ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Халықаралық жағдай (1945-1953) жылдар


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Халықаралық жағдай (1945-1953) жылдар

  1. Соғыстан кейінгі қайта құрулар
  2. Соғыстан кейінгі бейбітшіліктің негізгі белгілері
  3. «Қырғи -қабақ соғыстың » басталуы

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының Тарихындағы ең ауыр және қантөгісті соғыс болды. Соғыс барысына 60 миллион адам қаза болып, оның 27 миллиондайы Кеңес Одағы, ал 6 миллионы Польша азаматтары болды. Ондаған миллион адамдар жараланып, жарымжан күйге түсті. Соғыс нәтижесінде елдер босап қалды, қалалар мен ауылдардың орны ғана қалып, миллиондаған адамдар босқынға айналды. Европада осындай мәжбүрлі түрде орын ауыстырған қашқындардың саны 11 млн. адамға жетті. Екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны бірінші дүниежүзілік соғыс шығынынан алты есе, ал материалдык шығыны 12 есе көп болды.

Соғыс аяусыз және қатігездікпен жүргізілді. Гитлерлік Германия жаулап алған территорияларының тұрғындарын аяусыз езіп, славяндардын өмірлік күшін үзуді, еврейлер мен цыгандарды қырып тастауды мақсат етті. Германияға тұтқынға түскен 4, 5 млн. кеңес әскерилерінен тек 1, 8 млн адам ғана үйіне оралды. Арнай ұйымдастырылған лагерьлерде гитлерліктер 11 миллион адамды жойып жіберді, соның ішінде 6 миллион еврейлерді.

Антифашистік коалиция державалары АҚШ, Англия және КСРО жау қалаларын жаппай бомбалаумен, жаулап алушылармен байланысы бар деп күдіктенген тұрғындарды депортациялаумен (мысалы КСРО-дағы қырым татарларын, чечен, ингуш, волга немістерін кешіру) жауап берді. Соғыстың аяқталу сатысында АҚШ жаппай қыру құралы-атом бомбасын пайдаланды. 1945 жылы жазда Жапониядагы Нагасаки және Хиросима қалаларына тасталган атом бомбасынан бейбіт халық зардап шекті.

Антарктидадан басқа барлық мұхиттар мен континенттерді, жер шары тұрғындарының 4/5 бөлігін қамтыған екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы түбегейлі өзгеріс кезеңі болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі фашизмнің жеңілуі болды. Фашистік-милитаристік мемлекеттер - Германия, Италия, Япония және олардың одақтастары толық жеңіліс тапты. Олардың саясаты, экономикасы, идеологиясы құлады, әскери күштері капитуляцияланды, территориясын антифашистік коалиция әскерлері оккупациялады. Оккупациялық билік өкілдері жергілікті антифашистермен бірігіп фашистік режимдерлі жойды, фашистік партияларға тыйым салды, фашистік басшыларды сотка берді. Тек Испания мен Португалияда фашистік типтегі диктаторлық режимдер сақталып калды.

Соғыс барысында жаулап алынған елдерде Қарсыласу қозғалысы қалыптасып, нығынды. Соғыстан кейін бұл қозғалыс мүшелері үлкен беделге ие болып, елдің қоғамдық-саясн өміріме белсене араласты.

Қарсыласу қозғалысына үлкен үлгес қосқан коммунистердің беделі өсті. Фашизмнен азат етілген бірқатар елдерде, алдымен Шығыс Европа, Италия Францияда коммунистік партияны тұрғындардың маңызды бөлігі қолдады.

Соғыстың маңызды нәтижелерінің бірі - бірқатар елдердің капиталистік емес даму жолына түсуі болды. Оккупакттардан азат етілгеннен кейін Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде коммунистер басшылығындағы Халық демократиялық үкіметтері құрыла бастады. Ол елдерде антифашистік, демократиялык, ал кейіннен социалистік кайта-құрулар жүргізді. Осы типтегі қайта-құрулар Шығыс Германия мен Солтүстік Германияда да жүргізілді. Қытайда Жапония жеңілгенен кейін және 1945-1949 ж. ж. азамат соғысының женісінен соң билікке коммунистер келді.

1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық республикасы құрылпы, оның басшылары социализм құруға бет алғанын мәлімдеді. Халықтық-демократиялық және социалистік елдердің үлкен қауымдастығықұрылды.

Екінші дүниекүзілік соғыстың маңызды нәтижелерінің бірі - отаршылдык жүйенін құлауы болды. Соғыстың азаттық мақсаты мен антифашистік сипаты, отаршыл державалардың жеңілуі ұлтазаттық қозғалыстың күшейуіне жағдай жасады. Жапония басып алған Азия мен Тынық мұхит (Үндіқытай, Индонезия, Малайя, Бирма, Филиппин) елдері метрополия-елдерінің бақылауынан шығып кетті. Олардың тұрғындарының маңызды бөлігі жапон басқыншыларына қарсы партизан соғысына қатысты; өздерінің саяси, ұлттық және әскери ұйымдарын құрды. Жапония жеңілгеннен сон ол жаулап алған елдер өз тәуелсіздігін жариялап, алдыңгы отаршылдардып билігін мойындаудан бас тартты. Басқа отар елдерді, әсіресе Үндістан, Ливан, Трансиордания, Палестннада соғыс тұрғындарын саяси белсенділігін арттырып, тәуелсіздікті талап ете бастады.

Екінші дүниежүзлік соғыс нәтижесінде дүниежүзілік аренадағы күштер арасалмагы өзгерді. Соғыска дейін ұлы державалар қатарында болған Германия, Италия, Жапония женіліс тауып, уақытша шетел әскерлері басып алған тәуелді елдерге айналды. Олардың экономикасы соғыс салдарынан күйреп, біраз жылдар алдыигы бәсекелестеріне жете алмады.

Франция 1940 - 1944 ж. ж. неміс-фашист әскерлерінің билігінде болып, Германия тарабынан талқандалды да уақьпша ұлы держава жагдайынан айырылды. Ұлыбритания үш ұлы жекіскер -держава ретінде соғысты сәтті аяқтағанмен, оның позициялары әлсіреген еді. Экономнкалық және әскери катынастарында ол АҚШ-тан әлдекайда артта калды және американ көмегіне тәуелді болды.

Тек Америка Құрама Штаттары ғана соғыстан күшейіп шығысты. Соғыс қимылдарынын оның террнториясында жүргізілмеуі, ірі адам шығыны мен соғыс қырғынынан қаша отырып, олар экономикалық және әскери салада барлық елдерді басып озды. Тек Құрама Штаттарынын атом бомбасы болды, олардың флоты мен авиациясы дүниежүзіндегі ең күшті болды, ал өнеркәсібі барлық елдердікін бірге алгапдагыдан көп болды. АКШ дүннежүзілік гегемонияны тхіап етуші, капиталистік әлемнін лидеріне, жоғарғы «державаға» айналды.

Екінші "жоғарғы держава" Кеңес Одағы болды. Гитлерлік Германияны жеңуде шешуші роль атқара отырып жеңіске жеткен Кеңес Одағы өзінің күшін, ықпалын, мәртебесін айтарлықтай дәрежеле күшейтті. Соғыс соңыңда Кеңес Одағы әлемдегі ең ірі жаяу әскер мен ірі өнеркәсіп потенциалына ие болды. КСРО-нын вскери күштері Орталық, Шығыс Европаның көптеген елдерінде, Шығыс Германия, Солтүстік Кореяда орналасты. Кеңес Одағы Халықтық демократиялық елдеріндегі жағдайды бақылап отырды және олардың толық қолдауына ие болды.

Егер АҚІІІ капиталистік елдер лидері болса, КСЮ капитализмге қарсы болғам барлық қоғамдық күштерді басқарды. Дүниежүзілік күштердін барысында екі полис қалыптасты, ол шартты түрде Шығыс және Батыс деп аталып, екі идеологиялық және әскери-саяси блокка бөлінді.

Соғыстан кейінгі құрылымнын жоспарлары. Соғыстан кейінгі бейбітшілік құрылымын соғыс кезінде автафашистік коалицнаның ірі елдері алдын ала жоспарлаған болатын. АҚШ, КСРО, Англия басшылары Тегеран, Ялта, Потедам конференцияларында, сонымен бірге АҚШ, Англия, Қытай басшыларынын Каирдегі кездесуінде территориялық өзгерістер жеңілген фашистік мемлекеттермен қатынас және әскери қылмыскерлерді жазалау, халықаралық бейбітшілік мен кауіпсіздікті колдау үшін арнайы халықаралық ұйым құру мәселелері қарастырылды. Одақтас державалар Германия, Италия және Жапонияны милитаризм мен фашизмді жою мақсатында оккупациялауды көздеді. Олар негізгі әскери қылмыскерлерді Халықаралық әскери трибуналға түсірүді көздеді. Германия, Италия және Жапониякың 30-жылдары және соғыс барысында жаулап алған территориялары мойындалмады. АҚШ, КСРО және Англия Австрия мен Чехославакияға тәуелсіздік беру қажетгігін, Солтүстік Трансильванияны Румынияга беру керектігін мәлімдеді. Чехославакия Кеңес Одағына украин тұрғындарын мекендеген Закарпат Украинасын беруге келісті.

Германия мен Польша арасындағы шегараны одақтастар Одра мен Нисса өзендері линиясы бойымен жүргізуді көздеді. Польшаның Шығыс шегарасы Батыс Украина мен батыс Белоруссиямен шегараласты. Кеннгеберг қаласы және оған жапсарлас аудандар Кеңес Одағына берілді. Германия мен оның одақтастары фашистік агрессия құрбаны болған елдерге репарация төлеуге мәжбүр болды.

АҚШ, КСРО және Англия күшпен жаулап алған жапония билігінде барлық территорияларды азат ету және Жапонияның егемендігін шектеу туралы шешім қабылдады. Кореяға тәуелсіздік беруге уәде берді. Солтүстік -Шығыс Қытьай (Маньчжурия), Тайвань аралы (Формоза) және басқада Жапония жаулап алған қытайлық аралдар Қытай қайтару көзделді. Кеңес Одағына 1953 жылға дейінг Ресей иелігі болған Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын беру жоспарланды.

Әскери трибунал сотына берілді. Ол Жапония астанасы Токиода 1946 жылдың 3-мамырынан 1948 жылдың 12 ноябрь арасында өтті. Жапонияның алдыңғы 28 басшысына соғысты дайындау меи жүргізу, халқаралық келісімдерді, соғыс ережелерін бұзу (соның ішінде тұтқындарды өлтіру айыбы тағылды. Олардың ішінде 4 премьер-министр әскер мен флотты басқарған 11 министр бар еді. 7 айыпты, соның ішінде алдыңғы иремьер-министр Тодзио және Хирота асып өлтірілді, қалғандары әртүрлі мерзімге абақтыға жабылды.

Әскери қылмыскерлер үстінен жүргізілген Нюрнберг және Токио процесстері тарихта алғаш рет жаулап алу соғысын және басқа бейбітшілік пен адамзат баласына қарсы қылмыс ұйымдастырушылар үстінен жүргізілген сот процесі еді.

Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндиямен жүргізілген бейбіт келісімдер. Соғыстан кейінгі өмірдегі күттірмес мәселелердія бірі бейбіт келісімдер жасау болды. Германняда үкімет болмағандықтан жеңімпаз державалар алдымен Германияның европалық одақтастарымен Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндиямен келісім жасауга көшті.

Бұл келісімдердің жобасын КСРО, АКДІ, Франция және Қытайдың сыртқы істер министрлері жасады және 1946 жылдың жазы мен күзінде Парижде өткен бейбіт конференцияның талқылауына берді. Жобаны жасау барысындағыдан, конференция барысында да КСРО, АҚШ және Англия арасында маңызды қарама-қайшылықтар байқалды. КСЮ үкіметі Румыния, Болгария, Венгрияда өзінің ықпалындағы үкімет құруды көздесе, ал АҚШ пен Англия оларда түбегейлі қайта-құрулар жүргізуді талап етті. Сонымен бірге олар I дүниежүзілік соғыстан кейін Италия құрамында болған Триеста қаласының төнірегіндегі славян жерлерімен қоса Югославияға қосуды талап еткен және Кеңес Одағынан қолдау тапқан Югославияның ұсынысына қарсы болды.

Ақыр аяғында АҚШ пен Англия талаптары орындалмады. 1947 жылдың 10 ақпанында Парижде Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндиямен бейбіт келісімге қол қойылды.

Бейбіт келісімнің территориялық қаулылары алдын фашистік агрессорлар кезіндегі қол жеткен жерлерді жойды. Италия Албаиия мен Эфиопиянын тәуелсіздігін мойындады. Италия басып алған Додеканез аралдары Грецияға қайтарылды. Триестадан басқа славян жерлері Югославияга берілді. Триест төңірегіндегі аймағымен "еркін территория" деп жарияланды (1954 ж. Италия мен Югославия арасындағы келісім бойынша "еркін территоряның" батысы Триестамен бірге Италияға, ал Шығысы Югославияға берілді) . Италия Африкадағы - Ливия, Эритерия, Сомали отарларынан айырылды.

Финляндия КСЮ-га 1920 жылы Кеңес мемлекетінен алған Петсамо (Печенга) облысын қайтарып берді және Кеңес Одағына Фин бұғазынын солтүстік жагалауындағы (Хельсинкіден алыс емес) Порккала-Удд территориясын Кеңес әскери-теңіз базасын салу үшін 50 жылға жалға берді.

Бейбіт келісімдердің саяси жарғысы бойынша Италия, Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндняның барлық азаматгарына демократиялық құқық пен бостандық беруге, фашистік ұйымдардың қайта жанғыруына жол бермеуге міндеттеді және әскери қылмыскерлерді сотқа тартуды қарастырды. Бұл елдерге корганыс мақсатында шектеулі мелшерде қарулы күштер ұстауға рұхсат етілді, бірақ атомдык қару мен жаппай қыру құралын шығаруға тыйым салынды.

Келісімдердің экономикалық бөлімдерінде агрессиянын құрбаны болған Кеңес Одағына, Албания, Греция, Югославия, Чехославакия мен Эфиопияға репарация төлеу қарастырылды. Германия, Австрия және Жапомиядағы оккупациялық режим. Ялта жене Потсдам конференцияларында АҚШ, КСГО және Англия Германия капитуляцияланған сон ұзақ уақыт оккупациялауға келіскен болатын. Оккупацияның мақсаты Германияны қарусызданд қыру, демилитаризациялау және денацификациялау болды, соның ішінде оның қарулы күштерін жойу. фашистік партиялар мен фашистік ұйымдарды жойу, герман саяси өмірін демократнялық негізде қайта-құруға дайындық жасалды. Германия территориясы 4 оккупациялық зонаға бөлінді: Шығысы-Кеңестік, солтүстік-батысында - ағылшын, батысы-француз және оңтүстік-батысы-американ зонасына бөлінді. Кеңестік зона территориясында орналаласқан Германияның астанасы Берлин де Кеңес, ағылшын, француз, американдық 4 секторға бөлінді. Германиядағы жоғарғы билік одақтастар әскери басшысы, әрқайсысы өз зоналарында жүргізді. Германияға қатысты барлық мәселелер оккупациялық әскердің басшыларынан тұратын Бақылау Кеңесінде қарастырылды. Берлиннің барлық басшылығын төртжақты одақаралық комендатура басқарды. Бақылау Кеңесі мен одақаралық комендатура бірауыздылық принцпін ұстанды.

Австрия 1938-1945 ж. ж. Германияның құрамында болғандықтан ол да оккупацияға ұшырады. Германия сияқты Австрияны да 4 оккупациялық зонаға бөлді Кеңес, а. ылшын, француз, американдық. Австриядағы жоғарғы билікті АҚШ, КСРО, Англия және Франция өкілдерінен тұратын Одақтык кеңес жүргізіді.

Әскерді демобилизапиялаумен бірге өнеркәсіпті бейбіт өмірге көшірді, баға мен жалакыны бақылауға алу өзгертілді, экономиканы іскери бақылау жойылды. АҚШ үкіметі соғыс кезінде тұрғызылған көптеген мемлекетгік кәсіпорындарды жеке меншік иеліктерге сатты.

Әскери қиратулар салдарынан, жұмыс күшінің жетіспеуінен өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы Батыс Европадағы соғыстан кейінгі жылдары соғысқа дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. 1946 жылы Европаның капиталистік елдерінің өнеркәсіп өнімдері соғысқа дейінгі денгенінің 70 пайызын, ауылшаруашылығында 77 пайызын құрады. Ең аллымен женілген еллер, әсіресс Жапония мен Германия экопомикасы зардап шекті. Олардың өнеркәсіп өндірісі соғыска деңгейінің 1/3 дейін де жетпеді. Европалық елдердің көпшілігінде карточкалық жүйе сақталды, азык-түлік, баспана, өнеркәсіп өнімдері жетіспеді. Тек 1949 жылы капиталистік Европанын өнеркәсіп және ауылшаруашылық ендірісі соғыска денгейіне жетті.

Кеңес Одағы да әскерлерінің негізгі бөлігін демобилизациялады, оларды жұмыспен қамтамасыз етуге, халық шаруашылығын қалпына келтіруге күш салды. КСРО-ға алдыңғы әскери тұтқындар мен қоныс аударылған 5, 2 млн. адам репатриацияланды, бірақ олардың көпшілігі оккуланттармен қатынасы бар деген күдікпен лагерьлерге айдалды. КСРО-ның соғыстан ауыр зардап шеккен бірқатар аудандарында ашаршылық етек алды.

Экономиканы қалпына келтіруге бірнеше жыл кетті. КСРО үкіметі ауыр өнеркәсіп пен энергетика, транспортты дамытуға үлкен қаржы жұмсады. 1947 жылы карточкалық жүйе жойылды. 1948 жылы КСРО өнеркәсіп өнімі соғысқа дейінгі дәрежесіне жетті, бірақ соғысған қираған ауылшаруашылығы елдің қажеттілігін өтей алмады. Тұрғындардың өмір сүру дәрежесі төмен к-үйінде қалып қойды. Көпшілік адамдар нашар киініп, коммунальдық үйлерде, барактар мен жертөлелерде тұрып жатты.

Тоталитарлық режим толық сакгалды, Сталиннік жеке басына табыну күшейіп, кецес үкіметіне жаулығы бар делінген күдіктілерге, алдыңғы әскери тұтқындар мен КСЮ-нын жаулап алынған жерлерінін азаматтарына жаппай репрессия жүргізілді.

Соғыстан зардап шеккен Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдері Кеңес Одағының жан-жақты көмегіне арқа сүйеді, бірақ шаруашылығын қалпына келтіруге ұзақ уақыт кетгі. Инфляция, ашаршылық, кедейшілік етек алды. Тек 50 жылдардың басында ғана олардың өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы соғысқа дейінгі децгейіне жетті, бірақ барлық салада емес.

АКШ, Канада сонымен бірге Латын Америкасы сиякты соғыстан зардап шекпеген елдердің экономикасы қолайлы жағдайда дамыды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Европа мен Азия елдерінде өнеркәсіп және азық-түлік тауарларына сұраныс артып, американдық мемлекеттср өнеркәсібі үшін, әсіресе дүниежүзіндегі ең ірі өнеркәсіп егесі Америка Құрама Штаттары үшін үлкен халықаралық рынок қалыптастырды. АҚШ-тың ішкі рыногының көлемі тұрғындардың ақшалай кірісінің көбейуіне байланысты айтарлықтай өсті. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі мен даму дәрежесінің нәтижесінде АҚШ барлық басқа елдерді басып озды. 1948 жылы АҚШ өнеркәсібі соғысқа дейімгі дәрежесінен 78 % -ке өсті. АҚШ сал кездегі капиталистік елдер ішіндегі өнеркәсіп өнімінің 55 %-ін өндірді, ал дүниежүзілік алтын корының 75 %-ін өз қолында ұстады. Алдын Англия, Франция, Германия, Жапония тауарлары өтетін рыноктарға американ өнеркәсібінің тауарлары енді.

Капиталистік дүниедегі II орында Англия болды және капиталистік елдерде өндірілген өнімнің 12 % құрады, одан сон Франция (4 % жуық) және басқа капиталистік елдер тұрды.

АҚШ-тың күшейуі жана халықаралық валкла-қаржылық қатынастар жүйесінде нығайа түсті. 1944 жылы Бретгон-Вудс (АҚШ) каласында БҰҰ-нын ақша-қаржы мәселесінде конфереициясы отіп онда Халықаралық Валюта Қорын (ХВҚ) және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі құрылды. КСЮ және оның одақтастары бүл ұйымдарға кірмеді. Ұйымға тск калиталистік елдер мүше болды.

1947 жылы 23 капиталистік мемлекеттер (АҚШ, Англия, Франция, Канада) Сауда және төлемдер туралы басты келісімге қол қойды, онда қатысушылар арасындағы кедендік төлемдерді төмендету және сауда мәселелері жөнінде тұрақты Кеңесіп отыру қарастырылды.

Соғыстан кейінгі жағдайда екі палисті әлем қалыптасты, оның Орталық. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Европа елдеріндегі революциялық қайта-құрулар себеп болды. Фашизм талқандалғаннан кейін жеті елде Албания, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехославакия. Югославия (сонымен бірге Шығыс Германия және Солтүстік Корея) - елдерінде халықтық-демократиялық мемлекеттер құрылып, капиталистік емес даму жолына түсті. Бұл елдерді Кеңес әскері азат етті. Олардың территориясында (Албаниядан басқасында) Кеңес әскерлері орналасты. Ялта келісімі бойынша олар КСРО ықпалына енетін еді, олардың заңды және іс жүзіндегі жағдайы әртүрлі болады.

Ұлыбритания үкіметі Азиядағы алдыңғы бірқатар отарларына өзін-өзін басқаруға немесе тәуелсіздік беруге келісім берді, бірақ Британ империясы (Британдық ұлттар достастығы деген ат алды) көлемінде олармен тығыз байланыс жасау ниетін білдірді. 1947 жылы І5-шілдеде Англия діни белгілеріне қарай Үндістанды екі мемлекетке - Үндістан және Пакистанға бөліп, олардың әрқайсысына даминион (яғни өзін-өзі басару құқығы) статусын берді. Пакистанға мұсылман тұрғындары бар аудандар, ал Үндістанға индуизмға табынушы тұрғындары бар аудандар берілді. Алғашқы тәуелсіз Үндістан үкіметінің басшысы үнді ұлт-азаттық қозғалысының белгілі көсемі Д. Неру болды, ал Пакистан үкіметін - Мұсылман лигасының көсемі Лиакат Али Хан басқарды. 1950 жылы Үндістан даминион статусынан бас тартып, өзін республика деп жариялады. 1956 жылы Пакистанда Ислам республикасы жарияланды.

1948 жылы қаңтарда ұлт-азаттық қозғалыстың күшімен Ұлыбритания Бирманың тәуелсіздігін мойындады, артынша Бирма Британдық ұлттар достастығынан шығып кетті. 1948 жылы февральда алдын Үндістан отарының құрамында боған Цейлон аралы (қазіргі Шри Ланка) даминнон құқығын алды.

Ағылшын отарларымен бір қатарда француз голлан отарлары да тәуелсіздік ала бастады. 1946 жылы Франция Сирня мен Ливанның тәуелсіздігін тануға және ол елдерден әскерін әкетуге мәжбүр болды. 1947 жылы Голландия тек елдің бір бөлігіндегі бірнеше аралдарда өмір сүріп отырған Индонезия республнкасын мойындады. Индонезияның қалған бөлігін өз бақылауында ұстауға тырысқан голлан әскерлері оккупациялады.

Отаршылдық соғыстар. Батыс державалары отарлардың бір бөлігіне тауелсіздік бере отырып, бір балігін қару күпшки ұстап қалуға тырысты. Голландия, Франция, Англияның билеуші топтары өздерінің алдыңғы отарларында Индонезия, Малая, Үндіқытай түбегінде соғыс қимылдарын бастап, ұзаққа созылған, қантөгісті отаршылдық соғыстары басталды.

1947 жылдың жазында голлан отаршылдары Индонезия үкіметіне Голландия шешуші роль атқаратын федеральды бірлескен голлан-индонгезиялық үкімет құру, сонымен бірге национализацияланған кәсіпорындарды тез арада қайтаруды талап еткен ультиматум қойды. Индонезия ультиматумнан бас тартысымен, Индонезиядағы Голландия әскері 2 жылға созылған әскери қимылдарын бастап жіберді. Тек 1949 жылы индонезия халқының жаппай қарсылығы мен дүниежүзілік қауымдастықтың қоғамдық пікірінің нәтижесінде Голландия Индонезияның тәуелсіздігін таныды.

Малаяда ағылшын әскерлері халықтық антижапондық әскерді қарусыздандырды. Малаялықтар үзілістермен он жылға созылған партизан соғысын бастады. Тек 1956 жылы ағылшын үкіметі бұл елдің тәуелсіздігін тануға дайын екенін мәлімдеді. Малая тәуелсіздігін ресми түрде тек 1957 жылы тамызда жарияланды.

Отаршылдық соғыстар ішіндегі ең қантөгісті және ұзаққа созылғаны француздардың Вьетнам, Лаос, Камбоджа орналасқан Үндіқытай түбегіндегі жүргізген соғысы болды. Соғыс 1946-1954 жылдары 8 жылға созылды. Соғыс барысында отаршылдар бейбіт тұрғындарға қинау, өлтіру, жаппай зорлық-зомбылықтың түрлі тәсілдерін қолданды. 1949 жылы француз үкіметі Вьетнам, Лаос, Камбоджаға "Француз Одағы көлемінде тәуелсіздік" беретінін мәлімдеді. Бұл мемлекеттер "өзін-өзі басқару" құқығын алды, бірақ француз әскерлері олардың территориясында қалды, әскери күштері мен сыртқы саясатын бақылауында ұстады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының дамуы
АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
Уистон Черчилльдің қоғамдық саяси өмірі
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
1945-1980 ж.ж. Жапонияның экономикалық дамуы
Фашистік қозғалыстың пайда болуы, а.гитлердің үкімет басына келуі
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда
Бекмахановтың ісі
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары және салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz