [2, 352-353 б] . Ендігі кезекте сауда капитал - үнемі рынокта жүретін, үнемі құбылыс үстінде болатын, үнемі айналыс саласына шарпылып отыратын осы айналыс капиталының бір бөлегінің өзгерген түрі болып табылады. Біз осы капиталдың бір бөлегі деп отырған себебіміз-тауар сауда-саттығының біразы үнемі өнеркәсіп капиталистерінің тікелей өз арасында болып жатады. Мысалы, көпес тауарды сатып алады да, содан кейін сатады: А-Т-А. Жай тауар айналысы тұсында, немесе тіпті тауарлардың өнеркәсіп капиталы айналысының процесі ретіндегі айналасында да, Т-А-Т, айналыс мына түрде дәнекерленеді: ақшаның әрбір өлшемі қолдан қолға екі рет ауысып отырады [2, 289-293 б] . Сауда капиталының ерекшелігі: өндірілген тауарды сақтауға, жеткізеуге, сол тауарды соңғы тұтынушыға жеткізуге жағдай жасайды [4, 17-19б] . Қаржылық капитал-қаржылық құралдар (акция, облигация және ұзақ мерзімді несиелер) мен компанияның тиімді жұмысының (бөлінбегіен пайда түріндегі) арқасында алынған, компанияның қаражат көзі. Оған компания иелеріне тиесілі жеке капитал (ақциялар және бөлінбегіен пайда) мен компанияның несие берушілеріне тиесілі қарыз (заемдық) капиталы (облигациялар және ұзақ мерзімді несиелер) эволюциясы. Қаржылық капиталдың пайда болуының методологиялық негіздерін қарастырғанда ол өндіріс процесін ұйымдастыру формаларының әртүрлілігінен келіп шығады. Капиталдың мәні еркін жұмысшы, жалдамалы еңбекке негізделген өндіріс процесін ұйымдастырумен анықталады. Ол негізінен өндірістің мамандануы, шоғырлануы және орталықтандырылуы арқылы жүреді. Қаржы капиталының ерекше белгілері: Қаржы капиталы сапа және сан жағынан капитал шоғырлануының жаңа кезеңін білдіреді. Бұл әлдеқайда қуатты, икемді және ықпалды капитал түрі. Бұл капиталдың қозғалысы бүкіл экономиканы қамтиды және бағыттайды; Қаржы капиталы түсінігі екі негізгі элементті қамтиды: біріншіден, өндірістік және банктік капиталдардың жоғары шоғырлану деңгейінің болуы, екіншіден, осы құрылымдардың бірігуі мен қосылуы; Қосылу әртекті құрылымдардың бір бірінде еріп, интеграциялануын және осының негізінде мүлдем жаңа құбылыстың пайда болуын білдіреді; Жалған капитал - айырбас сферасында өсетін ақша капиталы. Бұл деп отырғанымыз рынокта еркін жүретін айналым. Оларға: бағалы қағаздар, акция, облигация, яғни қағазбен байланыстылырдың толық дерлік жатады.

Процент беретін капитал формасы мынаған соқтырады: нақты мөлшерде және мезгілімен түсетін әрбір ақшалай табыс ол өзі капиталдан өнді ме, жоқ па, бұған қарамастан, капиталға қосылған құн болып көрінеді. Әуелі ақшалай табыс пайызға айналады, ал одан кейін, пайыз бар екен, ендеше ақшалай табыс берген капитал да ешқайда қашпайды. Дәл сол сияқты, пайыз беретін капитал бар екен, құн сомасының қандай болсын, нақ негізгі сома болып көрінеді, сол сома беруі мүмкін немесе шын берсе алатын пайызға қарама - қарсы болады. Қарызға алған капиталы үшін мемлекет несиелерге жыл сайын белгілі мөлшерде пайыз төлеуге тиіс. Мұндай да қарыз алушы борышқордан борышын өтеуді талап ете алмайды, ол өзінің борыш талабын, меншік титулын тек қана сата алады [2, 501-502 б] . Капиталдың қарыз ақша капиталы формасында қорлануы шын қорлаумен, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесімен қандай дәрежеде үйлес келеді деген мәселені біз әлі қарастудамыз. Ақшанаың өндіргіш капиталына айналуына қарағанда ақшаның қарыз ақша капиталына айналуы әлдле қайда оңай. Бірақ біз мұнда екі нәрсені ажырата білуіміз керек:

1. ақшаның қарыз капиталына жай айналуы;

2. капиталдың немесе табыстың қарыз капиталына айналатын ақшаға айналуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық қатынастар және валюта жүйесінің қалыптасып дамуы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Қашықтан қадағалау механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz