Оқуға және жазуға үйрету үдерісінде кеспе әліппені қолданудың маңызы, пайдалану жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Оқуға және жазуға үйрету үдерісінде кеспе әліппені қолданудың маңызы, пайдалану жолдары

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, - деп көрсетті.

Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты) жарық көрді. 12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. Соның ішінде негізгі орынды «сауат ашу» мен «әдебиеттік оқу» пәндері алады. Стандартта осы пәндерден берілетін білім мазмұны анықталады. Бағдарламаның мазмұнын іске асыру сауат ашу мен сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін тілдік қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін ұйымдастыруда, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде, оқытудың құралдары мен әдістерін жаңартуды, жаңа технологияларды пайдалануды талап етеді.

Стандарт негізінде бастауыш білімнің бағдарламалары жарық көрді. Сауат ашу әліппе мен оқу кітабынан тұрады. Сауат ашу пәні бойынша оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, танымдылық шығармашылық қабілеттерін дамыту; ана тіліне деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздеді.

Бағдарлама бойынша сауат ашу пәні үш кезеңде жүзеге асырылады: әліппеге дейінгі кезең-24 сағат, әліппе кезеңі-90 сағат, әліппеден кейінгі кезең-78 сағат.

Әліппеге дейінгі кезеңде сөйлеу, сөйлем, сөз, дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауңысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық материалдар талдау әдісімен беріледі. Осы кезеңде тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады:

  • сөздік қорын дамыту;
  • байланыстырып сөйлетуге үйрету;
  • грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;
  • сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Әліппе кезеңінде дыбыспен, оның таңбасы әріппен, олардың сөздегі, буындағы қолданысымен, орнымен таныстырылады. Әліппе кезеңінде балаларды А. Байтұрсыновтың «Әліп би» қазақ балаларына арналған әліппесіндегі буындап тұтас оқу, сөзден сөз туындату принциптері басшылыққа алынып, сөзден сөз туындату жолдары арқылы сауатты оқуға, жазуға үйрету, сөзбен, сөйлеммен жұмыс жүргізу мақсаты көзделеді.

Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу, дыбыс пен әріп, буын, тасымал, сөз түрлері, сөйлемдегі сөздердің байланысы практикалық жолмен түсіндіріледі. Сондай-ақ мәтін туралы түсінік беріледі. Әліппеден кейінгі кезеңде мерзімдік-тақырыптық, кіріктірілген-кешенді принциптер басшылыққа алынып, оқу материалдары мен грамматикалық материалдар кіріктіріле қарастырылады.

Сауат ашу кезеңінде оқушыларға оқып, жазуға көпшілік жағдайда айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер ұсынылады. Әйтсе де, қазақ тіліндегі кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтіні жөнінде мәлімет беріледі.

Мысалы: үкі (ү-кү), жүрек (жү-рөк), күрек (кү-рөк), өзен (ө-зөн) тәрізді сөздердің екінші буындағы дауымты дыбыстар анық естілмей, айтқанда «Ү», «Ө» болып көмескі естілетіні туралы мәліметтер беріледі. Ол сөздерді орфоэпиялық, орфографиялық талапқа сай дұрыс оқып, жазу талап етіледі. Орфоэпиялық талапқа сай оқу дағдысын қалыптастыруда оқушыларға:

«Шөмеленбеген шөпті,

Мен шөмелемей,

Кім шөмелейді» тәрізді жаңылтпаштар, «Көп көрген көсем болар» тәрізді мақал-мәтелдерді жаттату; тиісті сөздерге орфоэпиялық талдау жасату орынды.

Орфоэпиялық, орфографиялық талдау жұмыстарына сөз, сөйлем, мәтіндерді оқу барысында да мән берілгені жөн. Бұл оқушыларды дұрыс оқып, сауатты жазуға баулуға себеп болады.

Дұрыс оқу, жазу дағдыларына машықтандыру ісі оқушыларға қазақ тілі дыбыстарының фонетикалық, артикуляциялық ерекшелігін таныту, сөздің дыбыстық құрылымы өзгергенде, мағынасы да өзгеретінін байқату, сөздер мен сөз тіркестерінің орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарын, сөздердің лексикалық мағыналарын таныту, «сөз», «сөйлем», «буын» «дыбыс» тәрізді грамматикалық терминдердің мән-мағынасын, емле жөніндегі мағлұматтарды, ұғымдарды түсіндіру жұмысымен сабақтастырыла жүзеге асырылады.

Оқушылардың бұл ұғым-түсініктерін тиянақты ету, сапалы оқу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ой қабілетін дамыту; сабақтарды қызықты өткізу үшін, талдау-жинақтау жұмысын ұйымдастыруда сигналдық-графикалық модельдер қолданылады.

Баланың іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын. Бала мектепке келгенде де ойнауын тоқтатпайды. Әйтсе де, енді оқу әрекеті бірінші орында тұрады да, ойын оның өміріндегі екінші дәрежедегі әрекетке айналады.

Ойын әрекеті - баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік туғызатын, өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп. Ойынның қозғаушы күші - баланың тілегі мен қызығуы. Бала сол ойын барысында тапқырлыққа, ептілікке, қиялдау, ойлауға дағдыланады.

Әліппе кезеңінде оқушыларды оқу мен жазуға үйретуде кеспе әріптер мен кеспе буындардың пайдасы мол, ол арқылы оқушылардың білімдері мен дағдылары артады. Бірнеше әріпті өткеннен кейін «Сөзді тез тап» ойындарын өткізуге болады. Балалар қалтаға салып қойған әріптерден сөз құрайды. Кім бұрын және көп құраса сол бірінші орынға ие болады. Дәл осы мақсатта бұл ойынды басқаша да өткізуге болады.

Оқушы тақтада сөз құрастырады, қайсысы бұрын құрастырса сол жеңеді.

Оқушылар: аз, ауа, ара, аша, ас, сол, асу, шаш, т. б сөздерді ойлап табады. Ойын шарты бойынша сөз 2, 3 не 4 әріптен тұруға тиіс. Оқушылар сөз құрауды меңгерген соң, ойынды қайталаудан жалығады. Сондықтан кеспе әліппені қолдануды түрлендіру керек. Әр түрлі ағаш жапырақтары мен гүл формаларын қатты қағаздарын қиып, өздеріне тән түспен боятып, астына тиісті әріптерді жапсыртып ойнатуға да болады. Қалың қағаздардан тор көздері бар дидактикалық құралдарды пайдаланып, оқушыларға жаңа сөздерді құратып ойнатуға да болады.

Мысалы: екі көзі бар қағаз берілсе, «от», «ет», «ат», үш тор көзі бар қағаз берілсе «нан», «ана», «сен», сөздерін құрайды. Жұмыстың бұл түрі тақта да, партада да орындала береді.

Әліппе кезеңінде «көрші-көрші» ойынын өткізу үшін оқушыларға буындап (-күл, -ба, -кі, -ла, - ша, - ке, -на, -мір) жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар көршілерін тауып сөз құрау арқылы жеңіске жетеді. Мұндай ойындарды ретсіз берілген әріптерден, дыбыстардан сөз құрастыру үшін де жүргізуге болады. Үлгі:

  1. р, а, қ., (қар) ;
  2. А, л, а, қ., (қала) ;
  3. Л, а, б, а., (бала) ;

Сабақтың тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаттары: К дыбысын сөз, сөйлем ішінде анық айтылуын дағдыландыру. К дыбысын басқа дауыссыз дыбыстардың арасынан ажырату. Сөздің бірінші дыбысын ажырату. К әрпі таңбасымен таныстыру.

Коррекциялық мақсаты: К дыбысы мен әрпі арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Оқушылардың білімі мен тілін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатты, құстарды қорғауға, аялауға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау, білім, іскерлік дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Касса, кеспе әріптер, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жұмыстар, баяндау әдісі, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың жүрісі

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Көзге жаттығу жасату.
  2. Қызығушылықты ояту. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың қызығушылығын туғызу. Үй тапсырмасын көрсету.

1-топ. Е дыбысына сөз ойлау.

1-топ. Емен, Етік сөзіне дыбыстық талдау.

Сурет құрастыру арқылы әр топ өз аттарын шығару.

1-топ - Көкектер. 2-топ -Көгершіндер.

3. Мағынаны түсіну. К дыбысына байланысты тақпақ оқу.

Күз, көз, көз. Кілең қысқа сөз.

Күл, кел, кел. Кір кер, көр.

Күш, көш, көш. Кім оқиды тез.

  • Бұл тақпақта сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
  • К- Кдыбысы.

Хормен және жеке айтқызу к-к-к -дыбысын.

  • Кдыбысы дауыссыз дыбыс, ол өлеңдетіп, созылып айтылмайды, аузымызда кедергі кездеседі.

Ойын «Қандай дыбыс шығарады?».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Әріптерден сөз жасау
Сөздерден сөйлем құрау
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ғылыми негіздері
Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Сауат ашу барысында оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық ерекшеліктері
Сауат ашу кезіндегі жұмыстар
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz