Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты



Кiрiспе 3
1.тарау. Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты 4
1.1 Ф.Д. Рузвельт өкiмет басына келер кездегi АҚШ.тың саяси.экономикалық жағдайы 4
1.2 Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясатының маңызы 7
2.тарау. “Жаңа бағыт“ саясаты 9
2.1 Ф.Д. Рузвельттiң «Жаңа бағыт» саясатының жүзеге асуы 9
2.2 «Жаңа бағытты» сынау 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi: 13
Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлі өзгеріске әкелді АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуір айында кірдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлері Еуропа құрлығына келiп, шілде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерін қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпеді. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өліп, 230 мың адам жараланды.
Ф.Д.Рузвельттiң АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан да Ф.Д.Рузвельттiң бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. Соғыстың АҚШ үшін қорытындысы, Еуропа елдеріне Америка капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретін елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дүниежүзіне өзінің саяси экспанциялық саясатын нығайта түсті. дүниежүзілік рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президенті Вильсонның сөзімен айтқанда: «Біздің міндетіміз дүниежүзіне ақша беру болса, ақша берген ел әлемді билей білуі керек». Бұл саясаттың негізі - АҚШ-тың дүниежүзілік гегемондық билікке шығуы болды.
Соғыстан кейін АҚШ президенті Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Ішкі саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұстап, Американың қаржы капиталының мүддесін қолдады. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдеріне қарсы экспансиялық саясат жүргізді. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пункт» бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты.
1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кең етек алды. Елде ереуілдік қозғалыс күшейді.
1919 жылы елде 210 мың өнеркәсіп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жетті. Ереуілдік қозғалысқа қатысқан адамдар саны 4,5 млн.-ға жетті. 1921 жылы АҚШ-та екі коммунистік партия бірігіп, бір партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында демократиялық қозғалыс кең етек алды. Ереуілдік қозғалысқа Америка Еңбек конфедерациясы (АЕК) кәсіподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс президенттік сайлау қарсаңында демократиялык және республикалық партия арасында саяси күресті күшейте түсті. Вильсонның демократиялық партия үкіметінің, халықтың алдында беделі түсе бастады.
1920 жылы қараша айының 2-і күні АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялық партияны қолдап 9 млн сайлаушылар дауыс берді. 8 жыл елді басқарған демократиялық партия жеңіліс тапты. АҚШ президенті болып республика партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президенгі болып Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкіметі келгеннен кейін де елдегі экономикалық дағдарыс жалғасты. Ірі монополияға сенім артқанымен, Гардинг үкіметі қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елді аралап жүрген кезде, аурудан Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды.
1. Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.
2. Мәшiмбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.
3. АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.
4. Бомье Ж. Гитлерден Труменге дейiн. - Алматы, 1952.
5. Актуальные проблемы новейшей истории. - М.,1991.
6. Сучков М.Е. Хрестоматия по новейшей истории. Ч. 2. - М., 1976.
7. Хрестоматия по новейшей истории. Т. 3. - М., 1960.
8. Конституция 16 стран мира. Алматы, 1995.
9. Брант В. Воспоминания // Вопросы истории. 1991. Т 1.
10. Коваль Б.И. Революционный опыт XX века. - М., 1987.
11. Громыко А., Кокошин. Братья Кеннеди - М., 1989
12. Фурсенко А.А. Президенты и политика США 70-е годы. - Л., 1989.
13. Амрекулов Н.А. Культ личности и ее разоблачение. Алма-Ата, 1981. Хроника текущих событий. М., 1970.
14. Очерки новой и новейшей истории. Т. 2. VI., 1960.
15. Сивачев Н.В., Языков Е.Д. Новейшая история США. М., 1980.
16. История рабочею движения в США (1939-1965). - М., 1971. Т. 2.
17. Шреплер Х.А. Международные организации. - М., 1995.
18. История новейшего времени стран Европы и Америки (1918-1945). - М., 1984.
19. Языков В Ф. Историл стран Европы и Америки в новейшее время (1918-1945): Курс лекции. - М., 1998
20. Кредер А.А. Новейшая история XX века. - М , 2000.
21. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2 - М., 1999.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе 3
1-тарау. Рузвельттің жаңа бағыт саясаты 4
1.1 Ф.Д. Рузвельт өкiмет басына келер кездегi АҚШ-тың саяси-экономикалық
жағдайы 4
1.2 Рузвельттің Жаңа бағыт саясатының маңызы 7
2-тарау. “Жаңа бағыт“ саясаты 9
2.1 Ф.Д. Рузвельттiң Жаңа бағыт саясатының жүзеге асуы 9
2.2 Жаңа бағытты сынау 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi: 13

Кiрiспе

Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлі
өзгеріске әкелді АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуір айында кірдi.
1918 жылы көктемде Америка әскерлері Еуропа құрлығына келiп, шілде-тамыз
айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерін қамтыған жоқ,
экономикасы ешқандай зиян шекпеді. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз
болды. Соғыс майданында 50 мың адам өліп, 230 мың адам жараланды.
Ф.Д.Рузвельттiң АҚШ мемлекетiнiң тарихында алатын орны ерекше және
оның саяси бейнесi ғалымдар арасында әрқашанда тартыс туғызады, сондықтан
да Ф.Д.Рузвельттiң бейнесiн қарастыру орынды деп есептеймiз. Соғыстың АҚШ
үшін қорытындысы, Еуропа елдеріне Америка капиталының көп мөлшерде
шығарылуы, АҚШ қарыз беретін елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ
дүниежүзіне өзінің саяси экспанциялық саясатын нығайта түсті. дүниежүзілік
рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президенті Вильсонның сөзімен айтқанда:
Біздің міндетіміз дүниежүзіне ақша беру болса, ақша берген ел әлемді билей
білуі керек. Бұл саясаттың негізі - АҚШ-тың дүниежүзілік гегемондық
билікке шығуы болды.
Соғыстан кейін АҚШ президенті Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды.
Ішкі саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұстап, Американың қаржы
капиталының мүддесін қолдады. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдеріне
қарсы экспансиялық саясат жүргізді. 1918 жылы қаңтарда атақты 14 пункт
бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты.
1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кең етек алды. Елде
ереуілдік қозғалыс күшейді.
1919 жылы елде 210 мың өнеркәсіп орындары болса, ол 1921 жылы 192
мыңға қысқарды. Жұмыссыздық 5-6 млн адамға жетті. Ереуілдік қозғалысқа
қатысқан адамдар саны 4,5 млн.-ға жетті. 1921 жылы АҚШ-та екі коммунистік
партия бірігіп, бір партияға айналды. АҚШ-та дағдарыс жылдарында
демократиялық қозғалыс кең етек алды. Ереуілдік қозғалысқа Америка Еңбек
конфедерациясы (АЕК) кәсіподақ ұйымы басшылық жасады. Экономикалық дағдарыс
президенттік сайлау қарсаңында демократиялык және республикалық партия
арасында саяси күресті күшейте түсті. Вильсонның демократиялық партия
үкіметінің, халықтың алдында беделі түсе бастады.
1920 жылы қараша айының 2-і күні АҚШ-та президенттік сайлау өтті.
Сайлауда республикалық партияны қолдап 16 млн дауыс берсе, демократиялық
партияны қолдап 9 млн сайлаушылар дауыс берді. 8 жыл елді басқарған
демократиялық партия жеңіліс тапты. АҚШ президенті болып республика
партиясынан Уоррен Гардинг (1865-1923) сайланды. Вице-президенгі болып
Калвин Кулидж болды. Республикалық партия үкіметі келгеннен кейін де елдегі
экономикалық дағдарыс жалғасты. Ірі монополияға сенім артқанымен, Гардинг
үкіметі қарсылыққа душар болды. 1923 жылы елді аралап жүрген кезде, аурудан
Гардинг қайтыс болып, оның орнына вице-президент Кулидж тағайындалды.

1-тарау. Рузвельттің жаңа бағыт саясаты

1.1 Ф.Д. Рузвельт өкiмет басына келер кездегi АҚШ-тың саяси-экономикалық
жағдайы

1924 жылы АҚШ-та президенттік сайлау болып, республикалық партия
екінші рет жеңіске жетіп, Кулидж президент болды.
1924 жылы АҚІІІ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңіне өтті.
Буржуазияның саяси ықпалы күшейді. Ереуілдік қозғалыс жеңіліс тапты. Жалпы
демократиялық қозғалыс сайлаудан кейін әлсіреді. Экономикалық өрлеу үшін
АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертіп, ішкі
өндіріске капиталды салып, жаңа технологияны енгізіп, өндіргіш күштің тез
өсуіне жағдай жасады. Өнеркәсіптiң жаңа салалары: ауыр өнеркәсіп,
автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңіл бөлінді. Өнеркәсіп
өнімдерін өндіру тез өсті. Мысалы: 1923 жылмен салыстырғанда болат қорыту
45 млн. т; 57 млн. т артты; электр энергиясы 71 млрд. квт. сағ, 117 млрд.
кв. сағатқа өсті. АҚШ өнеркәсібі дүниежүзінде өндірілген өнімнің 48%-ын
шығарды. Сөйтіп, капиталистік елдердің арасында бірінші орынға шықты. Ғылым
мен техниканың жаңа жетістіктерінің өндіріске тез енгізілуі, автомобиль
шығару, Америка қоғамының мақтанышына айналды. Автомобиль өндірісінің
негізін қалаушы Генри Фордтың атыен шықты. Жаңа конвейерлік жүйенің
енгізілуі, өндірістің үздіксіз жүргізілуі өндіргіш күштердің артуы, АҚШ-ты
автомобиль шығарудан дүниежүзінде біріншi орынға алып шықты. Мысалы: 1913
жылы 485 мың, ал 1921 жылы, 1.6 млн, 1929 жылы 5,4 млн. автомобиль
шығарылды. Форд автомобиль заводында кейбір кезде күніне 25 мың автомобиль
шығарылатын болды. Өнеркәсіптің химия, самолет жасау, радиотехника салалары
қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнің тұрақтануы өзінің ең жоғарғы
деңгейіне жетті Американдық гүлдену заманы басталды деп түсіндірді АҚШ
президенті Кулидж.
1928 жылы АҚШ-та кезекті президенттік сайлауда республикалық партия
жеңіске жетіп Герберт Гувер елдің президенті болып сайланды. Гувер үкіметі
сайлаушылардың үмітін ақтай алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстандардың
жолын іздеген миллионер үкіметі одан еңбекшiлiк арқылы шығудың жолын
таңдады. Қатал индивидуализм идеясы елдің дағдарыстан мемлекеттік қолдау
арқылы шығу жолынан бас тартты1. Еңбекші халықты әлеуметтік жағынан
қорғауға және жұмыссыздарға көмек көрсетуге қарсы болды. Гувер үкіметі
реакциялық саясат ұстады. АҚШ фермерлерінiң талабын орындау үшін 1929 жылы
маусым айында Конгресс арқылы Ауыл шаруашылық тауарларын өткізу туралы
заң қабылдады. Жаңа заң бойынша федералдық фермерлердi басқару басқармасын
құрды. Фермерлердің өнімдерін сатып алу және рыноктағы артық астықтың
мөлшерін азайту үшін мемлекет т фермерлерге 500 млн доллар бөлді.
Фермерлерден сатып алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттік
қоймаларда сақталды. Қоймаларға 257 млн т. бидай, 1,3 млн т. жиналды.
Халыққа қажетті азык-түлік тауарларын базарға шығаруды тежеді. Халық
арасында аштық басталды. Ұсақ және фермерлердің жағдайы нашарлады.
Мемлекеттік қолдау саясаты уақытша ғана қолданылып, көп кешікпей
тоқтатылды. Гувер үкіметі ішкі саясатта миллионерлерді қолдап, ірі
монополия иелеріне жеңілдіктер жасады. Жеке меншік компанияларына
жеңілдетілген несие берсе, корпорация иелеріне салық мөлшерін азайтты. Шет
елдiң тауарларына баж салығын өсiріп, ірі өнеркәсіп монополиясы
тауарларының бағасын көтерді. Ірі монополияларды мемлекеттік субсидия
(көмек) арқылы қолдап отырды. Гувер үкіметі дағдарыс жылдарында мемлекеттік
монополиялық саясатты жүргізуге мәжбүр болғанымен, оған шектеу қойып
отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкіметі толық жолға қоя алды.

Гувер үкіметінің сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық
бағытта жүргізілді. Қаржы-ақша саясаты АҚШ-ң халықаралық қатынастағы орнын
нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16.5 млрд. доллардан
27 млрд. долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп
шығарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық
экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті. АҚШ үкіметі Қиыр
Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін
Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925
жылдарда халық көтерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың
Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының
Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың
займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың
гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінiң антисоветтік саясатын
жалғастыра берді.
1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Біріншi дүниежүзілік
соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды?
Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ
экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық
дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы
оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор
биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды.
Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд. доллар болса, 1929 жылы 87 млрд долларға
жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12.4 млн. акция
сатылса, бес күннен кейін 16,4 млн. акция сатылды. Қағаз ақша құнсызданып,
акция иелері 32 млрд. доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Ныо-Йорк қор
биржасында 19 млрд. доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының
дағдарысқа ұшырауына әсер етгі. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы
басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды Өнеркәсіп өнімдерін
шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16%
төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті.
Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн.
адамға жеттi. Жұмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегi
қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ға қысқарды.
АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында зардап шекті. Ауыл
шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық
тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын
күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті.
Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерінің
банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық
дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай
елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе
бастады. Американың гүлдену дәуiріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм
идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне,
көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас
тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына
әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон
қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын
жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене
қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер
қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық
әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді
жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық
басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел
алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі
экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап
республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партияның сайлау
қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар
экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн
санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші
халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ
президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің
кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзiнiң жаңа экономикалық реформасын ұсынды.
Реформаның негізгі бағыты, миллиондаған кедейленген халықтың мүддесін
қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа ұраны тарихта жаңа бағыт деп
аталды. Ф.Рузвельтгің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ.
Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау
қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысының барысында экономикалық дағдарыстан
шығудың жолы мемлекеттiк тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік
реттеу -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолы екенiн
сайлаушылар да түсініп, осыған орай Ф.Рузвельттiң саяси беделi өсе бастады.
Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық құқықтың
сақталуын, оған мемлекеттiк жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып
отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында
сөйлеген сөзінде экономикалық жоспарлау идеясын ұсынды. XX ғасырда
американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер еңгізудің
қажеттілігін айтты. Әрбiр адам өмiр сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір
адамға еңбек етуге, еңбегiнiң нәтижесін көре білуге көмектесуi керек, қоғам
байлығы халық үшін қызмет жасауы, қажет, - деді. Америка мемлекетi
халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек әрбір адамды қорғау
үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа
бағыт саясатының негiзгi мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
реформа жүргiзу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта
ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында
сенімсіздік тудырып, демократиялык партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі
өстi. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргiзуді талап еттi.
1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өттi. Сайлау
қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн.
сайлаушылар дауыс бердi, республикалық партия өкілі Гуверге 15,8 млн.
сайлаушылар дауыс бердi.
Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия конгресінің екі
палатасында да көпшiлік орын алды. 1932 жылы наурыз айының 4-і күні
Ф.Рузвельт президенттік қызметке кiрісті.

1.2 Рузвельттің Жаңа бағыт саясатының маңызы

1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің
арнаулы сессиясын шақырып, жаңа бағыт саясатын жүзеге асыру үшiн жаңа
заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының біріншi кезеңі 1933-1934 жылдарда
жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚШ-тың қаржы-
экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды. Капитализмнің
әлеуметтік негізіне өзгерістер жасау арқылы, либералдық реформалар жасауға
кірісті. Жаңа бағыт саясатының алға күнінен бастап АҚШ-та қаржы-банк
жүйесінде қайта құру шаралары жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесін өз
қолына алу үшін қаржы корпорация мекемесін құрды. Мемлекеттiк қаржы
корпорациясы (МФК) арқылы банктер заем алу құқына ие бола алды. Ол үшін тек
қана ірі банктердің мүмкіндіктерi болды. Мемлекет банктерге субсидиция беру
үшін 5 млрд. доллар бөлді. Бірақ мемлекеттің көмегін кез келген банк алу
құқына ие бола алмады. Банк жүйесін ірілендіру арқылы жүзеге асыра алды.
Сөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны
15 мың банк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франклин Рузвельт және оның Жаңа бағыты
1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу
1930 ж. Америка құрама штаттарындағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
ФРАНКЛИН РУЗВЕЛЬТ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
АҚШ-тың ішкі жағдайы және “жаңа бағыт”
«Жаңа бағыт» саясаты және латын америкасы елдері
Франклин Д. рузвельттің саяси портреті
Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
Пәндер