Қазіргі қоғамдағы маманның ролі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақ . Қазіргі қоғамдағы маманның ролі.

Мақсаты: Келешек ұрпақтың заман талабына сай болуын студенттерге

ашып көрсету, мысалдармен түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: педагогика, ғылым, техника .

Әдістемелік нұсқаулар: Педагогика- қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығын көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым.

Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.

Тәрбие мен білім беру аймағы қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның өкілетті дамуы, әрқашан әрбір адамның кең көзқарасын тудырады. Иә және жалпы кез-келген адамлның біліміне тәуелсіз, бәрімізге белгілі, бәрібір педагогикада өзін маманмын деп есептейді. Жоғары білім берудің басты міндеті- студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер және көптеген басқа мамандар айналысады. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Әлем қаншалықты көпқырлы, соншалықты әртүрлі және педагогикалық дәстүрлі.

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастылру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да жғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады.

Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек.

Тапсырма : Тұлға теориясының негізгі концепциялары туралы конспект.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Әбдіғапарова А. Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетіндегі өзін- өзі тануы. Алматы 207

2. В. А. Кан-Калик «Учителю о педагогическом общении» 1987

Практикалық сабақ . Болашақ маманның кәсіптік бағдар беру жүйесі

Мақсаты: кәсіптік диагностика жүйесіне қатысты ұғымдарды жете түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіби кеңес беру

Әдістемелік нұсқаулар: Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіби кеңес беру, кәсіпті іріктеу, кәсіпке бейімделу кіреді. Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың қабілетін ынтасын және дайындығын анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып журналы) шығармашылық жұмыстарын талдау, практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, жанұяда, еңбекте) зерттеу, әңгіме- интервью; педагогикалық эксперимент тесттік жүйелер; жинақтау әдісі.

Кәсіби кеңес беру мақсаттары : таңдаған мамандыққа, болашақ маманның денсаулығының сәйкестігін анықтау; болашақ маманның тандаған мамандықты игерудегі психофизологиялық дайындығын білу; еңбекке орналасуы

жөнінде ақпарат алу.

Кәсіптік білім беру -бұл кәсіптік өзі тағдырын өзі шешудс студеттердің бойындағы жеке қасиеттерін, қабілеттін, мүмкіншілігін дамыту. Осы орайдан қарастырғанда студенттердің ынтасының, бейімділігінің, жалпы және динамикасына көңіл аударылуы қажет.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып болашақ маман тұлғасын дайындаудың маңызды да өзекті мәселе екені анық. Осы себептен болашақ маман даярлау ісіне мұкияттылық пен терең білімділікті талап етеді. Дұрыс таңдалған мамандық -жарқын болашағымыздың кепілі.

Тапсырма : Кәсіпті іріктеу, кәсіпке бейімделу тақырыптарына конспект.

Қолданылған әдебиеттер :

1. Әбдіғапарова А. Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетіндегі өзін- өзі тануы. Алматы 2007

2. В. А. Кан-Калик «Учителю о педагогическом общении» 1987

Дәріс. Болашақ маман түлғасының жан- жақтылығы - оның

дамуының мазмұнды көрсеткіші.

1. Дүниетаным ұғымы

2. Дүниетаным құрылымы

3. Дүниетаным міндеттері

Мақсаты: Болашақ мамандардың дүниеге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар: Дүниетаным, сенім, гуманизм т. б.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму корсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады.

Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керск. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмірінің айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.

Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нүрлана түседі. . Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші - сенім. Сенімнің тұрақтылығы мен нақтылығы болашақ маман дүниетанымының қалыптасуына негіз болады. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның барысында жеке козқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады жөне жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.

2. Дүниетаным құрылымы

Дүниетаным

Объективтік топтар Субъективтік топтар

- Ғылыми білім жүйесі - Көзкарас / Арман

- Сенім / Құндылық

Дүниетаным құрылымының түрі:

ағартушылық - ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін анықтайды да ағартушылық сананық қалыптастырады. Ол философиялық принциптер методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады.

тәрбиелілік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды талап етеді.

дамытушы - дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани қозғалыс әсері ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатыр.

ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында қолайлы позиция болып табылады.

болжамдық - ғылыми дүниетаным ғылыми теориямен тәжірибенің меңгеру тенденциясын айқындай отырып, бүгінгі мен болашақты құру идеясын алға жылжытады.

тәрбиелік мақсат - баланың түлғалық қүрылымының тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа, қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез-құлық пен ерік-сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.

3. Дүниетанымның міндеттері:

• ғылыми көзқарастармен сенімдердің қалыптасуы

• ғылымға қарсы козқарастарға сын қатынастардың қалынтасуы

• интелектуалдық сезім мен диалектикалық ойлаудың дамуы

• өзіндік сенімдерді топтастыру барысындағы қатал еріктің пайда болу мүмкіндігінің дамуы

Осы барлық міндеттердің шешімі өнегелі, мәдени, экономикалық және экологиялық тәрбиелер нәтижесінде сараланады. Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, болашақ мамандардың дүниетаным аймағының қалыптасуында үлкен рөлге ие бола отырып, олардыц ары қарай нағыз кәсіпті, білікті маман болуына көмектеседі.

Дүниетанымы жоғары, дүниеге көзқарасы кең адам әр уақыттада өзінің мамандығына адал, біліктілік, кәсіби деңгейі жоғары, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік болары анық.

Тапсырма: Кәсіби білім беретін оқу орындарындағы болашақ маманның даярлығының сапа керсеткіші ретінде негізделген

Д. В. Чернилсвский мен О. К. Филатов еңбектерін қарастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Педагогика», АГУ. Алматы 2002ж

2. «Философия» Жарықбаев

3-Практикалық сабақ. Мамандық және мамандардың көсіби бағыты бойынша маман даярлау жүйесі.

Мақсаты: кәсіби білім беру қажеттігін студенттерге жете түсіндіру, оны бүгінгі заман талабымен салыстыра отырып талқылау.

Негізгі ұғымдар : кәсіптік ақпарат, маман, біліктілік, тұлға.

Әдістемелік нұсқаулар : Мамандық және мамандардың кәсіби бағыты бойынша маман даярлау жүйесінде кәсіби білім беру қажеттілігі туындайды. Кәсіби мамандарды қалыптастыруда қүқықтық мәдениет, компьютерлік іскерлік, шет тілі білімі, экономикалық мәдениет, ынтымақтастық, құрылымдық қатынасы жөне жүйелі ойлауға қабілеттілігі, техникалық даярлығы қажет. Кәсіби білім берудің дамуы және тұлғалық қажеттіліті төмендегідей бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

• тұлғаның білім алу кажеттілігін канағаттандырудағы кәсіби білім беру ролінің артуы

• білім берудің әралуанлылығының тиімді түрін іздеу және таңдау;

• оқу орындары ұсынатын қосымша білім беру қызметі саласының дамуы;

• сәйкес мөлшерлік-құқылық база және психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуді қалыптастыру арқылы студенттердің өз бетімен білім алу жолына жағдай жасау;

• оқыту мен оқудың тәсілі мен жүйесін дамыту:

Кәсіптік білім беру кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру - бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушылардың білімін қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру негізіндс қалыптастыру. Кәсіпік білім беру процесінде жастардың кызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, т. б қасиеттерін еске алу керек.

Маман даярлау ісінің сапасын арттыру -- үздіксіз білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі негізгі мақсат кәсіби білім беріп студенттердің біліктерін қалыптастыру мсн шектелмейді. Қоғамға керегі - өз ісін тиянақты меңгерген маман ғана емес, рухани дүниесі бай, кемелденген, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болған, әлеуметтік жауапкершілігі мол өз басының қадірін түсінумсн қатар өзгелерді де қадірлей білетін азамат, тұлға дайындау.

Тапсырма: « Білікті маман болу-заман талабы» атты эссе жазу.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Әбдіғапарова А. Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетіндегі өзін- өзі тануы. Алматы 2007

2. В. А. Кан-Калик «Учител о педагогическом общении» 1987

Практикалық сабақ. Болашақ маман тұлғасының кәсіби дайындығының ғылыми және әдістемелік жүйесі.

1. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы өзін-өзі білімдендіру мен тәрбие ролі.

2. Адамның дамуындағы ішкі негізгі факторлар.

Мақсаты: Болашақ маманның білікті маман болуына ғылыми және әдістемелік жүйінің әсері туралы мәліметтерді түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: ғылым, педагогикалық жүйе, әдістемелік оқыту .

Әдістемелік нұсқаулар:

• жалпы- ғылыми және қоғамдық- саяси пәндерді оқыту жүйесі:

• педагогикалық оқыту жүйесі;

• психологиялык оқыту жүйесі;

• әдістемелік оқыту жүйесі;

• студенттердің дүниеге таньмдық көзқарасы туралы білімі мен біліктерін қалыптастыру;

• студенттердің жалпы педагогикалық білімі мен зерттеу біліктсрін калыптастыру;

• студенттердің жалпы психологиялық білімі мсп танымдық біліктеріп қалыптастыру;

• студенттердің жалпы әдістемелік білімі мен біліктерін қалыптастыру;

Сонымен қатар болашақ маманның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда тәрбие жұмысына ерекше назар аудару қажет.

1. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы өзін-өзі білімдеңдіру мен тәрбиенің ролі.

Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Аға үрпақ өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Жас кезінде қалыптасқан әдет, дағды т. б. қасиеттер бала болашағының негізі. Жас баланың жеке тұлғаға жетем дегенге шейін қаншама тәрбиелік ортаны, қарым-қатынас пен адамдар ықпалын бастан кешіреді. Сондықтанда бала өмірінде, тәрбиесінде үлкен маңызға ие балабақша, мектеп, университет сияқты орталарды дұрыс таңдау қажет. Тұлғаның қалыптасуы педагогикалық құбылыстың бірі болып табылады. Өзіндік тәрбиенің мәні субъектінің тәрбиеге араласу нұсқауларындағы әлеуметтік-мәдени үлгі ретінде тәрбиеленушінің өзі ғана бола алады.

Жеке адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Өзін -өзі тәрбиелеу, өзін - өзі білімдендіру, қайта тәрбиелеу болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда ерекше орынға ие.

Адамның дамуындағы ішкі негізгі факторлар

Өзін-өзі тәрбиелеу

Бұл үрдіс адамның өткен ұрпақ арқылы тәжірибесін меңгеру және ішкі факторлардың дамуын қамтамасыз ету

Өзін-өзі білімдендіру

Бұл жүйе іштей өзін-өзі ұйымдастыруды ұрпақ тәжірибесі арқылы меңгеру және өзіндік дамуға бағыттау

Өзін-өзі оқыту

Бұл үрдіс адамның ұрпақ тәжірибесі арқылы өз бетінше талаптануы және олардың өзіндік құрылымын таңдауы.

Өзінің түлғалық сапасын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатында оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас барысында жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог — психолог қызметінің ғылыми педагогикалық негіздері
Ұлттық сананы қалыптастыру
Әлеуметтік жұмыскердің маман ретінде қалыптасыуындағы этикалық сапалары
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру
Кәсіби мотивация және жас мамандардың кәсіби мотивациясының ерекшеліктері
Әлеуметтік қызметкердің этикалық нормалары
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогика пәнінен дәрістер кешені
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz