Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н. Ә. Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған[1, 1] . Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай - ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік - логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары [2, 4] .

Кластер - өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.

Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер - жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.

Экономикалық әдебиеттерде кластердің бірнеше анықтамалары берілген. Бірақ олардың барлығы орналасқан жеріне байланысты топтастырылған кәсіпорындар тобын білдіреді. Топтар біртұтас технологиялық желіде біріккен, атап айтқанда тасымалдаушы, өндіруші, тұтынушы, оқу және зерттеу институттары, қаржы ұйымдары, шығаратын өнімді таратушы фирмалар, міне осындай ұйымдарды құру, нақты айтқанда экономикалық тиімді кластерлік салаларды құру осы жұмыстың негізі болып табылады.

Бұл диплом жұмысында қазіргі экономикалық жағдайда маңызды болып табылатын бәсекелік қабілеттіліктерді арттыру жағдайына байланысты экономиканы кластерлеу мәселесіне арналған. Мұнда кластер түсінігі, қалыптасқан теория мен маңыздылығы, сипаты мен құрылымы, мақсаты мен оның жүзеге асыру жолдары, артықшылықтары мен кемшіліктері, шетел тәжірибесі және оның Қазақстан экономикасында жүзеге асырылуы қарастырылған.

Диплом жұмысына таңдап алынған тақырыптың тағы бір маңыздылығы салаларды айтарлықтай деңгейде қалыптастырып және дамытып, экономиканы тұтастай алғанда осы салалардың үлесін жоғарылату болып саналады.

Жоғарыда көрсетілген жеті кластерлерді, оның ішінде туристік индустрияны кластерлеу жолдары диплом жұмысында ашып көрсетілген. Диплом жұмысының өзектілігі - кластер экономиканы әртараптандырудың басты нысаны ретінде бәсекеге аса қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу жолдарын айқындайды. Сондықтан бұл мәселе өз шешімін таппайынша тақырып өзектілігін жоймақ емес.

Диплом жұмысының мақсаты - экономиканы басқарудың жаңа бағыты - кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттей отырып, шикізаттық емес өндіріс салаларын және туризмді балама дамыту мүмкіндіктерін айқындау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:

  • кластердің қоғамды дамытудағы әлеуметтік - экономикалық маңыздылығын анықтау;
  • кластер жүйесін тиімді құрудың механизмін, оған әсер ететін факторларды, жүзеге асыру қағидаларын іздестіру;
  • дамыған елдердің тәжірибесін зерттей отырып, отандық туристік кластер үлгісін қалыптастыру жолдарын қарастыру;
  • Қазақстанда туризм индустриясындағы кластерлік бастаманың даму үдерісін жан-жақты сараптау
  • Қазақстан экономикадағы кластерлік бастамалар мен оның инновациялық дамуына ұсыныстар беру.

Әрбір тарауға жалпы сипаттама беріп кетейік.

Бірінші тарау «Экономиканың кластерлік дамуының теориялық негізі» деп аталады және «кластер экономиканың даму үлгісі ретіндет» және «туристстік кластерді қалыптастыру: шет ел тәжірибесі және Қазақстан» атты екі бөлімнен тұрады. Бұл тарауда экономикалық теориядағы жаңа ұғым - кластерге анықтама беріліп, осы ұғымға байланысты экономист-ғалымдардың теориялық әдістемелік ерекшеліктері зерттеледі. Сондай-ақ кластердің пайда болу алғышарттары мен қалыптасу үдерісі, құрамы, маңыздылығы мен құрылымы, оның экономикалық тиімділігін арттыратын факторлар, әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің экономикасында қалыптасқан тәжірибелерін қарастыру көзделген.

Екінші тарау «Қазақстан экономикасында кластерлік жүйені енгізу бастамаларына талдау» тақырыбын қамтиды. Бұл тарауда біріншіден Қазақстан Республикасында экономиканың жылдам дамуы үшін, екіншіден экономикалық тиімділікті жоғарылату үшін, үшіншіден елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, сондай-ақ шикізаттық салаға экономикалық тәуелділікті төмендету үшін және өндірістік саламен қатар өңдеуші салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту қарастырылады. Еліміздің экономикасындағы айтарлықтай маңызға ие анықталған жеті кластерлік бастамаларға қысқыша шолу жасай келе, туризм индустриясындағы кластерлік бастамашылық үдерістеріне әлеуметтік -экономикалық, деректі-статистикалық сараптаулар мен саланы дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.

Үшінші тарау «Қазақстан Республикасындағы туристік кластерді инновациялық жетілдіру механизмдері» деп аталып ары қарай туристік кластердің инновациялық жетілдірудің түрлері мен міндеттері анықталады және ақпараттық технологиялар мен франчайзингті шетелдер тәжірибелерінде дамыту жолдары ұсынылады.

Бұл зерттеудің логикасы классикалық және неоклассикалық, сондай-ақ қазіргі замандағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан. Ұлттық экономика мен оның жекеленген салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері рыноктық экономикада қалыптасқан үлгілердің даму жолдарын зерттеумен тығыз байланысты. Осы зерттеулердің әртүрлі бағыттары Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдарының − Әубакіров Я. Ә., Жатқанбаев Е. Б., Төлегенова М. С., Шеденов Ө. Қ., Кубаев К. Е., Бишимбаев К., Байзақов С., Райхан Н., Туребаева Ж., Туленбаева А. Н., Серікұлы Б., Шалабекова А. Л., Рахимбеков Т. С., , Назаров К., Мынбаев Қ., Алимбаев А., Тайжан Б., Тажиева Кошербаева А. Б., Тұрсымбаева М. Ж., Айтжанова Д., Яновская О. еңбектерінде зерттелуде. Отандық ғалымдар кластерлеу мәселесі бойынша мақалалар мен баяндамалар жазған. Шетелдік экономистердің ішінде кластердің негізін салушы, Гарвард Университетінің профессоры Майкл Портердің «Бәсекелестік» (Санк-Петербург, 2003) атты еңбегіне сүйене отырып және Афанасьев М., Мясникова Л. зерттеулері де осы жұмысты жазуда қолданылды.


1 Экономиканың кластерлік дамуының теориялық негізі

1. 1 Кластер экономиканың даму үлгісі ретінде ретінде

Кластердің қазіргі заманғы анықтамасы американдық экономист М. Портермен ұсынылған. Оның пікірінше кластер - нақты бір салада қызмет ететін және өзара бір-бірін толықтыратын географиялық көршілес орналасқан өзара байланысты компаниялар (жабдықтаушылар, өндірушілер және басқалары) және олармен байланысты ұйымдар (білім беру орындары, мемлекеттік басқару органдары, инфрақұрылымдық компаниялар) тобы [3, 42] . Ол елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке фирмалардың бәсекеге қабілеттілігімен емес, ішкі ресурстарды тиімді қолдануға бейімделетін әр түрлі салалардағы фирмаларды біріктіретін кластер арқылы қарастыру керек деген ойды тұжырымдайды. Әр түрлі фирмалардың бәсекеге қабілетін зерттей отырып, ол, жоғары бәсекелі фирмалар территорияда шашыраңқы орналаспай, нақты бір территорияда шоғырлану қасиетіне ие болатынына назар аударды. Яғни бір немесе бірнеше фирма әлемдік рынокта бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізгенде, жабдықтаушыларға, тұтынушыларға және бәсекелестерге өз ықпалын тигізеді және кластер негізін ғылыми-өндірістік кешен және аймақтық-өндірістік саясат қалыптастырады [4, 9-14] .

Жеке авторлардың пікірінше, кластер теориясының алғашқы іргесін қалаушы А. Маршалл. 19 ғасырда А. Маршал «Экономика принциптері» (1980) еңбегінде «жеке аймақтарда арнайы салалардың шоғырлануы» тарауын жазған, оның идеясына басқа да ғалымдар көңіл аударған.

Осы бағытта зерттеулерді жалғастырған М. Энрайт локалды, аймақтық шоғырланған артықшылықтарды өзара байланысты және өзара қызмет жасаушы кәсіпорындар желісімен, тығыз өзара қатынаста болатын және кооперациялану мен бір-бірімен бәсекеге түсу процесінен өздерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады деп қалыптасқан түсінікті ары қарай тереңдету жұмыстарымен шұғылданды. Ол аймақтардың экономикасының дамуының тарихи алғы шарттарына тоқтала келе, бизнесті жүргізудің түрлі мәдениетін талдап «аймақтық кластер» түсінігін енгізді. Басқаша айтқанда, «өнеркәсіптік кластер», шаруашылықтың бір-біріне жақын салалардағы фирмалардың географиялық агломерациясын білдіреді [5, 23] .

«Кластер» түсінігіне түпкі өнімді өндіруге түрлі салалардағы өндірушілер бірігетіндіктен, олардың арасындағы технологиялық байланыстардың проблемаларын зерттеуде көптеген авторлар қолданған. Француз авторлары технологиялық өзара байланысты секторлар желісін көрсету үшін «фильер» түсінігін енгізген [6, 149-158] . Оның мәні бір сектордың технологиялық қуаты келесі секторға тәуелді болатынын анықтаудан көрінеді. «Фильер» түсінігі кең мағыналы «кластердің» түпкі діңгегі болып қалыптасады деп айтуға болады. Кластердің пайда болу себебін, бір жағынан, шағын өндірушілер арасындағы технологиялық байланыстарды қалыптастырудың алғы шарттарының туындауымен, екінші жағынан, нақты елдің өзара байланысты экономика секторларының шағын кәсіпорындарының кластерін құру арқылы ұлттық артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндігімен түсіндіруге болады.

Шведтық ірі корпорация қызметін талдау еңбектерінде, басылымдарда «кластердің» үлгісі айқын байқалады. Швед экономисті Е. Дахменның еңбегінің «даму блогы» тарауында бір сектордың даму мүмкіндігі басқа сектордың жетістіктеріне тәуелді байланысын дәлелдеп, маңыздылығы анықталып көрсетілген [7, 143] .

Ресей ғалымдары М. Афанасьева мен Л. Мясникованың пікірлерінде кластер құн жасаудың бір тізбегі шеңберінде өзара әрекет етуші тұтынушылар мен рыноктық институттарды (брокерлер, кеңес берушілер) байланыстыратын тәуелсіз өндірушілер, сервистік қызмет көрсетуші фирмалар, жабдықтаушылар, технологиялар мен ноу-хауды (университеттер, ғылыми зерттеу институттары, инжинирингтік орталықтар) ойлап табушылардың желісі ретінде мәні талданған [8, 75] .

Кластер - әлемдік бәсекенің қатаң талаптарына төтеп беріп, өмір сүруін сақтап қалуға бейімделген қоғамды өзіндік ұйымдастыру әдістерінің бір түрі анықтамасын әлеуметтік тұрғыдан қарастыруға болады. Бұл сөз ғылымның медицина, психология, информатика, математика, физика және т. б. салаларында кездескенмен, оның мағынасы барлығына ортақ, ағылшын тілінен аударғанда «кластер» - жинақталу, топталу деген түсінікті береді . Экономика саласында «кластер» - халықаралық еңбек бөлінісінде лидерлік позицияны алушы және экономикалық мамандануды көрсетуші, аймақ бойынша жақын орналасуынан қолайлы жағдайларға ие болатын өзара байланысты әр түрлі саладағы бәсекеге қабілетті компаниялар мен кәсіпорын топтары салалық, ұлттық, әлемдік рынокта бәсекелік позицияны қамтамасыз етеді. Осы анықтамадан кластердің мағынасы бір немесе өзара жақын аймақта орналасқан компаниялардың жиынтығын көрсетеді. Біздің ойымызша, технологиялық тізбекпен байланған және салыстырмалы секторалды келісте көрінетін негізгі өндірушілер мен тұтынушылар, арнайы жабдықтаушылар жүйелерінің территориялық шоғырлану базасында қалыптасқан өндірістік кешен кластерді құрайды. Оның негізінде өндіріс шығындары азаяды, өндірісті «көшіріп, айнытпай жасау» жол берілмейді, кластерлік бірігудің мотивтері: жаңа технологияларды тарту мүмкіндігінің артуы, аймақтарды, аудандарды, облыстарды белсендету, импорт пен экспортты қолдау, мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру, ал мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндіру саналады [9, 124] .

Келесі анықтама АҚШ губернаторларының ұлттық ассоциациясының келтіруінше (National Governors Association, NGA), кластер «бір-бірімен нақтыланған қарымқатынаста компаниялардың географиялық шоғырлануынан (ресурстарды, қызметтерді және жабдықтаушыларды тартуға жеткілікті), бұл кәсіпорындардың өндірісті толықтыру немесе дайындау технологиясында және ресурстарды тұтынуда, өндірілетін өнімдерде ұқсастықтар болуын меңзейді . Сонымен бірге, Ұлыбританияда кластерді жоспарлауға арналған зерттеулер нәтижесіндегі көзқарас салалардағы арнайы жабдықтаушылардың, қызметтерді ұсынушылардың (оның ішінде зерттеу институттары) мүдделерінің жан-жақты өзара қиылысуымен компаниялардың географиялық топтасуына көңіл бөледі. Олардың зерттеуінде географиялық топтасқан компаниялар бір жағынан өзара бәсекелік, екінші жағынан ынтымақтастық қарым-қатынаста болатыны мазмұнды анықталған [10, 57] .

Бәсекеге қабілеттілік теориясын зерттеуде кластер теориясының маңызын осы уақытта дейін зерттеу біріншіден, оны бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату факторы ретінде қараудан, екіншіден «ұлттық ромбтың» құраушы детерминанттардың бірі болуынан туындайды. Кластерде тауардың сапа параметрлерінінің ерекше зерттелуіне назар аударған ресей ғалымы Бабаев Б. Д. «аймақтық кластерді» аймақтағы кәсіпорындар, өндірушілер, қызметті ұсынушы және көмекші салалардың жұмыс сапасымен өлшеніп дамуға етек алатын ірі салалардың шоғырлануы деп көрсетеді [11, 219] .

Кластердің келесі анықтамасы оны «бірліктер жиынтығын құрайтын ұқсас объектілердің, біркелкі элементтердің жиынтығы» ретінде айқындайды .

Кластердің өнеркәсіптегі мәнін сараптай келе, осы бағыттағы оның анықтамасы келесідей анықталған, яғни өнеркәсіптік кластер - бұл инновациялық құраушыларды жинауға қабілетті және нақты деңгейде бәсекеге қабілетті тұтынушылардың немесе ресурстардың жалпы рыногына бағытталған немесе технологиялық тізбекпен өзара байланысты ғылыми- өндірістік және қаржы компаниялары, бір шеңбердегі кәсіпорындар тобы .

Географиялық шоғырлану, кәсіпорындардың өзара байланысы аталған анықтамаларда жан-жақты қарастырылуы кластер теориясының қазіргі заманғы негізгі постулат ретінде қабылданатынын атап кеткеніміз жөн болар.

Кластердің құрылуы географиялық шоғырлану есебінен бәсекелік жағдайларға қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатына көз жеткенмен, қазақстандық ғалым А. А. Дюсембаевтың берген анықтамасында оның мәні шағын территориялық аумағына қарамастан, әлем бойынша лидерлік позицияны алатын жеке салалар шеңберіндегі кәсіпорындар тобының ең алдымен бәсекеге қабілетті болуымен қарастырылған [12, 86] .

Компания бәсекелік күресті тиімді жүргізу үшін шаруашылықтың кластерлік жүйесі беретін артықшылықтарды қолдана білуі тиіс. Көптеген авторлар тек сыртқы рыноктарда ғана емес, ішкі рыноктарда өз позицияларын баса білу үшін келесі шаралардың жүзеге асырылуын алға тартады: өнімді үнемі жетілдіру, басқарудың ұйымдық әдістерін үнемі жетілдіру, мамандану мүмкіндіктерін іздеу, экономика көлемінің тиімділігін табу, жергілікті және халықаралық байланыстарды дамыту, еңбек ресурстары сапасын үнемі жоғарылату, қазіргі заманғы технологияларға кіру мүмкіндігі, қазіргі заманғы маркетингтік стратегияларды қолдану .

Бұл міндеттерді жекелеп шешу мүмкін болмау салдары кооперацияланудың түрлі формалары пайда болуына септігін тигізді: стратегиялық альянстар, қаржы-өнеркәсіптік топтар, консорциум, кластерлер.

Неоклассикалық экономикалық теория жетілген бәсеке үлгісі мен еркін рынок үлгісінің қазіргі заманғы экономикалық жүйенің постулаты сапасында қарастырылады. Бұл түсінік әлем ұсыныс және сұраныс құрылымы жайлы толық ақпаратқа ие және рынокта толық еркін айналымға түсуге қабілетті өзара тәуелсіз қызмет жасайтын, саны шексіз экономикалық субъектілермен анықталады. Жетілген бәсеке үлгісінде экономикалық құрылымның қызмет етуі негізінде баға механизмі көмегімен, автоматты түрде жүзеге асырылады, ал рынок игіліктерді өндіру мен бөлудің жалғыз әдісі болып қалады.

Бұл үлгі индустриалды капитализмнің көркею мерзімінде радикалды өзгерістерге ұшырауы тиіс. Жетілген бәсекенің экономикалық үлгісі кооперация және интеграция үлгісіне алмастырылып, экономикалық субъектілердің мінез- құлқы өсудің табиғи үрдістерін анықтайды, ал экономикалық әлем қазіргі заманғы экономикалық ұйымның сипаттық белгісі болған, кәсіпорындардың кооперациялану процесінің көрінісін ашық бейнелейді. Экономикада қызмет етуші шаруашылық субъектілер өздерінің экономикалық мүдделерін көздей отырып, әрекеттерін пайданы ұлғайтуға бағыттайды, рынок туралы толық ақпаратқа ие және оны өз пайдасына қарай өңдеп алуға қабілетті.

Институционалды экономикалық теория көзқарасы тұрғысынан желілік, кластерлік келіс рынок пен ұйым арасындағы аралық форма ретінде бейнеленеді. Фирма аралық кооперация ақпаратты алу, бақылауды жүзеге асырумен байланысты трансакциялық шығындардың төмендеуіне ықпал жасайды. Нақты экономикалық теория трансформация және трансакция шығындарын азайтуда желілік құрылымдардың мүмкіндіктерін зерттейді [13, 132] .

Институционалды экономикалық теорияны өңдеуге өз үлестерін Р. Коуз, О. Уильямсон, Ф. Хайек қазіргі заманғы интеграциялық процестерді талдауда қолданылатын теориялық құралдарын кеңейтті. Экономикада институционалды келістің қажеттілігі экономикалық институттардың қалыптасуы тәуелді болатын рыноктық қатынастардың дамуынан туындады. Рынок сұраныс пен ұсынысты балансқа келтіретін, қоғамдық қатынастардың жүйесі ретінде анықталады, осы айтылғанды негізге ала отырып, рыноктық экономика механизмін қарапайым формада беруге болады, яғни барлық қызмет екі шаруашылық субъект арасындағы келісімге негізделеді. Дегенмен, жай келісімнің өзі қарапайым рыноктық механизмнің институционалды орта, нормалар, ережелер, формалар, құралдары болмаса, қызмет жасауға қабілетсіз. Бұдан шығатыны, қазіргі заманғы рынок процестерді ұйымдастыруда ғана емес, сонымен бірге институттарды қалыптастыру және жетілдіруде көрінеді.

Институционалды теорияның жақтаушылары рыноктық институттар проблемаларын зерттеу жолымен неоклассикалық экономикалық талдау мүмкіндіктерін кеңейтумен айналысады.

Институттар кез-келген экономикалық жүйеде шешім қабылдау процесін алдын-ала анықтайды. Кәсіпорын институционалды аспектіде түрлі әлеуметтік- экономикалық процестерді кеңістікте және уақытпен біріктіретін мультипликативті эффект жүйесін қолдану жолымен тиімділікті анықтайтын толыққанды экономикалық субъект, өзіндік экономикалық интегратор ретінде көрінеді [14] .

Біздің ойымызша, локалды өнеркәсіптік агломерация және арнайы мамандану мәселелерінде кластерге берген анықтамалардың жалпыға ортақ ережелері бар.

Маршалдың берген анықтамасы бойынша, фирмалардың жақын орналасуы білім және инновациялармен алмасу, еңбек ресурстарын бірігіп пайдалану жабдықтаушыларға жақын болуына қарай өнеркәсіптік аудандар пайда болады.

Кластердің алғаш пайда болу аспектілері маршалдық теорияға негізделсе, қазіргі уақыттағы бұл түсінік Портер еңбектерінде терең зерттеліп, оның діңгегі ретінде «географиялық жақын орналасу» қалыптасқан.

Кейбір авторлардың пікірінше, кластер өзара тәуелді компаниялардың бір жерде шоғырлануынан пайда болады. Яғни бұл түсінік «бір тізбекте орналасу» фактор мәнін құрайды деп ойлаймыз.

Біздің көзқарасымыз бойынша, экономикалық теория тұрғысынан, осы уақытқа дейін белгілі анықтамаларды зерделеп, оған негізгі қатысушы кәсіпорын екеніне тоқтала келе, шаруашылықтағы рөліне ерекше көңіл бөле отырып, кластер жіктеуін неоклассикалық және институционалды мектеп талдауларымен төмендегідей беруге болады (кесте 1) :

Кесте 1

Экономикалық мектептер бойынша кластердің жіктелуі*

Авторы
Оның берген анықтамасы
Авторы: Неоклассикалық экономикалық теория тұрғысынан
Авторы: Schmitz
Оның берген анықтамасы: Кластер - бір сектордағы өзара тығыз байланыста болатын кәсіпорындар жиынтығы.
Авторы: Swann and Prevezer
Оның берген анықтамасы: Кластер - бір географиялық аймақта орналасқан бір сала шеңберіндегі фирмалар тобы.
Авторы: Andersson et al.
Оның берген анықтамасы: Кластеризация жалпылама түрде ұжымдық бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату үшін альянстардың қызметі мен өзара тығыз байланысын орнату және нақты функционалды орынға кооперация ұйымдастыру, географиялық облыста іштей шоғырланған фирмалар мен басқа да қызмет жасаушы тұлғалардың бірігіп орналасу процесі ретінде анықталады.
Авторы: Институционалды экономикалық теория тұрғысынан
Авторы: Steiner and Hartmann
Оның берген анықтамасы: Кластер - еңбек рыногы, өндіріс шығындары, немесе технологиялық қатынастармен байланысты қоғамдық, жеке және жартылай қоғамдық зерттеу институттары мен даму институттарын өзара толықтырушы фирмалар (өндіріс немесе қызмет көрсету секторларында) .
Авторы: Feser
Оның берген анықтамасы: Экономикалық кластер бұл тек байланысты және қолдаушы салалар мен институттар емес, өзара қатынас негізінде бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғарылайтын бірбірімен байланысты және қолдаушы институттардан тұрады.
Авторы: Steiner and Hartmann
Оның берген анықтамасы: Кластер - еңбек рыногы, өндіріс шығындары, немесе технологиялық қатынастармен байланысты қоғамдық, жеке және жартылай қоғамдық зерттеу институттары мен даму институттарын өзара толықтырушы фирмалар (өндіріс немесе қызмет көрсету секторларында) .

*Дерек көзі:Тұрсымбаева М. Ж. //автореф. э. ғ. к. Алматы -2009 [28, 7]

Шетел авторларының анықтамаларына тоқталатын болсақ, кейбір авторлардың ойынша «географиялық жақын орналасу» мәні толық көрсетілмей, негізгі бағыт компаниялардың инновацияларға ұмтылуын, компаниялар арасында технологиялық байланыста болу, арнайы ұйымдардың локалды жинақталу мақсаттарын ұстанған.

Біздің пікірімізше, осы айтылған барлық сипаттардың стратегиялық альянстармен ортақ белгілерін табуға болады. Стратегиялық альянс - бір-бірінің ресурстары мен материалдарын, білімдерін қолдана отырып, нақты жоба бойынша жұмысты аяқтауға немесе өндірістің арнайы түрімен айналысуға келіскен бірнеше тәуелсіз кәсіпорындардың бірігуі. Стратегиялық альянс мәніне тәуелсіз кәсіпорындардың бірігуі, өзара бір айқын мақсатты ұстануы жататынын ескерсек, нақты бір деңгейде кластер мәніне жақын екендігін тұжырымдай аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Кластер және бәсекелестік
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz