Программалау жүйесі мен тілдері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Программалау жүйесі
Программалау жүйесі компьютердің программалық қамсыздандыруының құрамына жатады және ол программаларды - жасау және оларды жөндеу жүмыстарын автоматтандыруды қамтамасыз ететін құралдардың жиыны болып табылады
программалау процесі үш кезеңге бөлінеді:
• есепті шешудің алгоритмін құру;
• программа құру;
• жасалған программаны тексеру.
Екінші кезеңдегі, яғни программа құрудағы қиындық адамның тек машина тілінде ғана программа жасауына байланысты болды. Компьютерді пайдаланудың алғашқы жылдарында әрқайсының өзінің машина тілі бар (басқа компьютерлердің машина тілінен өзгеше) әр түрлі компьютерлердің пайда болуы бұл қиындықты тереңдетіп жіберді. Сондықтан нәтижесінде бір компьютерге арнап жасаған программаны басқа компыотерге пайдалануға болмайтын болды. Бұл бір алгоритмнің өзін әр түрлі компьютерлерде орындау үшін әрқайсына жеке-жеке программа құруға мәжбүр етіп жұмысты қиындатып жіберді.
Праграммалауды автоматтандырудың ең көп тараған негізгі тәсілдеріне мыналар жатады.
• қолмен программалаудың жеке жұмыстарын автоматтандыру
тәсілдері;
• бағыныңқы программалар кітапханасын құру;
• программалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану.
Қолмен программалаудың жеке жұмыстарын
автоматтандыру тәсілдері. Қолмен программалаудағы жұмыстарды автоматтандыруда жұмыс программаларын түзетуді негізгі назарда ұстау керек. Қазіргі кезде программаның дұыстығын тексеру үшін жоғарыда айтқандай тест тәсілі кеңінен қолданылады. Тест тәсілі бойынша жауаптары алдын ала белгілі есептердің бірнеше нұсқасы компьютерде құрылған программаны пайдаланып шығарылады. Алынған нәтижелер алдын ала белгілі жауаптармен салыстырылады. Ол жауаптар біріне-бірі сәйкес келмесе, онда программада қателік кеткен болып шығады.
Программалау тілдері
Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.
Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальды етіп беруші құралдарды тусінеміз.
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер (алгоритмдер) бойынша өңдеуге арналған адам мен компыотерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз. Программалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану. Әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген программалау тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға жақындық (тәулділік) дәрежесі бойынша жіктеу болып табылады. Осы белгісі бойынша программалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді:
• машинаға теуелді тілдер;
• машинаға тәуелсіз тілдер.
Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай белінеді:
• машина тілі;
• машинаға бағдарланған тілдер.
Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар депте аталады. Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар:
• символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар;
• макротілдер.
Макротілдер машина тілнің командаларына тікелей ұқсастығы жоқ макрокомандаларды пайдалануға рұхсат етеді. Макрокомандаларды пайдалану программаны қысқартады әрі тілді жасау құралдарының жиынын қеңейте отырып программалаушының еңбегінің өнімділігін арттырады.
АКомпьютердің аппараттық белігі тікелей түсінетін жаліғыз тіл: ол - машина тілі,
Маишна тілі деп компыотердің қүрамындағы процессор командадарының кодын айтамыз.
Архитектурасы әр түрлі процессорлардың машина тілдері де түрліше болады. Тек өзара үйлестірілген процессорларда ғана машина тілдері бірдей болады. Мұндай гюцессорлардың командалар жүйесі төменнен жоғары қарай үйлесімділікте болады деп айтылады.
Сонымен әрбір компютердің өзінің машына тілі болады жене ол тек осы тілде жазылған программаларды ғана тікелей орындай алады.
Машина тілінде программалау деп программаға енетін командалардың реальды кодтарын тікелей жазуды айтамыз
Ассемблер және макроссемблер тілдері
Ассемблер таңбалар (символдар) тілі бола отырып, белгілі бір дәрежеде машина тілінде программа жасудағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.
Процедуралы - бағдарланған тілдер есепті шешу
алгоритмін сипаттауға арналған, сондықтан да оларды кейде алгоритмдік тілдер деп те атайды. Алгоритмдік тіл деген ұғым программалау тілі деген ұғыммен сәйкес келмейді. Егер алгоритмдік тілде жазылған алгоритмдік жазу компьютерге ендіруге тікелей жарамды және дайын жұмысшы программаға түрленетін болса, онда мұндай алгоритмдік тіл программалау тілі де бола алады. Кейбір алгоритмдік тілдер тек оларға кейбір құралдарды қосқаннан кейін ғана программалау тілі болады.
Проблемалы - бағдарланған тілдер есептерді сипаттау үшін қызымет атқарады.
Бірақ алгоритмдік тілдер өздігінен барлық проблеманы, тіптен программа жасаудың екінші кезеңінде тұраған проблеманы да шеше алмайды. Мұндай тілде жазылған программа компютерде тікелей орындалмайды, ол орындалу үшін алдын ала сол компьютердің машина тіліне аударылуы керек. Мұндай программаны машина тіліне аудару жеткілікті қиын меселе болып табылады.
Алгоритмдік тілден программаны машина тіліне аудару жұмысын компьютердің әмбебаптығын пайдаланып, оның өзіне жүктеуге болады. Бұл үшін әрбір алгоритмдік тілден машина тіліне формальды аударуға яғни аударудың ережесін алгоритм түрінде тұжырымдауға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Егер, осы алгоритмді бір рет машиналық программа түріне келтіріп алсақ, онда одан кейін осы программаның көмегімен компьютердің өзі берілген алгоритмдік тілде жазылған кез келген программаны нақтылы компьютердің машина тіліне аударып бере алады. Мұндай арнайы аудармашы-программа жоғарыд а айтқанымыздай транслятор деп аталады.
Ассемблер тілінде программаның барлық элементтері таңбалармен берілетіндігі оның басты артықшылығы болып табылады. Басқаша айтқаңда ассемблер тілінің машина командаларының цифрлық кодтарын әріптермен немесе әріп-цифрлармен (мнемоникамен) таңбалауға және деректердің таңбалық аттарын пайдалануға мүмкіндік беретіндігі оның машина тілінен айырмашылығы болып табылады. Ассемблер тілінің командаларын машина тіліне аударғанда машина команадасын білдіретін әрбір оператор осы команданың цифрлық кодтарымен алмастырылады. Командалардың таңбалық аттарын олардың екілік кодтарына түрлендіру жұмысы программа жасаушы адамды өте қиын әрі күрделі машақаты көп жұмыстан босататын және бұл жағдайда құтылуға болмайтын қателіктерден құжаратын арнайы программа-ассемблерге жүктеледі. Ассемблер тілінде программалауда пайдаланылатын таңбалық аттар программаның семантикасын, ал команданың қысқартылып берілген атаулары оның негізгі функциясын білдіреді. Мысалы, АДД-қосу, SUВ-азайту, РАRАМ-параметр т. с. с. Мұндай аттарды программа жасаушылар оңай есінде сақтайтын болады.
Жоғары деңгейлі тілдер. Трансляторлар деңгейлі тілдер көптеген алгоритмдерді үйреншікті математикалық амалдардың жазылуына жақын ыңғайлы түрде жазып түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тілдерді пайдалану программалаудағы кездесетін қиындықтарды азайтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz