Қазақстандағы музей ісінің тарихы



Кіріспе
I бөлім. XIX ғасырдың соңы мен XX басындағы Қазақстандағы музейлер
1.1. XIX ғасыр соңындағы Қазақстандағы музей
ісінің қалыптасу тарихы
1.2. Қазақстан аумағында алғашқы
музейлердің құрылуы
1.3. Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі
Бақылау сұрақтары

II бөлім. Қазіргі заман тарихы кезеңіндегі музей ісі ... ... .
2.1. 1917.1930 жж. Кеңес өкіметінің
музей ісіне арналған қызметтері
2.2. Қазақстан аумағында музей жүйелерінің құрылуы ...
2.3. 1930.1940 жж. Қазақстандағы музей ісі
2.4. 1946.1985 жж. Музей ісі
Бақылау сұрақтары
III бөлім. Қазіргі таңдағы музей ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Бақылау сұрақтары
3.2. Музей ісіндегі Халықаралық байланыстар ... ... ... ... ..
Бақылау сұрақтары
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тест сұрақтары .
Негізгі түсініктер сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша .
Пайдаланылған әдебиеттер
Музейдің адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі кезеңде музейлер алдында болашақ үшін мәдени мұраны сақтау және тарихи мәнді құндылықтарды замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр. Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпыадамзаттық мәнін ашу арқылы мұражайға келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту мақсаттарын әрбір мұражай өз саласына сай музейлік орта жағдайында іске асыруда.
Қазақстандағы музей әлемі, оның дамуы, келушілерге беретін білім, тәрбиелік, ағарту бағытындағы жұмыстары ерекше. Қазіргі кезде Қазақстан музейлері әлемдік музейлер тәжірибесінен өткен, жалпыға тән музей қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде.
Қазақстандағы алғашқы музейлердің негізін қалауда өлке тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай мәдениетін зерттеу, жинақтаумен айналысқан сол кездегі өлкетану-шылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, білімді адамдардың орны екекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетелеген. Сол даму жүйесі Қазақстан музейлерінің негізінің қалануына себеп те болды. Оқу құралында осы тақырыптар қамтылды. Қазақстандағы XIX-XX ғасырдағы, қазіргі кездегі музей ісінің дамуы, осы бағытта жүргізілген жұмыстар, музей ісі, көне ескерткіштерді, өнер туындылары мен табиғатты қорғау комитетінің, алаш зиялыларының музей саласын өркендетудегі жұмыстары, Халықаралық және Ұлттық музей комитетінің құрылу тарихы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының музей ісін дамытудағы маңызы көрсетіледі.
1. Алтаев Б.Е. Место музеев Казахстана в мировом сообществе //Қазақстан музейлері. 2004.
2. Алимбай Н. Центральный государственный музей Республики Казахстан: Краткий исторический экскурс, структурные преобразования, проблемы //Орталық музей еңбектері: Музей ісі, тарих, этнология, фольклор, антропология. Алматы: Ғылым, 2004. 359 б.
3. Алибаева С., Елгин Ю., Маненко Г. О научно-исследовательской работе в Южно-Казахстанском областном музее.//Культурное наследие Южного Казахстана. Шымкент, 2002 . С.8-17.
4. Асанова С.А. Художественная культура Казахстана в 60-80-х годах ХХ века //Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, этнология, фольклортану, антропология, деректану, нумизматика /Ғылыми редактор Нұрасан Әлімбай. Алматы: Ғылым, 2004. 395 б.
5. Ахметова С.Ш. Краеведение и охрана памятников в Казахстане //Проблемы изученияи охраны памятников культуры Казахстана. Алма-Ата, 1980.
6. Ахметова С.Ш. Становление музейного краеведения в Казахстане (1917-1932 г.г.) // ИАН. КазССР. Серия общ. наук. 1980, 3.
7. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. Алма-Ата: Казахстан, 1982. 168 с.
8. Ақпараттық-анықтамалық. Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 жылғы жұмысының қорытындысы. Астана, 2009. 114 б.
9. Әзірет Сұлтан. Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі. Түркістан, 2006.
10. Байтанаев Б.А. Историко-краеведческая деятельность А.А.Диваева в Туркестанском народном музее //Культурное наследие Южного Казахстана. Сборник статьей. Шымкент, 2002. С.155-158.
11. Байтанаев Б.А. Памятники археологии Южного Казахстана в трудах А.А.Диваева //Маргулановские чтения. Тезисы. Петропавл, 1992. 169 с.
12. Балговина Р.О. К вопросу о национализации и государственной охране памятников истории и культуры (на материале Кахахстана 1917-1937 гг.) /Проблемы изучения и охраны памятников культуры Казахстана. Алма-Ата, 1980. С.187-191.
13. Вишневецкая В.А. Из истории собрания среднеазиатских-казахстанских коллекции МАЭ (до октябрьский период) //Памятники традиционно-бытовой культуры народов Средней Азии, Казахстана и Кавказа. Сборник МАЭ.т.XLIII. Ленинград: Наука, 1989. 222 с.
14. Ғалиев В.З. Қазақстан XIX ғасыр суретшілерінің шығармаларында. Алматы: Өнер, 2005. 160 б.
15. А.Диваев – этнограф / Библиографический справочник /Составил. Научный сотрудник отдела истории досоветского периода Чимкентского областного историко-краеведческого музея Б.А.Байтанаев. Чимкент, 1990. 47 с.
16. Дала уалаятының газеті. Құр. Ү.Субханбердина. Алматы: Ғылым, 1994. 816 б.
17. «Ө.Жәнібеков оқулары-2010» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Түркістан, 2010. 498 б.
18.Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы. Алматы: Рауан, 1997. 136 б.
19. Жәкішева З.С. Қазақтың халық музыка аспаптары музейі (жолсерік). Алматы, 2004. 24 б.
20. Жданко Т.А. Историко-этнографический атлас Средней Азии и Казахстана //Материалы к историко-этнографическому атласу Средней Азии и Казахстана. М., Ленинград, 1961. 197 с.
21. Ибраева А.Г. Музей мамандарын даярлау және олардың сапалық құрамы //Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы. 2006, 2.
22. Ибраева А.Ғ. Қазақстан мұражай жүйесінің қалыптасуы (1920-1940 жж.): Тар. ғыл. канд. дис. автореф. Алматы, 1999. 29 б.
23. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық БАҚ-тары. Алматы: «Алматы кітап» ЖШС, 2006. 284 б.
24. Ысқақбай Ә. Қоянкөзге құлаған құйрықты жұлдыз //Мәдени мұра. N3 (24) маусым-шілде. 2009. 70-74 бб.
25. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 т. Алматы: Атамұра, 2002.
26. Қазақ тарихы. 2004, N3.
27. Қазақстан музейлері /Құрастырушы Мерекешеева С.К. Алматы: «Алматы кітап» баспасы ЖШС, 2009. 280 б.
28. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы. Алматы: Өнер, 2002. 160 б.
29. Қазақстан музейлері картасы //Қазақстан музейлері. 2003, 1(2). 88 б.
30. Қазақстан музейлері. 2003, 3.
31. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі. Жолкөрсеткіш.
32. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі. Фотоальбом /Құрастырушылар Н.Әлімбай, Б.Қақабаев, Ж.Шалғынбай, М.Тәтібаев. Алматы: Өнер, 2009. 176 б.
33. Қамзабекұлы Д. Алаш зиялылары және мұра жинау ісі //Қазақстан музейлері. 2006.
34. Қасейінов Д.Қ. Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау, зерттеу және насихаттау мен пайдалану мәселелері // Қазақстан музейлері, 2004.
35. Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтама. Алматы, 1996. 533 б.
36. Кузембайулы А., Абилов Е. История Казахстана. Алматы, Санат, 1996.
37. Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (1831-1925 гг.): Автореф. канд. дис. истор. наук. Алматы, 1995. 25 с.
38. Культурное наследие Южного Казахстана. Сб.ст. Шымкент, 2002. 189 с.
39. Кукеева М., Мусаева С., Исмаилова К. Роль и место Южно-Казахстанского историко-краеведческого музея в подготовке кадров музееведов //Культурное наследие Южного Казахстана. Шымкент, 2002. 17-19-бб.
40. Мәдени мұра. Бағдарламасы. Алматы, 2004. 10-11-б.
41. Массон М.Е. Реорганизация Чимкентского музея в 1925 году. Публикация и предисловие Ю.Елгина //Культурное наследие Южного Казахстана. Сборник статьей. Шымкент, 2002.
42. Мұсаева С.Т. Музей өлкетануы дамуының негізгі кезеңдері //Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен-ция материалдары. Астана, 2009. 207-211-бб.
43. Мусаханова М.З. Развитие музеев Казахстана (1991-2001 гг.): Автореф. канд. дис. истор. наук. А., 2007. 32 с.
44. Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі. Алматы, 2002. 137 б.
45. Насыров Р. Оңтүстік Қазақстан. Алматы: Қайнар, 1990. 240 б.
46. Новейшая история Казахстана. Сборник документов и материалов (1917-1939 гг.) Т.I. Алматы: Санат, 1998. 304 с.
47. Охрана памятников истории и культуры. Сб. документов. Москва, 1973.
48. Радлов В.В. Из Сибири. Москва: Наука, 1989. 749 с.
49. Санақұлова Б.Қ. Қазақстан Республикасындағы музей құрылысы мен қызметі (1991-2004 жж.): Тар. ғыл. канд. дис. автореф. Орал, 2006. 30 б.
50. Сатубалдин А.К. Современное состояние и перспекти-вы развития музейного дела в Казахстане //Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Астана, 24 тамыз 2009 ж. /ғыл. ред. басқарғандар А.С.Сағынғали, Б.М.Қаипова. Астана: ҚР ТПМ, 2009. 356 б.
51. Сералиев Б., Кукашев Р. Он был одним из первопроходцев... //Мәдени мұра. N3 (24) маусым-шілде. 2009. 20-28 б.
52. Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Алматы: Атамұра, 1998. 228 б.
53. Свод памятников Южного Казахстана. Алматы, 1994.
54. Сотникова С.И. Музеология. Москва: Дрофа, 2004. 192 с.
55. Средазкомстарис. Вып.1. Ташкент, 1928.
56. Тайман С. Қазақстанда мұражай ісінің даму тәжірибелері және проблемалары (1946-1970 жж.): Тар. ғыл. канд. дисс... Қарағанды, 1999. 158 б.
57. Тельжанов К.Т. Государственный музей искусств Казахской ССР. Альбом репродукций. Алма-Ата: Өнер, 1981. 282 с.
58. Тұяқбаев Қ. Отандық реставрация ісі және ұлттық мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру туралы //Қазақстан музейлері. 2003. N1(2). 43-44-бб.
59. Уморбеков Б. О создании Национального Комитета ИКОМ Казахстана //Қазақстан музейлері. 2003. N 1(2). 85 б.
60. Файзуллина Г.Ш. Қазақстан мұражайларының тәуелсіздік кезеңіндегі (1991-2005 ж.ж.) мәдени-ағарту істерінің жобасы, еліміздің мәдени мұрасын сақтау факторларының бірі //Қазақстанның мәдени мұрасы. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. А., 2005.
61. Файзуллина Г. Культурно-образовтельная деятель-ность музеев Казахстана в период независимости (1991-2005 гг.): Автореф. канд. дис. ист. наук. М., 2005. 26 с.
62. www. prezidentmuseum. Kz.
63. www.madenimura.kz.
64. www. kunstkamera.ru.

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 200 бет
Таңдаулыға:   
Д.Ө.МҰСТАПАЕВА

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЕЙ ІСІНІҢ ТАРИХЫ

оқу құралы

ТҮРКІСТАН
2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқу құралы ҚР БҒМ РОӘК-нің М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы кәсіптік
білім, өнер, қызмет көрсету мамандықтары бойынша ОӘС-ның Оқу-әдістемелік
секция баспаға ұсынған белгісімен (грифімен) баспаға ұсынылған.

ӘӨЖ 060 : 9 (584 5)
ББК 79.1
М - 79
Редакция алқасы:
Л.Ташимов, М.Накип, Қ.Ергөбек,
Т.Раимбердиев, С.Тұртабаев, Ж.Айменов

Пікір жазғандар:
т.ғ.д., профессор С.Жолдасбаев, т.ғ.д., профессор М.Елеуов,
Мемлекеттік Отырар археологиялық қорық музейінің
директоры М.Алдабергенов

ISBN 978-601243-230-5

M 79 Мұстапаева Д.Ө. Қазақстандағы музей ісінің тарихы. Оқу құралы.
–Түркістан: Тұран баспахансы, 2011. 200 бет.

Оқу құралы Қазақстандағы XIX-XX ғғ. музей ісі, музей коллекцияларының
жиналуындағы өлкетанушылардың қызметі, қазіргі таңдағы музейлер туралы
түсініктер береді. Қазақстан музейлері, музей құрылымының жалпы сипаты мен
қызметі туралы мәселелер қарастырылады. Оқу құралы музей ісі және
ескерткіштерді қорғау, тарих мамандығының студенттеріне арналған ҚР
мемлекеттік Жалпы білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламасына сай
жазылған. Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, археология-этнология, тарих
мамандығының студенттеріне, музей қызметкерлеріне, жалпы музей ісіне,
тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.

КІРІСПЕ

Музейдің адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі
кезеңде музейлер алдында болашақ үшін мәдени мұраны сақтау және тарихи
мәнді құндылықтарды замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр.
Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпыадамзаттық мәнін ашу арқылы
мұражайға келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту
мақсаттарын әрбір мұражай өз саласына сай музейлік орта жағдайында іске
асыруда.
Қазақстандағы музей әлемі, оның дамуы, келушілерге беретін білім,
тәрбиелік, ағарту бағытындағы жұмыстары ерекше. Қазіргі кезде Қазақстан
музейлері әлемдік музейлер тәжірибесінен өткен, жалпыға тән музей
қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде.
Қазақстандағы алғашқы музейлердің негізін қалауда өлке тарихын,
мекендеген тұрғындардың заттай мәдениетін зерттеу, жинақтаумен айналысқан
сол кездегі өлкетану-шылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, білімді
адамдардың орны екекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа
даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетелеген.
Сол даму жүйесі Қазақстан музейлерінің негізінің қалануына себеп те болды.
Оқу құралында осы тақырыптар қамтылды. Қазақстандағы XIX-XX ғасырдағы,
қазіргі кездегі музей ісінің дамуы, осы бағытта жүргізілген жұмыстар, музей
ісі, көне ескерткіштерді, өнер туындылары мен табиғатты қорғау комитетінің,
алаш зиялыларының музей саласын өркендетудегі жұмыстары, Халықаралық және
Ұлттық музей комитетінің құрылу тарихы, Мемлекеттік Мәдени мұра
бағдарламасының музей ісін дамытудағы маңызы көрсетіледі.
Қазіргі кезде тәуелсіз елімізде 200-дей музей жұмыс жүргізеді. Елімізде
музей мамандарын дайындайтын оқу орындарында музей мамандары Музей ісі
және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша дәріс алып, еліміздің
музейлерінде жемісті еңбек етуде.
Қазақстандағы XIX ғасырдағы музейлердің қор, экспозиция жұмыстары сол
кезеңнің талабы деңгейінде болғаны белгілі. XX ғасырдағы музей ісінің дамуы
да қоғамдағы өзгерістермен қатар жүрді. Жаңа заман, жаңа өзгерістер музей
ісінің өзгеріп, жаңа сатыға көтерілуіне көмектеседі. Қазақстан музейлерінің
даму тарихы әр өлке, облыстағы музейлердің құрылуымен, қорларының
жинақталуымен, ағарту, насихат жұмыстарының дамуымен бірге жүрді.
Қазақ тарихындағы заттай мәдениет туындыларының, қазақ жерінің
жануарлар, өсімдіктер дүниесінің дамуы, жер беті мен қонауындағы кен-
байлықтардың үлгілері алғашқы музейлер мен жеке өлкетанушылардың
коллекцияларының негізін құраған болатын. Оқу құралында Қазақстандағы XIX-
XX ғғ. басындағы музей ісінің қалыптасу тарихы, Қазақстан аумағында алғашқы
музейлердің құрылуы, жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың қазақ
халқының заттай мәдениет туындыларын жинақтаудағы қызметі мен олардың
көрмелерде көрсетілуі зерделенген.
Қазақстандағы музей ісін дамытудағы зерттеуші ғалымдардың еңбегі,
зерттеулерінің маңызы туралы мәліметтер қамтылады. XX ғасырдағы музей ісі,
Кеңес Өкіметі кезіндегі атап айтқанда, 1917 -1930 жж. Кеңес өкіметінің
музей ісіне арналған қызметтері, Қазақстан аумағында музей жүйелерінің
құрылуы, 1930-1940 жж. Қазақстандағы музей ісі көрсетіледі. Сонымен қатар
елдегі 1946-1985жж. қазіргі таңдағы музей ісі қарастырылады. Халықаралық,
ұлттық музей комитеттерінің қызметтері, қазіргі таңдағы музейлерге
байланысты басылымдар, Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасының маңызы
туралы айтылады.

Оқу құралы музей ісі және ескерткіштерді қорғау, тарих мамандығының
студенттеріне арналған ҚР мемлекеттік Жалпы білім беру стандарттары мен
типтік оқу бағдарламасына сай жазылды.
Қазақстандағы музейлердің қалыптасу мәселелерін қарастырып, зерделеуге
назар аударылды.

I БӨЛІМ

XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЕЙЛЕР

1.1. XIX ҒАСЫР СОҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЕЙ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Қазақстанның Ресей құрамына енуі өлкені жан-жақты зерттеуді талап етті.
Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер,
саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан
аумағында ғылыми экспедициялар, мұражайлар ашылған жағдайда оларды
халықшылдардың қызметімен байланыстыруға болатын еді.
XIX ғ. екінші бөлігінде патша өкіметі отаршылдық мақсатта көптеген
жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашты. Жергілікті өлкетану
қоғамдарының міндеттері географиялық, статистикалық және жаратылыс-тарихи
материалдарын жинап, өңдеу және тарату, ғылыми экспедицияларды жарақтандыру
болды. Алға қойылған міндеттер барлық аудандарда бірдей дәрежеде жүзеге
асырылмағанмен, олар ғылыми даярлығы бар адамдарды біріктірді. Өлкетану
қоғамдарының жанынан шағын кітапханалар, өлкетану карталары, этнографиялық
экспо-наттар коллекциялары құрылды. Қазақстанда музейлердің алғашқы
топтамаларының қалыптасуына осы іс-шаралар да өзінің үлкен ықпалын жасаған
болатын.
Өлкетану қоғамдарының жұмысында екі ағымның өкілдері болып, өз істерін
өрбітті. Бірі – патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуші генералдар,
губернаторлар, шенеуніктер, дін қызметкерлерінің бір бөлігі болса, екіншісі
– оларға қарама-қарсы прогресшіл пиғылдағы зиялылар еді.
Орынбор, Орал, Семей, Солтүстік Қазақстан, Ташкент, Жетісуда орталықтары
болды және ғылыми қоғамдардың дамуы көптеген қазақ зерттеушілерінің
қалыптасуына әсер етті.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен Ташкент ірі
ғылыми орталыққа айналды. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік бөлігін
зерттеу мақсатында 1897 жылы Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі
құрылды.
XIX ғ. ғылым тарихына, олардың жеке салаларына, ғылым мен техниканың,
табиғат пен адамның өзара байланысына арналған музейлер пайда бола бастады.
Сол кезеңде әлемде өндірістік және сауда қызметін реттеу мақсатында ғылыми
жаңалықтарды көрсететін ұлттық және дүниежүзілік көрмелер ұйымдастырыла
бастады. Көрмеледе көрсетілген экспонаттар соңында музейлер құруға негіз
болды. 1851 ж. Лондонда Гайд-паркте ағылшын кәсіпкерлері бірінші
дүниежүзілік өндірістік көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеде 17 мың экспонаттар
көрсетілді, көрмеге машиналар, құрал-жабдықтар, көркем қолөнер бұйымдары,
т.б. экспонаттар қойылған болатын. Көрме 120 күн болды және өз уақытының
талабына сай үлкен жетістікке жетті. Әлемдегі мұндай музей саласындағы
өзгерістер, жаңалықтар Ресей және Қазақстандағы музейлердің де қалыптасуына
ықпал етті. Осы көрмелерді негізге ала отырып, ұлттық өндірістік көрмелер
негізінде ғылым мен техника музейін құрудың Мәскеу политехникалық музейінің
үлгісін де айтуға болады. Оны құруға мұрындық болған 1870 ж. Мәскеу
университетінің жаратылыстану, антропология, этнография әуесқойлары қоғамы
болды.
Музей экспозициясының негізгі материалдары 1872 жылғы Политехникалық
көрменің материалдары болды. Бұл көрмеде келушілерге 10 мыңнан аса
ресейлік, 2 мың шетелдік экспонаттар көрсетілген болатын. Соның ішінде
қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің заттары да көрсетілді.
XIX ғ. екінші бөлігіндегі ауылшаруашылық өнімдер, отарлардан алынған
тауарлар, т.б. негізінде дүниежүзілік көрмелерін ұйымдастыру үлкен табысқа
жетті. Көрмелер жабылғаннан кейін қалған коллекциялар музейлердің жаңа
түрлерінің ашылуына себеп болды.
Музей құрылысының нәтижелі дамуына XIX ғ. екінші бөлігінде өткізілген
1851, 1867, 1871 жылдардағы Лондондағы өндірістік көрмелер, 1867, 1876,
1878, 1889 жылдардағы Париждегі көрмелер, 1870 жылғы Санкт-Петербургтегі,
1872 жылғы Мәскеу көрмелерінің әсері қомақты болды. Музейлердің жаңа
түрінің дамуы, өнеркәсіптік, өнер музейлерінің дамуы өріс алды.
1851 жылғы Лондонда өткен бүкіләлемдік өндірістік көрме нәтижесінде 1852
жылы жаңа музей концепциясына сай алғашқы ағылшын музейі құрылды.
Қолданбалы өнер туындыларына негізделген музейдің жаңа түрінің құрылуы
құнды жәдігерлерге бағытталды. Жаңа бағыттағы музей қорлары өндірістік
көрмелердің материалдарымен, сатып алған және сыйға берілген бұйымдардан
жинақталды.
Әлемдегі музей саласының дамуының ерекшелігі Ресей музейлерінің де осы
бағытты игеріп дамуына әсер етіп отырғаны белгілі. Өз кезегінде Ресейде
ұйымдастырылған көрмеде қазақ халқының қолданбалы өнер, тұрмыс-салтын
бейнелейтін құнды заттар да көрсетілді және бұл сол кездегі музей саласының
даму сипатына сай жүрді.
XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің Антропология және этнография музейіне
Орталық Азия аудандарынан көптеп құнды жәдігерлер түседі. Соның бір мысалы
ретінде сол кезеңдегі қазақ даласының тұрғындарының болашақ император II
Николайға Шығысқа саяхаты кезінде сыйлаған құнды заттар жинағын атауға
болады. Аталған коллекцияның негізін қазақтардың әскери құрыштан құйылған
балталары, қазақтың ел басқарған би, батырлары таққан тері белбеулер,
ұзатылған қыздың сәукелелері, бақсының қобызы құрайды. Музей қорында қазақ,
қырғыздардың киіз үйлері де бар.
Қазақстандағы музей ісі өлкетанудың дамуымен тығыз байланыста дамыды. Өз
кезегінде өлкетанудың дамуы сол замандағы әлеуметтік-экономикалық және
саяси қайта құрулармен, ішкі рыноктарды кеңейту, аймақтар туралы нақты
білімдер, табиғат, климат, елдің тарихи-мәдени ерекше-ліктерінен туындаған
болатын.
XIX ғ. Қазақстандағы алғашқы музейлердің пайда болуы сол кездегі саяси-
әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты болғаны белгілі. Арнаулы
мақсаттарға негізделіп жұмыс жүргізген статистикалық комитеттер, ғылыми
архивтік комиссиялар, жеке ғалымдар мен зерттеушілер, әр түрлі шенді
зиялылар қазақ халқының материалдық және рухани туындыларын, археология,
табиғат, жануарлар дүниесіне, этнографияға байланысты жәдігерлерді жинады.
Сол кездегі музейлер қоры өлкетанушылардың жеке коллекцияларының негізінде
көбейіп, дамып отырды.

1.2. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА АЛҒАШҚЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛУЫ

XIX-XX ғ. басында Қазақстан музейлерінің құрылуына жергілікті әкімшілік
пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі әсер етті.
Қазақстанда алғашқы музейлердің қалыптасуы XIX ғ. басынан, 1830 жылдан
бастау алады. Алғашқы музейлер қазақ жерінде XIX ғ. қалыптаса бастады. 1830
жылы Орынбор генерал-губернаторы, граф П.П.Сухтелен жергілікті елді,
тұрғындарды өлкенің табиғатын, тарихы мен этнографиясын бейнелейтін
заттарды губерния орталығында ашылғалы жатқан музей үшін тапсыруға
шақырады. Бұл бастаманы жергілікті халық, тұрғындар қолдап, бірте-бірте
болашақ музей үшін әр түрлі құнды жәдігерлер жиналады. Ағартушылық дәуір
талаптарына сай жасалған бұл бастама көпшілік қолдауына ие болды. Алғашқы
жинақтарға жеке Сібір корпусы штабының бастығы генерал-майор Г.Броневский
тарту еткен Қарқаралы округынен табылған алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңіндегі киім үлгілері, мүсіндер кірді. Музей жинақтарын Жәңгір ханның
отбасы сыйлаған хан ұрпақтарының киімдері, сәукеле, жібек көйлектер, асыл
тастармен безендірілген бархыт шапандары ерекше толықтырды.
Осы жинақталған құнды жәдігерлердің негізінде 1831 жылы Орынбор
губерниялық музейі ашылды.
Музейді ұйымдастыру жұмысына және құнды заттар қорының қалыптасуына 1830-
1838 жж. Орынборда қызмет атқарған орыстың белгілі ғалымы В.И.Дальдің
еңбегі ерекше болды. В.И.Даль Орал, Гурьев, Бөкей ордасына басқа да
жерлерге шығып қазақ халқының тұрмысы, ауыз әдебиеті, этнографиясы жайында
деректер жинады, сонымен қатар этнографиялық бұйымдар жинастырып музейлер
қорын ұлғайтты.
Музейлер Қазақстандағы ғылыми архивтік комиссиялар, статистикалық
комитеттер жұмысы нәтижесінің бір көрінісі ретінде қалыптасты, дегенмен
өркендеудің кезеңдерінде музей архив, кітапханалар секілді жеке әлеуметтік
институттар бола бастады. Музей бір жағынан арнайы ақпараттық база, әр
түрлі ақпарат тасымалдаушы болса, екінші жағынан жинақтау, сақтау, жүйелеу,
музей экспозициясы арқылы көрсететін мәдени байланыстың айрықша түрін
көрсетеді.
1859 жылы Орал қаласындағы гимназияның жанынан музей ұйымдастырылды.
1887 жылы Орынборда Орынбор ғылыми архивтік комиссиясы құрылды.
Комиссиянның мақсаты – генерал-губернаторлардың қарамағындағы архив
құжаттарын тәртіпке келтіру, ғылыми тұжырымдар дайындау болатын. Архив
комиссиясы қызметінің маңызды жұмыстарының бірі – Орынборда мұражай ашу
болды. Бірақ, Орынборда мұражай құрудың артықшылығы – губерниялық
статистикалық комите-тінің болуы.
1888 жылы қалада тарихи-археологиялық мұражай құру туралы шешім
қабылданды. Осы уақытқа дейін жергілікті өлкетанушылар белгілі мөлшерде
ориентологиялық, минерологиялық, зоологиялық, этнографиялық және кездейсоқ
археологиялық коллекциялар жинаған болатын.
Орынбор Ғылыми Архивтік Комиссиясының белсенді мүшесі И.А.Кастанье
өзінің ғылыми қызметін екі бағытта жүргізді. Қазба жұмыстарын жүргізіп,
қазақ даласының ежелгі ескерткіштерінің тізімін жасайды. Музейлік маңызы
бар құнды ескерткіштердің зерттелуіне үлкен маңыз беріп, еңбек етті, қазақ
даласындағы барлық археологиялық деректерді жүйелеуді жүргізді. Орынбор
Ғылыми Архивтік Комиссиясының “Труды” деген өз баспасөз органы болды. 1894-
1917 жж. бұл басылымның 34 саны жарық көрді.
Мұрағаттық комиссия мен Орыс Географиялық қоға-мының Орынбор бөлімінің
бірлескен қызметінің нәтижесінде 1897 ж. Орынбор Ғылыми архивтік
комиссиясының жанынан жаңа тарихи-археологиялық музей құрылып, ерекше құнды
заттар жинақталды. Музей жинақтарының құрамында тиындар, кітаптар, қару-
жарақ, минералдар, археологиялық, этнографиялық материалдар болды.
1883 жылы 11 қыркүйекте Семей қаласында алғашқы мұражай мен кітапхана
ашылды. Мұражайдың қалыптасып, дамуына М.И.Суворцевтің, ағайынды
Белослюдовтардың үлестері ерекше болды. Мұражай қоры археология,
этнография, минералогия, геология саласы бойынша өлкенің құнды
жәдігерлерімен толықтырылып отырды. Бұл мұражайдың коллекциясын өркендетіп,
зерттеумен Г.Н.Потанин, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.Құнанбаев белсенді
айналысып, өлкенің археологиясы, этнографиясы, өсімдіктер және жануарлар
дүниесін көрсетуде үлестерін қосты. Қазақстанның шығысында өлкетану мен
музей ісінің дамуында үлкен қызмет атқарды.
ХІХ ғасырдың екінші бөлігінде, 1878 жылы құрылған Семейдегі
статистикалық комитет, сол кездегі Қазақстанда құрылған барлық
статистикалық комитеттер секілді өлкенің географиялық, этнографиялық,
экономикалық жағынан зерттелуіне назар аударып, көптеген құнды деректер
жинады. Семей мұражайының коллекциясының дамып, қорларының толығуына Абай
Құнанбаев және оның әкесі Құнанбайдың мұражайға тарту еткен этнографиялық
коллекциясының маңызы зор болды. Коллекцияны әйелдердің түрлі әшекейлері,
киім-кешек, алаша-кілемдер құрады.
1878 ж. Семейде облыстық статистикалық комитеттің бірінші хатшы
Е.П.Михаэлис болды. Семей кітапханасының оқу залында А.Құнанбаев пен
Е.П.Михаэлис танысқан еді. А.Н.Белослюдов және оның ағайындары,
В.В.Сапожников, А.Н.Седельников, Г.Н.Потаниннің ықпалымен А.Н.Белослю-
довтың өлкетанушылық көзқарастары қалыптасты.
Көп жылғы өлкетанулық еңбектерін нәтижесінде ағайынды Белослюдовтар
өздерінің үй музейін құрды. Бұл геология, минерология, палеонтология,
антропология, көне заттар, нумизматика, этнография және сурет галереясын
қамтыған бөлімдерден тұрған музей болды. Археология бөлімінде алты жүзден
аса зат болды, ал нумизматика бөлімі мыңнан аса алтын, күміс, мыс теңгелер
жиынтығын қамтыған еді. Ағайынды Белослюдовтар Семей облыстық тарихи-
өлкетану музейінің қалыптасуына көп еңбек етті. А.Н.Белослюдов көптеген
жылдар бойы музей меңгерушісі болды. 1911 ж. ағайынды Белослюдовтар музейге
өздерінің үй музейлерінен 500 заттан тұратын коллекциясын табыс етті.
1870 ж. Жетісу өлкесіне Шығыстану факультетінің түлегі Н.Н.Пантусов
келді. Ол Түркістан, Жетісу статистикалық комитеттерінің, Археологиялық
комиссияның, Қазан университетінің жанындағы археология, тарих және
этнография қоғамының мүшесі болды.
Н.Н.Пантусов Жетісудың географиясын, археологиясын, этнографиясын, ауыз
әдебиетін зерттеген ірі ғалым болды. 1896-1907 жж. ол статистикалық
комитеттің қызметін басқара отырып, Верныйда мәдениет пен білімнің дамуына
үлкен ықпал етті. 1898 ж. Н.Н.Пантусовтың ұйымдастыруымен Жетісу музейі
құрылды. Музей тарихи және археологиялық бөлімдерден құрылған болатын.
Н.Н.Пантусов археология саласын зерттеуші ғалым ретінде 1897 ж. Қапшағай
шатқалында 18 тас тапты.
Орыс географиялық қоғамының Жетісу бөлімінің жұмысына В.Е.Недзвецкий
қатысты. Ол музейдің негізгі жинақтаушысы еді. 1918 жылға дейін Жетісу
Өлкетану музейінің меңгерушісі қызметінде музейдің қалыптасуына елеулі үлес
қосты. 1922 жылы музейге В.Д.Городецкий меңгеруші болды. В.А.Городецкий
музей қорының жаңа экспонаттармен толықтырылуына, ғылыми-зерттеу жұмысы-ның
деңгейінің көтерілуіне көп еңбек сіңірді.
Н.Г.Хлудов 1877 ж. Верныйға келіп, өмірін Қазақстанмен ұштастырды.
Түркістан археология әуесқойларының үйір-месінің, Жетісу Орыс географиялық
қоғамының жұмыстарына белсене қатысты. Н.Г.Хлудов бар өмірін өлкені
зерттеуге, ағартушылық ісіне бағыттады. Отыз жыл ішінде өлкетанушы-этнограф
ретінде қазақтардың өмірімен танысып, үлкен суреттер жинағын жазды. 130
бейнелеу өнері туындыларының 78-і Қазақстан Орталық музейінде сақтаулы тұр.

А.И.Добромыслов Орыс географиялық қоғамының Орын-бор бөлімінің мүшесі,
Орынбор Ғылыми Архивтік комис-сиясының мүшесі ретінде үлкен жұмыстар
атқарды. А.И.Добромысловтың Ташкентте құрған жеке музейіндегі
коллекцияларының ішінде қазақ халқының тарихы мен этнографиясын көрсететін
заттар өте көп болды.
Оңтүстік Қазақстанды археологиялық жағынан Орта Азиядағы жалғыз тарихи-
ғылыми мекеме 1895 жылы ашылған Түркістан археология әуесқойларының
үйірмесі зерттеді. Үйірменің мақсаты мен мүддесі үйірменің жарғысының
екінші параграфында көрсетілген еді.
Ол Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін
табу, есепке алу, зерттеу және насихаттау болды. Үйірменің қызметін Орыс
археологиялық қоғамының Шығыс бөлімі қадағалап отырды.
1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс, 1918 ж. азамат соғысы, елдегі
саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстар музейлер жұмысын тоқыратты.
Қазақстанда жеке коллекционерлер берген экспонаттар негізінде 1914 жылы
Шығыс Қазақстан, 1915 жылы Қостанай музейлері құрылды.

1.3. ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМШІЛІК ПЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛАРДЫҢ ЖИНАҚТАУ ҚЫЗМЕТІ

Жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылар өлкенің тарихын, археологиясы мен
этнографиясын, табиғатын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін танып білуге
мүмкіндік беретін құнды жәдігерлерді жинай білді. Қазақстандағы алғашқы
музейлердің негізін қалауға осы коллекциялардың маңызы ерекше болды.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары қазақ халқының тарихы, археологиясы,
этнографиясына қатысты құнды зерттеулер жүргізіп, көптеген мақалалар
жариялаған зерттеушілердің бірі Салық Бабажанов болды. 1860 жылдары Ішкі
Бөкей Ордасын басқарған уақытша кеңестің кеңесшісі, аудармашы ретінде көп
жерлерде болып, елдің тұрмысымен танысты. С.Бабажановтың зерттеулері сол
кездегі Астрахань, Орынбор, Санкт-Петербургте шығып тұрған басылымдарда
жарияланды. Ішкі Бөкей Ордасында жергілікті әкімшілік жүйесінде қызмет
атқара отырып, С.Бабажанов Орыс Географиялық қоғамына этнографиялық маңызы
бар материалдар жіберіп отырды. Өлкетанушы-этнограф С.Бабажановтың
зерттеулерінің маңызы ерекше болды және зерттеулер Известия, Записки,
Этнографический сборник секілді Орыс Географиялық қоғамының басылымына
жарияланып отырды. Өлкетанушы-көне заттарды жинаушы ретінде С.Бабажанов
көптеген құнды материалдарды жинады. Этнография бөлімінің жұмысына белсене
қатысып, ерекше үлес қосқаны үшін, қазақ халқының тұрмысына қатысты құнды
материалдар жариялағаны үшін С.Бабажанов 1862 жылы Орыс Географиялық
қоғамының мүшесі болып сайланды және үлкен күміс медалімен марапатталды. Ол
ғылыми еңбектері үшін медальмен марапатталған тұңғыш қазақ болды.
С.Бабажанов тапқан, жинаған этнографиялық бұйымдар, археологиялық
табылыстар Орыс Географиялық қоғамының музейіне қойылып, кейінірек Эрмитаж
музейіне тапсырылады. Өлкетанушы, көне заттарды жинаушы ретінде С.Бабажанов
көптеген құнды материалдарды жинады. Қазіргі кездегі Эрмитаж музейіндегі
Бөкей Ордасының көне заттарының ішінде С.Бабажановтың жинаған заттары да
бар. С.Бабажанов қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын зерттеген
алдыңғы қатарлы ғалым болды.
Қазақстан территориясындағы ерте түркілердің зергерлік өнері туындылары
жинақтарының тағдыры әр түрлі қалыптасты.
ХІХ ғ. бірінші жартысында Томскінің азаматтық губернаторы П.К.Фролов,
Барнауылдағы Тау-кен басқар-масының қызметкері, Петербургтегі Тау-кен
Кеңесінің қызметкері Г.И.Спасский көптеген асыл бұйымдар жинап, кейін
Императорлық кітапханаға тапсырылып, содан соң Эрмитажға түскен еді.
Эрмитаждың інжу-маржаны болған I Петрдің Сібір коллекциясы әр түрлі әшекей
бұйымдардан: белбеудің тоғалары, киім әшекейлері, алқалар, білезік,
сақиналар, жүзіктер, сырғалар және басқа да зергерлік бұйымдардан құралған
еді.
1861 ж. француз ғалымы жүргізген Барнауыл түбіндегі қорғанды қазуға
болашақ түрколог, археолог, академик В.В.Радлов қатысып, қазба жұмыстарын
жүргізді. В.В.Радлов 1862, 1863, 1865, 1866 жылдардағы Императорлық
Археологиялық комиссияның тапсырысымен жүргізілген экспедицияларда Абакан
далалары, Алтай таулары, Бараба, қырғыз (қазақ) далаларынан табылған көне
заттар туралы деректер жинады.
Осы экспедицияларда жинаған көне жәдігерлер коллекциясын В.В.Радлов
Императорлық Археологиялық комиссияға тапсырды. Аталған коллекциялар Мәскеу
көпшілік музейіне берілген болатын.
1868 ж. В.В.Радлов Сібірден Орта Азияға саяхат жасайды. Экспедицияда
жинақталған материалдар камералды өңделіп, басылымдарда жарияланып отырды.
1884 жылы В.Радлов Қазаннан Петербургке қоныс аударады. Өлкенің тарихы
археологиясын мен этнографиясын, халық тарихын жан-жақты зерттеген
В.В.Радлов білгір маман ретінде 1885-1890 жылдары Азия музейінің, 1894-1918
жылдары Санкт-Петербургтегі антропология және этнография музейінің
директоры болды.
Бұл музейлер жұмыстарының жақсарып алға жылжуына және қор,
экспозицияларындағы Қазақстан, Орта Азия халықтарының тарихына байланысты
тақырыптары мен құнды заттардың көрсетілуіне, зерттелуіне, музей жұмысының
алға жылжуына үлкен ықпал етті.
1863 жылы Мәскеу университетінің жанынан құрылған жаратылыстану,
антропология және этнография қоғамы Мәскеуде көптеген көрмелер
ұйымдастырды. Алғашқы ұйымдастырылған көрмелердің бірі 1867 жылы Түркістан
өлкесінің тұрғындарының тұрмысы туралы этнографиялық көрме болды. Бұл
көрмеде жаратылыстану, антропология және этнография қоғамының көмегімен
Түркістан өлкесінің жергілікті халқының тұрмысы мен мәдениетін сипаттайтын
коллекциялар көрсетілді. Ақмола, Орынбор облысының қазақ-тарының киімдері,
тұрмыстық заттары Н.А.Крыжановский, М.Ф.Баллюзек, полковник Ш.Уалихановтың
коллекциялары негізінде ұсынылды.
Революцияға дейінгі Қазақстанда Орыс Географиялық қоғамының Орынбор
бөлімі 1868 ж. құрылып, сол кездегі қоғам өмірінде ерекше орын алды. Бұл
бөлімнің мүшелері Ы.Алтынсарин, Г.С.Карелин, Л.Н. мен В.Н. Плотниковтер,
Б.Дауылбаев, тағы басқалар болды.
Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің белсенді мүшесінің бірі
Б.Дауылбаев болды. Ол Қазан университетінің музейін ұйымдастыру үшін
этнографиялық материалдар жинауға қатысты.
Қазақ өлкесі революциялық халықшылдар қозғалысымен тарихи байланыста
болды. Демократиялық зиялылар мен саяси қуғындағылардың еңбектері қазақ
елінің тарихын, өмір салтын көру, таныстыруда өзіндік көзқарастар қалып-
тастырды. 1872 жылы Мәскеуде болған Политехникалық көрмеде Д.Л.Иванов,
А.П.Федченко, И.И.Краузе Түркістан бөлімін ұйымдастырды. 1872 жылы Мәскеуде
Жараты-лыстану, антропология және этнография әуесқойларының қоғамы
ұйымдастырған Политехникалық көрме үлкен құнды этнографиялық материалдар
берді. Бұл көрме үшін жиналған қазақтардың материалдық мәдениетіне
байланысты экспонаттар кейін Дашков музейіне берілді.
Санкт-Петербург Ғылым Академиясының 1836 жылы Бірінші Петрдің
Кунсткамерасының негізінде құрылып, 1878 жылы Антропология және этнография
музейі болып қайта құрылған музейде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде
қор-лары арнаулы ұйымдастырылған экспедиция коллекция-ларымен толықтырылды.
Мұнда К.В.Шенников, С.М.Дудин-нің Ақмола, Семей облыстарының қазақтары
бойынша коллек-циялары болды. Ресей Ғылым Академиясының антропология және
этнография қорында қазақ халқының материалдық мәдениетін сипаттайтын осы
коллекциялар еді.
1876 жылы Санкт-Петербургте өткен шығыстанушы-лардың Халықаралық
көрмесінде көрсетілген сұлтан Ш.Уалиханов тапсырған қазақтың қолөнер
туындылары, Абылайхан мен Уәлиханға (Ш.Уалихановтың атасы) қатысты қымбат
бағалы тастармен безендірілген алмас қылыш, ер-тұман, ханның жеке қару-
жарағы, білте мылтықтары болған. Қазақтың қолөнер туындыларымен
еуропалықтарды алғаш рет таныстырған көрмеде келушілерді қызықтырған
жәдігерлердің ішінде бағалы тастарды ұқсататын, станок, егістікке су
көтеретін шығырлар, күнделікті тұрмысқа керек құрал-саймандар,
Ш.Уалихановтың інісі М.Уалихановтың қолынан шыққан бұйымдар болды. Сол
көрмеде кейбір деректерге қарағанда Абылайдың киім-кешегінің бірден-бір
үлгілері, алтын тағы көрсетілген дейді.
Орыс географиялық қоғамының мүшесі А.Жантөрин 1876 ж. Петербургте өткен
ориенталистердің үшінші Халықаралық конгресіне қазақ халқының тарихы мен
мәдениетін сипаттайтын коллекцияларды жинақтап жіберді.
XIX ғ. 80-ші жылдарының соңында Мәскеу, Санкт-Петербург музейлерінде
қазақ халқының материалдық мәдениетін көрсететін жинақтар шоғырлана
бастады. Орыс Географиялық қоғамының, Жаратылыстану, антропология және
этнография әуесқойлары қоғамының мүшелері әр түрлі экспедицияларға қатысып,
елдің мәдени тарихы туралы мәліметтер, заттай коллекциялар жинақтады. Сол
кездегі әр түрлі ғылыми қоғамдар ұйымдастырған көрмелерінің музей
қорларының жинақталуында үлкен маңызы болды. 1891 жылы Ресей Географиялық
қоғамына Ақмола облысы Көкшетау уезінен полковник Шыңғыс Уалихановтан
қазақтардың тұрмысына қатысты заттар халықаралық көрмеге қоюға берілді.
1892 жылы Омбыда Қазақстан облыстары, уездерінің жинақтауымен
ұйымдастырылған көрме қазақ халқының қолөнер түрлерін, этнографиясынан мол
материалдар көрсетумен ерекшеленді. Омбыға патша мұрагері Николай
Александрович Романовтың келуіне байланысты әр облыстан ұйымдастырылған
көрме қазақ елінің мол этнографиялық материалын көрсетті. Қазақстанның әр
облысынан ұйымдас-тырылған көрмеде қазақтардың баспана, киім түрлері, үй
шаруашылығы, аңшылық, құсбегілік, т.б. туралы ерекше құнды материалдар
көрсетілді. Көрмеге Семей, Омбы, Ақмола, т.б. облыс, уездерден қазақ
халқының тұрмыс-салтын бейнелейтін заттар қойылды. Көрмеде қазақтардың ас,
тамақ түрлері, қолөнер, кәсіпшілік түрлерінің туындылары, алаша, әйелдер,
ерлер киімдері, ағаш ыдыстар, батырлардың темір сауыттары, белбеулер,
дулыға, қалқан, сауыт, найза, қылыштар, оқшантайы мен садақ, көне
ертұмандар, киіз қалпақтар қойылып, көрсетілді.
Семей облыстық статистика комитеті көрмеге музейге алынған қазақ
халқының тұрмысын бейнелейтін мылтық, қару-жарақ, сауыт-сайман, аяқ-таба,
қобыз, сырнай, керней, домбыра, үй жиhаздарын қойды.
Көрме материалдарының ішінде өлкенің жануарлар дүниесін, пайдалы
қазбаларын бейнелейтін коллекция, археологиялық материалдар түсіндірме
материалдармен беріліп, музей заттарының көрушілерге түсінікті түрде
жеткізудегі этикетаждардың құндылығын көрсетті. Бұл көрме туралы 1888-1902
жылдар аралығында Омбы қаласында шыққан Дала уалаятының газеті 1892 жылғы
1-7 санында көлемді материал жариялады.
XIX-XX ғ., басында Қазақстан музейлерінің құрылуына жергілікті әкімшілік
пен өлкетанушылардың жинақтау қызметі ерекше әсер етті.
1896 жылы Санкт-Петербургтегі Антропология-этногра-фия музейіне Қысқы
сарайдан Ақмола облысы қазақтарының патшаға сыйлаған айбалта, мылтық,
пышақ, адалбақан, т.б. он үш заттан тұратын коллекция берілді.
Өлкедегі құнды материалдарды жинаумен айналысқан әр түрлі әлеуметтік
топтан шыққан, халықтың материалдық, рухани мәдениеті туындыларын шын
бағалаған өлкетану-шылар болды.
XIX ғ. 90-шы жылдары В.В.Радлов Санкт-Петербургтегі Антропология және
этнография музейінде Орта Азия мұсылман халықтары бөлімін құруға үлкен
ықпал етті. Бұл бөлімде уақыт өте келе үлкен, өте бай коллекция шоғырланды.
В.В.Радлов музей қорының жоспарлы толықтырылуына, Орта Азия, Қазақстан
жинақтарының ұлғаюына ықпал етті.
Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің, Торғай статистикалық
комитетінің мүшелері Н.Бекчурин, Д.Беркінбаев, С.Жантөрин, т.б. 1897 ж.
халық санағына, музейлер құруға бүкіл Ресейлік көрмелерге экспонаттар
жинауға қатысты. Ырғыз уезінің бастығының көмекшісі ретінде Д.Беркінбаев
Нижний Новгородта 1896 жылы өткен көрмеге 700-ден аса құнды экспонаттар
жинады. Ол жинақтардың ішінде қазақтардың музыка аспаптары, киім,
әшекейлері, киіз үй отаулар, арнаулы өңделген тері бұйымдар, әйелдер,
ерлердің ат егерлері болды.
Қазақ даласында құнды заттар жинау үшін жеке адамдарға 1898 жылы
В.В.Радлов құрастырған Инструкция для собирания этнографических предметов,
относящихся до быта киргизов деп аталған нұсқау дайындалды. Бұл шаралар
жер-жерлерден музейге құнды жәдігерлер жинау үшін жергілікті өлкетанушылар,
дәрігерлер, мұғалімдердің, т.б. басшылыққа алып, жұмыс жүргізуге көмек
ретінде жасалды.
1898 жылы Семей облысы Лепсі уезінің бастығы Е.Н. де Лазари жинаған 88
заттан құралған коллекциясында қазақ халқының тұрмысына қатысты бау,
басқұр, кілем, кесеқап, торсық, піспек, кесе, ожаулар, ұршық, ұсталық
көрік, әйелдер және ерлер киімдері, бас киім, аңшының белбеуі, әшекейлер,
наным-сенімге байланысты заттар, тәспі, шырағдан, балалар ойыншықтары,
музыка аспаптары болды. Лепсі уезінің бастығы К.Н.де Лазари Антропология
және этнография музейінің тілшісі ретінде қазақ халқының құсбегілік өнеріне
қатысты заттар, ертұмандар, аттың әбзелдері, қазақ қалыңдығының сәукелесі
бар жинақ ұсынды.
Жергілікті өлкетанушы тұрғындар қазақ халқының тұрмысына қатысты құнды
заттарды музейге жинақтауға белсене қатысты. Музей қызметкерлерінің үндеуін
қолдаған жергілікті тұрғындар Торғай облысының Ақтөбе уезінің тұрғыны
А.Д.Беркімбаев 1898 жылы Торғай облыстық басқармасының бас кеңесшісі
И.Краф, дәрігер К.А.Бели-ловский арқылы музей бөліміне Л.Д.Беркімбаев пен
Х.И.Имамбаев жинақтаған бай, көп санды коллекция берді. Музей бөліміне
түскен 150 заттың ішінде киіз үй, тері ыдыстар, салтанатты киімдер, тұрмыс
заттары, киіздер мен шилер, ең маңыздысы – сердолик, інжу-маржанмен
әрленген қалыңдықтың киімі, алтын-күміспен әшекейленген көне белдік болды.
Коллекцияның сирек және құнды болуына байланысты музей бұл заттарды
жинақтаған Л.Д.Беркімбаевты күміс медальмен марапаттау, М.Имамбаевқа алғыс
жариялау туралы ұсыныс жасады. Санкт-Петербургтегі Антропология және
этнография музейіне жіберілген бұл заттардың барлығы музей экспозициясында
көрсетуге қойылды. Музей қорын жинақтап, дамытуға қазақ мұғалімі Ақмола
облысынан Хасан бай, сұлтан Мұхаммед Құдаймендиев те белсене атсалысты.
Орта Азия мен Қазақстан халқының этнографиясы бойынша этнографиялық
коллекциялар жинақтаған суретші С.М.Дудин болды.
1899 жылы С.М.Дудиннің Семей облысында жинақтаған 17 заттан тұратын
коллекциясына қазақ тұрмысын бейнелейтін өрнекті кебеже, адалбақан, ағаш
аяқтар, тостағандар, ерлер бас киімі, оқшантайы, кісе белбеу, әйелдер
әшекейлері, сырғалар, жүзіктер кірді. Ақмола, Семей облыстарының қазақтарын
зерттеген экспедицияда қазақ өрнектерінің альбомы, көп фотосуреттер
жасалды.
XIX ғ. екінші бөлігі–XX ғ. басында қазақ жеріндегі қазақ халқының
этнографиясын зерттеу, музей заттары, құнды жәдігерлерді жинауда В.В.Радлов
жасаған Ережеге сай жергілікті өлкетанушылар, елдің тарихи көне
жәдігерлерін жинақтаушылар белсене атсалысты. Осының негізінде Антропология
және этнография музейі қазақ халқының тұрмысына, салтына байланысты құнды
жәдігерлермен толықты.
XIX ғ. соңында Қазақстанда Орыс Географиялық қоғамының үш орталығы
Орынбор, Батыс Сібір (Омбы), Ташкент болды. Орыс Географиялық қоғамының
бөлімдері музейлер мен кітапханалар құрған болатын. Музейлердің ашылуына әр
түрлі ғылыми экспедициялар, өлкетанушылар-дың қызметі түрткі болған еді.
Статистикалық комитеттер музейлер, кітапханалар, ғылыми мекемелер құруда
алдыңғы қатарлы орын алды. Қазақстанда 1913 ж. үш музей болды. Орынбор,
Семей және Жетісу музейлері еді. Өздерінің экспозицияларының сипатына қарай
олар өлкетанушылық болатын.
Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімше-сінде А.Н.Седельников
ерекше орын алды. 1901-1919 жж. бөлімде жұмыс істей отырып, Омбы өлкетану
музейінде 1904 ж. сақтаушы болып қызмет атқарды, көптеген жылдар кітапхана
меңгерушісі болды. Өзінің ғылыми қызметі кезінде Сібір мен Қазақстанның
тарихы, ботаника, география, архео-логия, этнография бойынша ондаған
еңбектер жариялады.
С.М.Дудин 1900-1908 жылдары жыл сайын Түркістан өлкесіне экспедицияға
шықты. Ресейдің Мемлекеттік этнография музейі қорындағы Дудиннің
коллекциясы деп аталған бөлігінің 10 коллекциясы Орта Азия халықтары
бойынша, оның 3 коллекциясы қазақ халқына байланысты материалдар болды.
Сонымен бірге 15 фотоколлекциясында (1500 сурет) елдің баспана, тұрақ,
қоғамдық құрылыстары, мешіт, медіреселер, базарлар, арба, киімдер, ат
әбзелдері, т.б. тұрмыс көріністері бейнеленген. С.М.Дудиннің коллекция-лары
елдің тұрмыс-мәдениетін нақты бейнелеуімен ерекшеленді. С.М.Дудинннің
коллекцияларының құндылығы әрбір экспонаттар бойынша мәліметтердің болуы
және қысқаша болса да жақсы аннотациялануы еді. Экспедиция барысында
жинақтаған этнографиялық заттарында әр заттың орысша және жергілікті халық
тіліндегі атауы, этникалық сипатын, иесі туралы мәліметтер қамтылған. Бұл
мәліметтер далалық сипаттамаларда да берілген.
1902 жылы өлкетанушылар А.С.Берг Сырдария облы-сының Қазалы уезінде,
К.А.Белилов Торғай облысында қазақ халқының мал, егін шаруашылығы,
қолөнеріне қатысты құнды жәдігерлер жинақтады.
1906 жылы П.Н.Бекетованың Семей облысы, 1908 жылы Ф.Ф.Караваеваның
Ақмола облысы қазақтары бойынша жинаған коллекциялары да музей қорларының
толықтыры-луына негіз болды.
К.В.Щенниковтың жинақтаушы қызметі XX ғасырдың алғашқы жылдарынан
басталады.
1908-1909 жылдары К.В.Щенников Ақмола облысының Петропавл, Атбасар
уезінде, 1910 жылы Семей облысының Павлодар уезіндегі экспедиция
нәтижесінде жинаған коллекциясында қазақтардың мал шаруашылығына қатысты
ыдыстар, тұмылдырық, тұрмыс, кәсіпке қатысты ағаш келілер, ұршық, тоқу
құралдары, оймақ, кесеқап, киіз үй бұйымдары, музыка аспаптары, әйелдердің
күміс әшекейлері, балалар ойыншықтары болды. Бұл сапарларында үш жүздей
қазақ халқының өмір салтын бейнелейтін әр түрлі заттар жинады.
1910 жылы Ақмола облысында Картусова, мектеп мұғалімі Н.Нұрсейтов Ақмола
облысының Петропавл уезінде құнды этнографиялық материалдар жинақтады.
Семейде құнды жәдігерлерді жинақтаумен қатар, 1911 ж. ағайынды
Белослюдовтар музейге өздерінің үй музейлерінен 500 заттан тұратын
коллекциясын табыс етті.
1914-1915 жылдары Семей облысында К.М.Рычков жинаған құнды, қазақтардың
материалдық мәдениетін бейнелейтін құнды этнографиялық материалдар болды.
Аталған заттар қазақ халқының мал, егін шаруашылығы, қолөнері, тұрмысына
байланысты құнды мәліметтер берген жәдігерлер болды.
Өлкедегі құнды материалдарды жинаумен әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан,
халықтың материалдық, рухани мәдениеті туындыларын шын бағалаған
өлкетанушылар болды.

Бақылау сұрақтары

1. XIX ғ. өлкетану қоғамдары мен статистикалық комитеттер, ғылыми
орталықтардың құрылудағы басты себептер.
2. XIX ғ. өндірістік көрмелердің музей коллекцияларын дамытудағы орны.
3. Ресейдің Антропология және этнография музейіндегі қазақ халқының бай
тарихына байланысты жәдігерлер туралы айтыңыз.
4. Қазақ жерінде XIX ғ. 30-шы жылдары алғашқы музейлердің қалыптасуы.
5. XIX ғ. музей жинақтарының негізгі бағыты туралы айтыңыз.
6. Орынбор губерниялық музейінің ашылуындағы В.И.Дальдің қызметі.
7. Орынбор Ғылыми архивтік комиссиясының қызметі.
8. XIX ғ. екінші бөлігінде Семей мұражайының құрылуы.
9. Абай Құнанбаев пен әкесі Құнанбайдың музей қорын толықтырудағы еңбегі.
10. Ағайынды Белослюдовтардың музей үйі және Семей музейін дамытудағы
қызметі.
11. Жетісу музейінің құрылуы.
12. Н.В.Хлудовтың қызметі.
13. Қазақстанда алғашқы музей қорларын құрудағы жергілікті
өлкетанушылардың қызметі.
14. Қазақ даласында музейлік маңызы бар заттарды жинақтауда 1898 жылғы
нұсқаудың маңызы туралы айтыңыз.
15. Л.Д.Беркімбаев, Х.И.Имамбаев жинаған құнды жәді-герлер коллекциясының
маңызы.

II БӨЛІМ

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ МУЗЕЙ ІСІ

2.1. 1917-1930 ЖЖ. КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ МУЗЕЙ ІСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

Кеңес үкіметі өзінің алғашқы кездерінен бастап бұрынғы жеке иеліктердегі
тарихи, құнды маңызы бар музейлерді, сәулет туындыларын мемлекет иелігіне
алу, қорғау, оларды тіркеудің біртекті тәртібін жасады. 1917 жылдың қазан
айында Музей ісі, көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғау ісі бойынша
Бүкіл ресейлік коллегия құрылды.
1918 жылдың мамыр айында Халық Ағарту комис-сариатының құрамында
ескерткіштерді қорғау мәселесіне жетекшілік ететін музей бөлімі құрылды.
Қазақстанда музейлердің құрылуы мен дамуы өзіндік сипатта және күрделі
жағдайда өтті. 1918-1920 жж болған азамат соғысы, өзара тартыс пен күрделі
саяси-экономикалық жағдайлар музейлердің құрылуы, жұмыс істеу сипатына әсер
еткені белгілі.
1918 ж. Халық ағарту комитетінің құрамында арнаулы музей ісі,
ескерткіштерді қорғау бөлімі құрылды. Олар жер-жерлерден көркем, тарихи
құнды заттарды іздестіріп, маңызын анықтап, есепке алды. Жаңа музейлер
құруға ықпал жасады. Құнды жәдігерлерді жинау өте қиын азамат соғысы
кезінде, аштық, ауыр экономикалық қиын жағдайда жүргізіліп, жұмыс жасалды.
1918 ж. музей ісін басқару құрылымында ерекше бөлім – Мемлекеттік музей
қоры құрылды. Ол музейлік маңызы бар жеке заттар мен коллекцияларды сақтау,
инвентарлау, бөлумен айналысты.
1918 ж. 2 ақпанда Халық Комиссарлар Кеңесі “Шіркеу, діни қауымдағы ар-
ождан бостандығы” деген декретте барлық шіркеу заттарын халық игілігі деп
жариялады. Ал, “Ресей императорының заттарын конфискациялау” туралы декрет
патша отбасының барлық меншігін национализациялады. 1918 ж. 19 қыркүйекте
“Ерекше тарихи, көркем маңызы бар заттарды шетелге шығаруға тиым салу
туралы” декрет шықты.
Кеңес Өкіметінің алғашқы жылдары мұражайларды құру, ғылыми, тарихи,
көркем құндылықтарды қорғау саласында үлкен жұмыстар жүргізілді.
Осы бағытта төмендегідей іс-шаралар жүйесі жасалды: бар мұражайларды
есепке алу; жеке меншік, иеліктен құнды жеке жинақтарды, таңдаулы шіркеу,
монастырь, мешіттерді алып, национализациялау, музейге айналдыру;
мұражайдан тыс маңызды жеке коллекцияларды есепке алу, ескі тарихи маңызы
бар ғимараттарды зерттеу, оларды өзгеруге тыйым салу, жер-жерлерде
жыртқыштық археологиялық қазба жүргізумен күресу; мұражайларды мұражайға
қатысы жоқ заттардан тазарту, оларды ағарту орталығына айналдыру.
Қазан төңкерісін дейінгі және төңкерістен кейінгі мәдени-рухани іс-
шаралардың бәріне дерлік Алаш зиялылары себепкер болды. Бірақ, олардың
тарихи ісі әдейі ұмытылған болатын.
Алаш көсемдеріннің бірі - А.Байтұрсынов 1920-21 жж. Халық Ағарту
Комиссары болды. Осы қызметте ол тұңғыш мемлекеттік баспаны, Академиялық
орталықты, Ғылыми комиссияны, Халыққа білім беру институтын ашты. Бірақ,
ресми тарихта бұл туралы ештеңе жазылған жоқ. Сонымен бірге мәдени ұйым мен
музей ісіне қатысты ғылыми иелікке айналған фактілер де аз емес.
1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АССР-ін құру туралы декретке қол қойылғаннан
соң, 1920 жылы 31 тамызда Қырғыз (Қазақ) Халық ағарту комиссариаты мен
Орынбор губерниялық халық ағарту бөлімінің біріккен Кеңесінде Орынбор
Өлкелік музейінің Қырғыз халық ағарту комиссариатының қарамағына беру
мәселесі қаралды.
1920 ж. 26 тамызда Жалпы ресейлік атқару комитеті мен РКФСРО Халық
комиссариаты Қырғыз (Қазақ) социалистік Кеңестік Автономиялық
Республикасының құрылуы туралы декрет қабылдады. Қазақстанда музейлердің
құрылуы мен өркендеу процесі қиын жағдайда өтті. 1920 ж. 30 тамызда Қырғыз
(Қазақ) АССР-ін құру туралы декретке қол қойылғаннан соң Қырғыз (Қазақ)
Халыққа білім беру Орынбор губерниялық бөлімі өкілдерінің мәжілісінде
Орынбор өлкесі музейін Қырғыз (қазақ) халық-ағарту комиссариатының
қарамағына беру мәселесі қаралды. Музей және ғылыми-ағарту қоғамдары 1917ж.
кейінгі он жылда он есеге ұлғайды.
1921 жылы 7 ақпанда ҚАССР Халық ағарту комиссариаты Көне ескерткіштерді
қорғау туралы бұйрық шығарды. Жергілікті жерлерде көне ескерткіштердің
қазылып, талан-таражға салынуына тыйым салынды. Дегенмен бұл өте қиын
мәселе болды және мұны өлкетанушылар қолдады. 20-шы жылдары аудандық,
аймақтық, облыстық өлкетану бюроларының жанынан өнер, тұрмыс, көне
ескерткіштерді қорғау комиссиялары құрылды. Өлкетанушылар жергілікті
баспасөз беттерінде мақалалар жариялар, баяндамалар жасады, материалдық
мәдениет туындыларының көрмелерін дайындады. Мұндай іс-шаралар көпшілік
қауымның тарих пен мәдениет ескерткішіне деген назарын аударуға көмектесті.

1922 жылы Республиканың Халық Ағарту комиссариаты Орталық Өлкетану
музейі туралы қарарды бекітті. Бекітілген құжатта музей қазақ халқының
рухани өмірін бейнелейтін барлық заттарды жинап, сақтауға, жиналған
материалдарды көрсетуге, губерниялық музейлермен тығыз байланыста болу
қажеттілігі айтылады. Осы кезеңдерде табиғатты, шаруашылық тарихымен,
тұрмыс пен мәдениетті зерттеу, оларды тұрғындар арасында насихаттаумен
тарихи-өлкетану музейлері айналысты.
20-шы жылдары облыстық, аймақтық, аудандық өлкетану бөлімдерінде көне
ескерткіштер, өнер, тұрмыс ескерткіштерін қорғау комиссиялары құрылды. 1921
ж. Қазақ АССР Халық комиссариатының Орынбор Өлкелік музейіне Қырғыз
өлкесінің Орталық Өлкетану музейі ретінде қайта құру туралы қаулысы
қабылданды.
1922 ж. 24 қаңтарда Республикалық Халық ағарту Комиссариаты орталық және
губерниялық музейлер туралы Ережені бекітті. Ереже музейлердің құқықтары
мен міндеттерін, олардың өзара жұмыс істеу шарттарын анықтап берді. 1923-
1924 жж. Орталық Өлкетану музейі өз есептерін Қазақстанды зерттеу қоғамының
еңбектерінде жариялай бастады. Мамандардың жетіспеушілігі, Орталық Өлкетану
музейін қаржыландыру тапшылықтары болды. 1923-1924 жылдары Қазақстанның
Орталық музейі, губерниялық музейлер, көне ескерткіштерді қорғау
комиссиялары өздерінің қызметін Қазақстанды зерттеу қоғамымен тығыз
байланыста жүргізді. Осы жылдары музейлердің мәдени-ағарту, тәрбиелік орнын
көтеру үшін тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
1924 жылы Орта Азиядағы межелеуге байланысты Орынбордан Қазақстанға
Қазақстанның Орталық өлкетану музейін көшіруге дайындық басталған еді.
Музей қорындағы экспонаттың үштен бір бөлігі Орынбор аймақтық музейінде
қалдырылды.
1924 жылы 12-17 маусымда Орынборда Қазақ Білімпаздарының тұңғыш съезі
өтті. Оған Ресей, Түркістан, т.б. жерлерден алаш зиялылары қатысты. Съездің
бір мәжілісінде мұра жинау ісі қаралды. Оған Ә.Бөкейханов төрағалық етті.
Мәжіліс қаулы қабылдап, онда мұра жинаудың бағдарламасы, осы жөнінде
мамандар топтастыру, бұл іске мемлекеттен қаржы бөлу мәселелері
қарастырылды.
1925 ж. 15-19 сәуірде Республиканың жаңа астанасы Қызылордада Қазақстан
Кеңестерінің V съезі болды. Ұлттық-территориялық межелеуге байланысты
Орынбор Ресей Федерациясына қарады және Республиканың барлық басқару
мекемелері Қызылордаға ауыстырылды.
1926 ж. Мәскеуде музей қызметкерлерін қайта даярлау курстары ашылды.
1927 жылы Қазақстанда тоғыз өлкетану музейі жұмыс жүргізді. Олардың
қатарында 1883 жылы құрылған Семей, 1915 жылы құрылған Қостанай, Орал,
Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Жетісу, Шымкент, Қазақстан Орталық тарихи-
өлкетану музейлері болды. Қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен
мәдениетіне қатысты экспонаттар, яғни барлық экспонаттардың үштен екісі
Орталық музейдің дербес қорына жинақталды. Экспонаттарды бөлу 1927 жылы
аяқталды.
1927 ж. Орталық Өлкетану музейінің директоры болып А.Махонин
тағайындалды. 1928 ж. 15 наурызда музей кеңесінде экспонаттарға байланысты
мәселелер қаралды. Республиканың жаңа астанасына музей 1929 жылы
ауыстырылды. 1927 ж. 2 наурыздағы Халық Комиссарлар кеңесінің қаулысына сай
Республика астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Бұл салада, музей
қорын Орынбордан Алматыға көшіріп, орналастыруда, 1927 жылдан музей
директоры болған А.С.Махонинннің еңбегі ерекше болды. Осыған сай Қазақстан
Орталық Өлкетану музейі, музейдің тәжірибелі мамандары А.Четыркина,
П.Зарецкий, П.Рыжков, Г.Мотылев, И.Костиков, т.б. Алматыға көшірілді. 1929
ж. шілдеде Қазақстан Орталық Өлкетану музейі Алматыға көшіріліп, 13 шілдеде
музей кеңесінің отырысы Қазақстан Орталық Өлкетану музейін Қазақстанның
орталық музейі деп атауға шешім қабылдады. 1929 ж. музейде жергілікті
жануарлар және өсімдіктер дүниесін бейнелейтін мол экспонаттар жиналды.
Музей директоры А.Махонинмен, ғылыми қызметкерлер жануартану, өсімдіктану
саласы бойынша 3 мың экспонат жинады. 1930 жылы Қазақстан Орталық
музейінің Жаршысының бірінші саны Қазақстан музейлері, басқа республикалар
музейлері арасындағы байланысты нығайтты. Басылым музейлердегі ғылыми
жинастыру, зерттеулерді жүргізуде бірлесуге шақырды.
Қазақстандағы Өлкетанушы қоғамдарының жұмысы кең қанат жайып, өлкені жан-
жақты зерттеуге ден қойды. Осы ұмтылыстардың нәтижесі Қазақстандағы өлкелік
музейлердің ашылуының бірден-бір түрткісі болды деуге болады.
Өлкетанушылардың жинаған материалдары музейлердің ашылуына үлкен
мүмкіндіктер берген еді. 1927 ж. Үшінші Бүкілресейлік Өлкетану
конференциясында музейсіз, музейлер торабынсыз өлкені тану, білу мүмкін
емес деген тұжырымдар айтылды.
1920-шы жылдың аяғымен 1930 жылдардың басы Қазақстанда халық
шаруашылығын қайта құру, ауыл шаруашылығындағы өзгерістер музей жүйесіне
ықпал етті. 1929 жылы Көне ескерткіштер, өнер туындылары, табиғатты
қорғаудың Қазақ комитеті (Казкомпристарис) құрылды. Ол 1929 жылдың 14
қазанында Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының коллегиясында, 1929 жылы
5 қарашада Қазақ АССР Халық Комиссарлар кеңесінде бекітілді.
Казкомпристарис дайындаған нұсқауда жер-жерлерде қорықтар құру, көне
ескерткіштер, өнер туындыларын қорғау, сақтау, көне ескерткіштерді, өнер
туындыларын есепке алу, тіркеу мәселелері қамтылды. 20-шы жылдардың соңында
Қазақстанның облыстық өлкетану музейлерінің қалыптасуы аяқталды. Аталмыш
музейлердің біртекті құрылымы мен экспозицияларының ұстанымдарын жүйелеу
мәселелерін шешу қажеттігі болды. Сол кезеңдегі белгілі идеологиялық
көзқарастар мен саяси көзқарастардың талаптары бұл мәселенің шешуінде
белгілі қиындықтар туындатты.
1883 жылы құрылған Семей музейі 1920-шы жылдары жергілікті өлкетану
музейі ретінде дамығанмен, Республи-кадан тыс жерлерге де мәлім болды. Бұл
музейдің экспози-циясымен, музеймен әйгілі Кеңес ғалымдары С.Ф.Ольденбург,
В.В.Вернадский, А.Е.Ферсман, В.В.Сапожников, т.б. танысқан болатын. 1921
жылдан музей меңгерушісінің қызметін А.А.Баландин, А.Н.Белослюдов,
И.В.Власов, Г.А.Корнилов орындады. 1925 жылдан музей жұмысына А.А.Адрианов
меңгеруші болды.
1920 жылы наурыз айында халық ағарту бөлімі Көкшетауда өлкетану музейін
құрды. Музей экспозициясының негізін көне қару-жарақтар, шығыс мәдениетін
бейнелейтін құнды жәдігерлер құрады. Музей коллекциясына 1918-1920 жылдары
болған азамат соғысы үлкен ықпал етті. Музей экспозициясындағы заттар сол
кезеңде жеңіліс тауып қашқан атамандар, жергілікті байлардан тәркіленген
жәдігерлер болатын. 1920-1928 жылдар аралығында музей меңгеруші болып
И.П.Хохлов жұмыс істеді және осы жылдары музейге көптеген құнды заттар
жинақталды. 1928 жылдан бастап музейдің жаңа меңгерушісі А.П.Леонтский
болды.
1921 жылы шілде айында Петропавлде жергілікті өлкені зерттеудің
губерниялық қоғамының мүшелері К.А.Алек-сандровтың, И.Г.Чернядьевтің,
И.Г.Лобовтың бастамасымен жергілікті музей ашылды. 1923-1927 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Музей ісі
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Алматы қаласы тарихының музейі
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Мұражайдың шығу тарихы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Музей ісі және есткерткіштерді қорғау
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Пәндер