Тарихи демографиялық болжамдар



1. Халық санағының перспективалық міндеттері
2. Демографиялық болжамның әдіс.тәсілдері
3. Демографилық болжамдардағы көші.қонның үлес
салмағы
Әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты стратегиялық жоспарлау барысында демографиялық болжамдардың атқаратын рөлі зор. Мысалы, Ұзақ мерзімді жоспар жасағанда халықтың өсуін демографиялық болжам арқылы мемлекеттегі жалпы халықтың саны, әсіресе халықтың еңбекке жарамды топтарының саны мен денсаулығы, білімдік дәрежесі мен біліктілігі, жынысы мен жас ерекшеліктері ескеріледі. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық жоспарлау арқылы халықтың материалдық жағдайының жоғары болуына әсер етеді.
Ең алдымен, халықтың саны мен отбасы мүшелерінің саны және типін анықтап алу қажет. Әрбір отбасыда орта есеппен неше бала бар екендігін есептеп шығары керек. Келешекте бір, екі және одан да көп балалы отбасылар бөлек алынады. Демографиялық болжам жасаудың тәжірибелік маңызы зор. Мысалы, халық санының алдағы өсімін ескермеу, ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балалардың өсу қарқынын білмей, балалар бақшасы мен мектепті жоспарлау барысында көптеген қиындықтар туғызады (қазіргі кездегі мектептердің екі, үш ауысымда оқып жатқандығы ұзақ мерзімді болжамдардың дұрыс жасалмағандығынан деп білеміз).
Ал, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыру мәселесімен шұғылданып жүрген иарнайы ұйымдар демографиялық болжам арқылы келешекте зейнеткерлікке шығатын адамдардың санын ескеріп, сол арқылы мемлекеттік бюджеттен қажетті қаржы бөлдіреді. Медициналық көмек көрсету салалары мен білім беруге қажетті мамандарды дайындауға жаңа ғимараттар салу үшін де халықтың болашақтағы санын болжауды қажет етеді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тарихи демографиялық болжамдар

8.1. Халық санағының перспективалық міндеттері
8.2. Демографиялық болжамның әдіс-тәсілдері
8.3. Демографилық болжамдардағы көші-қонның үлес
салмағы

Тарихи демография пәні туралы негізгі ұғымдар: халықтану, туылу, туылудың жалпы коэффициенті, өлім, өлімнің жалпы коэффициенті, дамеографиялық жарылыс, демографиялық саясат, тарихи демография, аймақтық демография, халықтың табиғи өсімі, депопуляция, көші-қон, отбасы және отбасын жоспарлау, еңбек және өндіргіш күштер.

Тарихи, әлеуметтік-демографиялық болжамдар

Әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты стратегиялық жоспарлау барысында демографиялық болжамдардың атқаратын рөлі зор. Мысалы, Ұзақ мерзімді жоспар жасағанда халықтың өсуін демографиялық болжам арқылы мемлекеттегі жалпы халықтың саны, әсіресе халықтың еңбекке жарамды топтарының саны мен денсаулығы, білімдік дәрежесі мен біліктілігі, жынысы мен жас ерекшеліктері ескеріледі. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық жоспарлау арқылы халықтың материалдық жағдайының жоғары болуына әсер етеді.
Ең алдымен, халықтың саны мен отбасы мүшелерінің саны және типін анықтап алу қажет. Әрбір отбасыда орта есеппен неше бала бар екендігін есептеп шығары керек. Келешекте бір, екі және одан да көп балалы отбасылар бөлек алынады. Демографиялық болжам жасаудың тәжірибелік маңызы зор. Мысалы, халық санының алдағы өсімін ескермеу, ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балалардың өсу қарқынын білмей, балалар бақшасы мен мектепті жоспарлау барысында көптеген қиындықтар туғызады (қазіргі кездегі мектептердің екі, үш ауысымда оқып жатқандығы ұзақ мерзімді болжамдардың дұрыс жасалмағандығынан деп білеміз).
Ал, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыру мәселесімен шұғылданып жүрген иарнайы ұйымдар демографиялық болжам арқылы келешекте зейнеткерлікке шығатын адамдардың санын ескеріп, сол арқылы мемлекеттік бюджеттен қажетті қаржы бөлдіреді. Медициналық көмек көрсету салалары мен білім беруге қажетті мамандарды дайындауға жаңа ғимараттар салу үшін де халықтың болашақтағы санын болжауды қажет етеді.
Демографиялық болжам процестері өзінің зерттелу әдістері жағынан негізгі екі топқа бөлінеді:
Бірінші тобы, бұл жалпы халықтың болжамы. Демографиялық болжамның бұл тобы - халықтың тууы мен өлімі арасындағы құрылымдық белгілерді зерттейді. Бірақ, бұған көші-қонның әсері қосылмайды. Осы іспетті жалпы демографиялық негіздемелерді қарастырады.
Екінші тобы, мемлекеттің жекелеген аймақтарында халықтың өсу болжамын қарастырады. Бұл топтағы демографиялық болжам туу мен өлім, көші-қонның әсерін және көшіп келген мигранттардың жас ерекшеліктерін, білім деңгейін, жынысын есепке алады. Себебі, көші-қонмен келген мигранттар халықтың жалпы жасы мен жынысына әсер етеді. Осы негізде туу мен өлім арасында да бұрынғы болжадарды өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, қазіргі кездегі Астана қаласында халық санының күрт өсуі әлеуметтік мәселелерді шешуде алдағы уақытқа көптеген проблемалар қойып отыр.
Көшіп келгендердің басым көпшілігі жастар болғандықтан, халық санының өсуі, яғни туу көп бола бастайды. Бұл мәселе халық арасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мен медициналық көмек көрсетуде де біршама қиындықтар туғызады.
Демографиялық процестерді болжауды үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші, қысқа мерзімді болжамдар. Бұл болжам бес жылға дейінгі кезеңге жасалады. Ауылдар мен аймақтардағы халық шаруашылығы мен экономикалық дамуды есепке алу үшін қажет. Себебі, бұл болжам әлеуметтік-экономикалық дамудың диспропорцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ қысқа мерзімді болжамда мигранттарды есепке алу барысында алшақтықтар кездесіп отырады.
Екінші, орта мерзімді болжамдар. Бұл болжам 30 жылға дейінгі бір демографиялық ұрпақтың кезіне жасалады. Осы кезеңдегі туу мен өлім процестері нақты есепке алынып болжам жасалады. Жұмысқа жарамды халықтың бөлігі, қабаты есептеліп отырады. Шет елдерден көшіп келетін мигранттар көп орналасатын аудандар есепке алынады. Демографиялық болжамның бұл тобы ұзақ мерзімді кезеңге болжам жасауға мүмкіндік береді.
Үшінші, ұзақ мерзімді болжамдар. Негізінен 30 жылдан 60 жылға дейінгі уақытқа жасалады. Болжамның бұл түрі көбінесе қате болжам болуы ықтимал. Себебі, жекелеген елдердегі көші-қон, соғыс, табиғи апат, т.б. нәтижесінде туу мен өлім процесі өзгеруі мүмкін. Мысалы, БҰҰ бір болжамында 2075 жылы жер шары халқының саны 8,2 млрд адам болады делінген. Ал кейінгі болжамдар 12 млрд болатындығын айтады. Болжам жасауда экономикалық және экологиялық проблемалар есепке алынуы керек.
Жалпы болжамдар жасау халықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси өміріне тікелей байланысты. Әрбір халықтың келешек даму перспективалары осы болжамдармен келешек жоспарын жасауда үлкен рөл атқарады.

Демографиялық болжамның қазіргі заманғы әдіс-тәсілдері

Ерте кезден демографиялық болжам жасауда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып келеді. Бірақ, көпшілік әдістер қате ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Қазақ халқы мың өліп, мың тірілген халық
Қазақстанның демографиялық жағдайын бағалау
Демография пәніне кіріспе
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Демографиялық саясат жайында
Халықтың демографиялық толығуы мен өсуі. аурушаңдық денсаулықтың сипаттамасы ретінде
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Пәндер