Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘӨЖ 37. 035, 6 (574)
ДАУЛЕТБЕКОВ БАҒИЛА ДАУЛЕТБЕКОВНА
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СУИЦИД ЖАСАУ ҚАУПІН АЛДЫН-АЛУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6М010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
П. ғ. д., профессор Е. Омар
Шымкент, 2015
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Осы магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» - 27. 07. 2007-№313 ШЗ РК
заңы.
- Ағымды үлгерімді бақылауды, білім алушының аралық және қортынды
аттестациялауын жүргізу ережесі (ҚР Білім және ғылым министрлігі 18. 03. 2008 ж. №125 бұйрығы, өзгерістері және толықтыруларымен 1. 11. 2010 ж. №506. 16. 03. 2011 ж. №94 бұйрықтары) .
- ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
стандарты 5. 04. 033-2011. Магистратура.
- ҚР МЖМБС 7. 09. 102-2009, 6М0100300 - Педагогика және психология
мамандығы. Магистратура.
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылы 28 мамырдағы №247
бұйрығымен бекітілген ҚР бакалавриат және магистрант мамандықтарының жіктеуіші мен жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуішінің сәйкестік тізбесі.
- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім мамандықтарының жіктеуіші (01. 09. 2009 жылы енгізілген) .
Анықтама
Осы магистрлік диссертацияда сәйкес анықтамалар бойынша келесі терминдер қолданылады:
Суицид - өзіне өзі қасақана қол жұмсау.
Суицидті мінез-құлық - өз өмірін қию туралы түсініктердің басқаруымен істелетін саналы түрдегі әрекет.
Демонстративті суицид - бұл аман алып қалу есебінде өзіне қолжұмсауға тырысу;
Аффективті суицид - аффект әсерінен жасалған әрекет;
Шынайы суицид - бұл ойластырылған, ерікті, ниетті саналы түрде мақсатты бағытталған шешім мен әрекет;
Аутоагрессия - көптеген белгілермен сыртқы агрессияға ұқсас келеді, бірақ бұл тек өзіне ғана бағытталған;
Жасөспірім - бұл 12-ден 18-ге дейінгі жастағы, яғни балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі;
Депрессия - бұл эмоционалды күй, ол шарасыздық, қорғауға зәру, зерігу сезімдерімен сипатталады;
Суицидент- өзінің өміріне қол жұмсаушы адам.
Белгілеулер және қысқартулар
Осы магистрлік диссертацияда пайдаланылатын белгілеу және қысқартулар:
ДДСҰ- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
ҰБТ-Ұлттық бірыңғай тестілеу;
ЖОО-Жоғары оқу орны;
Кіріспе
Егемен еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу -бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар -бүгінгі мектеп оқушысы. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс [1] .
Әрбір жасөспірімді өзінің жеке басының дамуына құрметпен қарауға, өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту арқылы өмірге деген құлшынысын ояту, ал өзіне деген сенімі, құрметтеуі төмен болса, онда ол өмірге деген қызығушылығы төмендеп, жеке жан күйзелісін жеңе алмай өмір сүрудің соңы- суицидке барады. Алайда бүгінгі күні мектеп қабырғасында оқитын балалардың нағыз бақытты, өмірдің қызығына тоймайтын жастық шақтарында өз-өздеріне қол салу фактілері жиілеп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша өз-өзіне қол жұмсау мәселесі өмірмен қоштасу, өлудің себептерінің отызыншы түріне жатады екен [2] .
ДДСҰ 10 қыркүйекті Дүниежүзілік суицидпен күрес күні деп жариялады. Суицид - бұл ғаламдық дертке айналды. Суицидке бейімділік - өмір бойы сақталатын қасиет. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас балапандардың өмірмен қоштасуы «жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек бір отау тікті. Суицид -өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы, тығырықтан шығудың бірден-бір жолы деп ойлайды.
Суицидалдық мінез-құлық белгілерін белгілі ғалымдар Э. Дюркгейм, М. А. Алемаскин, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Л. М. Зюбин, И. А. Невский, В. А. Сухомлинский, В. А. Татенко, Д. И. Фельдштейн, С. Г. Шацкий, Е. В. Григорьев, М. Г. Усов, Л. И. Адамова және т. б. жүргізген зерттеулерінде жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты [3-6] . Ал жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П. Б. Ганнушкин, М. М. Кабанов, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, К. Леонгард, А. Е. Личко, Ю. С. Скроцкий, Г. Е. Сухарева, Н. И. Фелинская, Г. К. Ушаков және т. б. үлкен үлес қосты [7] .
В. С. Ефремов, А. Г. Амбрумова, В. А. Тихоненко және Е. М. Вронолар суицидалды әрекеттердің негізгі типтерін ашса, И. П. Павловның пікірінше, өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп есептеген [8-10] .
И. Б. Бойконың пікірінше, суицид - адам мінез-құлқының актісі, ол- психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаю жағдайда жасалады. Суицидент адам өз өміріне қол жұмсаушы адам. Суицидттік оқиға өзін-өзі өлтіру актісі немесе оның орындалуына әрекет жасау деп қарастырады [10] .
Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай - ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе.
Ал қазақстандық ғалымдар Х. Атемова, Г. Қ. Ширинбаева, Бапаева М. Қ, Әбеуова И. Ә., Г. Б. Абасова, Г. А. Диханбаева, А. А. Каракуловалар суицидтің алдын-алу жолдарын өз еңбектерінде зерттеген [11] .
Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Білім туралы Заңының», «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау . . . олар мемлекеттің белгілерінің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтың дәстүрлерін қастерлейтін . . . халықтар достығының негізінде тәрбиеленген халық Отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын терең түсінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқының басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып, игеріп, кепілді азамат болуы керек» [12] - делінген. Педагогика, психология, социология ғылымдарының жағдайын талдау арқылы суицидалды әркеттерді анықтауға мүмкіндік туды.
Мамандар суицид оқиғасының жиiленуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде суицид дертіне әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Балалардың психикасы өте нәзік, сезімтал болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез келген нәрсені жүрегіне тез және жақын қабылдайды. Өздерін қинап жүрген нәрселер туралы тіс жарып ешкімге айтпайды, жасыруға тырысып, үндемей қалуды жөн санайды. Түсіністік болмаған кездерде түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Сондықтан
білім беру мекемемелері мен мектеп-интернаттардың тәрбиелік жұмыстары оқушылары мен тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қарай бағытталуы тиіс.
Сонымен, келтірілген шағын талдау негізінде біздің таңдаған проблемамыздың көкейтестілігін көрсетеді және зерттеуді «Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері» деп атауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздерін жасау, жүйелеу және оны оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің нысаны: оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбектердегісуицидтің алдын-алу жолдары.
Зерттеудің міндеттері:
- Суицидтік мінез-құлық мәселесін зерттеу;
- Жеткіншек және жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін көрсету;
-Жасөспірімдер арасындағы суицидті зерттеуге арналған психологиялық әдістер мен зерделеу әдістерінің сипаттамасын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену үдерісінде қолданылатын барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын, сенімділік қалыптасуы, шабытты шығармашылық, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайларды көзделенуі жүйеленсе, олар мемлекеттің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе, онда жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын-алуға мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастырудағы тәлім - тәрбиенің маңызы.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: баланың рухани дүниесі мен өзін қоршаған ортаның өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз етуге бағытталуы, балалардың өмірлік өз жолдарын тануға, олардың азаматтық көзқарастары қалыптасуына, әрбір жасөспірімнің тұлғалық өсуін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету; өзіндік жолын табу еркіндігі болуы, табысқа жету жағдаяттарын тани алуына, өзіндік тәрбиеге ықпал етуге бағытталады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу үшін
-талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т. б. әдістер арқылы мектептегі және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
- педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарына бақылау, сауалнама жүргізу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтау, қорыту.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, социология ғалымдарының суицидке қатысты еңбектері, мерзімді басылымдардағы суицидке қатысты материалдары, ұлттық кітапхана мен Республикадағы өзгеде кітапханалардағы материалдар.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық еңбектерге теориялық, әдістемелік тұрғыдан талдау; оқу тәрбие үдерісінде пайдалану әдістемелеріне сипаттама.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; Суицидтік мінез-құлық мәселесі зерттеліп, негізгі бағыттары анықталып, сипатталды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жалғастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Жинақталған материалдар және бақылау, тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері сараланып, магистрлік диссертация әдеби тұрғыда рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді;
- жасөспірімдердің өз-өзінет қол жұмсаудың негізгі себептері анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- жасөспірімдер арасындағы суицидті зерттеуге арналған психологиялық әдістер мен зерделеу әдістерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды;
- зерттеу материалдарын әлеуметтік педагог, психолог мамандарының біліктілігін жетілдіру институтында пайдалануға болады;
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:
«Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогика тарихы» пәндерінен лекциялық, семинар сабақтарында, өздігінен орындалатын жұмыстарда пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері бойынша 3 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Суицидтік мінез-құлық мәселесін зерттеудің психологиялық-педагогикалық негіздері
1. 1 Суицид ұғымы мен суицидальді синдромға сипаттама
Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Ал қу тіршіліктің тауқыметіне қарсы
тұрып, өз несібеңді қолдан тайдырмай, ие болсаң соның өзі бақыт. Бірақ та өмірдің бірде бар, бірде жоқ, ойлы-қилы қиындығына шыдай алмай, жүйкесі жұқарып, бүгінгі тіршіліктен, бақилық дүниені дұрыс көріп, мезгілсіз «сол жаққа» аттанып жатқаны қаншама.
Суицид - адамның өзі құрбан болып табылатын, қандай да бір себептерге байланысты өзін өмір сүру құқығынан айыру мақсатымен жасалған, саналы, ниетті және ерікті өлімі. «Суицид латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синоним өмірін қию. Бұл ұғымға 19-ғасырда француз социологы Э. Дюркгейм анықтама берген [13] .
Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы болуы да мүмкін.
Суицид- бұл адам бойында көрінетін психологиялық көрініс, бұны түсіну үшін ең алдымен өзіне-өзі қол жұмсаған адамның жан дүниесін түсіну керек. Өзіне-өзі қол жұмсау адам өмірінде барлығы сол адам үшін біткендей, ешкімге керексіз болып қалғандай кездері жасалынады. Суицидке баратын адамдар көбіне рухани ауыртпашылықты көтере алмай, стресстік жағдайда жүреді және өзінің қиыншылықтарының шешімін таба алмайтындай болып көрінеді. Олар психикалық аурулармен қиналады, эмоционалды бұзылулар болады, көбіне депрессиялы күйде жүреді және болашаққа ешқандай үмітсіз қарайды.
Суицид- ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-аура, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндіріледі. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақтар жайттар көп. «Өлемін» деп өздерін өлімші етіп санайтындар. «Өлемін» деп ақыры өз жанын жаһаннамға жіберетіндер. «Өлемін» деп жүріп жарық өмірмен қоштасқысы келмейтіндер аз емес. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде өз-өзіне қол жұмсайтын оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе, жастар, жасөспірімдер арасында. Негізінен, зерттеулерге сенсек бозбалалар бойжеткендерге қарағанда өз-өзін өлтіруге 5-6 есе бейім болады екен. Соңғы 5 жылда, біздің мемлекетімізде кәмелетке толмағандар арасында өзін өлімге қиғандар саны 14 157-ге жетіп отыр. Өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид табиғаттың оянған, гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденген. «Сәуір-ең қатыгез ай» - деген американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен-12% жоғары болатын көрінеді. Белгілі психолог У. Джеймс суицидті «интеллектінің дамуындағы ауру» деп атаған [14] . Суицидтің ауласында жүргендер олар айтқандай ақыл-есін сайтан арбағандар, психологиялық ауытқуы барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде кеткендер ғана емес.
Өзін-өзі өлтіру психологиясы бар, бірақ бұл бәрінен бұрын сенімсіздік психологиясы. Адамның үміті болса барлық қиындықтарға төзуге болады, ал үміттің жоғалуы өзіне-өзі қол жұмсауға әкеледі. Адам өмірінде қорқынышты кезеңдер болады, барлық жамандық тек сол адамның ғана басында бардай болып көрінеді. Дәл осы кезде бұл қиындықтан шыға алса бұл адам құтқарылды, сол себепті сені түсінетін және қол ұшын беретін адамның болғаны маңызды. Айтылған бір сөздің өзі немесе қараған көзқарастың өзі сол адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Өзіне-өзі қол жұмсау психологиясы бұл адамның өз қараңғылығынан шыға алмай, сол түнекте қалып қоюы.
Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді. Қазіргі кезде «суицидология» деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты [15] .
Шағын психологиялық сөздікте (М. Дьяченко) суицид ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндіріледі [16] . Әсіресе ауыр және қауіпті дағдарыстар эмоцияға берілгіш, тез жараланғыш тұлғаларда болады .
Осылайша суицид- адам мінез-құлқының актісі, ол психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаюы жағдайында жасалады.
Суицидент- өзінің өміріне қол жұмсаушы адам.
Суицидтік оқиға-өзін-өзі өлтіру актісі немесе оның орындалуына әрекет жасау.
Барлық суициденттерде тұлғаның әлеуметтік-психологиялық, объективті және субъективті белгілері байқалады. Күйзелістерде (қобалжу, бақытсыздық, рухани құлазу, реніш, ұят, кек) психологиялық белгілер де (астения, дистимия, депрессия, дисфория және тағы басқалар) көрінеді.
Көп жағдайда акцентуациясы және психологиялық мінез белгілері бар тұлғалар суицидке бейім болып келеді. А. Е. Личко, К. Леонгард жеткіншек жастағыларға суицидті мінез-құлық, типтерінің 3 түрін бөліп қарастырған: демонстративті, аффективті, шынайы [17] .
А. Е. Личко тұлғаның акцентуациясы типі мен жеткіншектің суицидті мінез-құлықтың демонстративті типінің 50%-ын истеройдты-бекем және гипертимді-истеройдты типтер құрайды. Ал эффективті суицид кезінде бірінші орынды лабильді және лабильді-истероидты типтер алған. Шынайы қастандық, көбінесе, сензетивті типтерде(63%), болып шыққан. А. Е. Личко жеткіншектің кезеңдегі суицидтің төменгі белсенді шизойдтарға тән екендігіне баса назар аударады.
Суицидалды мінез-құлық - адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Исламда өзін-өзі өлтіру айрықша ауыр күнә саналады. Бұған қасиетті Құран Кәрімдегі: «Өзөздеріңді өлтірмендер (және соған апаратын бұзықтыққа бармандар) . Расында (сіздерді бұ-дан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), - деген Алла тағаланың сөзі дәлел. Аятқа түсіндірме жасаған ғалымдар өз өміріне қауіп төндіруге, сондай-ақ, түбі мертіктіретін әрекеттерге баруға да болмайтынын ескертеді.
Бұхари жеткізген мына бір хадисте пайғамбарымыз: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құзға құлап бара жатады», - деген [18] .
Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек жерленетін болыпты. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген. Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша - қылмыскерлер деп санаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz