Жануарларда паразиттық ауруларды болдырмау үшін бірінші атқаратын жұмыс профилактика, яғни осы аурулардың алдын алу жолдары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Мониезиоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
Тизаниезиоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Гельминтология, оның анықтамасы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
Гельминтологияның негізгі даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Гельминтоздардың эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Өзіндік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
1.сурет. Moniezia sp. таспа құртының даму сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Гельминттер адам мен жануарлардың ішкі мүшелері және ұлпаларына (тканьдері), дене қуыстарына қоныс тебеді. Олар белгілі бір дене мүшесіне орнығуға бейізаделген. Құрттардың көптеген түрі ас қорыту жүйелерін мекендейді. Гельминттердің басым көпшілігі ішекте күнелтеді. Мысалы, күйіс малының ащы ішегінен жұмыр және таспа құрттар, ал бауырынан, ұйқы безінен сорғыш құрттар табылады. Кеңірдек пен ауа тамырларын (бронхтарын) қылқұрттар (нематодалар), өкпе мен бауырға бершімектер (эхинококктар) жайғасады, шарбы-шажырқайда жылауық ұшырасады.
Гельминттермен жас төлден бастап ересек малға дейін зақымданады. Ішқұрт әсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелері зардап шегеді, олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Паразиттер мал денесінде қанмен, сөлмен, торшамен (клетка) қоректенеді. Организмде паразиттердің саны көбейсе, мал дертке шалдығып, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен түліктің өнімі кемиді, басқа жұқпалы ауруға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Қайсыбір құрттар түрлері мал атаулының бірнеше түлігінде (мысалы, күйіс қайыратындарда) кездессе, екінші біреулері бір ғана түлікте (мысалы, жылқыда) өмір сүреді. Құстарда болатын гельминттер сүт қоректілерде тіршілік ете алмайды.
Ішқұрт ауруларының кейбіреулері адам өміріне де өте қауіпті. Құрттар малдан адамға, ал кейде керісінше, адамнан малға жұғып отырады. Бұлар адамға және жануарларға тән зооантропоноздар (zoon - хайуан, anthropos- адам, hosos — ауру деген грек сөздерінен шыққан) немесе антропозооноздар деп аталады.

1. Ж.М. Есімбек. Арахноэнтомология. – Шәкәрім атындағы Семей Мемлекетгік университеті. -Новосибирск, 2002.-160с.
2. Б.К. Ыбраев. Жануарлардың арахноэнтомоздарын балау және дауалау. Оқулық құрал. Астана, 2002.
3. Жалпы редакциясын басқарған Қожабеков З.К. Мал аурулары. — Алматы, Қайнар, 1989.
4. Қашағанов Қ.Е., Бердімұратов Ж.Б. Малдерігерлік түсіндірме сөздік -Алматы, Қайнар, 1982.
5. Ерболатов К.М. Мал гельминтоздары. - Алматы, Қайнар, 1984.
6. Мұхаметалин К.Д. Малдың паразит аурулары. - Алматы, Қайнар, 1966.
7. Абуладзе К.И. и др. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1982,1990.
8. Абуладзе К.И. и др. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1984.
9. Демидов Н.В., Потемкина В.А. Справочник по терапии и профилактике гельминтозов животных. М: «Колос», 1980.
10. Дьяконов Л.П., Орлов И.В. и др. Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных. М.: Агропромиздат, 1985.
11. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000.
12. Ананьев П.К. и др. Профилактика и лечение заразных болезней сельскохозяйственных животных, Алма-Ата: «Кайнар», 1988.
13. Бауер О.И. Болезни прудовых рыб. М.: «Колос», 1981.
14. Балашов Ю.С. Кровососущие клещи - переносчики болезней человека и животных. Л., «Наука», 1967.
15. Галузо И.Г. Токсоплазмоз животных. Алма-Ата, «Наука», 1965.
16. Геллер И.Ю. Эхинококкоз. М., «Медицина», 1989.
17. Гробов О.Ф. и др. Болезни и вредители пчел. М., ВО «Агропромиздат», 1989.

Аннотация
Бұл курстық жұмыста кіріспе, осы пән туралы қысқаша мәліметтер,
анықтамалар, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер мен
өзіндік жұмыс қарастырылған.
Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде осы тақырып және пән туралы қысқаша
қорытынды жазылған.
Негізгі бөлімде осы пән туралы мәліметтер, анықтамалар, тақырыпқа сай
мәселелер қарастырылған.
Өзіндік жұмыс бөлімінде қолданылған әдебиеттер және қорытынды т.б.
мәліметтер берілген.
Қысқартылған сөздер
мл – миллилитр
% - пайыз
мг – миллиграмм
РНК – Рибонуклеин қышқылы
ДНК – Дезоксирибон қышқылы
млн – миллион
т.б. – тағы басқа.
Анықтама
Гельминтоскопия – гельминттердің бунақтарын табу.
Гельминтовооскопия – гельминт жұмыртқаларын іздеу.
Гельминтоларвоскопия – балаңқұрттарын ажырату.
Симбиоз – бірлесіп ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделу.
Облигад – міндетті.
Унипотент – бір ғана мүмкіндік.
Полипотент – көп мүмкіндік.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Мониезиоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Тизаниезиоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
Гельминтология, оның анықтамасы және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
Гельминтологияның негізгі даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Гельминтоздардың
эпизоотологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
Клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 21
Өзіндік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 29
1-сурет. Moniezia sp. таспа құртының даму
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .. 32
Кіріспе
Гельминттер адам мен жануарлардың ішкі мүшелері және ұлпаларына
(тканьдері), дене қуыстарына қоныс тебеді. Олар белгілі бір дене мүшесіне
орнығуға бейізаделген. Құрттардың көптеген түрі ас қорыту жүйелерін
мекендейді. Гельминттердің басым көпшілігі ішекте күнелтеді. Мысалы, күйіс
малының ащы ішегінен жұмыр және таспа құрттар, ал бауырынан, ұйқы безінен
сорғыш құрттар табылады. Кеңірдек пен ауа тамырларын (бронхтарын)
қылқұрттар (нематодалар), өкпе мен бауырға бершімектер (эхинококктар)
жайғасады, шарбы-шажырқайда жылауық ұшырасады.
Гельминттермен жас төлден бастап ересек малға дейін зақымданады. Ішқұрт
әсерінен жануардың ас қорыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелері зардап шегеді,
олардың қызмет атқару қабілеті бұзылады. Паразиттер мал денесінде қанмен,
сөлмен, торшамен (клетка) қоректенеді. Организмде паразиттердің саны
көбейсе, мал дертке шалдығып, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен
түліктің өнімі кемиді, басқа жұқпалы ауруға қарсы тұрарлық қабілеті
төмендейді.
Қайсыбір құрттар түрлері мал атаулының бірнеше түлігінде (мысалы, күйіс
қайыратындарда) кездессе, екінші біреулері бір ғана түлікте (мысалы,
жылқыда) өмір сүреді. Құстарда болатын гельминттер сүт қоректілерде
тіршілік ете алмайды.
Ішқұрт ауруларының кейбіреулері адам өміріне де өте қауіпті. Құрттар
малдан адамға, ал кейде керісінше, адамнан малға жұғып отырады. Бұлар
адамға және жануарларға тән зооантропоноздар (zoon - хайуан, anthropos-
адам, hosos — ауру деген грек сөздерінен шыққан) немесе антропозооноздар
деп аталады.
Мониезиоз
Мониезиозбен қой, ешкі, ірі қара, түйе және кейбір жабайы уақ күйіс
қайыратындар ауырады. Монезия құрты ащы ішекті мекендейді. Олардың аралық
иелері топырақта тіршілік ететін сауытты орибатид кенелері.
Мониезиоз Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған және жыл
сайын пайда болатын зілді дерт. Құрттың өсіп-өнуіне қолайлы жағдайда немесе
емдеу-сақтық шаралар жеткіліксіз жүргізілген шаруашылықтарда, өлім жітімге
қозы-лақ көптеп ұшырауы мүмкін. Қой шаруашылықтарында қозының 40–80%-ті
монезиозға шалдығып, 30–80%-ті шығынға ұшырауы ықтимал. Дертке ұрынған төл
ұзақ ауырады, өсуі тежеледі. Кейбір деректерге жүгінсек ауру қозы салмағын
10% кемітеді және одан 200 г жүн кем қырқылады.
Қоздырғышы. Мониезия – тұрқы 2,5 м-ден 10 м–ге дейін жететін таспа
құрт. Гельминт бунақтары жалпақ келеді, жыныс мүшелері екі қатар
орналасқан. Буылтықтардың екі бүйірінен жыныс мүшелерінің (еркек пен
ұрғашы) тесіктері ашылады. Мониезиоз дертін ішқұрттың екі түрі тудырады:
бірін Moniezia expanse , ал екіншісін M.benedeni деп атайды.
М.expanse – ұзындығы 6–10м, түсі ақшьіл, бунақ (проглоттида)
аралықтарындағы бездері дөңгелене келіп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттеріне
орналасқан. M.benedeni – тұрқы 2,5–4м, түсі күңгірттеу, бунақаралық бездері
көлденең сызықшаға ұқсайды. Мониезия жұмыртқалары көп қырлы, бұрыштары
көмкерілген, түстері сұрғылт болып келеді. Жұмыртқа ішіндегі алты ілгекшесі
бар онкосферасы алмұрт іспеттес құрылғымен (аппарат) бекітілген.
Өсіл-өнуі. Мал таспа құрттың пісіп-жетілген соңғы буылтықтарын өз
нәжісімен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар
болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары үзіліп, ішіндегі жұмыртқалары
шашылады. Кенелер өсімдіктердің түбінде органикалық қалдықтармен, мал
тезегімен қоректеніп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кене денесіне түскеннен
кейін гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлініп іш қуысына енеді, одан әрі
балаңқұрттың келесі сатысы цистицеркоидқа айналады. 3–5 ай аралығында
цистицеркоид өсіп жетіліп, инвазиялық сатыға жетеді. Мал жайылымда шөппен
бірге мониезиоз құртымен залалданған орибатид кенелерін жұтып ауру
жұқтырады. Қозы мен бұзаудың ішегіне түскен мониезия құрты тез өсіп, 37–50
күн аралығында жетіліп, ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық иесінің
ішінде 2 айдан 6 айға дейін тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы. Мониезиоз ауруының пайда болуы, таралуы құрттың аралық
иесінің тіршілігіне, малдың төлдеу, отардың жаппай өріске шығу мерзіміне,
ауа райы жағдайларына тікелей байланысты.
Мал бұл дертті қора төңірегіндегі қи, тезек шашылған жерлерден
жұқтырады, өйткені өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін сауытты кенелер-
орибатидтер шіріген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмір сүреді.
Топырақ кенелері жер бетінде біркелкі тарамаған. Олар далалы, таулы
алқаптарда, бұлақ, өзен аңғарларында жиірек, ал шөбі шүйгін, ылғалы мол
жайылымдарда, жазық сазды жерлерде азырақ кездеседі.
Мониезиоз құрты малға өріске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында
аурудың алғашқы клиникалық белгілері 15–20 күн өткеннен кейін байқалады.
Қазақстанда бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуір дәрежеде шығынға
ұшырататын індет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа
қойларда да кездеседі.
Ішқұрт ауруы қоздырғыштарының өздеріне тән айырмашылығы бар. Мысалы,
жаз ортасына дейін негізінен алғанда М.expansa, ал күзге қарай M.benedeni
кездеседі. Құрттың бірінші түрі көбінесе жас қозыларды зақымдаса, ал
екіншісі - сақа малды зарарлайды.
Қой мониезиозы Қазақстанның барлық территориясына тараған. Аурудың шығу
мезгілі, қозыларды жайылымға шығару уақытымен тығыз байланысты. Оңтүстікте
әдетте бұл мерзім сәуірдің бас кезіне тура келеді, ал орталық және
солтүстік аймақтарында індеттің жұғу уақыты бұдан гөрі кейінірек.
Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік-шығысында мониезиоз жыл бойы кездеседі,
бірақ аурудың үдемелі кезеңі жас төлде жаз, тоқты мен ересек қойда көктем
мен күз айларында өршиді.
Лақтар қозыларға қарағанда бұл ауруға сирек шалдығады. Бұзаулар өріске
шығысымен мониезиоз қоздырғыштарын жұқтыра бастайды. Тамыз айында инвазия
өзінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеріліп, қыста құрт төмендейді. Түйенің
мониезиозға шалдыққанын З.В.Шумилина (1955) Орал аймағынан байқаған.
Аурудың өрбуі. Зақымданған мал ішегінде таспа құрттың жалпы саны жүзге
дейін баруы ықтимал. Құрт созылмалы денесі арқылы малдың қоректік затарын
сорып, сколекске орналасқан төрт сорғышымен ішекке жабысып, кілегейлі
қабығын жаралайды. Кейде паразиттер ішек ішіне толып, азық жүргізбей қояды.
Осының нәтижесінде ішек созылып, ішкі қабаты қабынады, бара-бара ішектің
түйілуіне немесе ыдырап, үзіліп кетуіне ұшыратады. Гельминттерден бөлініп
шыққан уыты қан арқылы дене мүшелеріне жайылады, жүйке жүйесінің қызметін
бұзады, бүкіл мал денесін уландырады. Соның салдарынан төлдің, кейде ересек
малдың іші кеуіп өтеді, нәжіс, зәр шығару кезінде мал қиналады, бұлшық еті
дірілдейді, қан азаюы байқалады. Сонымен бірге басқа инфекциялық індеттерге
қарсы малдың төзімділігі төмендейді.
Ауру малдың тәбеті нашарлап, тез жүдейді, көбінесе жата береді,
ақырыңда өлім-жітімге ұшырайды.
Сырт белгілері. Клиникалық белгілердің пайда болуы мал организмінің
шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы ішегіндегі ондаған
немесе жүздеген таспа құрт ауруды тым үдетіп жібереді. Малдың жем-шөпке
зауқы бәсендейді, шөліркеп іші өтеді, сұйық нәжісіне шырыш және қан
араласады. Төлдің арты үнемі былғанып жүреді, ал кейде көтен ішектен таспа
құрттар үзінділері салбырап тұрады.
Жүрек қантамырлары қызметінің нашарлауынан дененің әр тұсынан, әсіресе
алқымынан, сирақ буындары маңайынан, т.б. жалқаяқты ісіктер байқалады. Егер
ішек қуысы құрттармен бітеліп қалса, онда жануар мойынын бүйіріне қарай
қайырып тыпыршып мазасызданады. Ал жүйке-жүйесінің қызметі бұзылған шақта
денеге діріл пайда болып, төл бір орында тұрып өзінен өзі айнала береді,
аяғымен жер тепкілеп, тыпырлап, құлап түседі. Жалпы малдың күйі төмендеп,
еті қайтады, көтеремдіктен және ішегінің бітелуі себебінен өледі.
Өлекседегі өзгерістер. Мониелиоядан өлген немесе онымен ауырған қозылар
мен қойды сойып қарағанда олардың етінің қашқаны көрінеді. Кілегей
қабықтары бозарыңқы, тері астынан жалқаяқтар байқалады. Ішін жарып
қарағанда құрсақ қуысынан сарқылма сарысу көрінеді. Ащы ішектің кілігей
қабығы жарақаттанған нүкте тәрізді қанталаған.
Анықтау, емі, ақтандыру. (қараңыз: Аноплоцефалездарды анықтау, емдеу
және алдын-алу).
Аноплоцефалятоздар
Кейбір гельминтоздардың жынысы жетілген қоздырғыштары үй жануарларының
ішегінде күнелтеді. Ондай құрттардың ұзындығы бірнеше м–ге жетеді,
сколексі қарусыз. Мұндай құрттар Anoplocephalidae тұқымдасына Moniezia
туысына жатады. Аралық иелері топырақ кенелері.
Тизаниезиоз
Тизаниозбен күйісті малдардың көбі ауырады. Біздің елімізде аурудың
қоздырғыш құрты қойдан, ешкіден, ірі қарадан және кейбір жабайы аңнан
табылған. Паразит аталған малдардың ащы ішегіне орналасып тіршілік етеді.
Қоздырғышы - ақ түсті таспа құрт - Thysaniezia giardi – ұзындығы
1–4,5м, ені 1см–ге дейін жетеді. Бунақтарының ені ұзындығынан едәуір
асады, ал оның монезиядан айырмашылығы - әр бунақта бір ғана қызтекелік
жыныс мүшесі бар. Сондықтан жыныс тесіктері буылтықтың бір ғана бүйірінен
кезек – кезек ретсіз ауысып проглатиданың не оң, не сол жағынан ашылады.
Жатыры сан бұралған түтікше секілденіп көлденең жатады. Жұмыртқаларының
алмұрт секілді құрылымы жоқ.
Өсіп - өнуі. Тизанезий ішек құртының биологиясы әзірге зерттелген жоқ,
алайда оның аралық иесі – омыртқасыз хайуанаттар болуы мүмкін. М.И.Кузнецов
(1962–1963) шөп қоректі жәндіктер (олардың денесінен тизаниезия
цистицеркоидтары табылған) малға ішқұрт ауруын жұқтыруы ықтимал деген –
пайымдау жасады. Ал топырақ кенелері аталған құрттың аралық иесі деген
пікірді көп ғалымдардың көпшілігі қолдамауда.
Эпизоотологиясы. Тизаниезиоз Қазақстан мен Орта Азия республикаларында
кең таралған. Қазақстанның Оңтүстік – шығысында бұл дерт жыл бойы
тіркеледі. Гельминтозға қозылар 5 айлығынан бастап шалдығады. Ауру тоқтылар
мен ересек қойларда жиі кездеседі. Наурызда туған қозыларда ішқұрт ауру
белгілері тамыз, қыркүйек айларында біліне бастайды. Қарашаға дейін
паразиттің жұғу деңгейі көп емес, ал қысқа салым ауруларға шалдыққан жануар
саны арта түседі.
Аурудың өрбуі. Ішек құрттарының механикалық әсерінен ішектің кілегей
қабығы қабынып, жарақаттанады, ішек қуысы паразиттермен бітеліп, кейде
жарылып та кетеді.
Мұндайда ауру өлім – жітіммен аяқталады. Құрттың уыты бүкіл денеге
тарап, малды уландырады, асқорыту жүйесінің қызметі бұзылады, патогенді
микробтардың мал денесіне енуіне жол ашылады.
Сырт белгілері. Тизанезиоз мониезиоздың клиникалық белгілеріне ұқсас
келеді. Көзге шалынатын кілегей қабықтары бозарып, аузынан сілекей ағады,
орталық жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты еттері өздігінен жиырылып
тартылады, мал тәлтіректейді, іші өтеді, ауа жетіспегендіктен мал демігеді.
Өлекседегі өзгерістер мониезиозбен өлген малдыкіне ұқсас. Өлексе арық,
құрсақ қуысы сарқылма суға толған, ішектің іші, әсіресе тизаниезиялар
жайғасқан жерлері сұрғылт түсті тұтқыр қою сұйыққа толы, ішкі қабаты
қанталаған және таспа құрттарға толған.
Гельминтология, оның анықтамасы және мазмұны
Гельминтология көне грек сөздерінен құралған: helmins - құрт, logos-
ілім — паразит құрттар, яғни гельминттер және олар қоздыратын аурулар -
гельминтоздар хақындағы ғылым. Гельминттерді ертеректе глист деп те
атаған. Кейіннен академик К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша глист деген сөз
гельминт деген атауға ауыстырылған.
Гельминтология паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын, оның
тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан түрлі
зиянын, емдеу жолдарын, күрес шараларын зерттейді. Бұл ғылым медициналық,
малдәрігерлік және агрономиялық болып үш салаға бөлінеді.
Гельминтоз дегеніміз – ішқұрттары немесе гельминттер тудыратын жұқпалы
ауру. Бұл кесел адамда, жануарларда, өсімдіктерде кездеседі. Олар адам мен
жануарлардың ішкі мүшелерінде (органдарында), мәселен өкпесінде, бауырында,
мида, ішек–қарында және т.б. орналасады. Паразиттік тіршілік ететін құрттар
әр түрлі болып келеді. Жалпақ құрттар қатарына трематодалар немесе сорғыш
құрттар, цестодозалар немесе таспа құрттар жатады. Нематодалар жұмыр
құрттар тобын құрайды. Мал мен құстың денесінде (организмде) акантоцефалар
немесе тікенбасты құрттар ұшырайды. Сондықтан, гельминтоздарды олардың
қоздырғыштарының түріне байланысты трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар
және акантоцефалездар деп атайды.

Гельминт және гельминтоздар қай бағытта оқытылады? Ол үшін ауру
қоздыратын құрттардың систематикасын (топтастыру, жіктеу) морфологиясын
(пішіні мен құрылысы), биологиясын (өсіп-өнуі, дамуы) және гельминтоздардың
эпизоотологиясын (аурудың пайда болуы, тарау жолдары т.б.), патогенезін
(аурудың өрбуі), симптомын (кеселдік клиникалық сырт белгілері),
патоморфологиясын (өлекседегі өзгерістер), диагнозын (дертті анықтау),
емін, сақтық (профилактикалық) шараларын толығырақ әңгімелейміз.
Гельминтологияның негізгі даму кезеңдері
Гельминтология — биология ғылымының ең бір көне салаларының бірі.
Зиянды құрттар туралы мәліметтерді біз бұрынғы заманнан жеткен
қолжазбалардан білеміз. Мысалы, Әберс мәлімдеген көне египеттік аңсарда
адамның жұқпалы құрттары-аскарида (жұмырқұрт) мен тения (таспа құрт) туралы
мағлұматтар бар. Гиппократ пен Аристотель де адамның кейбір гельминттерін
біле отырып, олардың патологиялық орнын сипаттаған. Бірақ ғылыми
гельминтология тек қана XVIII ғасырдың екінші жартысында дами бастады.
Гельминтология ғылымының негізін қалаған ғалым Карл Рудольфи (1771-
1832) болды. Ол ең алғаш ішқұрттар туралы мәліметтерді жариялап, олардың
981 түрін 30 топқа бөлген. XIX ғасырдың ортасында гельминтология сынақтық
(эксперименттік) жолға түседі. Кюхеньмейстер, Лейкарт және басқалары
көптеген таспа құрттардың даму кезеңдерін зерттеп ашып, бұлардың балаң құрт
(ларвоциста) және жынысы жетілгендік сатыларының біріне-бірі тура сөйкес
екенін дәлелдеді. Taenia pisiformis құртының жеке бір түр екені
Кюхеньмейстер 1851 жылы сынақтық (эксперименттік) жүйеде анықтаған.
Гельминтологияның негізін Ресейде салған К.И.Скрябин және оның
шәкірттері Н.П.Захарев, И.М.Исайчиков, Б.Г.Массино, Н.П.Попов,
В.Б.Баскаков, Р.П.Подьепольская, Р.С.Шульц, А.М.Петров, С.Н.Боев және
басқалары болды. Олар гельминтер тіршілік ететін ортаны зерттеу үшін 340-
тан астам ғылыми экспедициялар жасады және 500 мыңнан астам жануарлар
ішқұртын тауып ашты. 1920 ж. 16 қарашасында Мемлекеттік экспериментальдік
малдәрігерлік институтында гельминтология бөлімі құрылып, 1931 ж. ол
Бүкілодақтық гельминтология институтына айналды. 1939 ж. ол институтқа
Скрябиннің аты берілді (ВИГИС). 1921 ж. Скрябин ең алғаш медициналық
гельминтология мекемесін ұйымдастырды. Олар: тропикалық медицина
институтының негізінде гельминтология бөлімі мен 1922 ж. қүрылған Москва
университетіндегі паразитология лабораториясы. Осының нәтижесінде 1922 ж.
Мәскеуде үш гельминтологиялық-малдәрігерлік, медициналық және биологиялық
ғылыми - зерттеу институттары жұмыс істеді.
Кеңестік гельминтологияны қалаушы Скрябиннің аты дүниежүзіне мәлім. Ол
бірінші болып гельминтологияны ғылымның жеке саласына айналдырып, оқу пәні
ретінде жоғарғы оқу орындарына енгізді. Гельминтологияның өсіп дамуына
академик Е.Н.Павловский (1884 – 1965) мен бұрынғы КСРО Академиясының
корреспондент мүшесі В.А.Догельдің (1882 – 1958) ғылыми мектептері де үлкен
үлес қосты.
Мал мен құстардың гельминті мен гельминтоздардың Қазақстандағы
зерттелуі өткен ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл істі алғашқы рет
қолға алған орыстың белгілі саяхатшысы және натуралисі А.Б.Федченко болды.
Қазақстанда жануарлардың жұқпалы ішқұрттарын зерттеу тарихы
К.И.Скрябиннің атымен байланысты. Ол Қазақстандағы мал түліктерінің
құрттарын тұңғыш рет зерттеуді ғылыми жолға түсіріп, оны жан-жақгы
қарастыруды көздеген еді. 1905–1911 жылдары, алдымен Шымкент, кейін Әулие-
Ата (қазіргі Тараз) қаласында жұмыс істеп жүріп, ол үлкен гельминтологиялық
жинақ (коллекция) жасады. Осы жинағын Скрябин шетелдік екі жылдық сапарында
белгілі еуропалық гельминтологтар Браун (Германия, Кенигсберг), Фурман
(Швейцария, Невшатель), Райенің (Франция, Париж) лабораторияларында
зерттеді. 1928–1932 жылдарында Қазақстандағы жануарлардың гельминттерін
іздеп табуы Н.В.Баданиннің есімімен тығыз байланысты. 1933 ж бастап, Қазақ
малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының гельминтологиялық лабораториясы
(бұрынғы ветбакинституты) қой гельминтоздарын зерттеумен шұғылданды. Осы
институттағы гельминтологиялық зерттеу жұмыстары 1933 жылдан 1954 жылға
дейін профессор С.Н.Боевтің, ал 1954 жылдан 1973 жылға дейін проф.
Р.С.Шульцтің басқаруымен жүргізілді. 1957 жылдан бастап жаңадан ашылған
МҒЗС-ында гельминтологиялық зерттеулер жалғасын тапты. Олар Өскемен, Тараз,
Қарағанды, Астана, Қостанай және Атырау қалаларында іргелерін қалады. Үй
және жабайы тұяқтылардың ішқұрттары мен олар тудыратын ауруларды зерттеу
ізденістерін 1946 жылдан ҚазССР FA зоология институтының гельминтология
зертханасы бастады және 1960 жылдан оны С.Н.Боевтің басқаруымен осы
институттың сүтқоректілер гельминттерінің лабораториясы жалғастырды.
Құрттардың көбеюі және дамуы
Гельминттер орасан көп жұмыртқа немесе балаң құрттар (личинкалар) салу
жолымен өсіп-өнеді. Сондықтан да олар табиғатта соншалық кеңінен тараған.
Ішқұрттардың жұмыртқалары мен балаң құрттары өте ұсақ келеді де жай көзге
көрінбейді, оларды тек микроскоппен ғана айыруға болады. Алдымен олар
тікелей сыртқы ортада (жер бетінде, суда) немесе аралық ие деп аталатын
әртүрлі жәндіктердің денесінде дамиды. Сыртқы ортада тіршілік ететін
құрттарды геогельминт деп атайды. Бұлардың жұмыртқалары мен балаң қүрттары
сыртқы ортаға иесінің нәжісі арқылы тарайды. Сыртқа түскен жұмыртқада балаң
құрт дамиды, ол жұмыртқа ішінде өсіп-өнеді, түлейді де инвазиялық, яғни
залалдағыш, жұқпалы сатысына жетеді. Бірқатар гельминттерде жетіліп, дамып
болған балаңқұрт жұмыртқа қабыршағын жарып шығып, белсенді әрекет істей
бастайды. Сыртқы ортада балаңқұрттар одан әрі дамып, 2-3 рет түлеп, жұқпалы
дәрежесіне жетеді (жұқпалы балаңқұрт).
Гельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада дұрыс өсіп-
жетілуіне белгілі мөлшердегі жылылық керек. Олардың тіршілігі үшін ең
қолайлысы 25-30° арасы болып табылады. Жылылық осыдан сәл төмендесе
болғаны, оның балаңқұртының өсіп-өнуі бәсеңдейді, температура 5-10°-тан кем
болса, ол әдетте өзінің дамуын тежейді. Жылылық 40° немесе одан жоғары
болған кезде құрттардың күллі жұмыртқалары мен личинкалары тіршілік етуін
тоқтатады. Жұмыртқа мен балаңқұрттың өмір сүруі үшін белгілі дәрежеде
ылғалдық та керек. Егер ылғалдық жеткіліксіз болса, олар құрғап, құрып
кетеді. Көптеген гельминттер күннің салқындығына ұзақ мерзім шыдай береді.
Жұмыртқалар мен балаңқұрттар ауа райының қайта-қайта суып не жылынып алмаса
беруін көп көтермейді.
Геогельминттердің өмір сүруі ең алдымен сыртқы орта мен табиғат
жағдайларына байланысты. Күн сәулесінің жиі түсуі, күннің қатты қызуы құрт
жұмыртқасын, личинкаларын әсіресе олардың алғашқы тіршілік етуі кезінде тез
өлтіреді. Бірақ бұлардың әдетте мұндай қауіпті әсерлерден көң-тезектің
қалдығында, жерде немесе суда едәуір қорғана алатынын да естен шығармау
керек. Өсіп-өніп есейген, үшінші жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар аса
төзімді келеді. Ал дымқылдың тапшылығында да олар көбіне өлмей,
өміршеңдігін сақтап қалады. Геогельминттің балаңқұрттары сыртқы ортада
қоректенбейді, ол тек өзінің бойына сіңген қажетті заттардың есебінен
күнелтеді. Ал өзіне қолайлы жағдай туған (ылғалдылық мол және жылылық,
қалыпты) кезде олар тез қозғалады, бір орында тұрмайды, шөп басына өрмелеп
те шыға алады.
Иелері (жануарлар, адам) табылмаған сәттерде мұндай балаңқұрттар
бірнеше жетіден кейін өліп қалады. Бірақ табиғат үнемі өзгеріп, құбылып
тұратындықтан көптеген геогельминттердің жұмыртқа мен балаңқұрттары
жайылымда жыл бойына сақталады. Мұндай өріс мал жаю үшін қауіпті болып
саналады. Балаңқұрттары сыртқы ортада өніп-өсіп әрі даму үшін белгілі
жануар денесін қажет ететін құрттарды биогельминт деп атайды.
Биогельминттер жұмыртқаларын немесе балаңқұрттарын геогельминт сияқгы
бастапқы кезде сыртқы ортаға бөліп шығарады, ал олар әртүрлі жолдармен (су,
өсімдік, мал азығы арқылы немесе өздігінен) аралық иесінің денесіне енеді.
Ішқұрттардың аралық немесе ақтық иесінде белгілі түрі ғана тіршілік ете
алады. Мысалы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz