Ғылыми-техникалық прогресс: жоғалтқанымыз және ұтқанымыз


Ғылыми-техникалық прогресс: жоғалтқанымыз және ұтқанымыз
1. Бірінші және екінші ҒТР: нәтижелері, проблемалары
2. Постиндустриялық өркениет : утопия ңемесе ақиқат
Студенттерге тарих ғылымының методологиясындағы жаңа категориялық ұғым болып қалыптасып отырған ұзын толқындар теориясын постиндустриялық қоғаның негізгі қозғаушы ғылымы екендігін тусіндіру.
К. Поппер (1902-1994) әрбір мезеттегі технологиялық мүмкіншіліктерге байланысты болып келетін жалғыздылық талабына сезімділік критерийін қайта қалыптастырды. “Ғылыми жаңалық логикасы” еңбегінде К. Поппер эмпирикаық қондырғы туралы тэзисін негіздейді. Бұл қондырғы бойынша, білімнің өсуі үшін айқын түйіндер мен ұсынылатын тұжырымдарды өте дәл эмпирикалық тексеру қажет. . Поппердің айтуынша, жалпы тұжырымдарды негіздеу үшін дедуктивті тексеруге жүгіну қажет. Бұл үшін ұсынылған тұжырымнан туындайтын эмпирикалық салдарлар тексеріледі. Бірақ бұл жерде біз жалпы тұжырымды түйіндеу мәселесін оны негіздеу мен тексеру мәселесінен бөліп алуымыз керек. Бұл жағдайда алынған айғақтық мәселелерді эмпирикалық ғылымдарға жатқызамыз, ал жалпы мәселелерді зерттеу логика арқылы түсіндіреміз. Зерттеу барысында дәлелденуі ең қиын деген болжамның тексеру тәсілдерін тауып алуымыз керек. Егер гепотиза (болжам) мұндай тексеруден қалыпты өтсе, онда оны дәлелденген деп қабылдауға болады, бірақ бұл нәтиже онан әрі теріске шығарылуға, жалғандандырылуға дайын. Өз позициясын Поппер “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Поппердің пікірнше, ғалымдар бірдемені үйрену үшін ашық және еркін рационалдық пікір-талас қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымның теріске шығару тәсілдерін табуға да, қарсыласы көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Ашық пікір-таласта ақылды орынды пайдалану - міне, осы рационализм болып табылады. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” кітабында Платон, Маркс идеяларын догматизм ретінде сынап, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге ұмтылыс жоқ деп санайды. Поппер ақиқатқа монополия жасауға қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералдылық позицияларын ұстанады. Поппер өзінің “Тарихилық жұтаңдығы” деген тағы бір еңбегінде әлеуметтік болжамдарға қарсы өзінің негізгі қағидаларын дәлелдеп, холистік жорамалдарға талдау жасайды. Поппер бастапқы болжамдарға түзету енгізе отырып, салдарларды зерттеу және оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашақ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық қоғам туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкін емес. Философтың пікірінше, нақты реформалар жүргізу барысында біздің жоспарларға түзету енгізу мен тексерілген құралдар арқылы кезеңдерге бөліп өзгерістер жасауға болады.
Теріске шығару туралы Поппер тезисін Т. Кун (1927-1996) өзінің “ғылыми қызметтің тарихи-ғылыми көзқарасы” деген идеясы арқылы сынға алды.
Кунның анықтауынша, әлем картинасында оның мынандай маңызды компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы және ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша, парадигма - бұл тексерілетін ғылыми гепотиза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Ғылымның қалыпты дамуы - бұл шынайылығы күмән туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғалымның проблемалармен жұмыс істеу кезеңі. Ғылыми революция - бұл ғылыми зерттеулер барысында, оның кейбір мәселелерін пайымдау нәтижесінде оның жалпы жиынтығын өзгерту қажеттілігі туындайтын кезең. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту, Кунның сипаттамасы бойынша, секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе бірнеше парадигмаларды салыстырғанда олар бір-біріне сәйкес келмейді. Сонымен қатар, пайда болған ғылыми революцияны бағалайтын және оны ғылыми үдеріс ретінде аяқталған нәтижесі деп анықтайтын ешқандай да бейтарап позиция жоқ. Мұндай жағдайда ғылыми тұжырымның шынайылығы мен жалпы маңыздылығы нақты бір парадигмаға бағынышты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz