Батыс Рим империяcының құлауы. Франк корольдігі және варвар мемлекеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I . тарау Батыс Рим империяcының құлауы ... ... ... ... 6
1.1 Рим империясының құлдырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Империяның құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
II . тарау Франк корольдігі және варвар мемлекеті ... ... ... ... 17
2.1 Варварлық мемлекеттің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Антика заманындағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланған әдебиеттер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Тақырыптың өзектілігі: Македонияның қасындағы кішкене елдің билеушісі Пирр б.з.д 280 жылы Италияға басып кірді. Пиррмен үшінші соғыста римдіктер жеңіп шығады.
200 жыл күресіп плебейлер Римнің тең құқықты азаматы болады. Сенат ешкімге есеп бермеді. Римдіктер Сицилияны бағындыру үшін Карфагендіктермен шайқасты. Карфагенмен бірінші соғыста Рим Сицилияны алды. Карфаген әскери билеушісі болды. Ганибал Альпі тауы арқылы галдардың көмегімен Римге жол ашады. Б.з.б 216 жылы Канна түбінде римдіктер мен карфагендіктер арасында шайқас болды. Ганнибал жеңді. Римдік қолбасшы Сципион Африкаға барып әскерін түсіреді. Б.з.б 202 жылы Карфагеннің Зама қаласына таяу жерде соңғы шайқас болады. Ганнибал армиясы жеңілді. Римдіктер Сирия патшасы Антиохты македондықтарға көмектесуге көндірді. Македоняны жеңген римдіктер Сирияныда жаулап алды. Римдіктер қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып жойып, б.з.д 146 жылы Коринов пен Карфагенді талқандады. Жаулап алған жерлерді шеткі аймақ (провинция) деп атады. Провинцияларды билеушілерді наместник деп атады. Меншік дерлерді имения деп атады. Әр именияде 15-20 құл жұмыс істеді. Құлдың ешқандай құқығы болмайды, қожасы оны мүлік ретінде сатты. Күшті қару ұстаудың әдәс айласын жақсы меңгерген құлдарды гладиаторлар деп атады. Гладиаторлар амфитеатрларда шайқасып, жеңіске жетуге тырысты. Римнің плебейлер әулетінен шыққан, жәбәрлеушілердің жвқтаушысы атанған Тиберии Гракх пен Гай Гракх шаруаларға жер беруді таоап етті. Тиберри Гракх халық трибуны болып сайланғанда, кедейлер одан жерді қайта бөлуді талап етті. Тиберри Гракх б.з.б 133 жылы заң қабылдауды ұсынды. Сенаторлардың ұйымдастыруымен Тиберии Гракх өлтірілді.
Б.з.б 74-71ж бастаған құлдар көтерілісі болды. Олар Везувйи жанартауының шыңына шығып, лагерь құрады, басшылары етіп Спартакты сайлайды. Көтеріліс оңтүстік Италияны қамтыды. По өзенінің алқабында Галлия өлкесін билеушілерді күйретіп жеңіске жетті. Көтерілісті басу үшін Римнің қолбасы Красс, Испаниядан Помпей, Македониядан Лукулл бірігіп шийқасты. Көтерілісті аяусыз түрде басып тастады.
1. История древнего Рима/под.ред. Кузищина В.И./М., 1981
2. История древнего мира. Древний Рим/Бадак А.Н.,
3. Войнич И.Е.и др./Харвест 2000
4. Орта ғасырлар тарихы т.1, 2. /Под ред. С.Д.Сказкина, Е.В.Гутнова,
5. «Историография Античной истории» под.ред Кузищина.М-1980
6. . Всемирная история I-III том. М., 1958
7. «История Древнего Рима» Н.А.Машкин А-1956ж
8. Хрестоматия историй древнего Рима.
9. Всемирная история. Т.4. /Под ред. М.А.Сидировой, М.И.Когерада,

10. www.google.kz
11. www.referat.kais.kz
12. www.karef.narod.ru
13. www.referatkz.narod.ru
14. www.aykin.kz
15. www.Email.ru

16. www.rambler.ru

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

I – тарау Батыс Рим империяcының құлауы ... ... ... ... 6

1.1 Рим империясының құлдырауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...6
1.2 Империяның
құлауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...14

II – тарау Франк корольдігі және варвар мемлекеті ... ... ... ... 17

2.1 Варварлық мемлекеттің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Антика заманындағы
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...23

Қорытынды: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25

Пайдаланған
әдебиеттер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Македонияның қасындағы кішкене елдің
билеушісі Пирр б.з.д 280 жылы Италияға басып кірді. Пиррмен үшінші соғыста
римдіктер жеңіп шығады.
200 жыл күресіп плебейлер Римнің тең құқықты азаматы болады. Сенат ешкімге
есеп бермеді. Римдіктер Сицилияны бағындыру үшін Карфагендіктермен
шайқасты. Карфагенмен бірінші соғыста Рим Сицилияны алды. Карфаген әскери
билеушісі болды. Ганибал Альпі тауы арқылы галдардың көмегімен Римге жол
ашады. Б.з.б 216 жылы Канна түбінде римдіктер мен карфагендіктер арасында
шайқас болды. Ганнибал жеңді. Римдік қолбасшы Сципион Африкаға барып
әскерін түсіреді. Б.з.б 202 жылы Карфагеннің Зама қаласына таяу жерде соңғы
шайқас болады. Ганнибал армиясы жеңілді. Римдіктер Сирия патшасы Антиохты
македондықтарға көмектесуге көндірді. Македоняны жеңген римдіктер Сирияныда
жаулап алды. Римдіктер қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып жойып, б.з.д
146 жылы Коринов пен Карфагенді талқандады. Жаулап алған жерлерді шеткі
аймақ (провинция) деп атады. Провинцияларды билеушілерді наместник деп
атады. Меншік дерлерді имения деп атады. Әр именияде 15-20 құл жұмыс
істеді. Құлдың ешқандай құқығы болмайды, қожасы оны мүлік ретінде сатты.
Күшті қару ұстаудың әдәс айласын жақсы меңгерген құлдарды гладиаторлар деп
атады. Гладиаторлар амфитеатрларда шайқасып, жеңіске жетуге тырысты. Римнің
плебейлер әулетінен шыққан, жәбәрлеушілердің жвқтаушысы атанған Тиберии
Гракх пен Гай Гракх шаруаларға жер беруді таоап етті. Тиберри Гракх халық
трибуны болып сайланғанда, кедейлер одан жерді қайта бөлуді талап етті.
Тиберри Гракх б.з.б 133 жылы заң қабылдауды ұсынды. Сенаторлардың
ұйымдастыруымен Тиберии Гракх өлтірілді.
Б.з.б 74-71ж бастаған құлдар көтерілісі болды. Олар Везувйи
жанартауының шыңына шығып, лагерь құрады, басшылары етіп Спартакты
сайлайды. Көтеріліс оңтүстік Италияны қамтыды. По өзенінің алқабында Галлия
өлкесін билеушілерді күйретіп жеңіске жетті. Көтерілісті басу үшін Римнің
қолбасы Красс, Испаниядан Помпей, Македониядан Лукулл бірігіп шийқасты.
Көтерілісті аяусыз түрде басып тастады.
Б.з.д І ғасырда азаматтар әскерге алынып, оларға ақы төленді.
Италияда билік үшін Красс пен Помпей күресті. Осы кезде билікке
ұмтылғандардың бірі Гай Юли Цезарь болды. Цезарьдың беделі өсіп, консуль
болып сайланды. Цезарь Галлияны б.з.д 49 жылы Рубикон өзенінен өтіп, жаулап
алады. Билеуші Красс Парфия патшалығына шабуыл жасап, одан жеңілді және өзі
қайтыс болды. Билеуші Помпей Балқан түбегіне қашып кетті және сонда қайтыс
болды. Цезарь басып алған жерлерін қарт жауынгерлерге бөліп берді. Сенат
Цезарьға диктатор деген атақ берді. Цезарьдың жеке билігіне қарсы шыққан
сенаторлар б.з.д 44 жылы 15 наурыз күні сенат жиынында қанжар тығып
өлтірді. Цезарьдың досы Антоний Цезарьді құрметтеп жерлеу керек деп шешті.
Цезарьдың орнына қарындасының немересі Октавиан отырды. Октавиан Римнің
батысын биледі, ал шығысын досы Антоний биледі. Антонийдың тағдырында
Египеттің әйел патшасы Клеопатра аса елеулі роль атқарды. Антоний оған
үйленіп, астанасын Александрияға көшірді. Б.з.б 31 жылы Антоний мен
Октавиан арасында Акций мүйісінде киян кескі шайқас болып Антоний жеңіледі.
Жеңілу себебі Клеопатра Египет кемелерін ұрыстан шығуға бұйрық берген еді.
Египет Римнің қол астына өтті. Октавиан б.з.д 30-14 ж.ж ел басқарды. Ол
Италияда тыныштыұ орнағанын жариялады. Сенат Октавианға Август (латынша
қасиетті) деген құрметті атақ берді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты өз деңгейінде жазып,
тақырыпты өз деңгейінде аша білу. Дерек көздеріне негізделіп жазылған
материалдарды пайдалану барысында тақырыпты нақтылай түсу. Мүмкіндігінше,
дерек көздері тек кітаптардан ғана емес, сонымен қатар интернет желісінен
және басқа да әр түрлі танымдық баспа сөз беттерін пайдалану арқылы
тақырыпты кең көлемде ашып көрсету. Курстық жұмысты студенттер түсінетін
тілде жазу. Пайдаланылған әдебиет тізіміне сілтеме беру. Барлық
материалдарды талдап, сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеті:
1 Римнің сыртқы саясатына қысқаша тоқталу.
2 Рим қоғамының ішкі әлеуметтік саяси жағдайын көрсету.
3 Рим басшыларының өмірлері мен қызметін талдап, жан-жақты сипаттау.
4 Б.э.д 70 жылдардағы Сенат Республикасының құлауына себеп болжан

. жағдайлар жайлы мәліметтер қарастыру.

Курстық жұмыстың дерек көздері мен тарихнамасы: Курстық жұмысты жазу
барысында В.И.Кузищинаның История древнего Востока., Черкасовтың
Хретоматия по истории Древнего мира. В.И.Кузищинаның История древнего
Рима., А.Н. Бадак пен И.Е Войничтің История древнего мира. Древний
Рим., Қазақ Совет энциклопедиясын және қосымша дерек ретінде
www.referatkz.narod.ru, www.google.kz , www.Email. ru,
www.rambler.ru интернет сайттарын пайдаландым.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес
бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І-тарау
Қоғамның әлеуметтік-саяси тарихы
1.1. Римнің сыртқы саясаты.
Риммен қарым-қатынаста болған, араласқан халықтар мен тайпалардың
барлығы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудың әр түрлі
сатысында болды. Карфагенмен болған соғыс сицилия жерлеріне үстемдік құру
және Испанияның металлына қол жеткізу үшін болды. Ол 20 жылға созылып, б.
э. д. 241 ж. Римнің пуналардың Гамилькар Барка басқарған флотын жеңумен
аяқталды. Сицилияның бір бөлігі римдіктердің қол астына өтіп, теңіздің арғы
жағындағы ең алғашқы рим провинциясы болды және рим наместнигімен
басқарылып, Римге астықтың бір бөлігінен және жайылымдары үшін салық
төлеуге тиісті болды. Көп ұзамай Рим Сардиния мен Корсиканы жаулап алып,
олар екінші провинцияға айналды. Бұл соғыста Римдіктер орасан зор шығынға
ұшырайды. Олар негізінен 600 кемесінен, азаматтардың 20 мыңға жуығынан
айрылады. Соған қарамастан олар б. э. д. 229 жылы Рим иллирия
қарақшыларына қарсы 700 кеме жібереді де Керкира аралын басып алады. 225 -
218 ж. ж. аралығында римдіктер лигурлер мен Италияның солтүстігіндегі
кельттерді талқандауға қол жеткізеді және жаңа провинция - Цизальпиндік
Галлияны құрайды. Онда кедей азаматтарға жер беруді жүргізе отырып,
колониялар негізін қалайды. Плебстердің мүддесі үшін, халық жиналыстарында
құпия дауыс беру ендіріледі. Бірақ ішкі демократизацияға қарамастан, Римнің
сыртқы саясатының негізі ол соғысқан тайпалар мен халықтардың
аристократиясының қолдауы болды. Жеңістер өз отандастарының мүдделерін
кейде сатып кеткен нағыз римдік ақсүйектердің қолдауымен жеңілдетіледі.
Сол кезде карфагендіктер реванш алуға ұмтылды, Риммен соғысқа
Гамилькар Барканың ұлы, ежелгі дүниенің талантты қолбасшысы Ганнибал
белсенді даярланды. Ол Испанияда күштерін жинақтайды және галлдармен,
барлық басқа Италия мен Сицилиядағы Рим үстемдігіне наразылардың одағына
сенді, сол сияқты Адриатикадағы Рим ықпалының күшеюінен қорыққан Македония
патшасы Филиппен одаққа үміт артады.
Жерорта теңізі және Римнің өз тарихындағы бетбұрыс кезең екінші Пуни соғысы
болады. Онда римдіктер шебер жауынгер, дипломат ретінде де жрңімпаз болып
шығады.
Жас қолбасшы Публий Корнелий Сципион Испанияға әскерімен келіп түсіп,
жаңа Карфагенді алады да карфагендіктерді Иберия түбегінен қуып жібереді.
Римдіктер бірінші пуни соғысына қарағанда екінші пуни соғысында көп қаржы
жұмсайды.
Солтүстік Италияда жаңа колониялар салына бастайды, ал жергілікті
қауымдардың жері рим қоғамдық жерлеріне қосылды. Бүткіл Италияда жерлерді
межелеу, жол, көпір, қалалар құрылысы жүріп жатты. Колонизациялау және
халықтың араласуы Италияның романдалуын рим культінің, тілінің, инат пен
магистратураның, қала құрылымының таралуын жылдамдатты.
Баюдың жаңа көздері ашыла бастайды. Ауқатты адамдар Италияның әр
түрлі аудандарынан вилладар сатып алды. Құлдық қөлөнер өндірісі де ене
бастайды, өндірістегі құлдардың рөлінің артуы олардың жағдайынан көрінді.
Аквилийдің заңдары бойынша олар малға теңелді, құлдың туыстық байланыстары
танылмады, оның әкесі не баласы болуы керек деп есептелінбеді және үйлену
правосы болмады.
Карфагенмен соғыста тапқан олжа, римдіктерді одан әрі шығыс пен
батысқа қарай жаулап алушылыққа итермеледі. Шығыста римдіктер эллинистік
мемлекеттердің ісіне килігеді. Иллириялықтар мен грек қалаларын өз жағына
тартқан Тит Квинкция Фламининнің әскері Филипп V-тің әскерін талқандайды.
Фламинин Истмадағы ойындарында грек қалаларына "бостандық" жариялайды.
Карфагеннің бүкіл иеліктері Римнің Африка провинциясын құрды. Пергам
патшасы Аттил ІІІ-тің өсиетімен, оның патшалығы да Рим қол астына өтіп Азия
провинциясын құрады. Б. э. д. ІІ ғ. жаулап алушылықтар Римнің өміріне
үлкен өзгерістер әкелді. Әскери шығындарға қарамастан, түсіп жатқан олжалар
мен салықтың көптігі сонша өкімет трибутқа жүгінуді тоқтатады.

1.2. Рим қоғамының саяси әлеуметтік жағдайы.
Аграрлық және әскери реформалар.
Қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ақсүйек отбасыларының
тобы нобилитет жеке бөлініп шығады және магистратураға монополияға
меншіктенеді: біртіндеп келесі ерекше артықшылығы бар сословие-аттылар
айқындалады. Оған бай және текті адамдар кірді. Кейде бұл сословиеге
жауынгерлік трибундарды, Италия қалаларының танымал азаматтарын, белгілі
ишиндер мен юристерді енгізді.
Сенаторлар мен аттылар ірі меншік иелері ретінде бір топқа
жатқанымен провинциялар үшін өзара бақталастық күшті болды. Плебейлер
арасында жіктену күшейе түсті. Шаруашылығынан үзіліссіз соғыстар арқылы
көңілі бөлінген және аз жерлерін басып алудан зардап шеккен село плебсі
күйзеліске ұшырап, жерінен айрылып қарыз борышына батты. Бұл әскердің
жауынгерлік қабілетін түсірді, тәртіп төмендеді. Қолөнер мен ұсақ саудамен,
құрылыстағы жұмыспен айналысқан қала плебсі жерге қызықпады, оған керегі
азық түлік өнімдерінің арзандығы, тұрғын үйлерге жоғары төлемақына
төмендету еді. Ол үшін сенат пен нобилитеттіңқұдіретін шектейтін халық
жиналысының және халық трибундарының билігінің күшеюі өте маңызды болды.
Рим қоғамы мәдениетінде үлкен өзгерістер болды. Экономикалық және
саяси өмірдің күрделенуі магистраттарға көмекші, көбейіп отырған қолөнер
шеберханаларын басқара алатын білімді адамдарды қажет етті. Бұл
қажеттіліктер білімді құл гректер арқылы қанағаттандырылды.Жерорта
теңізінің барлық облыстарымен байланыс нығайды және кеңейді. Сонымен қатар
бағындырылған елдердегі Римге оппозиция Римнің жақын арада құлайтындығы
және римдіктердің құлға айналатындығы туралы сәуегейлік таратты. Гректер
құпия түрде римдіктерді жек көрді, оларды мейірімсіз варварлар санады.
Кейбір көреген рим қайраткерлері, олардың арасында жетекші рольді
атқарған сципиондар және оның ортасы ("фиэллиндер") бұндай репутация
римдіктердің беделін түсіретінін түсінді.
Олар грек тілін, мәдениетін, философиясын оқи бастады. Өз балаларын
оқыту үшін білімді грек құлдар сатып алынды. Кейіннен бұндай құлдардың
көпшілігі еркіндік алып, шешен, жазушы, грамматик ретінде даңқтары шықты,
плебейлер балалары үшін мектеп ашты. Сауаттылық халық, тіпті құлдар арасына
да тарала бастады. Бай адамдар ұлдарын Афины, Эфес және басқа да Греция мен
Кіші Азия қалаларына атақты шешендер мен философтардың лекцияларын тыңдау
үшін жіберіп отырды. Олардың кейбіреулері, мысалы тарихшы Полибий,
философтар Посидоний және Панетий Римге қоныстанып, сципиондар басқарған
"фиэллиндер" үйірмесіне достықпен қабылданды.
Трояндық және грек батырларына бірнеше италиялық қалалардың негізін
қалауды таңды. Гректер өз кезегінде Римнің үстемдігіне көніп, грек және
рим заңдарының, культтерінің, әдет-ғұрыптарының ортақтығын дәлелдеп бақты.

Римнің ұлы миссиясын насихаттауда Полибий көп жұмыс атқарды. Ол
"Әлемдік тарихты", яғни рим соғыстары мен жеңістері туралы жазды. Ол Римнің
саяси құрылысын монархияның (магистраттар түрінде), аристократияның (сенат
түрінде) және демократияның (халық жиналысының түрінде) артықшылықтарын
біріктірген жетілген құрылыс деп санады.
Тек әлеуметтік - экономикалық және саяси салаларда ғана емес,
мәдениет саласында да жіктелу басталды. Жоғарғы топта қарапайым халыққа
деген жек көрушілік өсті, луцилий ізгіліктің анықтамасы білім, ол тек
оқыған адамға ғана тән деді. Бұл жоғарыда мойындалған концепция мынандай
афоризмнен көрінді: "Ізгілік дегеніміз даналық, бірақ ол плебсте жоқ".

Әлеуметтік қабаттар арасындағы қайшылықтар құлдардың санының
көбеюінен және оларды қанаудың күшеюімен, құлдардың қарсылығы қауіпті форма
ала бастағандығымен шиеленісті. Олардың арасындағы бірнеше бас көтерулер
б.э.д. ІІ ғасырдың ІІ-ші жартысында болып өтті. 80-жылы Апулиялық бақташы -
құлдары бас көтерді, бірақ ол басылды. Құлиеленушілер үшін нағыз қауіп,
б.э.д. 138 жылы Сицилияда басталған құлдар көтерілісі болды. Бұл
провинцияның жер иеленушілері құлдары ерекше қатал қанады. Олардың
көпшілігі Сирия мен Кіші Азиядан алынған еді. Көтерілісті сириялық Эвн
басқарды. Эвн пайғамбар танылып, оны Антиох атымен патша етіп тағайындайды.
Келесі бір көтерілісті киликиялық Клеон басқарды, ол өз күштерін Эвнмен
біріктіреді. Көтеріліс орталықтары Энна және Тавромений қалалары болды.
Көтерілісшілер қатары тез көбейді, себебі оларға шаруалар да қосылды. Эвн
мен Клеонға қарсы жіберілген рим әскері жеңіліс тапты. Тек б.э.д. 132 жылы
олар бүлікшік қалаларды алады, себебі, оларға сатқындар көмектесті.
Құлдар сол сияқты Делос, Хиос, Аттикада да бас көтерді. Тек өкіметтің
көп күш жұмсауының арқасында ғана бас көтерулер басылды. Құлдар мен село
кедейлерінің көтерілістері Рим республикасының беріктігіне қауіп төндірді.
Нобилдердің бір бөлігі шаруалар армиясын қайта қалпына келтіруге және
азаматтарды біріктіруге қабілетті реформалардың қажеттігін түсіне бастады.
Олардың қатарында ақсүйектер әулетінен шыққан, шешесі жағынан Снипион
Африканскийдің немересі, Испания соғыстарына қатысушы. Рим әскерінің ауыр
жағдайын өз көзімен көрген Тиберий Гракх болды.
Б.э.д. 133 жылы халық трибуны болып сайланған ол аграрлық заң жобасын
ұсынады. Ол бойынша әрбір отбасы қоғамдық жерлерден 500 югерден артық жер
иеленбеді, тек ересек ұлдары болса ғана, оларға 250 югер жер қосылды. Артық
жерлер алынып, кедейлер арасында 30 югерден бөлінді. Бұл заң жобасы сенат
бастаған ірі жериеленушілердің қарсылығына тап болды.
Дегенмен, шаруалар көп келген халық жиналысы заң жобасын қабылдап,
оны өмірге ендіру үшін комиссия сайлайды. Бірақ Тиберий өз кандидатурасын
халық трибундығына екінші мерзімге қойған кезде, оның қарсыластары бар
күшін жинақтап, оны патша боламын деген ниеті бар деген айып тақты. Дауыс
беретін күні оның жаулары өз жақтастары мен клиенттерін алып келді. Дауыс
беру соңы нағыз қанды соғысқа айналып кетті. Тиберий және оның 300
қорғаушысы өлтірілді.
Б.э.д. 111 жылы Нумидия тәжінен үміткер Масиниссаның немересі
Югуртамен басталған соғыс рим армиясы мен оның командалық құрамының
қаншалықты ыдырағанын көрсетті. Бұл соғыс кезінде Рим республикасы
тағдырында үлкен роль атқарған Марий мен Сулла көзге түсті. Гай Марий Арлин
қаласының маңындағы кішкене деревнядан шықты, өзінің әскери карьерасын
Цецилий Метеллдің қамқорлығымен бастады. Ол оның әкесінің патроны еді.
Метиллдің көмегі, жеке басының батылдығы, ақсүйек Юлий әулиетінен шыққан
әйелмен некеге тұру, бәрі Марийдің карьерасының өсуіне көмектесті. Бірақ
магистратурадан өте келе, ол б.э.д. 107 жылы консул болып сайланды және
әскери реформа жүргізеді. Бұдан былай армияға цензадан тәуелсіз барлық
қалаушылар ене алды. 20 жылдық әскери қызметтен соң жауынгерге жалақы мен
соғыстағы олжадан басқа, жер иелігін алуға құқық берілді. Аграрлық мәселе
жаңа өң алды: жер бөлігі үшін армияда қызмет ететін кедейлер күресе
бастады, ал армия олардың мүддесін халық жиналысына қарағанда, анағұрлым
тиімді қорғай алды. Бұнымен қатар ардагерлер өз жер бөліктерін рим халқынан
емес, өз командирлерінен алуға сенді. Жауынгерлердің азаматтық қауыммен
байланыстары әлсіреп бара жатты. Оның есесіне олардың мүдделерін өкімет
алдында қорғаған, армия қолбасшыларына тәуелділігі нығайды.
Марий әскерге темір тәртіп орнатты және оның құрылысын өзгертіп,
Огуртаны талқандайды. Югуртаны жеңу, Нумидия патшалығының Рим қол астына
өтуі Марийдің бас айналдыратындай карьерасына жол ашты. Марийдің армиясы
келесі бір сынға да абыроймен төтеп берді: Марий Галлия мен Солтүстік
Италияға басып кіріп, римдіктерді қатарынан бірнеше рет ойсыратқан
германдық кимврлер мен тевтондармен соғысып, оларды талқандап, 150 мыңдай
тұтқындарды қолға түсіреді.
Б.э.д. ІІ ғасырдың соңы - І ғасырдың басында популярлар көсемі Марий
болды. Оның ардагерлерге жер бөлу туралы талабы сенаттың қарсылығына
кездесті, бұл оның әскери реформасының жоққа шығу және жеке басының
беделіне зиын келтіру қаупін туғызды. Ардагерлердің дауысы арқылы халық
жиналысы б.э.д. 100 жылы олар үшін Галлия, Сицилия, Македония және Африкаға
колония шығару туралы заң қабылдайды. Бірақ Марийдің толқуларды басуға
қатысуы оның даңқына зиян келтіріп, ол Азияға кетуге мәжбүр болады.
Б.э.д. 89 жылы Паданнан оңтүстікке қарай бүкіл Италия рим азаматтығын
алды. Енді бүкіл Италияның тұрғындары рим азаматтарына айналды. Бұл Римнің
халық жиналысының іс жүзінде ролін жоғалтуына алып келді. Сол сияқты
азаматтардың қауымдағы, оның территориясынан жер иелену құқығымен байланысы
жойылды. Енді Италияның әрбір тұрғыны кез-келген ауданнан жер ала алды.
Жаңа азаматтар әскерге қызмет ете алды, ал қолбасшылардың ықпалды бүкіл
Италияға таралды, Италия толық романданды.
1.3. Диктатор Сулла. Спартактық көтерілісі
Провинцияларда күрделі жағдай сақталынды. Понт патшасы Митридатпен
соғыс басталды. Ол бүкіл Қара теңіз жағалауын және Азияның едәуір бөлігін
басып алды. Провинцияларда Митридатты азат етуші ретінде қабылдады. Оның
шақыруы бойынша Кіші Азия халықтары бір күн ішінде онда өмір сүріп жатқан
80 мың римдікті, италиктерді, құлдарымен қырып тастады. Сенат бұл соғыстағы
әскерді басқаруды өзін талантты қолбасшы ретінде көрсеткен Суллаға
тапсырғысы келді. Популярлар Марийдің кандидатурасын ұсынды. Екі жақ
арасында соғыс басталып, оның барысында Рим бірнеше рет қолдан-қолға өтіп,
қаланы әрбір жақ алған сонң, қарсыластарын қатал жазалауға ұшыратып отырды.
Ең соңында Митридатпен соғысуға қолбасшылықты Сулла жеңіп алды. Оның
әскерін талқандап, жоғалтқан провинцияларды қайтарып, Митридатпен бітім
жасап, Италияға оралып, Римді басып алады.
Диктатор болып тағайндалған ол өлім жазасына кесілгендердің мүліктері
кофискацияға ұшырағандардың тізімін - проскрипция жариялады. Тығылып жүрген
проскриптіні көрсетіп бергендерге сыйлық, ал құлдар - бостандық алды.
Осындай 10 мың бостылғандардан Сулла өзінің жеке гвардиясын ұйымдастырды.
Жазалау өте қатал жүрді, көптеген қалалар қиратылды. Сулланың 120 мың
ардагері қуғынға ұшыраған адамдар мен қалалардың жерін алды. Сенаторлардың
саны сулландықтар есебінен 300-ден 600-ге өсті. Халық трибундары билігі
шектеледі, керісінше провинция наместниктерінің билігі абсолютті болды.
Аттылар сотқа қатысудан шеттетіледі. Сулла ауыр қылмыстарды қарайтын
төтенще сот енгізді. Сулланың диктатурасы мемлекеттік аппарат құруға
жасаған қадам болды. Бірақ Сулланың диктатурасының әлеуметтік базасы тар
болды: оған аттылар, плебейлер, кәсіпкерлер, провинциалдар қарсы шықты.
Провинцияларда, әсіресе, "римдік" деген аттың өзі жек көрінішті болды.
Провинция халқы мүмкіндік болса Римге қарсы көтерілуге дайын тұрды.
Б.э.д. 79 жылы Сулла қайтыс болысымен-ақ, жаңа толқулар басталады.
Испанияда мариандық Серторий күш жинап, Помпейдің әскеріне біраз жеңіліс
әкеледі. Тек Серторийдің қастандықпен өлтірілуінен кейін, оның әскері толық
талқандалынды. Б.э.д. 79 жылы Митридатпен соғыс қайта басталады. Луцинийді
Лукулл бастаған рим армиясы бастапқыда бірнеше жеңіске жетіп, Понт
астанасын алып, үлкен олжаға ие болады. Бірақ одан әрі соғысу оның
армиясында басталған бүлік нәтижесінде мүмкін болмады.
Дәл осы кезде сыртқы майдандағы сәтсіздіктермен қатар б.э.д. 74 жылы
Спартак бастаған құлдар көтерілісі басталады. Гладиатор мектебінен 70-тей
жолдасымен Капуяға қашқан Спартакқа алдымен Кампания, сосын басқа
облыстардан құлдар ағылып, оның әскер саны 100 мыңға жетеді. Рим әскерлері
бірінен соң бірі жеңілістерге ұшырайды. Ол Пиценде екі консулдың да,
әскерін талқандаған кезде, сенат оған қарсы төтенше өкілеттіні бар претор
Марк Лициний Крассты жіберіп, оған Лукулл мен Помпейді көмекке шақырды.
Б.э.д. 71 жылдың көктемінде көтерілісшілер әскерін Красс талқандайды.
Спартактың өзі шайқаста өледі, әскердің қалғанын Помпей жауынгерлері жояды.
Спартактың көтерілісі, құлдардың көп санды және билеушілеріне қас тапқа
айналғандығын, олардың қарсылығын басу үшін күшті мемлекеттік биліктің
керектігін көрсетті.
Күрес тек құлдар мен құ иеленушілер арасында ғана емес, шаруалар және
сенаторлар мен аттылар сословиесіне біріккен құлиеленушілердің арасында да
жүрді. Ең басты мәселе аграрлық болды: ардагерлер мен кедейлер жер бөлуді
және оны басып алмаудан кепілдік талап етті, ал ірі жер иеленушілер жерді
бөліске қарсы шықты.
Әлеуметтік - экономикалық дамудың қол жеткен деңгейі орасан зор
державаның орталығына айналған Римнің ескі, шаруалық тәртіптерімен сәйкес
келмеді.

ІІ-тарау
70-жылдардағы Сенат Республикасының құлауы.
2.1. 70-жылдардағы әлеуметтік өзгерістер.
Рим державасының билеушісі- Гай Флий Цезарь.
Келесі бір әлеуметтік дау б.э.д. 70-ші жылы оптимат Помпей мен
сулландық Красс консул болып тағайындалғанда қызды. Плебстің қолдауына
мүдделі олар сенаттан 63 сулландықты шығарып, Сулланың заңдарын жойды.
Халық трибундары билігін қалпына келтірді. Популярлар қайта жанданды.
Олардың көсемдерінің бірі, қуғыннан оралған Гай Юлий Цезарь болды.
Б. э. д. 63 жылы Цезарь ұлы понтифик қызметіне сайланды; преторлық
қызметте жүргенде ол халықты жақсылап сыйлады және сот процестерінде
көрнекті сулландықтарға қарсы сөйлейді. Дәл осы кезде Сицилия наместнигіне
қарсы сөйлеу арқылы Цицеронда өз карьерасын бастайды.
Оқиғалар сенаттың Помпеймен татуласуына алып келді.
Б. э. д. 67 жылы оған қарақшылармен, сосын Митридатпен соғысу үшін
төтенше өкілділіктер беріледі. Қарақшыларды 60 күнде жоқ қылған Помпей, 63
жылы Митридат ІҮ-пен соғысты жеңіспен аяқтап, шығыстағы жұмыстарды қалпына
келтіреді. Сирия провинциясы құрылады және қырық полистің негізі қаланып,
олардың магистраттарының өкілеттігі көтеріледі. Помпейдің жаудан алушылығы
нәтижесінде Рим қазынасының табысы 70%-ке көбейеді. Ол нағыз батырға
айналып, Азияда тіпті, оның еркіне босатылғандарының өзін патша ретінде
қарсы алады. Б. э. д. 62 жылы Помпей Италияға оралады.
Бірақ Италиядағы жағдай тыныш болмады. Б. э. д. 64 жылы Цицерон
консул болады. Оның қарсыласы бұрыннан жасырын әрекеттерімен күдік туғызған
Катилина қастандық ұйымдастырады. Оған халықтың әр түрлі қабаты тартылды.
Аристократтар мен қала плебейлері қарыздарын жоюды, шаруалар қарыз
борышкерлігін өзгертуді талап етті. Шаруалар Этрурияда Манлий дегеннің қол
астында жиналады, оған келіп Катилина қосылады, бірақ ол шайқаста қайтыс
болады. Қастандық жасаушылардың әрекеті сенатта қаралады, Цезарьдің
қарсылығына қарамастан, олар өлім жазасына кесілді. Катилина туралы
деректер аз болғандықтан, оның өзі және қозғалысы туралы шындықты айту
қиын. Оның соңынан плебстің бір бөлігінің ергені анық, Катилинаның
сәтсіздігі плебстің әлсіздігін делелдейді. Бір жағынан, сенаттың да
қарсыласу күші әлсіреді.Сенат Помпейдің ардагерлеріне жер бөлуден және оның
шығыстағы бұйрықтарын бекітуден бас тартқан кезде, ол Красс және Испаниядан
оралған Цезарьмен келісім жасайды.
Кейіннен 1-ші Триумвират деп аталған бұл одаққа сенатқа қарсы
Помпейдің армиясы, Цезарьді өз лидері деп мойындаған Крассқа жақын ірі
кәсіпкерлер және популярлар бірікті. Триумвилер б. э. д. 59 жылы Цезарьді
консул етіп сайлауға қол жеткізді және сенаттың қарсылығына қарамастан
Помпейдің ардагерлеріне жер бөлу туралы заң шығарды. Цезарьдің консулдығы
біткен соң оған 5-жылдық мерзімге Цизальпиндік Галлия мен Иллирияда
наместниктік қызмет берілді.
Осы кезде Цезарь саяси қайраткердің тірегі нашар ұйымдасқан плебс
емес, керісінше күшті армия екендігіне көзі жетеді. Плебстің әлсіздігін б.
э. д. 58 жылы халық трибуны болып сайланған Клодий қозғалысы дәлелдейді. Ол
карьерасын Лукуллдың жауынгерлерін бүлікке арандатудан бастаған Клодий
Римге оралып, Цезарьға қосылады. Оның көмегімен ол халық трибуны болып
сайланады. Цицеронның айтуынша, Клодий демагог және тиранға кандидат
ретінде әрекет еткен. Ол 300 мыңдай плебей астықты тегін алу керек деген
заң жобасын жасады және Цицеронды катилиндіктерді апелляциясыз жазаға
кескені үшін қуғынға ұшыратты. Бұдан үріккен оптиматтар гладиаторлардан
күзетті күшейте бастады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим империясының құлауы
ІІ-ІІІ ғасырлардағы германдықтардың қоныс аударуы
Жерге жекеменшіктің орнауы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Батыс Европа мемлекетi
Ұлы Карл империясының тарих сахнасынан жоюлуы
Рим империясының құлдырауы
Византияның сыртқы саясаты мәселесі
Ертедегі хундар
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Пәндер