Өлкені индустрияландыру саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Өлкені индустрияландыру саясаты.

Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.

Республиканың халык шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-нажетті.

• 1925 жылғы желтоқсан - БК(б) П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру - халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудын 1-бесжылдығымен (1928-1932ж. ж. ) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты:

• Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.

• Байланыс және тасьшал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.

• Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар.

• Жергілікті мамандардың жетіспеуі.

• ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.

• Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.

• Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.

Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығынын басымдылығы (84, 4 %) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекші-лердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:

- Өлкенің техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою.

- Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру.

Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф. И. Голощекиннің (1925-1933ж. ж. ) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан "Кіші Қазан" төңкерісін жасау қажет" деген идеясын үхынды. Оның бағыты қарсылыкка ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

"Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты:

- Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту.

- Өлкені шикізат базасы ету.

Голощекин бұл қағидасын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов "Кіші Қазан" бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:

- Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.

- Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:

• "Түйеден социализмге" өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды.

• Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді.

• Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес.

Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді.

С. Сәдуақасов пен Ж. Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары "ұлтшылдық көрініс" деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек корының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер "ұлыдержавалык шовинизм көрінісі" деп есептелді.

ә) Индустрияландыруды жүзеге асыру.

Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.

- Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп, "ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы" деген тұжырым жасады.

- Академик И. М. Губкин Орал-Ембі мұайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.

- Инженер-геолог К. И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.

• 1927 жыл - Түркістан - Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды.

• В. С. Шатов - құрылыс бастығы.

• Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмақов

-Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.

• РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894-1938жж) - РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М. Тынышбаев (1879-1937жж) енгізілді.

Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Қүрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды.

Түрксібтің ұзындығы 266, 5 шақырым болатын учаскелерінің бірі - Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол төселіп, 7 айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті:

• 1930 жылғы 28 сәуір - солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді.

• 1931 жылғы қаңтар - Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.

Түрксіб магистралы мемлекеттік және экономикалық маңызы:

- Орта Азия Сібір жалғастырылды.

- Елдің шығыс салынуының әлеуметтік аудандарымен аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті. Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен

шыңдау мектебі болды. Қатардағы жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді Т. Қазыбеков -"Қазақ-көлік құрылыс" тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен - металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары, кұрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары.

Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды:

• Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркэсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады.

• Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты.

• Мұлайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан кұрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды. Индустрияландырудың басты міндеті КСРО-ны машиналар мен жабдықтар әкелетін елден оларды өзі шығаратын елге айналдыру тұжырымынан (И. В. Сталин) қазақ өлкесі шет қалды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:

• Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

• Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркэсібі артта қалды.

• Таукен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

• Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 213 есе асып түсті. Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

- Шаруаларға үстеме салықтар салу.

- Республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау) .

- Одактық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. 1931-1934ж. ж. - 2млрд. 137 млн. сом.

- Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.

- Жазалау саясатын қолдану.

- Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану.

Индустрияландырудын Қазақстанға тигізген теріс әсері:

- Халық дәстүрі бұрылды.

- Қазақ шаруалары кедейленді және аштықка ұшырады.

- Лагерьлер жүйесі орнықты.

- Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды.

- Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

- Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды.

- Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.

- Жергілікті мамандар жетіспеді.

- Ұрбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді:

• 1930 жылдың аяғы - қала халқы- 29, 8%;

• 1939 жыл - қалада тұратын қазақтар- 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп)

• 1926 жыл - қазақтар 2, 1%, соғыс қарсаңында - қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда 16%-ғажетті.

Жұмысшы табы кұрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. 1928 жылы

- 19, 8%; 1935жылы - 43, %-ға өсті.

Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақгарын қамқорлыққа алды (Ленинград, Донбасс, Харьков т. б. ) .

Балқаш мыс балқыту комбинатының кұрьшысына Мәскеу құрылыс техникумының түлектері, метро кұрылысынан 750 маман мен жұмысшылар келді. 100-ге жуық қазақ жұмысшылары бетон құюшы мамандығын игерді. Донбасс шахтерлері Қарағандыны қамқорлыққа алды. Мамандар даярлауда индустриялы Орал көмектесті. Қазақ жұмысшылары Красноуральск, Среднеуральск комбинаттарында тәжірибе жинақтады.

Күшпен ұйымдастырудың ауыр зардаптары салдарынан құрылысқа жарсқа келген көшпелілер индустриялық еңбекті уакытша кәсіп деп санап, келешекте далаға қайтып баруды армандады. Қазақ жұмысшылары үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері, техника үйрену үйірмелері ашылды.

Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Донбасстың жаңашыл забойшысы - Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

1935 жылғы желтоқсан-республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, С. Өтебаев, Б. Нұрмағамбетов, З. Табылдинова, А. Сафин. Стахановшылар қозғалысы. Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30% -ы - шаруалар. Қазақстан жұмысшы табының ұлттық кадрларын даярлау толығынан шешілмеді, олар әлі де қалыптасу үстінде еді. Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:

- Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы.

- Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі.

- Ұлттық жұмысшы табының құрылуы.

- Инженер-техникалық зиялшардың қалыптаса бастауы.

- Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.

- Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды.

-Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. С. Садуақасовтың "Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды" деген сөзін индустрияландырудың машина жасау саласының жоқтығы, энергетикалық базаның артта қалуы, республикадан металл, мұнай, көмір, фосфоритті алуы, қорғаныс өндірісінің болмауы дәлелдейді.

Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.

Ұйымдастыру қасіреті

а) Ұжымдастыру қарсаңында.

Жаңа экономикалық саясат нәтижесінде кооперативтік қозғалыс дами түсті. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:

• Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.

• Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру.

• ТОЗ - жерді бірлесіп өндеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.

Шаруалар ұжымдастыру түрлерін тандағанда негізінен ТОЗ-ды қалады. 1927 жылғы 1 қазанда республикада кооперация шаруа қожалықтарының 23, 1%-ын қамтыды: 1074 тұтыну қоғамы (312-сі ауылдарда) 140 факторий (көшпелі халықтың ең қарапайым коорперативтік бірлестігі) 1072 үлсымдык шаруашылық орнап, 101 коммуна, 77 артель, 294 ТОЗ құрылды.

Қызыл отаулар сауатсыздықты жою, кедейлерді кооперативтерге тартуды ұйымдастырды.

ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40, 5 млн-ға жетті.

• 1925 жыл - Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын тандады.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1, 3 млн-ға шабындық және 1, 25 млн. ға егістік жерді тартып алды.

Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.

• 1928 жылғы қаңтар-ақпан - И. В. Сталиннің Сібірге сапары.

Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен коныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан - 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.

• 1928 жылғы 27 тамыз- «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды

Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұхтаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары- 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу занды бұзу арқылы жүзеге асырылды:

- Орташалар байлар қатарына жатқызылды.

- Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.

- Уәкілдер кедейлерді қорқыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.

- Қанаушы әлементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді.

Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру - бай-кулактарды тәркілеуден басталды.

ә) Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

• Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоқсан) . Негізгі ұстанымдар:

- Еріктілік.

- Дербестік.

- Материалдық мұлделілік.

- Ұйымдастыру сатыларына кезек-кезекпен өту.

ҚАКСР-де рқымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.

Қазақстанның астықты аудандарындағы қолхоздық құрылыстың негізгі формасы - ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы - жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мындықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды.

Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:

- Қатал жаппай қуғындаумен террорға негізделді.

- Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

- Әкімшілдік- күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

- Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде:

- Абыралы ауданында-70%;

- Жымпиты ауданында-60%;

- Жәнібек ауданында-95% шаруашылық ұйымдастырылды.

Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі есіп отырды:

• 1928 жылы-2%, 1930 жылғы 3 сәуір-56, 4%, 1931 жылғы қазан- 65%.

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жьшы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді:

• Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді.

• Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған) .

• Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.

Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Қолхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды:

• 1929 жыл- 56. 498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды.

• 1931 жыл- 5. 500 отбасы жер аударылды.

• 1929-1933 жылдар - ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі- 9. 805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына-3. 386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға- 13. 151 адамға үкім шығарды.

• 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды.

• Түлас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды.

1930 жылғы 30 мамыр - республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110. 000 га жер бөлді.

Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал қүтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан -колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51, 8% -ы малдан түгел айрылды. ¥жымдастыру қарсанында- 40, 5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4, 5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды:

• 1930 жылы- 313 мың адам;

• 1931 жылы- 755 мың адам;

• 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды.

• 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай қырылды.

1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: « . . . аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, мысық және алуан түрлі өлекселер желніп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде . . . ».

• 1932 жылғы шілде - аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер:

- Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.

- Байлар малды қырып тастауға тырысуда.

- «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.

- Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.

• 1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде кершілес өлкелерге көшушілер саны артуда:

• Орта Волгада- 40 мың;

• Қырғыз жерінде- 100 мың;

• Батыс Сібірде- 40 мың;

• Орта Азияда- 30 мың;

• Қарақалпақ жерінде- 20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.

Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:

• Ақтөбе облысында 1930 жылы- 1 млн. 12500 адам болса,

1932 жылы-725800 адамға кеміген (71%) .

• Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса,

1932 жылы - 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы калған.

Жаппай жазалау мен аштық әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті.

• 1930 жылғы қаңтар- 1931 жылғы маусым аралығы - 1 млн. 70 мың адам (281. 230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті.

Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.

Аштық зардаптары:

• 1930-1933 жылдары 2, 1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6, 2 млн. )

• Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.

1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ры жұт» ретінде енді.

б) Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық.

Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды:

- Қалалар мен құрылыстарға кету.

- Басқа аймақтарға, шетелге кешу.

- Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру.

- Қарулы отрядтар құру.

- Көтеріліске шығу.

1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті. Семей округі - халық наразылығының ірі ошағы. 1930 жылғы ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққара көтерілісі бандиттік- басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы-көтерісшілер ауданына айналды.

Көтерілісшілер талаптары:

- Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал-мүлкін қайтару.

- Дін бостандығы.

- Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу.

- Еріктілік ұстанымын сақтау.

- Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру.

Қарақұм кетерілісі Орынбордағы 8-дивизия күшімен талқандалып, 175 адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.

Созақ көтерілісі табандылығымен және шебе ұйымдастырылуы мен ерекшеленді (басшысы Жақыпов) .

Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Кетеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен аяусыз жанышталды. 311 адам қылмыстық жауапқа тартылып, 68-ін атуға, 152-сін 3-10 жылға енбекпен түзеу лагерьлеріне қамауға, 21-ін 3 жылға Сібірге айдауға, 10 адамды өлке аумағында 3 жылға жер аударуға үкім шығарды.

Күштеу әдісі мен жаппай рақымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты. 1931 жылғы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетінен түгел қырылды.

Республика аумағынан шетке қашу жиіледі:

• Түрікменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауған жеріне- Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын, аудандарының халқы;

• Қытай жеріне- Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекші қазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы кешіп кетті. Республика аумағында 372 толқұлар мен көтерілістер болып, оған 80 мын адам қатысқан.

Жазалау шараларының салдары:

- 1929-1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883-і атылды.

- Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Жазалау саясаты этноцид- халықты түгелге жуық қырып тастау болып есептеледі.

в) Ұжымдастыру қателіктерін реттеу жолдары.

• 1932 жылғы 17 қыркүйек - «Қазақстанның ауыл шаруашылығы, атап айтқанда мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылданды. Міндеттері:

1. Ұжымдастыру кезінде республиканың шаруашылық, мәдени даму деңгейін ескеру.

2. Шаруалардың даярлық дәрежесін ескеру.

3. Мал шаруашылығы аудандарында ТОЗ-ды құру.

Кемшіліктері:

- Қаулы тым кеш қабылданды.

- Қаулыда аштық, мал шаруашылығының қүлдырауы туралы айтылмады.

- Сәтсіздікке үліыраған басшылық (Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Галюдов т. б. ) халық алдында жауапка тартылмады.

Соған қарамастан, реттеу жұмыстары жүргізілді.

- «Жасанды колхоздар» таратылды.

- Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.

- Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер қайтарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі қазақ құқығы
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 жж.)
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz